Сабақтың тақырыбы: Луговой селосының Құлан ауылы болып аталуы Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Құлан ауылының тарихымен таныстыру
2.Құлан ауылы туралы жалпы ақпарат беру
2.Оқушыларға потриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі:Әңгімелесу, пікір алмасу.
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты қайталау үшін сұрақтар қою арқылы еске түсіру
1. Құлан ауылының құрылу тарихы қандай?
2. Ең алғаш Құлан өңірін кім зерттеген?
3. Құлан ауылына қарасты қандай ауылдар жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ: Луговой селосының Құлан ауылы болып аталуы Кеңес өкіметінің тұсында Луговой деген аудан, Луговой селосы деген ауыл, Луговой стансасы деген темір жол бекеті және Луговой деген кент болған. Жергілікті шенеуніктердің “орыстың “луга” деген сөзінен шыққан ғой” деген жадағай жауабына қанағаттанбай, Ұлы Жібек жолының сілеміндегі ежелгі Құлан шаһарының орнына саңырауқұлақтай қаптап кеткен бөгде аттың сырына үңіле бастасақ, ойдың ұшығы Алатауды жағалап келген әскери-экспедициялардың отаршыл пиғылдағы оқалыларының жазбаларына барып тіреледі екен. Ақ патшасының бұйрығына адал полковник Черняев басқарған сондай “экспедицияның” бірі Әулиеата шаһарындағы момын жұртты зеңбірекпен қалай атқылағанын кейін білдік. Сол полковниктер орнықтырған отаршылдық бағыттағы үгіт-насихатты кейін Кеңес өкіметінің төңкерісшілері де жымын білдірмей жалғастырып әкетті. Тәуелсіздік деген тәтті ұғымның қадірін түсіргісі келіп, андақ-мұндақ деп тепсінетіндер осындай тұстарда бір ойланып қойса қайтеді екен деп қынжыласың.
Бүгінде, құдайға шүкір, бір атқа “мінгескен” сол төрт атаудың бір-екеуінің беті бері қарады. Аудан — Тұрар Рысқұлов атындағы, Луговой селосы — Құлан ауылы деген қазақы сипатқа ие болды. Тұрар – алаш жұртының арысы, Құланыңыз — тарихи деректерде Тараз шаһарымен бірге аталатын ежелгі қала. Өкінішке қарай, Луговой стансасы мен Луговой кенті жергілікті ономастика жанашырларының қаперінен тыс қалып қойыпты. Тәуелсіздігіміз тіл-көзден аман болса, олар да жақсы атқа ие болады әлі.