Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

104. [БАТА БАС БӘЙГІ АЛ…]

Бата, бас бәйгі ал,

Пәлекетін қайтар.

Судың түбі лай,

Жарылқасын Құдай!

Я, Құдай, малды қылсын,

Басты қылсын.

Еліңе қас қылғанның

Тамағына тас тығылсын!

Елің ердей болсын,

Көңілің көлдей болсын.

Бақытың таудай болсын,

Байлығың құрымдай болсын,

Дұшпаның құйқадай болсын!

Аллахуәкпар!

19-0139


290

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



105. [ӘУЛИЕ СЕНІ БАЙ ҚЫЛСЫН…]

Әулие сені бай қылсын,

Төрт түлігіңді сай қылсын!

Балалы етсін шағалы,

Ел ішінде жағалы.

Балаң болсын палуан 

Рүстемдей шамалы.

Бір өзенге сыймасын

Мал-басыңның қаралы.

Ерген кісінің

Тимесін саған залалы!

Дастарқаның кең болсын,

Дұшпаның сенің кем болсын!

Қайырлы болсын дәулетің,

Құрбыңнан асып сәулетің.

Ұзын болсын өмірің,

Буына соның семірің!

Болыс болсын бір балаң

Тастан соққан қорғандай.

Молда болсын бір балаң

Мешітке имам болғандай!

Батыр болсын бір балаң,

Жауға шапсын қорғанбай.

Ісімер болсын бір балаң,

Әр өнерге ойланбай!

Жомарт болсын бір балаң,

Көргеннің көзі тойғандай.

Шешен болсын бір балаң,

Сөз сөйлесін толғанбай.

Шаруашы болсын үш балаң,

Айтып қолмен қойғандай!

Әдепті болсын келінің,

Болдырмай ешбір желігін.

Қызың және көп болсын,


290

291


БАТАЛАР

Жас шыбықтай бұралған.

Керек десе жауапты

Ізетпенен сұраған.

Тоқтатты енді атаңыз,

Осы біздің батамыз!



106. [Е, ПАТША ҚҰДАЙЫМ…] 

Е, патша Құдайым, 

Жарылқағанмен жандас ет,

Ораздымен оттас ет.

Кімді жарылқасаң,

Соның қасыңда ет!

Алдағыға азық, шүкір, нәубет,

Астыр, тастыр,

Үзілістірмей ұластыр,

Жақсылықпен жалғастыр!

Дәулетің зияда болсын,

Дұшпаның пияда болсын.

Құдайың тілегіңді беріп,

Тұсауыңды алсын 

Ерлердің дұғасы,

Жарандардың батасы!

Болмағай менің

Бұл батамның қатасы.

Тағы да бір Құдайым жарылқасын,

Басыңа Қыдыр дарысын!

Иманың мен жасыңа

Қыдыр дарысын.

Ішіп-жеген асыңа

Қыдыр дарысын!

107. [ШЫРАҒЫМ, МЫРЗАЛЫҒЫҢА…]

—Шырағым, мырзалығыңа, 

Момындығыңа халқың бақсын,

Аллаға қылмысың жақсын.

Таңда махшардың күнінде


292

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Алдыңнан бұлақ ақсын.

Періштелер маңдайыңнан сипап,

Жаурыныңнан қақсын!

108. [ҚАРШЫҒАДАЙ ҚАҢҚАЙЫП…]

Қаршығадай қаңқайып,

Ителгідей талпынып,

Жүруші едің, Мырзажан.

Көкірегің ақ болсын,

Алтын басты әулием,

Алтыннан болсын тұмарың.

Айналаңның ұрысы—

Бәрі сенің құрбаның.



109. [ӘУМИН ДЕСЕҢ БІЗГЕ…]

«Әумин» десең бізге,

Біз бата берeлік сізге.

Жасың жетсін жүзге,

Желің кетсін құла дүзге!

Мал мен басты,

Иман мен жасты

Қабат бермейді екен деп,

Тәңіріден күдер үзбе!



110. [ҚҰДАЙ-АЙ ТОБА…]

Құдай-ай, тоба,

Тәубасын қабыл ет,

Дұғасын мұсажап ет,

Мәдинеде Мұхамет,

Түркістанда Қожа Ахмет!

Е, Мұхамет, болғайсың 

Мына үмбетіңе жар, медет!

Бұ дүниеде жиғанды ет,

Ақыретте иманды ет! 


292

293


БАТАЛАР

111. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЕСІҢЕ АЛ…]

Е, патша Құдай, есіңе ал, 

Өзің жарылқасаң, 

Былайғының несі бар?

Е, патша Құдай, 

Әуелі өз кәріңнен сақта,

Патшаның кәрінен сақта!

Қадамы қаттыдан сақта,

Дос болып, қас болғаннан сақта.

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,

Жиылған наздан сақта.

Тасыған судан сақта,

Ұйтқып жанған өрттен сақта,

Ыңырантып жатқан дерттен сақта! 

112. [БІР ЖАСАҒАН ҚҰДАЙЫМ…]

Бір жасаған Құдайым,

Бермесін басқа уайым!

Тең құрбыңның ішінде

Үстем болсын талабың.

Үйіңе мейман келгенде,

Ашық болсын шырайың.

Қолдарың жайып тілей бер,

Айрандай болып ұйыған

Бір өзіңе қылайын!

113. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…] 

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Жарылқасын деп келеді,

Кішкене ғана сабыр ет!

Бақ бер, бәледен сақта,

Қауіптен, қатерден сақта!

«Әумин» десең бізге,

Бата берелік сізге.

Әуелі, Құдай, жаздай бер,


294

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Жаздай берсең, жазбай бер.

Әуелі, Құдай, күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер.

Әуелі, Құдай, қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер.

Бұл үйдің бізге берген дәмі тары екен,

О да өзінің бары екен.

Бұл үйге қас қылған адамды

Көтеріп тұрған жер ұрсын,

Аспандағы көк ұрсын.

Менің берген батам емес,

Бұрынғы Пайғамбардың берген батасы.

Оның болмас қатасы!

114. [ҚАБЫЛ БОЛСЫН МҰСТАЖАП...]

Қабыл болсын мұстажап 

Осы Құдай жолыңыз.

Малың мен басың тең өсіп,

Халықтың алды болыңыз!



115. [ШАЛҚАР КӨЛДЕЙ КӨП БОЛСЫН…]

Шалқар көлдей көп болсын

Қымыз бенен айраның.

Атағың мен атыңнан

Жұртқа тисін қайраның!

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол.

Отыз ұлды орда бол,

Ұман жұрттың басы бол!

116. [БАҒА АЛМАСТАЙ МАЛДЫ БОЛ…]

Баға алмастай малды бол!

Жалшы менен құлыңа,

Әбүйір берсін қызыңа,

Дәулет берсін ұлыңа!



294

295


БАТАЛАР

117. [КӨЗ ЖЕТПЕСІН ТҮЙЕҢЕ...]

Көз жетпесін түйеңе, 

Көз сүрінсін биеңе.

Соның бәрін берген соң,

Разы бол Иеңе!



118. [ТАСЫҢ ӨРГЕ ДОМАЛАП…] 

Тасың өрге домалап,

Өсе берсін ырысың.

Саған қас қылған дұшпанның

Өз руы құрысын!



119. [ҚҰДАЙЫМ МАЛДЫ ҚЫЛ…]

Құдайым малды қыл,

Тең құрбыңның алды қыл.

Қас қылған кісіні

Қасқа шұнақ жарлы қыл!



120. [ҚҰДАЙЫМ, БАЙ ЕТ…]

Құдайым, бай ет,

Төрт түлікке сай ет.

Ұл-қызды көп беріп,

Көңілін мұның жай ет!



121. [ДЕЛЕБЕНІ ҚОЗДЫРМА…]

Делебені қоздырма, 

Ағайыннан оздырма.

Кедей етіп шеттетіп,

Жатқа қолды создырма.

Данышпандық ой беріп,

Бұл өмірде тоздырма!



296

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ар мен ұят, намыс бер,

Бақытты етіп қоныс бер.

Қыдыр ата қолдайтын 

Ерік-жігер таныс бер!

Әумин!

122. [БАҒЫҢ БАР БОЛСЫН…]

Бағың бар болсын, 

Ашуың тар болсын!

Сыбағалы сәттерің 

Мол әрі зор болып,

Алла қолдап,

Қыдыр ата жар болсын!

Ұлтыңның берекесін,

Әлемнің мерекесін,

Өмірдің көп есесін 

Тәңір қолдап,

Бақыттың бес есесін берсін! 

Ел ағасы болар ұлың болсын,

Елінің нұры болсын.

Жұртқа ана болардай қызың болсын,

Мейірімді шапағаттай ізі болсын!

Аспандағы ай,

Өздері бай,

Көңілдерің жай,

Балалардың мінгені тай болсын.

Дұшпандары қор болсын,

Достары зор болсын!

123. [О, ТӘҢІРІМ…]

О, Тәңірім! 

Көрік берме, көлік бер,

Ақыл-ес бер көріпкел!

Таудай талап, ерік бер,

Ұл бер, қыз бер,

Ақылды етіп теріп бер.



296

297


БАТАЛАР

Бақытты өмір сүрерлік 

Ұл-қызыма серік бер!

Жігерімді құм қылма,

Досымды қу, сұм қылма,

Болмасын дұшпан сұңғыла!

Өмір сүрер ашық-айқын бет бер,

Бақытына ұл-қыздың 

Өзің болшы себепкер!

Өзің берсең бақытты,

Қыдыр ата, періште қондыруға ептер.

Ұрпағыңмен мың жасап,

Бақыттың демін жүз асап,

Маңайың ақылдыларға толсын!

Әумин!

124. [ТӘҢІР ТІЛЕГЕНДІ…]

Тәңір тілегенді, 

Алла арманыңды орындасын!

Берсем, бата берейін,

Өткен ұлы аталар,

Жасап жатқан ағалар рухы көтеріп,

Халқының мейірі түссін!

Алған жарың қорғасындай салмақты,

Алтындай сәулелі,

Күмістей ақ, сүттей пәк болсын,

Уайым-қайғысы жоқ болсын!

Қыдыр Ата, періште,

Үй алдына кеп қонсын!



125. [АТАМЕКЕН АМАН БОП…]

Атамекен аман боп, 

Ақ шаңырақ жайнасын.

Отау тігіп ұрпақтар,

Тоты құстай сайрасын!

Саулықтарың мықты боп,

Өріс-ойлар шалқысын.



298

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Тату-тәтті өмірде 

Көңіл-күйлер балқысын!

Қиын-қыстау кездерде 

Аспанды бұлт шалмасын.

Үлкендерге ұрпақтар 

Тауқыметін салмасын!

Қабыл болсын тілегім,

Шындықты шерткен жүрегім.

Ата-баба жар болып,

Құдірет болсын тірегің!

Осылай айтқан тілек орындалсын,

Бұлжымай түгелімен қабылдансын.

Қазақтың ақ ниетті азаматын

Құдайым бергенінен айырмасын!

Шаңыраққа бақыт қонсын одан әрі,

Ел аман, тыныш болсын жұрттың бәрі.

Ұрпақтар ата өмірін жалғастырсын,

Сол үшін «Әумин» дейік жас пен кәрі!



126. [АЛДЫҢА ҚАРА ТҮСПЕСІН…]

Алдыңа қара түспесін, 

Көзіңнен күлкі кетпесін!

Ғұмыр жасың мол болып,

Қызыр Ілияс қорғаның

Әр уақыт сені қолдасын.

Бақытты болып өмірің,

Басыңда қайғы болмасын!

Аруақтар сені қолдасын!

Аумин!

127. [ИӘ, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]

Иә, Құдайым оңдасын, 

Еш жамандық болмасын!

Ұл менен қызың ержетіп,

Басыңа дәулет орнасын.

Келінің болсын келімді,


298

299


БАТАЛАР

Ұлың болсын білімді.

Бермесін қонақ төріңді,

Билесін ұлың еліңді!

Аллағу акпар!

128. [ӘМИН ДЕСЕҢ МАҒАН…]

«Әмин» десең маған, 

Бата бердім саған.

Қабыл болсын тобаң,

Қолтығыңнан демесін 

Қыдыр бабам!

Уа, дәм ішкендер терлесін,

Маңыңа дұшпандар келмесін.

Тәңірім берген несібең

Күннен күнге өрлесін.

Талабыңды жүргізіп,

Тәңірім өзі оңдасын!

Гүл-гүл жайнат,

Тайдай ойнат!

Басың аман, бауырыңды бүтін қылсын,

Жорытқанда жолың болсын!

Қожа Пәуеддин қолдап өтсін!

Аллағу акбар!

129. [БАТА-БАТА БАУДАЙ БОЛ…]

Бата-бата, баудай бол, 

Басы биік таудай бол.

Көкала шапан көлдей бол,

Көшіп жүрген елдей бол!

Қазаның қаспақты болсын,

Сиырың баспақты болсын.

Ұл балаң он шақты болсын,

Қыз балаң моншақты болсын!

Әумин!


300

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



130. [ЕЙ, ҚҰДАЙЫМ, 

МҰНЫҢ ЖОЛЫН АШЫҚ ҚЫЛ…]

Ей, Құдайым,

Мұның жолын ашық қыл, 

Дұшпанынан қашық қыл!

Ей, Құдайым, 

Мұны астыр-тастыр,

Жұлдызбенен жалғастыр,

Жамандардан адастыр,

Жақсылармен жолдас қыл!

Ей, Құдайым, мұны көп ет,

Көлдей мамыр ет,

Тілегенін қабыл ет.

Қарағанда көзің жіті болсын,

Қармағанда қолың ұзын болсын.

Құдайдан не тілесең, соны берсін,

Алдың базар, артың шаһар болсын!

Ей, Құдайым, бұған жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер,

Ей, Құдайым, бұған күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер,

Ей, Құдайым, бұған қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер!

Бақыт қонсын, қыдыр дарысын,

Кең пейіл берсін, кетпес дәулет берсін,

Алғам диллахи, алғамның берекетін берсін!

Алла акбар! 



131. [ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ЗОР БОЛСЫН…]

Денсаулығың зор болсын, 

Дастарқаның мол болсын.

Күнде-күнде қой сойып,

Қызғылықты той болсын!

Аллағу акпар! 


300

301


БАТАЛАР

132. [УА, ПІРІМ…]

Уа, пірім! 

Жаралғанмен жолдас ет,

Ораздымен аттас ет.

Жаз жайлауын жаусыз ет,

Қыс қыстауын қарсыз ет.

Айдаған малын даусыз ет,

Дүниеден мұңсыз ет,

Иә, Құдайым бұған берме дерт!

Кетпес бақыт бер,

Кең пейіл бер,

Ұзақ өмір бер,

Екі дүниенің абыройын бер,

Абыройлы ғұмыр бер,

Алүам дилләхи,

Алқамның берекетін бер! 

133. [КӨЖЕ ІСТЕГЕН КЕЛІНДЕР…] 

Көже істеген келіндер, 

Көпке жаққан елшіл бол,

Бозторғайдай төлшіл бол.

Орқояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол!

Қыстан қысырамалдық,

Жаз күніндей жадырамадық,

Өткен ай өзімен кетіп,

Туған ай жарылқасын!

Аяз әлін біліп,

Күнікей күн жарылқасын!

Аллау әкпәр! 



134. [МІНЕ, БАТА, АҚ НИЕТ…] 

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.



302

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірден таймай өт!

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет.

Алла атымен ниет ет,

Жоқ-жітікке рақым ет!

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!



135. [БАЙДЫҢ КӨҢІЛІ ЖАЙ БОЛСЫН…]

Байдың көңілі жай болсын,

Мың жылқылы бай болсын.

Айдағаның қой болсын,

Шайнағаның май болсын.

Азын-аулақ дәулетің

Күнде өзіңе той болсын!

Жұртта қалған жырымың

Домалап келіп қой болсын.

Жұртта қалған тулағың

Тулап келіп тай болсын,

Тай болсын да туласын!

Бір тамырың сұрасын,

Сұраса да бермесін!

Атың-атың, ату бол,

Ағайынмен тату бол.

Жаз кигенің құлпы

 

бол,


Қыс кигенің түлкі бол!

Бағаналы таудай бол,

Шағалалы көлдей бол,

Үстінен қаз қаңқылдап өтпесін!

Бұрама темір, сом алтын,

Суға салсаң, батпасын.



302

303


БАТАЛАР

Тәңір берген несібең,

Тепкілесең, кетпесін.

Желінің бір шетіне

Оқ шырқасаң, жетпесін,

Сенен байлық өтпесін!

Есігіңнің алдынан

Елу інген боздасын,

Қораңнан бес жүз саулық қоздасын!

Қойшыңды мықтап салғайсың,

Күн бұлт, жауын жауғанда,

Адырлы жерге жайғанда,

Қойынан айырылып қалмасын.

Қасқырға қойын бермесін,

Сөйтіп, Құдай оңдасын!

Жылқың сенің мың болсын!

Жылқы деген жақсы мал,

Бес ұлыңа бақтырып,

Бес айдыннан суартып,

Бетегелі тауға жаба сал!

Сиырың сенің мың болсын,

Қысың қатты болғанда,

Қамысты жерге айдап сал!

Бісмылда алда әкпар!

 

136. [АҚ АЛА АТ, КӨК АЛА АТ…]

Ақ ала ат, көк ала ат,

Келінжанды балалат.

Қыз тумасын, ұл тусын, 

Бәрімізге қолқанат!

Балаларыңның мінгені 

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Көңілдерің жай болсын!

Айтқанмен жарамазан тоямыз ба?

Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?

Қой берсең, қозы берсең, жарасады,

Апарып ауыз ашарға соямыз да!



304

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



137. НАУРЫЗ БАТАСЫ 

Наурыз келіп, қар кетті,

Ақ қар, көк мұз жұтатқан 

Шаруа елінен зар кетті.

Наурыз келіп, жаз кірді,

Жаз періште «Әз кірді».

Күнеске тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Жапырақсыз бұтақтар 

Арбағай да сарбағай,

Желек жаппай қалмағай.

Арық-тұрақ төрт түлік,

Көк жеп жапа-тармағай,

Қабырға жаппай қалмағай!

Көтеремнің төрт бұты 

Ербегей де сербегей,

Енді шығын бермегей.

Бізге келген бәлекет 

Қармен бірге қаңғырып,

Таудан ары өрлегей,

Мұсылман бетін көрмегей!

Уа, бәлекет, бәлекет!

Еріп аққан сумен кет,

Көтерілген бумен кет!

Қызарып батқан күнмен кет,

Қарайып батқан түнмен кет,

Ағарып атқан таңмен кет!

Жақындамай мал-басқа,

Тау-таста өлген аңмен кет!



138. [НАУРЫЗДЫ ЖЫЛЫ ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ…] 

Наурызды жылы қарсы алайық,

Асқақтата ән салайық.

Күн нұрына бөленейік,

Бақ-ырысқа кенелейік.

Дүниеге жаңа адам кеп,

Құмырсқадай көбейейік!

Ақшақардай ақ көңілдер,


304

305


БАТАЛАР

Бола берсін шат көңілдер.

Болмасын тек арамызда 

Арам, пиғыл, жат көңілдер!

Отау тігіп жас жұбайлар,

Шыға берсін Ыбырайлар.

Бәріміз де сау болайық,

Кішкентайлар дәу болайық!

Шетімізден жүз жасайық,

Ерлік жасап шыңға асайық.

Табысымыз тaудай болсын,

Басымызға бақыт қонсын,

Қоймамызға астық толсын!

Ғалым асқар аса берсін,

Жаңалықты аша берсін.

Жаңа жылда жаңа бақыт

Алдымыздан тоса берсін!

Әумин!


139. [УА, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]

Уа, Құдайым оңдасын, 

Кедергі жолда болмасын!

Екі жастың тілегін

Періштелер қолдасын.

Ғайып-ерен қырық шілтен

Қашанда болсын жолдасың!

Арандатқан араны

Қаскүнемдер оңбасын.

Ел ырысы молайып,

Малың көкке тойынсын.

Қуанышың құтты боп,

Ұзағынан сүйіндірсін!

Әумин!

140. [ҚҰТТЫ БОЛСЫН ШАҢЫРАҚ…]

Құтты болсын шаңырақ, 

Пана болсын жалғыз Xақ!

20-0139


306

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қосағыңмен қоса ағар,

Өмірлерің болсын шат.

Адал жанға бақ қонар,

Еш адамды көрме жат!

Берер батам келінге,

Сүйкімді бол еліңе. 

Ата-енеңді құрметте,

Қияңқы пейіл дегізбе!

Айтар сөзім балаға,

Ұмытпай сақта санаңа.

Жан-тәніңмен сый көрсет,

Ақ сүтін сорған анаңа!

Сүйген жарың аман болсын,

Ел сүйер ақпейіл санаң болсын.

«Балалы үй—базар» деген ата-бабам,

Сүйгенiңнен он шақты балаң болсын,

Ел қорғаны, ақылды, адал болсын!

Отыңның басы басқа толсын

Дастарқаның асқа толсын.

Немерелерің—мұрагерің 

Ұзақ өмір жасқа толсын!

141. [АЛ, ӘУМИН ДЕСЕҢ, ҚОЛЫҢ ЖАЙ…] 

Ал, «әумин» десең, қолың жай,

Көпшіліктен бата алып,

Болсын, балам, көңілің жай!

Құт болсын,

Отау тігіп, от жағып,

Семья құрған үйлерің!

Арта берсін

Бақыт, дәулет күйлерің,

Қолтықтасын, қолдасын 

Бифатима пірлерің!

Малға толсын өрісің,

Жайлы болсын қонысың.

Орнына кеп оңалсын 

Талап еткен әр ісің!

Қораға толсын қойларың,

Орындалсын арман еткен ойларың!



306

307


БАТАЛАР

Боталап өссін түйесі,

Аман болсын семьяның үлкен иесі.

О да өссін сиырың,

Сиырың өссе мыңғырып,

Айран, қатық, майға шықсын бүйірің!

Ал, балалар,

Шаңырақтарың биік болсын,

Мал мен басты бастарыңа үйіп берсін!

Босағаларың биік болсын,

Тату-тәтті, махаббатты,

Біріне-бірі серік болсын.

Оттарың басы шуылдап,

Күл шашарларың көп болсын!



142. [ЖЕТЕГІҢ БҰЙДА БОЛСЫН…]

—Жетегің бұйда болсын,

Арқаның шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын!

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Бесігің алдыңнан түспесін,

Жамандық саған жетпесін!



143. [ЕЛІҢЕ ЕЛЕУЛІ БОЛ…]

—Еліңе елеулі бол,

Халқыңа қалаулы бол.

Ата-енеңе жағымды бол,

Қайын-қайынағаңа жағымды бол!

Ауылыңа абыройлы бол,

Куйеуіңе жайдарлы бол!

144. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…] 

Әуелі Құдай оңдасын,

Оң жолына бастасын,



308

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қыдыр бабам қолдасын!

Бұрама темір, сом алтын,

Суға салса, батпасын.

Тәңірің берген ырзығың,

Тепкілесе, кетпесін!

Көген бұршақты болсын,

Перзентің оншақты болсын!

145. [ЖАНДЫ ЖАҚТЫ ҚЫЛСЫН…]

Жанды жақты қылсын,

Малды бақты қылсын.

Екі жас өмірлі болсын,

Ата-енесіне мейірлі болсын!



146. [СЕЗІМНІҢ ПӘКТІГІН БЕРСІН…] 

Сезімнің пәктігін берсін,

Көңілдің ақтығын берсін.

Жылушы отбастарыңа 

Сәбидің шатты үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,

Есіктерің жабылмасын.

Шаршап-шалдыққандар 

Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден сақтасын,

Күңкіл өсектен сақтасын.

Дау-жанжалдан сақтасын,

Достан көңіл қалғаннан сақтасын!

Шайтанның азғыруынан,

Елдің жазғыруынан сақтасын.

Асып-тасқанынан сақтасын,

Алшаң басқаннан сақтасын!

Отауларың елге сән болсын,

Өмірлерің бал болсын.

Бибі Фатима анамыздың

Аруағы өздеріңе жар болсын!

Әумин!


308

309


БАТАЛАР

147. [АҚТАН БЕРСІН, АДАЛДАН БЕРСІН…] 

Ақтан берсін, адалдан берсін,

Бәлекетін жатқа берсін.

Абырой, арын жатқа берсін,

Ер маңдайын баққа берсін!

Қара түндей қазаны

Қас ойлаған жатқа берсін.

Сөнбес күндей шат көңіл,

Адал ниет екі жасқа берсін!

Жасқа берсе адал ниет, ақ көңіл,

Алтын орда, биік шаңырақ

Жұматай мен Майра сынды датқа берсін!

148. [БЕТАШАР ТОЙДЫҢ АТАСЫ…] 

Беташар—тойдың атасы,

Сөзімнің бар ма қатасы.

Бет ашам деген болады

Жастарға берер батасы.

Соған жылжып келейін.

Құдайым, әуел баста басты берсін,

Қайырлы ұзақ ғұмыр жасты берсін!

Құдайым енді берсе, миды берсін,

Мүбарак берген батам қабыл болсын!

Тұяқ риза, бұлбұл торғай сайрап тұрсын,

Самауыр төрт-бес жерде қайнап тұрсын.

Сүт ішіп төрт көнектен төрт бедеуің,

Шарбақта асыр салып ойнап тұрсын!

Үйіңе күнде қонақ қонып тұрсын,

Сыйысып ақ ордалы тасып тұрсын.

Терісі бес айғырдың саба болып,

Қымызын қыз-келінің құйып тұрсын!

Баласы көргендінің мен де бір ер,

Еһ, Алла, бұл жастарың тілегін бер!


310

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет