Джумагалиева Алмагүл
13 жас, 7сынып,
БҚО, Тасқала ауданы
ЖББ Шежін орта мектеп-балабақша
Менің ерекше құрбым
Менің ерекше құрбым - Айзада. Тағдырдан текеш алса да ол
мойымай сабағын жақсы оқып, үлгілі оқушылар қатарында жүр.
Біз екеуміз 7-ші сыныпта оқимыз. Ол екеуміз жандай құрдаспыз.
Әжесінің қолында тұрғанда біз екеуміз көрші болдық. Екеуміз
ылғи мектепке бірге барып Айзада жазғы демалыста қалаға барып
қыдырғанды ұнатады. Ауылда болғанда өзенге түсіп, достарымен
ойнап-күліп, жазғы демалысын ойдағыдай өткізеді. Оған күз мезгілі
өте қатты ұнайды. Себебі күз мезгілінде оқу жылы басталады. Ай-
нала сап-сары, жапырақ жерге алтындай түседі. Жазда еккендерін
жинайды. Айзада нағыз досты іздесең, өмірге деген көз қарасыңды
өзгертіп, ашық-жарқын, шынайы қалыпта болғаның ең бастысы осы
ұстанымдарын ұстанады.
Жумашева Әсемгүл
11 жас, 6 сынып.
БКО, Сырым ауданы,
ЖББ М.Қаналиев атындағы
Алғабас орта мектеп
Менің ерекше құрбым
Менің сыйлап, құрметтейтін досым Мауешов Мұстафа. Мұстафа-
ақылды бала. Әрқашан кеудесі көтеріңкі болып жүреді. Мінезі
бұйығылау болғанымен, қабағы ашыңқы, қайырымды дос. Мұстафа
бармағынан бал тамған шебер. Ағаштан ойып жасаған бейнелері
көздің жауын алады. «Біреудің ала жібін аттама» деп дана халқымыз
айтқандай сыныптас досым Мұстафа ешкімнің ала жібін аттаған
емес, тек әділеттікті қалайды. Біз сабақтарда есептерді шығара ал-
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
82
май қиналып отырғанда, әрқашан көмек қолын созады. Мұстафа
үлкендердің жолын ешқашан кескен емес. «Үлкенге құрмет, кішіге
ізет» дегендей ол кішілерге қамқор болып жүретін ақкөңіл жан.
Кутумбаева Альмира
5-сынып оқушысы. БҚО
Теректі ауд. Ақсуат ауылы
...Ортамызда Света сияқты мүмкіндігі шектеулі балаларға аяныш-
пен қарап, оларды келемеж қылатын балалар да табылып жатады.
Ондай балаларға айтарым олардың да өзіміз сияқты толыққанды
өмір сүргілері келеді. Олай мазақ еткенше, керісінше осындай
балаларға демеу болып, қиын кездерде жандарынан табылып көмек
көрсетуіміз қажет. Олар жазылып кетпегенімен, бір сәт өздерінің
мүмкіндігінің шектеулі екендігін сезінбесе екен деймін. Светлана
мен үшін мінсіз, адал дос. Мен оны жақсы көремін. Достығымыз
үзілмесе екен деймін.
Қарасаев Ғасырбек
8 «а» сынып.
Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы,
Т.Жароков атындағы ЖББО мектеп
Менің ерекше құрбым
...Адам пенде болған соң, әрбір адамның тағдыры мүлдем
бір-біріне ұқсамайды. Айналамда кездесетін мүмкіндігі шектеулі
құрбыларымның барына налимын. Мүгедек адамдар неге
жамандықты көп көреді? Соншалықты жандары неге ауырады!?
Өзіме-өзім сұрақ қойып, сан сұрақтың жауабын таба алмай әуреге
түсемін.
Жайдары күн. Ашық аспан. Қуанышты көңіл бәріде мүгедек құрбы-
замандастарымның көңіліне медеу бола алмайтын шығар?Өйткені,
олар өздерін емін–еркін ұстамай, тартыншақтап шет қала береді.
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
83
Сенімсіздіктері күшейіп, көз жанарлары мұңға толып, өмірден күдер
үзгілері келеді. Осындай сәттерде қол ұшын беріп, ақыл кеңесін
беретін тек қана «адал дос», «адал құрбы».
Қайырымды құрбылары тілдерін тапса, мұң-шерлерін риясыз
тыңдаса, олардың ішкі жан дүниесін ұқса, ақыл кеңесін айту арқылы
өмірге деген құлшынысын оятады. Сонда ғана олардың үміттері оя-
нып, армандары ұшталып, бақытты өмірдің дәмін татады. Ең басты-
сы түсіністік пен шыдамдылық қажет.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегенің аяқ астынан сорлауы-
Аңдамай басып,
Сүрініп кетсе болғаны.
Аңдамай кейде, басамыз- дағы кердеңдеп,
Құлап жатамыз,
Аяқ-қолымыз ербеңдеп.
Сүрініп алып,есіміз қайта келгенде.
Каримова Айнұр
8 сынып,
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Қаратөбе мектеп-гимназиясы
Менің ерекше құрбым
Азамат 2000 жылы дүниеге келген. Бірақ ата-анасы балаларының
жүре алмайтындығын білмеген. Азамат үш жасқа толған кезде
дәрігерлер баланың жүре алмайтындығын айтады. Ата-анасы бала-
ларын емдеудің жолын іздеп талай ауруханаға барады. Дәрігерлер
балаға қанша ота жасасада сауығып кете алмайды. Азамат бар
болғаны үш жаста-ақ. Тағдырдың талқысы дейін бе, әлде бұлда бір
Құдайдың сынағы десем бе екен? Азамат Астана қаласына ем алуға
жіберіледі. Бұл сапарда Азаматтың аяғына ауыр ота жасалды. Аяғына
сәлде болса күш біткендей болады. Бірақ аяғын дұрыс баса алмай-
ды. Қоғам атынан Азаматқа үлкен қолдаулар көрсетілді. Азаматтың
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
84
бейнесіне көз салсам оның күлкісі жан дүниемді баурап, маған бір
қуаныш сыйлайды. Ол өзі сияқты мүгедек жандарға көмектесіп,
олармен дос болғанды жаны сүйетін. Бауырмал, мейірімді, ақкөңіл
жан болатын. Досымның осындай ауыр тауқыметке тап болғанына
қиналамын. Ол бұл тағдырдың талқысы емес, Құдайдың сынағы
ғой деп алдағы күннен үміт күтетін. Әр адам өз тағдырын таңдап
емес, тағдырына не жазылсада соған көнеді емеспе? Мені біреулер
кемітіп бөлектегенде, мен бұны маған жаратқан құдайдың берген
сынағы деп қабылдап келем дейтін. Алайда қоғам мені жатсы-
нып бір-ақ сәтте ештеңеге жарамсыз адамдай итеріп жатады деп
налыған досымды мен әрқашан жұбатумен боламын. Ешнәрсеге
мойымай, өмір ағысына ілесіп келе жатқан осы жандарды көргенде,
біздің өмірге өкпелеуге құқымыз жоқ екенін түсінгендей болдым.
Қибатоллина Гүлзинат
14 те, 8 ә сынып
БҚО Жаңақала ауд.,
№5 ЖББ орта мектеп
Менің ерекше құрбым
Мен оны бүгін тағы да көрдім... Жүрегім дір ете түсті. Апыр-ай
мына өмір деген не деген қатал едің деп айқайлағым келді. Оның
сол бір жәудіреген жанары көз алдымнан кетпей қойды. Ол сал ау-
руымен ауыратын Аружан атты бүлдіршін еді. Оны анасы арбаға са-
лып сүйреп жүреді. Мен оны көрген сәтімнен оған деген аяушылық
сезімім туды. Ол өмірге осылай болып келмейін деген шығар. Өмір
не деген қатал едің деп күбірлей беріппін. Ол мойнын да дұрыстап
ұстай алмайды екен. Аружан дұрыстап сөйлей де алмайды екен.
Міне қасірет дедім іштей. Сенің томпиып, жәудірей қарағаның қай
адамның болмасын есінен шықпасы анық. Аружанға жетіп барып,
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
85
онымен әңгімелескім келді, екеуміз құрбы дос болайықшы дегім
келді. Егерде, Аружан құрбым дейінші, саған сабағыңды 4-5 ке
оқып алдыңғы қатарлы оқушы болып жүретін де шығарсың–ау деп
те ойға кетем. Мүмкін сенің бір талантың ашылмай жүрген болар,
сен тамаша әнші, әлде биші болар ма екенсің құрбым. Өмірдің өзі
қателіктер мен қиындықтардан тұрады. Оларды жеңу үшін өмірге де-
ген құлшыныс керек. Өмірде кемтар адамдар көптеп кездеседі. Бұл
ненің кесірі екен деп ойлайсың. Әлде табиғат па, қазір экологиялық
жағдайымыз нашарлап барады дегенді оқып жүрміз ғой. Мүмкін
соның кесірі Аружан секілді құрбыларымызға экологияның да әсері
болды ма депте ойлайсың. Жеріміз тозбасыншы. Аружан секілді
бүлдіршіндер ешуақытта ауырмасын деген ой жолдары еріксіз ора-
ла берді, саған өмірге деген сенімің артса екен деймін. Үмітің еш
уақытта үзілмесін құрбым. Біздер не ішейін, не киейін деп те ойлан-
баймыз, бізде бәрі бар, ал оларда ше?
Кейбір құрбыларымыз артық сөйлеп кететін сияқты. Сол кез-
де менің көз алдымда Аружан, сен тұрасың. Әрине қоғамдағы
мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітуге болмайды, ақыл-есі дұрыс,
санасы сау болғандықтан олармен біз бірдейміз. Тек қана он екі
мүшеміз сау болғандықтан аз ғана болса да артықшылығымыз бар
болуы мүмкін.
Орынғали Дидар
14 жас, 9 сынып.
Атырау қаласы, Ақсай с.
Н.Тілендиев атынд. Кіші өнер акад.
«Менің арманым мені ешкім мүгедек деп санамаса екен маған
мүгедек екенімді сездірмесе екен» - дейді менің кішкентай құрбым.
Тәп-тәтті өзі. Анасы оған мүлдем жылы сөйлемейді. Айсананың
бұған еті үйреніп кеткен. Құрбым өте зерек жан. Мұндай адамды
әлемді қанша айналсаң да таба алмайсың. Оның ақыл- есі кем болса
да жүрегі кең. Өте мейірімді, ақылды, сыпайы, үлкенге құрмет кішіге
ізет көрсетеді, өзі өнерлі қыз.Ең соңғы рет жазғы демалысымызда
барып кеткенбіз. Басында бізді есіне түсіре алмай қатты қиналды.
Біздің де жүрегіміз ауырды бұған. Түрлі-түрлі қызықты естеліктерді
көрсеттік соңында есіне түсіріп көңілді уақыт өткізі.
Сырым Ақнұр
8 б сынып,
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
86
БКО, Орал қаласы,
№30 ЖББ орта мектеп
Мүгедектер білім алуға толық құқылы. Бірақ жоғары оқу
орындары мұндай студенттерді қабылдауға бейімделмеген.
Мүгедектердің жұмысқа орналасуға құқықтары бар. Еңбекке
қабілетті мүгедектердің 95 пайызы жұмыссыз, ал 5 пайызы нашар
көретін, нашар еститін жандарға арналған арнайы кәсіпорындарда
жұмыс істейді. Олардың ішінде тек санаулылары ғана еркін еңбек
нарығында орын таба алған. «Еркін» деп шартты түрде айтып отыр-
мын, оларды жұмысқа, әдетте, туысқандары мен достары алады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс беруші оны жұмысқа
алмау үшін мыңдаған сылтаулар іздеп табады.
Мүгедектердің проблемалары медициналық, әлеуметтік және
кәсіби боп үшке бөлінеді. Біздің медицинаның үлкен кемшілігі –
туылғаннан бастап соңына дейін мүгедекке жеке көңіл бөлінбей,
үзіліссіз күтім жасалмауы. Мүгедек жеке сырқатын емдеп жатқанда,
ол бүйрегі мен бауырын нашарлатып алады. Бірақ бұл факторларды
есепке алмастан, оған дәрі-дәрмектер беруді жалғастыра береді.
Содан соң әрбір дәрігер оны басқа маманға «жолдауға» дайын
тұрады. Ақыр аяғында мүгедектің сырқаты асқына береді.
Темірова Милена
12 жас, 7б сынып.
БҚО, Жаңақала ауданы,
М.Жүнісов атындағы ЖББОМ
Мен құрбымды есіме алған сайын осындай сан сұрақтар
қаумалап, жанымды жегідей жейтіні рас. Неге? Неге олай бол-
ды екен? Иә, дәрігерлер оған туа біткен кеміс деген, яғни дүниеге
таңдайсыз келген. Бұл бейшараның осындай опасыз дүниеге кем
болып келіп, кемістік көретіндей қандай күнәсі бар десеңші?!
Әрине, оның ешқандай күнәсі жоқ. Ол бейкүнә періште ғана
ғой! – дейді менің ішкі жан дүнием. Шынымен ол ақ мақтадай
кіршіксіз таза, аршылған жұмыртқадай пәк, періштедей бейкүнә
жан. Бұл әрине, менің ішкі жан тебіренісім., өзегімді өртердей ой
күйзелісім. Бірақ,.. Мен осы бір құрбымды көрген сайын таңдана
да таңырқай қараймын. Өйткені, ол осыншама ауыр дертті арқалап
жүрсе де ешқашан мойыған емес. Қашан көрсең де көңілі көтеріңкі,
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
87
өзін басқалармен тең ұстап, көкейдегі әңгімесін түсіндіруге ты-
рысып жатқаны. Кейбіреулер «сені түсінбедім», деген кезде сәл-
пәл көңілі түсіп қалғанмен, оған түсіндіруге қайтадан талпынып
жатқанын көргенде еріксіз ризашылық сезім білдіріп, оның өмірге
құштарлығына тәнті боласың.
Рахметоллаев Рахат
8 сынып. БҚО
Жәнібек ауданы,
ЖОББ Ө.Сахипов атындағы мектеп
Біздің сыныптас құрбымыз Асылгүл мүмкіндігі шектеулі бала-
лар қатарында осы кезге дейін болып келді. Ол өзі денсаулығымен
күресіп, мүмкіндігі шектеулі балалар қатарынан шығып, қазіргі кез-
де сыныптастарымен бірге дене шынықтыру сабағына қатысатын
болды. Асылгүл сыныптың әншісі, мектепте болатын шараларға
белсене қатысады. Сабағын да жақсы оқып, өзінің өмірге деген
құлшынысын арттыра білді. Ол аудандық «Жұлдыз-ай» фестиваліне
қатысып дипломмен марапатталды. Бұл біздің сынып үшін үлкен
қуаныш. Асылгүлді батыл, ақылды, парасатты, ибалы шын дос бола
білетін қыз деп білемін. Ол денсаулығымен күресіп, қиындықтарға
қарсы төтеп берген ержүрек қыз деп ойлаймын. Екеуміз бір көшеде
тұрамыз, ешқашан бір-бірімізді ренжітіп көрген жоқпыз. Менің
құрбымның өз өміріне деген көзқарасы жоғары. Біз сынып болып
оны ешқашан кемсітіп көрген емеспіз, оның батылдығын, ауруды
жеңе білген қайсарлығын мақтан тұтамыз.
Достықтан асқан байлық жоқ өмірде,
Достыққа адал болу керек ізгілікте.
Достықтың екі түрі «адал», «амал»,
Адал дос жүрегіңде мәңгілікте!
Сабырова Альбина
13 жас, 6 сынып.
Хромтау қ., № 5 мектеп-гимназиясы
Аякөз менің жан дегенде жалғыз құрбым әрі ең жақын құрбым.
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
88
Ол ақылына көркі сай қыз. Бірақ тағдыр оның басына қатал сын
берді. Жастайынан тағдырдың тауқыметін тартты. Ол дүниеге кел-
генде көптеген дәрумендер жетіспейді, сондықтан оның денесі
күннен –күнге әлсірей береді екен.
...Менің ата-анам құрбымның дертін емдеуге азда болса ақшалай
көмектесетінін айтты. Және Ербол деген кісіде көмектесті. Аякөздің
ата-анасы қуанып,қыздарын шет елге емделуге алып кетті.... Аякөз
емделіп ортамызға келді, мен өте қуаныштымын.
Сағынаева Арайлым
15 жас, 9 сынып
Ақтөбе обл. Қобда ауд.,
Қобда орта мектебі
... Құрбым Алина екеуміз бірге күлеміз, қуанышымызды бірге
бөлісеміз. Егер Алинаның көңіл-күйі болмаса, мен оның көңілін та-
уып, қуантуға тырысамын. Көмектескім келеді.
Сатдыкова Бақтыгүл
12 жас, 7 сынып.
БҚО. Тасқала ауд. ЖББ
Шежін орта мектеп-балабақша
Айзада бір өжет қыз да қайсар қыз,
Қиындыққа мойымайтын батыл қыз,
Қасиеттерін осындай, біз әр кезде,
Айзаданы айта жүріп мақтаймыз...
Кемелова Ақбота
13 жас, 8 сынып.
Ембі қаласы,
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
89
Қайыңды орта мектебі
Менің ерекше құрбым
Ол басқа құрбыларына қарағанда расында да ерекше.Өзі сондай
сүйкімді, көмірдей қара шашы белден түседі. Жәудіреген қара көзінде
басқа адамдарға қарағанда аса нәзік мейірбандық, бауырмалдық
сезіледі. Ал жанарына тіке қарап, жымиған кейіп танытсаң, жаңа
ғана жайдары отырған кескінінде адам сескенерлік сұс пайда бо-
лып, қабағы түйіліп,жанарында ашу, ыза,кек, өшпенділік бұрқ-сарқ
ұйтқиды. Өйткені құлағы нашар есітіп, сөйлегенде тілі бұрмалып,
айтар ойын жеткізгенше ыза болады.
Оның жасы үлкен,бірақ біз жақсы шүйіркелесеміз...
Кеулімжаева Салтанат
10 «ә» сынып,
Ғ.Ақтаев атынд., №6 орта мектеп
Менің ерекше досым бар. Оның есімі-Жеңіскүл. Мені оның
өмірге құштарлығы қуантады. Оның керемет сурет салатын
қабілеті мен ермексаздан түрлі аң-құстардың тұлғасын мүсіндеу
өнеріне таң қаламын.Жүрегі адал, ол бейне бір күнәсіз сәбидей.
Үнемі қайырымдылық жасауға дайын тұрады. Кейде өзімнің ағат
қылықтарым үшін одан кешірім сұрайтын кездерім болады. Өйткені,
оның мүмкіндігі шектеулі екендігі кейде есімнен шығып кетеді.
Құрманова Диана
6 б сынып,
БҚО, Сырым ауданы,
ЖББ Қ.Мырза Әли, атындағы орта мектеп
Менің ерекше құрбым
Менің де барлығынан артық көретін досым бар. Міне,
осылардың қатарындағы аурудан зардап шегіп жүрген Айтқалиева
Арайлымды айта кетсем. Оның жасы тоғызда. Ол қазір Тасқұдық
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
90
орта мектебінің 5 сыныбында оқуы керек еді. Алайда оның мектеп-
те оқитын қабілеті жоқ болғандықтан, ол үйінде оқиды. Арайлымға
пән мұғалімдері барып сабақ үйретеді. Кішкентай Арайлым өнерге
құштар бүлдіршіндердің бірі. Жас өнерпаз мәдени іс-шараларға бел-
сене қатысады. Ол күн сайын мәдениет үйіне барып, би үйренеді.
Алғыр да, зерек бүлдіршін біз үйреткен биін бірден қағып алады.
Түрлі әуенге би-билейді. Ол ән айтып, би билегенде алдына жан
салмайды. Біз оған апасы ретінде де қамқор боламыз. Арайлым
өз білім ордасының өнерлі өрендерінің бірі. Жас өрен достарының
ортасында беделді. Бос уақытында кітап оқып, тақпақ шығарғанды
жақсы көреді.
Маткаримова Санбота
14 жас, 8 сынып,
Хлебодаровка орта мектебі
Қазіргі кезде менің де достарым, жан құрбыларым, жолдаста-
рым бар. Олармен сөйлесіп, әңгімелесіп, бір-бірімізге сырымызды
айтамыз. Қиыншылықты да, қуанышты да бірге өткіземіз. Сыныпта
жан құрбым болмаған мен алыстағы достарыммен жақсы арала-
сып тұрамын. Бір-бірлерімізге тек жақсы тілектерді ғана арнаймыз.
Мұхамбетова Айкөркем
13 жас, 8 сынып, БҚО
Жәнібек ауданы,
Ұзынкөл ауылдық округ
Білесің бе, менің «ерекше құрбым» бар,
Жүрегінде мейірім мен жылу бар.
Бізбен бірге ойнап, күліп жүрсе де,
Саусақтары өзгеше оның, ұғыңдар.
Саусақтары жоқ болса да, жаны ерекше,
Басқалары «кемтар» деп келемеждеп кетсе де,
Сабырлық пен бір күрсініп кетеді,
Жанына оның қанша ауыр тисе де.
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
91
Ол әрдайым, сабырлы да қайсар қыз,
Ақ көңілді, қайырымды жайсаң жүз,
Егер жаймен өтсеңізде қасынан,
Рахмет пенен алғыс естіп қайтарсыз.
Жүзіне оның жайымен мен қараймын,
Алтын, күміс, гауһарға да балаймын,
Қарапайым қыз болса да сырттай ол,
Жан досы мен сүйіктісі талайдың.
Нұрғожа Ләйлім
6 сынып оқушысы, 11 жаста
БҚО облысы, Теректі ауданы,
Подстепный қазақ
жалпы орта білім беретін мектеп
Менің ерекше құрбым
Менің ерекше құрбым бар. Оның аты – жөні – Мұхатова Ма-
рия. Туа бітті сал ауруымен ауырады. Бірақ, Мария басына берген
сынақты жеңе біледі, өмірден еш күдер үзбейді. Мария – ақжарқын,
ақкөңіл, досқа адал. Ешқашан да мұңайғанын көрген емеспін.
Үйіне қашан барсам да күлімдеген жүзімен қарсы алады. Мен
үнемі досымның жанынан табылуға тырысамын. Демалыс, мей-
рам күндері міндетті түрде барамын. Менің мақсатым – досымды
жалғызсыратпау, көңілін көтеру. Ол маған қызықты әңгімелер ай-
тады, армандарын сөз етеді. Мария –өте әңгімешіл. Бірде маған
болашаққа үмітпен қарайтынын және сенетінін айтты. «Дәрігер
болғым келеді, сал ауруының емін тауып емдегім келеді, аналар-
ды жылатқым келмейді. Менің жаныма бататыны өзімнің ауруым
емес, анамның жылағаны» деп Мария салмақты сөз қозғайды. Мен
де оған қолдау көрсетіп, «Сен ақылдысың, сен өжет қызсың, сен
бәрінде жеңе білесің» деп оны жігерлендірдім, досымның көңілі
жадырап сала берді.
Серік Гауһар
15 жаста, 9 сынып оқушысы
БҚО, Сырым ауданы,
А.Жұмағалиев атытын. ЖББ мектеп
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
92
...Онымен танысқалы бері санамда көп сұрақтар пайда бол-
ды. Әманда өмірімде өзгерді. Ол келгелі пікірім де, ой-санам да
өзгерді. Ол құрбымды кездестіргелі өмірдің қандай соқпағын
көрсеңде шыдай білу керек екенін түсіндім, және де ешқашан бір
орында тоқтап қалмай талпыну, талаптану керек екенін түсініп
Николай Островскийдің «Төзуге мүмкін болмайтын жағдайдың
өзінде де өмір сүре білу керек» деген сөзінің мағынасын енді ғана
түсінгендеймін. Құрбыма бірнеше күн өткеннен соң бір бейтаныс
жан хабарласып құрбымның өнеріне тәнті екенін және де оған
көмектескісі келетінін, концертінің шығынын өз мойнына алып,
оған көмек көрсететінін айтты. Сол сәтте құрбымның қуанышында
шек болмады. Құдды шаттықтан аспанда қалықтап жүргендей
көрінді, бізде ол үшін қатты қуандық. Ол бейтаныс жан келуін өтінді.
Мен келесі күні құрбымды сол жерге ертіп апардым. Біз ол кісімен
ұзақ уақыт әңгімелестік. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер
болсақ, ол кісі құрбыма арнап бірнеше ән жазғызбақ. Бірнеше ай-
дан соң құрбымның өз әні де жарыққа шықты. Ол болашақта өзінің
жеке концертін беруді жоспарлап отыр. Мен құрбымды мақтан
етемін, үлгі тұтамын. Мен барлық адамдарға; «Мүгедек жандар да
адамдар, оларды кемсітпейік, ардақ тұтып, олардың еңбектерімен
мақтанайық»-демекпін. Өз ойымды мына өлең жолдарымен
түйіндеймін.
Мүгедекте адам ғой ойлашы,
Айтқанымды түсінбей, жай қоймашы.
Оларды қолдайықшы, қорғайықшы,
Кемсітіп тек оларды қоймайықшы.
Жылатпайық оларды күлдірейік,
Күлдірсекте оларды тек түңілдірмейік.
Мың ойлатып, мың толғатар бұл өмірде,
Оларды жалғыз ғып түңілдірмейік.
Оларменен шаттанып, дос болайық,
Кейде ғажап, кейде тозақ ғаламда,
Оларды тек қолдаусыз ғып қоймайық!
Достарыңызбен бөлісу: |