Сауат ашу кезеніндегі ен негізгі басты құрал - «Сауат ашу-1» және «Сауат ашу-2».
Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардын суреттері жане тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен катар онда балалардын ойы мен тілін дамыту ушін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар бар.
2-ші құрал - кеспе әліппе.. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сейлем құрайды жәнеоларды талдап, оқып үйренеді.әріптерді естерінде жаксы сактау ушін суреттіалфавит колданылады, онда әрбір әріптің суреті мен атауы жане сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу улгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі. Әр мектепте окушылардын партаға түзу, дұрыс отыруы және жазу кезінде қаламды дурыс ұстау үлгілері бейнеленген плакаттар болуга тиіс. Сауат ашу кезенінде пайдаланылатын дидактикалык материалдар да бар. Олар Оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын сызбаға сүйеніп талдау үшін көмекші құрал болып табылады.
3
Бастауыш тіл білімінің базалық мазмұнына сипаттама беріңіздер.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында
«Әліппе», Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады
Тілдік пәндерде білім алушылар әртүрлі пәнаралық мазмұнмен өзара байланыс жасайды және басқа оқу пәндерінде академиялық жетістікке жету үшін қажетті метапәндік құзыреттерді меңгереді.
Сабақта оқушының жеке басын қалыптастыру процесі нақты өмірмен байланысты материалға негізделуі керек, тек осы жағдайда ғана оқыту мәнді және тиімді болады. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақты ұйымдастыруда құндылықтарды қалыптастыру оқу мақсаттарына тікелей байланысты
Әліппені оқыту әдістемесі барысында тілдік дағдыларды қалыптастыруда қолданылатын әдістерге сипаттама беріп, мысал келтіріңіз Тілді тиімді меңгерту негізгі 4 дағдысы арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады.
Бірінші кезекте айтылым дағдысын дамыту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер
Жағымды ахуал орнатуға және топқа бөлуге арналған ойындар: «Айдаһар», «Айна», «Атмосфера орнату
Талқылауға арналған оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: «Блум түймедағы», «Аквариум», «ДЖИГСО», «Жаңалық ашамыз»,
Сабақты бекітуге және кері байланысқа арналған әдістер: «ПОПС-формуласы», «Ойлау пирамидасы», «Өрмекші», «Төрт сөйлем»
Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді түсінуге, негізгі ойды анықтауға меңгереді. Оқылым дағдысын дамыту үшін қолданатын әдістер-түсініп оқу, салыстыра оқу, талдап оқу, рөлге бөліп оқу, астын сызып оқу жатады. Әр әдіске тиеселі тәсілдер тізбегі де бар. Мысалы «Түртіп оқу» әдісіне «Шпаргалка», «Тірек сөзді тап», «Ол кім, бұл не?» тәсілдерін жатқызамын.
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Қызығушылықты ояту кезеңінде «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.
Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу», «ДЖИГСО», «Талдау картасы» тәсілдерін қолдану тиімді деп ойлаймын.
2
Көркем жазуға үйрету тәсілдерін талдаңыз, үлгі жазу әдістерін түсіндіріп мысал келтіріңіз.
Әдістер:
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді.
Сызықтық әдісарқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнай торкөздер пайдаланылды.
Генетикалық әдіс оқушылар алдымен оңай әріптердің элементтерін, сосын жазылуы күрделі әріп элементтерін жазып үйренеді. И.Е. Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс – жазу элементтерінің дұрыстығы, қозғалысты бір қалыпты жетілдіреді. Бірақ үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтырады
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жатады. XIX ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді
ЕСЛИ ВРЕМЯ ЕСТЬ!
Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімнің шығармашылық еңбегіне байланысты.
3
Әліппені оқыту әдістемесі үрдісіне қойылатын педагогикалық талаптарды талдаңыз
Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек. Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.Сауат ашу кезеніңдегі негізгі оқу материлдары:-жеке сөздер,сөз тіркестері,шағын сөйлемдер.Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса,оны оқуда жазу да қиын болмайды.
2, Көрнекілік.Бұл -бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3, Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болу керек.
4. Жеке - дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке- дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді