Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет45/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

8 класс:  

Исследование электрических свойств фруктов и овощей. 

Исследование аномальных свойств воды. 

Занимательный магнит 

 

9 класс: 

Влияние шума и звуков на организм подростка 

Сотовый телефон и его влияние на организм человека. 

 

Я считаю, что проектная деятельность, формирует у учащихся социальный опыт в 

труде  и  общении,  способствует  интеллектуальному  росту,  расширяет  кругозор  как  в 

области  предмета,  так  и  за  ее  пределами,  а  так  же  дает  возможность  раскрыться  как 

человеку, как личности и приобрести уверенность к себе. 

 

Список литературы: 

1.

 

Послание  Президента  Республики  Казахстан  -  Лидера  нации  Нурсултана  Назарбаева 

народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан-2050»:  новый  политический  курс 

состоявшегося государства». 14.12.2012.  

2.

 

Государственная Программа развития образования Республики Казахстана 2011- 2020 

годы от 7 декабря 2010 года. 

3.

 

Гилева Е. А., История развития метода проектов в Российской школе // Наука и школа, 

№ 4, 2007. 

4.

 

Гилева  Е.  А.,  Егоров  Ю.  С.,  Метод  проектов  –  эффективный  способ  повышения 

качества образования // Школа, № 2, 2001. 

5.

 

Громыко  Ю.  В.,  Громыко  Н.  В.,  Исследование  и  проектирование  в  образовании  // 

Школьные технологии, № 2, 2005. 

6.

 

Медведева  Е.Е.  проектная  деятельность    учащихся  как  средство  формирования 

ключевых 

компетенций 

 

[Электронный 

ресурс] 

http://festival.1september.ru/articles/596218/    

7.

 

Пушкина  В.  Что  такое  компетенции?  Ключевые  компетенции  и  их  оценка. 

Компетенции 

педагога 

и 

учащихся. 

[Электронный 

ресурс]  

http://fb.ru/article/210498/chto-takoe-kompetentsii-klyuchevyie-kompetentsii-i-ih-otsenka-

kompetentsii-pedagoga-i-uchaschihsya 

 

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Дүйсембай Әйгерім Төребайқызы 

"№13 орта мектебі" ММ, 

математика пәні мұғалімі, 

Ақтөбе қаласы, Қазақстан 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Түйін 

      Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану 

арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра 

отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды 

көздейді. 

Елбасының  Қазақстан  халқына  кезекті  Жолдауы  елімізде  жүріп  жатқан 

реформалардың  қарқынды  да  жүйелі  дамуына  айрықша  серпін  берді.  "Қазақстан 

экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында"  атты  бұл  Жолдауда  ел 

ө

міріне елеулі оң өзгерістер әкелуге бағытталған саяси - экономикалык және әлеуметтік 

саладағы  аткарылатын  жүмыстарды  жеделдетудің  жаңа  тетіктері  көрсетіліп,  білім 

беру мен кәсіптік мамандар даярлаудағы жаңа міндеттер айқындалады. 

Нұрсұлтан  Әбішұлының  сөзімен  айтсақ:  «21  ғасыр  -  білікті,  білімді,  бәсекеге 

қ

абілетті жастардікі». Бұл - нағыз әділ де дәл айтылған пікір. Жастарға берілген білім 

олардың  ақыл  -  парасатымен  ұштасқанда  ғана  құнды  болмақ.  Өскелең  өрендердің 

жаңалыққа  ұмтылысын  орынды  бағыттай  білу  -  әрбір  ұстаздың  кәсіби  қызметінің 

міндеті, қоғам алдындағы парызы, абыройлы борышы. 

 

Аннотация 

Благодаря  использованию  новых  информационных  технологий  в  учебном  процессе 

информирования  развивающего  обучения,  индивидуально-ориентированное  обучение  с 

реализацией целей обучения направлена на повышение качества и эффективности на всех 

уровнях образовательного процесса. 

Сообщение интенсивных продолжающихся реформ президента в стране и дали новый 

импульс  развитию  системы.  "Экономическая,  социальная  и  политическая  модернизация" 

Это послание направлено принести значительные позитивные изменения в политической и 

экономической  жизни  страны  и  показывает  новые  механизмы  ускорения  работы, 

проводимой в социальной сфере, образования и профессиональной подготовки специалистов, 

определяемых новыми задачами. 

По  словам  Главы  государства  Нурсултана  Назарбаева:  «В  21-м  веке  -  опытный, 

образованный,  конкурентоспособного  будущего".  Это  справедливое  и  чуть  выше  точки 

зрения. Образование для молодых людей, в их сознании будет развиваться только в ценный 

смысл.  Способность  решать  чаяния  молодого  поколения  в  новое  место  обязанность 

профессиональной ответственности каждого учителя в обществе, благородным долгом. 

 

 

Қ

азақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесі  қазіргі  таңда  өзгермелі  және  өскелең 

талаптар  мен  қажеттіліктерді  қанағаттандыра  отырып,  отандық  білім  саласын  әлемдік 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



білім  кеңістігіне  кіріктіруге  бетбұрыс  жасауда.  Бұл  білім  жүйесін  жетілдіру  және  сапалы 

деңгейге  көтеруді  алға  тартады.  Осыған  орай  ғылыми-зерттеу  барысында  әлемдік  озық 

тәжірибелер  мен  отандық  білім  жүйесіндегі  ерекшеліктер  қарастырылуда.  Білімді 

реформалаудың басты міндеті мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес 

деңгейге  көтеру,  жеке  тұлғаның  білім  алу  және  рухани  қажеттіліктерін,  оның 

мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастыру. Адам білім үшін емес, білім алам дегені үшін 

оқу  тәрбие  процесін  ізгілендіру,  ізгілік  принциптерінің  кайта  түлеуі  арқылы  жүзеге 

асырылуы тиіс, сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен 

коғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнатуға болады. Реформаның негізгі бағыттары 

қ

андай болу  керек дегенге келсек: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы 

кезеңі,  білім  берудің  жаңа  мазмұны  мен  технологиясына  көшу,  жеке  тұлғаның  үйлесімді 

дамуына  жағдай  жасайтын  білім  дайындығының  базалық  компонентін  анықтау;  орта 

мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту, жалпы 

орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейімдік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі 

жағдайларына  сай  және  дер  кезінде  бейімделуіне  мүмкіндік  туғызуы;  өз  бетінше  даму 

механизмін қалыптастыру, тағы басқасы болып табылады. Ал реформалау принциптеріне: 

білім берудің қол жетімділігі, әрбір азаматтың ұлтына, дініне, наным сеніміне, әлеуметтік 

шығу  тегіне,  тұратын  жеріне  және  материалдық  жағдайына  қарамастан,  білім  алуға  тең 

құ

кықтылығы, ұлттың және әлемдік мәдениеттің жоғарғы жетістіктерін меңгеруге бағдар 

ұ

станған  білім  берудің  ұлттык  мәдени  және  өмірлік  негіздерін  біріктіру;  білім  беруді 

ізгілендіру мен демократияландыру; білім және тәрбие міндеттерінің жүйелілігі; білім алу 

жолдарының көп нұсқалылығы; жас ұрпақтың дансаулығын сақтау; білім берудің үздіксіздігі 

және  онын  сатыларының  сабақтастығы  жатады.  Қазіргі  білім  беру  реформасына  сай  оқу 

тәрбие  жұмыстарын  жетілдірудің  өзекті  мәселелерін  шешуді  мектептен  бастау  өте 

орынды. Себебі, қазіргі оқушылар келешекте ел тізгінін үстайтын болашақтың барыстары. 

Қ

оғамда  болып  жатқан  саяси  элеуметтік  және  экономикалық  өзгерістер  орта  мектеп 

жағдайында  білім  берудің  қызметіне  жаңаша  қарауды,  бұл  бағыттағы  қол  жеткен 

табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін 

дамытып,  осы  бағыттағы  оқу  процесін  ұйымдастырудың  тәсілдері  мен  әдістерін, 

нысандарын іздестіруді талап етеді. Қазіргі кезеңде алты жасар балаларды мектепте оқыту 

заман  талабына  сай  туындап  отырған  өзекті  мәселе  қоғам  алдында  тұрған  мақсат:  білім 

беру  жүйесін  түбегейлі  жаңарту,  21  ғасырда  жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде 

оқушының  жеке  тұлғасын  дамытуға  байланысты  жаңа  үлгісін  таңдау.  Сонымен  бірге,  бес 

сатылы  100  үздіксіз  білім  жүйесін  кұру  жэне  орта  білім  беретін  12  жылдык  мектептерге 

көшу мәселелері туындалуда. Осыған орай жеке тұлғаның сүраныстары мен мүмкіндіктерін 

ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жалпы 

орта  білім  жүйесіне  құрылымдық  және  білім  мазмұндық  өзгерістер  енгізілуде.  Бүгінгі  күні 

жоғарғы оқу орындарында дарынды студенттерді іріктеп, даярлау қажеттілігі - басы ашық 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



мәселе. Бакалаврды оқытудың базалық бағдарламасы магистратурада оқуын жалғастырғысы 

келетін  әрі  онда  оқуға  қабілетті,  сондай  -  ақ  осының  негізінде  аспирантура  мен 

доктурантура  бағдарламаларын  игере  алатын  дарынды  жастарды  даярлауға  ықпал  етуі 

тиіс.  Қазіргі  таңда  Еуразия  елдерінде  студент  алдағы  диплом  есебіне  оқыған  кезеңінде 

кредиттер  жинақтай  алады.  Кредиттер  жинақтау  студентке  үнемі  біліктілігін 

жоғарылатып отыруға мүмкіндік жасайды. Жаңа жүз жылдыктың басында білім беру жүйесі 

бүкіл  әлем  денгейінде  қоғамдық  дамудың  өлшемі  мен  сол  қоғам  негізін  құрайтын  басты 

тетіктердің біріне айналды.  

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты 

білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын 

педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Қ

азіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті 

күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің 

қ

атарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның 

бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 

құ

ралдарының бірі» деп атап көрсетті. 

ХХІ  ғасыр  –  бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі, 

айналадағы  дүниеге,  адамның  денсаулығына,  кәсіби  мәдениеттілігіне  мұқият  қарайтын 

дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану 

арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра 

отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды 

көздейді. 

Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда  педагогтардың  біліктілігін 

ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  қолдану  саласы  бойынша  көтеру  негізгі 

міндеттерінің біріне айналды. 

Сондықтан  да  бүгіні  күні  сапалы  білім  алу  адамның  рухани  қажеттіліктерінің 

ішіндегі  ең  маңыздысы  болып  отыр.  Сапалы  білім  беру  арқылы  білікті  маман  даярлау 

халыкаралык  білім  кеңістігіне  енуіне  өркениеттілік  белгісі  әрі  заман  талабы  десек,  артық 

емес.  Әлемнің  ұстазы  Аристотель:  «Білім  алушы  жас  жетістікке  жетем  десе,  артында 

қ

алғанды  күту  емес,  алдағыны  қуып  жетумен  айналысу  керек»,  деген  екен.  Елбасының 

Қ

азақстан  халқына  кезекті  Жолдауы  елімізде  жүріп  жатқан  реформалардың  қарқынды  да 

жүйелі  дамуына  айрықша  серпін  берді.  "Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси 

жедел  жаңару  жолында"  атты  бұл  Жолдауда  ел  өміріне  елеулі  оң  өзгерістер  әкелуге 

бағытталған саяси - экономикалык және әлеуметтік саладағы аткарылатын жүмыстарды 

жеделдетудің  жаңа  тетіктері  көрсетіліп,  білім  беру  мен  кәсіптік  мамандар  даярлаудағы 

жаңа міндеттер айқындалады. Бүгінгі күні алдымызда түрған ауқымды міндеттердің бірі - 

сапалы білім беру арқылы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін жасап, жаңаша ойлайтын 

жас  буынды  қалыптастыру.  Осы  орайда  Әбу  Насыр  әл  Фарабидің:  «Білім  мен  тәрбие  жас 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



ұ

рпақтың  кос  канаты»,  -  деген  өнегелі  сөз  ойымызға  оралады.  Жас  жеткіншектерді  еңбек 

сүйгіш,  ата  салтын  сақтай  білетін  ұлтжанды  азамат  болуға  баулудағы  тәрбие  мұратын 

айқындады. Білім сапасы тәрбиемен ұштасқанда ғана ұлт, мемлекет және халық мүддесіне 

қ

ызмет  етіп,  коғам  өзінің  рухани  дамуында  үлкен  серпіліс  жасамақ.  Тәрбие  мен  білім  - 

бірегей, қатар жүретін процесс. Сондықтан жас буынды ұлтжандылықты қалыптастыру - 

жаппай  жаһандану  заманында  ұлттық  үрдістерімізді  сақтап  қалудың  бірден  -  бір  жолы. 

Қ

азақстан  Республиксының  ұлттық  білім  беру  жүйесін  реформалауды  табысты  жүзеге 

асыру барысында студент жастардың жұмысын барлық бағыттар бойынша жандандырудың 

маңызы  зор.  Осы  орайда  жұмыспен  қамту  орталықтармен  бірігіп,  оқу  орнында  жастар 

клубтарын  және  әлеуметтік  қызметке  ұйымдастыруға  ұйытқы  болатын  еңбекпен  қамту 

орталықтарын  кұру,  студенттік  өзін  -  өзі  баскаруды  жетілдіру,  студенттік  ғылымды, 

денешынықтыру,  спорт,  көркемөнерпаздар  жұмысын  дамыту  бағытында  отандық  оқыту 

орындары  арасында  өзара  байланыс  орнататын  уақыт  жетті.  Қазіргі  жас  ұрпақ  өкілдері 

заманның  қозғаушы  күші  -  шын  мәнінде  жастар  екенін  түсінді.  Жастар  саясатының  рөлі 

мен  маңызын  қоғам  да  мойындап  отыр.  Елімізде  жастар  саясаты  туралы  заңның 

қ

абылдануы  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғалуы,  олардың  құқықтары  мен  бостандықтары, 

олардың  жұмыспен  қамтылуы,  жас  отбасыларды  мемлекеттік  қолдау  мәселелері 

айқындалған.  Сонымен  қатар  талантты  жастарға,  мемлекет  тарапынан  жасалатын 

жеңілдіктер  ауқымы  көрсетілген.  Қорыта  айтқанда,  21  ғасырда  білім  беру  жүйесіндегі 

алдағы  оқу  жылы  білім  гранттарының  көбеюі,  әсіресе  техникалық  мамандықтарға  көңіл 

бөлу,  шетелдермен  студенттер  алмасу  сиякты  шаралар  жастарға  жасалатын 

жеңілдіктердің  бір  қыры  ғана  емес,  Елбасымыздың  кемеңгер  саясатының  қисынды  жалғасы. 

Нұрсұлтан  Әбішұлының  сөзімен  айтсақ:  «21  ғасыр  -  білікті,  білімді,  бәсекеге  қабілетті 

жастардікі». Бұл - нағыз әділ де дәл айтылған пікір. Жастарға берілген білім олардың ақыл - 

парасатымен  ұштасқанда  ғана  құнды  болмақ.  Өскелең  өрендердің  жаңалыққа  ұмтылысын 

орынды  бағыттай  білу  -  әрбір  ұстаздың  кәсіби  қызметінің  міндеті,  қоғам  алдындағы 

парызы, абыройлы борышы.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Астана 2005 ж.  

2. XXI ғасыр университетгері: инновациялары, реформалары. Е.Мәмберқызы, 2002 ж.  

3. «Жас алаш», 2004 ж. 21 қазан. 

4. «Егемен Қазақстан» 2005 ж. 4 маусым.  

5. "Бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы тәжірибе мен басым бағыттар". К.Бисенов, 2007 

ж.  

 

 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



МАТЕМАТИКА ПӘНІН  ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ 

Ә

ДІСТЕРІ 

 

Жансүгірова Гүлшат Майлыбайқызы 

Сарысай негізгі мектебі, 

математика пәні мұғалімі, 

Ақтөбе облысы  Шалқар ауданы, 

Қазақстан

 

 

Түйін 

 

Бұл  мақалада математика пәнін оқытудың зертханалық және практикалық әдістері 

қ

арастырылған.Математикалық  ұғымды  меңгерген  оқушы  өз  білімін  практикалық  іс-

ә

рекетінде қолданады деген қорытындыға келген. 

 

 

 

 

Аннотация 

 

В  статье  рассматриваются  практические  и  лабораторные    формы  обучения  на 

уроках математики. Учащиеся, получая  глубокое, прочные знания по математике , должны 

применять эти знания на практике. 

      

 

Қ

азіргі  таңда  мемлекетіміздің  білім беру саласына  қойып отырған талаптарының 

бірі  -    білімді  нәтижеге  бағыттау.  Қазақстан  Республикасы    математика  пәні  

бағдарламасында  математикалық білім берудің  мектептегі  жалпы мақсаты  төмендегідей 

анықталады: 

-практикалық  қызметте    пайдалануға,іргелес  пәндерді    оқып  –үйренуге,білім  алуды 

жалғастыруға қажетті  нақты математикалық білімді  меңгерту; 

-оқушыларды  интеллектуалды  дамыту,математикалық  іс-әрекетке  тән  және  қоғамда 

қ

ызмет  етуге  қажетті ойлау сапасын қалыптастыру; 

-математиканың  идеялары    мен  әдістері  туралы  ,  таным  әдістері    және    нақты  нәрсені 

танып-білу  мен  сипаттау    формасы  ретіндегі    математика  жайлы    түсініктерді 

қ

алыптастыру; 

-жалпы  адамзат    мәдениетінің    бөлігі  ретіндегі    математика  туралы    түсінік 

қ

алыптастыру және оның қоғамдық  прогресс үшін  маңызын  ұғындыру.       

     

Білім игерудің нәтижелілігі  таным процесіне  адамның  әр түрлі  сезім мүшелерінің  

іске  қосылуы    және  нақты      заттар  мен    құбылыстарға    бетпе-бет  келгенде    оны 

сезіну,қабылдауы және көре білу  арқылы артады .  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



     

Математика  сабақтарында    оқушылардың  зертханалық    жұмыс  дағдысын, 

шығармашылық  қабілетін дамыту  тұрғысынан арттыруға болады .  

     

Оқушы қабілеті дегеніміз  оның педагогикалық  ықпал аясындағы   білім алу әрекеті .  

Жеке тұлғаны дамыту ,оқыту  әдістері   оның шығармашылық қабілетінің   дамуына әсер 

етеді . Бұл үшін  оның шығармашылық  ойын дамыту  негізінде  оқуға, өздігінен білім алуға  

ү

йрету  қажет.Сондықтан    ,ең  алдымен    оқушы  даяр  білімді    мұғалімнің  түсіндіруімен 

алатын  дәстүрлі    оқыту  практикасынан  бас  тарту  қажет.  Шығармашылық  үрдістегі  

басты мәселе -  есептің шартынан  оның шешіміне  барар жолдағы  логикалық  алшақтықты  

түйсік  арқылы  жеңу.    Толғандыратын  мәселе  –  (есеп,зертханалық  жұмыс,эксперименттік 

тапсырма және т.б.)   оны толық билеп,күші мен назары соған ауады .  

     

Ү

йрену  мен  үйрету,оқу  мен  оқыту  егіз  жүретін    үрдістер.  Сондықтан  да  

математика дидактикасында  үйрету (оқыту) әдістері мен мен формаларына  үлкен орын 

беріледі.   Оқыту әдістері деп  оқушыларға  математикалық білім,білік және  дағдылардың  

белгілі бір жүйесін  беру тәсілдерін айтады. Оқыту әдістеріне  мұғалімнің  дәрісі, әңгімесі 

,кеңесі,түсндіру,жаттығу түріндегі  өзіндік жұмысты  басқару,оқушының  оқу әдебиеті мен 

жұмысына  әсер етуі және т.б. жатады .  

      

Математиканы  оқыту  формасы  деп  оқу  процесін    ұйымдастыру  тәсілдері 

түсіндіріледі.  Олар  –  сынып-сабақ,сынып-топ,зертханалық  және    практикалық    сияқты 

жалпы    формалар.  Басқа  формалар  ішінен  оқытудың  проблемалық,дара,техникалық  құрал-

жабдықты қолдану жағдайында өтетін  оқу формасын  және т.б. айтуға болады .  Практика  

жүзінде  оқыту әдісі  үйрену мен үйрету  әдістерімен қатар жүреді .    

      

Математиканы      оқып  үйренуде    әр  түрлі  практикалық  және  зертханалық 

жұмыстардың   маңызы зор. Оқытудың  зертханалық  және практикалық әдістері  мектеп 

практикасында  ХХ  ғасырдың    басынан  бастап  қолданыла  бастады  ,олар  оқытудың  жаңа 

ә

дістеріне  жатады.Бұлардың      мектепте  қолданылып  келе  жатқан      ежелгі  формаларына  

сызбалық  жаттығулар,  жер  өлшеу  жұмыстары,модельдеу,есептеу  техникасымен  жұмыс 

істеу және т.б. жатады .  

      

Зертханалық  жұмыстар  өздерінің  көптеген  мақсаттарына    қарай  танымдық  және  

қ

олданбалы    болып  екіге  бөлінеді  .  Танымдық    зертханалық  жұмыс    оқушыларды    жаңа 

математикалық  деректермен  таныстыру  үшін  қолданылады  .Мысалы,  шеңбер 

ұ

зындығының    формуласын  табу  үшін    алдымен    оқушылар    зертханалық  өлшеу  арқылы 

(жіппен)    шеңбер  ұзындығының    диаметрге  қатынасы    шамамен  3,14  (немесе  оған  жақын) 

болатынын ұғынып,С=3,14 гипотезасын алады. 

      

Қ

олданбалы  зертханалық  жұмыстарда  оқушылар    игерген  білімдерін    практикалық 

есептер  шешуге  қолдануға  үйренеді.  Мұндай  есептерге    жер  бетіндегі  өлшеу    жұмыстары  

(геометриялық  денелердің  модельдеріне    жүргізілетін  өлшеулер  ,есептеу  жұмыстары,сандқ 

масштабтар арқылы  картадағы өлшеу  және т.б.) жатады. Оқушылар мұндай  жұмыстар 

туралы есептеулер  жазып,оны мұғалім бағалайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет