Сайлыбекова Диана хбк 1


ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН
МЫНАНДАЙ 23 ТИПКЕ БӨЛЕДІ
1. САРКОМАСТИГОФОРА ТИПІ - SARCOMASTIGOPHORA
2. СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
3. КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA
4. МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - MICROSPORIDIA
5. КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - СІІІОРҺОГА
6. ТАҚТАЛЫЛАР ТИПІ - PLACOZOA
7. ГУБКАЛАР ТИПІ - SPONGIA
8. ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA
9. ЕСКЕКТІЛЕР ТИПІ - CTENOPHORA
10. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES
11. НЕМЕРТИНАЛАР ТИПІ - NEMERTINI
12. ЖҮМЫР ҚҰРТТАР ТИПІ - NEMATHELMINTHES
13. СКРЕБНИЛЕР ТИПІ - ACANTHOCEPHALES
14. БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA
15. БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІ - ARTHROPODA
16. ОНИХОФОРАЛАР ТИПІ - ОПУСҺОРҺОГА
17. МОЛЛЮСКАЛАР НЕМЕСЕ ЖҰМСАҚ ДЕНЕЛІЛЕР ТИПІ - MOLLUSCA
18. ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР ТИПІ - TENTACULATA
19. ТІКЕНТЕРІЛІЛЕР ТИПІ - ECHINODERMATA
20. ПОГОНОФОРАЛАР ТИПІ - POGONOPHORA
21. ҚЫЛТАНЖАҚТЫЛАР ТИПІ - CHAETOGNATHA
22. ЖАРТЫЛАЙ ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ - HEMICHORDATA
23. ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ - CHORDATA



БІРЖАСУШАЛЫЛАР
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ
Бір жасушалылар – бүкіл денесі бір ғана
жасушадан құралатын организмдер. Б. к.
өздерінің құрылымына қарай: прокариотты
және эукариотты болып бөлінеді.
Прокариоттыларға жасуша ядросы болмайтын
бактериялар және көк-жасыл балдырлар немесе
цианобактериялар жатады. Эукариоттыларға
жасуша ядросы бар, митоз жолымен бөліне
алатын жасыл балдырлар және қарапайымдар
жатады




Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері
жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену,
ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4
микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм.
Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей -
цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық
түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада
көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи
аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып,
қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және
пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр
шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу
жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады.


оректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және
гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.)
органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы
алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты
қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді
(бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).
Кейбір гетеротрофты қа¬рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін
карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру
арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп
атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір
түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек
плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және
гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер
деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет