ҮІІ. Сабақты бекіту: Береке-бірлікті тірлігіміздің шамшырағы етіп ұстана отырып, іргелі ел болу жолындағы мақсатымызға қол жеткізе берейік. Ауданымыз гүлденіп, халықтың өмірі мен әл-ауқаты жақсара берсін
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: Оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Өлкетану дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.
2.Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: интерактивті
Ү.Сабақтың көрнекілігі: Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи- мәдени ескерткіштерін пайдалану
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақта берген сұрақ- тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату.
ІІІ. Жаңа сабақ: Өлкетану дегеніміз не?
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |