Сайлыбекова Диана хбк 1


ГУБКАЛАРДЫ МЕЗОГЛЕЯ ҚАБАТЫНЫҢ ҚАЛЫҢДАУЫНА, ТАЛШЫҚТЫ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ГУБКАЛАРДЫ МЕЗОГЛЕЯ ҚАБАТЫНЫҢ ҚАЛЫҢДАУЫНА, ТАЛШЫҚТЫ
ЖАҒАЛЫ (ХОАНОЦИТ) КЛЕТКАЛАРЫНЫН ОРНАЛАСУЫНА ЖӘНЕ ОСЫ
КЛЕТКАЛАР АРҚЫЛЫ ҚОРЕГІН ҰСТАП, ҚОРЫТУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ,
ОЛАРДЫ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАҒЫНАН - АСКОН, СИКОН,
ЛЕЙКОН ДЕП АТАЛАТЫН ҮШ ТИПКЕ БӨЛЕДІ. ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ
ҚҰРЫЛЫСТЫ - АСКОН. АСКОННЫҢ МЕЗОГЛЕЯ ҚАБАТЫ ЖҰҚА ЖӘНЕ
ТАЛШЫҚТЫ ЖАҒАЛЫ КЛЕТКАЛАРЫ БІРҚАТАР ОРНАЛАСЫП,
ПАРАГАСТРАЛЬ ҚУЫСЫН ТҮГЕЛІМЕН АСТАРЛАП ЖАТАДЫ ДЕНЕДЕГІ
САҢЫЛАУЛАРЫ (ПОРАЛАРЫ) ТІКЕЛЕЙ ПАРАГАСТРАЛЬ ҚУЫСЫНА
АШЫЛАДЫ. ОСЫ ҚУЫСҚА СУ АРҚЫЛЫ ТҮСКЕН ҰСАҚ ҚОРЕКТІК
ЗАТТАРДЫ ТАЛШЫҚТЫ ЖАҒАЛЫ КЛЕТКАЛАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН ҰСТАП АЛА
АЛМАЙДЫ.


 ГУБКАЛАР 3 КЛАСҚА БӨЛІНЕДІ: ІЗБЕСТІ ГУБКАЛАР (CALCAREA), ШЫНЫЛЫ
ГУБКАЛАР (HYALOSPONGІA) ЖӘНЕ КӘДІМГІ ГУБКАЛАР (DEMOSPONGІA).
ГУБКАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ПІШІНІ ШАР, БОКАЛ, ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ, 5 – 10 ММ-ДЕН 2
М-ГЕ ДЕЙІН, КЕЙДЕ ДЕНЕ ОДАН ДА БИІК ШОҒЫРЛАР (КОЛОНИЯЛАР) ТҮЗЕДІ.


ІШЕКҚУЫСТЫЛАР
ТИПІ
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі
онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық
жапырақшалары қалыптасып және олар ересек
особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен
мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және
энтодерма қабаттарын құрайды



ГИДРАТӘРІЗДІЛЕР
Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар
отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі
белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл
гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra
olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр
пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы
өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді.
Гидралардың денесі эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады.
Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының
және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе,
шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін
жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту
сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа
шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы)
жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі.
Гидралардың қайта қалпына келу қасиеті өте жоғары дамыған, мыс.,
денесінің мөлш. 1 мм-ге жетпейтін особь (дарабас) тез арада біртұтас
Гидралар қалпына келеді.Гидралар негізінен лаб-да тәжірибе жасау үшін
пайдаланылады.


КӨБЕЮІ


ТАБАҚШАТӘРІЗДЕС
ТЕР
Денесі мөлдір, себебі, мезоглеясындағы судың мөлшері 90%-дай,
дөңгелек шатыр тәрізді. Дене тұрқы әр түрлі. Шатырының диаметрі 40
см, қармалауыштары қысқа (Аурелия аурита), ал Цианеа арктика
шатырының диаметрі 2 м-ден артық, қармалауышының ұзындығы 30 м-
ге жетеді. Шатырының астыңғы ойыс жағында төрт бұрышты ауыз тесігі
болады, оны қорегін ұстап алатын төрт қалақша өскін қоршаған. Аузы
жұтқыншақ арқылы қарынға жалғасады. Қарыннан денесінің шетіне
қарай радиалды өзектер тарап, шатыр жиегін көмкеріп жатқан сақина
тәрізді түтікшеге жалғасады. Қорек заттары қарында қорытылып,
түтікшелері арқылы денеге тарап, қорытылмаған қалдығы ауыз тесігі
арқылы сыртқа шығарылады. Қысқа қармалауыштарының кейбіреуі
жуандап, ропалийлерге (шеткі денешіктерге) айналады. Ропалийдің
ішінде тепе-теңдікті сақтайтын мүше – статоцист және көзшелері
болады. Сцифоидты медузалардың атқыш клеткалары қармалауыштары
мен ауыз қалақшаларында орналасқан. Олар арқылы қауіп төнгенде
жауынан қорғанады. Жүйке жүйесі ропалийлердің жанындағы жүйке
клеткаларының түйіні – ганглиялар түрінде дамыған.


МАРЖАН
ПОЛИПТЕР
сегіз сәулелі маржандар (Octocorallіa)
алты сәулелі маржандар (Hexacorallіa).
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы,
бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және
колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Маржан полиптері 5 класс тармағына бөлінеді, оның үшеуі
жойылып кеткен, қалған екеуі:


ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР
Жалпақ құрттар типінің жалпы сипаттамасы (Plathelmintes). Бұл
слайд көптеген нақты мәліметтермен жалпақ құрттар типін
ашады. Жалпақ құрттардың 7300 жуық түрлері белгілі. Олар теңіз
және тұщы суларда, топырақта кездеседі, көпшілігі паразиттік
тіршілік етуге бейімделген. Жалпақ құрттарға тән белгілер: 1)
үшқабаттылық: ұрығында экто, -эндо және мезодерманың дамуы;
2) тері-бұлшық ет жамылғысының болуы; 3) денесі билатеральды
симметриялы; 4) дене куысының болмауы, ішкі мүшелері
борпылдақ паренхимадан тұратын дәнекер ұлпаның арасында
орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет