Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

149. [Я, ЖАРАТҚАН ҚҰДАЙ…] 

Я, жаратқан Құдай,

Сенің әмірің болғай!

Сұңқар ұшты қиядан,

Бала ұшты ұядан.

Жан Иеміз қолдай гөр,

Шын бақытқа жолдай гөр!



150. [БАЛАМ, ЗЕРДЕЛІ, ДАНА БОЛ…] 

Балам, зерделі, дана бол,

Адасқанға пана бол!

Ісіңе ақылың серік болсын,

Жүзің ыңғай ашық болсын.

Лебізіңе жұрт ғашық болсын,

Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!

Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,

Қасыңнан азғырушы қашық болсын!

Қиындық көрсең, мұңайма,

Ауырлық көрсең, жұқарма.

Себебі: жарларлық олар емес,

Дүниеқоңыздық өмір емес!

Біріншіден,

Тәңірден панаң болсын,

Қиында оның сөзі шипа болсын!

Екіншіден,

Алған жарың жақсы болсын,

Ата-анаңды сыйлайтын болсын!

Үшіншіден,

Балақанмен бесік іші жыбыр болсын,

Отбасы баламенен дүбір болсын!

Лайым солай Құдай қолдай берсін,

Ақ тілектеріңді қабылдай берсін!

Аллаху әкбар!



151. [БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР…] 

Бақытты болыңдар,

Бақтарың ашылсын,



310

311


БАТАЛАР

Әр күндерің шаттыққа толсын!

Босағаларыңа жамандық жетпесін,

Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.

Ұлдарың он шақты болсын,

Қыздарың моншақты болсын!

Бастарыңа бақ қонсын,

Жаратқан Ием жақ болсын.

Ынтымақтарың серік болсын,

Шаңырақтарың берік болсын!

Несібесі еселі болсын,

Дастарқаның жайыла берсін.

Қызықтарың тең болсын,

Ауыл мерекелі болсын,

Өмірлерің берекелі болсын!

Жолдастарың ақ болсын,

Жақсылыққа тап болсын!

Сән-салтанатты болыңдар,

Мал-дәулетті болыңдар!.

Әумин!


152. [ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН ҚАДАМЫҢ…] 

Қайырлы болсын қадамың,

Келген жеріңе баянды бол, шырағым!

Көп жасап күміс болма,

Аз жасап алтын бол, шырағым!

Қасың менен досыңды 

Қас қабақтай тани біл!

Жұптарың айырылмай,

Тату-тәтті өмір кешіңдер!



153. [ЖЕТЕГІҢ БҰЙДА БОЛСЫН…] 

Жетегің бұйда болсын,

Арқаның шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын!

Бесігің алдыңнан түспесін,


312

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Басыңнан жақсылық кетпесін,

Жамандық саған жетпесін!



154. [ТІЛЕК ТІЛЕП ЖАЛҒЫЗ ХАҚҚА...] 

Иә, өмір қызығын бере берсін,

Не бергеннің қайырын берсін.

Еңбектерің жемісті болсын,

Тұрмыстарың келісті болсын!

Бақ қарасын, қыдыр дарысын,

Деніңе саулық берсін!

Дастарханның байлығын берсін,

Берген дәмің бал болсын,

Өріс-қонысың бар болсын.

Осы үйге қастық қылған 

Дұшпаның дал болсын,

Өміріңе Тәңір жар болсын!

Ел басыңа туған ер бол,

Ақылың дария көл бол.

Көпке бірдей күн бол,

Халық аузында жыр бол,

Халқыңа лайықты ұл бол!

Баланың бауы берік болсын,

Өздеріңе ер жетіп серік болсын.

Екі босаға аман болып,

Келін тағы да жерік болсын!

155. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…] 

—Е, Құдайым оңдасын,

Малымыз бен жанымызға, 

Еш жамандық болмасын.

Жортқанда жолымыз болсын,

Қыдыр ата жолдасымыз болсын!

Жалындаған оттан сақта,

Сарқыраған судан сақта.

Бәле-жаладан сақта,

Алланың кәрінен сақта.

Түн жүріп, түс қашқаннан сақта,


312

313


БАТАЛАР

Дос болып жүріп,

Қас болғаннан сақта!

Құдай Тағала!

Жайған дастархандарың жайыла берсін,

Бауырсақтарың шашыла берсін!



156. [«БАТА» ДЕДІҢ МАҒАН…]

«Бата» дедің маған, 

Бақ дарысын саған.

Дастарханыңнан кетпесін 

Адал тапқан тағам.

Аллаһу акбар! 

157. [АҚ ДАСТАРҚАН ЖАЙЫЛДЫ…] 

Ақ дастарқан жайылды, 

Табақ толы ас келді.

Бізге берген асыңыз, 

Көбейе берсін басыңыз.

Бізге берген жілігің,

Арта берсін білігің.

Бізге берген омыртқаң,

Малың болсын шұбыртқан.

Бізге берген жамбасың,

Аман болсын жан-басың.

Бізге берген жаурының,

Ауырмасын бауырың!

Әумин!

158. [ШӘЙЛАРЫҢ ҚЫЗЫЛ БОЛСЫН…] 

—Шәйларың қызыл болсын,

Ғұмырларың ұзын болсын,

Дұшпандарың қашып жүрсін!

Досыңнан көңілің қалмасын,

Дұшпаның жағаңнан алмасын,

Ғайып-Ерен Қырық Шілтен қолдасын!


314

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



159. [ЖАРЫЛҚА, АЛЛА, ҚАБЫЛ ЕТ…] 

Жарылқа, Алла, қабыл ет!

Жарылқаудың қамын ет.

Атақ-абырой, бақ қонып,

Алла Тағала не зат тілесең қабыл ет!

Періште әумин десін!

160. [ДАСТАРХАНЫҢА БЕРЕКЕ БЕРСІН…] 

Дастарханыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін.

Астарыңа адалдық берсін,

Бастарыңа амандық берсін!

Жандарыңа тыныштық берсін,

Дендеріңе саулық берсін.

Қызметтеріңе табыс берсін,

Еңбектеріңе жеміс берсін!.

Дастарханың мол болсын,

Ағып жатқан көл болсын.

Бала-шаға өніп-өсіп, өркендеп,

Алды-алдына ел болсын!

161. [ДАСТАРХАН ТОЛЫ АС БОЛСЫН…]

Дастархан толы ас болсын,

Ордаң толған бас болсын,

Бәріне де бір-бір ғасырлық жас болсын!

Дастарханға келген ел 

Ішпей-жемей мас болсын!

162. [ДАСТАРХАНДАРЫҢ ТОҚ БОЛСЫН…]

Дастархандарың тоқ болсын,

Уайым-қайғы жоқ болсын.

Тепкілесе, кетпейтұғын,

Маңдайға біткен бақ болсын!



314

315


БАТАЛАР

163. [ДАСТАРХАНҒА БЕРЕЙІН МЕН БІР БАТА…] 

Дастарханға берейін мен бір бата,

Соңымнан еріп жүрсін Қыдыр ата!

Бізге жайған дастарханың мыңға жайылсын,

Қайнамаған самаурын жүз қайнасын.

Төр алдында топырлап бала ойнасын,

Су қайнамай, қазаныңда май қайнасын!

Қора толған төл қоса ойнасын,

Құда менен құдағи қатар келіп,

Домбыра алып, ән салып, күй ойнасын!

Айтамын мен бәрі де жақсы-жақсы болсын,

Осыменен батамыз тамам болсын,

Жылдан-жылға Отаным аман болсын!



164. [БЕРЕЙІН БАТА АСЫҢА…]

Берейін бата асыңа,

Амандық берсін отбасына!

Мұратың асыл болсын,

Жарылқап Тәңірі бақ берсін.

Дастарханға ақ берсін,

Бұл үйге мол дұға берсін!

Ізгі хабарды ұқтыра берсін,

Мерейің үстем болсын.

Нәсібің артық болсын,

Үй ішің, ұрпағың аман болсын,

Ақ тілегің қабыл болсын!

Бір Құдайым оңдасын,

Ізгі бастауыңды қолдасын.

Ақ батамды айтқаным,

Қабыл болсын! 

Аллаху әкбар!

Айдай жарқыра,

Жұлдыздай жарқыра!

Маңдайың ашық болсын,

Дұшпаның қашық болсын!

Аллаху әкбар! 

 


316

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



165. [ҚҰДАЙЫМ ОСЫНАУ ҮЙГЕ 

ДҰҒА БЕРСІН…]

Құдайым осынау үйге дұға берсін,

Тіл-аузын дұшпанының буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерін, сары ұлдар туа берсін!

Аллаху әкбар!

Үбірлі-шүбірлі бол,

Аллаху әкбар!

Қосағың мен қоса ағар,

Аллаху акбар!



166. [ДАСТАРҚАНЫҢА БЕРЕКЕ БЕРСІН…] 

Дастарқаныңа береке берсін, 

Бақ-дәулетің өсе берсін!

Әз-Жәнібектей көсем бол,

Жиреншедей шешен бол,

Әрдайым аман-есен бол!

Отанға тыныштық берсін,

Халқымызға бірлік берсін.

Тірілерге ризық берсін,

Өлілерге иман берсін!

Осылай деп тілейік тілекті,

Бір Алла өзі қабыл етсін!

Аллаһу акбар!



167. [ДАСТАРҚАННЫҢ ПАРЫЗЫ…]

Дастарқанның парызы 

Батасымен жарасар.

Жиналған жұрт масайрап,

Бір-біріңе қарасар.

Бастайды енді қария

Дастарқанның батасын.

Мұндай құрмет келгенде,

Ойланып қалай жатарсың.



316

317


БАТАЛАР

Сыйға арналған дастарқан

Ризығымен толыссын.

Қабыл алып тілекті,

Пайғамбарым болыссын!

Бақыт қонсын басыңа,

Қыдыр келсін қасыңа.

Шатты өмірге кенелсін

Үлкені де, жасы да!

Өміріңіз сәнденіп,

Болыңыз сау-саламат.

Тап осылай жарасып,

Бұл өмірде ғаламат

Үлкен кіші ағайын!

Батаны мен де болайын,

«Әумин» деңіз ниетке,

Бір жасап мен де қалайын!

«Әумин!»


168. [ДАСТАРҚАННЫҢ БАЙЛЫҒЫН 

БЕРСІН…] 

Дастарқанның байлығын берсін, 

Деннің саулығын берсін.

Шарбағың кең болсын,

Төрт құбылаң тең болсын.

Іші толған бау-бақша болсын,

Үйің толған бала болсын.

Аллағу акпар!

169. [ІШКЕНІҢ ШАЙ БОЛСЫН…]

Ішкенің шай болсын,

Жегенің сары май болсын.

Шәй бергенде қонаққа,

Көңіл-күйің жәй болсын!

Қандай тағам қойсаң да,

Ниетіңе сай болсын.

Қысқа арнаған соғымың



318

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Арда емген тай болсын.

Қазы-қарта жиырылып,

Балқыған жая, жал болсын!

Саулықтарың құрыштай,

Өміріңізге сән болсын!

Шайға жайған дастарқан

Ұлы тойға ұлассын.

Әр қонақтың жаршысы

Шай ішуден басталып,

Өмірге солай жарассын!

Әумин!

170. [Я, TӘҢІРІМ, САҚТА…] 

Я, Tәңірім, сақта,

Бақыт бер басқа,

Таупық бер жасқа.

Бармын деп таспа,

Жоқпын деп саспа!

Береке бер

Ішіп-жейтін асқа!



171. [ӘУЕЛІ, ҚҰДАЙ, ЕСЕН ЕТ…]

—Әуелі, Құдай, есен ет,

Жиреншедей шешен ет,

Атымтайдай көсем ет!

Ақылдың құлпын берсін,

Ибраһимнің бақытын берсін,

Сүлейменнің тақытын берсін!

Қыдыр құсы қонсын қасыңа,

Бұлбұл құсы қонсын басыңа.

Жортқанда жолың болсын,

Жолдасың Қыдыр болсын!

Жоғары болсын жұлдызың,

Бақытты болсын ұл-қызың.

Ал иесі байысын,

Ойлағаның жақсылыққа сайысын!


318

319


БАТАЛАР

Дәмді сөзден бата қылмақ бізден,

Аллаху акбар!

172. [БАЛА ТУДЫ БІР АДАМ…]

—Бала туды бір адам,

Кең дүниеге келген соң

Бүгін мұнда мың келсін,

Бала туған күн болсын!

Бала жайлы жыр болсын,

Халайық, тілек тілейік.

Осы бала кім болсын?

Таудай болсын бақытты!

Тау болғанда шың болсын,

Бейне бір шоқ гүл болсын.

Мықтылығы піл болсын,

Пілдей мықты болса егер,

Бұдан мықты кім болсын?

Бұл үйде емес жалғыз-ақ,

Барлық елге ұл болсын,

Халық аузында жыр болсын!

173. [АСА БІР СОҚҚАН ЖЕЛДЕЙ БОЛ…]

—Аса бір соққан желдей бол,

Алыстағы сары белдей бол.

Арқаның ақ төсіндегі 

Ақ айналы көлдей бол!

Толықсып жатқан елдей бол,

Қарқаралы, Көкенедей көрікті бол,

Бурабай көліндей мөлдір бол.

Көңілді өміріңе көлеңке түспесін,

Таудай биік парасатты бол!

Даладай дархан бол,

Теңіздей терең, ақылды бол,

Құшағың кең, мейірімді анадай бол!

Иә, мен ақ шашты атамын,

Күн сайын саған, ұрпақтар,


320

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ақ тілеу тілеп жатамын.

Алдыменен, аман болсын Отаным,

Өмірің күрсінбесін,

Ұяңның жұмы сілкінбесін,

Ата-анаңның қызығы таусылмасын,

Дос түгіл, ұрпақтарды жау сыйласын!



174. ШІЛДЕХАНА БАТАСЫ 

Құтты болып биігің,

Артық болып несібең,

Дастарханың жайылып,

Ашық болып есігің,

Өре берсін балалар!

Дұшпандарың болмасын,

Күншілдікпен табалар.

Алпамыстай тағы да,

Ұл артынан, ұл тапқын.

Жарқыраған шолпандай,

Қыз артынан, қыз тапқын!

Құтты болсын бүгінгі,

Шілдехана тойларың.

Тілектерің қабыл боп,

Орындалсын ойларың!

Әумин!

175. [НӘРЕСТЕНІҢ БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН…]

—Нәрестенің бауы берік болсын,

Ата-анасына серік болсын.

Азамат боп ержетіп,

Ақсақал боп төрлетсін!

Азамат болсын көрікті,

Ғұмыры ұзын берік-ті.

Қолқанаты көп болып,

Арт-артынан бере берсін серікті!

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты.


320

321


БАТАЛАР

Өнері болсын жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі келіп,

Алла берсін зор бақты!



176. [БАЛАНЫҢ БАУЫ БЕРІК БОЛСЫН…]

Баланың бауы берік болсын,

Өздеріңе ержетіп серік болсын.

Екі босаға аман болып,

Келін тағы да жерік болсын!



177. ТҰСАУ КЕСЕР БАТАСЫ

Тұсауың кесілді, құлама,

Тізеңді жаралап жылама!

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәніки, өзіңді сына да.

Секірсең құздардан, сүрінбе,

Шыңдарға шыққанда бүгілме!

Болаттай қабырғаң қатайып,

От ұшқын ойнасын түгіңде!

Ұзақ боп, иншалла, өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің.

Кесілді, балам, тұсауың,

Жалтақтамай аяқ бас!

Биік болып ұшарың,

Асқарлармен қанаттас.

Қасың қылар айла, мұң,

Қапылыста сүрінбе!

Әумин!

178. СҮНДЕТ ТОЙҒА БАТА

—Би-исми-л-лаһи-р-раһман-р-раһим,

Мұсылман болдың, қарағым,

21-0139


322

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Кәне, бері қарағын!

Шырағым, жағар ұлысың

Ата менен ананың.

Таудай болсын талабың,

Алтын менен күмістен

Жасалсын барлық жарағың!

Көрімдігің мінекей,

Бар ма тағы қаларың?

Қой сұрасаң, қой берем,

Тай сұрасаң, тай берем.

Зат сұрасаң, зат берем,

Ат сұрасаң, ат берем,

Батырлығың байқалса,

Сауыт берем ақберен.

Мұратыңа жете бер,

Күннен күнге өсе бер.

Ұзақ болып өмірің,

Өміріңнің түйінің,

Өз қолың мен шеше бер!

Әумин! 


179. [ЖАС ҰРПАҚ ӨМІРЛІ БОЛСЫН…] 

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын.

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді, қадірлі,

Өнегеге зейінді болсын!

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Жанқожа батырдың аруағы қолдап,

Ел қорғайтын батыр болсын!

Үш жүздің биіндей

Шындықты айтар ақын болсын,

Халқым деген жүрегі болсын,

Жұртының қамқор тірегі болсын!

Абыройы өрлесін,

Ел алдында ерлесін,

Жаманшылық көрмесін!

Аллағу акпар!



322

323


БАТАЛАР

180. [САПАРЫҢДЫ ОҢДАСЫН…]

Сапарыңды оңдасын,

Бабаңның рухы қолдасын.

Тәртіпке түсіп шынығып,

Сайланып қару бойға асын!

Сен еліңнің пырағы,

Отанды қорға қырағы.

Ел шетіне жау тисе,

Ажал болсын тұрағы!

Мәнісін ұқ батамның,

Борышын өте Отанның.

Амандық пен саулықты,

Мен де тілеп жатырмын.

Аман барып, сау қайтып,

Берсін жолдың төтесін!

Екі жылдық міндетті 

Абыроймен өтесін.

Бере берсін тілеуді,

Бейбітшілік жасасын!

Шыныға бер болаттай,

Елге жауды жолатпай.

Қатаң сақта тәртіпті,

Тура жүрген сағаттай!



181. [ЖОРТҚАНДА ЖОЛЫҢ БОЛСЫН…]

Жортқанда жолың болсын,

Жолдасың Қызыр болсын.

Құрығың ұзын болсын,

Түтін түзу болсын!..



182. [ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН ҚАДАМЫҢ…] 

Қайырлы болсын қадамың,

Сапарыңды оңдасын,

Қыдырдан болсын жолдасың.

Ата-баба аруағы 



324

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Сапарыңды оңдасын!

Жаратқан жаппар бір Құдай,

Бір өзіңе тапсырдым!

183. САҚТЫҚ БАТАСЫ

Уа, Құдай, тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет!

Тозақта жанған оттан сақта,

Қаңғырып тиген оқтан сақта.

Парақор соттан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта!

Қара жүрек бақылдан сақта,

Көкдауыл қатыннан сақта,

Кеудесін керген келіннен сақта.

Ұятсыз қызыңнан сақта!

Бұзық болған ұлыңнан сақта,

Түнеріп атқан таңнан сақта.

Мезгілсіз келген өлімнен сақта,

Жастарыңда әдеп жоқ,

Үлкендеріңде бәтуа жоқ,

Айғай-шу заманнан сақта!

Алдыңнан бақытың ашылсын,

Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.

Аллаху акбар!

184. [ МЫНА БЕРГЕН БАСЫҢ…]

Мына берген басың,

Аман болсын кәрі-жасың.

Мына берген жамбасың,

Аман болсын жолдасың!

Мына берген жілігің,

Аман болсын ілігің.

Мына берген төсің,

Бақ дәулетің өссін!

Мына берген омыртқа,

Жамандыққа жолықпа.



324

325


БАТАЛАР

Мына берген қабырға,

Ынтымақ-бірлігіңнен айрылма!

Жолға шықсаң, жолың болсын,

Жолдасың Қыдыр болсын!

Аруаққа иман берсін,

Пайғамбарға салауат берсін!

Жарылқасын Құдайым,

Болмасын ешбір уайым.

Шаңырағың биік болсын,

Босағаң берік болсын.

Алла ісіңді оңдасын,

Ауру-сырқаудан қорғасын,

Адал іске жолдасын!

Көрген күндер ашық боп,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Дос болған адам қас болса,

Бұл дүниеде оңбасын!

Арыстанның айбатын,

Жолбарыстың қайратын берсін.

Абырой бер амандық,

Бере көрме жамандық!

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Нұрмұхаммед жәрдем ет.

Ғайып Ерен Қырық Шілтен қолдау ет!

Жарылқасын Алла,

Көңілге қайғы салма.

Ынтымақ-бірлік, жомарттық 

Берекесін алма!

Жарылқасын Құдайым,

Тарттырмасын уайым.

Тілегімді қабыл ет,

Балаларды ғұмырлы ет,

Дертіне дауа ет!

Қатын-бала, мал-мүлкіңнің

Қызығы мен ғұмырын берсін.

Жортқанда жолың болып,

Қожай-Пәуеддин қолдап өтсін!

Аллаһу акбар!


МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

326


185. [МЕКЕНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН…] 

Мекеніңіз құтты болсын,

Саулығыңыз мықты болсын.

Жұмысыңызда жеміс болсын,

Баршаңызға тегіс болсын!

Өмірлерің ұзақ болсын,

Гүлденген нұрға толсын.

Мақсатыңыз орындалсын,

Ойыңыздай бола қалсын!

Шаңырағыңыз сәнді болсын,

Дастарқаныңыз майлы болсын.

Дос-жараныңыз көп болсын,

Мұқтажыңыз жоқ болсын!

Құдірет жарылғасын,

Тілекті қабыл алсын.

Ойын-күлкі қызықтан

Бұл өмірде айырмасын!

Қолдасын ата-баба аруағы,

Таңдансын сізге қарап жұрттың бәрі.

Айтылған батамызды қабыл ал деп,

Қол жайып «әумин» деңіз жас пен кәрі!



186. [АМАН БОЛСЫН БАСТАРЫҢЫЗ…] 

Аман болсын бастарыңыз,

Көбейе берсін достарыңыз,

Көркейе берсін қостарыңыз.

Күліп-ойнап шаттықпен,

Жүзге толсын жастарыңыз!


1. [ТІЛЕГІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН…] 

Тілегіңіз қабыл болсын,

Жүрегіңіз жалын болсын!

Келісім келте болмасын,

Сөзің жалтақ болмасын!

Жылың құтты болсын,

Өмірлерің мықты болсын!

Аспандарың ашық,

Жұлдыздарың жарық болсын.

Абыройларыңыз асқар таудай болсын!

Көш көлікті болсын,

Мал төлді болсын!

Айың оңыңнан тусын,

Жұлдызың солыңнан тусын!

Талабың таудай боп,

Өмірің өрге өрлей берсін!

Өмірің өрісті болып,

Ұрпағың молая берсін!

Сырбаздығыңа сызат түспесін,

Адал көңіліңе қаяу түспесін!

V. Алғыс, тілек сөздер

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.


328

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ата-ананың ақ батасын аттаған бала оңбасын,

Ата-ананың ақ тілегі тозбасын!

Жақсылық әр кез шыңнан аса берсін,

Жамандық әр кез шандақта қала берсін!

Шаңырағыңа шаң түспесін,

Көңіліңіе кірбің түспесін!

Өзің де, өнерің де ғұмырлы болсын!

Еліңе сүйеу бол,

Жұбайыңа да сүйеу бол!

Айдай ашық, күндей ыссы бол!

Күйің қаймақтай бал татысын,

Жырың жүректен жалын боп атылсын!

Қартайсаң да сөзден жаңылма,

Ақылдан алжаспай өт!

Қайғыңды әзілге жеңдір,

Зілді сөзге жеңдір!

Қазаның оттан түспейтін,

Есігің жабылмайтын,

Дастарқаның әсте жиылмайтын,

Құт-береке дарыған, базарлы, ажарлы үй болсын,

Мұны көре алмағандар күл болсын!

Күңіренген ене болмасын,

Безірейген келін болмасын!

Анаңды гүлдестедей құшақта,

Әжеңді нәрестедей құшақта!

Қайғыға болаттай берік,

Жездей төзімді бол!

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.


328

329


АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР

Именшек келін бол,

Еліңе елеулі,

Халқыңа қалаулы,

Үйге құт-береке әкелген келін бол!

Жақсымыз жадымызда жүрсін,

Жаманшылық шаңымызда жүрсін!

Астыр-тастыр,

Жақсымен жанастыр,

Жаманды адастыр!

Аузыңнан ақ кетпесін,

Басыңнан бақ кетпесін!

Бала мен келін мықты болсын,

Жыл құрғатпай жүкті болсын!

Азасыздан сақ бол,

Азалыға жақ бол!

Ошақ басының оты сөнбесін!

Айқасқан құшақ жазылмасын,

Табысқан жүрек басылмасын!

Қадірің қашып шашылмасын,

Қуатың қайтып басылмасын.

Тас жүрек емес, ақ жүрек бол,

Қабақты емес, сабақты бол!

Ұлы ұядан ұшсын,

Бірақ тұғырың ұмытпасын.

Қызың қияға ұшсын,

Бірақ құтты жерін ұмытпасын!

Тілеуімді берсін,

Айтқаным келсін!

23.

24.

25.

26.

27.

28.

29.

30.

31.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет