Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»


Тағдыр МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Тағдыр

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
40
                                                     
 
 
Менің досым да, дұшпаным да –
 
 
Тауқымет: әзірге екеуміз арбасумен келеміз.   
                                                                                                 
 
 
 
 
 
 
Б. Қаби қызы    
 
 
Азабын тартып тағдырдың бұлғақ- бұралаң,
 
 
Қайғының дәмін татты екен көптеу кім одан?!
 
 
Зағип жандардың мұң менен зарын бұл күнде,
 
 
Мың адам түгіл түсіне алмайды бір адам.
 
 
Тағдырлар үшін бола ма тағдыр кінәлі,
 
 
Кім білсін кімнің өмірге қалай туарын?!
 
 
Қос қолы кем боп туылған жандар білді ме,
 
 
Қасірет шегіп жанарын жаспен жуарын.
 
 
Күл болып кетіп ойлаған асқақ армандар,
 
 
Фәниде талай зарлап бір жалғыз қалған бар.
 
 
Мойымай жүрсін күн менен түнде түңілмей,
 
 
Қос аяғынан бірдей айырылып  қалғандар...
 
 
Өмірдің мынау сынағы қашан өтелмек,
 
 
Жұбанып жүрміз бір күні өтер, бітер деп.
 
 
...Армандауменен жаралған адам аңсауға,
 
 
Армансыз болып өмірден мәңгі кетер ме ед?!
 
 
Тұнық сыр төгіп жалғасқан талай түндермен,
 
 
Сол жандар шерін сезініп, татып кім көрген?!
 
 
Әр түрлі болып жаралса да адам өмірде,
 
 
Көппенен бірге жүруі керек бір жолмен...
 
 
Құрбыдай санап кімге де болсын барар ем,
 
 
Осыны қалап тұр- ау бұл байтақ дала кең.
 
 
Орнаса егер пенде біткеннің теңдігі,
 
 
Сәулелерді кеп оранар еді бар әлем...
ІІ орын
Ақышева  Ақсұлу 
                                         

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
41
 
 
14 жас, 9  сынып, БҚО    
 
 
 
 
Жәнібек ауданы,    
 
 
 
 
 
 
Е. Ниетқалиев атындағы, ЖББОМ
Менің ерекше құрбым
Менің    айтқалы  отырған  құрбым  ерекше  деп  айтуға  лайықты. 
Мен оны мүгедек болған соң ерекше деп тұрғам жоқ, әрине. Оның 
нұрлы жүзі, жайсаң мінезі, өмірге ғашық көзбен қараған қап-қара 
көзі өте ерекше. Онымен танысқаныма көп те болған жоқ. Небәрі 
екі ай болды. Оның бауырмалдығы мен қайсарлығы, жалпы тамаша 
мінезімен өзіне тартқан соң ба, білмеймін, онымен бірден дос бо-
лып кеттік. Мәлика киіктің лағындай сүйкімді, дөңгелек көздерінен 
әркез  от  ойнап  тұратын.  Қуанса,  әрбір  кірпіктері  қуаныштан 
дірілдейтін. Сондай–ақ бар бейнесінен шынайылық байқалатын.
Жағдай  былай  басталды.  Біз,  анам,  әкем,  ағам,  інім  бәріміз 
Қамысты ауылына көшіп келдік. Мен үйді реттеуге анама көмектесіп 
әуремін. Біраз күн абыр–сабыр болып, ақыры балалармен танысып, 
білісуге  мүмкіндік алдым. Көптеген достар таптым. Айсұлтан, Дана, 
Әйгерім,  Тимур,  Зарина  -  бәрі  де    ақкөңіл,  тамаша  балалар  екен. 
Біз бір күні серуен құрып, топтасып волейбол ойнауға кірісіп кеттік. 
Ойынның  қызығына  берілгенім  соншалықты,  шетте  біздің  ойыны-
мызды  қызыға  қарап  тұрған  қыз  баланы  байқамай  да  қалыппын. 
Кенет, оны көзім шолып қалды. Біздерге үздіге қарап тұрған, отты 
жанары бар әдемі қыз мүгедектер арбасында отыр.
А,  сондықтан  екен  ғой,  бізге  мұнша  қызығушылықпен  қарап 
тұрғаны. Жанына баруға бата алмадым. Жанына барып не айтаты-
нымды да ойлай алмадым. Осыдан кейін, берекем қашып, ойнауға 
зауқым соқпады. Бірден үйге жүгірдім. Үй ауласында жүрген анама 
келіп әлгі қыз туралы айттым.
- Күнім – ау, сен мына көрші Балжан апайдың немересі Мәликаны 
айтып тұрмысың? Міне, оның үйі. Енді екеуің көрші боп, достасып 
кетесіңдер, - деп анам мені біраз сендірді. Мәликадай тағдырдың 
қатал сынына ұшыраған қызға демеу болып, дем беріп, арқа сүйер 
жан құрбысына айналсам, оған тигізген үлкен шарапатым осы бол-
май ма деп ойладым. Ертеңгісін Мәликаның үйіне бардым. Сәлем 
бере кіріп келдім. Үй іші жұпыныдай көрінді, әрі біраз шаң – тозаң 
басып қалыпты. «Е, Балжан әжей болса жас емес, оның үй шаруа-
сымен айналысатын шамасы да жоқ шығар, ал Мәликаның түрі мы-

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
42
нау» деп іштей күрсініп қойдым. Төрде отырған ақжаулықты әжейді 
көрдім.
– Сәлеметсіз бе, әже! Мен жаңадан көшіп келген көршілеріңіз бо-
лам. Атым – Ақсұлу.
–  Амансың  ба,  құлыным,  төрлете  ғой,  -  деген  жанға  жайлы, 
жүрекке жылы сөз естіген соң жүрегім бірден жібіп сала берді. 
Балжан әже шеткі бұрышта ұйықтап жатқан қызды нұсқады.
Сұрамасам да, Балжан әжей өзі сөйлеп кетті.
– Басынан не сор, не қайғы арылмаған менің бейкүнә немерем 
ғой. Өзі – мүгедек. Оның осы халі мені қатты күйіндіреді.
– Ал оған не болды? – деп таңдана сұрадым мен.
– Қызым  әкесі Мұрат пен шешесі Әсия үшеуі кездейсоқ жол апа-
тына  ұшырады.  Ұлым  мен  келінімнен  айырылып  қалдым.  Ал  не-
мерем болса әке – шешесіз жетім қалды. Ол аздай осы жол апаты 
салдарынан аяғы сал болып қалды. Мәликам ол кезде он жаста еді. 
Одан бері үш жыл өтті. Немеремді анда апарып, мында апарып ем-
деткенмен, ем болмады. Бақсы-балгерге де қараттым, шипа табыл-
мады, қызым үшін бәрін жасадым, қайтейін енді. Енді не де болса 
көнуге даярмын, тек осы немеремнің бағы ашылса болғаны, - деп 
әжей еңкілдеп жылап қоя берді.Өзім түгіл, өзгенің әрбір күйінішіне 
қайғыратын мен де жасқа еріксіз ырық бердім.
Енді – енді есімізді жия бергенде, бейкүнә періштедей ұйықтап 
жатқан Мәлика да оянды.
Мен  бірден:–    Сәлем,  Мәлика.  Мен  –  Ақсұлумын.  Осы  ауылға 
жаңадан көшіп келдім. Сіздердің көршілеріңізбін, - деп өзімді таны-
стыра кеттім.
Бағанадан  бері  жүзіне  қарап,  өмірден  түңілген,  ұяң,  момын 
қызды елестетіп отырған мен кенет ол ойымнан айни бастадым.
– Сәлем, Ақсұлу. Мен кеше сенің волейбол ойнағыныңды көріп 
таңдандым. Тамаша ойнайсың. Көшіп келгенің қандай жақсы бол-
ды. Өзің сұлу, әрі елгезек қыз екенсің, - деп Мәликаның жүзінен нұр 
ойнап шыға келді. 
Мен  біраз  әңгімелесіп  отырған  соң,  «ертең 
келермін» деп, үйге қайтуға жиналдым.
  Қызым,  тоқта,  тоқта,  –  деген  Балжан  әжейдің  дауысы  мені 
тоқтатты. Аулаға шыққан соң, маған қарай келе жатыр екен.
–  Шынар,  қызым.    Айыпқа  бұйыра  көрме.  Мәликаның  көзінше 
айта алмадым. Мәлика немерем, күндіз – түні жалғыз, жанына серік 
құрбы іздейді. Ешкім де оны елеп, мән берген емес. Қызым, сенің 
жаның жұмсақ қыз екеніңді байқадым. «Не де болса, Мәликаммен 
дос болып, қасында жүрші» деген өтініш айтпақшы едім.
–  Балжан  әже,  қамықпаңыз.  Сіздің  үлкендігіңізді  сыйлап 
кішірейгенім  емес,  мен  өзім  шын  ниетіммен  Мәликамен  дос 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
43
болғым  келеді.  Оның  жанын  аз  да  болса  емдей  алсам,  бұл  мен 
үшін  таусылмас  бір  үлкен  бақыт  болар  еді,  -  деп  шын  пейілімді 
білдірдім. Үйге барған соң, ойымнан Мәлика шықпады. Тағдырдың 
қатал сыны–ай, – дедім, өмірге ғашық көзбен қараған бір пендеңді 
неге мұнша тәлкекке түсірдің. Осы ойлар маған маза таптырмады. 
Мәликаның жастай тартқан азабы, аянышты тағдыры, жас қыздың 
жоғалған болашағы бәрі, бәрі мені қатты толғандырды. Келесі күні 
Мәликаның үйіне тағы бардым.
–  Сәлем,  Ақсұлу.  Қалың  қалай?  Қош  келдің?  Сені  көргеніме 
қуаныштымын.Мәлика  сөзін  айтып  тауыса  алмай  жатыр.  Менің 
келгеніме қуанышты екені ажарынан, даусынан анық білінеді.
– Жақсымын, өзің ше?
– Өте жақсы. Сені көріп көңілім көтеріліп қалды.
– Балжан әже қайда?
– Әжем дүкенге кетті, сәлден соң келеді. Әжем мәнті жасамақшы. 
Түскі  асқа  біздің  үйде  қал.  Әжемнің  мәнтісін    жесең,  таңдай 
қақтырады. Сөйтіп, мен түскі асымды Мәликаның үйінен іштім. Сөзі 
шындық боп шықты. Балжан әжейдің жасаған әр асының дәмі тіл 
үйіреді екен. Алғысымды айтып, Мәликамен қоштасып кеттім.
Мен  мүгедек  болғанына  налып,  өмірден  түңіліп,  тағдырына 
үнемі  арыз  айтып,  күндіз–түні  көз  жасы  құрғамайтын  адамдарды 
көрдім. Бірақ, мен Мәликаның көзінен  қиындықпен қанша болса 
да  арпалысуға  дайын,  өмірден  үміт  үзіп  кетпеген,  өмірге  құштар 
қайсарлық сезімін байқадым.Таң ата анамнан ақша сұрап Мәликаға 
сыйлық алып, оның көңілін көтермекші болдым. Дүкендерді аралап 
бір қызғылт түсті сағат сатып алдым. Ол қуанатын болды ғой.
Түстен кейін, Мәликаның үйіне келдім.
– Ай, Ақсұлу, келгенің қандай жақсы болды. Ішім пысып, зерігіп 
отыр едім, – деді Мәлика.
–  Мәлика  қарашы!  Мен  саған  сыйлық  алдым,  -  деп    сағатты 
көрсеттім.
– Мәссаған, көп – көп рахмет. Ақсұлу, әдемісін – ай деп жүрегі жа-
рыла қуанды. Мен де қуандым. Бірақ кейін көңілі жабырқау тартып 
сала берді.
– Не болды? Әлде ұнамады ма, - деп қобалжи сұрадым.
–  Жоқ  ә,  ұнағанда  қандай.  Бірақ  маған  сағаттың  қажеті  қанша 
деп  ойлап  отырмын.  Әрбір  өткен  күнім  ғасырдан  да  ұзақ  боп 
көрінеді. Мен үшін ешқашан уақыт өтпейді. Жүре алмаған қандай 
зор бақытсыздық! – деп бір қатты күрсінді.
Мәликаның жүрегіне жара салдым – ау, – деп жаным қиналды.

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
44
– Кешірші, құрбым! Сені уайымға салатынын білсем сағат сатып 
алмас едім, – дедім.
– Жоқ ә, жай көңілім босады, сен қамықпа, сағатыңды шынымен 
де ұнаттым.
Мен үшін бұл сөз, менің көңілімді қалдырмау үшін айтылған сыл-
таудай көрінді. Кенет, Мәликаның көңілін басқаға аударғым келді.
– Мәлика, сен білесің бе? Мәлика деген есім нендей мағынаны 
білдіретін.
– Жоқ, әйтеуір бұл есімді әкем қойыпты.
– Мәлика – араб тілінен аударғанда «патшайым, билеуші әйел, 
ханшайым» деген мағына береді.
– Рас па? Сен оны қайдан білесің?Бір кітаптан оқыдым. Атың тура 
саған лайықты қойылған ат екен. Мәлика сәл жымиып қойды.
–  Ақыры, Мәликамен біраз әңгімелесіп үйге қайттым.
– Апа, Мәликаны білесің ғой. Өте–өте–өте жақсы қыз.
– Иә, қызым. Менің пайымдауымша, Мәлика – өмірдің сынына 
шыдай  алмайтын  адамдардан  мүлдем  өзге,  бойында  қуаты  мол 
ерекше  қыз.  Бірақ,  амал  нешік?  Тағдырдың  ісіне  шара  бар  ма? 
Жазмыштан озмыш жоқ деген, - деп анам да  сөзімді қостап, біраз 
күрсініп алды.
Осы  кезден  бастап  Мәлика  менің  жақын  құрбыма  айналды. 
Мұңымыз да, сырымыз да бір, арамыздан қыл өтпейтін тату құрбы 
болып  кеттік.  Мені  оның  қайсарлығымен  қоса  ақжарқындығы, 
бауырмалдығы,  ақкөңілдігі  өте  қатты  қызықтырды.  Оның  көзіне 
қараған  сайын  жарқ  етердей  бір  үміт  сәулесін  көрем.  Өзгелердей 
емес, тым ерекше туған ба деп те ойлайтынмын. Оның оқу–білімге 
деген ынтасында шек жоқ. Бірақ оған мүгедектігінің кедергі бола-
тынына  қатты  өкіндім.  Мәлика  сондай  –  ақ  әзілқой  еді.  Маржан-
дай тізілген майда тістерін жылтыратып күлгенде күлкісінен пәктік 
пен  шынайылық  байқайтынмын.  Оның  өмірге  деген  көзқарасы 
басқалардан бөлек, көңілінде қаншама орны өшпес ауыр дерт жат-
са  да,  оны  көтеруге  әркез  дайын.  Бірақ  сіз  Мәликаның  жаны  ау-
ырмайтын,  ешкімге  сыр  білдірмейтін  қыз  деп  ойламаңыздар.  Ол 
соңғы  апта  ішінде  маған  ішкі  шерін  тарқата  баяндайтын.  Мүгедек 
болғанына  қапаланғанымен,  сырт  көзге  білдіргісі  келмейді  екен. 
Оның  айтқан  тоқсан  қайғысын  мен  ерінбей  тыңдайтынмын.  Ана-
сын,  әкесін  сағынатынын  айтқанда  екеуміз  қосыла  жылайтынбыз. 
Мәлика тек мұң шертумен тоқталмайтын. Екеуіміздің болашақ жай-
лы талай–талай арманымыз, отбасы, мамандық, өмір жайлы арман-
қиялдарымыз  бір  –  бірімен  ұштасып  жататын.Мен  өскенде  әнші 
болғым  келетінін  айтатынмын.  Ата  –  анам  да  маған  сенен  жақсы 
әнші  шығады  дейтін.  Мәлика  кейде  маған  ән  айтып  берші  деп  те 
қолқа салады. Әнді терең сезініп, түсініп, сүйсіне тыңдайтын.

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
45
-  Шынар  білесің  бе,  сен  нағыз  өнер  үшін,  ән    үшін  туылған 
жансың,– деп мақтағанда көңілім өсіп, бір марқайып қалатынмын. 
Мәлика    сөз  шебері  болатын.  Кез  –  келген  кісінің  көңілін  тез  таба 
қоятын.
Мен одан болашақ мамандығы жайлы сұрағанда, ол: «дәрігер», 
–  деп  жауап  берді.  Адамдарды  емдеп,  мен  сияқты  талай–талай 
көмекке зәру жандарға көмектесер едім деп қиялдап бастап, кейін,  
«мен сияқты кембағал жаннан қандай дәрігер шығады дейсің», -деп 
өзіне  тоқтау  салады.  Мен  сол  кезде:  «Жоқ,  Мәлика.  Олай  деме». 
Сен  -  өте  ақылдысың,  сұлусың,  өнерлісің.  Алға  қойған  мақсатқа 
жету үшін талпыну қажет. Өмірде егер адам баласы қаласа, барлық 
нәрсеге қол жеткізу әбден мүмкін. Тек қамығып, тұнжырап, өмірден 
түңіле көрме. Ертең ғажап болып, армандарың орындалып жатса, 
маған «сен айтып едің ғой дейтін боласың» деп оны ғажайыптың 
болатынына сендіретінмін. Бір күні газет – журнал ақтарып отырып 
мынандай жарнамаға көзім түсті.  «Мүгедек жандарға Германияда 
үлкен  мүмкіндік  бар».  Германияда  осындай  сал  науқастарды  ем-
деу  үшін  ашылған  клиника  бар  көрінеді.  Онда  білікті,  тәжірибелі 
дәрігерлер  жұмыс  істейді.  Тіпті  «үміт  жоқ»  дегендер  де  емделіп 
шыққан көрінеді.Осыны оқи отырып, Балжан әже мен Мәликаның 
үйіне жүгірдім.
–  Әже,  Мәликаның  аяққа  тұрып  кетуіне  зор  мүмкіндік  бар 
көрінеді, - деп бәрін бастан аяқ баяндап бердім.
– Қой, Ақсұлужан. Біз талай жерден ем іздеп табан тоздырдық. 
Одан қайыр болмағанда, бұдан не қайыр, - деді Балжан әже.
– Жоқ, әже. Бәрі Мәликаның болашағы үшін. Ол емделіп шығуға 
тиіс.  Өтініп  сұраймын,  бұл    мүмкіндікті  жіберіп  алмаңызшы,  -  деп 
біраз жалындым.
Келесі  күні  Мәликадан  қуанышты  хабар  алдым.  Әжесі  екеуі 
Германияға ем іздеп  бармақшы көрінеді. Қуанғанымнан Мәликаны 
құшақтап алдым.
– Ай, құрбым – ай! Сен үшін қандай қуанышты екенімді білесің 
ғой,  шіркін,  -  деп  шаттығымды  жасыра  алмай  айғайлап  жібердім.
Біраз уақыт өткен соң Мәликалар да Германияға жол жүріп кетті. Сол 
күннен бастап Мәлика екеуіміз күнде телефонмен сөйлесіп тұратын 
болдық.Бір күні қоңырауға жауап бергенде қуанышты құрбымның 
дауысын естідім.
–  Ақсұлу,  білесің  бе?  Мен  аяққа  тұратын  секілдімін.  Аяғымды 
сезе бастадым. Дәрігерлер құлан таза айығуыңызға зор мүмкіндік 
бар деп айтты. Мен Мәликадан да бетер қуандым.
– Айттым ғой, айтып едім ғой, құрбым, мен саған айтып едім ғой, 
- деп күліп жібердім.– Иә, айтқансың, айтқанда қандай, – телефон-
нан Мәликаның сыңғыр күлкісі естілді.

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
46
– Мен саған үмітіңді үзбе дедім ғой, өмірде ащымен қатар тәтті де 
болады, қиынмен қатар оңай да болады, күйінішпен қатар сүйініш 
те болады, қайғымен қатар қуаныш та болады. Өмірде қиындықты 
жеңе білген жандар ғана жеңіске жете алады. Сен – сол өр рухты, 
жеңімпаз жандардың бірісің, Мәлика, - деп оған сөзбен дем беріп 
қойдым.
Міне, сол күннен бастап Мәликаның аяққа тұрып, толық жазы-
лып, ауылға келіп, мені қуантатын күнін асыға күтудемін.
ІІІ орын
 
Әділова Тоғжан
                 
 
 
15 жас, 10 сынып оқушысы,
 
 
Тараз қаласы
 
 
Бауыржан Момышұлы атындағы 
 
 
№45 қазақ классикалық гимназиясы 
                                       
 
 
Менің ерекше құрбым
Көңілім  түсіп,жайсыз  күй  кешкенде  әсем  дауысымен  сүйікті 
әнімді    салып,  жүзіме  күлкі,  жүрегіме  қуаныш  сыйлайды.  Кейбір 
кездері  онымен  кітапханаға  барамыз.  Кітап  -  рухани  азық.  Жаксы 
кітап  оқыған сайын, бойына асыл тастарды жиғандай боласың. Жан 
дүниедегі  байлық  –  ойда  мәңгі  қалады,  тозбайтын  мұра  іспеттес, 
өмірлік серік.
Мерзімі  шексіздікке  ұласқан  күйбең  тіршіліктен  қолы  босаған 
сәтте  өсек  пен  өтірікті  шетке  ығыстырып,  кітап  оқуға  зерделенген 
адам  қараңғылық  есігін  әлдеқашан  құлыптап  қойғандай.  Мұндай 
адамдар Күн сәулесіне еркелеп, жарықтың шапағатына бөленгендей 
көрінеді маған.
Кітап  оқу  ойым  мен  санамды  қазақ  әліпбиіне  бағындырған 
сәттен бастап сүйікті ісіме айналды. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім 
тоқсан тоғыз» деген сөз айтар ойыма нұсқау, мазмұнын түсініп, сы-
рын ашпаған кітаптарымның санын есептеп болмаспын. Бұрындары 
үлкен кітапханам болса екен деуші едім, себебі ойыма қанат, бой-

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
47
ыма күш беретін ол - кітап. Әдеби шығармаларды оқи отырып, жас 
қиялым  мен  сезімімді  ұштастырамын.  Басты  кейіпкер  қандай  күй 
кешсе,  мен  де  сондай  халге  түсемін,  оны  ойландырған  өзекті  ой 
мені де толғандырады. Әдеби шығармаларды оқудың рахаты осы 
емес пе?
Жақында  Сайын  Мұратбековтың  «Жусан  иісі»  шығармасын 
оқыдым.  Жазушының  ой  талқысына  салған  басты  өзегі  -  аса 
салмақты, жасына қарамастан тілі орамды, ой - өрісі кең, дарынды 
бала Аянның тағдыры. «Ағасы бардың жағасы бар» дейді, Аянның 
тас қамалдай қорғаны, мейірбан ағасы жалыны қызыл соғысқа От-
ан-Ана  үшін  аттанған.  Осынау  қиын  заманда  көненің  көзін  көрген 
кәрі  әжесімен  ағайын-туыс  жағалап,  өзге  ауылға  жетеді.  Жаңадан 
келген  Аянға  жолдас  болуды  құмартқан  балалар  көп,  әйтсе  де, 
Аян  ешкімді  алаламайтын,  ойын  қызығына  бірге  бөленетін.  Аян 
оқыстан аяғын жарақаттап, әлгі қызықтың бәрін ұмытып, ойын ба-
лаларына алыстан  көз жіберетін. Көп ұзамай асыл әжесі фәнимен 
қош айтысады, сонда Аян мұңайған көңілмен біраз ауыр ойға түсіп, 
сосын  достарын  ертіп,  түнгі  салқын  самалмен  ертегісін  бастады. 
Бірде  қайғыға    батырып,  бірде  шаттыққа  бастайтын    Аянның  сөз 
шеберлігіне  бар  балалар  тәнті  болатын,  «тағы  айтсаңшы»  деп  жа-
лынып,  ертегілерінен  мүлдем  жалықпайтын.  Кейін  ауылға  қаралы 
қағаз келді, Аянның алтын тірегі, асқар тауы ағасы соғыста қаза тап-
ты. Баланың жүрегі тағдырдың тәлкегін көп сезінді, біраз уақыт өтіп, 
ол балалар үйіне кетті.
Автор Аянның жүрегінде күшті салмақ тұрғанын, денсаулығында  
кінәрат барын  біле тұра, оның болашағынан зор үміт күтті, ондай 
рухты  баланың  шыңы  биік  белестерді  әлі-ақ  бағындыратынына 
күмәнданбады.
Ғұмыры  қысқа  жалғанда  тосын  жағдаяттар  мен  күтпеген 
оқиғалар  жиі    болады.  Мұны  бәз  біреулер  Алланың  сыны  дер, 
өзгелері жолы болмады не сәті түспеді деп құр сөзге көшеді. Абай 
айтпақшы, адам туғанда есті болмайды, тек өмірді көргеннен кейін  
тылсым дүние сырын таниды.Өмір сан алуан кедергімен жалғасқан 
ұзын баспалдақтардан тұрады, біреу сүрінбей шыңға жетсе, екіншісі 
жығылғаннан  қозғалмай  ,  еш  әрекетке  көшпей  орнында  қалады. 
Демек,жақсы өмір сүру үшін бойда асыл рух, көзде лаулап жанған 
от болуы керек.
Қалыптасқан  көзқарасыма  өзгеше  сарын  берген,  терең  ойға 
түсуге себепкер болған бір жан бар. Ол - Жұлдыз.
Өткен күзде мектеп жүрегі - ұстаздар мерекесіне  орай концерт 
өткізілді.  Екінші  анамыздай  болған    сынып  жетекшімізбен  арнайы 
концертті  тамашалауға    мектептен  бірнеше  оқушы  бардық.  Паһ, 
шіркін! Өнердің құдіреті-ай! Биші қыздар бұралып, нәзіктікпен халық 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
48
биін  нақышына  келтірді,  енді  бірде  жеткіншек    қолына  домбыра-
сын алып, Құрманғазының күйін орындады. Өзге жастар ұстаздың 
жұмсақ  та  қатты,  қатал  да  нәзік  болмысын  бейнелейтін  қойылым 
сахналап,  зеріккен  көңіліміз  тамаша  әсер  алып,  демалып  қалдық. 
Кенеттен  қара  көзілдірік  таққан  талдырмаш  бітімді,  бұрымы  ұзын 
қызға бар назарым ауды.  Концерт ұйымдастырушысы әлгі қызды 
киелі  сахнаға  шығарып,  қолына  микрофон  ұсынды.  Сазды  әуен 
естілді,  қыз  ән  салды.  Оның  бұлбұлдай  тамылжыған  әдемі  дауы-
сы  жүрегіме бірден жол тауып, құлағымда сазы қалды. Сахнадағы 
болмысының өзі оның ерекшелігін, өзгеге ұқсамайтындығын тайға 
таңба басқандай етіп көрсетті. «Барша жұртты өнеріне бас игізердей 
ұлы  дарын  екен»  деген  сөздер  санамда  қайта-қайта  жаңғырды. 
Бойымды әлдеқандай  сезім билеп, тіпті өзімді осындай әнші деп 
көзге  елестеттім.  Үш  минутқа  созылған  әсем  ән  мен  нәзік  дауыс 
тылсым күшпен мені жаңа әлемге жетелегендей көрінді. Ән біткен 
соң, дарынды қыз жүргізушінің жәрдемімен сахнадан түсіп, бөлмеге 
кіріп кетті. Концерт біткен сәтте, қос жанарым әлгі қызды іздеумен 
болды,таныс емес болғанымен, жүрегім оны жақын тартты. Сыртқа 
жол  тартып,  кешкі  самалдан  ләззат  алып  тұрғанда,  сабырлы 
қалыппен  орындықта  отырған  әнші  қызды  көзім  шалды.  Жерден 
жеті қоян тапқандай қуанып, жанына бардым. «Өнеріңе тәнті бол-
дым.  Керемет  дауысқа  ие  екенсің.  Есімің  кім?»  деп  сұрадым.  Қыз 
сәл жымиып, «Есімім - Жұлдыз» деді.
Жұлдызға  бірден  үйренісіп  кеттім,  жақын  құрбыма  айналды. 
барып,  ақиық  ақын  Мұқағали  мен  Мұхтар  Әуезовтың  мазмұнды 
шығармаларын  оқып  беремін,  сонда  мені  бар  ықыласымен 
тыңдайды.  Дүкендерді  бірге  аралаймыз,  менің  талғамыма  сенеді. 
Өзі - қой аузына шөп алмастай момын, болған жайлардың тек жақсы 
тұстарын  айтады,  қандай  болсын    шешім  шығарғанда  тапқырлық 
танытады,  естіп-білгенін  ой  талқысына  салады.  Кей  адамдар  оны 
түсінбей, қос жанарының жарық дүниені көрмейтіндігін бетіне ба-
сып,  шамына  тиеді,  әйтсе  де  Жұлдыздың  оларға  ренжіп,  ғайбат 
сөзге бой алдырғанын   байқамадым.
 
 
Жүректе үмітті сеземін
 
 
Көргенде ерекше құрбымды.
 
 
Биігіне өнеріңнің сенемін
 
 
Елестеткен сайраған бұлбұлды.
Мен  Жұлдызды  мақтан  тұтамын.  Болмысындағы  өжеттік  пен 
қайсарлық оны биікке жетелейді, әсем даусымен барша жұртты ау-
зына қаратқан дүлдүл боларына күмәнім жоқ.

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
49
ІІІ орын
Ибатуллиева Гүлнұр 
                                
 
 
15-жас, 10 "а"-сынып
              
БҚО, Зачеганск кенті, 
 
 
№30 ЖОББМ   
 
                                                                                                                                                                                         
                          
 
Менің ерекше құрбым...
                                           
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
 
 
 
 
Өмір, өмір,
 
 
 
 
Болмайды түңілуге.
 
 
 
 
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
 
 
 
 
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.
                                
 
 
 
 
М.Мақатаев
        
Адам  шіркіннің    басына  не  түспейді  дерсің?  Қуаныш  та,  қайғы 
да, күйініш те, сүйініш те бар. Бұның барлығы бір тағдырдың басы-
на тоғысқандай. Әр пенде сол тағдырдың талқысына түседі. Бұны 
көтере  білетін,  басына  түскен  ауыртпашылықтарға  шыдай  білетін 
адам өмірдің шыңына жетер, ал нардың ауыр жүкке малшынған сыл-
быр  күйі  секілді  басындағы  ауыртпашылықтарға  төзімі  таусылған 
пенде  сол  жолда  өзін-өзі  тәрк  етер.  Алла  тағала  қашанда  жердегі 
пендесін  бөліп  жармайды,  тіпті  мүгедек  болса  да.  Тек  жақсы  жан-
дарды сынау үшін, сол жандарға бар ауыртпашылықтарды үйіп-төгіп 
береді  екен.  Бұның  барлығынан  сүрінбей  өткен  бақытты  болады 
деседі. Мүгедек жандардың, демек, бәрі жақсы. Әр адам өмірге өз 
несібесімен келері хақ.Мүгедек жандардың арманы – адам қатарына 
қосылу,  басқалар  сияқты  өмір  сүру.  Ұлы  жаңалықты  ашу  олардың 
да  қолынан  келеді.  Олардың  өмірге  деген  көзқарастары  ерекше 
талпыныстан  құралады.  Менің  сондай  құрбым  бар.  Оның  есімі  – 
Махаббат. Ол өнер-білімге құштар ақынжанды қыз.Бірақ  сөйлеген 
кезінде  тұтығып  қалады.  Ал  ол  сөйлеген  кезде,  тосыннан  келген 
жандардың  оған  тесіле  қарағаны  -  жанын  ауыртады.  Өз  ортасын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет