Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»



Pdf көрінісі
бет7/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Әбдіәкімова Аружан  
                                   
 
 
11жас,  5 сынып.
 
 
Алматы қаласы, АЗТ – 7, 
 
 
КММ «Аяқ – қолы кемтар балаларға арналған 
 
 
№ 2 арнайы (түзету) мектеп - интернаты»
 
 
 
Менің ерекше құрбым
Күндердің  бір  күнінде  қазақтың  қара  шаңырағына  бір  нәрісте 
дүниеге  келіп,  қуаныш  әкелді.  Ата-анасы  біздің  үмітімізді  ақтасын 
деген ниетпен есімін «Үміт» деп атады. Өмірде қуаныш пен қайғы 
қатар  жүреді  емес  пе?  Өкініштісі  Үміттің  қолының  кемістігі.  Ата-
анасының  қуанышына  қайғы,  уайым,  көңілдеріне  мұң  сепкен  осы 
Үміттің  денсаулығы  болды.  Шырылдаған  балапанымызға  қайтсек 
көмек береміз деп, ата-анасының бармаған, баспаған табалдырығы 
қалмады. Ақ халатты абзал жандардың көмегіне бүгінгі күнге дейін 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
60
жүгінеді. Өкінішке орай дәрігерлер Үмітке ДЦП-деп диагноз қояды. 
Осы ақаудың кесірінен Үміт 4-жасында әрең жүріп, денесін әрең тік 
ұстады. Оның өзге балалардан ерекшілігі де осында еді. Үміт мектеп 
жасына  жеткенде  ата-анасы  Үмітті  №2  арнайы  (түзету)  мектеп-ин-
тернатына орналастырды.
Менің  шығармамның  кейіпкері  бүгінгі  күні  менің  бірге  оқитын, 
сыныптас  құрбым.  Үміт  екеуміздің  таныстығымыз  алғаш  осы  мек-
тепте  басталды.  Осы  мектептегі  кездескен  алғашқы  күннен  ба-
стап  екеуіміз  ажырамас  доспыз.  Әрқашан  бір-бірімізге  сырлас, 
мұңдаспыз.  Қуанғанда  қуанышымызды,  қайғырсақ  қайғымызды 
бірге бөлісеміз. Құдды бір анадан бірге туған егіздер сияқты...
Үміт  екеуміздің  тағдырымыз  да  ұқсас.  Сондықтан  екеуіміз  бір-
біріміздің жан дүниемізді өте жақсы түсінеміз.   Ата-анасының ты-
нымсыз еңбегі мен өзінің өмірге деген құштарлығының арқасында 
Үміт бүгінде үлгерімі жақсы оқушылардың бірі. Ол мектепті жақсы 
аяқтап,  болашақта  есепші  болуды  армандайды.    Мен  досымның 
ешқашан  өмірден  күдер  үзбей,  армандаған  армандарына  қол 
жеткізуіне тілектеспін.
Бадуова Эльдана
                                            
 
 
13 жас,  7 сынып.
 
 
Алматы қ-сы 
 
 
КММ №2 Аяқ – қолы кемтар балаларға   
 
 
 
арналған арнайы (түзету) мектеп- интернаты»
Менің ерекше құрбым
                      
Дос қиындық туғанда қажет.
 
 
 
 
Дастарқан басында дұшпан да дос. 
 
«Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас» - дегендей менің де 
достарым көп болған. Бірақ мен құрбыларымды бөліп жармаймын. 
Мен үшін бәрі бір – бір алтын мен асқар тау.
«Жақсы мен жолдас болсаң ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсаң басың кетер» - деп ата – бабамыз дөп 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
61
басып айтқан. Менің құрбыларымның бәрі жақсы. Олардың арасын-
да ерекше бір жан бар. Ол – менің сыныптасым Аида. Құрбымның 
қасы қара, көзі қарақаттай әдемі. Өзі бір ерекше жаратылған жан-
дай  ақ  көңіл  қыз.  Кейде  достарыммен  қалжыңдаса  да  алады. 
Оның сабаққа деген үлгерімі де жақсы. Аиданың қимыл қозғалысы 
шектеулі:  ол  аяғын  сүйретіп  жұреді.  Түсінемін,  оған  тез  жүру,  түзу 
жүру  арман.  Оның  арманының  орындалуына  мен  де  тілектеспін, 
жанашыр  тілеулесімін!  Аиданың  мөлдіреген  көзінен  ешбір  қайғы- 
қасірет  көргім  келмейді,  керісінше  –  қуанып,  күлімсіреп  жүргенін 
қалаймын.
Оған  жазда  дәрігерлер  аяғына  гипс  салдырған.  Олардың  айту-
ынша, Аиданың  аяғы  жетпіс  пайызға түзеледі.  Оның өзі  де  жақсы 
емес пе? Ең болмаса аяғын тік басып, бізбен бірге мектепте оқып 
жүргенінің  өзі  жақсы.  Қазір  оның  жағдайы  қалай  деп  ойлайсыз? 
Әрине,  өте  жақсы  деп  айта  алмаймын,себебі,  қуанышымен  бірге 
ортақтасатын, қайғыланса жұбата алатын, көзіне жас іркілсе күлдіре 
алатын, жанында құрбылары аз. Ол қазір біздерді сағынып жүрген 
шығар.  Біз  де  Аиданы  қатты  сағындық.  Бәріміздің  тілегіміз  бір  – 
Аида тезірек жазылып біздің қатарымызға қосылса екен. Мен бірге 
күліп,  ойнап  жүрген  кездерді  сағындым.  Кеше  Аиданы  түсімде 
көріппін. Түсім өңім сияқты. Екеуміз бір нәрсеге қатты қуанып, күліп 
жатқанда, өз күлкімнен оянып кеттім. Жан – жағыма қарап, Аиданы 
іздедім. Қасымда ол жоқ екеніне көзімді жеткізіп, әрі қарай ұйқыға 
кетіп, түстің жалғасын көргім келді. Бірақ, ұйқым ашылып кетті.
 Аида! сары уайымға салына берме. Себебі,  сені жақсы көретін, 
сен үшін ештеңе аямайтын адал достарың бар.
Мен досыма деген сағынышымды мына өлең жолдары арқылы 
білдіргім  келеді.  Бұл  өлең  менің  досыма  деген  сағынышты 
жүрегімнен туған.
 
 
Күн нұры жарқырайды аспанымнан.
 
 
Көзіме жас іркілер, досымды сағынғаннан.
 
 
Келіңдерші, жан достарым, жаныма,
 
 
Шаршадым өздеріңді аңсағаннан.
Аида! Саған дос ретінде тез жазылып, аяғыңды басып жүргеніңді 
қалаймын. Өйткені сені мен ғана емес,сыныптастарың да сағынып 
жүр. Әрқашанда достығымызды аялап, сақтап жүрейік!
Шаймұхан Темірлан
                                    
 
 
13 жас, 7 сынып
 
 
Алматы қ. Жұлдыз ы. ауд.
 
 
КММ №2

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
62
  
 
«Аяқ – қолы кемтар балаларға арналған   
 
 
           арнайы (түзету) мектеп - интернаты»
                             
   
Менің ерекше құрбым
 
 
 
 
 
Досы көпті жау алмайды,
 
 
 
 
   
Ақылы көпті  дау алмайды.
Мен  Алматы  қаласындағы  №2  арнайы  (түзету)  мектеп  –  ин-
тернатында  оқимын.  Мен  оқу  озатымын.  Яғни  мектептегі  үздік 
оқушылардың бірімін. «Жаманға жан жуымас» - дегендей әрқашан 
жақсы  оқып,  үлгілі  оқушы  болуға  тырысамын.  Мен  мектептегі 
ұстаздарым мен достарымды мақтан етемін.
Ұстаз – ұлағатты жан. Қиянатқа, қатігездікке жол бермейтін па-
расатты да, абыройлы жан. Міне, бізге ұстаздарымыз бір – бірімізге 
мейрімділікпен  қарым  –  қатынас  жасауды  үйретті.  Яғни  бізді 
біліммен  сусындандырып,  бойымызға  жақсы  тәлім  –  тәрбие  бере 
білді. Ұстаздарымыз бен ата – анамыздың арқасында тәрбиелі аза-
мат болып өсіп жатырмыз.
«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын», - дегендей менің до-
старым  өте  көп.  Яғни  саусақпен  санап  жетпейсің.  Мен  айналамда 
жүрген достарымды жаныммен жақсы көріп, мақтана аламын.
Жан достарымның бірі – Чернов Владимир. Владимирдің ұлты-
орыс.  Ұлты  орыс  болғанымен,  жүрегі  Қазақстан  деп  соғады.  Ол 
Қазақстанның азаматы. Вова қазақ сыныбында оқып, қазақ тілінде 
таза  сөйлейді.  Ол    өте  қайырымды  жан,  оның  қолы  кең.  Қанша 
күлімдеп жүрсе де, көңілінде бір қаяу бар. Ол не дейтін шығарсыз? 
Оны біреу түсінсе,біреу түсінбейді. Себебі ол - жетім бала. Жетім де-
генде, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян менің 
ойыма еріксіз оралады. Аян мен Владимирдің арманы бір секілді. 
Екеуі де жетімдіктің қасіретін бірге тартуда.Аян да қанша қиындықты 
көрді  ғой.  Аянның    да  қасында  достары  болды.  Бірақ  Владимир 
Аян  секілді  адамдардан  жәбір  көрген  жоқ.  Керісінше,  жетім  бала-
лар үйінде тәрбиеленіп, сол жердегі тәрбиешілердің қамқорлығын 
алып  жүр.  Владимирдің  ата  –  анасы  бар  болғанын  және  бақытты 
болғанын, өмірде өз  жолын тапқанын қалаймын.
Шаяхмет Үміт  
                                           
 
 
12 жас, 5 сынып
 
 
Алматы қ. КММ №2

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
63
 
 
«Аяқ – қолы кемтар балаларға арналған    
 
 
арнайы (түзету) мектеп - интернаты»
 
 
 
 
                        
Менің ерекше құрбым
Менің  есімім  Үміт.  Мен  5-сыныпта  оқимын.  Біздің  мектебіміз 
арнайы  (түзету)  мектеп-интернаты  болғандықтан  сыныбымызда 
оншақты оқушыдан аспаймыз. Бәріміз бір-бірімізбен жақсы қарым-
қатынастамыз. Солардың  ішінде менің ерекше құрбым бар. Оның 
есімі - Лаура. Ол өте пысық, ақылды  қыз. Құрбымның айтуы бойын-
ша оны ата-анасы үш жасында  балалар үйіне орналастыруға тура 
келген. Біз бірінші сыныптан бірге оқимыз.  Лаураның сабақ үлгерімі 
орташа.  Дегенмен,  мектептегі  барлық    іс-шараларға  белсенді 
қатысады. Мінезі аздап тентектеу. Бірақ мейірімді. Менің  кішкентай 
сіңілімнің мектепке келуін асыға күтіп жүреді. 
Үшінші  сыныпта  оқып  жүргенде    Бішкек  қаласында    Лаураның 
аяғына  ота  жасатқан.  Құрбымды    аяғынан  тік  тұрып,  сырқатынан 
біржола  айығып,  жазылып    кетуін  тілеп  жүрдім.  Мен  Лаураның 
тілектес, сырлас, жанашыр досы  болғандықтан, болашақта өмірден 
өз  орнын  тауып,  ата-анасымен  қауышып,  бақытты  өмір  сүруін 
тілеймін. Өйткені, ол күндердің бір күні  анасының іздеп келіп, өзін 
балалар үйінен алып кететініне үміттенеді.
Жан досым Лаура! Мен де сенің болашағыңның жарқын болаты-
нына зор сеніммен қараймын және сенемін. Тек ешқашан ауырма, 
қиындықтарға мойыма!  Мен сені жақсы көремін.
Абзалбекова Балым
                                  
 
 
9-м сынып,                                                        
 
 
Өскемен қаласындағы
 
 
№16 орта мектеп
Достық туралы бірер сөз
...Қазақ  халқы  үшін  “дос  киелі  ұғым.  Бұл–кезінде  ба-
тыр  бабаларымыздың  досы  үшін  жанын  пида  етуге  дейін 
барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса ке-
рек: “Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас”. Бүгінгі таңда 
достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жал-
пы  дос  деген  ұғымды  сенімділігіне  қарай  үш  түрге  бөліп  қарауға 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
64
болады. Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан 
табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Айдарбек Жайдарлым
    
 
 
12 жас , 7 сынып. Сырым ауданы,
  
 
ЖББ  орта мектеп
Алағабас  ауылында  менімен  шамалас  дүние  есігін  ашқан 
құрбымның  есімі  –  Өтемұрат  Бекаман.  Жасы  12-де.  Негізі  жетінші 
сыныпта менімен қатар оқуы керек еді. Ақыл-есінің кемістігіне орай 
ол  біздермен  мектепте  оқымайды.  Бекаманның  анасының  есімі 
-Сәния,  әкесінің  есімі  -  Амангелді.  Оның  жалғыз  Рысханым  есімді 
әпкесі  және  жалғыз  Гүлханым  есімді  кішкентай  қарындасы  бар. 
Бізбен бірге мектепке бара  алмаса да, Бекаман сабаққа барынша 
зерек. Менің таң қаларлық тағы бір жағымды мінезі өте тіл алғыш 
және сол арада тез-тез орындап тастағанды ұнатады. Сол бір шару-
аны бастап, сол сәтте орындаса өзіне-өзі риза болып жүреді. Кейде 
мінезінде өзімен-өзі болып, көп сөйлеп ауытқып кететіні бар. Бірақ  
оның ешкімге де зияны жоқ. Оның аңғалдығы да бар.  
Жақсы 
етіп  біреу  мақтай  қалса,  сол  кісіге  көмекте  көрсете  алады.  Осы 
биылғы сабақтан берілетін күзгі демалысымызда көшеміздегі мен 
шамалас    ұл-қыздар  жиналып,  қариялары  бар  үйлердің  ауласын 
тазарту  жұмыстарын  ұйымдастырдық.  Осы  шараға  менің  құрбым 
Бекаманда  бірауыздан  келісіп,  қатысып,  үлкендердің  батасына  ие 
болдық.
                
Алламбергенова Қырмызы    
           
 
 
7сынып. 
 
 
Ақтөбе обл. Алға ауд. 
 
 
Есет батыр  Көкіұлы ауылы
Алайда  өмірді  өзгертуге,түзетуге  келмейтінін,  оған  сенің  еш 
амалың жоқ  жағдайларда кездеседі. Аулымда осындай  қиындықпен 
күресіп  келе  жатқан  көрші  қыз  бар  еді.  Оның  мейірімділігіне, 
өмірге  деген  құштарлығын  да,  адалдығында  шек  жоқ.  Ешбір  ба-
ланы бөліп көрмеген, бөлгісіде келмейтін, кішіге үлгі боларлықтай 
қыз. Ойында еш арамдық жоқ, өзі сондай сүйкімді. Бірақ ауруына, 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
65
денсаулығына байланысты түзу жүре алмайды... Балалық шағында 
өзгелер сияқты ойнап-күлгісі келетін ол әрдайым дос іздеумен бо-
лады. Көршілерінен онымен ойнайтын қыздар да жоқ. Өзімнен 3-4 
жас кіші болса да   мен оны өзіме жақын тартқандаймын.
Арынғазы Амангелді   
                        
 
 
11 жас. 6 сынып,
 
 
Хромтау ауданы, 
 
 
Мектептен тыс білім                                                                                                                                            
                    
беру орталығы, №4 мектеп
...  Сыныптағы  ерекше  достарымның  бірі-Диана.  Ол  бізге  4-ші 
сыныпта келді. Оған дейін ол үйде оқыған. Ата-анасы басқа бала-
лармен ойнасын, достассын, бірге жүрсін деп мектепке берген. Біз 
онымен бірден достасып  кете алмадық. Себебі біз оны түсінбедік.
Апайымыз  бәрімізді  тұрғызып  қойып  ұрысты,  түсіндірді.  Біздің 
қайта Дианаға   көмектесіп, ортаға қосу керектігімізді айтты.
Диананы  қайсар,  мықты  қыз  деуге  болады.  Өз  дертімен  өзі 
күресіп, бәріне төзіп, бізбен бірге оқып жүр.
                                                                                                                                                         
Анесова Аяжан   
                               
 
 
14 ж., 9 сынып
 
 
Атырау қаласы,
 
 
Алмагүл мөлтек ауданы,   
 
 
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы
 
 
 
 
 
 
 
...Зерені  қатты  жақсы  көреміз.  Тіпті,  сыныптастарымыз  оған 
қарап таң қалып, қызыға отырады. Өзі сондай көңілді қыз. Зере аты-
на сай зерек қыз, мұғалім сабақ түсіндірген кезде бірден шығарма 
жазғанда,  өлең  шығарғанда  алдына  жан  салмайды.  Өте  керемет 
өлеңдер шығарады. Өлеңдерін тамсана оқимыз. Домбыра аспабын-
да ойнағанды, ән айтқанды қатты ұнатады. Кейде сыныпта мұғалім 
болмаған  кезде,  Зеремен  бірге  ән  айтып,  ойын  ойнаймыз.  Зере 
сабаққа келген күнде әңгімелер айтып, өзінің бұл өмірге келгеніне 
қатты  риза  екенін  айта  отырады.  Анасымен,  әкесіне  осы  жарық 
дүниеге әкелгендеріне рахмет айтып, оларды қалай жақсы көретінін 
айтудан ешқашан жалыққан емес. Жазылатынына толық сенімді.

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
66
Арон  Аружан Мергенқызы  
                     
 
 
13 жаста, 7 сынып оқушысы БКО,   
 
 
Сырым ауданы, ЖББ  М.Қаналиев 
 
 
атындағы Алғабас орта мектебі                                                                                                                                 
Менің ерекше құрбым
...  айтпақ  болып  отырған  мақтан  тұтар  ерекше  досымның  бірі 
-  Нұрберген.  Нұрбергеннің  бойындағы  ерекшеліктері  өте  көп. 
Мінезі ашық, айналасындағылармен тез тіл табысқыш, үлкенге ізет 
көрсетіп, кішіге қамқор болу, оған қоса аз-мұз аңқаулығы да бар. Өзі 
мектепке тікелей барып оқымаса да өзі қатарлас дені сау балалар-
ды шаңына да ілестірмейді. Бұл менің аса мақтағаным емес, өмір 
сүрудің  қызықты  кезеңінде  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізіп  келе 
жатқан досымның игі істеріне барша балалар мен ұстаздар қауымы, 
қала берді ауыл тұрғындары куә. 
Нұрберген  бала  күнінен  өнерге,  әдебиетке  етене  жақын  болып 
өсті. Оған дәлел «Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер 
арасында  өнерлі  жастарды  анықтау,  мәдени  өмірге  кеңінен 
қатысуларына ықпал жасау, қоғамдық өмірге етене араласуларына 
қолдау көрсету»  мақсатында ұйымдастырылған ХІІІ-ші мүгедектер 
шығармашылық фестивалінде ерекше өнерімен - «Би» номинация-
сы бойынша таныла білгені үшін дипломымен марапатталды. 
Нұрберген елгезек, әрдайым ауылдық  әлеуметтік қызметкер Све-
та  Қуанышқызының  тәлім-тәрбиесінің  ықпалымен  үнемі  ауылдық  
кітапханаға қатынап, байланыс жасап отырады.
Әбдіқаппаров Айболат   
                                
 
 
12 жас, 7 сынып.
 
 
Әйтеке би ауданы, Комсомол с.
 
 
Жүргенов атындағы орта мектеп
Менің ерекше құрбым
Бірде  мен  әлеуметтік  желілердің  бірінде  отырып,  Дастан 
есімді  құрдасыммен  таныстым.  Алдымен  бір-біріміздің  атымыз-

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
67
ды,  тұратын  жерімізді,  мектебімізді  сұраудан  басталған  таныстық 
әрі  қарай  тереңірек  сырласып  әңгімелесуге  ұласты.  Дастан  ауыра-
ды  екен.Қан  тамырларының  жанына  су  жиналады  дейді.Күтініп, 
үнемі  емделіп  отыруы  керек,  емделмесе  өміріне  қауіп.  Дастанды 
мұғалімдер  үйден  оқытады  екен,соның  өзінде  ол  жақсы  оқиды, 
білімді, сауатты жазады. Көп сөйлемей, жиі үндемей қалады. Оның  
көптеген суреттерін көрдім.
Ол-сондай  жақсы  бала.  Өзі  еңбекқор.  Емханаға  көп 
жатып,емделеді екен. Бойындағы сүйкімді қасиеттерінің бірі-өзгеге 
қол ұшын беру, қашанда  көмектесіп отыру.
Әнуарбекова Гүлназ
                                   
 
 
8 сынып, БҚО  
 
 
Қаратөбе ауданы,                                        
 
            Қаратөбе мектеп-гимназиясы        
               
 
 
 
 
 
 
Адамның  ауруды  сұрап  алмасы  анық  қой.  Ол  анасының 
құрсағында  жатқан  кезде  анасы  жол  апатына  ұшырап,  бейкүнә 
сәбидің көзіне қатты зақым келеді. Қазіргі кезде көз жанары суалып, 
зағип болып қалған. Оның да табиғатқа көз жіберіп, алтын күннің 
арайланып атқаны  мен ұясына батқанын қызықтағысы келеді. Ата 
– анасының мейірім төге қараған қуанышты жүздерін көргісі келеді. 
Басқалармен  тең  дәрежеде  өмір  сүріп,  алға  қойған  мақсаттарын 
жүзеге асырғысы келеді.  Ол әсіресе кішкене кезінде көп қиындық 
көрген екен. Өзімен қатарлас құрбылары оны кемсітіп, бала жүрегін 
қатты  жаралапты.  Өмірден  түңілген  кездері  көп  болса  да,  анасы 
оның  жігерін  жасытпай,  үнемі  өмірге  деген  құлшынысын  артты-
рып отырған. Анасы өмірдің ащы-тұщысын татып көрмеген қызын 
ешкім  мүгедек  деп  кемсітпесін,  басқалармен  бірдей  болсын  деп 
жазықсыз перзенті үшін басын тауға да, тасқа да ұрып, қызым жа-
зылса екен деп талай аурухананың табалдырығын тоздырған екен. 
Ол айналасындағы жәйттерге құлағын түріп отырады. Көзі көрмесе 
де  ойша  елестетіп,  қиялы  осынау  шексіз  ғаламның  түкпір-түкпірін 
шарлап, шығады. Өзін бір биік таудың шыңынан көргісі келіп, соған 
қарай  талпына  түседі.  Анасы  мен  ет  жақындарының  қолпаштауы 
оның қиялына қанат бітірді. 
Бақытжанова Гүлбаянсұлу  
 
 
 
14  жаста,  8ә сынып оқушысы     
 
 
       
БҚО. Зеленов ауданы   
 
 
                       

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
68
Қ.Аманжолов  атындағы ЖОББМ                                        
 
 
 
   
Менің ерекше құрбым...
Дос дегенің жанға серік, сөзге берік, сенім артқан адамына адал 
жан ғой. Қазақта «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген киелі сөз бар. 
Ойланып  қарасам,  бұл  сөздердің  астында  қаншама  үлкен  мағына 
жатыр.  Аққуды  атсаң  бақытсыздыққа  ұшырайсың,  ал  досыңды 
сатсаң жалғыз қаласың деп жатады. Менің де ерекше  құрбым ба-
рына қуанамын. «Ерекше»деген сөзді кез-келген ұғыммен біріктіріп 
айта  алмаймыз-ау,  сірә!  Менің  жанымды  жадыратып  жүретін, 
көңіліме  сая  болып  табылатын  құрбымның  есімі  өз  атына  сай–
Жансая.  Ол–мейірімді,  инабатты    қыз.  Сабағын  да  жақсы  оқиды. 
Сабырлылығында  шек  жоқ  әрі  сұлу,  нәзік  жан.  Тек    сөйлегенде 
тілінің күрмелетіні болмаса... Біз құрбым екеуміз бұрыннан жақсы 
араласамыз.  Мен  оны  үш  жасынан  бастап  білемін.  Оның  тағы  бір 
қыры - мінезінің кішіпейілділігі.
Байжанова Альбина
                                  
 
 
14 жас, 8 сынып,
  
 
Ембі қаласы, Мұғалжар ауд., №7 мектеп                                                                         
Егер менің мүгедек құрбым болса, үмітін үзбей, әрқашанда жа-
нынан табылар едім. Өмір оған қаталдықпен қараса да, алға қарай 
ұмтылдырып,үлкен бір жетістікке жеткізер едім. «Әкел бері қайғыны 
тең көреміз»-деп жанын жұбатар едім.Өмірдің ащысын да, тұщысын 
да бірге көреміз. Ол небір нәрсені армандап, қиялдайды. Мен оның 
ең болмағанда біреуін орындап қуанышқа бөлендірер едім. Жүрегі 
қанжылап,  үмітін  үзіп,  кіммен  мұңдасып,  кіммен  сырласатынын 
білмей жатқанда,қасынан табылып, тірек, демеу боламын.
Барасова Альфинур 
                                                 
 
 
8 – сынып оқушысы.
 
 
БКО, Теректі ауданы
 
 
Новая жизнь    
 
 
 
 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
69
...Мен Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауы-
лында тұрамын, Шағын жалпы білім беретін мектебінің 8 – сынып 
оқушысымен. Ауылымызда мүмкіндігі шектеулі, денсаулығы нашар 
балалардың өмір үшін күресіп жатқандығын барлығымыз білеміз. 
Олар мектепке келіп – кетулері қиын болғандықтан, денсаулығына 
әсер ететіндіктен мектеп бағдарламасы бойынша үйден оқытылады.
Сондай  жандардың  бірі,  өмірге  деген  құлшынысы  аса  жоғары 
замандасымның  бірі  –  Ғалымжанова  Замира.  Ол  10  –  сыныптың 
бағдарламасы  бойынша  үйден  оқытылады.  Бірақ  өзге  құрбылары 
секілді мектепке барып, олармен тең дәрежеде жүруді әркез арман-
дайды. Оның бір қол, бір аяғы қатты ауыратын болғандықтан жүріп 
– тұруы айтарлықтай қиындық келтіреді. Дегенмен үйден оқытылып 
жүргенімен барлық мектеп бағдарламасын өзге құрбылары секілді 
толық меңгерген.
Батырғалиева Нұргүл                                  
 
 
12 ж.,  7 сынып оқушысы.
 
 
БҚО, Сырым ауданы,  
 
 
ЖББ Абай орта мектеп -балабақша кешені
...Бүгінгі  жазғалы  отырған    кейіпкеріміздің  жан  дүниесіне  көз 
жүгіртсек,  жан  дүниесін  ұққандаймыз.  Менің  шығармамның 
кейіпкері Төлегенов Арман- тағдырдың тәлкегін жастайынан көрген 
бала.  Айтуға  оңай.  Амал  нешік,  «Қорқамын  деп  қозғалмай  өмір 
өтсе, Иттей болып қаласың үресің де»,- деп өз намысын қамшылап 
та алады. Басына қандай күн туса да, күпірліктен гөрі, шүкірлігі ба-
сым. Ол атына сай жігерлі екендігін бүгінде айналасына таныта білді. 
Өңіріне спортқа, өнерге үлгілі өрен. «Әл-дәрменім жоқ» деп, үйінде  
бүктүсіп жатқан жан емес. Мүсіркеуді қажет етпейді. Жә, әңгімемізді 
Арманның өмірге деген құштарлығын, ержүректілігін, қайсарлығын 
айтып өтейін. Бірақ ол мүгедек болса да, спортқа деген құлшынысы 
жоғары. Ол басқа балалар сияқты футбол ойнай алмасада, қазақтың 
ұлттық  ойыны  тоғызқұмалаққа  деген  жігері  мол.  Біз  бір  жолы 
тоғызқұмалақ жарысына барған болатынбыз. Ол баланы көргендер 
оған  күле  қарағандай  болды,  мен  сол  кезде  оның  жанына  қатты 
батқанын  түсіндім.  Бірақ  ол  айналасындағы  жандарға  білдіргісі 
келмейді. Ол өзін жарыста шыдамды, сыпайы екенін көрсете білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет