ҮІІ. Сабақты бекіту: Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталады, оның жалпы тарих ғылымына қоскан үлесін атап айтып кетеді
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: Оқып келу
Сабақтың тақырыбы: Өлкетану мұражайына саяхат
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың ой- өрістерін , танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау
3. Оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойландыру стратегиясы, СТО
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушылардың сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақ: Өлкетану мұражайына саяхат
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақстанда 1913 жылы – 3, 1927 жылы – 6, 1937 жылы – 19, 1939 жылы – 25, 1970 жылы – 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.
Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |