Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет13/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Жылдамдықты дамыту. Жылдамдықты дамытуға арналған жаттығулар бар шапшаңдықпен орындалады, орындалу ұзақтығы 10-20 секундтан аспайды.
Жылдамдықты дамытатын жаттығулар үлгісі: Санды жоғары көтере барынша жылдам жүгіру, басшыға ілесе жүгіру, бар шапшаңдықпен 60,100 м-ді жүгіру; бар шапшаңдықпен 4х80м-ді қайталап жүгіру; әр түрлі қалыптағы сөреден шығу; спорттық ойындар – баскетбол, волейбол, қол добы және басқалар. Жылдамдық қозғаушы реакциясының жасырын мерзіміне тән келеді.
Қозғаушы реакцияның жасырын кезеңі балаларды 2-3 жастардағы балалардың қимылды қол мен жасағанда 0,54 0,84с, ал 5-7 жаста -0,30 -0,40с. Жастары толыққан сайын көрсеткіш қысқара береді де, ересек адамдардың көрсеткіштерінің деңгейіне дейін барады.
Қозғалыстың тиімділігі реакция қарқыны мен дененің әрбір бөліктерінде бірдей болмайды. Жас ұлғайған сайын қозғалыс жиілігі көбейе береді. Оның маңызы 4-9 жас аралығында айқындалады. Келесі мерзімдерде қозғалыстың жиілігі төмендейді, 15 жаста ол толық тоқтатылады. Жаттығулар қозғалыстың жиілігін көбейтеді, оның әсері әр түрлі жас шамасында бірдей емес. Жақсы жаттығу нәтежесінде жылдамдықты арттыру 9-12 жас аралығында жақсы нәтеже береді.
Төзімділікті дамыту. Ағзаның дамуының барысында және бұлшық еттердің энергиялық жабдықталуының арқасында төзімділік статикалық сияқты артады. Мысалы, 3-17 жастағы ер балаларда гимнастикалық вюсті ұстауы көбейеді, -4,3 ретке, ал қыз балаларда -4,0 рет болады. Бұл статикалық төзімділіктін кейбір бұлшық ет топтарында көбейуімен байланысты болады.

Мектеп оқушыларының әр жастағы бұлшық еттерінің статикалық төзімділігі.
Жоғары деңгейде өсу мектеп жасындағы балаларда болады, жасы ұлғайған сайын өсу деңгейі нашарлайды. Жас шамасына қарай төзімділіктің өсуі динамикалық жұмыста байқалады, жұмыс қабілеті жақсы дамиды, аэробты және анаэробты өнімділік өседі.Мысалы, 8-9 жасар балалар велоэргометрде 3684, 14-15 жастағылар -8486 кгм жұмыс орындау көрсеткіштерінде жұмыс атқарады. Жас шамасына қарай аэробты алмасу – ОТШ шамамен көбейеді. Ал 7 жаста ОТШ орта есеппен 1,30л/мин болса, 16 жаста -3,5л/мин ОТШ дененің 1кг салмағына салыстырғанда аз көбейеді. 109 – суретте көрсетілген
Мектеп оқушыларының әр жастағы оттегіне максимум қажеттілігі (І л/мин) және мл/кг салмаққа 1 минутта (2) А.А.Гуминский
ОТШ жас спортшыларда өте қатты көтеріледі. 10 жастағы спортпен айналыспайтын баланың ОТШ 14%, спортпен айналысатын баланың ОТШ 50% болады.
Төзімділіктің дамуын қан айналым ағзаланының жақсы дамуы мен тығыз байланысты. Оны оттек импульсі арқылы байқауға болады. (мл 1 пульсте бір соғуы) 7 жаста жеткілікті оттек пульсі 6,6 мл/ соғу, 16 жастағыларда -18,5мл/соғ.
Төзімділікті дамытуға оттек жеткіліксіз кезеңде бұлшық ет қызметін тоқтатпауға дағдылану керек. Жас ұлғайған сайын анаэробты өнімдірушілік көтеріңкі болып, соның салдарынан оттекке сұраныс ұлғаяды. Велоэргометрде жұмыс атқару кезінде 7 жастағы балаға -1,8л, 16 жаста – 6,07л, оттек керек, 4-5 жасар балалар жұмыс атқарғанда ол көбейіп, орташа есеппен 60мг%, 14-15 жастағыларда 100мг% болады.
Төзімділік бұлшық ет жұмысын басқара білуге қарай көбейеді. Балалардың жүктемесін көбейту, белгілі уақытта демалыс бермеу, демалыс уақытын қысқартуы көп қуат жұмсауға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет