МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
12
достығымыз нығая түсті. Барлығы бізге тамсанатын. Біздер үй тап-
сырмасын бірге орындайтынбыз. Мектепке барарда бір-біріміздің
үйімізге соғатынбыз, мектепке бірге кіріп, бірге шығатынбыз. Бос
уақытымызды бірге өткізетінбіз.Осылай күндер өте берді. Бірде
таңғы ас үстінде ата-анамнан Сабиналардың көшіп кеткенін естідім.
Бұл кезде не істерімді білмедім. Онымен 2 жыл бірге жүріп бауыр
басып қалған болатынмын. Неге көшті екен деп іштей қынжылдым,
қиналдым. Сабинасыз жалғызсырап қалғандай болдым. Ол кезде
4-сынып оқып жүрген едім, өмірге шынайы қарағанды ұнататынмын.
Олсыз күндерім қызықсыз өтті. Көп күндер бойы үйрене алмай
жүрдім. Ол кезде телефон арқылы да,хат арқылы да байланысқан
жоқпыз. Сөйтіп достығымыз үзілді. Жылдар өткеннен кейін оны
ұмыта бастадым. Онымен бірге өткізген күндерім өмірімде әсем
естелік болып қалып қойды. Жылдар өтті... Мен Сабинаны ұмытып
кеттім.Өмірімде достарым көп,бірақ Сабинадай досты кездестірген
жоқпын. Бір күні дүкеннен келе жатсам,бір үйге бір қызды мүгедектер
арбасынан түсіріп үйге сүйемелдеп кіргізіп жатқанын көрдім. Ол кез-
де мен 6-сыныпта оқитынмын.Ол қызды көргенде жүрегім мұңға
толып, мұңайып қалдым. Қыздың өзіммен шамалас екенін білдім.
Сол кезде өмір тауқыметіне ұшыраған сол қызды аяп кеттім.Дүкен
алдында біраз ойланып қалыппын. Үйге келген кезде ата-анамнан
Сабинаның ауылға келгенін естіп, қуанышым қойныма сыймай
кетті. Оның қай үйге көшіп келгенін естігенімде, қуанышым су сеп-
кендей басылып қалды. Ойыма күдік ұялады. Манағы мен көрген
қыз Сабина болмаса екен деп тілеумен болдым. Ақыры шыдай ал-
май сол үйге бет алдым.Үйге келіп өзімді таныстырдым. Бір кездегі
Сабинаның құрбысы екенімді айттым. Анасы мені бірден таныды.
Мені айналып, толғанып үйге кіргізді. Мен Сабинаны араға көп жыл-
дар салып көрген кезде қатты қиналып кеттім. Және сондай мүсәпір
халде көрем деп ойламаған едім.Одан кішкене кезімде айырылып
қалғандағы бар қайғым қайтып келгендей болды.Бір-бірімізге үнсіз
қарап тұрдық. Ақыры мен шыдамай оны құшақтай алдым. Екеумізде
жылап алдық. Мен сол кезде оның жанарынан тағдырына деген
наразылығын байқадым. Өмірдің ащы дәмін жастайынан тартқан
оны аяп кеттім. Сол күннен бастап екеуміздің достығымыз үзілген
жерінен жолын қайта жалғады. Мен барымша оны алаңдатуға, са-
наулы сағаттар болса да оның қиындығын ұмыттырғым келді. Ата-
анасынан бұның қалай болғанын сұрағанымда әкесі:
- Қызымның қалада білім алғанын қалап, екеулеріңнің
достықтарыңды үзіп, қызымның қалам деген жылауына қарамастан
алып кеттім. Қалада 9 қабаттық үйдің 3-ші қабатынан пәтер сатып
алдым. Бір күні қызым кір жайып жүріп, балконнан құлап кетті. Ана-
сы екеуміз оның тірі қалғанына қатты қуандық, бірақ қызымның 2
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
13
аяғынан жан кетіп қалды, - деді мұң басқан жүзімен.
Мен мұны естіп әттең ол қалаға көшпегенде деп ойладым.
Бәлкім бәрі жақсы болар ма еді деп ойладым. Көз алдыма маши-
надан секіріп түскен, үстіндегі ақ көйлегі желпілдеп тұрған сары қыз
елестеді. Анасы оның аяғын емдетуге ақшаның жоқтығын айтты.
Бірақ емдеуге болатының естігенде ұміт ұялады. Сабина сияқты
кемтар қыздар өте көп. Менің көргенім бір қыздың жан айқайы. Ал
Қазақстанда бұлар қаншама.ата-анасы Сабинаны емдетуге ауқатты
адамдардан көмек сұрады. 5 айдан кейін оған ақша жиналды. Ата-
анасы оны шет елге алып кетті. Мен оның тілеуін алладан сұраумен
жүрдім. 6-сынып бітірген жаз айында Сабинаның аяғы жазылғанын
естідім. Қатты қуандым. Бірақ ата-анамнан Сабинаның сол жақта
қалатынын естідім. Қатты мұңайдым. Мұңымды қуанышым жеңді.
Мен үшін екеуміздің достығымыз өте бағалы. Онымен өткен
күндерім мен үшін өмірімнің ескермес ескерткіші болып қала бер-
мек.
ІІ орын
Қалиханова Айсара
6 а – сынып,
Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов ауданы,
Зеленов жалпы білім беретін мектеп
Менің ерекше құрбым
(Бұл шығарманы жазып жүрген
күнделігіме сүйене отырып жаздым)
Әрбір ана өзінің баласының дені сау болғанын қалайды.
Айналамызда біздің көмегімізге зәру адамдар көп. Солардың бірі
менің ең жақын құрбым – Ажар. Ажар - сұлу, ерекше ақылды қыз.
Мен Ажарды жақсы көрем, түсінуге тырысамын. Ажардың өмірге
деген ұмтылысын көріп, оған қол ұшымды бергім келеді. Менің
достарым көп, бірақ Ажарды ерекше жақсы көремін. Онымен
әңгімелесіп, сыр бөлісемін. Ата – анасы да Ажардың ер жетіп, үлкен
қыз болып, жазылып кетуін тілейді. Туған – туысқандары, достары,
ауыл адамдары да қолынан келгенінше көмектесуде, бірақ та бұл
жеткіліксіз деп ойлаймын. Өйткені Ажардан бөлек Қазақстанда да
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
14
талай ауру балалар көп. Ауру балаларын емдеуге ата – аналарының
жағдайлары жоқ. Ал біздің елде ондай науқастарға арналған ем-
ханалар да аз. Сондықтан шет елдерге шығып емдеуге тура келеді.
Ал кейбір ата – аналар балаларын тастап кетіп жатады. Содан кейін
олардың халі не болмақ? Бірақ қазір барлығы да өзгеріп келе жа-
тыр. Қазақстанда жаңа сауықтыру орталықтары көптеп ашылуда.
Қазақстан дәрігерлері шетелден білім алып келіп, балаларды ем-
деуге өз үлестерін қосып жатыр. Бұған мемлекеттен үлкен қаржы
жұмсалуда. Бұның барлығы болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін
деп ойлаймын.
Егер де мен сиқыршы болсам, осы әлемдегі барлық ауруларды
емдеп жазар едім. Сөйтіп, әлемде ауру адам қалмас еді. Ажардың
күлкісін көрсем, басқа арман жоқ , - дейді ата – анасы.
Бәріміз бірігіп Ажарға көмек бере аламыз. Мен бос уақытымда
үнемі досымның қасында болуға тырысамын. Екеуміз бірігіп кітаптар
оқимыз. Түрлі ойындар ойнаймыз. Кейде ол оқыған кітаптарынан
алған әсерлерін айтып отырады. Ол сондағы кейіпкерлер болғысы
келеді.
Егер де мен жазылып кетсем, осы ертегілерді кітапханаға барып
өзім оқитын едім, дейді.
Мен оның көңілін көтеріп, жұбатып: - Әлі – ақ жазылып кетесің? –
деп айтып қоямын. Ажардан асқан адам жоқ! Ол өзін – өзі жұбатады,
қайғырмайды. Далаға шығып жүгіріп, секіріп, күліп ойнағысы
келеді.
Өзімен құрдас балалармен мектепке барып, ойнап, дос болғысы
келеді. Мен қыс түскенде, Ажарға қарды әкеліп көрсетемін.
Ол табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғалым
боламын, - дейді. Әр нәрсеге қызыға қарайды, тамсана қарайды.
Кейде мен оған қарап отырып, біз жүре де, қозғалып, ойнай
де аламыз. Бұдан асқан бақыт бар ма? Осыған да қуануымыз ке-
рек деп ойлаймын. Мен жақсы оқып, өскенде дәрігер болып, Ажар-
ды емдеп жазғым келеді. Ажар қазір Республикалық балаларды
сауықтыру орталығында емделіп жатыр. Мен оны сағындым. Енді
ауылға жазылып, қуанып қайтуын тілеймін. Республикалық бала-
ларды сауықтыру орталығында қазір көп бала емделуде. Мұндай
орталықтардың осындай ерекше балалар үшін маңызы зор. Бұл ем-
хана көптеген ата-аналардың үміт отын жағып отыр.
Ажарға 2010 жылы -та жасалды. 2012 жылы тағы бір ота
жасалды.Ол үш жылдан бері Астанада емделуде. Ажар жақында
ауылға қайтады. Мен оған көп сыйлықтар дайындап қойдым.
Ажар келгенде қуанып келетініне сенімдімін. Ажардың мінезі
– ашық. Ол Астанадан көп досты кездестіргеніне сенімдімін.Енді
қайтадан оралғанда жүріп кетуін тілеймін. Аяғынан тұрып кетсе ең
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
15
алдымен маған жүгіріп келетін шығар. Барлығымыз да қуанар едік.
Ажар өте өнерлі қыз ғой. Әрқашан қыста маған жылы шұлық тоқып
беретін. Мен онымен сыр бөлісетін едім. Аяғынан тұрып кетсе бірге
би билеп, ойындар ойнайтын едік. Сондай тамаша қыз. Тек жүре ал-
майды.
Міне бүгін хабарласып бір аптадан кейін келетінін айтты.
Көптен хабарласпаған еді қатты қуанып кеттім. Уайымдап та тұрған
сияқтымын. Асыға күтіп жүрмін. Үш жыл көрмеген досын кім
сағынбас? Күнге күн қосып, тосып жүрмін. Міне, осы шығарманы
жазып жүрмін. Өзімнің сезімдерім, армандарым туралы жаздым.Ол
бұл шығарманы бір сөзін қалдырмай оқып шығатынына сенімдімін.
Келетін күні де жетті. Не ойларымды, оған деген сағынышымды
қалай жеткізетінімді білмей тұрмын. Машинаның дауысы естілді.
Мен далаға шықтым. Машинадан алдымен Ажардың анасы шықты.
Содан соң әкесі Ажарды көтеріп машинадан шығарды.Мен не
істерімді білмей қатып қалған адамша тұрып қалдым. Оның отадан
соң жүріп кететініне сондай сенімді болып ем. Менің көңіл- күйім
түсіп кетті. Бірақ Ажарды көргеніме қуандым. Ажар ұйықтап жатты.
Әкесі оны көтеріп біздің үйге кіргізді. Біз шайға отырдық. Шай үстінде
Ажардың ата-анасы дәрігерлердің соңғы отадан кейін енді Ажардың
жүруіне мүмкіндік жоқтығын айтты. Мен қатты қайғырдым. Өмірдің
сондай қатал екенін түсіндім. Ажар тіпті мені көргісі келмеді. Ол
үшін барлығы біткен еді. Ажардың өмірге деген көзқарасы өзгерді.
Мен түгіл ата-анасын да,туған туысқандарын да тыңдамады.
Уақыт өте келе ол менімен сөйлесе бастады. Тағы да жан сы-
рын ақтаратын болды. Мен оған көмектескім келеді. Қайтадан
Ажардың жүрегі жібіп келе жатқандай. Ажардың ата-анасы менің
оған көмектесуімді сұрады. Олар Ажарды қайтадан емханаға баруға
көндірші деді.Мен Ажардың бұндай күйін көре алмай келістім.
Ақыры Ажармен сөйлесіп, оны көндірдім. Алғашында келіспеген
жоқ болатын. Мен оған үміт бар екенін айтып, тағы байқап көруін
сұрадым.
Олар 2013 жылдың 15 маусымында тағы да Астанаға кетті де
тамыздың соңында оралды. Жаттығулар жасау керектігін айтып-
ты. Ата-анасы Ажарға жаттығуға арналған құрал сатып алыпты.
Ажардың да көңілі көтеріңкі. Жазды Ажарсыз өткіздім ғой оны
сағынып қалдым. Мен мектепке баруға дайындалдым. Ажар да
менімен мектепке барғысы келді. Ол да алтыншы сыныпқа барады.
Оған сабақты үйден оқытады.Енді Ажарға көп көңіл бөле алмайтын
болдым. Бірінші қыркүйек күні сабақ басталды. Мектепті сағынып
қалыппын. Достарымды көріп қуанып кеттім.
Сабақ біткен соң күнде Ажарға барып тұрамын. Оған жаттығуларды
жасауға көмектесемін. Ажар жайлап аяғынан тұрып келе жатыр.
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
16
Аяқтарын қозғалта алады. Әне-міне дегенше жүріп кетуі де мүмкін.
Ол бір күні аяғынан тұруға ұмтылып, құлап қалыпты. Аяғын ауыр-
тып алыпты. Мен мектептен шыға Ажарға қарай жүгірдім. Ажардың
аяғы ісіп кетіпті. Ауылдағы ауруханада бас дәрігер жоқ екен. Анасы
аяғын таңып беріпті.
Ажар сол жағдайдан кейін қорқып қалған болуы керек.
Жаттығуларды жасауға батылы жетпейді. Мен қолынан ұстаймын
десем де келіспеді. Сөйтіп көп күн жаттығуларын жасамай жүрді.
Аяғы жазылған соң, мен оны қайта жаттығу жасауға көндірдім. Енді
жаттығуларын жасап жүр. Бәріміз де қуаныштымыз. Осылай бір ай
өтті. Бізде бірінші тоқсан аяқталды. Демалысқа шықтық.
Ажардың ата-анасы хабарласты. Олар Ажардың мені көргісі
келетінін айтты. Мен Ажардың үйіне шауып келдім. Алдымнан Ажар
шықты. Өз көзіме өзім сене алар емеспін? Қуанышымда шек жоқ!
Тіпті, жылап та жібердім. Қуаныштың жасы шығар. Ажар да қатты
қуанып тұр. Мені жұбатуда. Ата-анасы маған алғыстарын айтып жат-
ты. Осы күн менің мәңгі жадымда қалды. Мен осыдан кейін өмірде
барлығы да болады, тек үміт үзбеу керек деп ой түйдім. Ажар- менің
ерекше құрбым.
ІІІ орын
Зұлқарнаева Гүлбарам
12 жас, 7 сынып БҚО, Жәнібек ауд.,
Қамысты ауылы , ЖББОМ
Менің ерекше құрбым
Дос... Осы үш-ақ, дыбыстан тұратын сөздің астарында терең
мағына жатыр.
Дос – бір ауыз сөз айтпастан сені түсінетін, қиын – қыстау кезеңде
қолдау көрсетіп, қуанышыңды бөлісетін, сен үшін қуанатын жан.
Адам басқаның өзіне деген жақындық, жақсы байланысын
байқаса, онда өзі үшін ең құнды деп саналатын құндылықтарды
және адамдар арасындағы қатынастарға (сенімділік, адалдық,
құрмет, түсінушілік т.б.) деген ол адамның көзқарасын, қатынасын
анықтау қажет, сол арқылы жанына жақын адамды анықтап алуға
болады. Осылай адамдар арасындағы жүрек қалауымен, жан
үйлесімдігімен достық байланыстар құрылады. Достық қарым –
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
17
қатынас неғұрлым мықты болса, достар да соғұрлым бірін – бірі
біліп, өмірдің ащы – тұщысын бірге бастарынан өткереді. Өмірдің
небір «сыйларында» дос – сенің арқа сүйер қорғаның, қорғаушың,
қолдаушың, ақылшың, жанашырың, кеңесшің әрі сенімді адамың.
Осындай сәттерде жақын досыңның қасыңнан табылуы – ғажайып
сезім ғана емес, алланың берген сыйы ғой дер едім.
Достықпен адам өмір бойы байланысты. Достасқан адамды
құрметтеп, оның пікірімен санасып, жеке тұлға ретінде бағалап,
мінез – құлқының жағымды сапаларын көріп, мойындап, көмектесу
керек.
Достық – жолдастықтың жоғары сатысы.
Нағыз доссыз адам өмірі толық болмайды да. «Нағыз, үлкен
достықта адамдардың өмірлік ұстанымдары, бағыттары, мұраттары
да бір бола бастайды» - дегендей, біздің Айна екеуіміздің
достығымызға ешкімнің достығы тең келмейді деп айта аламын. Біз
бір ауылда, бір көшенің бойында арасында төрт үй салып көршілес
тұрамыз. Кішірек кезімізде балабақшаға бірге барып, бірінші
сыныпқа қабылданғанда да бір сыныпқа алындық. Тіпті аналары-
мыз біздерді бір – бірімізден қалдырмай бірдей киім алып беретін.
Бір жолы әкем қаладан келгенде екеуімізге екі қуыршақ әкелген еді.
Бірақ әлгі қуыршақтардың көйлектерінің түсі әр түрлі болып, менің
шыршық шығарғаным әлі есімде. Содан бері олар не алса да бірдей
етіп бір түсінен алатын болды.
Өсе келе кейде кейбір достардың арасында қателіктер болаты-
нын да байқап жүреміз. Ондай жағдайда шын достар бір – бірін
кешіре білу керек. Сенім достықты берік етіп, күшейтеді.
Оқу жылы аяқталып, сыныптан – сыныпқа көшу емтихандарымыз
біткен соң бәріміз жылдағыдай қалада, аудан орталығында тұратын
тумаларымызға қыдырдық... Көзді ашып – жұмғанша жаздың орта-
сы боп қалды. Бір күні қарсы көшеде бос тұрған бір үйге басқа ауыл-
дан бір отбасы көшіп келді. Қазақтың салты бойынша жаңағы көшіп
келген үйге ауыл адамдары кіріп – шығып жатты, содан кейін олар-
ды жағдайы келген көрші – қолаңдар ауыл адамдарымен қосып
шақырып, қонақ ете бастады. Естуімізше, үй иелері үлкен адамдар
екен. Қолдарында кішкентай немере қыздары бар.
Жаз болғасын кішкентай ауылымыздың барлық біз шамалас бала-
лары бірігіп, ауыл сыртында ойнайтынбыз. Кейде қызып кетіп, көше
– көшенің балалары жақтасып жарысамыз. Бірақ байқауымызша
жаңадан көшіп келген үйдегі қыздың ойынға тіпті зауқы жоқ. Ойынға
да шықпайды. Ұяла ма, әйтеуір көбіне үйде. Балалармен қосылып
ойнағанын да көрмейміз. Тек кештетіп шарбағының ішінде жүргенін
байқаймыз.
Бізге қарама-қарсы тұратын сол бір қараша үйдің жайы, әсіресе
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
18
кішкентай қыздың өмірі бізді қатты алаңдатты. Сөйтсек, жаңадан
көшіп келген атай мен әжейдің, жас шамасы бізден кішірек Жұлдыз
есімді немересі бір аяғының кемістігінен еркін жүре алмайды екен.
Досым Айна екеуіміз мүлдем таныс емес ауылға көшіп келген,
ешкіммен де ойнамайтын, әрі өзінің не үлкен не кіші бауыры жоқ
Жұлдызды аядық. Танысып қатарымызға қоссақ, көңілі бөлінер деп,
үлкендерше қонаққа шақырмасақ та, ауылға келгесін араласқымыз
келді.
Айна екеуіміз ақылдасып, қасымызға басқа да көрші құрбыларды
жинап, дұрыстап танысайық деп, Жұлдыздың үйіне бардық. Әжесі
екеуі үйдің көлеңкесінде қып - қызыл етіп қайнатылған құрттарды
қысып, кептіріп жатыр екен. Сондай әдемі – ақ. Жұлдыздың
кішкентай алақанынан шыққан құрттардың бәрі біп – бірдей. Үй
шаруасына төселгендігі, ұқыптылығы, еңбекқорлығы байқалады.
Әжесі бәрімізбен қалбалаңдаса амандасып, бәріміздің қолымызға
жаңа жасалған томпақ құрттарды бірнешеуден ұстатты. Рахметімізді
жаудырып, ыңғайлана қастарына отырдық. Бәріміз ащырқанып
құртты жеп отырмыз. Жұлдыз болса, анда – санда бізге ұяла қарап,
жымиып қояды. Біз Жұлдызбен дос болғымыз келетінін білдірдік,
ойынға шығып бізбен бірге емін – еркін араласып кетуді өтіндік. Бір
кезде әжей, жаулығының ұшымен көз жасын сүртіп жатып:
- Әй, қарақтарым –ау, қызымның әке – шешесі қазір тірі болса,
осы демалыста Жұлдыздарын емдетер ме, еді. Жазғы демалысты
пайдаланып, дәрігерге қарататын армандары бар еді. Тағдырға не
шара...
«Жығылғанға жұдырық» - демекші, бір жағынан ата – анасы-
нан айырылып, бір жағынан мына басының ісігіне ол аз деген-
дей, аяғының ақсаңдауы да қосылды. Әжей терең күрсініп алып,
әңгіменің төркінін бастады.
Екі жыл бұрын қызымның басында оймақтай бір томпақ пай-
да болды. Үлкейген де жоқ, ауырады деп, Жұлдыз да мазаланған
жоқ. Дәрігерге қаратқанымызда, оның ешқандай залалы болмай-
ды. Бара – бара кетеді деп үміттендірді. Бір жылдан соң басының
жиі ауыратыны байқалды. Әкесі мен шешесі ол ауырғанда асты –
үстіне түсетін. Қысқы демалыс кезінде аудандық ауруханаға барып
қаралып, ем – домын алып жүрді. Көктемгі демалыста тексеріске
барғанда екінші емін алып, жазда ота жасауға облысқа жіберуі
мүмкін деп, дайындалып жүрген еді. Көктемнің ауа райын білесіз,
бір де су, бір де қары аралас жаңбыр, батпандай балшық, осындай
кезде ауыл арасында жолдың нашарлығынан қатынау тіпті қиынға
соғады. Бір күні сабақ басталмас бұрын аудан орталығына тамақ,
көр – жер алуға Жұлдызды ертіп барып – қайтып келе жатқанда
жол апатына ұшырап, ата – анасы ауруханаға жеткеннен кейін көз
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
19
жұмды. Жұлдыздың аяғы сынып, ауруханаға түсті. Әйтеуір емделіп,
шықты ғой. Бірақ қазір аяғын сылтып басады. Жаз болса өтіп бара-
ды, сабақ болып қалды. Емдету керек. Жүріп – тұру бізге қиын, мына
қыздың болашағына алаңдаймын - деп, үлкен үмітпен баршамызға
қарағандай болды. Жұлдызбен бірінші кездесу осылай болды.
Біз сөйтіп, жиі – жиі барып тұрдық. Бастапқы уақытта ол өзі ту-
ралы көп айта қойған жоқ. Тек біздің сұрағымызға жай ғана жауап
беріп отырды. Ол – өте еңбекқор, мейірімді, ұялшақтау болатын.
Оның үстелінен өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын көріп,
таңқалдық. Басқа балалар сияқты он екі мүшесі сау бола тұрып,
жалқауланып жатып алу деген Жұлдыздың бойына жат қылық.
Біреуге көмек керек болса көмегін аямайды, қолында бар болса
береді. Ойынға шақырсақ, біздер сияқты ойынға шыға қоймайды.
Аяғының кемістігінен ұялатын сияқты. Бірақ үйде әжесі мен
атасының үлкен қамқоры.
Бүгін, тамыздың бесі. Айнаның туған күні болатын. Сол көшедегі
құрбылар барлығымыз Айнаның туған күніне жиналатын болдық.
Жұлдыз да келді. Тәттісі мол дайындалған дастархан басында абыр
– сабырмыз. Кезектесіп жылы – жылы лебіздерімізді білдірдік. Ажар
болса, жұмбақ жасырды, Асыл тақпақ оқыды. Кезек Жұлдызға келді.
Бәріміз тына тыңдадық. Жасы біздерден сәл кіші болса да әп – әдемі
тілегін білдірді. Мен де Айнаның туған күні құрметіне «Бала тілегі»
әнін орындап берейін,- деді. Дауысы қандай десеңізші! Бәріміз ұйып
тыңдадық. Тағы айтшы, тағы, тағы бір ән!- деп жамырай сұрадық.
Осы жолы ұялмай, бұрыннан таныс достарша еркін отырды. Тағы
екі ән орындады. Ол болашақта музыка пәнінің мұғалімі болғысы
келеді.
ІІІ орын
Киікбаева Әсем
12 жас, 7 сынып,
Ақтөбе қ., №32 мектеп-гимназиясы
Менің ерекше құрбым
Алаңсыз өтіп жатқан балалық бал дәуренімнің қадірін мен бір
күнде-ақ түсінгендеймін. Оған себеп болған құрбым Айгүл еді.Айгүл
жастайынан тағдыр тауқыметін көріп зардап шеккен жандардың
бірі. Мен кейбір кезде құрбыма қарап, таң-тамаша боламын. Мен
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
20
оны қайсар қыз деп ойлаймын. Оның ата-анасы болмаса да, төрт
аяқты арбада отырса да,тағдырға мойынсұнған емес.
Айналамызға көз салып көрейікші. Екі аяғы, екі қолы болса
да, кейбір адамдар ананы-мынаны сылтауратып жұмыс істегісі
келмейді. Ішімдікке салынып, өмірдің бар қызығынан құр қалады.
Ал Айгүл болса, арбаға таңылып отырсада, бір затты ермек қылып,
оны аяқтамайынша, басқа нәрсені бастамайтын. Менің Айгүлмен
танысқаныма көп уақыт бола қалған жоқ, бірақ сол аз уақыттың
ішінде мен оның жан-дүниесін түсіне білдім.
Мүгедектер күніне байланысты «Жайсаң» мүгедек балалар
үйіне мектебіміздің атынан концерт қоюға бардық. Балалар бізді
қуанышпен қарсы алды.Мен жүргізуші болдым, әрі өлең айттым.
Ән айтқанда ерекше толқыдым. Өлең айтып тұрған кезде Айгүл
бірден көзіме түсті. Менің өлеңімді тыңдап, көзіне жас алып отыр
екен. Концерт біткен соң Айгүлдің қасына бардым. Екеуміз аз
уақыттың ішінде танысып алдық.
Оның басынан кешкен оқиғасы мені қатты ойландырды. Аяғы
жол апатына түскеннен кейін жүрмей қалыпты. Ата-анасы мүгедек
балалар үйіне Айгүлді өз қолдарымен тапсырса да, ол ата-анасы-
на кінә артпайды. «Барлық кінә өзімде,- дейді,- -Өзім жол ережесін
дұрыс ұстанғанымда мына отырған арбаға таңылмайтын едім. Сау
аяғыммен мектепке барып, сабағымды беске оқып, ата-анамның
мақтанышы болар ма едім», - деп көзіне жас алды. Мен одан әрі
Айгүлдің өмірі жайлы сұрай алмадым, өйткені одан әрі сөйлей ал-
мады. Айгүлдің өмірі жүрегіме қатты батты. Өзімді-өзім қолға ал-
дым, оның алдында көзіме жас алмауға тырыстым. Себебі біздің
мақсатымыз мүгедектер үйіндегі балалардың бір сәт болсын көңілін
көтеру болатын. Айгүлдің ішкі жан-дүниесі,ниеті таза, пәк екенін
бірден түсіндім.
Бізге берілген уақыт шектеулі еді. Автобус келген соң,
кетуімізге тура келді. Кетер кезімде Айгүл күтуімді өтініп,
бөлмесінен өз қолымен жасалған құмыраны алып маған сыйлады.
Айгүл менен бір ғана нәрсе өтінді. Ол мүгедектер үйінің
номерін алып, хабарласып тұруымды қалады. Құрбымның
сөзін қалай жерге тастайын. Сөйтіп Айгүлмен хабарласу мен
үшін дағдыға айналды. Анама Айгүлге барып, сыйлық ретінде
ұялы телефон сыйлауымызды өтіндім. Анам қуана-қуана
келісті. Демалыс күні анаммен бірге Айгүлмен жолығуға бар-
дым. Ол қатты қуанды. Ұзақ сөйлесіп, сағынышымызды бастық.
Достарыңызбен бөлісу: |