ҮІІ. Сабақты бекіту: Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн.социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: Оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ауданның ресми құрылымы
Сабақтың мақсаты: 1.Құлан өңірінің ресми құрылымы орны туралы деректер
2.Құлан өңірінің табиғаты жағдайымен таныстыру
3.Иманылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, интерактивтік тақта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақты қайталау үшін сұрақтар қою арқылы еске түсіру
1.Этнология дегеніміз не?
2.Этнология ғылымы нені зерттейді?
ІІІ. Жаңа сабақ: Ауданның ресми құрылымы
Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (87,6%), одан басқа орыстар (7,8%), татарлар (1,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы1 км²-ге шаққанда 6,6 адамнан келеді, басым көпшілігі (87 – 89%-ы) ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км²-ге 18 адамнан келеді. Тұрар Рұсқылов ауылында жоғары оқу орнының бөлімшесі, ауылы шаруашылығының колледжі бар. Жалпы білім беретін мектептердің саны (2005) – 44, оның ішінде 1 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқу өндірістік комб. бар, одан басқа 1 балабақша, мәдениет үйі, 6 клуб, 9 кітапхана, мұражай, аудандық аурухана, емхана, диспансер, 13 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшер-акушерлік пункт тіркелген. Тұрар Рұсқылов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді.
ҮІІ. Сабақты бекіту: Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |