16. УАҚЫТ ТУРАЛЫ
Ата, мен уақытымды қалай пайдалансам дұрыс болар екен?
Балам бұл сұраққа бiздiң заманымыздан бұрын Пифагор
деген
дана жауап берiп қойыпты… Ол:
Таңертең оянысымен мен не iстеуге тиiстiмiн деп, кешқұрым
ұйықтар
алдында –
мен не тындырдым деп сұра, –
деген екен.
17. ҚАБIЛЕТТIЛIК
Сабақтан нашар оқитын бiр бала ұстазына:
–
Менiң қабiлетiм нашар, табиғат солай жаратқан, –
десе, ұстазы:
Қабiлеттiлiк те бұлшық ет
тәрiздi, жаттығумен жетiледi, –
деп
жауап
берiптi.
18. БАҚЫТТЫ СЕЗIНУ
Шәкiртi: ―Аға, адам бақытты сезiнгенде, қандай күй кешедi?‖
Ұстазы: ―Оны ӛзiң iс тындырып, сол тындырған iсiң ел кәдесiне
жараған шақта бастан кешесiң‖.
19. АҚЫЛСЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ?
―Ата, сiздер бiреудi ақылды, бiреудi ақылсыз дейсiздер,
қайсысының
ақылды, қайсысының ақылсыз екенiн қайдан бiлесiздер?‖
–
деп сұраған немересi атасынан:
Баяғы заманда Платон деген дана болыпты. Сол дана: "Ақылсыз
жанды екi қасиетiнен тануға болады. Ол ӛзiне пайдасы жоқ сӛздi
айтады, не бiреудiң iсiне жӛнсiз араласады деген екен" –
деп жауап
берiптi.
20.
ӚЗIНЕН
-
ӚЗI ҦЯЛУ
Жақын арада Абай атты немереммен арамызда қызық әңгiме
ӛтт
i.
Ата, ата! Толстой деген ақылды кiсi ме?
Ӛте
ақылды, дана болған адам.
216
Сол кiсi: ―Жұрттан ұялған жақсы, ал ӛзiңнен ӛзiң ұялу
бәрiнен де
жақсы‖ –
дептi. Түсiнбедiм.
Байқамай қалып үлкен кiсiге сәлем бермей ӛтсең ұяласың ба,
кешiрiм сұрайсың ба?
Сұраймын, ыңғайсыз ғой.
Сенiң кесiрiңнен досың апайларынан сӛгiс естiсе, ӛкiнесiң бе?
Ӛкiнемiн.
Ӛзiнен ӛзi ұялу деген сол.
21.
МАҚСАТ
Абай: ―Ата, мен кiтапты жүргiзiп оқи алатын болдым‖.
Атасы: ―Сенiң атың Абай ғой, сол атқа лайық болып ӛсерсiң.
Ал
мына мақалды оқып бершi‖.
Абай: ―Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау
керек‖ –
Михлико
-
Маклай деп жазыпты.
Атасы: ―О не деген сӛз, түсiндiршi‖.
Абай: ―Түсiнбедiм‖.
Атасы: ―Ойланыңқыра, түсiнесiң‖.
22.
СӚЙЛЕЙ БЕРУ
Абай: ―Ата бiзде бiр бала бар, ешкiмдi тындамай сӛйлей бередi,
сӛйлей бередi‖.
Атасы: ―Сен онда сол балаға ертеде ӛткен данышпан
Демокриттiң мына сӛзiн жаттап алып айтып бер: ―Әйтеуiр сӛйлей
беру, ештеңенi тыңдағысы келмеу –
мақтаншақтықтың белгiсi‖.
23.
ҚИЫН
IС ПЕН ЖАЛҚАУЛЫҚ
Абайға атасы: "Абай сен ойша есеп шығара аласың ба?" –
деп
сұрапты.
Абай: ―Ойша есеп шығару қиын ғой‖.
Сонда атасы: ―Жалқаулық
кез
-
келген iстi қиындатады‖,
–
деп
жауап қатыпты.
24.
КӚЛГIР
Атасы Нұрилаға ―кӛлгiр‖ деген сӛздiң мағынасын бiлесiң бе? –
деп сұрапты. Нұриланың бiлмейтiнiн байқаған атасы: Онда мына
мақалды жаттап ал да апайыңнан сұрап мағынасын ұғын. Бұл
217
мақалды Әл
-
Фараби бабаң шығарған. ―Ӛз бойында жоқ қасиеттi ӛзiне
жатқызатын кiсiнiң аты –
кӛлгiр‖
.
25.
ДОСТЫҚ ЖАЙЫНДА
Абай сабағынан келе сала атасының мойнынан құшақтап:
–
Ата, маған бiр бала бүгiн дос болайық дедi
-
деп, сырын
ашыпты. Сонда атасы:
–
Дос болам дегенмен дос бол. Қазақта мақал бар: Досың мың болса
да аз деп бiл, дұшпаның бiреу болса да аз емес. Жiгiт дос болам деген
кiсiден қашпайды. Бiрақ ӛзiң бiреумен дос болғың келсе, Жүсiп
Баласағұнидың:
―Ӛзiңе қарай дос таңда,
күшiңе қарай жүк кӛтер‖ –
дегенiн есiнде сақта.
26.
МЕЙIРIМ МЕН ӘДIЛДIК
Бүгiн бiр баланың екiншi баланы ұрып жатқанының үстiнен шығып
қалған
Абай араша сұраса, араша бермей, тартқылап жүрiп жеңiн
жыртып алыпты. Сонда әлгi бала:
–
Мынау кiтабымды жыртты, сен жеңiмдi жырттың. Ендi апам
сазайымды тартқызады ғой, –
деп жылап жiберiптi. Абай оған
қатты
қиналып
атасына:
«Әдiлдiк қайда?»
–
деп мұңайғанда,
атасы Абайға Гюго деген
данышпанның шығарған бiр ауыз
сӛзiмен жауап берiптi.
–
Мейiрiмдi болу оңай, әдiл болу қиын.
27.
ЖАЛҚАУЛЫҚ
Әр
нәрсенi жинастырып тыным алмай жүрген немересi Нұрилаға
әжес
i:
Жаным, аздап дем алсаңшы, –
десе: «Бала кездегi жалқаулық –
болашақ бақытсыздықтың баспалдағы деген, маған атам. Атамның
айтуынша –
бостан бос қарап отыру демалыс емес, депті Нұрила.
Әжесi: Бұлар
жасы онға толмай жатып сонша
ақыл сӛздi қалай
түсiнiп алған»
,
–
деп таң
қалған
екен.
28.
ДОС ТУРАЛЫ
Абай бүгiн бiр досына қатты ӛкпелеп келiптi. Басқа балалармен
айтысып қалғанда досы бұның сӛзiн қостамай үндемей тұра берсе
керек. Сонда атасы: ―Бұл уақиғаға екi түрлi себеп болуы мүмкiн.
Бiрiншiден, бiр данышпан айтқандай: ―Егер сенi ешкiм қадiр тұтпаса,
мұның себебi ӛзiңде екенiн ұмытпа, екiншiден, Абай айтқан:
218
Жаман дос –
кӛлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла
алмайсың, бұлт шалса, таба алмайсың…
Досыңа ӛкпелеуден бұрын осы екi дананың қайсысының нақылы
дәл келiп тұр, ойлан, мүмкiн досың кiнәлi болмас…
29.
АЛТЫ АЛАШ
Немерем Нұрила сабақтан келе сала сұрақтың астына алғаны.
–
Ата, ата! Алты Алаш дегендер кiмдер?
–
О неге керек болып қалды, қарғам?
–
Бүгiн апайымыз менiң дос қызыма жазықсыз ұрысқасын ара
түсiп,
оның жазығы жоқтығын айтып едiм, апай маған –
―алты алаштың‖
атынан сӛйлейтiндей сен кiм едiң? –
деп, менi де бiраз сойып салды.
–
Шырағым, жақсы сұрадың ғой. Бұ күндерi сендер түгiлi бiраз
үлкендер
бiле бермейдi бұл сӛз мағынасын.
Бір тарихшылар: Алты Алашқа –
Ұлы
жүз, Орта жүз, Кiшi жүз,
қырғыз, қарақалпақ және құрамалар жатады десе, екіншілері
соңғысының орнына ноғайлар дейді.
–
Ата алдыңғы бесеуiн естiп жүрмiз ғой, соңғылары
кiм?
–
Шырағым құрамалар деген жаугершiлiк заманда қазаққа кӛршi
ұлттарға, босып,
жаудан қашып, рудан, ағайыннан айрылып жаңа
жерден пана тауып, орнығып қалған қазақтар. Әртүрлi рудан бiрiгiп бiр
қауым
болып отырғасын ӛздерiн құрама атаған. Олардың кӛпшiлiгi
совет ӛкiметiнiң санағы кезiнде ӛзбек деп жазылып кеткен. Бiрақ әлi
күнге құрама атын сақтап қалған тайпалар бар.
Ал ноғайлар дегеніміз
біздің қазақтың тілінде сӛйлейтін орыс ӛкіметінің құрамындағы бір ел.
Алтын Орда, Ноғай Орда деген мемлекеттердің жұрнағы.
–
Ата, осының бәрiн қайдан бiлесiз?
–
Кӛп оқу керек, балапаным. Әсiресе, жас кезде кӛп оқу керек. Бұ
шақта оқығаның естен кетпейдi.
30. АЗҒЫНДЫҚ ТУРАЛЫ
Абай соңғы кезде сұрақ сұрағанда, бiр үлкен шаруа бiтiргендей
болатын болыпты. Сұрағын маңғаздана, мән бере қояды.
–
Ата, кӛшеде екi адам ұрысып жатыр екен. Бiреуi сен ―азғынсың‖
дедi. Ол сӛздi қандай жағдайда айтушы едi?
–
Балам басқа кiсiлер қандай мағынада қолданатынын кiм бiлген.
Мен бiлген жерде орыс халқының екi ұлы ақыны азғындық туралы
артында сӛз қалдырыпты. Мысалы:
Пушкин А.С. ―Ата
-
бабасын сыйламау –
азғындықтың айқын
белгiсi‖ десе, Ю.С.Лермонтов: ―Ӛзi азғын ӛзгенi де азғын кӛрер‖ –
дептi
ғой
.
219
31.
КIТАПТАР
Немерем Абай Абылдың
атасы
Әбіш
Кекілбаевтің
жұмыс
бӛлмесiнен кӛргенiн айтып
менi сұрақтың астына алды.
–
Үйiнде кiтаптан басқа түк жоқ. Тӛрт жағы түгел кiтап. Ата, сонша
кiтапты оқып шығу мүмкiн бе, соншама кӛп кiтап не үшiн қажет?
–
Сенiң бұл сұрақтарыңа ақылды адамдар жүздеген жылдар
бойы жауабын дайындап қойған. Ӛзбек халқының данасы Әлiшер
Науай: ―Кiтап
айтқан ақылына ақша сұрамайтын алтын қазына‖ –
десе,
дағыстан ақыны Расул Ғамзатов: ―Кiтап –
үйдiң ашулы тұрған терезесi‖
–
дептi. Ал мен саған бiр ақыл айтсам тыңдайсың ба?
–
Ата, айт, неге тыңдамайын.
–
Олай болса, сен ана оқып жатқан кiтабынды иесiне
тез қайтару
керек деп үстiртiн оқып жатқан сияқтысың. Сондайларға бiр ақылды
кiсi: ―Кiтапты ойланбай оқыған, шайнамай жұтқан аспен бiрдей‖ дептi.
–
Тағы бiр ақыл айтсам қалай кӛресiң?
–
Болсын.
–
Ондаша сен осы сұрақтарыңды бiрден Абылдың атасынан
сұрауың қажет едi. Әлiшер Науай: ―Бiлмегенiн сұрап үйренген –
ғалым
,
арланып сұрамаған –
ӛзiне залым‖ –
дептi. Сұрағанға ұялмау қажет.
32. ОЙ ТУРАЛЫ
Нұрила: –
Ата, сен ылғи бiрдеңе жазып отырасың, не жазасың?
Атасы: –
Балам, бiр данышпан ―Қағазға түспеген ой –
жоғалған
қазына‖ –
дептi. Ойыма түскендердi қағазға түртiп қоятын әдетiм бар.
33. БIЛГIШСIНУ МЕН АДАСУ
―Адам бiлмегендiктен адаспайды, бiлгiшсiнемiн деп адасады‖, –
дептi Жан Жак Руссо.
34. ҦНАУ МЕН ҦНАМАУ
Бұл мәселелер туралы жастарға бұрындары ӛткен екi ғұлама
адамның пiкiрiн келтiргiм келiп отыр.
―Мен неге адамдарға ұнамаймын деп уайымдама, маған олар
неге ұнамайды деп уайым ет‖.
―Ӛзi ешкiмге ұнамаған адамнан, ӛзiне ешкiм ұнамаған адам
бақытсыздау‖.
35. МIНСIЗ ДОС
Мен ендi онымен дос болмаймын, –
деп қатты ренжiп келген
220
немереме:
Бiр ғұлама мiнсiз дос iздеген кiсi, ӛмiрде доссыз ӛтер дептi, –
десем:
–
Сонда қалай, ата? Бұл ӛмiрде мiнсiз кiсi жаратылмайтын
болғаны ма? –
дегенi.
36. ПАРЫЗ БЕН
ПАЙДА ТУРАЛЫ
Қытай
халқының ұлы ойшылы Конфуций: ―Халықтың ұлы
парызын қамдар, қарынның құлы пайдасын қамдар‖ дептi. (Конфуций –
қытай
данышпаны, 551
-
479 б.э.д.)
37. АҚЫЛДЫ НЕГЕ ПАЙДАЛАНБАЙСЫҢ?
Бір данышпан ақыл туралы үшауыз сӛз қалдырыпты.
–
Сенде ақыл
-
ой деген бар ма?
–
Бар.
–
Онда неге пайдаланбайсың? (Марк Аврелий)
–
Ата, айтшы шыныңды, сен пайдаланып жүрсiң бе?
–
Пайдаланып жүрмiн.
–
Мысал келтiршi.
–
Мысалы, мен Аллатағаланың ақылды адам баласына тең
бӛлiп бергенiн ойлап таптым.
–
Мүмкiн тең емес шығар.
–
Неге тең болмасын, адам пендесi Жаратушыдан бала мен бақ
сұрайды, байлық пен саулық сұрайды, бiрақ ақыл сұрамайды
екен. Ақыл ӛзiне жетiп, тiптi артылып жатса, несiне сұрасын.
38. АУДАРМА МАҚАЛДАР
–
Ата, мына мен белгiлеп қойған сӛздердi қазақшаға аударып
бершi.
–
Жарайды, дәл шықпай жатса сӛкпегейсiң.
–
Ақымақпен ақылды кеңес құра алмассың. М.Монтень
–
Қателiгiңдi кӛрсеткен кiсi –
ұстазың
,
Жетiстiгiндi мақтаған кiсi –
досың,
–
Ӛзiңдi мақтаған кiсi –
жауың. Қытай мақалы.
–
Ақылы жасына сәйкес келмеген жан
ӛмiрде азап шегер.
Вольтер.
–
Жақсы ӛткiзген күнiң тыныш ұйқы сыйлар,
–
Жақсы ӛткiзген ӛмiрiң тыныш ӛлiм сыйлар. Леонардо до
Винчи.
–
Кемеңгерлiк дегенiмiз –
күнделiктi ұсақ
-
түйектер мен Ұлы
Жаратылыс байланысын кӛре бiлу. И.Кант
221
–
Елу жыл ӛмiрiмнiң отыз жылын ақылды
адам iздеумен ӛткiздiм
және таппадым дептi бiреу, философ Эмпедаклға.
–
Достым
менiң! Ақылдыны ақылды ғана таныр болар, –
дептi сонда
данышпан.
–
Жастық –
ақылды үйренер шағың.
Қарттық
–
ақылды пайдаланар шағың. Ж.Ж. Руссо
–
Данышпан ой ойлай бiлу жеткiлiксiз, оны пайдалана да бiлу
керек. Цицерон Марк Тулий (106
-
43 б.д.д)
39. СҦХБАТТАСУ ХАҚЫНДА
Менiң Абай атты немерем: ―Үлкен кiсiлер не туралы сӛйлеседi?,
Абылдың атасы неге үйiне кiсi келген күнi қатты кӛңiлденiп қалады?‖ –
деп сұрайды. Әртүрлi жауап бере жүрiп, ӛзiм де сол жауаптарымнан
қанағат
ала алмай жүргенiмде кӛзiме Гетенiң мына жолдары кезiге
кеттi.
―Откуда ты?‖ спросил король.
Из расщелин, где Родина золота‖ –
ответила змея.
―Что великолепнее блеска золота‖, –
спросил король.
―Сияние света‖, –
ответила змея.
―Что живительнее света?‖ –
спросил он
―Беседа‖, –
ответила она.
Оқып бердiм. Ол маған қазақшалап түсiндiруiмдi сұрады.
Аудармам балам мен ӛзiме жарап қалар, басқалар кешiрер.
Бiр патша келе жатса, маң
-
маң басып,
Айбары, салтанаты жаннан асып.
Кездестi жолда жылан иреңдеген.
Кетпек боп кӛзден таса жанталасып,
–
Әй, сен, деп –
Қайдан
келдiң? –
елең еттi,
–
Алтынның қорығынан келем дептi.
–
Алтынның жарқылынан әсем не бар?
–
Жарықтың нұр сәулесi десем нанар.
–
Ал не бар сәуледен де жарығырақ?..
–
Адамға алтыннан да керегiрек.
Жарықтан бойға тарар тереңiрек
Рухың нұрланады әңгiмемен –
Сұхбаттың бәрiнен де берерi кӛп!..
40. ДАНАЛЫҚ
–
Ата, сiз Абылдың атасын дана, данышпан дей бересiз. Бiзде
одан да бұрын данышпандар болған ба?
222
–
Әрине, болған.
–
Кiм?
–
Мысалы, Әль
-
Фараби бабаң!
–
Ол қандай сӛз айтқан?
–
Ол бабаңның әр сӛзi данышпандық. Мысалы: ―Ағаш бесiктен жер
бесiкке жеткенше үйрен‖ –
дептi.
41. АШУ
Нұриланың сiңлiсi есеп дәптерiнiң бiр бетiн мыжып тастапты.
Соған тас
-
талқан боп ашуланып жүрiп, маған:
–
Ата, маған апай ұрысады, сазайымды беретiн болды, –
дедi
Жыламсырап
–
ендi не iстеймiн?
–
Әуелi, ашуыңды бас.
–
Ашуды қалай басуға болады?
–
Ата
-
баба сӛзiн есiңе түсiр. Мақал айт.
–
Ата, ашу туралы қандай
мақалдар бар?
–
Бәрi бiрдей еске түсе қоймас. Дегенмен тыңда.
―Ашу –
дұшпан, ақыл –
дос‖ –
бiр деп қой.
–
Бiр.
2. Ашулының алдына шықсаң –
найзасы бар,
Соңынан барсаң –
пайдасы бар.
3. Естi кiсi ерегеспейдi.
Кӛпшiл кiсi бӛлек iшпейдi.
4. Жақсылыққа
жақсылық –
әр
кiсiнiң iсi,
Жамандыққа жақсылық –
ер кiсiнiң iсi.
5. Ақылсыз адам –
ашушаң.
Оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын.
6. Аузы жаман елдi былғайды,
Аяғы жаман тӛрдi былғайды.
7. Жақсының кегi жiбек орамал кепкенше,
Жаманның кегi басы
жерге жеткенше.
8. Аяғы лас есiктен тӛрге дейiн былғайды,
Тiлi лас бесiктен кӛрге дейiн былғайды.
9. Ашуыңды арыстандай ақырған,
Тұрсын ұстап жасалған тор ақылдан.
10. Ӛсер елдiң арманы кӛп,
Ӛшер
елдiң жанжалы кӛп.
Әзiрше осыларды жаттап ал. Қалғанын ӛзiң
жинастырарсың.
Тек қана ашу туралы емес, мақалдарды тақырыптап жина, жадыңа
тұтуға ыңғайлы болады.
223
42. ЗИЯНДЫ МӘТЕЛДЕР МЕН ӚСИЕТТЕР
Бүгiн сабағынан келгелi немерем бiр рет те дыбысы шыққан жоқ.
Түскi тамаққа отырдық. Әлi үнсiз. Шыдай алмаған әжесi
әңгiме
бастады.
Жаным, неге үнсiз отырсың?
–
Ата тұрып ұл сӛйлегеннен без!…
Мен мырс етiп күлiп жiбердiм. Бiрдеңе шығарарын бiлiп
отырғанмын.
–
Сӛйлегiң келiп отырса, мен шыға тұрайын ба?
–
Ата, бұл қандай мақал? Сонда мен сен отырған
жерде сӛйлемеуiм керек пе?
Мана маған осылай деп бiр ағай ұрысып
тастады.
–
Жарайды балам! Су
-
суанымызды ұрттап алалық. Содан кейiн
бұл тақырыпта екеумiз сӛйлесiп кӛрермiз.
Мен балама не айтсам екен деп ойға берiлдiм. Абай атамыздың
ӛзi бiраз қазақ мақалдарын сынға алған едi
-
ау.
Шындығында да, зиянды мақалдар мен мәтелдер, қанатты
сӛздер мен ӛсиеттер толып жатыр.
―Қырық күн атан болғанша, бiр күн бура бол!‖
.
Парықсыз
бастықсымақтарға таптырмайтын ӛсиет қой мынау? ―Ертең кiм бар, кiм
жоқ‖ деп, iшiп қал, жеп қал, былғап қал деп тұр
ғой
.
Ата
-
бабамыздың бүкiл қазақты Үш жүзге бӛлiп, соның арқасында
ең болмаса он ата жерден құдалық жақындық тауып жататын әдемi
терең мағыналы үштiгiн –
―Жүзге бӛлгеннiң жүзi күйсiн‖ деп терiс
мағынада пайдаланғандар кейде ойсыз жандарды терiс бағытқа
бастап кетпей ме?
–
Ата, не ойлап отырсың? –
дедi балам.
–
Абай жақсылап тұрып тыңдап ал. Мен саған қазiр екi мақал
айтамын, ал сен сол екi мақалды ой елегiнен ӛткiзiп,
мағынасын санаңа сiңiрiп болған кезде маған келiп, екеумiз
сұхбатымызды жалғастырамыз.
–
―Мың күн
жұмақтан бiр күн тiрлiк артық‖, ―Қырық күн атан
болғанша бiр күн бура бол‖ екеуiнiң де мағынасын зертте, осы
сӛздермен бабалар не айтпақ болды? Ұрпағына қандай үлгi
берiп отыр?
Бұл әлемде Аллатағала ғана жалғыз, қалғандарының бәрi егiз,
Қазақ
мақалдарының адамға пайдасыздары да, зияндылары да бар.
Сен ―зиянды мақалдар мен сӛздер‖ деген жаңа тақырып ашып,
тапқанынды сонда тiркей бер. Кейiн екеумiз қосылып талдармыз.
224
43. ДАНА БОЛЫП ТУМАЙДЫ, ҤЙРЕНУ КЕРЕК
Лұқпан пайғамбардан: ―Сiз даналықты кiмнен үйрендiңiз?‖ –
деп
сұрағанда:
–
Соқырдан деп жауап берген екен. Себебi соқыр алдында не
бар екенiн байқап алмай аяғын аттап баспайды емес пе?
Ел арасында Лұқпан 1000 жасады деген сӛз тарапты:
Шындық құмар бiр кiсi ―Пайғамбар, Сiз де Алла жаратқан пендесiз?
Олай болса пенде 1000 жасай алмайды емес пе? Сiз қалай 1000 жасқа
келдiңiз?‖ –
дептi.
–
Мен жақсы кiсiлермен сұхбаттас болған әр кезiмдi бiр жасқа
бағаладым‖ –
деп жауап қатыпты. Демек, даналық, кемеңгерлiк сатыға
кӛтерiлу баспалдақтары –
үйрену, естiгеннен қорытынды шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |