Сабақтың мақсаты: Сабақтың типі: Түсіндіру, жаңа сабақ ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу


ҮІІ. Сабақты бекіту: ІҮ.Сабақты бекіту



бет7/22
Дата23.11.2022
өлшемі206,35 Kb.
#52149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Саб. жосп.геог.өлкетану

ҮІІ. Сабақты бекіту: ІҮ.Сабақты бекіту.
1.Топонимика дегеніміз не?
2.Жер су аттарын неше бағытта зерттейді?
3.Топонимика қандай ғылымдармен байланысты?
4.ШҚО топонимикалық атауларының тілдік стратиграфиясы неше қабаттан тұрады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:
Тақырыпты мазмұндап келу.Қосымша Өз өлкендегі топонимикалық атаулары жайында қосымша мәліметтер жинақтау

Сабақтың тақырыбы: Этнология дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Этнология нені зерттейді, ол қандай ғылым және еліміздің топонимикалық атаулары жайынды әңгімелеп беру;
2. Оқушы санасынан өлке деген сөзге түсініктеме беру арқылы олардың ой – өрісін дамытып , өзіне деген сенімін пәнге деген қызығушылығн арттырады.
3. Адамгершілікке ,Отанның сүюге , еңбекке баулу арқылы адам өзінің мемелекет қазынасы екендігін түсінеді.
Сабақтың типі: Жана сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, оқушылар зейінің сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою.

  1. Топонимика ғылымы нені зерттейді?

  2. Қандай мағына білдіреді?



ІІІ. Жаңа сабақ: Этнология дегеніміз не?
Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ.Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет