Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



жүктеу 2.39 Mb.

бет2/22
Дата15.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Жалбарыну. Қазақ фольклорында арғы тегі сөз қуатына 

сенуден туындағанымен, мақсат-міндеті арбаудан (заговор) 

алшақ жатқан бір топ сөз үлгілері бар... 

«Қазақ халқы ерте заманда ескі дін бойынша әрбір жан-

жануардың, әр түрлі жақсылық-жамандықтың «иесі» бар деп 

қандай сенген болса, ол «иелердің қызыл тілмен алуан-алуан 

әсерлі, сырлы сөзбен көндіруге, зиянсыз етуге, тек зиянсыз 

етіп қоймай, мейірімді, пайдалы етуге болады деп те сенген. 

Бұлардың кейбіреуін ойын-күлкімен, әзіл, тәлкек сөзбен, 

кейбіреуін зеку, күш айту жөнімен, енді біреулерін жалыну, 

17

 Сонда. 80-81-бб.



16

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

тілену жөнімен, көндіруге болады деп сенген»

18

,—деп жазады 



ғалым Б.Кенжебаев.

Өзінің «Тәңір» атты еңбегінде Шоқан Уәлиханов қазақтар-

дың жаңа туған айға, ата-бабаның аруағына сыйынып, жа-

лынатыны туралы былай дейді: 

«Жаңа туған айды көргенде үш рет тізерлеп отырып, үш 

рет еңкейіп, мінажат етеді де, сол мінажат еткен жерден шөп 

жұлып алып, жанып жатқан отқа тастайды. 

Аруақ—ата-баба рухы, басқа қиын-қыстау күн түскенде, 

жан қиналғанда: «Аруақ қолдай гөр, қолтығымнан жебей 

гөр!»—деп айтады. Аруақтың рухына арнап: ай мүйізді, аша 

тұяқты сиырды, бозқасқа яки ақсарыбас, бауырсақ тәрізді қос 

құлағы, екі тісі бар немесе қардай аппақ, қасқа қойды және 

тұмса малды садақаға сояды»

19

. Күні бүгінге дейін егде адамдар 



жаңа туған айды көрсе, соған қарап «Ескі айда есірке, жаңа 

айда жарылқа!»—деп, еңкейіп, жалынады.

...Тегінде, қазақ фольклортану ғылымында жалбарыну 

деген термин бұрын болған. Б.Кенжебаев

20

, М.С.Сильченко



21

М.Ғабдуллиндер



22

 қолданған. Мысалы: бұлт шақыру, күн 

жайлату, құйынды үйден аулақ қуу кезінде айтатын сөздерді 

М.Ғабдуллин жалбарынуға жатқызған. Х.Арғынбаев дарым-

шының жыланды арбауын жалбарыну

23

 деп атаған. Кейінгі 



кезде Б.Абылқасымов бұндай сөздерді арбау жанрына енгізген. 

Алайда, қолда бар мәтіндерге қарағанда, біздің фольклор дың 

құрамында арбаудан басқа жанр бар екені анықталып отыр. 

Өзінің мазмұны мен айтылу ситуациясына қарай ондай сөздерді 

жалбарыну деп атауға болады.

Сонымен, қарапайым шаруа қандай бір әдет-рәсім, еңбек-

кәсіп, табиғат құбылысы кезінде соның адамға деген тиімді-

лігін, шарапатын молайтып, кесапатты аластату мақсатында 

айтатын магиялық сенімге негізделген ғұрыптық сөз үлгілерін 

жалбарыну деп атаймыз. 

18

 Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор.—Алматы, 1948. 1-т. —43-б.



19

 Уәлиханов Ш. Таңдамалы.—Алматы, 1985. —154-155-бб.

20

 Сонда. 44-б.



21

 Қазақ әдебиетінің тарихы.—Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. —105-б.

22

 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. —Алматы, 1958. —55-б.



23

  Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық 

очерк.—Алматы, 1969. 167-б.


16

17

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жалбарыну ырымға негізделіп, ғұрыптық іс-әрекет, ар-

найы әуен-ырғақ, символикалық киелі затпен сүйемелденіп 

орындалады.

Б.Абылқасымов қазақтағы арбау жанрына сырқат пен 

сиқырлы күштерді аластау, күн жайлату, бұлт шақыру, жаң-

быр шақыру, жел шақыру рәсімінде айтылатын сөздерді 

топтаған

24

.



Бажайлап қарасақ, жалбарыну арбау жанрынан мүлде 

ал 


шақ тұрғаны көрініп тұр. Енді ол екеуінің айырмасына 

тоқталайық:

Ең алдымен айтатын нәрсе: арбау басқа бір объектіге 

(адам, мал, жәндік т.б.) жұмсала айтылады, ал жалбарынуда 

адам өзіне мейірім тілеп, өтініш жасайды. Осы ерекшелігі 

жалбарынуды батадан да бөлектеп тұрады. Сондай-ақ арбауды 

бақсы, арбаушы, дарымшы, яғни кәсіби мамандар айтады. 

Ал жалбарынуды аңшы, малшы, диқан, шебер, яғни кез кел-

ген қарапайым еңбек адамдары айта береді. Ғалымдардың 

пікірінше, арбауды айтудың арнайы шарты бар. Оны белгілі бір 

мекенде (мысалы, төрт жолдың торабында), белгілі мезгілде, 

белгілі бір себепке байланысты ғана айтады. Ал жалбарынуда 

мұндай арнайы шарт жоқ, оны кез келген қарапайым адам тек 

өзі атқарғалы жатқан әдет-рәсімді, іс-әрекетті нәтижелі ету 

немесе адам өз басына жақсылық жасау үшін айтады. Арбау-

дың діни нанымдық негізі күшті, оны арбаушы арғы әлеммен 

тіл десу құралы ретінде айтатындықтан, қарапайым адам түсін-

бей тін құпия сөздері мол, ал, керісінше, жалбарынудың барлық 

сөздері көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонымен бірге ар-

бау мен жалбарынудың ұқсас жері екі жанр да магияға сену-

ден пайда болған, екеуінің де мақсаты игілікке—табысқа же ту, 

яғни құтты молайту, бұл жолдан кесапатты аластау. 

Жалбарынуды айтушы атқарылғалы жатқан істі ұдайы 

жаратушының құдіретімен, яки табиғаттың тылсым күшімен 

байланыстыратыны байқалады. Сондықтан да оның сөзі сырлы, 

сиқырлы. Жүзеге асқан немесе атқарылғалы жатқан шаруаны 

тіл-көзден жасырып, басқа рәміздермен алмастырып, далда-

лау, тасалау, сол арқылы кесірлі рух-иелерді адастыру, алдар-

қату сарыны бар. Мысал келтірсек, қазақ «мал соймаймыз ба?» 

24

  Абылқасымов Б. Телқоңыр. Қазақтың көне наным-сенімдеріне қатысты 



ғұрыптық фольклоры.—Алматы, 1993. —54, 58, 69-бб.

2-0139


18

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

дегенді «тышқан мұрнын қанатпаймыз ба?» деген эвфемизм-

мен айтады. 

...Шаруа тылсым рух-иелерден қорқатындықтан, қойдың 

атын да атамай, «ай мүйізді, аша тұяқты, жұпар иісті, 

бауырсақ құлақты» деген әдемі мадақ сөздермен алмастырып, 

алдарқатады. «Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп, Шопан 

атадан кешірім сұрап, емеурінмен тілдесіп, мәмілеге келу, өз 

әрекетінің әділ екендігін, ақ екендігін түсіндіру, ұқтыруға 

ниет етеді. Сол арқылы мал иесінің қаһарын тоқтатып, ты-

ныштандырып, рахымына бөленуді көздейді. Одан кейін қой-

дың басын үйтіп болған соң, жағын айырарда, пышақпен кесу 

үшін көмейіне қу шөп салып, содан «сені кескен жоқпын, қу 

шөпті кестім» деген сөзді айтады. Бұлай істегенде пышақтың 

жүзі алдымен қу шөпке тиеді де, содан кейін көмейді кеседі. 

Демек, қойдың көмейіне тура пышақ сілтеуден тайсалып, өз ісін 

бүркемелеп, жасырып, тағы да ие-киелерді алдау, алдарқату, 

сол арқылы қорғану, нәтижесінде құтты қашырмаудың ама-

лын жасайды. Тегінде, ежелгі қазақ малдың әрбір мүшесінің 

жеке жаны бар деп ұққан. Мысалы, қойды бауыздаған кісі 

оның жүрегін жаруға тиіс емес. Егер бұлай істесе, ол адам екі 

қой дың қанын мойнына қабат жүктеп, ауыртпалыққа қалады-

мыс. Көмей болса, малдың маңыраған үнін шығаратын қасиет-

ті мүшесінің бірі. Демек, оған пышақ жұмсау малдың дауысын 

өшірумен тең болғандықтан, бақташы кесірден сескеніп, ырым 

арқылы сақтық амалын жасайды. Моңғолдар ұрғашы қойды 

сойып жатқанда оның үйін (жатырын) пышақпен кесерде тура 

біз айтып отырған ырымды орындайды

25

.



Кейде жалбарынудың сөздері қарғысқа да ұқсайды. Мәсе-

лен, түрік-моңғол халықтары мал далаға түнеп қалса, «қасқыр-

дың жағын байлау» рәсімін жасайды

26

. Ол үшін егер үйде бар 



болса, бөрінің жақ сүйегін, ол болмаса, көбінесе қайшы ның 

аузын, кейде тымақтың, немесе дамбалдың сол жақ бауын, 

баланың жейдесінің жеңін, әйтпегенде, түндіктің алдыңғы 

бауын шорт байлап: «Түнемедегі маңыраманы аман сақта, 

Құдайым, ұлыманың аузын будым!»

27

—деген сөздерді айтатын 



болған. Бұндай сөздердің басқадай да үлгілері бар. 

25

  Сампилдэндэв Х. Шившлэг // Монгол ардын аман зохиол.—Ұланбатыр, 



1988. —72-б.

26

 Сонда. —73, 74-бб.



27

 Айтып берген 10.09.1944 жылы туған Тошынбай ұста Қаңбақұлы.



18

19

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жалбарыну көбінде тақпақ түрінде болғанымен, кейде 

драмалық пішіндегі диалог түрінде де кездеседі. Мәселен, ба-

ланың тіліне теріскен шыққанда екі бала алма-кезек жауап-

тасып, бірін-бірі емдейді. Тіліне теріскен шыққан бала алдымен 

«Тіліме теріскен шықты» деп жеті рет айтып, қандай ем керек 

екендігін сау баладан сұраған сыңай танытады. Ал сау бала жеті 

рет жиіркенішті жаман заттардың атын зырылдатып ай тып, 

соны жалап емделу керектігін сөз етеді. Мысалы:

Сырқат бала:—Тіліме теріскен шықты.

Емші бала:—Иттің боғын жала!

Сырқат бала:—Тіліме теріскен шықты.

Емші бала:—Сиырдың сідігін жала!—

деп диалог жалғаса береді де, лас заттардың саны жетіге 

толғанда, өзі де жиіркеніп, лоқсыған бала «Бұл тілім қайтсем 

жазылады?» дегенде келесі бала «Жан-жағыңа қарағанша, 

қарғаның боғын жалағанша» дейді. Сонда сырқат бала «Түй, 

түй, қайран тілім боқ болды, ұшы қиыры жоқ болды!» деп 

түкіріп тастайды. Расында, осы ем-домды жасаған соң балалар 

жазылып кететін-ді.

28

 



Ежелгі түсінік бойынша, теріскен ауруының да иесі бар, 

демек, ол бұл сөздерде айтылған лас заттардан жиіркеніп, 

баланың тілінен қашып кетеді деген наным домдауға негіз 

болған. Емдеу кезінде екі бала жедел жауаптасып, науқас 

бала шын сескенгенше лас заттарды тізіп, үдетіп, өршітіп, 

екпіндете айтады. Мұнда заты түгіл аты естілгенде жүректі 

айнытып, тітіркендіретін жөн-жосықсыз харам нәрселер 

әдейі термеленеді. Себебі бұндай сұмдықты естісімен тілге 

шыққан теріскен зәресі ұшып, безіп, жоғалуы керек. Сонымен 

бірге домдауда баланы қасақана сескендіріп, психологиялық 

тұрғыдан емдеу шарасы да жатқаны айқын. 

Жалбарыну кейде осылайша халық емшілігімен ұштасып та 

жатады. Мәселен, әйелдің толғағы ауыр болғанда шипагер әже 

«Менің қолым емес, Бибі Бәтима,Ұмай ана қолы. Қой толғағың-

ды емес, оң толғағыңды бер!» деп айтып, ананың қарынына ағаш 

табақты төңкеріп, оңнан солға қарай айналдырып домдайды

29



28



 20.04.2003 жылы 1927 жылы туған Оразхан Бітеубайқызынан жазып 

алдық.


29

 2005 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Моңғолия 

қазақтары арасында жүргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясын-

да 1928 жылы туған Қафуза Болатқызы айтып берген мәлімет. Экспедиция 

мүшелері: Ә. Нұрбаев пен А. Тойшанұлы.


20

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Бұнда жалбарыну ырыми әрекет, символикалық киелі затпен 

сүйемелденгенін байқаймыз. Талай рет ақсарбастың басы мен 

жамбасы тартылып, дастарқанның құтына айналған ағаш та-

бақты бекершілікте төңкеруге тыйым салынады. Емдеу ке зін-

де оны төңкеріп отыр. Себебі төңкерілген табақтың ішіндегі ас 

төгілетіндей нәрестенің де сыртқа ақтарылып, тез шығуына 

ишара жасалады. «Қой толғағыңды емес, оң толғағыңды бер» 

деген сөздің мәнісін айтсақ, малдың ішінде қойдың толғағы 

ең ауыр болады да, жылқынікі тез екен. Сондықтан қазақ осы 

сөздерді айтып, толғатқан әйел екі қолымен ұстап, аспақталу 

үшін оң жаққа аттың шылбырын керіп, жүгенін іліп қоятын 

болған.


Жылқыны пішкенде де айтылатын сөздер емдеу-домдау 

мақсатында қолданылады. Халық «жылқыны пішеміз» деп 

айтуға тыйым салып, оны «сұлулаймыз» деген сөзбен алмас-

тырып атайды. Жылқыны жығардың алдында пішпеші 

«Ма мықтан жеңіл, оқтан жүйрік бол»

30

 деп, мінәжат етеді. 



Ал пішіп болған соң аяғын әбден босатып, басындағы ноқта-

жүгенін түгелдей шешіп ап (пішілген жылқының денесінде 

жіп-арқан тақілетті нәрселерден ештеңе қалуы тиіс емес) 

тұрғызғанда көпшілік «Тезекте кезек жоқ, тезекте кезек жоқ

жүйрік бол!» деп, артынан аттың құмалағымен атқылайды

31



Бұл рәсімде де жалбарыну рәміздік затпен, ырыми әрекетпен 

сабақтасқаны байқалады. Жалбарыну үнемі осылайша қандай 

бір істің сәтімен жүзеге асуына қосалқы көмек шарасы ретінде 

орындалады. 

Кейде жалбарыну табиғат құбылыстарына бағышталады. 

Мысалы, күн алғаш күркірегенде, отанасы шөмішке сүт құйып 

береді де, балалар үйді айнала жүгіріп: «Сүт көп, көмір аз» 

деп, дөдегені қағады. Моңғолдар да алғаш нажағай ойнағанда 

осыған ұқсас ырым жасап, үйде отырған жандар ыдыста қал-

ған сүтті бөлісіп, ауыз тиетін болған

32

. Тувалықтар үйді күннің 



бағытымен үш рет айналып:

30

 Моңғолдар осы сөзді қозы-лақты пішкенде айтады. Қараңыз: Сампилдэн-



дэв Х. Шившлэг // Монгол ардын аман зохиол.—Ұланбатыр, 1988. —69-б.

31

 Шабдан А. Қазақтың ата малды пішу, қозы-лақты тарту дәстүрлі әдістері.—



Өлгий, 1995. Қолжазба. 15-16-б.

32

 Содном Б. Монголын шившлэг // Аман зохиол судлал.—Ұланбатыр, 1967. 



—57-б.

20

21

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жыл басы келді, хайыракан, 

Жылан басы түледі, хайыракан.

Ақ тағам мол болсын, хайыракан,

Ақ сүт бозасы дәмді болсын, хайыракан.—

дейтін

33

.



Қыстан қысылып шыққан бақташы халық көктемнің ке  луін 

жақсылыққа балаған. Ал алғашқы күннің күркіреуі жай  да-

ры жаздың белгісі саналады. Сондықтан мал көкке тойып, сүт 

мол болсын деген ниетпен үйді айналдыра ақ шашып, тыл сым 

иелерден мейір тілейді. «Сүт көп» деген сөз осындай иша раны 

меңзесе, «көмір аз» дегені—найзағайдың зауалынан қор ға нуы. 

Халық найзағайды Тәңірдің сайтанды ататын оғы деп тү сінеді. 

Күн күркірегенде сайтан қашып келіп, адамға пана 

лайды 

да, содан бейкүнә жанға жай түседі деседі. Мінеки, осын дай 



себептерге байланысты алдын ала жайдың отынан сақта нып, 

«көмір аз» деп, мінәжат етеді.

Қолдағы бар материалдарды саралағанда, жалбарыну (зак-

линание) қарапайым тілек (приговорки) пен күрделі арбау дың 

(заговор) ортасында тұрған жанр екендігі аңғарылады. Онда 

сөз іс-әрекетпен, магиялық затпен, драмалық талас-тартыс-

пен ұштасып орындалады екен. Тілек-батаны немесе арбауды 

орындаушы өз сөздерін басқа жандарға қарата бағыштап, арнап-

сарнап айтатын болса, жалбарынуды қандай бір еңбек-кә сіп, 

әдет-рәсім, емдеу-домдау кезінде орындаушы адам өз ісінің 

нәтижелі болуын тілеп, өз әрекетіне бағыштап, өзі айтады екен. 

Жалбарынудың ең қысқа үлгілері төлдегелі жатқан қозы-лақты 

суырғанда айтатын «шым-шым» деген сөзбен қырсық шал ған 

бүркітті домдағанда айтатын «сырық-сырық» деген магия лық 

сөз деген түйін жасаймыз. 

Әдетте, жалбарыну емдеу-домдау мақсатында қолданыл-

ғанда қызметі арбауға жанасады. Мысалы, толғатқан анаға, ті-

ліне теріскен шыққан балаға, жылқыны пішкенде айтыла тын 

сөз дер арбауға ұқсас. Тіпті, кейде қарапайым тілек те жалба-

рынуға айналып кететін сәттер бар. Бұның себебі фольклорда 

жанрлар арасындағы жалғасу мен алмасулар тұрақты болып 

тұратын құбылыс екендігінен.

33

  Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары.—Кызыл, 2002. 



—295-б.

22

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Жалбарыну сөз магиясына сенуден тамыр тартып, дамыға-

ны күмәнсіз. Оны айтушы кейде іс-әрекетпен, кейде символ-

дық затпен (су, күл, тезек, шөп, қайшы т.б) сүйемелдейді. 

Кейде құр сөзді ғана айтады. Жалбарынудың атқаратын функ-

циясына байланысты оның ішкі мәні мен сыртқы түр-тұр-

паты қалыптасатыны айқын. Мағынасы қарапайым, көлемі 

недәуір қысқа болуы—оның қандай бір төтенше жағдайдағы 

әдет-рәсім, еңбек-кәсіп кезінде шұғыл қолдануға бейімделген 

жанрлық ерекшелігінен туса керек. Мазмұны қарапайым 

болғанымен көркемдік жүйесі әжептәуір күрделі екендігін 

байқаймыз. Құрылымынан қайталау, теңеу, эпитет, әсірелеу, 

шендестіру сияқты бейнелеу құралдарын табамыз. Осындай 

көркемдік құралдарды сәтті пайдаланғандықтан, жалбарыну 

астарлы, сырлы, тылсым сияқты әсер қалдырып, адамның 

есіне тез түсіп, жадында жатталуға өте қолайлы. Ұғымдарды 

бір-біріне қарама-қарсы қою, шендестіру, алмастыру тәсілдері 

мол қолданылады. Мысалы, от жаққалы шоқты үрлегенде 

«қоян шабан, от жүйрік» деген сөз айтылады. Шын мәнісінде, 

қоян—аса жүйрік хайуан. Бұнда «шабан-жүйрік» деген 

ұғым өзара шендестірілген. Ежелгі адам анимистік наным 

бойынша отты тірі деп елестететіндіктен, онымен тілдескенде 

«жүйрік» деп мақтап-мадақтап, ал қоянды әдейі «шабан» деп 

төменшіктетеді. Өйткені бұл мадақты естіген от иесі қоянмен 

бәйгеге түсіп, бәсекелесіп, тез жанады деп иланған. Әйел іске 

кіріскенде айтатын «істің басы ілгері, шайтанның басы кейін, 

қолыма жел байла, көтіме тас байла» деген жалбарынуда «іс-

шайтан», «ілгері-кейін» «тас-жел» деген кереғар түсініктер 

шендестірілген. Тағы бір мысал, қолы шипалы жандар мал мен 

адамды емдеу-домдау мақсатында іске кіріскенде «Бисмилла, 

менің қолым емес—пайғамбардың қолы» деген сияқты сөз-

дер ді айту әдетке айналған. Бұл жалбарыну «адамның қолы—

пайғамбардың қолы» деген ұғымдарды өзара шендестіру, 

алмастыру арқылы жасалғанын байқаймыз. Осындай сөзді 

айту арқылы емдеу-домдауға кіріскен бүгінгі қарапайым адам 

ежелгі замандағы қасиетті ілкі-бабаның атынан әрекет жа сау-

ға мирасқорлық етеді. Басқаша айтқанда, бұндай дуалы сөз-

дер айтылған сәтте тарихи уақыт пен мифтік уақыт түйілісіп, 

тоғысатынын аңдаймыз

34



34



 Мелетинский Е.М. Поэтика мифа.—М., 1976. —С. 174.

22

23

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жалбарынудың көбінің көлемі өте қысқа, ол бір-екі жол 

өлең немесе ырғақты қара сөзден құралады. Бұнда айтылатын 

аз сөздің өзі тұрақты, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Тіп-

ті, қазақ пен моңғол халқының кейбір жалбарынуларын өзара 

салыстырғанда, олардың бір-бірінен айырмасы мүлде аз екен-

дігі байқалады. Мысалы, бүркіт аң алмай «қырсық шалса», 

оттың үстіне тұз шашып, пытырлаған дауыс ырғағымен оңнан 

солға қарай айналдырып, «сырық-сырық, сырық-сырық!» деп 

жалбарыну айтып, домдайтын салт бар. Кейде бұл сөз «шырық-

шырық» деп те айтылады

35

. Ал, моңғол емшісі ауырған бала-



ны домдағанда осыған ұқсас «ширэг-ширэг» дейтін магия-

лық сөзді айтады

36

. Әлбетте, мұндай бір қалыпқа соғылғандай 



ұқсастық, үндестік, бірсыдырғы, қасаң сипатта болу жалба-

рыну жанрының көшпелі халықтар арасында ежелгі дәуірде 

қалыптасқандығынан хабар береді. 

Қазақ фольклорында жалбарыну жанрының мөлшері де 

көп емес екендігін айтқымыз келеді. Әйткенмен, бұл мәтіндер 

халық шығармашылығының ұлы денесіндегі шағын болса да, 

жанды, нәрлі, сөлді бөлшегі болуымен құнды. 

Алғыс (бата). Көне түркі тілінде «алкыш» сөзінің болуы-

ның өзі—оның өте ерте заманда қолданылғанын айғақтай-

ды. Мысалы, «Көне түркі сөздігінде» былай деп жазылған: 

«Алкыш—1. хвала, благословение, прославление; 2. рел. мо-

литвенно-хвалебное песнопение, моление, молитва, гимн»

37



Демек, алғыс дегеніміз: 1) мақтау, тілек, даңқтау болса, 2) діни 

мазмұндағы жалбарына мадақтау өлеңі, жалыну, жалбарыну 

екен. Түркі халықтарының фольклорында алғыстың осы екі 

мағынасы да сақталған, рас, әрқайсысында сәл-пәл айыр ма-

шылық бар. Алдымен, сөздің айтылу түрі мынадай: алтай-

лықтар «алғыш» немесе «алкыш», татарлар «алкыш», ұй-

35

 2005 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Моңғолия 



қазақтары арасында жүргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы 

кезінде бұл мәліметтерді айтып бергендер: 15.11.1954 жылы туған Жанат-



хан Түркістанұлы; 1924 жылы туған Құмархан Ысқақұлы; 15.03.1935 жылы 

туған Бәйтей Бабиұлы. Экспедиция мүшелері: Ә. Нұрбаев пен А. Тойшанұлы

Бүркітті «сырықтау» рәсімі туралы тағы да оқуыңызға болады: Мыңжанұлы Н. 

Қазақтың мифтік аңыздары.—Үрімжі, 1996. –79-б.

36

 Монгол ес заншлын их тайлбар толь.—Ұланбатыр, 1992. – 475-б.; Дула-



мын Бум-очир. Монголын бөөгийн зан үйл.—Ұланбатыр, 2002. 129-б.

37

 Древнетюркский словарь.—Л., 1969. –С.38.



24

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

ғырлар «алкиш», тувалар «алгыш» немесе «алгыж»

38

, якуттар 



(сахалар) «алгыс»

39

 дейді. Ал енді осы сөзге қандай анықтама 



берілген, соған көңіл бөлейік. Алтай тұрғындары «игі тілек, 

өтіну, жалбарыну» десе, татарларда «ізгі тілек» делінеді. 

Ұйғырлар алғыс деп сәлемдесуді, қол соғуды айтады. Сахалар 

алғыс деп әртүрлі рух-иелерге арналған мақтау өлеңдерін, 

соларға бағышталған жалыну, жалбарыну сөздерін, адамдарға 

арналған жақсы тілектерді түсінеді. Осы аталған халықтар-

дың бәрінде алғыс үлкен мерекеде, үйлену тойында, тағы 

басқа қуанышты басқосуларда айтылады екен. Олай болса, 

алғыс—бірнеше халықтың фольклорында кездесетін көне 

жанр ғана емес, ол сонымен қатар бойына әлденеше жанрдың 

белгісін сіңірген синкретті жанр екенін көреміз. Сондықтан 

ерте замандарда алғыс әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, 

әрі тілек рөлдерін атқарған. Мұны әсіресе ислам дінін қа-

былдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. 

Сондықтан ерте замандарда түркі халықтарының бәрі алғысты 

әрі жалбарыну, әрі арнау, әрі мадақтау, әрі тілек ретінде 

қолданғаны белгілі

40

. Мұны, әсіресе, ислам дінін қабылдама-



ған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Мысалға 

алтайлықтар аңға шыққанда отқа табынып айтатын мына 

алкышты оқып көрейік: 

Алас, алас,

Отыз басты от ене,

Қырық басты қыз ене,

Шикі болса пысырған,

Тоңды болса еріткен,

Ата болып айланып түс,

Ене болып иіліп түс! 

41

38

  Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары.—Кызыл, 2002. 



177, 295-бб.

39

 Қараңыз: Русско-алтайский словарь.—М., 1964. б.31.; Каташ С.Алкыш сос 



(благопожелания)—древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чте-

ния.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.63-77; Уйгуро-русский словарь.—М., 

1968. –С.48; Татар фольклоры жанрлары.—Казан, 1978. –94-б. 

40

 Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы.—Алматы, 



1983. –79-81-бб.

41

 Каташ С. Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк-



лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.70.

24

25

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Аңшы биік таулардың асуынан асқан сайын тоқтап, сол 

таудың рух-иесіне бағыштап арша тұтатып, киелі ағашқа ақ-

тық байлап, тағы да алкыш айтқан:

Ал тайга асуын берсін,

Ағын су кешуін берсін,

Алтайым аңын аттырсын,

Жорық жеңіл болсын!

42

.



Әрине, бұл алкыштарда аңшы от пен таудың иесіне жал-

барынып, арнайы ырым жасағаны көрініс тапқан. Енді ал тай-

лықтардың отбасылық-тұрмыстық алкышында келінге ай ты-

латын ізгі тілегін көрейік:

Алдыңғы етегін бала бассын,

Артқы етегін мал бассын,

Жақтыға айттырма,

Иықтыға бастырма,

Ішкен асың ас болсын,

Ішер жерің көп болсын,

Жүйірік атқа мін,

Атың болса, терлемесін,

Қолың-арқаң ауырмасын,

Қолтығың сыздамасын!

43

.

Бұл алкыш біздегі батаға ұқсайды. Демек, алтай алкы шын-



да біздегі жеке жанрлар—тілек, жалбарыну, бата, тіпті бақсы 

сарыны


44

 да араласып тұрғандығы көрінеді. Ал енді біздегі 

алғыс қалай?

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «алғыс» сөзіне мы-

надай түсінік берілген: 1. Ізгі ниет, ықылас. 2. Үздік еңбегі 

үшін айтылатын ресми құрмет

45

. Алайда қазақтағы «алғыс» 



42

 Каташ С.Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк-

лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. – С.70-71.

43

 Каташ С.Алкыш сос (благопожелания)—древний жанр алтайского фольк-



лора // Улагашевские чтения.—Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. –С.76.

44

 Бақсы сарынын алтайлықтар алкыш деп те атаған. Бақсы алкыштары 



төмендегі еңбекте жарияланған: Анохин А.В. Материалы по шаманству у Ал-

тайцев.—Ленинград, 1924. –С.66, 131-134, 136-137.

45

 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.—Алматы. 1974. 1-т. –211-б.



26

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

сөзінің мағынасы осымен ғана шектелмейді. Оның этика-

лық, этнографиялық, фольклорлық мәнісі кең. Рас, қазақтың 

«алғысы» көнелікке тән синкретті емес, бірақ ол тек «ізгі 

ниетті» ғана білдірмейді. Бұл—бір ғана сипаты. Кең мағынада 

қарайтын болсақ, біз «алғыс» қай кезде қандай жағдайда 

айтылады және оны кім айтады, соған көңіл бөлейік.

Біздегі «алғыс» сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып 

біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға 

жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қа-

зақ тағы «алғыс» ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге не-

месе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ «ал-

ғысы»—ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген 

ерек ше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үл-

кеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста 

жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап 

түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қара-

ғым, ғұмырлы бол!» деп, өзінің рахметін айтады. Немесе үйде 

жағалай отырған адамдардың қолына жылы су құйып, орамал 

беріп, жастар қызмет етеді, ал үлкендер қолын сүртіп, жастарға 

«Көп жаса, шырағым!» деп, ризашылық сезімін білдіреді. Сол 

сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға 

ізет көрсетіп, сәлем етеді, оған «Қалқам, өркенің өссін!» деп, 

үлкен кісі өзінің риза болғанын көрсетеді. Я болмаса жас 

адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде 

ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген 

сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. Міне, 

қазақ фольклорындағы алғыс жанры тұрмыспен, ғұрыппен 

тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын, 

өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданылатын болған. 

Оның басты мақсаты—жақсылық істеген адамға ризашы-

лық білдіру, сол себепті алғыс ерте замандағыдай іс-әрекетті 

бастаудың алдында емес, сол шаруа атқарылған соң айтылады 

және ол рух-иеге немесе бір құдіретке жалынып, оны жұмсарту 

үшін айтылмайды.

Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол 

екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Алғысты 

риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, сондықтан 

бізде сахалардағыдай арнайы алғысшылар болмайды. Саха-

лар да үлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бұрын 


26

27

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



алғысшылар әртүрлі рух-иелерге, құдіретке қарата көлемді 

алғыс айтатын болған. Ондай алғыстардың құрылымы да 

біршама күрделі: бірталай рух-иені, кереметтерді мадақтаған 

кіріспеден, содан соң соларға бағышталған тоғыз түрлі жалы-

ну, жалбарынудан, одан кейін қорытынды өтініштен тұрады. 

Алғыс айтылған соң сол құдіреттерге арнап қымыз шашады

46



Мұндай көнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ 



фольклорында алғыс жанры өзінің байырғы мән-мағынасын, 

әлеуметтік-тұрмыстық қызметін жоғалтумен бірге, жеке бір 

жанр ретінде де өмір сүруден қала бастаған болу керек. Оның 

себебі көп. Біріншіден, ислам дінін ертерек қабылдаған қа-

зақ халқы бұрынғы «алғыс» сөзін «бата» сөзімен алмасты-

рып, «бата» сөзіне «алғыстың» мән-мағынасын көшірген, сөй-

тіп, күнделікті өмірде «алғыс айтудың» орнына «бата беру» 

орныққан. Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі 

айтса, батаны екінші жақ көбінесе «батаңызды беріңіз!»—деп 

сұрап алады. Екіншіден, «алғыс» сөзі кейінгі уақыттарда ресми 

сипат алған. Яғни мекеме басшысы, я болмаса басқа лауа-

зым иесі белгілі бір істі атқарып, еңбек сіңірген адамға алғыс 

жариялайтын болған. Мұнда алғыстың ризашылық белгісі 

сақталған, бірақ екі жақ таза ресми қатынаста болып, бұрынғы 

жеке адамның ішкі, шынайы сезімі көрініс бермейді.

Сонымен, қазақ тұрмысы мен фольклорында алғыстың 

орнын бата басқаны көрініп тұр. Рас, алғыс әлі де үлкендер 

тарапынан жастарға бағытталып айтылып жатады, бірақ 

ол өмірде ерте замандардағыдай үстем емес және дәстүрлі 

фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс 

та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дөп 

басып, дәл ажырату оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты 

белгісі—сөздің қай кезде, неге байланысты айтылатындығы 

және кім айтатыны әрі ол сөзін кімге арнайтындығы. Міне, осы 

тұрғыдан келгенде, мәселен, алғыстың айтылуы мен батаның 

берілуі екі бөлек. Алғысты үлкен адам біткен істің соңында 

жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің басталар алдында, я 

болмаса кейде аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға 

шығарда, немесе үлкен бір іске кірісерде, малды құрбандық-

қа шалар сәтте, ас ішердің алдында, кейде тамақ ішіп болған 

46

 Эргис Г.У. Очерки по якутскому фольклору.—М., 1974. –С.159 и след.



28

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

соң т.б. Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата деу 

шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Әдетте, бұдан 

кейін дұға (Құраннан) оқылады. Атқарылатын іс-әрекеттің 

түріне және айтылу ситуациясына қарай батаның бірнеше түрі 

болады: жолға шығардағы бата, дастарқан батасы, шай батасы, 

үйленген екі жасқа бата, тұсаукесер батасы, бесікке салу ба-

тасы, келінге бата, Наурыз батасы т.б.

47

 Осыған байланысты 



батаның тақырыбы мен мазмұны әркелкі болып келеді. 

Ерте заманда батаны көптің алдында да, жеке адамға да 

айтатын болған. Топ алдындағы батаны көбінесе елге сыйлы, 

жасы үлкен ақсақал айтқан, ол жиналған көпшіліктің атынан 

үй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген, сонымен бірге бата-

сын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал жеке жер-

дегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсы лық 

айтылған. Мұндай батаны көп жағдайды әкесі баласына бер ген. 

Оның мысалын эпостық жырлардан көруге болады. 

Бата берудің өз жоралғысы бар. Бата беру өте құрметті іс деп 

саналады, өйткені бата—қасиетті сөз деп есептеледі. Сондық-

тан бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат алақа нын 

жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол кезде ақсақал әуезді үн мен 

мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп, бата 

береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан қуаттап, 

«Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл 

жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жүзеге асқалы отырған 

рәсімді заңдастырып, куәландырады деуге болады.

Батаның қасиетті саналатыны—оның атауы Құранның бі-

рінші сүресі «Фатихадан» туындаған

48

. Мұны баталардың мә-



тінінен де көруге мүмкіндік бар: 

Менің берген фатихам,

Жаман қатынды алмаңыз деп,

Өтінемін, асылан

49

.

47



 Қараңыз: Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. Хресто-

матия.—Алматы, 2004. –146-179-бб. 

48

 Негимов С. Бата сөз туралы // Ақ бата: Бата сөздер. Құраст.: Негимов С., 



Қазиұлы Т.—Алматы, 1992. – 5-б; Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құраст.: 

Ахметов З., Шаңбаев Т.—Алматы, 1998. –101-б.; Үмбеталина З. Қазақ ауыз 

әдебиетіндегі бата сөз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылы ми 

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 2001. –21-б.

49

  Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XII молитвен-



ных благожеланий «Бата соз». —Оренбург, 1905. –С.22.

28

29

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



…Аллаң жар болсын,

Фатихам қабыл болсын.

Кеткенің келіп,

Кемтігің толсын

50

.

Бата да жанр ретінде әу баста сөз магиясына сенуге бай ла-



нысты пайда болғандықтан, онда әдемі сөздермен құт-ырыз-

дықты шақыру, Тәңір иелерден шарапат сұрау, тілеу, кесір-

кесапаттан сақтану, қорғану сарындары айтылады. Батагөй 

көпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге, әулие-

әнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата 

сияқты көптеген киелі бейнелерге сөзін арнап, бата сұраушыға 

тілек білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым 

иелерді жалғастырушы, дәнекерші қызметін атқарады. 

Батагөй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей үн қатып, 

қалың қауымды үміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай 

орындалатынына кепілдік бере сөйлейді: 

Бұл бата бізден емес, Құдайдан-ай,

Құтылмас қашқан түлкі құмайдан-ай...

51

Жарылқа, Құдай, қабыл ет,



Жарылқаудың қамын ет.

Жарылқайын деп келеді,

Кішкене ғана сабыр ет!

52

…Менің берген батам емес,



Бұрынғы пайғамбардың берген батасы:

Оның болмас қатасы!

53

Демек, уақыт тұрғысынан алып қарағанда, батагөй осын-



дай керемет сөздері арқылы алақан жайып отырған бүгінгі 

қарапайым халықты ежелгі мифтік қасиетті дәуірдің өкіл-

50

 Бата-тілектер. Құраст.: Н.Уәлиұлы.—Алматы, 2005. – 34-б.



51

 Васильев А. В. Образцы киргизской народной словесности: XII молитвен-

ных благожеланий «Бата соз». ХІІ.—Оренбург, 1905. – С.17.

52

 Сонда. – 11-б.



53

 Сонда. – 12-б.



30

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

дерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі саналып, өзі де 

дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді. 

Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі—Қыдыр ата. 

Қыдыр ата  халық түсінігінде ақ киімді ақсақал немесе кезбе 

кедей, дәруіш кейпінде бейнеленеді. Ол адамдарға өңінде кез-

деспесе, түсінде аян арқылы көрінуі мүмкін деген наным бар. 

Кей аңызда оның көзі соқыр, ол жарыққа құштар, сондықтан 

ел Қыдырмен жолығу үшін шырақ жағып, ырым жасайтын 

болған. Ол мәңгілік жасайды, себебі өліп, қайта тірілген немесе 

Ескендірмен бірге өлместің суын іздеу сапарында киелі суды 

тауып ішкендіктен ажалсыз қаһарманға айналған деседі. 

Халық көбінде Қыдырды жанарсыз кейіпте елестетеді

54

. Әйт-


кен 

мен, кей сюжетте, керісінше, Бақтың көзін ұзын қасы 

басқандықтан, ол Қыдырмен жетектесіп жүретін соқыр деген 

ұғым бар. Мысалы, мынадай аңыз бар:

«Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бөктерінде келе жатқанын 

көрген жетім-жесір, ғаріп-кәсір, бай-манаптардың барлығы ол 

екеуінің алдын орап, шапағат сұрапты»,—дейді ел аңызы.—

«Көзін жабағы қасы жапқан Бақ тұқырайып тұрып, қалың 

қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, тау 

басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына 

алып, жылап тұрған қызға қарата бір нұсқап қалыпты да, екеуі 

де көзден ғайып болыпты. Көп өтпей, әлгі қыз сауығып, күйеу-

ге шығып, үйлі-баранды болып, басына дәулет дарып, барша 

мұратына жетіпті. «Бақ қараса—Қыдыр дариды» деген тәмсіл 

осыдан қалған екен-мыс»

55

.



Әлбетте, батадағы «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген 

сөздің түп төркіні осындай ежелгі түсініктерге саяды. Бақ-

тың көзі магиялық сипатқа ие болса, Зеңгі баба жанары да дәл 

сондай киелі екендігі батада көрініс табады:

Шаруаның төрт пірі—Зеңгі баба,

Мал беруге ойың болса, маған қара!

56



деп дәмеленіп, өтіне сөйлейді батагөй. Өйткені, сиыр түлігінің 



жебеушісі Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара 

54

 Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка.—Алма-Ата, 1972. – С. 166-170.



55

 Қазақ аңыз-ертегілері.—Бейжін, 2002. – 23-24-бб.

56

 Диваев Ә. Тарту.—Алматы, 1992. – 145-б.



30

31

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



бермейтін болған. Егер оның жанары түссе, сол жанға қисапсыз 

сиыр бітеді деген наным болған

57

.

Бата осылайша көне танымға табан тіреп тұрғандықтан, 



ол арбаумен, тіпті, қарғыспен жанасатын тұсы бар. Мәселен, 

оны өте қадірлі тұлға батагөйдің айтуы, одан кейін Тәңір, 

әулие-әнбие, аруақтарды жиі жәрдемге шақыруы—арбаумен 

тоқайласып тұр. Батаның ежелгі анық аты алғыс екендігі 

белгілі. Демек, әу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған неме-

се екеуі қабаттасып өмір сүрген кезең болған. Бұған батадағы 

мына сөздер дәлел:

Е, Жылқышы ата—Қамбар,

Төртеуіңнің ынтымағың бір болса,

Қарғайтын кім бар?!

58

Қастық қылған адамың



Мұратына жетпесін.

Айтса—қарғыс, тисе—көз,

Дарымасын, өтпесін!

59

Осылайша, кейде бата қарғысқа тура қарсы бағытталады. 



Ал кейбір мәтіндерінде қарғыстың сөздері де жүреді. Мысалы:

Бермейтұғын сараңның

Екі қолы байлансын,

Сөйтіп, соры қайнасын.

Бермегеннің жаманын

Көр ішінде ойласын

60



Алайда батада, негізінен, көшпелі халықтың бай да бақыт-



ты шат-шадыман өмір-тірлік туралы түсінігі, керемет келешек 

туралы арман-аңсары, ақ тілегі айтылады. Бір сөзбен айтқанда, 

тамаша болашақ туралы ел қиялы, халық утопиясы көрініс 

табады. Мысалы:

57

 Казахские сказки.—Алма-Ата, 1964. Т.3. – С.70.



58

  Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XII молитвен-

ных благожеланий «Бата соз». ХІІ.—Оренбург, 1905. – С. 2-3.

59

 Ақ бата: Бата сөздер. Құраст.: Негимов С., Қазиұлы Т.—Алматы, 1992. – 69-б.



60

  Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: XII молитвен-

ных благожеланий «Бата соз». —Оренбург, 1905. – С. 8-9.


32

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Әумин десең маған,

Бата берейін саған.

Алтыннан болсын жағаң,

Күмістен болсын тағаң.

Күрпілдесін сабаң…

61

Жасың жетсін жүзге,



Желің кетсін құла түзге...

62

Батада әсірелеу тәсілі орасан мол қолданылатындығы 



ғылымда анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш 

уақытта күмістен соқпайды, бірақ «күмістен болсын тағаң» 

деу батаның поэтикасы үшін жарасымды. Сондай-ақ мал мен 

басы өсіп-өніп, асқаралы тауларға сыймай қалу—жеке бір 

адамның емес, жалпақ елдің ғана атқара алатын шаруасы 

екендігі хақ. Бірақ батада әрдайым осылайша халықтың 

асқақ арманы, шексіз қиялы, мұқалмайтын жігері бейнеле-

неді. Сонымен бірге «қырық, сексен, сегіз, жүз, мың» сияқты 

символикалық сандар да батада жиі қолданылып, әсірелеуді 

күшейтіп тұрады

63



Батада халықтың адамгершілік, ізгілік, ар-ұждан туралы 



ғасырлар бойы жинақталған өсиеті дәріптеліп, тәлім-тәрбие 

беріледі. Мәселен, батаның төмендегі шумақтары нақылға 

айналып кеткен деуге болады:

Жүзге жетсін түйеңіз,

Үш жүз болсын биеңіз.

Әлдеріңнен келгенше

Жығылғанды көтеріп,

Сүрінгенді сүйеңіз…

64

61

 Сонда.– 40-б.



62

  Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: ХІІ молитвен-

ных благожеланий «Бата соз».—Оренбург, 1905. – С. 1.

63

  Үмбеталина З. Қазақ ауыз әдебиетіндегі бата сөз жанры. Филология 



ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссер-

тация.—Алматы, 2001. – 102-б.

64

  Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности: ХІІ молитвен-



ных благожеланий «Бата соз». .—Оренбург, 1905. –  С. 6.

32

33

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Ақ бөкендей қойлы бол,

Ор қояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол,

Патсадай ұлды бол!

65

Түйіндеп айтқанда, түпкі төркіні сөз магиясына барып ті-



релетін алғыстың көне жанры кейін келе ислам дінінің әсеріне 

ұшырап, «бата» атанып, өзгеше өрнек тауып, өріс алған. Ша-

мандықты ығыстырған әлемдік дін бата жанрын өз мүддесіне 

ілкімді пайдаланған. Сірә, осы жанрдың жаңа қарқынмен 

дамып бүгінге жетуіне батагөй тұлғаның қосқан үлесі аз 

болмаса керек. Дарынды батагөй, шын мәнісінде, ежелгі үлгіні 

тотыдай қайталаушы емес, ол ескі дәстүрге шабытты шағында 

ыстық қан құйып, жан бітіруші. Бұған ежелгі жыраулардың, 

би-шешендердің айтып кеткен баталары куә. Мәселен, Жам был 

ақынның С.Мұқановқа берген:

Құдайым осынау үйге дуа берсін,

Тілдерін дұшпандардың буа берсін.

Келіннің балағынан бала саулап,

Салпы ерінді сары ұлды туа берсін

66

,—

деген батасы осы жанрдың нағыз поэтикасын әбден меңгерген 



майталмандықтың бір үлгісі. Демек, бата жанры жаңаша тү-

леп отыр. Шын батагөй алқалы топтың атынан ежелгі сарын-

дарды сарнап айтқанымен, ол көкейіне келген сәулелі ойды 

қиюластырып, көне үлгіге қосып жіберетіндігін де ескерген 

жөн. Сонымен, батаны фольклор мен ауыз әдебиетін тоғыс-

ты рып тұр ған ерекше өміршең жанр деуге болады. Ол әсіресе 

тәуел сіз дік алғалы бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал