Сабақтың мақсаты: Сабақтың типі: Түсіндіру, жаңа сабақ ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу



бет3/22
Дата23.11.2022
өлшемі206,35 Kb.
#52149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Саб. жосп.геог.өлкетану

ҮІІ. Сабақты бекіту: Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:Құлан өңірінің картасын салып келу.
Сабақтың тақырыбы: Құлан киелі мекен
Сабақтың мақсаты: 1. Құлан аулы туралы жалпы мағұлмат беру
2.Кұлан ауылының табиғаты, халқы туралы мәлімет беру
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу


Сабақтың типі: Аралас сабақ


ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта, интерактивті тақта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою

  1. Т.Рысқұлов ауданы қай жерде орналасқан?

  2. Құлан ауылының жер көлемі қанша?

  3. Құлан ауылына басқа қандай ауылдарды жатқызуға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ: Құлан киелі мекен

Қытайлар «Цзю Лайн» яғни «сұлу қала» деп атаған мың жылдық тарихы бар Ұлы Жібек Жолы бойындағы Құланның қақ ортасын жарып өтетін Жібек жолы көшесінің бойынан тақтайдай тегіс, оқтаудай түзу аяқжолдар мен саябақтарды, гүлзарлар мен алаңдарды, дендросаябақты көріп, оған көз тоқтатпауыңыз тіпті мүмкін емес. Мәдениетіміз дамып, спортымыз өркендеп, көшелеріміз көрікті бола түсті. Ел мақтанышына айналған Ермахан, Ислам, Ақжүрек сынды спортшыларымыздың орнын жаңа есімдер толықтыруда. Мұның барлығы да еліміздің экономикасы жылдан-жылға жақсара түскендігінің де нақты жемісі. Өңірдің көкжиегі кеңейіп, көсегесі көгере де бермек.
ҮІІ. Сабақты бекіту:Елбасы өз Жолдауында: «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» Сондықтан береке-бірлікті тірлігіміздің шамшырағы етіп ұстана отырып, іргелі ел болу жолындағы мақсатымызға қол жеткізе берейік. Ауданымыз гүлденіп, халықтың өмірі мен әл-ауқаты жақсара берсін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет