Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Пән
Қазақ тілі
Мұғалім
Мектеп, сынып
Сабақ тақырыбы
Биотехнология: Гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
Сабақта іске асатын оқумақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)
9.Т/А2.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.
9.ӘТН5. Пунктуациялық норма
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну.
9 Ж2.Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян, хат құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың барлығы:
Тақырыпты түсінеді;қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну;
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Берілген тақырып төңірегінде жеке көзқарастарын басқалардың көзқарасымен салыстырады.
Кейбір оқушылар:
Келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Салыстыруларды диалогта/монологта тиімді қолданып, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді.
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,жазады.
Тілдікмақсаттар
Оқушылар әдеби тіл нормасына сай сөйлеуге дағдыланады, ойын анық та жүйелі жеткізе алады.
Құндылықтар
Өмір бойы білім алу.
Ынтымақтастық.
Азаматтық жауапкершілік.
АКТ дағдысынқолдану
Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.
Өмірмен байланыс
Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібін ұғындыру.
Пәнаралықбайланыс
Биология, химия.
Алдыңғы білім
Жастар және мәдениет.
Сабақбарысы
Жоспарланған
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекеттер
Дерек- көздер
Сабақтың басы
3 минут
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту. «Гендік модификация»туралы бейнемәлімет көрсетіледі. Оқушылар осыдан кейін сабақтың тақырыбын болжайды. «Гендік модификация» туралы анықтамаларды жазып алу ескертіледі.
https://twig-bilim.kz/kz/film/genetic-modification Кіріспе тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі. Мысалы:
Суреттерден нені байқадыңыз?
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар дегенді қалай түсінесіздер?
Қандай тағамдар гендік өзгеріске ұшырайды деп ойлайсыздар?
ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар қаншалықты зиянды?
Мағынаны тану кезеңі.
Негізгі тапсырма. Тыңдалым. «Гендік өзгеріске ұшыраған жемістер» жайында бейнемәлімет көрсетіледі. Бейнемәлімет бойынша керекті ақпараттарды жазып отырады.
https://bilimland.kz/kk/content/lesson/12020-gendik_ozgeriske_ushyrahan_zhemister ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы. «Балық қаңқасы» әдісі. Тыңдалым материалын тыңдайды, тыңдалым бойынша ұсынылған тұжырымдардың факті немесе көзқарас екенін ажыратады, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Гендік модификация немесе өзгеріске ұшыраған жемістердің қолданысының маңызды мәселелерін анықтайды.
Орындалу барысы:
басы – тақырыптың мәселесі,
үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері,
астыңғы сүйектері – себептері,
құйрығы – мәселенің шешімі.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптыңнегізгі ойын ашатын сөйлем болуы мүмкін.
Талқылау.Кері байланыс. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Берілген тақырып төңірегінде жеке көзқарастарын басқалардың көзқарасымен салыстырады;
Салыстыруларды диалогта/монологта тиімді қолданып, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Қолдану. «Мозайка» әдісі бойынша алған білімдерін практикада ұштастыру.
Талдау. Гендік және жасушалық инженерияға байланысты жұптық әңгіме жүргізу.
4-ке бөлінген қима қағаздардағы тапсырмаларды орындап, мозайка құрастырады.
Жұпқа бөлініп, анықтауыштық қатынасқа байланысты мысалдар келтіріп, бір-бірлеріне түсндіреді.
Қорытынды тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Жұптықжұмыс. Алдымен хат жазудың ерекшелігі туралы бейнебаян көрсетемін. https://imektep.kz/kz/hat-zhazip-uirenu «ГМО-ның әсеріне ұшыраған жемістер зиянды ма?» тақырыбында өзіңіздің пікіріңізді білдіре отырып, сыныптас досыңызға хат жазып көріңіз. Көлемі 100-120 сөз.
Білгенге маржан!
Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/cells-and-dna-using-genetics/51
Бағалау критерийлері:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,жазады;
Қосымша тапсырма. 7.ӘТН5. Пунктуациялық норма
Тест тапсырмасы.https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=623151986# Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.
– Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
– Рахмет ақсақал қош болыңыз! – деп меңгеруші бізді шығарып салды.
– Рахмет ақсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
– Рахмет, ақсақал, қош болыңыз, – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
Жауабы: – Рахмет ақсақал, қош болыңыз,– деп меңгеруші бізді шығарып салды.
Қосымша ақпарат.
Кейде сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің де сөзін, айтқан ойын келтіріп отырады. Сөйтіп, бір сөйлемнің ішінде екі адамның сөзі, пікірі, ойы қолданылады. Міне, осындай өз сөзінің ішінде біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз берілуін төл сөз дейміз. Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап беруін төлеу сөз дейміз. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.
Төл сөз бен автор сөзі қалай орналасса да, олардың жігінде әрқашан кідіріс болып отырады. Жазуда төл сөз автор сөзінен белгілі бір тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төлге сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілерін ішінара екі топқа бөлуге болады: а) төл сөздің интонациясына байланысты қойылатын тыныс белгілері (төл сөзді сөйлемнен кейін қойылатын үтір, сұрау, леп белгісі және көп нүкте); ә) төл сөзді автор сөзінен айыратын тыныс белгілері (қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Төл сөз бірде тырнақшаға алынса, екінші бір жағдайда диалог ретімен жазылып, алдына сызықша қойылады.
Бағалау. Кері байланыс.
Бағалау критерийлері:
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді;
Bilimland.kz
«Гендік өзгеріске ұшыраған жемістер» видео
https://bilimland.kz/kk/content/lesson/12020-gendik_ozgeriske_ushyrahan_zhemister