Анализаторлар. Жаттығу процесі нәтижесінде жүзушіде "су сезімі" деп аталатын әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау қалыптасады. Ол тактильді, температуралық, проприорецептивті жене есту рецепторларының тітіркенуі кезінде пайда болатын сезіммен байланысты қалыптасады. Жүзушілер осы сезім арқылы температурасында, қысымында және қарсылығында болатын өзгерістерді жақсы талдайды, ал ол оның қимылының жақсы болуына әсер етеді.
Жүзу кезіндегі жаттығу, әсірісе кроль әдісімен жүзуде кіреберіс аппаратының қызметтік тұрақтылығын жоғарылатады. Ол тыныс алу және шығару кезінде басты бұру кезіндегі тітіркенумен және суық тітіркендіргіштің кіреберіс аппаратына әсер етуімен байланысты.
Егер кіреберіс тұрақтылығы жеткіліксіз болса, бас айналу және тепе-теңдікті жоғалту байқалады.
Кимыл аппараты — жаттығу әсерінен жүзушіде бұлшық ет күші дамиды. Жүзу кезінде жұмысқа барлық бұлшық еттер қатысады. Кроль және дельфин жүзу әдістерінде қол және иық бұлшық еттері жақсы дамиды.
Жүзушінің бұлшық еттері аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс жасауға тиіс. Қашықтық ұзарған сайын, аэробты процестердің мәні жоғары.
Тыныс алу жүйесі және энергияның жумсалуы. Жүзу кезінде тыныс алу ерекше жағдайда өтеді. Тыныс шығару кезінде су қарсылығын жеңуге тырысады. Сондықтан жүзу - тыныс алу бұлшық еттерін дамытатын әдістердің бірі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы басқа спортшыларға қарағанда жүзушіде жоғары болады. Жүзуші ер адамда ол 6055± 410мл болады, яғни қажетті мөлшерден 30%-ға жоғарылайды (Г.И.Куреньков).
Тыныс алу жиілігі минутына 50-60 рет. Шапшаңдық жоғары болған сайын, тыныс алу жиілігі жоғары болады, тыныс алу циклінің ұзақтығы төмендейді. Мысалы, шапшандық 0,9-1,7 метрге өскенде, тыныс алу циклі 2,15-1,08 секундқа азаяды. Бұл тыныс алудың қысқалылығына байланысты.
Өкпенің желдетілуі минутына 120-150 литр. Жүзу кезінде жоғары дәрежелі спортшы ерлерде оттегі тұтыну орта есеппен минутына 5-6 литр.
Жүзу кезінде организмнің аэробты мүмкіншілігінің мәні өте жоғары. Бұл дистанцияны жүзіп өту жылдамдығы мен аэробты алмасу деңгейінің арасындағы тікелей байланыстылықпен түсіндіріледі. Ең жоғарғы аэробты жұмыс өндіру 400 және 1500 метрге жүзуге жаттығатын жүзушілерде байқалады. Ең жоғарғы анаэробты мүмкіншілік спринтер жүзушіні сипаттайды. 100 жөне 200 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегі тұтыну шегі 65,2мл/мин/кг, ең жоғарғы отгегі қарызы - 158мл/кг, ал 400 және 1500 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегі тұтыну шегі 72,6мл/мин/кг, ең жоғарғы оттегі қарызы - 138мл/кг (Н.И.Волков авторларымен бірге).
Аэробты мүмкіншілік кроль әдісімен жүзушілерде біршама жоғары. Н.И.Волковтың деректері бойынша кролист-спорт шеберлерінде оттегі тұтыну шегі минутына 6,26 метрге жетеді (немесе 77мл/мин/кг). Брассист жүзушілерде бұл шама аздау -минутына 5,61 метр (немесе 69мл/мин/кг). Ең жоғарғы оттегі қарызы, керісінше, брассисттерде (14,3 литр) кролистерге (11,5 литр) қарағанда жоғары.
Энергияның жұмсалуы басқа спортшылармен салыстырғанда жүзушіде біршама жоғары болады. Ол ауамен салыстырғанда судың өткізгіштігі жоғары болуынан энергияның жылу ретінде қөп жоғалуымен байланысты. 12С°-тық суда 4 мйнут ішінде қозғалыссыз болған кезде Юккал жылу жұмсалады, ал ол ауада 1 сағат ішінде жұмсалады. 24-25°С суда 3-4 минут бойы тыныштық күйде тұру энергия шығынының 50%-ын қамтиды.
Энергия шығыны әр түрлі дистанцияға жүзу кезінде олардың ұзақтығына және жұмыс қуатына байланысты. 100-1500 метрге жүзу кезінде 100-ден. 450 ккал-ға дейін энергия жұмсалады.