Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
 
семинар. Аралық бақылау. 
8-9- семинар. Қазақстан тарихын зерттеудегі еуроцентризм, шовинизм, 
қазақ халқын тарихи зерттеудегі бағыттары.
Мақсаты: 
Қазақ 
хандығының 
тарихнамасын, 
қазақ 
халқының 
қалыптасуының зерттелу деңгейін талдау 
Негізгі мәселелер: 
1. XVІІІ ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі 
теориялық-әдістемелік мәселелері. Қазақстанды зерттеудің отаршылдық 
мақсаты.
2.ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. 
3.Н.П. Рычков. В.В. Григорьевтің, В.В. Вельяминов-Зернов, В.Г. Тизенгау-
зен, А.И.Левшинннің зерттеулері, олардың тарихнамадағы орны. 
Әдістемелік тәсілдердің түрлері: 
Әдістемелік 
ұсынымдар: 
бірінші 
мәселе 
бойынша 
орыс 
шығыстанушыларының 
қазақ 
тарихын 
зерттеудегі, 
әсіресе 
Қазақ 
хандығының құрылуының, халықтың қалыптасуының тарихына қатысты 
ұстанған принциптерін, ұлыдержавалық шовнинистік, еуроцентристік 
бағыттардағы тұжырымдарына назар аудару қажет. Әсіресе Қазақ 
хандығының құрылуына, қазақ халқының қалыптасуына қатысты 
көшпелілерде мемлекеттің орын алуын жоққа шығаратын тұжырымдарын, 
этностың құрылуының алғышарттары мен үрдістеріне байланысты 
пікірлеріне мән берген дұрыс. Орыс зерттеушілерінің Қазақстанның өткенін 
зерттеудегі қойған мақсатын анықтау маңызды болып табылады.
ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектеріне шолуды 
ахуалды шешу тәсілі ауқымында жүргізу олардың сипаты мен идеологиялық 


мәнін айқындауда тиімді. 
Н.П. Рычков. В.В. Григорьевтің, В.В. Вельяминов-Зернов, В.Г. Тизенгаузен, 
А.И. Левшин тәрізді ғалымдардың еңбектерінің мазмұнына жеке-жеке 
тоқталып, қазіргі ғылыми методология тұрғысында баға беру олардың 
кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Жауапты осы ғалымдардың Отан 
тарихының орта ғасырлардағы өзекті мәселелерін зерттеудегі түйіндеген 
тұжырымдарына сүйене отырып құрастырған абзал. Жауапты ғалымдардың 
«өздерін» сөйлету арқылы талдау немесе «мұражайға саяхат» түрінде 
олардың әрқайсысының өмірбаяндарына тоқталып, еңбектерінің мазмұнына 
шолу жасау тақырыпты терең түсінуге септеседі. 
Әдебиеттер: Чулошников А.П. Очерки по истории казах- киргизского народа 
в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. Ч.1. -
Оренбург, 1924.; Юдин В.П. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. - 
М., 1965.; Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих -и Рашиди. -Ташкент., 1996.; 
Кәрібаев Б. Қазақ хандығы. -Алматы, 1996. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет