Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет55/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Волейбол. Волейбол ойыны кезіңде алаңда қозғалудың баскетбол ойьшына қарағанда қарқыны аз. Осыған байланысты вегетативті өзгерістер аз байқалады. Үйлесімділік бойынша волейболшылардың күрделі қозғалыстары қаңқа бұлшық еттерінің дамуын, әсіресе олардың күштік және жылдамдық сапаларының дамуын талап етеді.
Спорттың бұл түрінде шеберлікке жету үшін анализаторлар қызметі үлкен роль атқарады. Волейболшыларда біршама ұлғайған көру аймағы аланда жақсы бағытталуды қамтамасыз етеді. Доптың қимылын үздіксіз бақылау қажетгілігі көз-қимыл аппаратын жетілдіреді. Жоғары дәрежелі волейболшылар ішіңце көз бұлшық еттерінің біркелкі дамуы (ортофория) басқа спорт түрімен шұғылданатын спортшьшарға қарағанда жиі байқалады.Тыныс алу және қан айналым өзгерістері волейбол ойыны кезінде ойынның қарқынына және ойыншының белсенділігіне байланысты.
Н.Б.Кичайкина мәліметтері бойынша ойын процесі кезінде жүрек соғу жиілігі орта есеппен минутына 170-190 рет соғады, тыныс алу жиілігі минутына 42-48 рет соғады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Футбол ойынының физиологиялық сипаттамасы.

  2. Ойын барысындағы оттекті пайдалану көрсеткіштері.

  3. Баскетбол ойынының физиологиялық сипаттамасы.



Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
25 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Теннистің физиологиялық сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:
Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы.
Cпорт әрбір адамның денсаулығына жақсы әсер ететіні белгілі. Қазіргі заманда теннис балалардың, студенттер мен жасөспірімдердің арасында өте танымал болып табылады, оған қоса адамның физикалық және психологиялық денсаулығына аса пайдалы. Теннис туралы айтпастан бұрын оның тарихын қарастырайық. 13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген.Ал,қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталды. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды. Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын "филд-теннис", "корт-теннис", сондай-ақ "лонг-пом" және "курт-пом" деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады. Халықаралық ірі турнир біріншілігі  Аустралия, Франция,  Англия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады. 1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті. ХІХ-XX әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді. Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды. Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса,1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде. Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық олимпиада комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды.Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті. 1977 жылы халықаралық олимпиада комитеті Прагада өткен 79-сессиясында ITF халықаралық теннис федерациясын Олимпиада хартиясының талаптарына сай келетін жетекші спорт түрі деп мойындады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп есептелінді.1980 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған XXII олимпиадасында теннис жарысы тізімге ілікпеді. 1984 жылы Лос-Анжелестегі XXIII олимпиада ойындарында теннис бәсекесі көрсетілді.Теннис ойыны тек қана 1988 жылы XXIV олимпиадасында олимпиада ойындарының ресми бағдарламасынан 64 жылдық үзілістен кейін қайта орын алды. Олимпиада турниріне ресми команда құрамында өз елінің намысын Дэвис пен Федерация Кубогында өнер көрсетіп, шебер спортшылар ғана жіберіледі. Теннис бастауын Франциядан алады. Орта ғасырлардан бастап осы ойын түрі ақсұйектердің назарын аударған және айрықша корольдік спорт болып табылды. Көп ұзамай теннис бүкіл Еуропаға жайылды. Содан кейін барып Америкаға келді. Бұл ойын түрі Ресей империясында да ақсүйектердің сүйікті ойыны болып саналатын. Мысалы, соңғы орыс патшасы Николай II сүйікті ойындарының бірі теннис болған және оны ол өте жақсы ойнаған. Теннистен бір-ақ рет жеңіліс табу оған дәлел бола алады. Сол ойында оны жас ханзада Николай Юсупов басым түскен болатын. Николай Юсупов сол кезеңдегі Ресейдің нөмірі бірінші ракеткасы болған. Миниблогиада арқасында салауатсыз өмір салтын ұстанып жүрген менің өмірімде 1 күндік өзгеріс пайда болды. Ашылғанына біраз болса да жарнамасы ақсап тұрған, қызметін тұтынушылары аз осы бір орталыққа достарыммен бет түзедік. Комплекс басқармасының басты міндеттерінің бірі — теннисті барлығының қолы жетерліктей ету, сондықтан да осындағы балаларға жаттығу формасы мен ракеткалар тегін беріледі. Болашақта профессионалды теннисші болғысы келетіндер мұнда тегін жаттығып, үйренеді. Сондай-ақ, көп балалалы отбасыдан шыққан балалар мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар ақысыз жаттығады екен. «Нұрсат» тобында жаттығатын қыздар мен ұлдар айына 7 мың теңге, ал үлкендер-15 мың теңге төлеп жаттығады. Тренерлердің айтуы бойынша бұл Қазақстан бойынша ең төмен баға. Жаттығулар аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді. Орталықтың ішінде емін еркін 200 адам сиятын трибунасы, екі корты және сыртта ашық аспан астында төрт теннис корты бар екен. Теннисті — интеллектуалды спорт түріне жатқызуға болады, әр ойынның өз стратегиясы мен тактикасы, қарсыласыңның білгірлігі мен оның артық тұстары мен кемшіліктері үлкен роль атқарады. Жаңадан теннисті аса қызығушылықпен ойнап бастаған адамдардың денсаулықтары айтарлықтай жақсарады. Бұл ойында қимылдардың көбісі аэробикаға жақын, яғни адамды дұрыс тыныс алуға үйретеді, жаттығу кезінде калориялар жақсы жұмсалады. Сондықтан, теннис арықтауға және өз фигурасын қалыпқа келтіруді қалайтын жандарға жақсы ұсыныс деп ойлаймын. Теннис — ол белгілі бір топқа арналмаған, ол барлығының қолы жетерлік спорт түрі болып саналады. Денсаулыққа айтарлықтай пайдасы бар екен бұл ойынның, тізіп айтқанда: Теннис ойнау денсаулыққа да, адамның көңіл күйіне де жаксы әсер етеді. Үзбей, барлық ережелерді сақтай отырып ұзақ уақыт жаттығу ағзада эндорфиндердің бөлінуіне алып келеді. Сонымен қатар, теннис ойынында: аяқ, арка, қол, мойын бұлшық еттерінің барлығы жумыс жасайды. Осы бір хобби ушин бираз шығындануға тура келеді. Жаңадан бастаған ойыншыға ракетка, ойынға арналган форма мен аяқ киім, жане тағы да баска аксессуарлар қажет. Жақсы көңіл күй мен денсаулық үшін бұл шығындарға баруға болады деп ойлаймын. Осы бір хобби ушин бираз шығындануға тура келеді. Жаңадан бастаған ойыншыға ракетка, ойынға арналган форма мен аяқ киім, жане тағы да баска аксессуарлар қажет. Жақсы көңіл күй мен денсаулық үшін бұл шығындарға баруға болады деп ойлаймын. Теннисте (басқа да спорт түрлері сияқты) тамыр соғысын қадағалау қиын, сәйкесінше аэробтық зонаға түсетін күшті де бақылау қиынға соғады. Сол себепті бұл спорт түрін арықтаудың бірден-бір құралы ретінде қарастыруға болмайды. Қызықты ойын барысында калориялар байқаламай таралады, бұдан бұлшық еттер қатайып, жинақтала бастайды. Бірақ бұл ұзақ жаттығулар мен қарқынды қимыл-қозғалыстың арқасында іске асады. Жаңадан үйреніп жүргендерде басты күш соққыларға жұмсалады. Май кетіру жұмысы жолақта бірқалыпты жүрудегідей кең көлемде іске аспайды. Теннистің мақсаты басқа. Қанағаттану, мысалы. Шарапова мен Уильямстей болу үшін әрине тенниспен жастайыңнан айналысу керексің. Онда да күніне бірнеше сағаттан. Теннис-аз жарақатты спорттың түрі. Жарақаттар спорттың бір бөлігі болғандықтан,теннистеде жарақаттар алу жағдайы кездеседі. Бірақ, басқа спорт түрлерімен салыстырғанда теннисте олардың сирек болатынын атап өту керек. Ең көп кездесетін жарақат түрлері ол сінірдің созылуы және қолдың шығуы. Теннис ойнайтын кезде адамның көптеген дене мүшелері пайдалы жұмыс істейді. Одан басқа, дененің тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін жақсартуға ықпалын тигізеді, онымен қоса адамның қан айналамы жақсартылады. Доп - реакция жаттықтырушысы. Теннис ойыны мынандай қасиеттерді дамытуға көмектеседі: жігерлік, қайрат, тез уақытта шешім қабылдау және күш қуаты. Оған қоса ойыншылар жұптанып ойнаса, жауапкершілікке және командада жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы кәсіпкой теннис ойыншыларының соққысы допты 200 км/сағ жылдамдықпен жібереді, сол үшін олар тез арада шешім қабылдау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет