Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#11035
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Азамат Шаһмардан Есенов
 
 
 
 
Шаһмардан  Есенов  ағаның  кісілігі  мен  кҿсемдігін  досы  да,  қасы 
да,  заманы  да,  замандастары  да  тамсана  мойындаған  адам.  Оның 
бағы  мен  тағы,    білігі  мен  кҿрігі  кҿрген  жанды  қызықтырмауы  мҥмкін 
емес секілді болатын.
 
Бала  кезде  бір  сҽт  кездескен  шағымен
 
ҿмірлік  ҿшпес  естелік 
қалдырған бҧ тҧлғамен тағдыр мені жақынырақ таныс болуға, дҽмдес 
болуға жазыпты.
 
1964-
69 
жылдары 
Алматыдағы 
Қазақ 
политехникалық 
институтында  оқып,  ректорат  шешімімен  мамандығым  бойынша 
инженер
-
қҧрылыс факультетіне мҧғалімдік жҧмысқа
  
қалдырылдым.
 
Алты  жыл  жҥргізуші  болып  істеп  барып  оқуға  тҥскен  ауыл 
баласының атақты институтта сабақ берерлік дҽрежеге жетуі, ҿзін де, 
ағайындарын да қатты қуанышқа бҿледі.
 
Астана 
Алматыда 
шаңырақ 
қҧрдық, 
балалы 
болдық. 
Институттағы  абырой
-
атағымыз  да  жаман  болмады.  1974  жылы 
институтқа  жер бҿлініп, маған да бір саяжайлық жер тиді.
 
Оңтҥстік жағымда ҿзіме электротехникадан сабақ берген Псарев 
деген  ағай,  оңтҥстік  батысымда  тағы  бір  фронтовик  қарт  кісі.  Сол  кісі 
кҿп  саяжаймен  ісі  болмады  да,  оның  жерін  сол  жылдары  Қазақ 
политехникалық институтында ҧстаздық  ететін Шҽкең сатып алады. 
 
Ол  заманның  байлық,  барлық  деген  ҿлшемі  анық  болатын. 
Машинасы  бар  кісі,  машинасын  қоятын  гаражы  бар  адам,  тіпті  оның 
ҥстіне  дачасы  болса,  ондай  адамдар  ҿз  ҿкіметінен  басқа  ештеңе 
дҽметпейтін.  Ондай  кісі  ҿзін  толық  кісі  санауға  қақысы  бар  еді.  Олар 
ҿздерін қазіргі миллионерлер секілді сезінетін...
 
...Бір  кҥні  саяжайыма  келсем,  теріс  беткей  жағындағы  кҿршім 
«кҿршің қҧтты болсын» деп ҽзілдейді... 
 
...Біз  атақы  да,  айбынды  Шаһмардан  Есенов  мырзамен,  Кҽмила 
жеңгеймен солай кҿрші болдық.
 

 
280 
...Шҽкең де, жеңгей де жайлы, мейірімді кісілер болып шықты. Ең 
бастысы  оларда  ҿркҿкіректік  қасиет  байқалмады.  Тіпті  сондай 
атағымен, лауазымымен маған Сҽке деп амандасатын.
 
Шҽкең  сҿзіне  ҽдемі,  орынды  ҽзіл  қыстыра  сҿйлегенді  жақсы 
кҿретін. Бір
-
екі кездескеннен кейін екеуміздің арамызда бір қысқа ҽзіл 
ҽңгіме болды.
  

 
Сҽке  біз  қалада  кҿп  тҧрып  ҧмытып  та  қалған  секілдіміз.  Осы 
ерулік  дегенді  бҧрыннан  отырған  ҥй  беретін  бе  еді,  жоқ  ҽлде  кҿшіп 
келгені беретін бе еді?
 
Тыңдап тҧрғандар жамырай кҥліп жатырмыз. Ҿте ҽдемі ҽзіл еді.
 

 
Шҽке  сіздей  адамды  дайындықсыз  шақыруға  бола  ма!  Ал  біз 
бір  ай  дайындалдық,  енді    дайындық  та  аяқталды,  қозы  да 
пісті! Ерулік келесі жеті!
 

 
Онда  Кҽмила  екеуміз  де  қонақ  болуға  дайындыққа  кірісетін 
болдық қой! Кҽмила бізге бір жеті уақыт жеткілікті ме? 
 

 
Інішектерді ҧмытып кетпеңіз! Бҽрін шақырамыз!
 

 
Мынауың ерулік емес той болатын болды ғой!
 

 
Мен 
жҧртқа 
бҧрын 
сізбен 
таныстығымды 
айтып 
мақтанатынмын,  енді    кҿрші  болған  қуанышыма  маңайдағы 
барлық кҿршілерді шақырып жатырмын, той десе де болады.
 

 
Біз таныс па едік?
 
Мен  Шҽкеңе  баяғы,  1962  жылғы,  Ҿзен  геология  барлау 
экспедициясына барған сапары туралы айтып бердім...
 
 
...О  заманда  біздер  демалыс  кҥндерімізді  кҿбіне  саяжайда 
ҿткіземіз.  Шҽкеңдер  де  жиі  келетін.  Кездесіп  қалсақ  болды,  «жҥр 
Кҽмиланың  шайын  ішелік»  деп  ылғи  ҥйіне  алып  кететін.  Шеті  жоқ 
ҽңгімелер  айтатынбыз.  Кҿбіне  ашылған  кен  орындары  туралы  ҽңгіме 
қозғайтын.
 
Саясат туралы да, ҿз жҧмысының тҿмендетілуі туралы да естелік 
айтуға қҧмар еместігін байқап мен ештеңе сҧрамайтынмын...
 
Шҽкең  Дінмҧхамбет  Қонаев  туралы  ҿте  жоғары  пікірде  болатын. 
Бірде  «Димекеңдей  азаматты  ҿкпеге  қиюға  болмайды  ғой»  дегені 
есімде қалыпты...
 
 
...Шҽкең айтқан бір естелік есімде қалыпты... Бҧл Кеңес ҿкіметінің 
ең  жоғары  билігінің  басында  болған  Леонид  Ильич  Брежневтің 
Қазақстанға келіп кеткен бір бейресіми сапары туралы ҽңгіме еді...  
 
...Менің  Академия  Президенті  кезім.  Ол  кезде  Академия  беделі 
ҿте  жоғары.  Қазақстандағы  ең  жоғарғы  айлық  менікі  болатын 
(ҧмытпасам  13000  сом  жобасы  деген  секілді.  С.Н.).  Бірақ  шет  елдің 
ҿзім  дҽрежелес  бір  қонағы  келгенде  сол  айлық  бір  қҧрмет  кҿрсетуге 
жетпей жататын.
 
Америкаға  барған  бір  сапарымда  ол  елдің  ғылым  академиясы 
Президентінің маған кҿрсеткен қҧрметі туралы айтып ауызбен жеткізу 

 
281 
қиын.  Басқасын  айтпағанда  тек  қана  жарқыраған  аппақ  кемемен 
мҧхитқа  алып  шығып  кҿрсеткен  табиғаты  мен  жерлері,  ҿз  басымды 
қҧрметтеу  ҥшін  ҧйымдастырған  шаралары  кісі  мҽртебесін  кҿтеретін. 
Біз қанша тырыссақ та мҽртебелі қонақтарымызға оннан, тіпті жҥзден
 
бірін кҿрсете алмайтын едік. Олар алдында жарлылығыңды мойындау 
да  ҿте  намысқа  тиетін.  Ҿзіміздің  атақты  «Волга»  машинамыздан  екі 
бҥктетіліп  тҥсіп
-
шығу  оңай  шаруа  болмайтын.  Біз  шетімізден  жарлы 
болатынбыз... 
 
...Осы  ҽңгіме  арты,  жарлылық  туралы  ҽңгіме  қымбатты  Леонид 
Брежневтің шашпалығына жалғасып кетіп еді...
 
...Бір  кҥні  партияның  орталық  аппаратының  жауапты  қызметкері 
шақырып  алып,  маған  қҧпиялап  сол  кҥні  кеште  бейресіми  сапармен 
Леонид Ильич ҧшып келетінін айтты. Қонаев дачасында қабылданбақ. 
Соған тек
 
қана Сіз шақырыласыз. Қасыңызға ешкім ерітпеңіз...
 
Тағайындаған  уақытында  сол  жерде  болдым.  Димекең  мен 
мҽртебелі  қонағымыз  да  келіп  жетті.  Амандық
-
саулық  сҧрасып 
дегендей бір шама уақыт ҿткізіп, дастарханға отырдық. 
 
...Бес кісіміз. Екі кҿсем кҿмекшілерімен, мен жалғыз. 
 
...Дҽмді тамақтар. Лҽззҽтті шараптар. Ҽзіл ҽңгімелер...
 
...Уақыт  ҿтіп  жатты.  Қонағымыз  аздап  қыза  бастады.  Біз  де 
кҿңілдіміз... 
 
...Даяшы  қыз  тағы  бір  тамағын  алып  келді.  Леонид  Ильичтің 
назары  даяшы  қыз  кҿркін  бағалап  қалған  секілді.  Ол  басын  шайқап 
«какая  красавица!»  деп  еді...  Солай  деді  де  кҿмекшісіне  қарады. 
Кҿмекші  тез  қимылдап,  бір  портфел  қақпағын  ашып,  Леонид  Ильич 
жанына  тҧра  қалды.  Іші  толы  алтын  сағаттар  екен.  Леонид  Ильич 
асықпай  қиылдап,  бір  алтын  сағат  таңдап  алды  да  даяшы  қызға 
ҧсынды. 
 
Шҽкеңнің Брежневтің даусын аудармай салып «На! Носи себя на 
здоровье!»  деген  даусының  ызыңы  менің  қҧлағымнан  ҽлі    кеткен  жоқ 
секілді...
 
...Отырыс созыла тҥседі. Бір заманда ҽлгі уақиға тура сол кҥйінде 
қайталанады. 
 
...Кезекті  тамақ  келеді.  Лекеңнің  назары  қызға  ауады.  Лекең 
кҿмекшісіне  қарайды.  Кҿмекшісі  Портфельдің  қақпағын  ашады.  Лекең 
алтын сағат таңдап алады да қызға сыйлайды...
 
...Осы  жерде  Шҽкең  мҽз  болып  кҥлген  еді.  Леонид  Ильич  екінші 
рет  алтын  сағатты  қызға  бергелі  жатырғанда  Шакең  «жаңа  да 
бергенсіз»  деп  ескерткелі  аузын  аша  бергенде,  Диекең  Шҽкеңе 
ажырая қарап, ыммен тоқтатып тастайды. Сол кҥні даяшы қыз сол ас 
ҥстінде ҥш алтын сағатқа ие болады...
 
...Бҧл  қҧпия  отырысқа  менің  не  ҥшін  шақырылғаным  келесі  кҥні 
белгілі болды, деп еді Шҽкең.
 
...Келесі  кҥні  орталық  аппараттың  жігіттері  Шҽкеңді  шақырып, 
кешегі  кҿңілді  кештің  шығындарын  ҿтеу  керек  еді  деп,  есеп
-
шот 

 
282 
ҧсынады. «Отыз жеті мың сом» деп менің даусым қатты шығып кеткен 
екен деуші еді, Шҽкең. Тҿлемеуге себеп іздеп бір
-
екі кҥн тырысқанмен, 
ақыры  тҿлеп қҧтылады...
 
 
...Тағы бір Шҽкеңмен ҿткен сҽт еске тҥсіп отыр. Бір кҥні шақырып 
жатыр  дегесін  Шҽкеңнің  ҥйіне  кірдім.  Бір  кісіні  таныстырып  жатыр, 
қҧдасы  екен.  Қазақстанның  айтулы  қоғам  қайраткері  Ықсанов 
Мҧстахим  Білҽлҧлымен  танысып,  бір
 
дастархан  басында  шҽй  іштік. 
Дастарханда  ҥйден  пісіріп  ҽкелген,  мҧздатылған  тҧтас  қой  саны  мен 
тҿстігі.  Ҽркім  ҿз  пышағымен  қалаған  жерінен  кертіп  жеп  отыр.  Шай 
ішіліп болғасын, Шҽкең маған префоранс ойнаушы ма ең, қол қарауға 
қалайсың  деді... 
 
Кҽмила  жеңге  «ойбай,  Сайынжан,  бҧларға  жолама,  ҧтылып 
қаласың» деп сақтандырып жатыр.
 
Шҽкеңнің  қҧдасы  елімізге  еңбегі  сіңген,  ҧзақ  жылдар  билік 
басында  болған,  кҿпті  кҿрген,  кҿп  нҽрсені  ойға  тҥйген  ақсақал  екен.  
Екеуі жайлы мінездерімен де, асықпай сҿйлейтін сабырлылығымен де, 
батыр тҧлғаларымен де бір
-
біріне ҧқсас адамдар секілді еді. Асықпай 
шай ішіп, шайға қосып тағы бірдеңлерді ҧрттап отырып, бір екі партия 
ойнаған  едік.  Онша  жанға  бататындай  кҿп  ҧтылмаған  болармын, 
есімде қалмапты...
 
...Шҽкеңді ойлағанда алдымен еске тҥсетін, есімнен кетпейтін бір 
нҽрсе  Шҽкеңнің  ҥш  ҧлының  бірі  атом  апатынан  кейін  алғашқылардың 
бірі боп Чернобылға аттанғаны болатын...
 
...Кейін апатқа бірге барған тҿрт
-
бес достары саяжайда жиналып, 
от  жағып  ҧзақ  отыратын.  Гитарамен  қостап  ҽн  салатын.  Ҽндері 
шетінен  бір мҧң сазды келетін... 
 
...  Жас  жігіттер  ҿз  тағдырын  толық  сезінетін  секілді  кҿретінмін... 
Жас  бала  жігіттерге  жаным  ашитын...  Шакең  баласын  алып  қалудың 
есебін таппағыны ғой деп ҿкінетінмін...
 
 
...Шҽкең туралы ойланғанда о кісінің Маңғыстау мҧнайы жҿніндегі 
бір
-
жар ҽңгімесі қоса еске тҥседі...
 
...Бҧл естеліктерін Шҽкең ойлана сҿйлеп, қинала айтатын...
 
...Маңғыстаудың тҧрғын халқы Маңғыстау мҧнайын игеруге аздық 
ететін  болыпты...  Қазақстанда  о  кезде  мҧнайшы  мамандар  да 
жетіспейді екен.
..  
...Мҧнай  факультеттері  ашылып  инженер  кадрлар  дайындала 
бастапты. 
Маман 
мҧнайшыларды, 
жҧмысшылар 
мен 
қҧрылысшыларды басқа жақтан іздеу қажеттілігі туындапты...
 
 
...Мемлекет  Маңғыстауға  кҿп  қаражат  бҿлмек.  Сол  игілікті  қазақ 
халқы кҿбірек пайдаланса екен деген қамқорлық ой Шҽкеңе тыныштық 
бермеген  секілді.  Жоғарғы  жақтағы  басшыларымен  келісіп  алмай  бҧ 
кісі  ҿз  шешіміменТҥркіменстанға  барып  мҧнайшылармен,  жай  халық 

 
283 
ҿкілдерімен  кездеседі.  Маңғыстауға  қоныс  аударуды  ҥгіттейді. 
Қаржылай кҿмек кҿрсетуге уағда етеді. 
 
Халық ҿз беттерімен туған жерге орала бастайды. 
 
Арнайы  сапармен  екі–ҥш  рет  барып,  кҿші
-
қон  шығындарын 
тҿлейтін,  тағы  да  басқа  мемлекет  тарапынан  кҿмектер  кҿрсететін 
болып,  мҽселені  тиянақты  еткен  кезде  Шҽкеңді  жедел  Москва 
шақыртады.
 
 
Орталық  комитет  Шҽкеңмен  ақылдасып  жатпайды.  Қатаң  талап 
қояды. 
Тҥркіменстаннан 
бір 
ҥй 
кҿшіріп 
алса 
партбилетті 
тапсыратындығын ескертеді...
 
...Шҽкең  осы  естелігін  айтқанда  қиналып  отырғаны  байқалатын. 
Елді алдағандай, жалған айтқандай болдым дейтін. 
 
Ел  қаймағындай,  Шҽкең  алып  келмек  болған  ағайын  мен  туған 
жерді  сағынған  бауырлар  орнына  қайдағы  зыр
-
зыбыл  заңнан  қашқан 
қылмыстылар мен оңай ақша табу жолын кҽсіп еткен отансыз жандар  
Маңғыстауды жайлап алып еді. Кҿп қорқытады, терең батырады дейді 
емес  пе.  Содан  бастап
 
Маңғыстау  елінің  баяғы  аңқау  да  биязы 
мінездері, ізгілігі мен қайырымы, бҽрін бауырына басар бауырмалдық 
сезімі  де  ҿзгере  бастады.  Мҧнай  қапылысы  Маңғыстау  ҿндірісін 
дамытуға  қанша  пайдасын  тигізсе,  СССР
-
дың  16  одағынан  келген 
ҽлгілер соншалықты зиянын да
 
ала келіп еді...
 
 
Партия 
сҿзі 
заң. 
Содан 
барып 
Маңғыстау, 
ойы 
маңғыстаулықтардың  тілімен  айтқанда,  «жҥнтҿс»
-
терге  толады  да 
кетеді...
 
Бірақ  халық  Тҥркіменстанның  да,  Москваның  да  шешімдерімен 
санасып  жатпапты.  Бірі  тҥйесімен  кҿшіп,  бірі  машина  жалдап,  тіпті 
жаяу
-
жалпылап дегендей туған жеріне оралып жатты...
 
Сол кездегі еліне, туған топырағына бет тҥзеген ҧлы кҿш Шҽкеңді 
«Маңғыстауға оралыңдар!» деп шақырғаны ҥшін ғана ҧлық тҧтып еді...
 
Қазақ  халқы,  Маңғыстау  елі  Шаһмардан  Есенов  секілді  ел  ҥшін 
еңбек  еткен,  қазағының  қамын  жеген  ҧлын  ҧмытқан  жоқ,  оны  мҽңгілік 
есте  қалдыру  мақсатында  Ақтау  қаласындағы  ең  жоғарғы  оқу  орнына  
Шаһмардан Есенов атағы берілді. 
 
 
 
 
5.14. 
Ауыл әкімін қалай сайлаймыз?
 
 
Егемен  еліміздің  кҿк  байрағы  дархан  даламыздың  самалымен 
еркін  тербеле  бастаған  сҽттен  бастап,  біздер,  қазақтар  сан  ғасырлар 
аңсаған тҽуелсіздіктің балдай дҽмін тойғанымызша тата бастадық. 
 
Бірақ тҽуелсіздік атты ғаламат еркіндік дҽмін ҽркім ҿз санасының 
жеткен  жеріне  дейін  ғана  тата  алады  екен.  Оның  жанға  жайлы 

 
284 
жҧпардай  ауасынан  ҽркім  тҽуелсіздіктен  алғандағы  ҿз  қуанышының 
мҿлшеріндейін ғана жҧта алады екен. 
 
Ҽр адам тҽуелсіздікті ҽртҥрлі қабылдайтын болып шықты. Қазақ 
халқының  бостандығы  мен  болашағы  ҥшін,  кешегісі  мен  бҥгінгісі  ҥшін 
ҿздерінің  ҽлі  кҥнге  бір  тал  шҿп  басын  сындырмағандарын  біле  тҧра 
―піскен  астың  қожасы,  дайын  астық  атасы‖  делінетін  адамдар  шатақ 
пен  таласты бастап та жіберді. 
 
Солармен  қоса,  міндетті  тҥрде  шет  ел  ҽсерімен  іске  асатын, 
ҽлемде  ҧлы  елдер  пайдаланатын,  аз  ҧлттар  тағдырын  талай  рет 
талқан  еткен,  ―разделяй,  властвуй‖  қағидасы  да  ҿз  қызметіне  кірісіп 
кетті.
 
Тарихтан белгілі, ―разделяй, властвуй‖ қағидасы қазақ халқының 
бір тҧтастығына ең алғаш қағылған сына қазық болып еді.
 
Тарихшылар оның атын ―болыс сайлауы‖ деп атайтын секілді.
 
Содан  бері,
 
еліміздің  ең  осал  жері  ру  аралық,  ата
-
тек  аралық 
қарым
-
қатынас  болатын.  Ҽлгілер  соны  қышытудың  неше  тҥрлі  жолын 
тауып,  қайта
-
қайта  қасыта  беретін,  ҧдайы  еске  тҥсіре  беретін.  Оны 
жақсы пайдаланудың керемет қҧралы ―сайлау” деп аталатын.
 
 
Сайлаусыз болмайды.
 
Сайлау қажет.
 
Біздің  елімізде  негізгі  заң  шығаратын,  сол  арқылы  ел 
болашағына, халық тҧрмысына ҽсер ететін мансапты орындар сайлау 
арқылы ҿтеді. 
 
Президнт сайланады. 
 
Қазақ халқы ҿз таңдауына ҿкпесі жоқ. Демократиялық қоғам қҧру 
жолында еліміз Президентіміз Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлының басшылығымен 
сенімді  қадаммен  ілгері  басуда,  ҿркендеуде.  Халық  тҧрмысы  кҥннен 
кҥнге жақсара тҥсуде. 
 
 
Мемлекетіміздің негізгі заңдарын шығарушы Парламент билігі де 
халық қолында. Депутаттар сайланады. 
 
Сайлау жҿніндегі айтпақ ойымызға себеп болған, басқа елдердегі 
ҿткізіліген демократиялық сайлаулар туралы еске тҥсіріп кҿрелікші. 
 
...Тҧтас  бір  елді  басқарту  емес,  бір  жиналыс  тағдырын  сеніп 
тапсыруға  болмайтын  Жериновский  дегенге  орыс  халқы  тҧрақты 
дауыс беріп келеді. 
 
...Қалмақ  елінің  басшысы  сайлау  басталмастан  бҧрын  елге  жар 
салып, ҿз ойын ашық айтып: ―Мен ҽр сайлаушыға жҥз доллардан ақша 
беремін,  Президент  боламын‖  –
 
деп  еді.  Сайлау  ҿтті,  ҽлгі  адам 
айтқанын істеді.
 
...Россия елі губернаторларын сайлаймыз деп, ел тыныштығына 
нҧсқан келтіріп алды.
 
Алғашқы  кезде  кейбір  мекеме  басшыларын  жҧмысшыларға 
сайлатамыз  деп  біз  де  біраз  қиындыққа  ҧшыраған  едік.  Сол 
қателерден  сондай  сайлауларды  тоқтатқан  кезде  ғана  қҧтыла 
бастадық. 
 

 
285 
Ҽкімдікке тындырған ісі арқылы кҿзге тҥскен, мемлекет қамын ҿз 
басының  қамынан  артық  санайтын  кісілер  керек
-
ақ.  Кісінің  қандай 
екенін,  қолынан  не  келетінін  халық  қалай  танымақ.  Кісіге  тапсырма 
беріп,  істеген  ісінің  нҽтижесін  кҿргендер  ғана  сол  маман  туралы  пікір 
айта алатыны белгілі.
 
Сайлау  кезінде      туындайтын  ағайын
 
арасындағы  алауыздықты 
ҿзінің  билікке  жету  жолындағы  ең  бір  қуатты  қҧралына  айналдыруға 
тырысушылар  сҽтті  пайдалануға  тырысады.  Сайлау  кезінде  ел  екіге, 
ҥшке, тіпті одан да кҿп қарама
-
қарсы топтарға бҿлінеді.
 
Ел  тҽуелсіздігі,  сол  арқылы  қол  жететін  демократиялық  қоғам 
деген  қасиетті  ҧғымдар  атын  жамылып  ҿз  басына  бақ  іздейтіндер  ел 
тыныштығында шаруасы болмайтыны дҽлелденген ақиқат.
 
Сондықтан  да  болар,  ҽрбір  ҿткізілген  сайлаудан  кейін  жалған 
демократтардың аузынан тҥспейтін жалғыз
-
ақ сҿз, жалғыз ҧран: ―Ҿткен 
сайлау заңсыз деп танылсын‖ –
 
деп жатады. 
 
Ондай демократтар жетегіне ерсең:
 

 
бригадир де сайлансын;
 

 
мекеме бастығы да сайлансын;
 

 
ауыл ҽкімі де сайлансын;
 

 
облыс ҽкімі сайлансын... не керек, шетсіз, шексіз сайлау.
 
 
Ҿтпелі  кезеңде,  кҿптеген  елдерде
 
басына  тҥспек  тҥгіл  ойлауға 
қорқатындай  жағдайлар  болып  жатқан  жағдайда  еліміз  кҿп  ҧлтты  ел 
бола  тҧра,  несін  жасырамыз,    ҿз  ҧлтымыздың  да  іштей  ҥшке 
бҿлінетіндігіне  қарамай,  ел  басының,  саясаткерлеріміздің    ҧтымды 
жҧмыстарының арқасында елдегі тҧрақтылықты қамтамасыз ете алды. 
Міне  енді  сол  саяси,  ҽлеуметтік  тҧрақтылық  ҿз  нҽтижелерін  бере 
бастады.  Мемлекетіміз  осы  уақыттарда  халық  қамы  ҥшін  мол 
қаржылар бҿле алатын дҽрежеге жетті...
 
...Бҽріне  қуанамыз,  бҽріне  ризамыз.  Тек  қана  бізді  жақын  арада 
―ҽттеген
-
ай‖  дегізерлік,  ел  назарын  аударарлық  бір
-
екі  хабар 
алаңдатады.
 
 
Біріншісі:  Ауыл  ҽкімдерінің  сайлана  бастайтыны  туралы  шешім. 
Біз жасымыз жеткен, ҿмірдің ащы
-
тҧщысын талай татқан адамбыз. 
 
Ауыл  ҽкімдерін,  қала,  облыс  ҽкімдерін  сайлау  деген  сҿз,  ел 
тыныштығына  сына  қағумен  бірдей  қҧбылыс.  Қалмақтардың  он 
доллары  мен  ―разделяй,  властвуй‖  қағидасын  жҥзеге  асырғаштардың 
кҥні туады деген сҿз.
 
Кейбір,  ортамыздағы  азғана,  шҿкімдей  билікке  таласушы 
топтардың  мҥддесіне  бола  ел  тыныштығын  экспериментке  салудың 
қажеті  қаншалық.  Ҿткен  жылдардағы  ауыл  ҽкімдерін  ауыл 
адамдарының  ҿздеріне  сайлату  тҽжрибесі  біраз  нҽрселерге  кҿз 
жеткізді  емес  пе.  Сайланғандардың  біразы  ҿздерінің  қабілетсіздігін 

 
286 
мойындап  жҧмыстан  босануын  ҿтінсе,  біразы  шаруашылыққа, 
заңдылыққа айтарлықтай нҧсқан келтіріп ҥлгеріпті.
 
Біздің  ойымызша  ҽзірге  ҽкімдерді  тағайындай  тҧру  қажет. 
Тайғайындалған  ҽкімдердің  негізгі  борышы  ретінде  жыл  сайын  ел 
алдында  істеген  ісі,  болашақ  жоспары  туралы  есеп  беру  міндеті 
жҥктелуі  тиіс.  Тағайындалған  ҽкімнің  ҿзін  тағайындаған  органдар 
алдындағы  бетке  ҧстары  елге  берген  есебі  мен  оған  елдің  берген 
бағасы  болуға  тиіс  деп  есептейміз.  Сонда  ғана  ҽкімнің  жеке  басының 
іскерлігі  туралы  қателеспейміз,  ел  алдындағы  міндетін  ҧмытпауды 
ҧйымдастыра аламыз.
 
Қате  басқан  жағдайда  ел  алдында
 
берген  есебі  арқылы 
жіберілген қатені тҥзету мҥмкіндігіне ие боламыз.
 
Халықтың  қасиетті  сенімдері  бар.  Ханы  мен  биіне  сенген  елміз. 
Діні 
мен 
ҽдетіне 
сенген 
елміз. 
Сол 
сенімдерді 
ойынға 
айналдырмалық...  Елді  кез
-
келген  нҽрсені  ойлап  тауып  айтақтай 
беруге болмас. Ҽйтпесе ел сенімін жоғалтар...
 
Халықтың  ҧлттық  болмысын  сақтар  белгілері  бар.  Соларды  аяқ 
асты етпелік... Ҽйтпесе ҧлттығымызды да жоғалтармыз...
 
 
 
5.15. 
Ҥкіметтік
 
емес ҧйымдар 
 
 
Аты  ҥкіметтік  емес  деп  аталса  да  барлық  қоғамдар  мен 
бірлестіктер  тек  қана  мемлекетіміздің  тҽуелсіздігі  ҥшін,  халқымыздың 
бақытты ҿмірі ҥшін еңбек етуі қажет екені белгілі ақиқат. 
 
Елбасымыз  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлының  ҽу  баста  кҿрегенділікпен 
жҥргізген  сыртқы  саясатының  арқасында  еліміздің  шекаралары  дау
-
жанжалсыз белгіленіп, кҿрші
 
елдермен достық қарым
-
қатынас орнады. 
Қазақстанның ҽлемдегі беделі кҥннен
-
кҥнге арта тҥсуде.
 
Ақыл  мен  тҽжрибеге  сҥйене  жҥргізілген  ішкі  саясат  арқасында  –
 
ел  аман,  жҧрт  тыныш.  Кҿп  дінді  елде  болып  жататын  дінаралық 
қақтығыстар, 
кҿп 
ҧлтты 
елде 
болып 
жататын 
ҧлтаралық 
шиеленістерден Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы бізді аман сақтады.
 
Дҥниежҥзі  тҽжрибесін  басшылыққа  ала,  Қазақстан  ерекшелігін 
ескере  отырып  жҥргізілген  экономикалық  саясат  арқасында  Елбасы 
Қазақстанды  бҥкілҽлемдік  экономикалық  сисеманың    қажетті  бір 
тетігіне
 
айналдыра  алды.  Елдің  мҽдениеті  мен  тҧрмысы  кҥннен  кҥнге 
жақсара, бҥгіні мен болашағына деген сенімі  арта тҥсуде. 
 
Кҿптеген шет елдерде Қазақстан деген ҧғымды Назарбаев атына 
балау, Назарбаев деген тҧлғаны Қазақстан деп тҥсіну қалыптасты.
 
Ҿз  халқын  соңына  еріте  алған,  кешегі  қиын  кезеңдерде  бағыты 
белгісіз  сан  соқпақтар  ішінен  елін  ел  ететін  жолға  бастай  алған,  ҿзі 
салған сол соқпақты енді елін бақытты болашаққа жеткізер ҧланғайыр 
даңғылға  айналдыра  алған  Елбасымыз  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы 
Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз.
 

 
287 
Дей  тұрғанмен  ел  арасында  әлі  күнге  шешілуін  күтіп  жатырған 
мәселелер  бар.  Аяқ  астынан  туындап  жататын  және  шешуі 
жергілікті  жерлерге  байланысты  сұрақтар  да  жетерлік.  Сондай 
мәселелерге  ел  болып  кіріспесе,  сәл  нәрсенің  жақсы  қарқынмен 
дамып келе жатқан мемлекетіміздің аяғына тұсау болары сӛзсіз.
 
Біздер,  қазақтар,  жалпы  ҧлтжанды,  адамсҥйгіш  халықпыз. 
Сондықтан  да  осы  мҽселелерді  зерделей  алуымыз,  екшелей  білуіміз 
қажет.  Біздер  Қазақстанның  болашағы,  қазақ  халқының  бақыты  неге 
байланысты  екенін  анық  ажырата  алуға  міндеттіміз.  Олай  дейтініміз 
біздің ата
-
бабаларымыздан мҧраға қалған талай кереметтерімен қоса 
жҥрек қанын сорғалата отырып айтқан ҿкініші де жетіп жатыр.
 
Біздің  ойымызша  ол  нҽрсе  сан  мыңдаған  жылдар  бойы 
бабаларымыздың  бармағын  тістетіп
 
келе  жатқан  бір  ауыз  сҿз 
мағынасында жатырған ҿкініші секілді. 
 
Ҿкініш  аты:  ―Ҽттең  дҥние
-
ай  қайтейін,  баста  бірлік  болмады
-
ау‖ 
делінеді екен. Осы сҿз ҽр оқулықтың бірінші бетіне жазып қоярлықтай 
ҿсиет боп кҿрінеді маған.
 
Осы  жерде  айта  кетер,  бізді  ойландырар  бір  пайым,  ол    –
 
Қазақстанның қазақтары бір
-
бірімен қандай қарым
-
қатынас жасайды?.. 
Бір
-
бірін  қалай  сыйлайды?..  Мемлекет  атын  арқалап  тҧрған  ҧлт 
ретінде  басқаларға  қандай  ҥлгі  бере  алады?..  Соған  қарап 
Қазақстанның  басқа  ҧлт  ҿкілдері  де  барлық  ҧлттармен  жҽне 
қазақтардың ҿзімен сондай қарым
-
қатынаста болуға тырысады. 
 
Ҽр  азамат  отбасыма,  ҧлтыма,  еліме  еңбегім  сіңсе  екен  деп 
арман  етеді.  Бірақ  бҥкіл  адамзат  баласына  пайдалы  еңбек  ету  кез
-
келген пенденің мҥмкіншілігіне, пешенесіне жазыла бермеген. 
 
“Балам
 
дей  алар  жұрты  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан 
шығады?” –
 
деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
 
Қҧрметті  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы!  Мен  Ахмет  Байтҧрсынҧлының 
 
сҿзіне  еске  тҥсіре  тҧрып  Сіз  қазақ  атты  халықтың  ғана  емес  бҥкіл 
адамзаттың перзентісіз дегім келіп тҧр!
 
Олай  дейтінім  Сіз  тек  қана  Қазақстанның  емес  бҥкіл 
планетамыздың ҿзекті мҽселелерінің шешілуіне ҥлес қоса алдыңыз!
 
Ҿз  елінде  Пайғамбар  болмайды  деп  жатса  да  Сіздің  ―Ауыл‖, 
―Мҽдени  мҧра‖  бағдарламаларыңыз
 
жҽне  биылғы  Жолдауыңыз
 
ел 
рухын жоғарылата бастады. Бҥгінге деген қанағат, ертеңге деген сенім 
нығая бастады. 
 
Қымбатты делегат мырзалар! Еліміздің егемен ел болып нығайуы 

 
елдің  ауызбірлігінде.  ―Мен  кішкентай  адаммын,  менің  қолымнан  не 
келеді‖ дейтін заман ҿтті. Ҽр қазақ, ҽр қазақстандық ендігі жерде Қазақ 
елінің  мҽңгіге  жасайтын  ел  екеніне  сенбесе,  сол  ҥшін  еңбек  етпесе, 
Абай атамыз айтқандай ―істеген істің бҽрі бос‖ болмақ. Солай болатын 
болса  осы  отырған  бҽріміздің  де  Аллатағаланың  бізге  берген  тағын 
сыйлай алуымыз, Аллатағаланың елге берген бағын бағалай білгеніміз 
орынды болар еді... 
 

 
288 
Мен пайғамбар жасынан асқан кісімін. Тіршілік мҧратын бір ауыз 
сҿзге сыйғызып: ―Тірлікте болғаның –
 
ҿмір сҥргенің, бірлікте болғаның 

 
бақытты ҿмір сҥргенің!‖ –
 
деп ҧран шақырып жҽне сол ҧранға еңбек 
етіп  келе  жатырған  жанмын.  Ауыл  арасында  жиі  боламыз. 
Халқымыздың  алғаш  естігенін  ақиқатқа  санайтын  қасиеті  бар  екені 
белгілі.  Соңғы  кезде  ―ауызбірлік‖  ҧранына  қайшы  қылықтылар 
жҧртшылық  арасында  ҥгіттерін  кҥшейте  бастағаны  байқалады.  Ел 
бірлігіне  сына  қағушылар  ҥгітінің  алдын 
аларлық  насихат 
жҧмыстарына  кҿбірек  кҿңіл  бҿлу  қажеттілігіне  анық  кҿз  жеткендей. 
Содан  барып  бір  топ  ел  азаматтары  Маңғыстау  облысында  ―Береке
-
Бірлік‖ 
атты 
қоғамдық 
бірлестікке 
ҧйымдастық. 
сҥйікті 
Қазақстанымыздың  бір  кетігіне  кірпіш  боп  қаланалықшы  деп,  бір
 
тесігіне жамау болып жамаланалықшы деп мақсат еттік.
 
Бірлестіктің негізгі мақсаттары:
 

 
Еліміздің  стратегиялық  2030  жҽне  соған  қоса  ―Ауыл  жылдары‖, 
―Мҽдени  мҧра‖  секілді  бағдарламаларының  орындалуына 
атсалысу; 
 

 
Кейбір  ел  арасында  орынсыз  дау  туғызуы  мҥмкін  мҽселелердің 
алдын алатын шараларды жоспарлап, іске асыру;
 

 
Жастар  мен  мектеп  жасындағы  оқушылар  тҽрбиесіне  атсалысу, 
ауызбірлік  пен  отансҥйгіштікке  уағыздайтын  ақпараттар  ағынын 
ҧйымдастыру; 
 
 
Ауыл  адамдары  бҧ  кҥндері  ―Қҧдайға  шҥкір,  еліміз  тҽуелсіздікке 
қол  жеткізді,  енді  тек  соның  қызығын  кҿрсеткей!  Басымыз  бостандық 
алды,  енді  тек  соның  рахатын  кҿрсеткей!‖  дейді  бір  ауыздан.  Кҿрші 
бауырлас  елдеріміз  ―қанағатсыздар‖  айтағына  еріп  айдың  кҥні 
аманында  ҿз  елінің  қасиетті  туын  жыртып,  абыройын  аяққа  таптап 
жатса  қазақтар  мен  қазақстандықтар  ―Қанағат  қарын  тойғызар, 
қанағатсыз  жалғыз  атын  сойғызар‖  деген  бабалар  ҿсиетін  ҧран  етіп, 
қауіпті  кезеңдерден  аман  ҿтті.  Ҥміт  ақталды.  Бҧ  кҥндері 
қазақстандықтардың  кҿпшілігі  қарын  қамын  ойлауды  қойған,  ―ертеңім 
не болады‖
 
деген уайымнан қҧтылған.
 
Солай  дейтҧрғанмен  біз  барлық  қазақстандықтар  ―қарын  қамын 
ойлауды қойған, ертеңім не болады деген уайымнан қҧтылған‖  деген 
сҿзді ҽлі еркін айта қойған жоқпыз. 
 
Олай  болатын  болса  мемлекеттік  ҧйымдар  болсын,  мемлекеттік 
емес ҧйымдар болсын барлығының да бір мақсаты болғаны дҧрыс. 
 
Ол  біріншіден  –
 
осындай  сҽтті  тарихи  кезеңді  босқа  жібермей, 
сҥйікті Қазақстанымызды гҥлдендіре тҥсуге атсалысу болса, екіншіден, 
ҿсіп  келе  жатқан  ҧрпағымыз  санасын  Қазақстанымыздың  болашағын 
ойлау,  елге
 
қызмет  ету  –
 
ол,  қортындылай  келгенде  ҿз  от  басыңның 
болашағын ойлау екенін тҥсіндіре 
 
Сол жолға ниеттеніп жҥргендердің барлығына да  табыс тілеймін! 
 
 

 
289 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет