Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



жүктеу 2.39 Mb.

бет17/22
Дата15.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

32.

33.

34.

330

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Той тойға ұлассын,

Бақыт балаға ұлассын!

Ел танитын, елге мейірімің түсетін азамат болып өс.

Ел билейтін ер бол,

Өрісіңді өрт шалмасын,

Жүрегіңді дерт шалмасын.



2. [ХАЛҚЫҢА ҚАЛАУЛЫ…]

Халқыңа қалаулы,

Еліңе елеулі азамат бол.

Қолың бесіктен кетпесін,

Етегің доңғақтан кетпесін!

Еңкейгенде етегің толсын,

Шалқайғанда шалғайың толсын!

Келін еңкейгенде егіз ұл,

Секіргенде сегіз қыз тапсын!

Бейбітшілік ақыр-ақырына дейін кете берсін,

Адамгершілік ұрпақтарға жете берсін!

Құлағыңыз суық сөз естмесін,

Көзіңіз жаманшылық көрмесін!

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!

Бағың жемісті болсын,

Далаң егісті болсын!

Ырысты, тірлікті, ауызбірлікті өмір берсін!

Дәмді асың ел аузынан кетпесін,

Жақсы ісің баспасөзден түспесін!



35.

36.

37.

38.

39.

40.

41.

42.

43.

44.

45.

46.

47.

330

331


АЛҒЫС, ТІЛЕК СӨЗДЕР

Үйіңізден құт-береке таймасын,

Ауызыңнан киелі сөз аумасын.

Берген батам құт боп қонсын,

Бүл боп жансын.

Балаң азамат боп өссін,

Мінгені пырақ болсын,

Көргені шырақ болсын!

Көшің көлікті болсын,

Жайылымың өрісті болсын.

Егінің орымды,

Астығың төгімді болсын!

Күнің шуақты болсын,

Махаббатың тұрақты болсын!

Өнерің өрлей берсін,

Бақытың төрлей берсін!

Еңсең жауыңнан түспесін,

Жақсы атың ауыздан түспесін!

Дастарқаныңда береке,

Үйіңде мереке бола берсін!

Ойға терең бол,

Өсекке керең бол!

Дастарқаның қуатты болсын,

Өзенің суатты болсын.

Жылың жеміске толсын,

Өмірің бақытқа толсын!

Көңіліңіз көңілді,

Еңбегіңіз өнімді болсын!



48.

49.

50.

51.

52.

53.

54.

55.

56.

57.

58.

59.

60.

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

332


Ойың орамды,

Сөзің шұрайлы болсын!

Өркенің өссін, қарағым, дегеніңе жет,

Көп жаса, көсегең көгерсін!

Бақытты бол,

Қосағыңмен қоса ағар!

Еш жамандық көрмей өт! 

3. [ЖАҢА ЖЫЛЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН…]

Жаңа жылың құтты болсын,

Келін жүкті болсын!

Аспаның ашық,

Жұлдызың жарық болсын!

Тілегің қабыл,

Жүрегің жалын болсын!

Үйіңнен қонақ кетпесін,

Қазаның оттан түспесін.

Адам көңілі қартаймасын,

Дастарқаның ортаймасын!

61.

62.

63.

64.

65.

66.

67.

68.


1. ҚАРҒЫС

Қиналған кейбір кезіңде,

Қасыңа досың бармасын. 

Опасыз болып жүрсең сен,

Ел болып әр кез қарғасын! 

2. ҚАРҒЫС

Саған қас қылған кісінің 

Базарға барып аты өлсін.

Ерте кетіп қайтқанда,

Үйіне келсе, қатыны өлсін!

Өзіне тышқақ тисін,

Өңменіне пышақ кірсін!

Тышқағы тыйылмасын,

Төсегі жиылмасын!

Шаңырағы шартылдап,

Шаңдырына қадалсын.

Босағасы борпылдап,

Борбайына қадалсын.

Күлдіреуіші күрт сынып,

Борша етіне қадалсын!

Аллаху акбар! 

VІ. Қарғыстар


334

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



3. ҚАРҒЫС

Саған қылғанды тас қылсын,

Көңілін сенен пәс қылсын!

Құлындатып, биелетіп,

Боталатып, түйелетіп,

Саған қастық қылғанды

Моласына үйелетіп,

Көлдетіп көзін жас қылсын!



4. ҚАРҒЫСТАР

1. Адамға қастық етсең, екі дүниенің қызығын көрмей өт.

2. Ақ сүтімнің айы ұрсын.

3. Албасты басқыр.

4. Ант ұрсын.

5. Арақтан өлгір, өлігіңе жан бармағыр.

6. Арам қат.

7. Аруақ атсын.

8. Аруақ ұрсын.

9. Аузың асқа жарымасын, көтің атқа жарымасын.

10. Аузыңа қан толсын.

11. Аузыңа қара қан толғыр.

12. Аузыңнан шығып жаныңа жайылсын.

13. Аурудың безгегіне, әйелдің мүйізгегіне жолыққыр.

14. Ауысып кеткір, жынды.

15. Аяқтағы суға тұншығып өл.

16. Базарға барсаң, атың өлсін, үйге келсең, қатының өлсін.

17. Бақытың тайғыр, шошқа.

18. Барғаныңнан келме.

19. Бармасаң, бадал, қара жерге қадал.

20. Басқан жерің қылмыс болып, түрмеден басың кетпегір.

21. Басың даудан кетпегір.

22. Басың желкеңе шыққыр.

23. Басың кеткір, жүгірмек.

24. Басыңды ит жегір.

25. Батпақтан шықпағыр.

26. Бауырың қан боп ақсын.


334

335


ҚАРҒЫСТАР

27. Бауырыңнан қағынғыр.

28. Бетпақ, бетің қара болғыр.

29. Бүйіріңнен қолың кетпесін.

30. Бір қайғыңды екінші қайғың басқыр.

31. Бір түндік келгір.

32. Дәмім ұрсын.

33. Дегеніңе жетпе.

34. Досыңнан қасың көп болғыр.

35. Екі дүниеде жүзің қара болсын.

36. Етпеңнен түсіп есіңнен танғыр.

37. Жабығыңнан жалын шықсын, уығыңнан өрт шықсын.

38. Жабығыңнан су шықсын.

39. Жабысқыр.

40. Жағың қарыссын.

41. Жағыңа жылан жұмыртқаласын.

42. Жазаңды Құдай берсін.

43. Жалғызың жайрағыр.

44. Жалмауыз, шешек.

45. Жаның жаһаннамға кетсін.

46. Жатқаныңнан тұрма.

47. Жексұрын күшік, желкең қиылсын.

48. Желкең қиылсын.

49. Жемтігіңді ит жесін.

50. Жер бауырлап қал.

51. Жер жастан.

52. Жер жұтсын.

53. Жерге жабысқыр.

54. Жерге кір.

55. Жерге қадал.

56. Жермен-жексен болғыр.

57. Жетпей желкең қиылғыр.

58. Жеті қабат жер ұрсын.

59. Жолыңа жуа бітсін.

60. Жуадай солғыр.

61. Жұлының үзілсін.

62. Жұмыртқаң тесіліп, шыбын-шіркей шаққыр.

63.  Жүрсең, жолың болмағыр, 

 

Отырсаң, орның болмағыр, 



 

Жатсаң, жарың болмағыр.



336

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

64. Жігіт іздеумен күнің өткір.

65. Ит бауырыңды тартқыр.

66. Иттен туған ит.

67. Кебініңді жалма. 

68. Көгермегір.

69. Көзің алдыңа түскір.

70. Көзің аққыр.

71. Көзің ашылмағыр.

72. Көзің көр болсын.

73. Көзің көріп, көңілің ұстамағыр.

74. Көзің шықсын.

75. Көзіңді ақ қыл қаптасын.

76. Көзіңе көк шыбын үймелегір.

77. Көзіңе көр топырғы құйылсын.

78. Көзіңмен көріп, қолыңмен ұстама.

79. Көк шешек келгір.

80. Көк шешектен өлгір.

81. Көріңде өкір.

82. Көтің түссін.

83. Көтіңнен қағынып, доктордан басың кетпесін.

84. Күлдей пәле жұққыр.

85. Күлің көкке ұшсын.

86. Күлің көмір болсын.

87. Кіріңді же.

88. Кісіге тілеген пәлең өзіңе келсін.

89. Қабырғаңнан қабірің қыссын.

90. Қағыңды келгір, көк шешек.

91. Қаңғырып өлгір.

92. Қара қағынды.

93. Қара түйнек болғыр.

94. Қара шашың қанға боялсын.

95. Қара-түйнек келсін.

96. Қарашығың батсын.

97. Қарғысың қара басыңа болсын.

98. Қарныңа қара пышақ енгір.

99. Қасып-қасып қаның шыққыр, 

 

 

 



 

қаси алмай жаның шыққыр.

100. Қолың көтіңе жетпесін.

101. Қорасанның қоры шықсын.



336

337


ҚАРҒЫСТАР

102. Құдай атсын.

103. Құдай ұрсын.

104. Құдайдан тап.

105. Құдайдың қаһарына жолық.

106. Құйын соғып, делбе болып қалғыр.

107. Қызғанғаның қызыл итке жем болсын.

108. Мазаң кеткір.

109. Мал-басыңның игілігін көрме.

110. Мешел болғыр.

111. Мойның үзілсін.

112. Мысың құрысын.

113. Ойламаған жерден өлім тапқыр.

114. Отырған орныңда қатып қалғыр.

115. Өлігіңді көрейін, жалмауыз.

116. Өмір бойы аурудан айықпағыр.

117. Өмірің өксумен өтсін.

118. Өмірің өшкір.

119. Өмірің ұзаққа жетпегір.

120. Өміріңде ізгілік көрме.

121. Өсектен басың кетпегір, 

 

 



 

жақсыға қолың жетпегір, жексұрын.

122. Өтірікші, жалқау, басқа семірген қаның тасып өлгір.

123. Пәледен басың кетбегір.

124. Сен мені зарлатсаң, сені Құдай зарлатсын.

125. Суға батып, күлге аунағыр,

126. Суға кеткір.

127. Сүйгеніңнен айрыл.

128. Сібірге кеткір.

129. Табаныңнан сауғыр.

130. Табаныңнан тартыл.

131. Табаныңнан тозғыр.

132. Табаның жер тартқыр.

133. Таңдап жүргеніңде тазға, 

 

 

 



ақылы азға жолыққыр, қаншық.

134. Тас төбеңнен түсіп, табаныңнан шықсын.

135. Тәңірдің оғы тиер, оттың шоғы тиер.

136. Тосқауылға жолық.

137. Төбеңді көрме, шешек.

138. Төрт аяғым төбеңде ойнасын.

22-0139


МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

338


139. Тұқымың құрысын.

140. Түйіншек болғыр.

141. Тышқағың тыйылмасын, төсегің жиылмасын.

142. Тіл аузың байланғыр.

143. Тіл-аузың байлансын, ымдаумен күнің өтсін.

144. Тіліңді тістеп өт.

145. Тіліңе күйдіргі шыққыр.

146. Уылдырығың шірісін.

147. Үйің күйсін.

148. Үнің өшсін.

149. Шалқаңнан түскір, шешек.

150. Шегің жарылып, әйеліңе жолықпай өлгір.

151. Шешек шыққыр.

152. Ішкен-жегенің бойыңа жұқпасын.

153. Ішің күйсін.


1.  Ағын суды бұруға болмайды.

2.  Адал малдың енін, өтін, көз қарашығын, безін, жатырын 

жеуге болмайды.

3.  Адам өлімі туралы хабарлап (естіртіп емес) жүрген хабар-

шы табалдырықтан айтып қана кетеді, үйге кіруіне, тамақ 

ішуіне болмайды.

4.  Адамға қарай керілме.

5.  Адамға қарай тоңқайма.

6.  Адамға қарай түкірме.

7.  Адамға қарап қолыңды шошайтпа.

8.  Адамға қарсы үй сыпырма.

9.  Адамға пышақ, мылтық оқтанба (кезенбе).

10.  Адамға, тамаққа қарай түшкірме.

11.  Адамды даттама, балағаттама, айналып жүрме.

12.  Адамды санама.

13.  Ай сәулесін бетіңе түсіртпе.

14.  Ай толғанда, желі тартпа.

15.  Ай толғанда, жолға шықпа.

16.  Ай толғанда, көшпе.

17.  Ай толғанда, қыз ұзатпа.

18.  Ай толғанда, үй тікпе.

19.  Айға қарап дәрет сындырма.

20.  Айға қарап отырма.

21.  Айды қолыңмен көрсетпе.

22.  Айыр, күрек, сыпырғыш, шот, кетпен, сияқты мүліктің 

басын жоғары қаратып қойма.

23.  Ақ төгілген жерді баспа.

VІІ. Тыйым сөздер



340

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

24.  Аққуды атпа.

25.  Ақты төкпе.

26.  Ақтың жуындысын ағынды суға төкпе.

27.  Ала жіп аттама.

28.  Алаң-жұлаң етіп жүрме.

29.  Ант ішпе, әбес сөйлеме.

30.  Аңға алғаш шыққанда олжаңды ешкімге сыйлама.

31.  Аңды ысқырмай атпа.

32.  Аңшы аңға шығарда қаруы мен қамшысына әйел адамның 

қол жалғауына болмайды.

33.  Ас қайырмай, дастарханнан тұрма.

34.  Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

35.  Ас ішкенде қомағайлықтан сақтан.

36.  Асқа немесе тойға қымыз құйып әкелген сабаны мүлде 

сарықпа.

37.  Асығып тамақ ішпе.

38.  Асық мүжіме.

39.  Ат құйрығын кеспе.

40.  Ата-енеңнің, қайын ағаңнан бұрын жатпа.

41.  Ата-енеңнің, қайын ағаңның атын атама.

42.  Ата-енеңнің, қайын ағаңның жатқан жеріне жатпа.

43.  Ата-енеңнің, қайын ағаңның төсегіне отырма, төсегін ба-

сып өтпе.

44.  Атқа мініп келе жатқан еркектің жолын әйел кесіп өтуіне 

болмайды.

45.  Аттандама.

46.  Ауған елге тиіспе.

47.  Аузыңа ерік берме.

48.  Аузыңда нан барда жаман сөз айтпа.

49.  Аузыңды керме.

50.  Ауруға күлме.

51.  Ауылға, үйге қарай шауып келме.

52.  Ауылдан аттанарда шаба жөнелме.

53.  Аһлама.

54.  Ашыққанға қазан астырма, тоңғанға от жақтырма.

55.  Аяғы ауыр әйелге керілген арқаннан аттауға болмайды.

56.  Аяғы ауыр әйелге қоян етін жеуге болмайды.

57.  Аяғы ауыр әйелге түйенің етін жеуге болмайды.



340

341


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

58.  Аяғыңды айқастырып жатпа.

59.  Аяғыңды басыңнан жоғары қойып жатпа.

60.  Аяғыңды көтерме.

61.  Аяғыңды тұсама.

62.  Аяғыңның басына қарап жүрме.

63.  Аяқ киімді төрге қойма.

64.  Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап киме.

65.  Аяқ-қолыңды жіппен байлама.

66.  Әдепсіз болма.

67.  Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуіне рұқсат етіл мей-

ді.


68.  Әйелдің бүйірін таянып тұруына болмайды.

69.  Әйелдің түнде суға баруына болмайды.

70.  Әкесі тірі қазақтың бас жеуіне болмайды.

71.  Байғызды ұстап алуға болмайды.

72.  Байлығыңмен мақтанба.

73.  Бақ келді деп таспа, жау келді деп саспа.

74.  Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

75.  Бала қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болады.

76.  Баланы оқтаумен ұруға болмайды.

77.  Баланы шошытпа.

78.  Баласы өлген әйел көп жылауға болмайды.

79.  Бар болсаң, бергеніңді айтпа, ер болсаң, жеңгеніңді айт-

па.

80.  Бас киімді айналдырып киме.



81.  Бас киімді баспа.

82.  Бас киімді босағаға ілме, теріс қаратып киме.

83.  Бас киімді теріс киме.

84.  Бас киіммен ойнама.

85.  Басқаны қор санама.

86.  Басты жуғанда маңдайыңнан баста. «Жақсылықтың бәрі 

адамның маңдайына жазсын, маңдайына бере гөр» деп 

періште тәңірден тілейді.

87.  Басың ауырса, тіліңді тый, көзің ауырса, қолыңды тый, 

ішің ауырса, аузыңды тый.

88.  Басыңа қара не қызыл байлам тартпа.

89.  Басыңды босағаға беріп ұйықтама.

90.  Басыңды салбыратып отырма.


342

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

91.  Басыңды шайқама.

92.  Бәлеқормен бастас болма.

93.  Бейуақытта баланың киімін далаға жайып қоюға болмай-

ды.


94.  Бейуақытта бейғам болма.

95.  Бейуақытта жылама.

96.  Бейуақытта кісіден көңіл сұрама.

97.  Бейуақытта ұйықтама.

98.  Бейіт басынан қайтқанда, басқа үйге кірме.

99.  Белді таянба.

100.  Беліңді босқа бума.

101.  Бесікті ашық қалдырма.

102.  Бесікті аяқ асты етпе.

103.  Бесікті көрінгенге берме.

104.  Бесікті кір қолмен көтерме.

105.  Бесікті сатпа.

106.  Бесікті теппе.

107.  Беталды жылама.

108.  Беталды күлме.

109.  Бет-аузыңды қисаңдатып отырма.

110.  Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.

111.  Бетті баспа, қолды тарақтама.

112.  Беті-қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығарма.

113.  Бетіңді басып жылама.

114.  Бойыңды өлшеме.

115.  Бос бесікті тербетпе.

116.  Босағаға сүйенбе.

117.  Босағаны керме.

118.  Бөтен адамды мал ортасына кіргізбе, көз тиеді.

119.  Бөтен жерге баса көктеп кірме.

120.  Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.

121.  Бөтен үйге сәлем беріп кірме.

122.  Буаз малды қуалама.

123.  Бұтақты сындырма, гүлді үзбе, көкті таптама.

124.  Бұтыңды ашып отырма.

125.  Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

126.  Бір қолмен нан үзбе.

127.  Бір қолыңмен су құйма.



342

343


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

128.  Біреуге қарап ерніңді шығарма.

129.  Біреуге қиянат жасама.

130.  Біреуге тесіліп қарама.

131.  «Бісіміллә» демей ас татпа.

132.  Ғайбат сөйлеме.

133.  Дастархан басында керілме.

134.  Дастархан бұрышына отырма.

135.  Дастарханға бірінші нанды әкеліп қой.

136.  Дастарханды аттама.

137.  Дастарханды баспа.

138.  Дастарханды пышақпен қырма.

139.  Даудың жолына түспе, жаудың қолына түспе.

140.  Дауысыңды шығарып сөйлеме.

141.  Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.

142.  Дәретсіз жүрме.

143.  Дәуітке тиіспе.

144.  Денеңе түк түсірме.

145.  Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.

146.  Дүние қума.

147.  Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.

148.  Егінді, шалғынды бейсауат басуға болмайды.

149.  Екі езуіңді керме.

150.  Екі кісінің арасынан өтпе.

151.  Екі қолыңды төбеңе қойма.

152.  Елмен дауласпа, ермен жауласпа.

153.  Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.

154.  Елшіге тиіспе.

155.  Еліңді тастап шетке кетпе, шетке кетсең де, көпке кет-

пе.


156.  Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.

157.  Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол қырық 

адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда 

ол қырық адамның жолын оңғарады.

158.  Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.

159.  Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

160.  Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды. 

161.  Ер-тоқымды аударып қойма.

162.  Ер-тоқымды теріс салма.


344

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

163.  Ескі дауды еске алма.

164.  Ескі моншаға кірме.

165.  Есікті керме.

166.  Есікті қатты серіппе.

167.  Есікті теппе.

168.  Етбетіңнен жатпа.

169.  Жабайы аңды аулағанда, үнемсіз аулауға болмайды.

170.  Жайдақ атқа мінбе.

171.  Жайдақ ерге мінбе.

172.  Жақсы аттың жағын ашпа.

173.  Жақсы істі қызғанба.

174.  Жақсыны әжуалама.

175.  Жақсының жасын сұрама.

176.  Жақты таянба.

177.  Жақын адамдарыңа ит, мысық берме. 

178.  Жақын адамдарыңа пышақ, мылтық сыйлама.

179.  Жақыныңа міндетси берме.

180.  Жалған сөйлеме.

181.  Жалғыз ағашқа тиіспе.

182.  Жалғыз ағашты кеспе.

183.  Жалғыз тал шимен ұрма.

184.  Жаман сөз айтпа.

185.  Жаназа шығарылып жатқанда жалаңбас отыруға бол-

майды.


186.  Жаңа ай туғанда қойға қошқар жіберме.

187.  Жаңа байығаннан қарыз алма.

188.  Жаңа түскен келіншек алғашқы перзентін көргенше іш 

қысқартуға болмайды.

189.  Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.

190.  Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды.

191.  Жаралы басқа жұғыспа.

192.  Жас баланы ұрма.

193.  Жас босанған әйелдің есіктен кірген итке «кет» деуіне 

болмайды.

194.  Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас 

болар.


195.  Жас малдың мүйізін сипама.

196.  Жас малдың тісін санама.



344

345


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

197.  Жас төлді сипай берме.

198.  Жастыққа отырма.

199.  Жастықты аяғыңмен баспа.

200.  Жасы үлкенге әзіл айтпа.

201.  Жатарда көп тамақ ішпе.

202.  Жатқан кісінің үстінен аттама.

203.  Жатқан малдың үстінен аттама.

204.  Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.

205.  Жатып тамақ ішпе.

206.  Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

207.  Жаяу қамшыланба.

208.  Жәндікті жәбірлеме.

209.  Жеңіл ақылмен дос-жолдас болма.

210.  Жер таянып отырма.

211.  Жер таянып отырып ас ішпе.

212.  Жер томпайтпа.

213.  Жерге дәрет сындырма.

214.  Жерге төгілген ақты басуға болмайды.

215.  Жерге төгілген сүтті басуға болмайды. Сүт төгілген жер-

ге тұз себеді.

216.  Жерді орынсыз қазба.

217.  Жерді сабалап, тепкілеме.

218.  Жерді сабама, жерді тепкілеме.

219.  Жерошақ аттама.

220.  Жеті атаға толмай қыз алыспа.

221.  Жетім-жесірге тиіспе.

222.  Жетім-жесірдің ақысын жеме.

223.  Жозыға мінбе.

224.  Жозыны қағазбен сүртпе.

225.  Жозының қасында тырнақ алма.

226.  Жолай кезіккен иір ізді кесіп өтпе.

227.  Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрауға болмайды. 

(«Жол болсын» дейді)

228.  Жолаушының жолын кеспе.

229.  Жолаушының сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.

230.  Жолбарыс, аюды көп аулауға болмайды, оларды «ақ 

иесі» деп есептейді.

231.  Жуған қолыңды сілікпе.


346

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

232.  Жуындыны есік көзіне төкпе.

233.  Жұлдыз санама.

234.  Жұлдызды саусағыңмен көрсетпе.

235.  Жұма күні кір жума.

236.  Жұма күні үйді ақтама.

237.  Жұрт алдында қатты күрсінбе.

238.  Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.

239.  Жұрт көзінше кекірме, қасынба.

240.  Жүйрік атқа әйел адам мінбес болар.

241.  Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.

242.  Жүріп келе жатып тамақ ішпе.

243.  Жылан үйге кіріп кетсе, өлтіруге болмайды, басына ақ 

құйып шығарады.

244.  Жылқы ұстайтын «құрық», құлын байлайтын «желі», 

қозы көгендейтін «көген», «жүген», «ноқта», шаңырақ 

көтеретін «бақан» және т.б заттарды, әсіресе әйелдерге ат-

тап өтуге немесе оларды басуға болмайды.

245.  Жыңғылмен ат айдама.

246.  Жіпті мойныңа салма.

247.  Жіптің астынан өтпе.

248.  Зиратқа қарап қол созба.

249.  Ит баласын үйде ұстама.

250.  Итке ожаумен ас берме.

251.  Итті, мысықты теппе.

252.  Иттің құйрығынан тартпа.

253.  Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба.

254.  Кез келген жерді себепсіз қазба.

255.  Кек сақтама.

256.  Кемтар адамға күлме.

257.  Кептерге тиіспе.

258.  Киіз үйдің шаңырағына салынған қарлығаш ұясын 

бұзуға болмайды.

259.  Киімді желбегей жамылма.

260.  Киімді теріс киме.

261.  Киімнің жағасын баспа.

262.  Көбікті төкпе, көпті сөкпе.

263.  Көгенді аттама.


346

347


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

264.  Көзі соқырға жолдас болсаң да, көңілі соқырға жолдас 

болма.

265.  Көзі тірісінде өзіне көр қазуға болмайды.



266.  Көзіңді алайтпа.

267.  Көзіңді жыпылықтатпа.

268.  Көк шөпті жұлма.

269.  Көкектің етін жеме.

270.  Көкөрім шыбықты сындырма.

271.  Көктемде жан-жануарға тиіспе.

272.  Көктемде жан-жануарға тиіспе.

273.  Көктемде күн күркіремейінше, қазақтар өсімдік же міс-

терін жеуге рұқсат етпеген.

274.  Көп сөйлеме.

275.  Көп ішінде жалғыз мақтанба.

276.  Көпке топырақ шашпа.

277.  Көптен дараланба.

278.  Көрпені теріс салма (яғни көрпенің тұйық жағын боса-

ғаға қаратып салма).

279.  Көрпенің ірге жағын тұйықтап жатпа.

280.  Көршілердің тамақ әкелген ыдысын бос қайтаруға бол-

майды.


281.  Көршіңе жамандық ойлама.

282.  Күйеуіңнен бұрын жатпа.

283.  Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.

284.  Күлге қарап дәрет сындырма.

285.  Күлді баспа.

286.  Күн батар алдында ұйықтама.

287.  Күн батарда күнмен таласып жұмыс істеме.

288.  Күн батқан соң, қорадан мал шығарма.

289.  Күн құлақтанса, күрегіңді сайла.

290.  Күн шығарда ұйықтама.

291.  Күн шыққан соң ұйықтама.

292.  Күндес көргеннің қызын алма.

293.  Күні түскенге кісәпір болма.

294.  Күректің сабын аттама.

295.  Күрсінбе.

296.  Кірдің суын баспа.

297.  Кірдің суын есік көзінен төкпе.


348

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

298.  Кісі ақысын жеме.

299.  Кісі келгенде, тамақ сұрама.

300.  Кісі келгенде, үй сыпырма.

301.  Кісі төсегіне отырма.

302.  Кісіге қарап бала емізбе.

303.  Кісіге қарап бейберекет күлме.

304.  Кісіге қарап есінеме.

305.  Кісіге пышақ сұқтама.

306.  Кісіні айналма.

307.  Кісісі қайтқан үй көңіл айтуға келген адамдарды қарсы 

алмайды, шығарып та салмайды.

308.  Қабырды созба.

309.  Қабірдің топырағын үйгенде, топырақ тастаушылар 

күректі аяқпен баспайды, және бірінің қолынан бірі 

күректі алмайды, тек жерден ғана көтеріп алады.

310.  Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа.

311.  Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды.

312.  Қазанды төңкерме, теппе.

313.  Қайшыны көк шөпке тастама.

314.  Қайықты теңселтпе.

315.  Қамырдан қуыршақ жасама.

316.  Қара жерге қазық қалдырма.

317.  Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың, қауым 

елді жамандама, қарғысына қаларсың.

318.  Қара жерді қазулы қалпында қалдырма.

319.  Қара суды сапыруға болмайды.

320.  Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма.

321.  Қаралы елге тиіспе.

322.  Қаралы үйде дауыс көтеріп күлмейді.

323.  Қарлығаштың ұясын бұзба.

324.  Қарт адамның алдын кеспе.

325.  Қаруды адамға кеземе.

326.  Қаршығаның етін жеме.

327.  Қатты сөйлеме. 

328.  Қатын мен балаға сыр айтпа.

329.  Қатынға қатты сенбе.

330.  Қисынсыз сөз айтпа.

331.  Қой жүнін өртеме.



348

349


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

332.  Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда, қол жал-

ғап берме.

333.  Қой төлдеп жатқанда, мал берме.

334.  Қойға қошқар салғанда, зекіп сөйлеме.

335.  Қойға қошқар салғанда, қамшы көрсетпе.

336.  Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды. Сайтан 

жүгіреді.

337.  Қойдың шуын жерден айырма.

338.  Қол жумай жозы қасына барма.

339.  Қолыңды айқастырма.

340.  Қолыңды артыңа қусырып жүрме.

341.  Қолыңды сермеп сөйлеме.

342.  Қолыңды таянба.

343.  Қолыңды төбеңе қойма.

344.  Қонағыңа ашуланба.

345.  Қонағыңды жұмсама.

346.  Қонаққа кетік кесемен шай құйма.

347.  Қонақтың алдын орама.

348.  Қораға дәрет сындырма.

349.  Қотанға дәрет ұстатпа.

350.  Қотанда ысқырма.

351.  Құбылаға қарап дәрет сындырма.

352.  Құдайға тіл тигізбе.

353.  Құдыққа түкірме.

354.  Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.

355.  Құмырсқаның илеуін бұзба.

356.  Құндыз аулама.

357.  Құран оқығанда жалаң бас отырма.

358.  Құран оқығанда күлме.

359.  Құран оқығанда сөйлеп отырма.

360.  Құран оқығанда түрегеп тұрма.

361.  Құранды жерге тастама.

362.  Құстың ұясын бұзба.

363.  Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды.

364.  Қыз баланы босағаға отырғызба.

365.  Қыз баланы жасқама, ұялтпа, ұрма.

366.  Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.

367.  Қызға ер баланы тебуге болмайды.


350

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

368.  Қызды қырық үйден тый.

369.  Қызды ұрма.

370.  Қыран құстарды атуға болмайды.

371.  Лас қолыңмен нанды ұстама.

372.  Майлы тамақтан соң, суық су ішпе.

373.  Мақтанба.

374.  Мал қораға түнде от алып кірме.

375.  Мал қораның есігін ашық қалдырма.

376.  Мал қораның сыртында болмаса, ішінде ысқыруға бол-

майды.


377.  Мал қоршауына шықпа.

378.  Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.

379.  Мал сауып жатқанда, иесімен сөйлесіп, сауынның жа-

нына келуге болмайды.

380.  Мал төлдеп жатқанда, қарызға ештеңге берме.

381.  Мал төлдеп жатқанда, тесіліп қарама.

382.  Мал туып жатқанда, жанында адам тұруға болмайды.

383.  Мал ішінде бөгде адамның жатуына болмайды.

384.  Малға бас киім лақтырма.

385.  Малға бас киім лақтыруға болмайды.

386.  Малға зекіме.

387.  Малға зекіме.

388.  Малға қан көрсетпе.

389.  Малға теріс қарап мінбе.

390.  Малды басқа ұрма.

391.  Малды бөтен адамға саудыртпа.

392.  Малды зорықтырып қума.

393.  Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен ай-

дама.

394.  Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды.



395.  Малды сауған соң, қол жумай түріп, қол беріп аманда-

суға болмайды.

396.  Малды шошытпа.

397.  Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

398.  Малдың аяғын бумай, бауыздама.

399.  Малдың бітіміне, сүттілігіне сұқтанба.

400.  Малдың желінген басын түнде лақтыруға болмайды.

401.  Малдың кемшілігін көзінше айтпа.



350

351


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

402.  Малдың көзінше жыртқыш аң-құстың атын атама.

403.  Малдың көзінше мал ауруының атын атама.

404.  Малдың сүйегін баспа.

405.  Малдың сүйегін отқа жақпа.

406.  Малдың шуын өзіне жегізбе.

407.  Малшыға көктемде жалаң аяқ, жалаң бас сыртқа шығуға 

болмайды.

408. Малшыдан «не бағып жүрсің?», «Не сауып жүрсің?» деп 

сұрама.


409.  Малшының көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жа-

лаң бас шығуына болмайды, онда отарына суық тиіп ауы-

рады.

410.  Маңдайшаға төбеңді тіреме.



411.  Мас қылатын ішімдік ішпе.

412.  Мәйіттің кебінін жиі тігуге болмайды.

413.  Мойынға белбеу салма.

414.  Молаға қарай жүгірме.

415.  Молаға қарап дәрет ұсатпа.

416.  Молада дәрет сындыруға, мал жаюға болмайды.

417.  Моланы саусағыңмен көрсетпе.

418.  Моланың басында жүрелеп отырма, тізелеп отыр.

419.  Мүгедек адамды мазақтама.

420.  Мүрдеге топырақ салғанда, күректі екінші адамға қол-

мен берме.

421.  Мүрдеге топырақ салғанда, күректі табаныңмен баспа.

422.  Намазды бөлме.

423.  Нанды баспа, жерге тастама, рәсуа етпе.

424.  Нанды бір қолмен үзбе.

425.  Нанды қоқысқа төкпе.

426.  Нанды лақтырма.

427.  Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

428.  Нанмен ойнама.

429.  Нанның ұнтағын тастама.

430.  Нанның үгіндісін аяқпен баспа.

431.  Нанның үстіне басқа нәрсе қойма.

432.  Нәрестенің бетіне айдың сәулесін түсіруге болмайды.

433.  Нәрестенің еңбегін баспа.

434.  Ойбайлама.


352

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

435.  Ойланбай сөйлеме.

436.  Ойланбай іс бастама.

437.  Оң жақтағы қыз төсегін баспа, отырма.

438.  Ораза кезінде малдың орнын ауыстырма.

439.  Ордалы жыланға тиіспе.

440.  Орманды беталды бүлдірме.

441.  Орынсыз кінә қойма.

442.  От айналма.

443.  От кеспе.

444.  От шашпа.

445.  От шығарма.

446.  Отқа су құйып сөндірме.

447.  Отқа түкірме.

448.  Отпен ойнама.

449.  Оттықты жақпа.

450.  Ошақтағы нанға қарама, ағып кетеді.

451.  Ошақтағы отты үрлеп сөндірме.

452.  Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.

453.  Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.

454.  Өзіңде жоққа мақтанба.

455.  Өзіңді зор санама.

456.  Өзіңді қорсынба.

457.  Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.

458.  Өлген адамға дауыс көтеріп жылағаннан кейін беті-

қолды жумай тамақтан дәм татуға болмайды.

459.  Өлген адамның ақымын өзінен үлкен етіп қазуға бол-

майды.

460.  Өлген адамның тірі кезінде пендешілікпен істеген жа-



ман дықтарын еске алып, ауыр сөздер айтуға болмайды.

461.  Өлген кісіні жамандама.

462.  Өлген кісінің қабірін басуға болмайды.

463.  Өлік жатқан жерді 40 күнге дейін адам аяғы басуға бол-

майды.

464.  Өлік иесіне көңіл айтып келе жатып, жолда басқа үйге 



кіріп тамақ ішуге болмайды.

465.  Өлік шығарылып әкетілісімен үй жинауға болмайды.

466.  Өлік шыққан үйдің малын саума.

467.  Өліктің дене топырағын сәндеме.



352

353


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

468.  Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.

469.  Өлімге бата жасап қайтқанда, басқа үйге кірме.

470.  Өрмекшіні өлтірме.

471.  Өрмекшінің өрмегін бұзба.

472.  Өсек тасыма.

473.  Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды.

474.  Өтіп бара жатқан жолаушы ауылдың алдыңғы жағынан 

келуіне болмайды және алдыңғы жақтан сөйлеспейді.

475.  Өтірік айтпа.

476.  Өтірік күжік жасама.

477.  Пышақпен ойнама.

478.  Пышақты нанға қадама.

479.  Пышақтың жүзін жалама.

480.  Пышақтың жүзін көкке қаратып қойма.

481.  Сарала қазға тиіспе.

482.  Саусағыңды шығарма, тарақтама.

483.  Саусағыңды, қолыңды орынсыз аузыңа салма.

484.  Сейсенбі күні үлкен іске кіріспе, түнгі қонаққа мал сой-

ма, жаңа мекенге көшпе, тіпті малды да санама.

485.  Семіз малды қуалама.

486.  Соғым малды қуалама.

487.  Сол қолмен тамақ ішпе.

488.  Су бастау, су көздерін лайлама.

489.  Су шашып ойнама.

490.  Суға дәрет сындырма.

491.  Суға қарай жүгірме.

492.  Суға түкірме.

493.  Суды сапырма.

494.  Сүт сауатын шелекті су басына апарма.

495.  Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға бол-

майды.


496.  Сүтті отқа төкпе.

497.  Сүтті үрлеп ішпе.

498.  Сүттің бетін ашық қалдырма.

499.  Сыйлаған немесе сатқан малды жүген, ноқтасымен жі-

берме.

500.  Сыпырғышпен ұрма.



501.  Сыпырғышты тік қойма.

23-0139


354

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

502.  Сырыңды көрінгенге шашпа.

503.  Табалдырыққа шықпа, босағаға отырма.

504.  Табалдырықты баспа.

505.  Табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеме.

506.  Табаныңды тартпа, тізеңді құшақтама.

507.  Тамақ ішкен қолыңды сілікпе.

508.  Тамақ ішіп отырған кісіге тесіле қарама.

509.  Тамақ ішіп отырып тұрып кетпе.

510.  Тамаққа қос қолмен сұғынба.

511.  Таңдайыңды қақпа.

512.  Таяққа сүйенбе.

513.  Тәкаппар болма.

514.  Теріс қарап отырма.

515.  «Тойдым» деме, «қанағат» де.

516.  Тоқымды төсенбе.

517.  Төрге қарап жүрелеп отырма.

518.  Төсекте жылама.

519.  Тұзды баспа.

520.  Тұмса малды алғаш сауған соң «сүтті екен» деп мақ-

тама.


521.  Тұмса малдың алғашқы сауған сүтін бөтенге берме.

522.  Түн ішінде қорадағы малды санама.

523.  Түн ішінде тырнағыңды алма.

524.  Түнде айнаға қарама.

525.  Түнде бақырып жылама.

526.  Түнде жалғыз суға түспе.

527.  Түнде жүгірме.

528.  Түнде күл шығарма.

529.  Түнде кір жайма.

530.  Түнде сандық ашпа.

531.  Түнде судың бетін ашық қалдырма.

532.  Түнде түсіңді айтпа.

533.  Түнде үй сыпырма.

534.  Түнде шаш алма.

535.  Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.

536.  Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.

537.  Тымақ үстінен тымақ киме.

538.  Тырнағыңды аузыңа салма.



354

355


ТЫЙЫМ СӨЗДЕР

539.  Тырнағыңды өсірме, тістеме.

540.  Тырнағыңды тістеме.

541.  Тырнақ пен басыңның шашын бейсенбі мен жұма күні 

ал. Басқа күндері алуға болмайды.

542.  Тізеңді құшақтама.

543.  Тізеңді, табаныңды тартпа.

544.  Тірі малға көрсетіп мал сойма.

545.  Тірі малдың етін кесіп алуға болмайды.

546.  Тісіңді қайрама.

547.  Уыздан соң іле суық су ішпе.

548.  Ұлыстың ұлы күні жамандық істеме.

549. Ұрлық жасайтын, өтірік айтатын адамға мал жаюға бол-

майды.


550.  Ұрлық жасама.

551.  Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.

552.  Үй қожасы дәм татпастан бұрын асты жеуге болмайды.

553.  Үй ішінде жылан өлтірме.

554.  Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.

555.  Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алды-

на қою керек.

556.  Үйге сыртыңнан кірме.

557.  Үйде өлік жатқанда, от жақпа.

558.  Үйде ысқырма.

559.  Үйді айналма.

560.  Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа.

561.  Үлкен адам алдында аяғыңды созып отырма.

562.  Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.

563.  Үлкен кісіге сыртыңды берме.

564.  Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба.

565.  Үлкенге «сен» деме.

566.  Үлкенге қарсы келме.

567.  Үлкендердің сөзіне араласуға болмайды.

568.  Үлкеннен бұрын билік айтпа.

569.  Үлкеннен бұрын төрге шықпа.

570.  Үлкеннің сөзін бөлме.

571.  Үш күн айтта кір жума.

572.  Шақырған жерден қалма.

573.  Шақырмаса, барма.


356

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

574.  Шалбарды басыңа жастама.

575.  Шаңыраққа сәлем бермей, кірме.

576.  Шапанды желбегей жамылма.

577.  Шаш пен тырнақты баспа, отқа тастама.

578.  Шашыңды жайма.

579.  Шашыңды, тырнағыңды өсірме.

580.  Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа.

581.  Шелектегі суға аузыңды батырма.

582.  Шошқа етін жеме.

583.  Шуылға шауып кірме.

584.  Шылым шекпе.

585.  Шырақты үрлеме.

586.  Ысқырма.

587.  Ыстық тамақты қомағайланып ішпе.

588.  Іркітті ашық далада пісіруге болмайды.

589.  Ішегіңді тартпа.

590.  Ішетін суға аузыңды батырма.


356

358

358

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ  ТҮСІНІКТЕМЕ




1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал