Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Нұржанова Жанеля   
                
 
 
6 «ә» сынып оқушысы
 
 
Батыс Қазақстан облысы,
 
 
Ақсай қ. №1 ЖББОМ
       
Оның аты – Жәмилия. Мен оны жанымдағы өзге құрбыларымнан 
ерекше  жақын  тұтамын.  Көз  жанарының  көрмеуіне    қарамастан 
өмірге деген құштарлығы жоғары. Әркез көңілді, бал жүзінен күлкі 
кетпейді.  Жүрегімен  салған  әнін  шырқаған  сәтте  кең  тынысты  да-
уысына  таң  қаласың.  Әнге  деген  сүйіспеншілігі  шексіз.  Мұңайған 
сәтінде «болашағымнан зор үміт күтемін, ертең-ақ басқа адамдар 
сияқты мен де жарық дүниені  емін-еркін көретін боламын, көз жа-
нарым  қалпына  келетініне  сенемін»  деп  өзін  жұбатады.  Сол  сәтте 
өзімнің кей сәттегі болмашы нәрсеге өкпелеп, қиналатын кездерім 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
31
есіме  түсіп,  ұяламын.  Өмірге  деген  құштарлығы  зор  құрбымның 
ерекшелігіне  таң  қалып,  «осындай  құрбым  бар  мен  қандай 
бақыттымын»  деп  айналамдағы  адамдарға  жар  салғым  келеді. 
Ата-анасының,  ұстаздарының,  достарының,  жақын  адамдарының  
кейбір сөздерін көтере алмай, өмірден түңіле салатын замандаста-
рыма өмірлік түсінігі айрықша  құрбымды үлгі еткім келеді. 
Арманы  мен  мақсатын  жүзеге  асырудағы  мүмкіндігінің 
шектеулігіне  қарамастан  алдағы  өмірінен  тек  жақсылық  күтетін, 
жабырқау жанының жарасын «үміт» атты сиқырымен өзі емдеп жа-
затын Жәмилияның бұл ісін үлкен ерлік деп білемін.
Таубаева Көңілжай
    
 
 
13 жас, 8 сынып. Ақтөбе обл.                    
                        
Байғанин ауданы 
 
 
Жарқамыс орта мектебі  
Оның  әрбір  әңгімесі-тұнған  хикая.Оны  үнемі  тыңдап,  сырымды 
бөлісіп, ісім- мен көрсете алмасам да,сөзіммен демеу болып отыра-
мын. Ол өз армандарымыз  орта жолда қалып қойғанына налыйды. 
Өйткені ол журналист болғысы келетін.
Ендігі өмірде жаны жомарт жандар мен білікті мамандар кезігіп 
Әсемді  толықемдеп  жазса.  Біздің  қолымыздан  келетіні  әрине-  тек 
бір Аллаға сыйынып, жақсылық күту ғана.
Төлеубаева Салтанат
                       
 
 
13 жас, 7- сынып ,
 
 
№ 2 негізгі мектеп.
 
 
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы
 
Еліміздегі ең бір күрделі мәселелердің бірі - жетім балалар мен 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  тағдыры.  Әрбір  сәби  бақытты, 
денесі сау, анасының мейірімді алақаны мен асқар таудай қорғаны 
екенін сезініп өссе, ол бойына барлық асыл қасиетті жинаған пара-
сатты азамат болып өседі.
Менің  айтайын  дегенім  өзім  оқитын    мектебімде  тәлім-тәрбие 
алып, биыл қолына аттестат алған Ботбаев Сағымбайдың тағдыры. 
Осындай балғын балалық шақта, кенеттен 4 - сынып оқып жүргенде 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
32
аяғының  қатты  ауыратынын  сезген  9    жасар  Сағымбай  анасына 
қатты қиналатынын айтқан болатын. Содан бері бірнеше жыл өтіп, 
тағдыр  оны  қара  арбаға  таңған  болатын.    Мектептің  мұғалімдері 
Сағымбайға  үйде  сабақ  бере  бастады.  Анасы  оны  бірнеше  жерге 
апарып емдеткенмен, еш нәтиже шықпаған соң өмірдің тағдырына 
көнді. Анасы Гүлбаршын апай: «Сағымбай кішкентай кезінде ерке 
де  болған  жоқ,  сурет  салып,  ән  айтуды  жақсы  көретін.  Балаларға 
көмектескісі келіп, далада доп қуалап жүрген балаларға қызыға да, 
қызғана да қарайтын. Әттең не керек, тағдыр тауқыметін көп көрсек 
те,  өз  аяғымен  жүре  алмаса  да  осыған  шүкіршілік  етіп  отырмын. 
Қазір есейді, биыл  11 -  сыныпты аяқтады. Жұмыс істеп жүр. Газет 
ұжымдарына айтатын аналық алғысым шексіз» дейді қуаныш пен 
аяныштың жасын сүртіп жатып.
9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛІ                                                                               
ШЫҒАРМАЛАРЫ
 
І орын
Исатаева Ләззат 
                           
 
 
15 жаста, 10 сынып,
 
 
Алматы облысы,Талдықорған қ.
 
 
Көктал шағын ауданы.
         Есжан Берліқожаұлы атындағы         
 
 
№11 орта  мектеп                                          
 
 
 
                          
 
 
 
      
Менің ерекше құрбым
Тылсым тыныштық... Айнала күңгірт жамылған. Каринаның қос 
жанары төбеге қадалған. Міне, тағы да бір жабырқау өмірінің таңы 
қылаң берді. Ауызғы үйдің есігі ашылып, апасының баяу қимылдап, 
төсектен  тұрып  бара  жатқан  күнделікті  қимылы  естілді.  Одан  әрі, 
отбасы  мүшелерінің  кезекпен-кезек  күнделікті  тыныс-тіршілігі  ба-
сталып та кетті. Бірі тұрып, таңғы ас жабдығына кіріссе, өзгелерінің 
дауыстары жуынатын бөлмеден шығып жатты. Осындай қарбалас, 
күйбең  тіршілік  Каринаның  көз  алдында  өтіп  жатыр.  Бұл  оның  он 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
33
жетінші  көктемі  еді...  Осы  уақыт  аралығындағы  тыныс  -  тіршілігі, 
өмірі, осы аядай бөлмедегі төсекте өтіп келеді. Оның әрбір күні жат-
танды сарында өтуде.  
  Әттең  дүние-  ай,  недеген  қатал  едің!  Жас  қыздың  көз  жанары 
күні бойы терезеге телмірумен өтеді. Онда да бір сарынды бояудағы 
сурет. Міне, сол көше, сол үйлер, тек оқта- текте әрі - бері сабылған 
жаяу  жүргіншілер  ғана  оның  көңілін  аулай  алады.  Соңғы    кездері 
Карина  өзіне  бір  ермек  тауып  алды.  Сол  өтіп  жатқан  адамдарға 
қарап, оның қандай кәсіп иесі екендігін, мүмкіндігінше қайда бара 
жатқандығын,  ой  елегінен  өткізіп,  сипаттама  беруді  әдетке  ай-
налдырды.  Тіпті  кейде,  іштей  түйсігі  мен  санасы  арпалысатынды 
шығарды.  Ішіне  екі  жан  кіріп  алғандай.  Оларға  «ақ  жаным»  және 
«қара  жаным»  деген  аттарды  қойып  та  алған.  Кейде  оңашада  ба-
сына  түскен  тауқыметіне  налып,  ботадай  мөлдіреген,  тұңғиыққа 
толы  көздеріндегі  ашшы  жасына,  ерік  береді.  Тумысынан  сұлу 
жаратылған  келбетіне,  қолаң  шашы  көрік  беріп  тұрады.  Аққудың 
көгілдіріндей жаратылған бейнесі, сәл жабырқау кезінде мұңайып 
тұрған  аққайыңды  елестетеді.Кей  сәттерде  босаңсыған,  жабырқау 
көңілін  білдірмеуге  тырысады,  өйткені  аяулы  әжесін  аяйды, 
сондықтан өзін бір сәтке тоқтатады. Өйткені көз алдында, көкірегі 
қарс айрылған кейуана, күйбеңдеп, бәйек болып, әрқашан жанынан 
табылады. Жатса- тұрса дұғасында немересінің сауығып кетуін мың 
мәрте алласынан сұрайды. 
Кенеттен  есік  сықыр  етіп  ашылып,  анасы  күлімсіреп  келе  жат-
ты.  Күнделікті  қызының  тіршілік  күйбеңін  атқарып:  «Жарығым, 
күнің  жақсы  өтсін!»,-  деп,  маңдайынан  бір  иіскеп,  көзіндегі  тұнып 
тұрған жасын іркіп, шығып кетті. Анасының артынан көз салған Ка-
рина қасірет пен қайғыдан қиналып бара жатқан анасын аяп,іштей 
тағдырына  налыды.Ол  тағы  да  терезеге  телміріп,  өзінің  мұңдас 
досы  –  терең  ойға  шомып  кетті.  Сол  сәтте  түнде  көрген  түсі  есіне 
түсіп  кетті,  сол  бұрынғыша  көк  аспан  жүзінде  қалықтап  ұшып жүр 
екен. Айнала жым – жырт ... Қалықтаған бұлттарды құшағына алып, 
ұшып  келеді.  Кең  дүние  әлемі  оған  есігін  айқара  ашқандай.  Алы-
стан  мұнартқан  кәрі  таулар,  жапсарлай  жатқан  тау  сілемдері,  ну 
орман  да,  мүлгіген  тыныштықта  жатқандай.  Сылдырап  аққан  Ла-
басы  тауының  мөлдір  бұлақтары,  сылқ  –  сылқ  күліп  ағып  жатыр. 
Жап – жасыл жер беті кілемдей құлпырады. Міне, қызыл – жасыл 
көбелектер  бір  –  бірін  қуалай  гүлдерге  қонып,  мені  көрдің  бе  де-
гендей  күн  нұрына  шомылуда.  Бал  жинаған  аралар  да  күнделікті 
қарбалас тіршілігіне кіріскен. Әр талдың бұтағында сайраған құстар, 
ескен қоңыр салқын самал жел бетін сыйпай өтті. Жәндік атаулы да 
өз  тіршілік  қамына  кіріскен.  Осылардың  барлығы  тылсым  табиғат 
келбетін суреттейді. Қанатын кең құлаштап, еркін тыныс алып, өзін 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
34
бостандықта, еркіндікте,  жеңіл, әрі бақытты сезінгендей болды. Селт 
етіп  оянған  сәтінде,  өзінің  құс  болып  жаралмағанына  өкінгендей 
болды. Жаңа ғана көрген ғажайып түсі көз алдында ғайып болды. 
Әйтсе  де  Карина  өзінің  тіршілік  иесі  екендігін  естен  шығармайды. 
Себебі оның бойында құстар сезбейтін: бауырмалдық, адамгершілік, 
жақынына деген сүйіспеншілік, осынау тылсым дүниенің тынысын 
ұғу, имандылық - осының барлығы тек тіршілік иесі адамзатқа ғана 
тиесілі екендігін, жанына медеу қылады. «Апырай, түсімде осылай-
ша неге жиі көк жүзінде ұшып жүреді екенмін», - деген ой оны тағы 
да мазалады.
Каринаның тағдыры қаншалықты қатал болғанымен, өмірге де-
ген құштарлығы ұшқыр, арманы асқақ. Осы құштарлық оны биікке 
жетелейді.  Ол  өмірді  қатты  сүйеді.  Әрбір  сәті  ешбір  қозғалыссыз 
өтіп  жатқанымен,  ол  үшін  күнделікті  айналасында  болып  жатқан 
жағдайлар, оқиғалар, жаңалықтар оның өмірге деген құштарлығын 
оятуға аз да болсын өз септігін тигізеді. Тіпті отбасы кей кезде оны-
мен санасып, күнделікті күйбең тіршіліктің шешімдерімен бөліседі. 
Мана  анасы  үлкен  әпкесінің  жақында  университетте  жауапты 
сынағы өтетінін, оған күн демей, түн демей дайындалып жатқанын, 
ендігі  қалай  тапсыратындығын  айтып  кетті.  Карина  болса,  анасын 
жұбатуға тырысып: «Апатай, әпкем жақсы дайындалып жүр, кейбір 
сұрақтарын  мен  тексеріп,  көмектескенмін»,-  деді.  Оған  анасы 
ризашылығын білдіріп, көзінің айналасындағы әжімдері жайылып, 
жүзіне мейірім үйірілді.Жас қыздың көңіліне медеу ұялататын тағы 
бір жай, оған келетін ұстаздары. Оларды кесте бойынша асыға күтіп 
отырады. Апайларының берген білімдерін мұқият тыңдап, әрқашан 
тиянақты жауап беріп, көп және тереңірек білуге талпынады.Тіпті кей 
кездері саясатқа да көңіл бөліп, өмірде болып жатқан өзгерістерге 
де  тоқталып,  өзінің  өмірден  қалыспай  келе  жатқанын  танытады. 
Кейде сөздерінің толық және анық дыбысталмағанына қарамастан, 
қоғамның тыныс – тіршілігі, еліміздің жеткен жетістіктерін де қызу 
талқылап, өз ойын еркін әрі ашық жеткізе алуға тырысады. 
  «Есейген  сайын  адамның  білуге  құштарлығы  артып,  таным 
көкжиегі  кеңейе  түседі.  Көкірегін  кернеген  асыл  армандарын  іске 
асыру  үшін  адам  үнемі  ізденіс  үстінде  болады»,  -  деп  Мұқағали 
Мақатаев айтқандай Каринаның да асқақ арманы бар. Ең алдымен 
аяғы  жүріп,  қолы  дұрыс  қимылға  келіп,  сөзі  түзеліп,  ел  қатарына 
қосылу. Ол үшін табандылық, қажыр – қайрат пен қайсарлық қажет- 
ақ. Әрине, ол өз күш – қуатына сенімді адамның, қолынан барлығы 
келетініне  сенеді.  Кейде  оның  сана  –  сезімі  арпалысып,  қандай 
шешім  қабылдарын  білмей  адасқандай  болады.  Сондай  сәттерде 
өзінің  жақындарының  ақыл  –  кеңесін  тыңдайды,  бірақ  кей  кезде 
ішкі  түйсігі  басқаны  қалап  тұрғандай  болады.  Осы  кездерде  оның 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
35
мұңайған  аққұба  жүзінде  мыңдаған  сұрақтар  тұрады.  Кейде  ол: 
«Шірікін,  шынайы  бақытты  адам  деп,  кімді  айтуға  болады?  Дені 
сау адам ба, жаны сау адам ба, әлде жер бетін өз аяғымен басып 
жүргендер ме?», - деп те ойлайды. Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі 
осыған  тынбай  жауап  іздейді.  Осындайда  ойы  табиғат  көрінісіне 
жиі  ауып  кетеді,  оның  себебі  көркем  әдебиетті  жанындай  сүйіп 
оқитындығында: жаңбырдан соңғы Көкталдың жусан иісі, жүректей 
болып желбіреген қызғалдақтары, алыстан мұнартқан Лабасы тауы, 
оған  жыландай  өрмелеген  жалғызаяқ  жолы,  шыныдай  мөлдір  ау-
асы  көз  алдынан  тізбектей  өтіп  жатады.  Осы  кезде  әдемі  ойын 
бөлген, жұмыстан оралған әкесінің дауысы еді. Карина ой жетегінде 
отырып, кештің қалай батып кеткенін де байқамай қалыпты. Ауызғы 
үйден әкесінің: «Каришогымның күні қалай өтті екен?», - деген да-
уысы елең еткізді. Сол сәтте- ақ, Каринаның жүзінде әкесіне деген 
ыстық ықыласы жүзіне қуаныш ұялатты. Әкесі Каринаның бөлмесіне 
кіріп, жанына отырды. Қызының жағдайын сұрап,оны қуанту үшін, 
алған сыйлығы – кітапты, ақырын ғана шығарып, қолына ұстатты. 
Карина әкесіне шексіз ризашылығын білдірді. 

Каришок, бұл кітапты да өз кітапханаңа қабылда, қаланы ар-
найы аралап, жүріп таптым,- деді әкесі.

Әрине, әкешім, бұл кітап та, менің кітапханамның төрінен өз 
орнын алады, - деді Карина.
      «Жақсы, жарығым», - деп күлімсіреген әкесі ақырын орнынан 
тұрып, ауызғы үйге беттеді. Сол арада үлкен қызығушылықпен Кари-
на Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармаларына» көз жүгіртті. 
Тағы  да  терең,  тұңғиық  әлемге  бойлап,  бар  тауқыметін,  қасіретін 
ұмытып, бүкіл сана –сезімі кітап мазмұнына шомылды. Ол тағы да 
көңілінің осы әлемде жалғыз екендігін ұмытып, шаршаған көңіліне 
медеу тапқандай, жаны рахаттанып, әр сөзді мұқият оқи бастады. 
Басын сәл көтеріп, мұңдас досы - терезеге қарады. Үйлердің шамда-
ры жанып, қарбалас өмірге араласқан пенделерді көріп, тағы да бір 
күнінің  өткенін,  ол  іштей  өмірдің  осылайша  тоқтаусыз  өте  беретін 
үлкен керуен екенін пайымдады. 
Әрине, ол өмір жайында ойланбайтын, толғанбайтын пенденің 
жоқ  екендігін,  әркімнің  өмірді  өзінше  бағалайтындығын  сезінеді. 
Әйтседе  Каринаның  өмірге  деген  көзқарасы  өзгеше,  сау  адамның 
өмірі  күрес  пен  тартысқа  толы  болса,  оның  өмірі  өз  шеңберіндегі 
тартысқа толы. Себебі өмір қызық пен рахатқа, қуаныш пен қайғыға, 
азап пен қасіретке толы – үлкен мектеп. Одан алар тәлім – тәрбие ба-
стауы:  отбасы, жақындарың, қоршаған орта. Соңғы кезде ұғынғаны, 
өмір ешкімге де аяушылық танытпайды, себебі кез – келген тосын 
сыйларға толы болады. Осындайда Каринаның көңіліне медеу бо-
латын жай, оны қоршаған жанашыр жақындары. Кейде «Жан жы-

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
36
луы» бағдарламасынан өзі сияқты дертке шалдыққан балалардың, 
ата – ана мейрімінен тысқары қалғанын көріп, жаны түршігеді. Осы-
нау жарық дүние есігін жарымжан болып ашып, одан да сорақысы, 
сол әлемде жалғыз қалуы, неткен қасірет десеңші! 
Карина ой жетегінде, түпсіз тұңғиық теңіздің ескегін баяу тербетіп, 
тыныштық әлеміне қалқып бара жатты. Міне, ол бұлтқа айналып тау 
сілемін бауырлай ұшып келеді. Аспан әлемінде сан мың жұлдыздар, 
жарқыраған  ай  сәулесі  оған  тұңғиық  әлеміне  жол  сілтегендей. 
Құсжолы  арқандай  болып,    Жетісу  көгіне  жайғасқан,  қаратұңғиық 
мұнартып, оны әлдилейді. Терең ұйқыға кеткен Каринаның көрпесін 
қымтаған  әжесі  шамды  сөндіріп,  ақырын  шығып  кетті.        Тылсым 
дүниеге  бойлаған  Карина,  еш  алаңсыз  бейқам  ұйқыға  кетті.Оны 
қызық пен қиыншылыққа толы өмірі алда күтіп тұр... 
ІІ орын
                                                                                 
Ғилымханов Мәрлен
                              
 
 
15 жас, 10 сынып,
 
 
БҚО. Жаңақала ауданы,     
 
 
№2 Жаңақала  ЖББОМ 
 
 
 
                       
Менің ерекше құрбым
Бұл  өмірде  тағдырдың  тәлкегіне  ұшырап,  айықпас  дертке 
шалдыққан  жандар  көп-ақ.  Әр  пенде  маңдайына  не  жазылады, 
соны көреді ғой. Кей пенде туғанынан кеміс боп тууы мүмкін. «Қате 
аяқ астында» демекші, кейбір жандар жол апатынан зардап шегіп, 
өкініш өртіне оранып жатады. Алайда, өкінгеннен не пайда? Болары 
болып, бояуы сіңгеннен кейін қолдан келер шара бар ма? Әттең деп, 
тізеңді соғып қала бересің. Мұқағали ағамыз айтқандай, 
                   «Қайтер едің өмірге келмегенде,
                   Көнесің де...
                   Қайтесің көнбегенде? 
                   Көресің де...
                   Қайтесің көрмегенде?
                   Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.»
Құдайға  жаныңның  аман  қалғанына  алғыс  айтып,  өз  халіңнің 
ауыр  екендігін  түсініп,  көз  жасты  сығып  отырғанда,  жаныңда  жа-

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
37
нашыр  досың  болғаны  қандай  жақсы.  Біздің  айналамызда  сол 
жағдайларға тап болған пенделер аз емес. Ал оларға көмек қолын 
созып, жылағанда жұбаныш болар достары саусақпен санарлық де-
сем,  артық  айтпасам,  кем    айтқаным  болмас.  Кейбіреулер  сондай 
жандарды өзінен төмен санайды. Қазіргі таңда сол ойдың жетегінде 
жүрген  адамдар  күн  санап  көбеюде.  Ол  жандардың  көретін  көзі, 
еститін  құлағы  болмаса  да,  сезетін  жүрегі  бар.  Ал  оларды  жер 
бетінде  ауру-  сырқаусыз  жүрмін  деп  өзінен  төмен  санау  ақыл  - 
ойдың таяздығы. Тәні сұлу емес деп, жан сұлулығын ұғынуға тыры-
спайтын пенделердің көп екендігіне таңым бар. 
Өз басым сол жандарға жаным ашып  та, басына түскен қайғы 
- қасіретті көтеріп жүрген төзімділігіне де қызыға қараймын. Бірге 
отырып  сыр  шерткенде  көзіңе  қат-қат  болған  жастың  қалай  кеп 
тығылғанын  байқамай  да  қаласың.  Менің  өмірімде  өз  басым-
да белгілі бір дерті бар адамның кездескені аз болғанмен, көрісіп 
әңгіме  -  дүкен  құрған  кездерім  көп  болды.  Ылғи  да  мен  олармен 
жақынырақ болсам деген ойда болам. Құрбы- құрдастарым көп-ау. 
Бірақ, шерменге батып, мұң шағып, бірге жылайтын құрбым некен 
-  саяқ...  Кей-кездерде  көз  жасты  жасырып  қалуға  болатын  сәттер 
болады. Алайда, қарсы алдыңда бар сырын ағытып, бар қайғысын 
төгіп отырған аяқ - қолы кем жанды көргенде жанардағы жасты жа-
сырып қалу мүмкін емес. Осы тақырып төңірегінде ой толғағанда, 
бала  күнімдегі  бір  оқиға  есімнен  кетпей  қойды.  Кішірек  күнімде 
Мержан есімді көрші баламен бірге ойнайтынмын. Тіпті, ол менің 
қасыма қонып та қалатын, бір үйдің баласындай едік. Құрбымның 
түнде  ауырып  қалатынын  анама  оның  әжесі  айтып  кететінін  кейін 
білдім ғой. Мен мектепке баратын жылы ол денсаулығында ақауы 
болғандықтан  мектеп  табалдырығын  да  аттай  алмапты.  Қандай 
қиын десеңізші! Өзі құралпы құрбыларымен бірге бір партада отыра 
алмау, тақтаға шығып сабақ айтып, бормен шимайлап жаза алмау... 
тағысын тағы мектеп қабырғасындағы қызықтарды көре алмады-ау 
деп ойласам, осы күні өзегім өртенеді. Біз қыздардың бұрымын тар-
тып ойнап жүргенде ол біздің сыртымыздан тамсанып қарап тұрады 
екен ғой, өйткені оның үйі мектептің  дәл қасында. Ол дүние есігін 
ашқаннан бір аяқ, бір қолы жұмыс жасамай қалған екен. Тіпті анық 
сөйлей де алмайды. «Бала кезінен мүгедек» деп жазылған қағазды 
көргеннен кейін ғана оның жағдайын түсіндім. Сырттай қарағанда 
оны дені сау адамға ұқсатасың. Бір жаныма бататыны қыздардың 
оны менсінбейтіні еді... Ол мұндай тағдырды сұрап алған жоқ қой, 
алланың  жазғаны  сол  болар.  Әттең!  Қолымнан  келсе,    сондай  бір 
құдіретке ие болсам, оны емдеп алар едім. Әттең, қолымнан ештеңе 
келмейтіні жаныма мұң ұялатады. Неге ғана солай болды екен деп 
іштей налисың. Мен оған әрқашан көмек қолын создым. Ол мектеп-

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
38
ке бармаса да, мұғалімдер оны үйден оқытатын. Оның арманы көп 
еді, маған әңгімелеп айтып отыратын...     
Қол- аяғы кем болғанмен, ол да Алланың сыйлаған сыйы- өмірдің 
ауыры  мен  жеңілін  дәл  аяқ-  қолы  сау  адамдардай  көріп  келеді. 
Қолынан  келгенінше  үй  шаруасына  көмектеседі.    Мен  сол  жанды 
ерекше құрбым деп білем...
Сол  құрбымды  түсінетін  жандар  жоқтың  қасы.  Әркім  өз  қара 
басының  пайдасы  үшін  жүргендей.  Біздің  заман-өзгеге  мойын 
бұрмай  асқақтап,  көкірек  қаққан  заман  ғой.  Сол  заманды  жасап 
жүрген өзіміз. Заман адамды өзгертті дегеннен гөрі, адам заманды 
өзгертті  деген  дұрыс-ақ.    Менің  құрбым  сияқты  тағдыр  тәлкегіне 
ұшырап жүрген жандар қаншама!
              
Таудан биік секілденіп талғамың,
              
Ардан биік секілденіп арманың.
              
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,
              
Сынағына шыдай алмай Алланың.
Адам баласына ең алдымен қанағат керек,- деп талай данамыз 
да  айтып  кеткен.  Алайда,  барына  қанағат  айтып  жүрген  жандар 
көп емес. Алланың берген сыйына шыдау үшін адамға үлкен төзім 
керек-ау деп ойлаймын.               
               
Ай мен күнге өптіргің кеп шекеңді,
               
Көрмедім деп өкпелейсің шетелді.
              
Тәубеңе кел, шетел түгіл зағиптар,
               
Көре алмайды өзі туған мекенді.
Иә, өзінің туған жерінің қара топырағын көре алмай жүргендер 
барын  естігенде,  етегің  жасқа  толмағанда  қайтсін.  «Қайтер  едік 
өмірге келмегенде...» деп  зағип жандардан құралған «Сәт» триосы 
ән салғанда жүрегің езіледі.    
                 
Қошеметті көрмесеңіз несі бар,
                 
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
                
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
                 
Керең болып туғандарды есіңе ал.
Иә, ондай жандар  жанары жаутаңдап сенен көзін алмайтынын 
қайтерсің?  «Айналайын»  деген  жылы  сөзді  күніне  бірнеше  мәрте 
естіп жатамыз, алғысқа бөленіп, мақтау сөздердің куәсі де боламыз. 
Естімейтін адамдарға кейбіреулер назар да салмайды ғой. Осындай 
жайларды көріп жүргенде не істеріңді де білмейді екенсің.   
 
 
Тәубеңе кел пенде болсаң есі бар,
 
 
Сабырсыздар қадірсіз боп тосылар.
 
 
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
 
 
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал.
Олар дүние түгілі өз тағамын да сүйсіне жей алмайды емес пе? 
Қазіргі кезде болған үстіне бола берсін дейтін қанағатсыз адамдар 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
39
бір нәрсеге ақшасы жетпей қалса, жақын адамынан айырылғандай 
күйзеліп кетеді. Анау тұрған зәулім үйдің кілтін ұстай алмадым деп 
сан соғатындар бар. Бұл бекершілік.
 
 
Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,
 
 
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба.
 
 
Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік,
 
 
Аяғы жоқ адамдардың қасында.
Олар көлік мінген құрбыларына қызыға да, қызғана қарайтыны 
айтпаса  да  түсінікті.  Айналаға  көз  салар  болсақ,  көретініміз  бір-
бір  шетел  көлігін  мініп  алған  жандар.  Солар  көлігі  бұзылып 
қалған  жағдайда  таяқ  тастам  жерге  баруға  ерініп,  өзін  бір  жолы 
болмағыш адамдай сезінеді. Қанша жан сол көлікке мінбедім деп 
күндіз  күлкіден,  түнде  ұйқыдан  айырылды.  Менің  құрбымның  да 
арманының  бірі  -  көлік  жүргізу.  Мүмкін  болса  өзім-ақ  көмектесер 
едім,  әттең  қолымнан  келмейтіні  өзегімді  өртейді.  Кей  сәттерде 
туған жердің топырағын өз аяғыңмен басқанға не жетеді деп бәріне 
шүкіршілік етемін.    
 
 
Топ алдында төрге озғың кеп төтеден,
 
 
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең.
 
 
Ақын болып тумадым деп налисың,
 
 
Мылқау болып туғаныңда нетер ең?!
           
Осындайда әжемнің «екі көзім жайнап, тілім сайрап 
отырмын» деген сөзін еріксіз еске аламын. Өйткені ол кезде төсек 
тартып жатқан әжем аурудың қадірін түсініп айтқан екен ғой. 
Жігіт үшін ұнатқан қызбен кездесіп, тілдесу бір бақыт емес пе? 
Ал, мылқау боп туғандар ұнатқан қызымен кездесіп сөйлеспек түгілі, 
көрісіп қалғанда «сәлем» деп те айта алмай, жанарымен жәутеңдеп 
қарағаннан басқа не істей алады десеңші? 
 
 
 
 
Құлақ түріп әркім айтқан пікірге,
 
 
Бей-берекет бой ұрасың күпірге,
 
 
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
  
 
Аман - есен жүргеніңе шүкір де!
Алладан  аспандағы  айды  сұрамай,  амандығыңның  өзіне  тәубе 
айт!
Әрқашан  жаны  жаралы  жандарға  көмек  қолын  созайық,  олар-
ды  мейірім  құшағына  бөлейік,  қамқорлығымызды  аямайық  дегім 
келеді.  «Аялы  алақан,  «Жан  жылуы»,  «Балаларға  өмір  сыйла» 
бағдарламалары арқылы  оларға жан жылуын төгейік!                                                           
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет