1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру. 2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту. 3. Карта арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Диаграмма құру үшін қандай ақпарат керек? - Диаграмманың түрлерін атаңдар? - Кесте, ұяшық деген не? - Қандай диаграмма түрінде осьтер болмайды? - Макрос дегеніміз не? Қай кезде қолданылады? - Макрос қауіпсіз бе? - Макрос құрудың қандай тәсілдері бар? - Макрос белгісін қалай құрамыз? - Құжатқа макрос енгізу міндетті ме?
ІІІ. Қызығушылығын ояту:
Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру туралы сұрау?
IV. Мағынаны тану:
І – ІІ – ІІІ топқа тапсырма беремін. І топқа: Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. ІІ топқа: Анимациялық фильмдерді сақтау. ІІІ топқа: Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру тақырыптарын топтарға бөліп беру.
Джигсо әдісін пайдалану
V. Ой толғаныс:
- Анимацияға анықтама беріңдер? - Мультипликация деген не? - Уольт Дисней деген кім? - Анимация құратын қандай программалар бар? - Программаның интерфейсі қандай құрылымдардан тұрады?
Интервью әдісі арқылы.
VІ. Үйге тапсырма:
Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін ауыстыру
VІІ. Бағалау:
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады. Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы
Қарапайым анимацияларды құру. Анимацияның реттері, режімі
Сабақтың мақсаты:
Қарапайым анимацияларды құру. Анимацияның реттері, режімі туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
1. Қарапайым анимацияларды құру. Анимацияның реттері, режімі мен танысады; 2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. 3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Оқыту технологиясы:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, Ақпараттық – коммуникациялық технологиясы.