Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



жүктеу 2.39 Mb.

бет21/22
Дата15.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сатыбалдыұлы ер Барақ—1743 жылы қазіргі Батыс Қа-

зақстан облысы, Шыңғырлау ауданы аумағында дүниеге келіп, 

1840 жылы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу аумағында 

кайтыс болған. Тегі Шөмішті Табын руының Қарақойлы 

тармағынан шыққан. XVIII ғасырдың ІІ жартысында күллі 

Кіші жүз елін шарпыған ұлт-азаттық көтеріліс басшылары  ның 



394

395


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

бірі. Осы кітапқа еніп отырған батырлық жыр нұсқала ры  ның 

басты қаһарманы. Барақтың баласы—Асау да, немересі Дәуіт 

те басқыншы жаулардан қазақ елі мен жерін қорғап, қол бас-

таған батырлар.

Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы, 

Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрын  ғы 

Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеру са-

лим қаласындағы Яхус храмын салдырған. 

Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір 

күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей 

қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, 

Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған 

Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды, 

яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, 

дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жа-

нуар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.



Төле би, Төле би Әлібекұлы (1663-1756)—қазіргі Жамбыл 

облысының жерінде, Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жай-

лауы деген жерде дүниеге келген. Ұзақ өмір сүріп 1756 жылы 

қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты 

Ақбұрхан-Орда деген жерде қайтыс болған. Сүйегі Тәшкен 

қаласындағы Жүніс ханның қабырының қасына жерленген. 

Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—Қожамбер-

ді—Құдайберді—Әлібек. Орта жүздің биі Қазыбек Келдібек-

ұлы мен Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі Әз-Тәуке 

хан ның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының заңы ретінде 

«Жеті жарғының» дүниеге келуіне атсалысады. Тәукеге Түркі-

стан қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жерден басқаруға, 

сөйтіп бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға көмектеседі.

Шақшақ Жәнібек—казақ тарихында Шақшақ Жәнібек, 

Жәнібек тархан деген атпен даңқы қалған батыр. 1693 жылы 

қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосынқұм 

деген жерінде дүниеге келген. Тегі Орта жүз құрамындағы Ар-

ғын руының Момын аталығынан шыкқан. 1710 жылғы жоңғар 

қалмақтарымен соғыста жаудың нойонын жекпе-жекте өлті-

ріп, батырлығымен көзге түскен. Арнаулы әдебиеттер мен рес-

ми құжат деректеріне қарағанда ол Кіші жүз ханы Әбіл қайыр-

мен дос-жар қарым-қатынас жасап, оның Ресей қоластына 

кіру саясатына тікелей қолдау көрсеткен. Хан тағына отырған 

Абылайға бата берген. Оның ел ішіндегі беделін, қайраткер-


МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

396


лік қабілетін жоғары бағалап, Ресей патшайымы Елизавета 

Петровна 1743 жылы 11 шілдеде «тархан» атағын берген. 

1752 жылы қайтыс болған Жәнібек тарханның денесі Түр кі-

станға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жер лен ген.



Шаһариарлар [шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—

тарихта «ал-Хулафа ар-Рашидун» деген атпен белгілі, араб 

мемлекетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті 

халиф—Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. 

Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз Құдайлық 

дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын беріл ген 

сенімді серігі, жолдасы болды және Ислам дінін тарату, ны ғай-

ту ісін ары қарай жалғастырды. 



Шопан ата—әйгілі Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті. Ол 

ХІІ ғасырдың 2-жартысында өмір сүріп, ел ішінде мұсылман 

дінін уағыздаған әулие адам. Шопан ата тұрғызған жер асты 

мешіт пен қорым ел ұғымында киелі, қасиетті орын саналады.



Ілияс—көне иудей, христиан аңыздарында Ілиястың 

есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей құдай-

ларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда Ілияс 

пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын. Түркі халықтарында 

Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен байланыстырылып, «Қыдыр-

Ілияс» деп те атала береді. Кейде оны «Қызыр» деп атайды. 

Қазақ фольклорында Ілиястың есімі жиі ұшырасады. Әдетте, 

ол адамдарға Қызыр [Қыдыр] әулие (ақсақал) түрінде көрініп, 

әр түрлі қиындықтардан қорғайды. Кейде Ілиястың жанын-

да «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп жүреді. Олар 

ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың басты 

кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен ертегілерде) қол 

ұшын береді. 

Юсүп пайғамбар—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пай-

ғамбар, Құранда оған үлкен сүре арналған. Сүреде оның тарихы 

толық қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрас-

ный) деп аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді 

негізге ала отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс 

ақындары жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтар-

да да осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген 

дастан бар.



Албан—қазақ халқын құрайтын ежелгі ірі тайпалардың 

бірі. Шежіре бойынша Ұлы жүз құрамына кіреді. Албан атауы 

көне жазба тарихи деректерде кездеседі. V-VI ғасырларда Жеті-

су өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпа-

сы аталып, дулу одағында болған. Шежіре деректері бойын-

ша, Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын 

Тілеуберді қойып Жарықшақ атандырған себебі, бала туғанда 

жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында 

«Жарықшеке», кейіннен «Жарықшақ» атап кеткен. Сол 

Жарықшақтан үш ұл: албан, суан, дулат тарайды. Үшеуі өсе 

келе үш рулы елге айналады. Үлкені—албан, ортаншысы—

суан, ең кенжесі дулат болып бөлінеді. Қазіргі кезде албандар 

Алматы төңірегі, Нарынқол, Шонжы, Кеген аудандарымен 

қатар, Қытайдың Құлжа, Текес, Нылқы, Мұңғылкүре, Шап-

шал т.б. аудандарында қоныс тепкен.

Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі. 

Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қо-

нысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен 

Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның 

ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, 

Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс 

зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қа-

зақ шежіресінде арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып 

екі ге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып, 

қуан дық, сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қа-

ра ке сек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті мо-

мын» аталып қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, аты-

ғай, сарыжетім, шақшақ болып жіктеледі.

РУ АТАУЛАРЫ



398

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Әлім, Шөмен—Кіші Жүз Алшын бірлестігінің басты руы. 

Әлім—лақап аты. Шын есімі—Қаракесек. Әлім рулары Орал, 

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Өзбекстан 

мен Қарақалпақ өңірлерінде тіршілік етуде. Бұл қоныста нуы на 

байланысты Сыр, Қуаң, Жаңадария бойындағы Әлім, Шө мен 

аталған. 



Қоңырат—Орта жүз құрамындағы ру. Түркі халықтары-

ның, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында Қоңы  рат 

руының өзіндік орны бар. Көбінесе, Жиделібайсын, Сыр бойы 

мен Орта Азия далаларын мекендеген. Өзбекстанда Қоңырат 

қаласы бар. Аңыздарда Алпамыс батыр Осы қоңырат руынан 

шыққан делінеді. 



Қызай—шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай 

Үйсін елінің қызы (есімі—Күнбүбі, кейбір нұсқаларда Қар-

лығаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен. 

Ілебай соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауырына 

салып өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандықтан, 

«қыз-ай», «қызай» аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұрпағы 

Шағырай алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп, 

рулы ел болып, ананың атымен «Қызай елі» атанады. 



Қыпшақ—қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі ха-

лықтарының негізін құрған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта 

Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. 

Қыпшақ атауы алғаш ежелгі түркінің Шина Усу ескерткі  шін-

де кездеседі. Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, IX ғасырдағы 

қыпшақтардың құрамына қимақ, субар, қаңлы, қарабөрік ті, 

тоқсаба, жете, бөрлі т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ-

тар түрік қағанаты ыдырағаннан кейін алғашында қимақ 

қағандығының құрамында болып, XI ғасырда бөлініп шықты. 

Шыңғысхан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын 

(Алтын Орда) тарихшылар Дешті қыпшақ деп атаған.

Үйсінқазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежел-

гі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында 

Үйсін атауы б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың 

күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс 

елдеріне елшілік жібереді. Үйсін тайпалық бірлестігі бұл тұста 

Қытайдың батысындағы өзге елдермен дәрежесі тең қуатты да, 

құдіретті мемлекет болды. Үйсіннің шығу тегі, таралуы, қазақ 

халқының тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық 



398

399


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

зерттеулерде талас пікірлер аз емес. Оған себеп—жазба де рек-

көздері. Атап айтқанда, VII ғасырдағы Қытай жазушы сы Чин-

гу: «Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір 

айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақал ды»,— 

деп жазды. Жетісу үйсіндерінің шығу тегін анықтау жо лын-

да А.Н.Бернштам, К.А.Ақышев, Г.А.Кушаевтар археоло гия-

лық қазба жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Есік қорғаны  нан 

қазып алынған (1969-1970) «алтын адам» «сақ ханзадасы» деп 

тұжырымдалғанымен, соңғы зерттеулер «Үйсін адамы» де ген 

пікірді алға тартады. 


Абат /көн./—шалғынды, көкорай, бау-бақшалы, жасыл

Айдын—жайылып жатқан су алабы

Ақым—кеулей қазылған үңгір

Алхамдулла рабил  /а/әлемді жаратқан жаратушыға та-

бынамын


Анда—онда, ана жерде

Андан—одан, ана жерден

Аран—кірпіш пен істік темірден жасалған кең құрсау

Асылан—арыстан

Ауаз /п/—дыбыс, дауыс; әуез

Әзет—көп болса, әрі кетсе

Әман /а/—рақымшылық етуін өтіну, кешірім сұрау

Әмбия, әнбие—әулие

Бағи /п/—бүлікші, бүлдіргіш, көтеріліске қатысушы

Бадан—раушан гүлдер тұқымдасына жататын жеміс аға-

шы, сол ағаштың жемісі



Басар /а/—жаңа зат

Бауырдақ /жер./—ершікке, ертұрман әбзелдеріне тағатын 

айыл


Баят /а/—ескі, көне; қалған

Бәтиха /п/—бата, тілек; лебіз 

Бедеу—қысыр, ту мал

Бейіш  /ир/—діни ұғым бойынша, «о дүниедегі» жұмақ, 

жән нат


Боқжама /көн./—сандық

Бузрік /а/—үлкен, ірі, зор

Бұрал—бүйірі бүйіріне жабысып, аш өзегіне түсу

Бұрхан /а/—дәлел, айғақ

СӨЗДІК


401

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР



Бүлгін—азып-тозған, бүлінген жер

Бірлән—бірге

Гұнай—күнә, қылмыс

Гүләп /а/—гүл шырыны

Ғайып ерен қырық шілтен—[шілтен /п/—қырық дене]—

мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін кие-

лі бейне. Кейбір аңыздар бойынша, ғайыптан пайда болатын 

шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс 

сапарда жүрген, арып-ашып жолынан адасқан жолаушыларға 

жәрдемдеседі.



Дару—тию

Дәру—дәрі

Дегелекденесінің ұзындығы 80-150 см., тұмсығы ұзын 

болып келетін ірі құс



Делебесі қозу—көңілі алып ұшті, желікті

Дөңгіл—төбе, бет

Дүм—бір заттың арты, түп жағы

Дүрдараз—аздап араз, ренішті, бірде тату, бірде араз

Дүрқарақап-қара

Дыр—аса үлкен, ірі, зор

Елек /к.с./—зойдақ шоқжұлдызы

Еңгіл—сай, шатқал

Ергеншек /жер./—ұрпақ, тұяқ деген мағынада

Еріс—ерте

Жаба /жер./—шөп суаратын құрал

Жамиғ /а/—біріктіру; бірлестіру; жинау; бірлестік, одақ; 

жиын, топ; көп бәрі



Жана—және

Жәһүт—кәпір

Желіірі қара малды сауған кезде төлдерді (құлын, бұзау) 

байлау үшін екі қазаққа кере тартып байланған қыл, не кендір 

арқан. 

Жете—адамға ғана тән ақыл, сана

Жозы /Қыт./—үстел

Жұм-жұма /а/—бас сүйек

Жүмла, жүмлә /а/—бәрі, барлығы, түгел

Жұрқа /көн./—бір нәрсенің қауығы, тамтығы

Жырым—Үсақ-түйек, уақ

Зағыфран /а/—сары түсті гүл

26-0139


402

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Захмет /а/—еңбектену; қолғабыс тигізу, жәрдемдесу

Заһар—у, улы зат

Зембіл—екі кісінің әр алуан заттарды колмен көтеріп тасуға 

арналған құрал



Зәңгі—бас имам; бастық

Зебер /п/—тегіс емес, ойлы-шұңқыр

Зина  /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік, тұрақсыздық, бұ-

зықтық; неке бұзушылық



Зияда /п/—көп, артық

Зұлпықар—діни аңыздарда Мұхаммед пайғамбардың ба ты-

ры Әлидің қылышын солай атаған. Кейін асыл болаттан соқ қан 

қылышты осылай атап кеткен 

Кафил /а/—кепіл

Кәдік—күмән, шүбә, күдік

Кәлам, кәлима /а/—сөз, әңгіме

Кәләм /а/—сөз, әңгіме; исламдағы теориялық ілім

Кәрік—өш болу, жауласу

Кежім—кестелеп, оюлап, әшекейленген сәнді ат жабу

Кезбасқаңғыбас, сергелдең

Кекіре—Бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөп-

тесін улы өсімдіктердің жалпы атауы



Кент—қала

Көзел /т/—әдемі, сұлу

Көкене /жер./—Ауыз үй

Көкше—буынға түсетін құрт ауруы

Көтереметінен әбден арылған, өздігінен тұрудан қалған 

арық мал


Куф /п/—зиян, қас

Күлдіреуіш—шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көте ріп 

тұратын, түтін шығып, жарық түсу үшін ойқастыра бекітіл ген 

ағаш, шаңырақтың керегееөз боп түйісетін шыбықтары

Күшалаыстық жақта өсетін улы дәнді, емдік қасиеті бар 

өсімдік


Кіреует /о/—төсек

Кірне—соқырішек бөлшегінің асқынған ауруы

Кісәпір—қалтаға түсетін ұры

Қазанат—ыстық-суыққа, ұзақ жолға, аштықа төзімді қа-

зақы жылқының байырғы бір түрі



Қайыл /а/—сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу

402

403


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Қайым /а/—мықты, күшті

Қалша—қасарып, айтқанға көнбейтін; қырсық.

Қарисын—қартайсын

Қарқаралы—қарқарасы бар, қарқара киген

Қаріп—мүгедек, сал

Қат—астың бір түрі

Қозамақта өсімдігінің сабағы, қозапая

Құдыс /а/—Иерусалим қаласының ескі аты

Құлпы /көн./өзі құлпырып тұрған жібек мата

Лайақат—лайық

Ламекен /а/—мекенсіз, орынсыз

Ләскер /а/—әскер

Мағрип /а/—батыс

Мақар (макәр) /а/—Тапал бойлы, қортық

Мама ағаш /көн./ат байлайтын, діңгек ағаш

Мамыр—көктемнің соңғы айы; май

Мартужын-шайтан, албасты

Махшар—қиямет күнінде Алла тағаланың өлген кісіден 

жауап алатын күні.



Машайық /көн./ақылды адам, абыз

Машриғ /а/—шығыс

Мәңкір, Нүңкір—діни ұғым бойынша о дүниеде қабірдің 

ішінде адамның істеген істері бойынша сұрақ-жауап алатын 

періштелер.

Меңдуана—үлкен жапырақты, гүлі сарғыш, ақшыл көк 

түс ті, исі бас айналдыратын, көбіне дәрі-дәрмек ретінде қол да-

ны латын улы өсімдік.

Мекір /а/—айла-тәсіл, амал

Мер /а/—Ащы, у

Миман (мейман)—қонақ 

Мирас /а/—мұра

Михнат /п/—азап, қиыншылық

Мия—дәні ащы, ақшыл я қызыл түсті бұршақ тұқымда сы-

на жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік.



Монтаны—екі беткей, арам

Мұғадар /ж.с/—мақсат, жоспар; болжам

Мұда—мүдде

Мүбарак—қайырымды, мейірман, қайырлы; құт, береке

Мүддаға /а/—тілек, ой; мақсат, арман; мүдде

404

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Мүрде—өлік, мәйіт, сүйек, өлген адамның денесі

Мүшәурат /а/—кеңес, жиын

Мүнәжат /а/Құдайға сыйынушылық, құлшылық етуші-

лік, жалбарыну



Мірі /көн./—ескіше бес тиындық ақша

Назыр /а/—қарау, байқау, көру

Нармая—түйенің жалғыз өркешті түрі

Нарша—буыршын нар, жас нар

Ойма—қолөнер. Етіктің қонышы мен басы қосылатын жер

Омақасу—кенет ұшып, мұрттай ұшу, сүрініп құлау; жеңілу

Оман, ұман—бүкіл, барлық

Оңдақ—озық, алды

Оп /ж.с./—қада, қырманға қадаған ағаш

Панар /о/—фонарь, шам

Парман /а/—бұйрық, әмір

Парша, парча—қымбат жылтыр мата

Пәнда—пенде

Пәруардігер—Жаратушы, Алла, Құдай

Пина /а/—жасырын, көмескі, көрінбейтін

Пыр—тыныш, ынтымақты; берекелі

Пірәдар /п/—бұрадар, жолдас, тамыр; дос, ағайын

Раң—көктемнің басында қар суымен өсіп шығатын, бойы 

аласа майда шөп.



Рауан—таңғы жарық, сәуле, нұр

Рия—күмән, күдік

Самар—тіл мен жағына сүйенген, шешен

Сарамасжынды, есалаң, жарымес

Сахаба  /а/серіктер, жолдастар. Мұхаммед пайғамбармен 

бірге ислам дінін қабылдап, мұсылман мемлекетін құруға 

атсалысқандар. Мұхаммедтің істері мен сөздері туралы хадис-

тер асхабтардың айтулары бойынша жазылып алынған. 



Сахиб /а/—дос, жолдас, ие, қожайын

Сахилы /а/—жомарт, қолы ашық

Сәруар /п/—патша, ие, пір

Сенек /ж.с./—айыр

Сусамыр—қант ауруы

Сөтке, сутка /о/—бір тәулік

Сұбхан /а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла тағаланың 99 

есімінің бірі



Сүдігер—дәнді дақылдар егу үшін жыртылған жер

404

405


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Сүрме—кірпік пен қасты қарайтып бояу үшін қынадан 

жасалған бояу



Сыпа—сыпайы

Сірне—шырын, сөл

Тақыт, тахты /а/—ою өрнектеліп безендірілген, арқасы 

және жақтауы бар мүлік (қазіргі диван тектес); патшалар 

отыратын орын, тақ

Талақ /а/—ер адамның әйелін тастағанда айтылатын «неке 

бұзылды, әйелін тастады» деген мағынадағы сөз.



Талық—шаршау, қалжырау

Талқы—теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын 

ағаштан жасалған аспап



Тарылқат /а/—көр

Тауфиқ /а/—көмектесу, жәрдемдесу, қолғабыс тигізу

Теп—жат, бөтен

Теппе /ж.с./—тезектің бір түрі

Түбетай—тақия

Тіллә, ділдә—алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында 

да қолданылады.



Уә /—және 

Үйек—табиғаты тіршілігіне қолайлы, күні жылы, шөбі 

шүйгін жер



Ұяқ /ж.с.—ол жақ

Фарманлық /т/—пәрменділік, әмірлік

Хақия /а/—шындық, ақиқат

Хасіл /а/—ойлағаны іске асты, тілегі орындалды

Чұшман /п/—дұшпан, жау

Шайх-паны /п/—ақсақал, кемпір-шал, қарт, қария

Шақ-шәләкей—быт-шыт, күл талқан

Шанақ—қобыз, домбыра сияқты ішекті музыка аспап та-

рының үш бұрышты, я домалақша келген дүм.



Шанаш—малдың терісінен істелген ыдыс, қап.

Шаңдық—«желінің басын құтты ет» деген мағынада 

Шауқым /жер./—ойын-сауық, қызық дауман

Шаһар—қала

Шәріп (Шариф) /а/—құрмет, мәртебе; бағалы, асыл

Шоғал—шұғыл

Ыраң—ылди, еңіс, құлди

406

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ



Алатау—1. Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Фе-

дерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. 

Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, 

Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. 

2. Жетісу және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпы ла-

ма атауы. Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, 

Іле Алатауы т.б. жатады. 

Арапат тауы—Меккедегі тау. 

Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл 

Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды 

білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік 

Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих-

шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты 

еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен 

шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді 

бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.



Арыс өзені—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен, Сыр-

дарияның оң жақ саласы. Арыс өзенінен тікелей 37 канал бас-

тау алады. Ең ірісі—Арыс-Түркістан каналы. 

Бадам—Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауда 

нын-


дағы өзен. Қаржан тауынан басталып, Арыс өзеніне құяды.

Балқан  тау—Балқан түбегінде орналасқан түбек. Кіші 

Азиядан Мәрмәр теңізі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқы лы 

бөлінеді. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді. 

Бұхара—Өзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара об-

лысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, 

За равшан өзені аңғарының батысында орналасқан. Көне дә-

уірлерде (VIII-XIX ғ.ғ.) Орта Азиядағы ірі сауда және мәдениет 

орталығы болған. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке 

үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки секілді 

оқымыстылар өмір сүрген.


406

407


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Еділ (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—Еуропа-

дағы ең үлкен өзен. Бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий 

теңізіне құяды. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта 

ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары 

құйғаннан кейін Еділ суы мол ірі өзенге айналады. 

ЕсілАқмола, Қарағанды облыстарының жерін басып 

өтетін үлкен өзен. Қостанай облысындағы (бұрынғы Торғай) 

1963 жылы салынған аудандық дәрежелі Есіл қаласы атауы да 

осы өзенмен байланысты.



Жайық—ірі өзен. Ол Орал, Башқұртстан, Челябинск, Орын-

бор жерімен ағып өтеді. Оңтүстік Оралдан басталып, Атырау 

қаласы тұсынан Каспий теңізіне құяды.

Жизақ—Өзбекстанның Жизақ облысының әкімшілік орта-

лығы.


Күнес—өзен. Қытай Халық Республикасы, Шинжаң Ұйғыр ав-

то номиялық районы, Іле Қазақ аутономиялық облысының Іле ай ма-

ғына қарасты әкімшілік-территориялық құрылымның орталығы.

Қойқап—Кавказ (Қап) тауы.

Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екінші 

қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед 

пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуы-

на байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген 

атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жы-

лынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қа-

ланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды. 

Мекке—Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы. Онда 

бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Ислам-

ның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел-

ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа 

құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта 

оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Меккені 

630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша 

жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дә-

режеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес 

парызының бірі болып саналады.



Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы 

Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы. 



Отырар—Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі көне қала. 

Түркістанның оңтүстігінде орналасқан. Отырар аймағында кө-

не мәдени ескерткіштердің бірі—Арыстан бап әулиенің маза  ры 

бар.


МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ ханды-

ғы дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси 

маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент-

тің Тәуекел және Есім хандары тұсында қазақ билеушілері-

нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар 

шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылар-

дың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің 

ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға-

нын оның маңында Төле бидің және Әйтеке бидің бар екендігі 

де айғақтайды.



Тобыл—Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай 

облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары аумағымен 

ағады. Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. 

Торғайтарихи қала. ХІХ ғасырдың І жартысында пат-

шалық Ресей үкіметі қазақ халқының ХІХ ғасырдың 40-жыл-

дары ұлт-азаттық қозғалысын басу үшін қазақ даласының ең 

түкпірінен бекініс ретінде салған. Торғай облысының құ ры-

луына байланысты 1868 жылы Торғай қала атанды. Қазақ 

халқының өткен тарихы мен мәдениетінде ерекше рөлі бар. 



Түркістан—қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қа-

ланың көне атауы—Йассы. Йассы Ұлы Жібек жолының сауда 

орталығы және округі болған. XII ғасырда, әсіресе Қ.А.Йассауи 

көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Йассауи кесе несі—

орта ғасырлардың ерекше сәулеті болып табылады. Керемет 

орналасуы және әдемі мозаика суреттермен қапталған қор-

шау. 1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын 

Хазірет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Ясауидің арқасында әлем-

ге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы—Йассы болатын. XIV ға-

сыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет 

Йасауи кесенесі салынған соң атақты болды.

Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің 

астанасы. Орны қазіргі Түркменстан Республикасы, Ташауыз 

уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында. Үргеніш-

тің гүлдену кезеңі ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы хорезмшахтар билік 

еткен кезеңге тура келеді. 13-ғасырдың ортасынан бастап Ал тын 

Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік орта лық 

ретінде өз маңызын жойған жоқ. ХІV ғасырдың ортасына қарай 

Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш қайтадан оның 

астанасына айналды. ХVІІ ғасырда қала тіршілігі құлдырап, 

кері кетті.

408


408

ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ 

ЖИНАУШЫЛАР, АЙТУШЫ ҺӘМ 

ЖАРИЯЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР



Адамбаев Балтабай  (1919-1990)қазақ ауыз әдебиетін 

зерт теуші, әрі жинаушы ғалым. Көп жылдар Қазақ ССР Ғы-

лым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

инс ти тутының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 

Филология ғылымдарының кандидаты. Еңбектері: шешендік, 

қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған. 



Әрінов Ахметбек—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. 

1914 жы лы Семей губерниясы Қарқаралы уезінің Берікқара 

болысында туған. 

Бейсенов Тәуекел—халық мұраларын жинаушы. Қараған-

ды облысыҚорғалжын ауданы, бұрынғы «Коммуна» совхозын-

да туып-өскен. Тегі Арғынның Тінәлі атасынан тарайды. 

Бибіжан Сыдыққызы (1907-ө.ж.б.)—халық әдебиеті үлгі-

лерін жинаушы. Руы—Қаржас. Қарағанды облысының бұ рын-

ғы Ульянов ауданының аумағында туып-өскен.

Васильев А. В. (1861-1943)—шығыстанушы-ғалым, белгілі 

ориенталист, профессор. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 

бастап қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. Еңбектері: 

«Об разцы киргизской словесности», вып. 1: «Киргизские сказ -

ки», Оренбург, 1898: «Образцы киргизской народной поэ зии» 

вып. 2: Киргизские загадки. Оренбург, 1900: «Образцы кир-

гизской народной словесности», вып. 3: «Киргизская песня 

о трех молодцах», Оренбург, 1897.



Ғабитова Фатима (1903-1968)—қазақ ауыз әдебиеті үлгі-

лерін жинаушы. Бұрынғы Жетісу облысының Қапал қаласын-

да туған. Көп жылдар қазақ мектептерінде ұстаздық қызмет 

атқарған. Сонымен қатар ол қазақ ауыз әдебиетінің жанашы-

ры ретінде қазақ ақыны І.Жансүгіровпен бірге халық әдебиеті 


410

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

үлгілерін жинаған. Әсіресе Ә.Диваев еңбектерін сақтап, кейін ге 

жеткізуде Ф.Ғабитованың сіңірген еңбегі аса зор.



Ғұмарова Мәлике  (1918-1987)—фольклортанушы, тексто-

лог ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. 1943-

1987 жылдары Қаз. КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институ-

ты ның Текстология және қолжазба бөлімінде жұмыс істеген. 

ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларындағы сирек қолжазбалар ды 

жүйелеуге белсене араласты.



Диваев Ә. (1856-1932)—этнограф, фольклортанушы. Ұл-

ты— 


башқұрт. Орынбордағы Неплюев кадет корпусының 

Азия бөлімін бітірген, 1876 жылдан бастап Түркістан өлкесіне 

әскери қызметпен келген. Тәшкен қаласында Әскери-ха-

лық 


тық басқармада қызмет еткен. Сол жылдардан бастап 

қа зақ тың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жа-

рия 

лап отырған. Эпостық жырларды, ертегілерді, балалар 



фольк 

лорын, шешендік сөздерді қағазға түсірді, кейбіреуін 

орыс тіліне аударды. Ежелгі күнтізбе, астрономия туралы ха-

лық ұғымдарын жинады. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін 

П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский, В.В.Бартольд т.б. ға-

лымдар жоғары бағалады.



Жақыпбаев Бозтай  (1887-1970)—зерттеуші, халық мұра-

ларын жинаушы. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және 

әдебиет институтында қызмет істеген (1938-1950) жылдары 

фольклорлық және авторлық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда, 

жүйелеуде зор еңбек сіңірді.

Жансүгіров Ілияс  (1894-1938)—қазақ әдебиетінің негізін 

қалаушылардың бірі. Ақын, қоғам қайраткері, фольклоршы. 

Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданының аумағында туған. 

Ақсудағы Қарашаш деген жерде оқыды. 1920 жылы Ташкент-

тегі екі жылдық қазақ-қырғыз мұғалімдік курсын бітірді.

Ол 1920 жылдан ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен шұғыл-

данып, Мәскеу қаласында «Өтірік» (1923), «Сүйінбай» (1935), 

«Зар заман. Албан Асан» (1934) жинақтарын жарыққа шы-

ғарған.

Жапақов Маясар (1889-1965)—төкпе ақын, халық мұра-

сын жинаушы, жеткізуші. Қарағанды облысының Шет ауданы 

түлегі. Жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. 

Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші-ақындарды ұстаз тұтқан. 

М.Жапақов Кеңес өкіметі кезіңде Қарағанды кеншілерінің өмі-


410

411


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

рі мен еңбегін жырлаған ақын ретінде танылды. Ұлы Отан со ғы-

сы кезінде «Атыңнан, атам қазақ, айналайын» деген пат риот-

тық толғауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 



Жұмыкенова Маржанауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. 

Қарағанды облысының бұрынғы Ульяновск ауданының аума-

ғында туып-өскен. 

Қалықов Тұяқбай (1904 ж.т.)—халық мұраларын жинау шы. 

Қарағанды облысы, Ағадыр ауданының аумағында туып-өскен. 

Руы—Арғын. Ұзақ жылдар Балқаштағы балық өндірісінде 

жұмыс істеген.



Қарамендин Сейтқали  (1913-ө.ж.б.)—Абай мұрасын жи-

нап, зерттеуші, этнограф. Ақынның өмірі мен шығармалары-

на байланысты ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, Абай төңірегін-

де 


гі Алтыбай, Байқұлақ шешендердің, Көбей, Қараменде, 

Алшынбай билердің, Шөже, Көкбай, Әріп, Ағашаяқ, Қаумен, 

Байкөкше, Өмірбай т. б. ақындар туралы материалдар жинап, 

Абайдың бірқатар сөздерін, ауызекі шығарған өлеңдерін «Сөз 

тапқанға қолқа жоқ» жинағына енгізді. 

Құлпейісов Еркін—ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Қос-

танай облысы, Жангелдин ауданының Торғай селосында туып-

өскен. 

Нарымбетов Әбділхамит (1928-2008)—көрнекті әдебиет-

танушы ғалым, сыншы, филология ғылымының докторы, про-

фессор. Еңбектері қазақ әдебиеті тарихы, қазақ поэмасы, әде-

биет шежіресі, қазақ әдебиетінің библиографиясына арналған. 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында (1951-

2008) ғылыми қызмет атқарған.



Омаров Ж. (1911-ө.ж.б.)—фольклорлық мұраларды жинау-

шы.  Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының аумағында 

туып-өскен. 

Орынғали Қалиолла (1960 ж.т.)—әдебиеттанушы. Батыс 

Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Қамысты ауылында 

дүниеге келген. Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында, ҚР 

Орталық Мемлекеттік мұрағатында, Алматы қаласы тарихы-

ның мұражайында еңбек еткен. Қазір М.О.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.



Орынғалиева Уәкила (1939 ж.т.)—халық мұрасын жинау-

шы.  Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Тегісшіл 



412

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

ауылының тұрғыны. Еңбек ардагері. ҚР «Алтын алқа» бел-

гісінің иегері.



Пантусов Н. Н(1849-1909)—көрнекті этнограф, фольк ло-

рист, Орта Азия мен Қазақстанның ескі археологиясын, мәде-

ниеті мен әдебиетін зерттеуші ғалым. Н.Пантусовтың «Древ-

нос 


ти Средней Азии» (1902) атты көрнекті монографиялық 

еңбе гін де «Памятник Қозы Көрпеш—Баян сұлу» деген мақа ла-

сы бар. «Образцы киргизской литературы» деген атпен бірне ше 

жи нақ шығарған. Онда қазақ, ұйғыр ауыз әдебиеті, олар дың 

әдет-ғұрпы туралы көптеген материалдар жарияланған. 

Саттаров Қыдырәлі (1941-2011)—фольклортанушы, 

фи 


ло 

ло 


гия ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік 

Қ 

а 



зақ 

стан мен Өзбекстан Республикасы, Ташкент өңіріне 

ұйым   дастырылған  бірнеше  фольклорлық-этнографиялық  экс-

пе 


 

д 

и 



цияларды басқарған. Халық әдебиеті үлгілерін жинап, 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол-

жазбалар қорына тапсырған.

Сәлімжанов Кәрімтай (1920-ө.ж.б.)—ауыз  әдебиеті  үлгі ле-

рін жинаушы. Қарағанды облысының бұрынғы Чкалов атын-

дағы совхозында туып-өскен. 

Тұрсынов Едіге (1942 ж.т.)—әдебиеттанушы-фольклорист, 

филология ғылымының докторы. 1964-1966 жылдары Ақ-

мола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана 

мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы, М.О.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызмет-

кер, 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып 

жұмыс істеді.

Тілеужанов Мәтжан  (1927-1995)—әдебиетанушы, фило-

логия ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақ-

стан аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жи-

нап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

қолжазба қорына тапсырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш 

рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдасты-

рып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинады.

Хакімжанова Мәриям (1906-1995)—ақын, ҚР-ның ха лық 

жазушысы. Абай атындағы ҚазПИ жанынан ашылған жұ-

мысшылар факультетін бітірген (1934). «Әйел теңдігі» жур-

налында әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Орынбор облысы, 

Адамовка ауданы, «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі, 


412

413


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Қазақстан Жазушылар одағында халық ақындары бөлімінің 

меңгерушісі, Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызмет-

кер болып еңбек етті.



Шертаев Бекнияз—халық мұраларын жинаушы, КСРО 

журналистер одағының мүшесі. Қызылорда облысы, Тереңөзек 

аудандық «Еңбек туы» газетінің бөлім меңгерушісі болып 

қызмет атқарды. 

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана

Қ—Қазан қаласы

ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр


дәп—дәптер

а—араб


о—орыс

п—парсы


т—түркі

[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер

[]—құрастырушылар тарапынан қойылған атаулар, тақы-

рыптар


ж.с.—жергілікті сөз

к.с.—көнерген сөз



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Зерттеулер мен энциклопедиялар, 

фольклорлық жинақтар, сөздіктер

1.  Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольк 

ло-

ры.—Алматы, 2004.



2.  Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993. 

3.  Ақ бата: Бата сөздер / С. Негимов, Т. Қазиұлы.—Алматы, 

1992.

4. Ақтілек, ақ бата / Құраст.: К. Ж. Оразалин.—Алматы, 



2002.

5.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

 М.,  1968.

6. Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2004-

2012.

7.  Бата тілектер / Құраст: Н. Уалиев.—Алматы, 2005.



8.  Деревнетюркский словарь.—Л: Наука, 1969.

9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 1-15 том / Құраст.: 



А.Жаңабекова, Т. Жанұзақ, Б. Әбілқасымов және т.б.—Алма-

ты, 2011.

10.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 

 

11.  «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 1-10 томдар.—Ал-



маты, 1998-2007. 

12.  Қазақтың бақсы-балгерлері.—Алматы, 1993.

13.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі / Құраст.: Р.Сыздық, 

Н.Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—Алматы: Дайк-

Пресс, 2001.

14.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.


415

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

15.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі / Құраст.: І.К. Ке-

ңесбаев.—Алматы, 1977. 

16.  Күзембай С. Ә. Ұлттық музыкатану ғылымының өзекті 

мәселелері.—Алматы, 2012.

17.  Оразаева Ф. Ә. Диваев—фольклорист.—Алматы, 2007. 

18.  Персидско-руский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика

І-ІІ т.—М., 1970.

19.  Татарско-русский словарь.—Москва: Советская энцик-

ло педия,  1966.

20. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык ме-

диа, 2005.

21.  Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін 

жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—Ал-

маты, 2009.

Қолжазбалар

1.ӘӨИ. 920/56 

2.ӘӨИ. 920/83 

3.ОҒК. 1090 

4.ОҒК. 849/2 

5.ӘӨИ. 920/117

7.ОҒК. 1094 

8.ӘӨИ. 500-бума 

9.ӘӨИ. 1222/11 

10.ӘӨИ. 1092 

11.ӘӨИ. 194

12.ӘӨИ. 1082

13.ӘӨИ. 879/2

14.ӘӨИ. 920/108

15.ӘӨИ. 1094-бума 

16.ОҒК. 829-бума 

17.ӘӨИ. 910/5

18.ӘӨИ. 910

19.ӘӨИ. 953

20.ӘӨИ.1121 

21.ӘӨИ 1062-бума


РЕЗЮМЕ

Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова про-

должается работа по подготовке к выпуску стотомной научной 

серии «Бабалар сөзі» («Мудрость предков»),  издающейся в рам-

ках Национального стратегического проекта «Культурное на-

следие».


Предыдущие девяносто два тома серии были посвящены 

эпическим произведениям, народным пес 

ням, сказкам, за-

гадкам, пословицам и поговоркам, а также дру 

гим малым 

жанрам, являющимся самыми многочисленными и высоко-

художественными в национальном фольклоре. Если быть 

точнее, то были подготовлены к изданию и выпущены три-

надцать томов «Новеллистических дастанов», семь томов 

«Религиозных дастанов», одиннадцать томов «Романических 

дастанов», двадцать томов «Героического эпоса», одиннадцать 

томов «Исторических поэм», пять томов «Пословиц и погово-

рок», два тома «Народных песен», четыре тома «Генеалогичес-

ких преданий», пять томов «Сказок», четыре тома «Историчес-

ких преданий», два тома «Обрядового фольклора», по одному 

тому «Загадок», «Детского фольклора», «Казахских мифов», 

«Фольклора казахов Монголии», «Топонимических преданий», 

«Кюйских преданий», «Поэм-преданий», «Небылиц и басен». 

В двенадцати томах этой серии были использованы материалы 

из фольклорного наследия казахов Китая, а в одном томе—

казахов Монголии.

Магический фольклор—один из древних жанров, который 

на протяжении веков развивался вместе с национальными 

обычаями и традициями, сознанием и укладом жизни народа, 

его духовной природой, и лишь во второй воловине ХХ века 


417

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

стал угасать и забываться. Произведения народа с магическими 

свойствами составляют очень важную и интересную часть 

национальных эпических ценностей, имеющих познаватель-

ное и воспитательное значение. По своему звучанию и ме-

лодии, поэтической форме, содержанию и художественным 

характеристикам эти произведения разделяются на слова 

благодарности и проклятия, благословения (бата), толкование 

снов, заклинание, колдовство и завораживание, шаманские 

мотивы, дуалау и ушыктау (заговоры и нашептывание), ворож-

бу и гадание на меде, очищение огнем, изгнание болезни слова-

ми заклинаний, вызов джинов и духов и другие виды.

Рожденные из верований поклонявшегося многочисленным 

явлениям природы и воспринимающего их как загадочный мир 

народа песни и сказания, тем не менее, сохранились, несмотря 

на препятствия советского периода. В результате увеличения 

численности скота и людей, необходимости лечения больных и 

раненных в войнах и столкновениях появилась необходимость 

практического лечения. Например, основная цель шаманских 

песен—заговаривание и лечение различных болезней. Если 

созвучие мелодии кобыза и слов считается основным оружием 

лечения баксы (шамана), то в арбау (заклинании) важны слова 

и жестикуляция. Общеизвестно, какое важное жизненное зна-

чение до начала ХХ века имели у кочевых казахов рожденные 

на протяжении веков песни-заклинания для целительных 

обрядов.

В очередной, 93-й том стотомной серии «Бабалар сөзi» 

включены собранные в народе, а также опубликованные ранее 

в различных изданиях около 30-ти песен-заклинаний (ба-

дик) для изгнания болезней, 56 песен-арбау, защищающих от 

укусов ядовитых тварей, 46 мотивов целительных песен ша-

манов баксы, свыше 210 бата, алгысов (благословений), 164 

проклятия, свыше 600 слов назиданий, предупреждающих 

детей от дурных привычек. Большинство из них подготовлено 

на основе рукописей, хранящихся в ЦНФ МОН РК и фонде 

редких рукописей Института литературы и искусства име-

ни М. Ауэзова. Кроме того, использованы материалы, соб-

ранные в ходе фольклорно-этнографических экспедиций, ор-

ганизованных в Казахстане, Узбекистане и Каракалпакии. 

При подготовке данного тома нам помогли материалы, 

27-0139


МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

соб 


ранные и записанные членами экспедиций под руко-

вод 


ством профессоров К.Саттарова, Б.Рахымова ор 

дена 


Друж 

бы народов Ташкентского государственного пе 

да 

гоги-


ческого института имени Низами и Карагандинского госу-

дарственного университета имени Е.Букетова. В данный том 

также включены материалы, собранные и записанные в раз-

ные годы В.В.Радловым, Н.Н.Пантусовым, А.Диваевым, 

И.Жансугуровым, М.Тилеужановым, М.Гумаровой, Т.Сыды-

ковым, Е.Турсыновым и другими учеными. Помимо того, 

использовано рукописное наследие таких ученых, как 

М.Ха 


кимжанова, Б.Жакыпбаев, Ф.Габитова, С.Жакыпов, 

Е.Кулпеисов, Б.Шертаев, С.Колшабеков. 

В ходе подготовки тома к выпуску были использованы 

тексты, опубликованные ранее в таких изданиях, как «Тарту» 

А.Диваева (1923), «Қазақ бақсы-балгерлерi» Ж.Дауренбекова 

и Е.Турсынова (1993), «Наным-сенiмдер ғұрпының фольк-

лоры» Б.Абылкасымова (2004), «Текес ауданының халық өлең-

жырлары», изданное в СУАРе КНР (1992), а также изданные 

до Октябрьской революции «Образцы Киргизской народной 

литературы» (1909), «Демонологические рассказы киргизов. 

Записки Императорского русского географического общества 

по отделению этнографии» (1888), «Известия общества архео-

логии, истории и этнографии при Казанском университете» 

(1899). В тех случаях, когда находились в редких фондах 

рукописи опубликованных в этих изданиях произведений, то 

давались сравнительный анализ текстов и сноски.

Согласно принципам издания серии, тексты снабжены 

науч ными приложениями и произведения соответственно про-

нумерованы. Научные дополнения к тому составляют: сведе ния о 

переписчиках, издателях и изданиях текстов, вошедших в него, 

научные толкования текстов, вошедших в данный том, сло варь, 

географические, именные указатели, сведения об истори чес ких 

личностях, встречающихся в текстах, список использо ван ной 

литературы, резюме к тому на русском и английском языках. 

Общий объем тома—27,0 п.л.

418


418

SUMMARY


M.O. Auezov Institute of Literature and Art is continuing 

preparation for publication of one hundred volume of scientific 

edition of the series «Wisdom of ancestors» in the frame of the 

National strategic project «Cultural Heritage».

Previous eighty-nine volumes of the series were devoted to the 

epic works, folk songs, tales, riddles, proverbs and sayings, as well 

as other smaller genres, which are the most numerous and highly 

artistic in national folklore. Thirteen volumes of the «Novelistic 

dastans», seven volumes of «Religious dastans», eleven volumes 

of «Roman tic epic», twenty volumes of the «Heroic epic», eleven 

volumes of «Historical poems», five volumes of «Proverbs 

and sayings», two volumes of «Folk songs», four volumes of 

«Genealogical legends», five volumes of «Tales», four volumes 

of «Historical legends», one volume of «Riddles», «Children’s 

Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolia», 

«Toponymic legends», «Kyu legends», «Poems-legends», «Fairy 

stories and fables» have been prepared and published. Twelve 

volumes of the series include the materials on the folk heritage of 

Kazakhs of China and one volume—the Kazakhs of Mongolia.

Magical folklore—is one of the old genres, which during 

centuries has developed together with national customs and 

traditions, consciousness and way of life of the people, spiritual 

nature and only in the second half of the XXth century began to 

fade and be forgotten. Folk magic works are a very important and 

interesting part of the national epic heritage   which have cognitive 

and educational value. By its sound and melody, poetic form, 

content and artistic features these works are divided into words 

of gratitude and curse, blessing (bata), interpretation of dreams, 



420

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

spell, witchcraft and shamanic motives, dualau and ushyktau 

(spell and purification), fortune telling and divination on honey, 

purification by fire, expulsion of disease by spell words, calling 

genies and spirits and other kinds.

Songs and stories that originated from beliefs of people who 

worshiped nature and perceived it as mysterious world, have been 

preserved despite of the obstacles of the Soviet period. With the 

increase of the number of livestock and population, the need for 

treatment of the sick and wounded people in wars and clashes, 

the need for practical treatment has arose. For example, the main 

purpose of shamanic songs—is spell and treatment of various 

diseases. If consonance of kobyz melody and words is considered 

the main tool of treatment used by baksy (shaman), in the arbau 

(spell) the words and gestures are very important. It is a well-

known fact that old songs-spells for healing ceremonies had a 

crucial importance for nomadic Kazakhs before the beginning of 

the XXth  century. 

Volume 93 of the one hundred volume series «Babalar sozi» 

includes about 30 songs-spells (badik) for the expulsion of diseases, 

56 songs-arbau, protecting from bites of poisonous creatures, 46 

motives of healing songs of shamans-baksy, more than 210 bata, 

algys (blessing), 164 curses, more than 600 words of edification, 

preventing children from bad habits which were collected from 

people and previously published. 

Most of them are prepared on the basis of manuscripts 

kept at CNF MES RK and the collection of rare manuscripts 

of the M.Auezov Institute of Literature and Art. In addition, 

the materials were used which were collected in folklore and 

ethnographic expeditions organized in Kazakhstan, Uzbekistan 

and Karakalpakstan. In preparation of this volume we have 

used the materials collected and recorded by members of the 

expedition supervised by professors K.Sattarov, B.Rahymov from 

the Tashkent State Pedagogical Institute named after Nizami, 

Karaganda State University E.Buketov. This volume also includes 

material collected and recorded in different years by V.V.Rad-

lov, N.N.Pantusov, A.Divaev, I.Zhansugurov, M.Tileuzhanov, 

M.Gumarov, T.Sydykov, E.Tursynov and other scientists. Besides, 

the manuscript heritage of such scholars as M.Hakimzhanov, 



420

421


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

B.Zhakypbaev, F.Gabitov, S.Zhakypov, E.Kulpeyisov, B.Shertaev, 

S.Kolshabekov was used.

In the course of preparation for the publication of the volume, 

the texts were used which were previously used in publications 

such as «Tartu» by A.Divaev (1923), «Kazakh-baksy-balgerleri» 

by Zh.Daurenbekov and E.Tursynov (1993), «Nanym-senimder 

gurpynin folklori» by B.Abylkasymov (2004), «Tekes audanynin 

khalyk olen-zhyrlary» published in Xinjiang district in China 

(1992), as well as published before the October Revolution «Samp-

les of the Kyrgyz people’s literature» (1909), «Demonological sto-

ries of Kyrgyz people. Notes of the Imperial Russian Geographical 

Society, department of ethnography» (1888), «Proceedings of the 

Society of Archaeology, History and Ethnography at the University 

of Kazan»(1899). If the manuscripts of the works published this 

editions are found in the rare foundations, the comparative ana-

lysis of texts and notes is presented.

According to the principles of publishing of the series, the texts 

are provided with scientific annexes and the works have respective 

numbers. Scientific supplements to the volume include informa tion 

about the copyists, publishers and editions of the texts included in 

it, the scientific interpretation of the texts included in this volume, 

a dictionary, geographical names, information about historical 

fi gures in the text, a list of references, summary in English and 

Russian languages.

The total size of the volume—27,0 pp

.


МАЗМҰНЫ



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал