Сабақтыңтақырыбы Б. Майлин «Шұғаныңбелгісі»


«Шұғаның белгісі» хикаятын сатылай кешенді талдау



бет7/8
Дата23.01.2023
өлшемі47,7 Kb.
#62354
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шұғаның белгісі

«Шұғаның белгісі» хикаятын сатылай кешенді талдау:
Шығарманың атауы, авторы:
Жанры, түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Кейіпкерлері: Басты, қосалқы.
Композициялық құрылысы: Басталуы, дамуы, өрбуі, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі.
Сюжеті:
Көркемдік құралдары: мағынасы түсініксіз сөздер, жер-су, адамның сұлулығын сипаттауда қолданылған троп немесе басқа да құралдар.
Топтық жұмыс. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Балалар кестені толтырады, бір-бірін толықтырып отырады.

Талдау үлгісі жазылған флипчарт

«Постер» топтық жұмысы. Әдеби шығарманың құндылығы туралы ғалымдар пікірін салыстыру, шығарма идеясын түсіну мақсатында 2 топ постер толтырады. Мұнда тапсырма шығарманың жалпы картинасын суреттей отырып, оның негізгі ойын айқындап беруге тырысуы керек:
Махаббат неге қасіретпен аяқталды?
Неліктен Шұға өз тағдырына көндікті?
Әбдірахман мен Шұға махаббаты үшін күресе алды ма?
Оқушылар топтық жұмысты бірлесіп атқарады, өз идеяларын ортаға салады, қорғайды. 2 топ бір-бірін бағалайды.

Флипчарттар, маркерлер

Ой толғаныс
35-37

«Иә-жоқ» стратегиясы: Мына пікірмен келісесіз бе: «Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажарлы тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә...»
Оқушылар сұраққа жауап береді, өздері түйгенін баяндайды. Мұғалім ауызша кері байланыс береді.




Бекіту.
38 мин.

Мұғалім сөзі: «Шұғаның белгісі» - шын ғашықтар хикаясы, бір-бірін сүю үшін, махаббат үшін жаралған жандардың өмірі туралы көркем туынды. Махаббат үшін күресу, сүйгеніңді айырбастамау - адалдықтың белгісі. Бұл сыннан әбдірахман да, Шұға да сүрінбей өтті. Ал екі жастың қосыла алмауының бір себебі - заман мен қоғам қыспағы деуге болады.
Мұғалім сөзінен қорытынды шығарады, білімдерін бекітеді.




Рефлексия
39 мин.

«РОST IT» әдісі бойынша кері байланыс алу.
Не үйрендім? Не қиын болды? Не оңай болды? Нені үйренгім келеді?
Оқушылар стикерлерге 4 сұраққа жауап жазып, мұғалімге ұсынады.

Стикерлер

Үйге тапсырма.
40 мин.

«РАФТ» әдісі. Рөл – Шұға. Аудитория – бүгінгі қазақ қыздары. Форма – хат. Тақырып – «Махаббатың үшін күресе біл!»

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы түсініп, жазып алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет