Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ІІІ орын

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
21
Бір  күні  теледидар  қарап  отырып,  кемтар  балаларға  қолдау 
көрсету,  дарындылығын  ұштау,  денсаулықтарына  мемлекет  тара-
пынан көмек ету мақсатында «Біз - бәріміз біргеміз!» тақырыбында 
әр түрлі аталым бойынша байқау өткізілетінін  естіп, жүгіріп Айнаға 
осы хабарды жеткізіп, екеуміз Жұлдыздың үйіне бардық. Ол да ата 
– әжесімен осы хабарды естіп, не істесем екен деп, ойланып отыр 
екен...
Ертеңгі  күні  «Мектепке  жол»  акциясы  барысында  ауылдағы 
балалардың  келіп  –  кеткендерін  тіркеу,  мектепке  даярлықтарын 
бақылау үшін біздің сынып жетекшіміз Жанар апай мен мектептің 
әлеуметтік педагогі Мержан ағай келді. Біз Жанар апай мен Мержан 
ағайға  Жұлдыздың  қабілетін  айтып  тауыса  алмадық.  Кешегі  теле-
дидардан  естігенімізді  айта  бергенде,  олар  да  сол  туралы  кейбір 
мәселені шешуге, ақылдасуға келгендерін қуанышпен білдірді. Ағай 
мен апай Жұлдыздардың үйінде екі сағаттай отырды. Біздер олар 
кеткесін барлық мән – жайды Жұлдыздан естідік. Ата – анасыз жетім 
қалған Жұлдызға қолдау көрсету мақсатында мектеп ұстаздары мен 
ауыл әкімшілігі және демеуші бола алатын кәсіпкерлер Жұлдыздың 
басындағы ісігіне ота жасауына  қаражат жинап жатқан көрінеді. 
Күн  артынан  күндер  өтіп  жатты.  Барлығымыз  Жұлдызды  күтіп 
жүрдік.  «Оған ота жасалыпты. Аяғының ақсауына да жақсы ем алған 
көрінеді. Сабақ басталғанша, денсаулығын жақсартуға жәрдем ет-
кен барша адамдарға мың ризамын»- деп атасы мен әжесі қуанып 
отырды.
Бүгін  Жұлдыздардың  үйінде  қуаныш.  Барлығы  Жұлдыздың 
жағдайын сұрасып кіріп – шығып жатыр. Біз барлығымыз жиналып, 
аз ғана сыйлық алып Жұлдызға келдік. Оның қуанышында шек жоқ. 
Бұрынғыдай  көп  ақсамайды.  Көңіл  –  күйі  ширақ.  Ауылымыздың 
мектебіне  баруға  асық.    Жаңа  оқу  жылын  құлшыныспен,  тың 
жігермен бастауға асығып жүр. Барлығымызға шексіз алғыс білдіре 
отырып,    енді  қыркүйек  айында  болатын  байқауға  қуана  –  қуана 
қатысатынын айтты.
Бәрі үйлеріне тараған сәтте Жұлдыз бізге болған оқиғалары ту-
ралы бәрін айтып берді. Оның қуанышы ұзақ болса екен, келесі сай-
ыстан да жүлделі орын алсын деген игі тілекпен біз үйге тарастық.

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
22
Есболғанова Қарлығаш   
                                                         
 
 
7сынып,Тараз қаласы                                                                                                              
 
 
№38 орта мектеп 
                                                                  
  
                                                                                                                             
Менің ерекше құрбым
 
 
Менің құрбым Әдемі                                                                                       
 
 
Тербетеді әлемді.                                             
 
 
Қандай жерде жүрсе де
 
 
Әрқашан да әдепті.
            
 
 
Жоқ анасы, әкесі
           
 
 
Еркелетіп сүйетін.
          
 
 
Жоқ ағасы, әпкесі
          
 
 
«Сіңілім» деп жүретін.
 
 
Бір күні болды оқиға 
 
 
Жүректі ауырта  беретін.
 
 
Сол күні менің құрбымның
 
 
Аяғы кем болып қалатын. 
              
 
 
Уақыт өтіп ес жиды
              
 
 
Ақылы да кеңейді. 
               
 
 
Енді ондай болмаймын деп
               
 
 
Бізге сөзін жеткізді.
 
 
 
 
Ұмыттырдық деп жүрсек 
 
 
Ол ішінен қиналды,
 
 
Түсінбей біз қарасақ
 
 
«Бәрі жақсы» деп қайтарды.
             
 
 
Бір күні келді кісілер
           
 
 
Жасанды мүше жасайтын. 
            
 
 
Шетелден келіп өздері
            
 
 
Орындады мүгедек арманын. 
 
            Алып бердік керегін
 
 
Көзі оның жайнады.
 
 
Қол-аяғы сап-сау боп,
 
 
Шыр айналды ауланы.
                
 
 
Сол жерде табылып анасы
                 
 
 
Құшақтады баласын.
                
 
 
Жаным, күнім, айым деп
                
 
 
Еркелетті баласын.
 
 
Аз уақытқа келіпті

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
23
 
 
Кетерін білмей жүріпті.
 
 
Екеуімізге де жақсы деп
 
 
Шетелге билет алыпты.
                     
 
Әдеміні алғанда
                     
 
Мен анама жүгірдім.
                     
 
Жете салып мен оған
                      
Жіберме деп өтіндім.
 
 
Ол кісі бізге көнбеді
 
 
Сонда да бізге кел деді.
 
 
Қарсы аламыз шаттана
                   Келген кезде сіздерді.
 
 
 
 
Әдемі екеуміз қосылып
 
 
 
 
Өлең айттық жайқала.
 
 
 
 
Гүл таратып бәріне
 
 
 
 
Рахмет дедік шаттана.
Мінеки,  біздің  әңгімеміз  былай  басталады.  Біз  Әдемі  екеуміз 
кішкентай  кезімізден  доспыз.  Мен  сіздерге  онымен  қалай 
танысқанымды  айтайын.  Біз  бір-бірімізбен  алғашында  бала-
лар  үйінде  таныстық.  Сіздер  мені:    «Балалар  үйінде  не  үшін  жүр» 
–  деп  ойлайтын  боларсыздар,  мен  ол  жаққа  анаммен  бірге  еріп 
барғанмын.  Ал  анам  болса    балалар  үйінде  тәрбиеші  қызметін 
атқарады.  Мені  анам  кішкентай  кезімде  кімге  тастарын  білмей, 
амалсыз  өзімен  бірге  жұмысына  алып  кететін.  Оның  тобындағы 
балалар  өте  ұйымшыл  екен.  Біреуі  үйдің  суретін  салса,  екіншісі 
сол  үйді  құрастырмақшы,  ал  қасындағы  бала  болса  оған  керек 
құрастырғышты тауып, беріп тұрады. Бәрінен де оларға сурет салып 
отырған қыз ерекше көрінетін. Оның бір қолы, екі аяғы бүтін емес 
екен. Бірақ  соған қарамастан көңілденіп сурет салып отырған бо-
латын. Мен қасына барып бірден қарындаштарын ұштап, өшіргішін 
дайындап    бердім.  Ол  маған  ұзақ  қарап  тұрды  да:«Сәлем»  деп 
күлімдеді. Біз өзіміз туралы  қызық әңгімелер айтып,жақсы арала-
сып кеттік. Біздің достығымыз міне осы күндерден басталды. Одан 
кейін анам мені жиі апаратын болды. Ал мен онда бармай қалған 
кезімде әр түрлі қызықты ойындарды іздеп, келесі күні сол ойын-
дарды барлық балалармен ойнап жүрдік.
Әдемі  үшін  анам  екеуміз  ақша  жинайтын  құты  арнадық,  соған 
теңге  салып  жүрдік.  Оған  анамның  қызметтес  басқа  тәрбиешілері 
де, сол жақтың басқа жанашыр  жұмысшылары да келіп салып кетіп 
жүрді. 
Әдемі  өзін  ешқашан  жалғызбын  деп  ойламады.  Біз  де  оны 
ренжітпеуге,  көңіліне  дақ  түсірмеуге  тырыстық.  Бірақ  та  оған 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
24
мейрімсіз, жаман балалар мазақтап, көңіліне тиетін сөздер айтқанда 
бізге көрсетпей түнде жылап алатын. Одан кейін бір-екі жыл да зу 
етіп өте шықты. Әдемі екеуміз тіпті апалы-сіңілідей болып кеттік. Біз 
кейде сабақтарымызды да бір-бірімізге орындап беріп жүрдік. Кей-
де  дәптерімізді  ауыстырып  алып  бір  күндері  әпкелерімізден  ұрыс 
естіген  кездеріміз  де  болды.  Анам  сол  күндердің  бір  күні  маған 
Әдемінің аяқ-қолына не болғанын басынан аяғына дейін түсіндіріп 
берді. Мен дәл сол кезде Әдеміні аяп кеттім, жасымды да бір сығып 
алдым. Оның оқиғасы міне, оқып көріңіздер. 
Ол кішкентай кезінде яғни екі-үш жас арлығында  бір жол апаты-
на тап болады. Оның тек әжесі ғана болды, ал әке-шешесінің қайда 
екендігі белгісіз. Сөйтіп Әдемі кішкентай кезінен тек қана әжесінің 
тәрбиесін көрген. Бір күні олар қыдырып орталық паркіне барады. 
Әбден көңілденіп үйлеріне қайтып бара жатады, бірақ олардың  ауы-
лына баратын автобустар басқа аялдамадан жүреді екен. Сондықтан 
олар үлкен жолдан өтуге тиісті болды. Жолдан өтіп бара жатқанда 
қатты жүріп келе жатқан көлік зу етіп бір сәтте қағып кетеді. Олар 
Әдемінің екі аяғын басып кетіпті. Әжесі қасына жақындап Әдеміні 
құшақтап жылап «көмектесіңдерші» - деп айналадағы адамдардан 
өтінеді. Дәл сол кезде жедел жәрдем көлігі де келіп жетеді. Ауру-
ханада дәрігерлер Әдемінің аяқтарын сақтай алмайтынын айтады, 
оған  әжесінің  жүрегі  шыдамай  дүние  салады.  Бұл  жақта  олардың 
көршілері болған бір кісі бар екен, ол жаңағы әжейді танып қатты 
күрсініп  қоя  береді.  Оның  аты  -  Раушан  екен.  Әдемінің  сырты-
нан қарап тұрып аяп кетеді. Бір-екі күн ойланып жүріп, бір шешім 
қабылдайды. Ол қолына телефонын ала салып қызымен хабарласты, 
себебі оның қызы Әдемінің анасымен жақсы араласады екен. Оның 
анасы сол кезде шетелде жұмыс істеп жүріпті. Сол хабарды жеткізу 
үшін ол кісі қызынан Әдемінің анасының нөмірін сұрап алады. Оның 
анасы болса ол нөмірін басқа нөмірмен ауыстырып алыпты. Жаңағы 
кісі төрт-бес жыл бойы мекен-жайын да, қол телефонын да таппай 
іздеп жүреді.  Жаңағы кісі оның электронды поштасын тауып, мән-
жайды жазып жібереді. Анасы келем дегенше аурухана басшылығы 
Әдеміні  балалар  үйіне  жібереді.  Міне,  сол  кезде  біз  де  танысып 
алдық. Біз барлығымыз жинап біткен ақшаны алып шетелдегі жасан-
ды мүшелерді жасайтындарға тапсырыс бердік. Олар бізге Әдемінің 
қол-аяғының  өлшемдерін  алуға  бір-екі  адам  жібереді.  Олардың 
біреуі Әдеміні көргенде сәл кідіріп қарап қалады. Ал Әдемі болса: 
«маған бұл кісі менің анашыма қатты ұқсап кетті» деп сыбырлады. 
Дәл сол кезде әлгі Раушан әпке Әдемінің денсаулығын білмекші бо-
лып келіп қалады. Есік алдында тұрған кісіні Раушан әпке алыстан 
көріп, өз көзіне өзі сенбей таң қалып қалады. Жете сала аты-жөнін 
сұрап, оның отбасы жайлы мәлімет алады. Сонан кейін Әдеміге ертіп 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
25
барып екеуінің қолдарын ұстаттырып «Бұл кісі- сенің анаң, ал мына 
қыз -сіздің туған қызыңыз! » деп екі езуі екі құлағына жетеді. Әдемі 
жүрегі  тартты  ма  білмеймін,  бірақ  жақсы  танымаса  да  құшақтай 
қалады. Сонымен, оның шетелдегі анасы осылайша қызының қайда 
екенін, оларға не болғанын біледі. Ол кісі қазақша шала, ал шетел-
ше таза сөйлейді екен. Оның жұмысы шетелде болғандықтан, бұл 
жақта ұзақ қала алмады. Ол осы жағдайдан кейін не істерін білмей, 
басы қатып жүрді. Сонымен ол кісі Әдеміге де, өзіне де дұрыс бола-
ды деп шешіп, оны өзімен бірге сонда алып кетпекші болады. Маған 
ол шешім ұнамады. Бірақ Әдемінің анасы бізге:
- Мен қызымды енді ғана тауып тұрмын, енді оны тастап ешқайда 
бара  алмаймын.  Одан  да  сіздер  біз  жаққа  келіп  кетсеңіздерші. 
Демалысқа шыққанда біз де келіп қалармыз. –деп  бізді көндірді. 
Мен    оны  қатты  сағындым,  Әдеміге  суреттерді  де,  хаттарды    да, 
естелік  сыйлықтарын  да  жіберіп  тұрдық,сонда  да  мен  онсыз 
жалғызсырап  жүрдім,  оның  орны  ерекше  болды.  Бірақ  уақыт  өте 
келе барлығы жақсы болып кетті.
Осындай  мүгедек  балалар  біздің  елде  көп.  Бірақ  олардың  бірі 
арманына қол жеткізіп жатса, ал басқалары қиналып жүр. Мүгедек 
адамдардың  ең  бақыттысы-  Әдемі  деп  ойлаймын.  Себебі  оның 
көптеген  жанашыр  достары,  анасы  бар  және  де  еркін  жүруге 
мүмкіндігі  бар.  Ал  сонда  жағдайы  жоқ  мүгедектердің  жайы  не 
болмақ? Бұл сұраққа теледидардан көрсетіліп жүрген «Жан жылуы» 
бағдарламасының жауаптары өте-өте көп. Біздің ел ұйымшыл, жа-
нашыр, ақ көңілміз десе де оны іспен көрсете алмай жүр. Сондықтан 
мүгедектер  үйіне  біздің  елдің  жанашыр  халқы  көмектерін  беріп, 
балалардың көңілдерін көтеріп тұрса деймін. 
ЫНТАЛАНДЫРУ - 5-8 СЫНЫПТАР
(Шығармалардан үзінді)
Аймұратова Мадина
 
 
12 жас,  6б сынып,
 
 
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы,
 
 
ЖББ  Қ.Мырзалиев атындағы мектеп   
 
 
                                     
        
Менің ерекше құрбым
Достық  -  өмір  үшін  ең  қажетті  нәрсе,  доссыз  өмірдің    мәні 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
26
болмайды.    «Досы  жоқ  адам-тұзы  жоқ  тағам»  деген  мақал  бе-
кер  айтылмаған.  Достық  екі  адамның  бір-біріне  деген  адалдығы, 
жанашырлығы,  татулығы.  Достар  бір-біріне  қамқор  болып,  тек 
қана  жақсылық  жасауға  тырысады.  Кейде  болмашы  нәрсеге  бола 
ұнжырғамыз  түсіп,  өмірге  ренжіп  жатамыз.  Алайда  осы  өмірге  он 
екі мүшең түгел болып келудің өзі бақыт екенін мүмкіндігі шектеулі 
жандарды көргенде барып түсінеміз. Мейірімділік өзгелерге қамқор 
болу дегенді білдіреді. 
Менің ерекше досымның бірі ол Арман. Досым  ақкөңіл, қашанда 
ақжарқын,  өмірге  өте  құштар  жақсы  бала.  Тек  әттеген-ай,  дене 
бітімінің  аздаған кемістігі болмаса, бәріде керемет. Мүмкіндігінің 
шектеулігіне  қарамастан,  бізбен  бірдей  жүріп,  түрлі  қоғамдық 
шараларға, спорттық жарыстарға белсене атсалысып, ата-анасының 
еңбегін  ақтауға  тырысып  жүр.  Сабақ  үлгерімі  де  өте  жақсы,  әзілді 
де жақсы көреді. Сол әзілқойлығымен бізді үнемі күлдіріп жүреді. 
Досым  әзіл  жағынан    мектеп  аралық  КВН-ға  қатысып  бас  жүлдені 
иеленді,  ол  аз  десеңіз  дойбы,  шахмат  үйірмелеріне  қатысып 
облыстық,  аудан  аралық  жүлделерге  ие  болып,  сыныбымыздың 
мақтанышына  айналды.  Республикалық  «Жұлдыз-ай»    бала-
лар  шығармашылық  тапқырлығымен,  шешендігімен  танылып 
«Шешен  жігіт»  номинациясы  бойынша  марапатталды.  Алғашқы 
республикалық «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» жобасына 
қатынасып жеңіске деген жігер танытты.
Анатолий Райымбек Қайратұлы
 
 
14 жас, 8 сынып,
 
 
БКО, Сырым ауданы,  
 
 
Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі
Менің  ерекше кұрбым
 
 
Сатыбалды  екеуіміздің  таныстығымыз  мектеп  табалдырығын 
аттамай  тұрып  басталды.  Әр  жұманың  бір  күндері  әлеуметтік 
қызметкерлер  мүмкіндігі  шектеулі    балаларды  жинағанда,  мен-
де  бірге  барып  ойнап  жүретінмін.  Содан  бір  күні  апай  Бұлдырты 
ауылдық кітапханасына бізді апарып, кітаптармен таныстырып, со-
дан  кейін  «Балалар  шаһарына»  алып  кіргізді,  сонда  үстел  үстінде 
құрулы  тұрған    шахмат  тұр  екен.  Негізінен  Сатыбалды  шахмат  ой-
науды жақсы көретін, сол кезде менде шахмат ойнауды білетінмін. 
Содан  кейін  екеуміз      шахмат  ойнап,  бір-бірімзді  танып,  әлі  күнге 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
27
дейін араласып келеміз. Сатыбалды біздің мектептен кеткенге дейін 
кітапханаға барып шахмат ойнайық деп әзілдеп айтатын. Өзім ой-
лаймын, Сатыбалды екеуімізді достастырған - шахмат.      
2005  жылы  мектеп  табалдырығын  аттап  даярлық  топқа  бар-
дым, одан  1-ші сыныпты, 2-ші сыныпты  бітіріп, 3-ші сыныпқа аяқ 
басқанда Сатыбалды біздің сыныпқа келді. Сатыбалды ең алғаш кел-
генде көп ешкіммен араласпайтын, тұйық көп сөйлемейтін болды. 
Бұрыннан  мені танитын, менімен көбіне ішіндегісін  маған ақтарып, 
сұрақтарын қарша борататын. Соңынан бір-екі жыл өткеннен кейін 
ашылып, «жуастан жуан шығады» демекші, сыныптағы балалармен 
ойнап әңгімелесетін болды. Мен, сонда сыныптағы  балалар  Саты-
балдыны мүгедек деп бөлмей, бірге араласқанға өте қуандым. 
Қазекенова Жансая 
 
 
12 жаста,  7 сынып                                     
 
 
БҚО  Бөрлі ауданы,   Аралтал ауылы
 
 
Жалпы білім беретін мектеп
                          
 
                                   
Менің ерекше құрбым
 
Менің  Аружан есімді  құрбым  бар. Өзі бауырмал, қос бұрымды, 
сондай  сүйкімді  –ақ  қыз.  Бірақ,  тағдыр  құрбыма  мынау  жарық 
дүниені көруді жазбай қойған. Ол  үш жасынан бастап  көзі көрмейтін  
болып қалған.
Онымен  ең  алғаш  танысқаным  әлі  көз  алдымда.  «Сәлем, 
мен  Жансаямын»  дегенде    дауысы  дірілдеп    «Аружан»  деген  үні  
құлағымнан кетпейді.
Аружан екеуміз сол күннен бастап жақын достар болып кеттік. Оны 
ата-анасы  емдетуге  бар  мүмкіндіктерін  салуда.  Ол    мектепке  бара 
алмайды. Үйінде арнайы құрал-жабдықтармен оқып үйренеді. Мен 
Аружанға қолым қалт етсе барып тұруға уәде еткенмін. Сол уәдемді 
орындауға тырысып бағамын. Ол көп нәрсені керек етеді. Мысалы, 
біріншіден  адал  достықты,  өзіне  көп  көңіл  бөліп,  әңгімелескенді, 
бірге  таза  ауада  жүргенді    жақсы  көреді.  Мен  Аружанға    барған 
сайын, оның жанын түсінгендей болам. Оған құрбыларым туралы, 
мектептегі қызықты жайлар туралы  әңгімелеп айтып отырам. 
Аружан    менің    келген  дауысымды  естісе  жылап  жіберетін. 
Әрине,  қуанғаннан  шығар  деп  ойлаймын.  Мен  оған  қалай  қиын 
екенін түсінемін. Оған көмектескім келіп тұрады. Арамызда нағыз 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
28
шынайы  достық  бар.  Өз  сіңлімдей  көріп  шашын  тарап,  киімдерін 
киіндіріп, көмектесіп отырамын. Бұның әрине, еш қиындығы жоқ, 
керісінше  достық  парыз  деп  түсінемін.  Арамыздағы  кейбір  құрбы 
қыздардың  оның  сыртынан  түрлі  сөздер  айтып  жүретінін  естимін. 
Оларға Аружанның жан дүниесін түсініңдер, кемсітпей, қайта оны 
түсініңдер  деп  айтқым  келеді.  Мәдениет  үйіндегі  болып  жататын 
түрлі шараларға, концерттерге апарып, оның көңілін көтеруге тыры-
самын. Аружан мені басынан «апатай» деп атап кетті.  Аружанның 
өмірге  деген  құштарлығы,  жарықты  көрсем,  түстерді  ажырат-
сам  деген    сезімі  өте  керемет.  Ол  қолымен  сипап,  ермексаздан 
әртүрлі  ойыншықтар,  гүлдер  жасайды.  Өлеңдер,  өтірік  өлеңдер 
құрастырғанды ұнатады. Ол көптеген қиындықтарды көріп келеді, 
ендігі  жерде  оларды  жеңгісі  келеді.  Қайсар  мінезімен  алдына 
мақсат  қойып:  «Мен  қалай  да  көрем!  Бәрі  керемет  болады,  мек-
тепке  барам,  арнайы  білім  алам»  деп  армандайды.  Мен  де  оған: 
«Ешқашанда  мойыма,  басыңды  тік  ұста»  деп  қанаттандырып  оты-
рамын.
Қадырбеков Нұрбек 
 
 
12 жас, 7 сынып,
 
 
БҚО Теректі ауданы, 
 
 
Алтынсарин атындағы ЖОББМ 
Өмір-күрес.  Өмірдің  ағымына  ілесіп,  асау  толқындарына  бой 
бермей,  өмірге  деген  құштарлықпен  күн  кешіп  жүрген  құрбы-
құрдастарымды  көргенде  ерекше    күй  кешемін.  Сондай  қайсар 
,шыдамды,  қиындыққа  мойымайтын  ерекше  құрбыларымның 
бірі-  Бақытжанова  Аяжан.  Жастайынан  қабілеті  шектеулі  болса  да 
мен оның бір сәт болса да мұңайып жүргенін көрген емеспін. Иә,ол 
мектеп  партасында  отырып  өзінің  тең  құрбыларымен  білім  алған 
жоқ, өз қатарластарымен сыр шертісіп, көңіл сырын да ақтара алған 
жоқ. Бойы да,ойы да бес жасар сәбидей көрінетін Аяжанның өмірге 
деген көзқарасы әлдеқайда биік. Сонымен қатар оның жүрегі кең, 
пейлі таза.
Магилан Наргиза
 
 
6 сынып,11жас, 
                   Алматы обл.,Қарасай ауд., Абай ауылы                                                                                

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
29
      
 
М. Ғабдуллин атындағы орта  мектеп
Менің ерекше құрбым
Қожалы менің ерекше досым. Әңгіменің қалай болғанын басы-
нан аяғына дейін айтып берейін.
Қожалы  осы  ауылда  тұрмысы  нашар  отбасында  дүниеге  келді. 
Әкесі  мен  шешесі  І  -  топтағы  мүгедектер  еді.  Екеуінің  де  ақыл-есі 
сәл  кемістеу  болатын.  Әкесі  ай  сайын  зейнетақысын  алған  күні 
ішімдікпен  дос  болып  қалатын.  Бір–екі  күн  үйге  келмей  қалатын 
уақыттары  да  болатын.  Қожалы    басқа  балалар  секілді  мектептің 
бірінші  сыныбына  қабылданып  әріп  жазып,  оқу  оқып  жүрген  кезі 
еді.  Кенет  әкесінің  қайтыс  болғанын  естиді.  Балалық  қой,  жылап 
еңіреген жоқ. Ойын баласы көшеде достарымен ойнады. Үлкендер 
оны ертіп бейіт басына әкесін жерлеуге апарады. Ел қатарлы барып 
қайтып келеді. Әкесінің жетісін берген күні туыстарының бәрі кетіп, 
анасы екеуі қалады.
Уақыт  зымырап  өтті.  Жыл  артынан  жыл  қуалап  Қожалы  есейіп, 
бесінші сыныпты бітірген жазда болмайтын бір нәрсе үшін, көшедегі 
балалармен  төбелесіп  қалады.  Сол  бір  топ  баланың  ішінен  ең 
бұзығы Арман оның әкесінің жоқтығын айтып, ең жаманы баланың 
кемістігін  айтады.  Қожалы  туылғаннан  кемтар  болып,  жүргенде 
сол аяғын сүйреп басатын. Өзі осы жүрісін есі кіргелі бері ұят көріп, 
көшеге де көп шықпайтын. Ал, енді міне бұзықтар ашылмай тұрған 
жараның  ауызын  ашты.  Біз  қыздар  алысырақ  ойнап  жатқан  едік. 
Қатты  төбелесті  көріп,  біз  де  жүгіріп  жетіп  келдік.  Араға  қыздар, 
ұлдар түсіп әйтеуір екеуін тоқтаттық. Мән жайдың ақ-қарасын білу 
үшін  Қожалыдан  сұрастырдық.  Ол  қырсығып,  айтпай  көзіне  жас 
алып, үйіне жүгіріп кетті. Басқа балалардан мән-жайды біліп, ашуы-
ма ерік бере алмай, Арманға ұрсып жібердім:
-  Сен  әке-шешеңнің  қасында,  еш  қиындық  көрмей  өмір  сүріп 
жүрсің. Неге Қожалыға әкесінің жоқтығын айтасың? Сен айтпасаңда 
ол білмейді деп пе едің? Кемтар болса ол алланың салғаны ғой. Ол 
әдейі мүгедек болайын деп болған жоқ. Айналадағы адамдар осын-
шама  қатыгез  болып  кеткен  бе?  Неге  өзіміздің  қара  басымыздан 
басқа  еш  нәрсе  ойламаймыз?  Ол  да  біз  сияқты  бала.  Оның  да  ел 
қатарлы өмір сүргісі келеді. Бізбен оның құқығы бірдей. Ондай бол-
майды достар! Біз бір-бірімізге демеу болып дос болып мына бес 
күндік дүниеде сыйласып жүрмейміз бе? – деп ренжідім.

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
30
Мошанова Әсем 
                   
 
 
8-сынып оқушысы,
 
 
Өскемен қаласындағы
 
 
№16 орта мектеп
 
 
 
 
 
 
 
 
Менің ерекше құрбым
Айналамызға  зер  салсақ  бізді  қоршаған  ортада    апат  салдары-
нан, оқыс оқиғалар мен туа біткен аурулардан зардап шеккен жан-
дар  қаншама.  Жас  болсын,  кәрі  болсын  осы  ауруларды  бойына 
қондырып алған пенделер біздің қоғамымызда бар.Солардың бірі 
менің құрбым - Камила. Біз екеуміз тоғыз жасымыздан бастап до-
спыз.  Камила  он  екі  жасында  жол  апатына  түсті.  Содан  бері  оның  
аяғы  жүруін  тоқтатып,  көк  арбаға  таңылып  қалды.    Ол  ақкөңіл, 
адал,  ақылды,  адамгершілігі  мол  болғанына  қарамастан,  кейде 
оңаша әңгімелесіп отырғанда дәрі - дәрмектерден шаршап, қажып 
кеткенін айтып, алдына ыстық көз жасын тамызып та алады. Міне, 
содан бері қанша жылдар өтсе де оның ауруына ем табылмай келеді. 
Баласының  жазылуы  үшін  барлық  емханалардың  табалдырығын 
тоздырып, сенімін ақтай алмағанына күйінеді. Бірақ мен оның бұл 
кемшілігін өзіне көп сездірткім келмейді. Оған жұбату сөздер айтып 
оның көңілін бір көтеремін деп жүрген Дариға шешейге тіпті жаны-
мыз ашиды. Екі жыл бойы жалғыз қарлығашының дертімен арпа-
лысып келе жатқан ата – анасының қайсарлығына да таң қаламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет