Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4


[БЕРЕЙІН МЕН БІР БАТА, ҚОЛЫҢДЫ ЖАЙ…]



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

56. [БЕРЕЙІН МЕН БІР БАТА, ҚОЛЫҢДЫ ЖАЙ…]

—Берейін мен бір бата, қолыңды жай,

Батамды қабыл етіп, болғайсың бай.

Ақылың ат жүзетін көлге қонып,

Үйірін қысырақтан қырықтан мат-ай!

Барғанда екінші елге бағың болсын,

Сүлеймен патшадай тағың болсын.


270

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бұл сөзді періштелер салған шығар,

Құдайым пірім етіп, қабыл қылсын!

Барғанда анау елге балаң болсын,

Жинаған ауыр дәулет қараң болсын.

Балаңның ең үлкені батыр болсын,

Біреуі жұрттан озған ақын болсын!

Біреуі үш жасында Қызыр болсын,

Әр затқа іштен жақын болсын!

Біреуі қақпан құрып аң ауласын,

Біреуі болыс болып дау дауласын.

Біреуі ел қондырып, қоныс қонып,

Кең қоныс, тұщы суды пайдалансын!

Басқадай соныңменен бірге қонсын,

Балаңның ең кенжесі басын бақсын,

Дәулеті арылмайтын тасып жатсын!

Алты қыз, он екі ұлдың анасы бол,

Атаңның жақсы көрген баласы бол!

Ақ жүзді «әмин» деп бетің сыйпа,

Аллаху акбар!

57. [ЖАЙ ҚОЛЫҢДЫ, ӘЛЕУМЕТ]

—Жай қолыңды, әлеумет,

Мен берейін батамды,

Етек-жеңің кең болсын

Асау менен Барақтай,

Ақпа менен Лабақтай,

Сасықбай мен Жантайдай,

Құлжан менен Алтайдай,

Жамандық көрме, жарқыным,

Жағың бір түспей, қартаймай!

Жаз болғанда тіккенің

Алты қанат үй болсын.

Қыс болғанда жаққаның

Ағаштан сары қи болсын!

Жорға болсын мінгенің,

Қамқа болсын кигенің.



270

271


БАТАЛАР

Бес жүз жылқы, мың саулық

Аздық етсе, көп олжа,

Мынау болды білгенім.



58. [О, ҚҰДАЙЫМ, ОҢДА…]

—О, Құдайым, оңда,

Оң жолына баста,

Қыдыр ата!

Қыдыр ата қырық болып,

Қыдырдың өзі дарысын!

Жылқышы ата Қамбар,

Жарылқасаң, өзінен басқа кім бар?

Шірендіріп жатқыз,

Көсілдіріп жүргіз!

Жаз жайлауын жаусыз ет,

Қыс қыстауын қарсыз ет.

Дүниеде мұңсыз ет,

Толғатқанын ұл ет,

Тамызғанын май ет!

Бәледен сақта,

Жәледен сақта.

Қауіптен сақта,

Қазерден

 

сақта!



Түн қатып тұсына шыққаннан сақта,

Ашыққан-ды, бөріден сақта.

Аузы қар-ды, ұрыдан сақта,

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,

Дос болып, қас болғаннан сақта!

Әзіретті қадір ет,

Шыққан тауын биік ет.

Кімді жарылқасаң,

Соның қасында ет!

59. [ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАСЫН…]

Құдай жарылқасын,

Бақ қарасын,



272

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қыдыр дарысын!

Айдан аман,

Жылдан есен қылып,

Үйді, түзді,

Мал, басты

Аман қылсын!



60. [МІНГЕНІҢ ПЫРАҚ БОЛСЫН…]

Мінгенің пырақ болсын,

Жүзден ақ болсын.

Дұшпаның алыс болсын,

Дәулетің жақын болсын!

Екі иығыңдағы екі періште

Жамандығын жазбасын,

Жақсылығын жазсын.

Хазірет Жақыптың көзі ашылсын,

Хазірет Юсуф Мысыр жерінде

Патша болып масаулы болсын!

Табаның жазық болсын,

Дұшпан сөзі аяқ астында қалсын!

Өнерің күннен күнге ассын,

Бейнетің қашық болсын.

Дәулетің зинада болсын,

Дұшпаның пинада болсын!



61. [ЖАЗДАЙ БЕРСЕҢ, ЖАЗБАЙ БЕР…]

Жаздай берсең, жазбай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер.

Күздей берсең, үзбей бер,

Тобыменен жазбай бер!

Қазаныңнан ас кетпесін,

Үйіңнен қонақ кетпесін!

Қазаның майлы болсын,

Келген қонағың жайлы болсын!

Алда абырой берсін,

Дүнияда жиғаның бұйырсын,

Ақыретте иманың бұйырсын!



272

273


БАТАЛАР

Мінген атың жалды болсын,

Қараңыз малды болсын.

Сатқаныңыз бұлды болсын,

Келін ұлды болсын,

Ұзақ ғұмырлы қызметкер болсын!

Біздей келген қонақтың

Дұғасы қабыл болсын.

Барған жерде жолың болсын,

Қызыр Ильяс жолдасың болсын!



62. [ ЫРЫСЫҢ КӨП БОЛСЫН…]

—Ырысың көп болсын,

Иманың көп болсын.

Дауың жоқ болсын,

Перзентің көп болсын!

Басың көп болсын,

Асың көп болсын.

Жасың көп болсын,

Досың көп болсын!

Қырманың қырдай болсын,

Жүзің нұрдай болсын.

Құрсағың жуан, дырдай болсын,

Бала-шағаң көбейіп,

Отбасың пырдай болсын!

Саған қастық еткен дұшпанның 

Үйінің сырты сырдай болсын!

Әумин, аллахуакбәр!

63. [Я, ҚҰДАЙЫМ, ЗАЛЫМНАН САҚТА…]

—Я, Құдайым, залымнан сақта,

Азғырылған алымнан сақта.

Уақытсыз келген жалыннан сақта,

Орала жауған қарыңнан сақта.

Жабулы жатқан торыңнан сақта,

Қазулы жатқан орыңнан сақта.

Айтқан сөзді тыңдамайтын

Дым сауатсыз сорыңнан сақта!

18-0139


274

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



64. [А, ҚҰДАЙЫМ, ЖАЗ ЖАРЫЛҚАСЫН…]

А, Құдайым, жаз жарылқасын,

Жазбай жарылқасын.

Күз жарылқасын,

Үзбей жарылқасын.

Қыс жарылқасын,

Қыспай жарылқасын!

Тасқа тары шыққандай жарылқасын,

Мұзға бидай шыққандай жарылқасын!

Мал сегіздеп өссін,

Басы ұл мен қыздан

Егіздеп өссін.

Қиямет таңы атқанша жарылқасын,

Ұжымаққа кіріп жатқанша жарылқасын!

Абыройы аса берсін,

Дұшпанын баса берсін!

Аллахуакбәр! 



65. [ӘУМИН ДЕСЕҢ БІЗГЕ…]

Әумин десең бізге,

Бата берелік сізге.

Жасың келсін жүзге,

Желің кетсін құла түзге!

Мал мен басты,

Иман мен жасты

Қабат бермеді екен деп,

Тәңірден күдер үзбе!



66. [ҚҰДАЙ-АЙ ТОБА…]

Құдай-ай, тоба,

Таубасын қабыл ет,

Дұғасын мұстажап ет.

Мәдинада Мұхаммед,

Түркістанда Қожа Ахмед!

Е, Мұхаммед, болғайсың,



274

275


БАТАЛАР

Мына үмбетіңе жар, медет!

Бұ дүниеде жиғанды ет,

Ақыретте иманды ет!



67. [ЕКІ ДҮНИЕНІҢ АБЫРОЙЫН БЕРСІН…]

Екі дүниенің абыройын берсін,

Төрт түлік малға жарытсын.

Алғаныңмен қоса қартайсын!

Төрт түлік малыңа берсін,

Ата-бабаңа тие берсін!

Әуелі бір Құдай жарылқасын,

Екінші, Мұхаммед пайғамбарың жарылқсын!

Үшінші, төрт мұхаррип періште жарылқасын,

Төртінші, төрт шарияр жарылқасын!

Бесінші, Қараман қатибин періште жарылқасын,

Алтыншы, Хазірет Біләл палуан ата жарылқасын!

Е, жылқышы ата—Қамбар,

Төртеуіңнің ынтымағың бір болса,

Қорлайтын кім бар?!

Жетінші, жердің жүзіндегі,

Күннің көзіндегі,

Мекке, Мединадағы әулиелер жарылқасын!

68. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЕСІҢЕ АЛ…]

Е, патша Құдай, есіңе ал,

Өзің жарылқасаң, былайғының несі бар?!

Е, патша Құдай, әуелі өз кәріңнен сақта,

Шайтанның шерінен сақта.

Патшаның кәрінен сақта,

Қадамы қаттыдан сақта!

Дос болып, қас болғаннан сақта,

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта.

Жиылған нудан сақта,

Тасқан судан сақта!

Үйіткіп жанған өрттен сақта,

Ыңыранып жатқан дерттен сақта!



276

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



69. [Е, ПАТША ҚҰДАЙ, ЖАРЫЛҚАҒАНМЕН…]

Е, патша Құдай, 

Жарылқағанмен жандас ет,

Ораздымен оттас ет,

Кімді жарылқасаң, соның қасында ет!

Алдағым

 

азық,



 

шүкір, нәубет,

Асыр-тасыр,

Үзілістірмей ұластыр,

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр!

Дәулетің зияда

 

болсын,



Дұспаның пияда болсын.

Құдайым тілегіңді беріп,

Тұсауыңды алсын!

Ерлердің дұғасы,

Жарандардың батасы,

Болмағай менің бұл батамның қатасы!

Тағы да бір Құдайым жарылқасын,

Басыңа Қыдыр дарысын.

Иманың мен жасыңа Қыдыр дарысын,

Ішіп-жеген асыңа Қыдыр дарысын!



70. [ҚҰДАЙЫҢ ӨЗІ СҮЙТІП ОҢДАСЫН…]

Құдайың өзі сүйтіп оңдасын,

Бес жүз саулық қоздасын.

Сексен інген боталап,

Сегіз келін қомдасын.

Айдап келген жылқыңнан

Алпыс айғыр азынасын.

Жиып келген түйеңнен

Жетпіс інген боздасын!

Өзіңнен байлық озбасын,

Ағайынның жарлысы

Бөтен жаққа тозбасын!

Жанкүшіктің биесін берсін,

Жансүгірдің түйесін берсін.

Нұржанның қойын берсін,



276

277


БАТАЛАР

Кім жақсы болса, соның ойын берсін!

Сол малыңа ие берсін,

Арғы өткен ата-бабаңа тие берсін!



71. [ШЫРАҒЫМ, МЫРЗАЛЫҒЫҢА…]

Шырағым, мырзалығыңа,

Момындығыңа халқың бақсын,

Аллаға қылығың жақсын!

Таңда махшардың күнінде 

Алдыңнан бұлақ ақсын.

Періштелер маңдайыңнан сипап,

Жаурыныңнан қақсын!

Қаршығадай қайқайып,

Ителгідей талпынып,

Жүруші едің, мырзажан!

Көкірегің ақ болса,

Алтын басты әулием,

Алтыннан болсын тұмарың!

72. [АҚЫРЕТТІ БОЛЖАМАЙМЫН…]

Ақыретті болжамаймын,

Бұ дүниеде жоқ-ты сенің арманың.

Құдай жарылқасын,

Әулие қолдасын,

Басшы бастасын,

Қыдыр дарысын!

Хақ Тағала қабыл еткей

Менің бұл батамның бәрісін!



73. [БІР ЖАСАҒАН—ҚҰДАЙЫМ…]

Бір Жасаған—Құдайым,

Бермесін басқа уайым!

Тең құрбыңның ішінде

Үстем болсын талабың.



278

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Үйіңе мейман келгенде,

Ашық болсын шырайың!

Қолдарың жайып тілей бер,

Айрандай болып ұйыған 

Бір өзіңе қылайын!

74. [ЖҮЗГЕ ЖЕТСІН ТҮЙЕҢІЗ…]

Жүзге жетсін түйеңіз,

Үш жүз болсын биеңіз.

Әлдеріңнің келгенше,

Жығылғанды көтеріп,

Сүрінгенді сүйеңіз.

Тарығып келген адамға

Бермесек, отқа күйеміз.

Бергенде тым-ақ сүйеміз.

Жомарттық қылық қолдансаң,

Әрбір жерде жар болсын 

Бір Жасаған—Иеміз!

75. [МЫҢҒА ЖЕТСІН ҚОЙЫҢЫЗ…]

Мыңға жетсін қойыңыз,

Мыңға жетсе қойыңыз,

Сараңдықты қойыңыз,

Күніне бірін сойыңыз!

Үйіңізден кетпесін

Мереке мен тойыңыз.

Малда болса көзіңіз,

Аллада болса ойыңыз,

Өзінің берген дәулетін

Өз жолына жойыңыз!



76. [ПІРӘДАР БОЛСЫН ДОСТАСЫҢ…]

—Пірәдар болсын достасың,

Мұхаммед болсын қостасың.


278

279


БАТАЛАР

Қыдыр болсын жолдасың,

Лұқпан болсын құрдасың!

Сүрініп кеткен жеріңде,

Жеті әулие, жеті пір

Кереметпенен қолдасын!

Төбеңізде торласын,

Көңіліңе алған талабыңды

Бір жасаған Құдайым

Құдіретіменен оңдасын!

Үлкендерді сыйласаң,

Бола берсін болмасың,

Тола берсін толмасың.

Таңда махшар күніңде

Пырақ болсын мінгенің.

Халла болсын кигенің,

Хорлар болсын сүйгенің!

Сол уақытта білерсің

Бұл күнде берген асыңның

Пайдасының тигенін.

Малыңның көр пайдасын,

Басыңнан бағың таймасын.

Тарлықатқа кіргенде,

Төбеңде торлап ойнасын!

Мәңкір-нәнкүр келгенде,

Бұлбұлдай тілің сайрасын.

Ұжымақта келген тағамдар

Осы бізге берген асыңдай,

Алдыңызда жайнасын!

Бермейтұғын сараңның

Екі қолы байлансын,

Сүйтіп соры қайнасын!

Бермегеннің жаманын

Көр ішінде ойласын!

Ұзақ етсін жасыңды,

Берекелі, берік қылсын

Малың менен басыңды.

Таңда махшар күніңде,

Шарап етіп қайтарсын

Бізге берген асыңды!



280

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Өзің жүзге келгенде,

Тоқсанға жетсін алғаның.

Кемпір-шал болып қалғаның,

Шайыхпаны болғаның.

Сол жастарға келгенде,

Құмған болсын қолыңда,

Бола көр Хақтың жолында!

Он бес ұл мен он бес қыз

Еріп жүрсін соңыңда.

Бала менен бақ берсін,

Мұның бәрін сіздерге

Баянды етіп Хақ берсін!

Түрегеп түзде жүрсеңіз,

Қыдыр ата тап келсін.

Алла болсын панаңыз,

Қатар өссін, шырағым,

Малың менен балаңыз!

Нағылып бата бермелік,

Үйіңізге келгенде

Бір-бір тойып қаламыз.

Е, Құдайым, оңда,

Оң жолына баста!

Қыдыр дары,

Қыдыр ата қырық болар,

Қыдырдың өзі дарысын!

Жылқышы ата Қамбар,

Жарылқасаң, өзіңнен басқа кім бар?

Шірендіріп жатқыз,

Көсілдіріп тұрғыз!

Жаз жайлауын жаусыз ет,

Қыс қыстауын қaрсыз ет.

Дүниеде мұңсыз ет,

Толғатқанын ұл ет,

Тамырғанын май ет!

Бәледен сақта, жәледен сақта,

Қауіптен сақта, қатерден сақта!

Түн қатып келіп, 

Күңірене шыққаннан сақта.

Ашыққан-ды, ұрыдан сақта,

Ауызы қар-ды, ұрыдан сақта!



280

281


БАТАЛАР

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,

Дос болып, қас болғаннан сақта!

Әзіреті қазір ет,

Шыққан тауын биік ет,

Кімді жарылқасаң, соның қасында ет!



77. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…]

 

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Жарылқайын деп келеді,

Кішкене ғана сабыр ет!

Бақ бер, бәледен сақта,

Қауіптен, қатерден сақта!

Әумин десең бізге,

Бата берелік сізге.

Әуелі, Құдай, жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер.

Әуелі, Құдай, күздей бер,

Күздей берсең, үзбей бер.

Әуелі, Құдай, қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер!

Бұл үйдің бізге берген дәмі тары екен,

О да өзінің бары екен.

Бұл үйге қас қылған адамды

Көтеріп тұрған жер ұрсын,

Аспандағы көк ұрсын!

Менің берген батам емес,

Бұрынғы Пайғамбардың берген батасы,

Оның болмас қатасы!..

78. [ҚАБЫЛ БОЛСЫН МҰСТАЖАП…]

Қабыл болсын мұстажап,

Осы Құдайы жолыңыз.

Малың мен басың тең өсіп,

Халықтың алды болыңыз!



282

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



79. [ШАЛҚАР КӨЛДЕЙ КӨП БОЛСЫН…]

Шалқар көлдей көп болсын

Қымыз бенен айраның.

Атағың мен атыңнан

Жұртқа тисін қайраның!

Айдағызсыз малды бол,

Ағайынның алды бол.

Отыз ұлды орда бол,

Ұдайы жұрттың басы бол!



80. [ЛҰҚПАНДАЙ МЫҢ ЖАСА…]

Лұқпандай мың жаса,

Береке дарысын жасыңа,

Дуа тисін асыңа.

Әркез шайтан келмесін,

Өлгеніңше қасыңа!

81. [БАҒА АЛМАСТАЙ МАЛДЫ БОЛ…]

Баға алмастай малды бол!

Жалшы менен құлыңа,

Әбиір берсін қызыңа,

Дәулет берсін ұлыңа!



82. [ЖҰРТ ЖИНАЛЫП ТОЙЫҢА…]

Жұрт жиналып тойыңа,

Қаны болсын майыңа.

Ақіретке барғанда,

Гауһар атты бейіште

Жаның тұрсын жайына!

83. [КӨЗ ЖЕТПЕСІН ТҮЙЕҢЕ…]

Көз жетпесін түйеңе,

Көз сүрінсін биеңе.



282

283


БАТАЛАР

Соның бәрін берген соң,

Разы бол Иеңе!

84. [ТАСЫҢ ӨРГЕ ДОМАЛАП…]

Тасың өрге домалап,

Өсе берсін ырысың.

Саған қас қылған дұспанның

Өз руы құрысын!



85. [ЖАЙЫЛЫП ШЫҚҚАН МАЛЫҢНЫҢ…]

Жайылып шыққан малыңның

Көз жетпесін шетіне.

Жаман киім тимесін

Бұл дүниеде етіңе.

Досың менен дұспаның

Қарамасын бетіңе!



86. [АҚБӨКЕНДЕЙ ҚОЙЛЫ БОЛ…]

Ақбөкендей қойлы бол,

Орқояндай көзді бол.

Адам таппас сөзді бол,

Патшадай ұлды бол!



87. [ОСЫ ҚЫЛҒАН ҚҰДАЙ ЖОЛЫҢЫЗ…]

Осы қылған Құдай жолыңыз,

Халықтың алды болыңыз.

Халық жиылсын тойыңа,

Қаны болсын майыңа.

Ұяласын періште

Сақалың мен мұртыңа.

Сегіз жұмақ сарайда

Жаның тұрсын жайына.



284

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Хандай болсын қадірің

Халық, қарындас, жұртыңа!



88. [САҚАЛЫҢ АЛТЫН, МҰРТЫҢ ЖЕЗ…]

Сақалың алтын, мұртың жез,

Дәулетіңе болдым кез.

Екі бірдей ақбозат 

Бірін мін де, бірін сал!

Айдап барып жылқыңды,

Көкорайға бұрын сал.

Қызыл мақпал түбетей 

Бір шекеңе қырын сал.

Екі бірдей ақбозат

Былғарыдан шідерді

Толарсақтан өре сал!

Жүмілә әулие қолтықтап,

Тие берсін рухыңа!

89. [АЛАДАН АЛПЫС БИЕҢ ҚҰЛЫНДАП…]

Аладан алпыс биең құлындап,

Алқалап ұлың байласын.

Желіден жетпіс інген боталап,

Қыз-келіншек қызығымен қомдасын!

Қарабасың хан болып,

Ұяласын періште

Сақалың мен мұртыңа.

Ораздыны көшіріп,

Намаздымен қонысып,

Отыңның басы

Перзентке толсын.

Сізге қас сағынғанның

Аузына қара қан толсын!

Әр елге әр перзентің патша болсын,

Батамыз біздің берген

Қабыл болсын!



284

285


БАТАЛАР

90. [ЕСКЕНДІР ЗҰЛХАРНАЙЫНДАЙ…]

Ескендір Зұлхарнайындай бақытты қылғай,

Ал Хакім Сүлеймендей тақты қылғай,

Арынғазыдай даңқты қылғай!

Ақтылы қой, сарылы түйеңе қораң толғай,

Өңшең асыл перзентке ордаң толғай.

Әр елде әр перзентің патша болғай,

Жақсылық жаққан отың шырақ болғай!

Бұ бата бізден емес, Құдайдан-ай,

Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай!

Арысақ—ат, шөлдесек—сусын болған,

Хакімімізсің пайда болған лайдан-ай!

Он сегіз мың ғаламның басы болың,

Тентекті қайырғансың райдан-ай!

91. [ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ҚАБЫЛ ЕТ…]

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет.

Бай ет, мамыр ет,

Батамды мұстажап ет!

Құдайдан не тілесе, соны әзір ет,

Құдай Тағала, мұның ақ ниетін қабыл ет!

Бұған, Құдай Тағала,

Назар Сәнкебайдың малы мен басын бер,

Ұрпағына Хакім Лұқпанның жасын бер.

Ғалидың айбатын бер,

Діннің қуатын бер!

92. [ҚҰДАЙЫМ, 

АЛАПАТ-КҰЛАПАТТАН САҚТА…]

Құдайым, алапат-кұлапаттан сақта,

Иманбай, Нұрқаттан сақта.

Бастағы үш киіктен сақта,

Аяқтағы көп тентектен сақта!

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,


286

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Түнде жүріп, түсі қашқаннан сақта!

Исекеңнің шоқпарын сүйретіп ақырғаннан сақта,

Оразымбеттің қорқып бақырғанынан сақта!

Е, Құдайым, өзімді малды қыл,

Дұшпанымды жарлы қыл!

Е, Құдайым, жыртықтан сақта,

Қорлықтан сақта.

Мал бер, бас бер,

Өмірі ұзақ жас бер!

Мұны айтқан Оразымбет,

Тілі сау да, көңілі дерт.

Бір Жаратқан Құдайым,

Дұспаныма қылма мерт!

Аллаху Әкбпар!



93. [ӘУЕЛІ, ҚҰДАЙ, ПӘЛЕДЕН САҚТА…]

Әуелі, Құдай, пәледен сақта,

Жәледен сақта, қауіптен сақта, 

Қатерден сақта!

Шайтанның шерінен сақта,

Патшаның қаһарынан сақта!

94. [ҚҰДАЙЫМ, МАЛДЫ ҚЫЛ…]

Құдайым, малды қыл,

Тең құрбыңның алды қыл.

Қас сағынған кісіні

Қасқа шұнақ жарлы қыл! 



95. [ҚҰДАЙЫМ, БАЙ ЕТ…]

Құдайым, бай ет,

Төрт түлікке сай ет.

Ұл-қызды көп беріп,

Көңілдің мұңын жай ет!



286

287


БАТАЛАР

96. [ЕРТЕ ТҰРЫП ТЫҢДАСАҢ…]

Ерте тұрып тыңдасаң,

Сексен інген боздасын,

Сегіз келін қомдасын.

Тәңірі сүйіп оңдасын,

Бұл адамға қас сағынған оңбасын!

97. [ҚЫЗЫР АТА ӘУЛИЕ…]

Қызыр ата әулие,

Тар жер, тайғақ кешуде

Қолынан демеп ұстай көр!

Әуелі Құдай, екінші Пайғамбар,

Үшінші Шаһариар,

Төртінші Алхамду,

Жарылқай көр Сұбхан!

98. [Е, ҚҰДАЙЫМ ОҢДАСЫН…]

Е, Құдайым оңдасын,

Оң жолына бастасын,

Бір жарылқап тастасын.

Жамандыққа жазбасын,

Жақсылыққа бастасын!

Мал иесі—Мұхаммед,

Жан иесі—Хазірет,

Не тілегін әзір ет,

Еткен ниетін қабыл ет!

99. [Е, ҚҰДАЙЫМ, ҚОЙ БЕРСЕҢ…]

Е, Құдайым, 

Қой берсең, қошқарымен бер,

Жылқы берсең, айғырымен бер.

Түйе берсең, бурасымен бер,

Сиыр берсең, бұқасымен бер!


288

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



100. [Е, ҚҰДАЙЫМ, 

ҚҰМЫРЫСҚА-ҚҰРТТАН САҚТА…]

Е, Құдайым, 

Құмырысқа-құрттан сақта,

Жапандағы бөріден сақта!

Е, Құдайым, жаз жайлауын жаусыз ет,

Қыс қыстауын қарсыз ет,

Ұл-қызын мұңсыз ет!

Е, Құдайым, 

Шыққанның есесін бер,

Кіргеннің берекесін бер!

101. [МЫРЗА БОЛСА ҚАТЫНЫҢ…]

Мырза болса қатының,

Қоңсы қонар қасыңа.

Берекет берсін мал мен басыңа!

Қырғауылдай қырғилап,

Бөденедей жорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа!



102. [ЖАМАН БОЛСА ҚАТЫНЫҢ…]

Жаман болса қатының,

Қоңсы кетер қасыңнан,

Билік кетер басыңнан,

Береке кетер асыңнан.

Жалған қатын айырады

Ер жігітті досынан.

Менің берген батихам:

«Жаман қатынды алмаңыз» деп,

Өтінемін, Асылан!

Аз да болса, көптей көріп,

Риза болыңыз осыған.

Біздің берген батамызды

Қабыл қылғай еді

Нұх пайғамбар атамыз!

Альхамду лиллахи,


288

289


БАТАЛАР

Альхамду берекетін бер!

Аллаху әкбар!

103. БАТА СӨЗДЕР

Я, Құдай оңласын,

Оң жолына толғасын.

Аспанда Құдай, жерде әулие,

Ақсақалды қорғасын!

Я, Құдай, сақтасын,

Ауылын аймағымен сақтасын!

Қазанын қаймағымен сақтасын,

Биесін тайларымен сақтасын.

Түйесін тайлағымен сақтасын,

Қойын көгенімен сақтасын!

Туысқандарын дегенімен сақтасын,

Кемпірін шалымен сақтасын.

Бала-шағасын,

Келін-кепшегімен сақтасын!

Аллахуәкпар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет