Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет11/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Уақытты жеңген адам

БЕЙСЕННІҢ СҮНДЕТІ
Бейсен «Отбасы хрестоматиясының» көрінбейтін мүшесіне айналды. Осы жобаны жарыққа шығару жолында барын да, малын да аямады. Тіпті қасымдағы нөкерлерім түрлі кедергіге ұшырағанда пессимизмге салынып, жігері мұқалатын. Сол кезде оларды шарыққа салғандай аяусыз қайрап, дем арасында өткір қалпына қайта келтіретін. «Кейінгі ұрпаққа осы істерің ғана шырақ болып сақталады. Қалғаны өткінші. Шегінбеңдер. Бұ кітаптар сендерге екі дүниеде визитный карточка қызметін атқарады» деп қамшылайды. Сосын әр кітап жарыққа шыққанда ресторанға шақырып, кішігірім той жасап беруді салтына енгізді. Сосын 200-300 кітапты багажына салып алып, кітап сатып алуға жағдайы жоқ ақжүрек кедейлерге оларды жыл он екі ай тегін таратып содан рухани рақат алады. Осы әдетінен төсек тартып жатып қалғанша жаңылмады. 2020 жылдың қаңтарында шыққан «Экософия» кітабына ғана араласа алмады. Сәл түзеліп тұрып кеткенде оны да салтанатпен атап өтіп, мұқтаждарға тегін тарататын сүндетін қайтадан қолға алушы еді.

ТӘҢІР ЖОЛЫ - АҚЖҮРЕК
Мұсылманшылықта «пайғамбар сүндеті» деген түсінік бар. Дінге ұйыған момын бүкіл өмірінде пайғамбарға еліктеп, ісін де, сөзін де Расулдың амалына ұқсатуға барын салып бағады. Сүндет ұғымы ашыла түсу үшін «Миғраж оқиғасындағы» мынадай детальді мысалға аламыз. Алланың елшісі Тәңірі тағаланың дәргейіне қонаққа барады. Ұлық Алла:
– Әзиз досым, маған қандай сыйлық әкелдің? – деді. Пайғамбар:
– Иә, Алла!!! Дүниеден ұлықтығыңа лайық ештеңе таппадым. Өзімнің жан жүрегімді алып келдім, – деп жауап берді. Алла тағала:
– Менің де күткен сыйым – осы. Таза жүрек, кіршіксіз көңіл, кең пейіл – Мен үшін ең үлкен сый, – деді.
Сиярдағы осы аңызды шын деп сенсек, о жақта барлық момынды осындай сұрақ күтіп тұр. Әр момынның құлшылығы мини-миғраж есебі. Хадисте де: Намаз-момынның миғражы деген. Егер о жақта да Бейсенге дәл осындай сұрақ қойылатын болса ол да сүндетке сәйкес: «Уа, Тәңірім! Таза жүрегімді, кіршіксіз көңілімді, кең пейілімді ғана ала келдім» деп жауап беруге толық ақылы деп ойлаймын. Себебі Бейсен Шәкәрімнің:
Тәңір жолы – АҚЖҮРЕК,
Сайтан деген – қиянат.
Ақжүректі ертерек
Ескер дағы қыл әдет! – деген өсиетін өмірлік ұстаным етіп алған еді.
СОҢҒЫ СӨЗ
Бейсеннің жамбасы жерге тигенде қабір басында бола алмадым. Мыңдаған ақжүрек адам карантиннің кесірінен оны соңғы сапарға шығарып сала алмады. Топырақ салу көп адамға бұйырмады. Бірақ осы кедергі көңіліме дық салмады. Неге? Жауабын Хазреті Мәулана Румиден табасыз. Ол: Құдайдың достары өмірден өткен соң, олардың моласын қабірстаннан іздеп әуре болмаңдар. Олар ақжүрек момындардың көңіліне жерленеді, - деген еді. ӘУЛИЕ Руми рас айтады. Бейсеннің моласын іздеп керек емес. Ол Қазақ ЕЛІНДЕГІ миллиондаған момынның кіршіксіз көңіліне барып орнықты. Мұндай мекенде оның қабірі саламат сақталады. Болмысы ешқашан жоғалмайды. Тәуелсіз Қазақстанның соңғы 30 жыл тарихында елдің мұндай әзиз құрметіне әзірге Бейсен ғана лайық боп қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет