1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру. 2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту. 3. Карта арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- сөздермен әрекет жасау топтамасына кіретін қосымшаларды атаңдар? - қатені түзету мен тексерудің қандай жолдары бар? - құжатқа ескертуді не үшін қолданамыз? - құжатты қорғау жолдарын атаңдар? - программада орфографиялық және грамматиканы автоматты түрде тексеру үшін қандай әрекеттерді орындау керек? - Microsoft Word құжатына құпия сөзін қалай орнатады? - автоауыстыруды қосу үшін қандай әрекеттер орындалады?
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру. Макростар туралы сұрау?
IV. Мағынаны тану:
І – ІІ – ІІІ топқа тапсырма беремін. І топқа: Құжатқа диаграммаларды. ІІ топқа: Математикалық формулаларды кірістіру. ІІІ топқа: Макростар тақырыптарын тақырыпшаларға бөліп беру.
Джигсо әдісін пайдалану
V. Ой толғаныс:
- Диаграмма құру үшін қандай ақпарат керек? - Диаграмманың түрлерін атаңдар? - Кесте, ұяшық деген не? - Қандай диаграмма түрінде осьтер болмайды? - Макрос дегеніміз не? Қай кезде қолданылады? - Макрос қауіпсіз бе? - Макрос құрудың қандай тәсілдері бар? - Макрос белгісін қалай құрамыз? - Құжатқа макрос енгізу міндетті ме?
Интервью әдісі арқылы.
VІ. Үйге тапсырма:
Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру. Макростар
VІІ. Бағалау:
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады. Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы
Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру
Сабақтың мақсаты:
Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру мен танысады; 2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. 3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Оқыту технологиясы:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ақпараттық – коммуникациялық технологиясы.