Сабақтыңтақырыбы Б. Майлин «Шұғаныңбелгісі»



бет3/8
Дата23.01.2023
өлшемі47,7 Kb.
#62354
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шұғаның белгісі

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап беремін. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетемін.
Барлық оқушылар орындай алады:
«Шұғаның белгісі» хикаятының идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Кейіпкерлер жүйесін анықтату мақсатында оқушыларға концептуалды кестені ұсындым. Сол кесте арқылы оқушылардың кейіпкерлердің қасиетін анықтауына, кейіпкерлерге өзіндік баға беруіне ықпал еттім.
Автор стиліне сүйене отырып, «Егер мен автор болсам...» тақырыбында ойтолғау жазады. Әдебиет теориясынан көркемдегіш құралдарды естеріне түсіріп, ойтолғауды оқушылардың көркем тілмен жазуына әкелдім.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Хикаяттағы көркемдегіш құралдарды тауып айтады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыттым.

Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүргізілді.
1-тапсырмадан соң
«Бағалау парағы» «+», «-»
Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-»таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады.

2-тапсырмадан соң


«Авигатор» тәсілі
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
1.Мәтіннен негізгі 3 сөйлемді алады
2 Негізгі 2 идеяны табады
3. 1 ұсыныс білдіреді.
Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі.

Сабақта Қазақстан тарихымен, география пәндерімен байланыс болды. Топқа бөлуде қауіпсіздік ережесі сақталды. Интербелсенді тәсілдер арқылы сабақ тақырыбына әкелуде АКТ-мен байланыс жасалды. Сезімге тұрақтылық, махаббатқа адалдық, шынайы сезім,уәдеге берік болуға тәрбиелеймін.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?
Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет