Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58

Ә.А. Кешубаева, Б. Ісбек  

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ӛскемен қ., Қазақстан  

 

СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҦЛОВ – ҚАЗАҚ  



СПОРТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 

 

Қазақстандағы  спорттық  журналистиканы  тілге  тиек  еткенде,  оның  негізін 



қалаушы  біртума  азамат  Сейдахмет  Бердіқҧлов  туралы  сӛз  қозғамай  ӛтуге 

болмас.  Спортқа  жаны  қҧмар  ол  журналистикаға  деген  махаббатының 

жетегімен қос саланың басын қосып, нағыз шеберлік ҥлгісін кӛрсете білді.  

1933  жылы  9  мамырда  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданындағы  Қарақастек 

қыстағында  дҥниеге  келген  Сейдахмет  Бердіқҧлов  23  жасында  қазіргі  Әл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ҧлттық  университетінің  журналистика  мамандығын 

бітіріп,  еңбек  жолын  журналист,  шолушы  болудан  бастады.  1965-1970-

жылдары  «Қазақстан  пионері»  (қазіргі  «Ҧлан»)  газетінің  редакторы  болып, 

1986 жылға дейін редакторлық қызметін «Лениншіл Жас» (қазіргі «Жас Алаш») 

газетінде  жалғастырды.  Ал  1994  жылға  дейін  «Жалын»,  «Балауса» 

баспаларының  директоры  болды  [1].  «Жҥрек  ҧйықтауды  білмейді»,  «Жҧмыр 

жерде теңбіл доп», «Аспаннан шҧға жауған кҥн», «Ҥшінші подъезд», «Тҧйғын» 

«Острый  клинок»,  «Круглый  мяч  по  круглой  земле»,  «Рискнем  же,  брат», 

«Гонка»,  «Подъезд  №3»,  «Соколиная  душа  воспарит»  сияқты  бірқатар 

кітаптардың авторы.  

«Қазақстанды шетелге, шетелді Қазақстанға таныстыруда қиялы да, қаламы 



352 

 

да ҧшқыр журналист ретінде тындырған істерін айрықша атауға тҧрарлық жан» 



дегенмен  толықтай  келісемін  [2].  Ол  саналы  ғҧмырын  ҥлкен  спортқа,  оған 

қатысты 


моральдық-этикалық 

мәселлерге 

және 

қазақ 


спортындағы 

жетістіктерді  насихаттауға  арнап,  қазақ  оқырманының  кӛз  алдына  шетелді, 

спорт арқылы-ақ шетелге қазақтай елдің бар екендігін таныстырды. 1966 жылы 

Лондонға, 1970 жылы Мексикаға барып, футболдан Әлем чемпионаты туралы 

жазған алғашқы қазақ болды.  

Қарымды қалам иесінің ӛткен ғасырдың орта шеңінде журналистикаға келуі 

де  бҧйрықпен  болғандай-ақ  екен.  Ол  еліміздегі  спорт  ӛркендеп,  алыптарымыз 

тҥрлі  чемпионаттар  мен  Олимпиядаларда  ӛздерін  әлемге  мойындата  білген 

кезде  жарияланымдарын  тудырды.  Бҧл  екі  жағдайдың  тҧспа  тҧс  келуі: 

Қазақстандағы  спорт  кӛтерілген  кезде  қолына    қалам  алып  жҥрген 

кейіпкеріміздің бақыты ма, әлде спортымыз дамыған кезде оны ӛз дәрежесінде 

бере  білген,  насихаттай  білген  азаматы  бар  спорт  тарихы  бақытты  ма!? 

Біржақты пікір айтудан аулақпын, бірақ спортты да, журналистиканы да дәл ол 

сияқты  сҥйетін  адам  болмаған  шығар,  сірә.  Бҧны  оның  шығармаларын  оқи 

отыра аңғаруға болады.

 

Қазақстандағы спорттық журналистиканың шаңырағын 

кӛтерген  қазақ  спортының  қабырғалы  маманы  ӛз  сӛзінде  де:  «Спорт  – 

намыстың қайрақтасы. Спорт жер жаһанға атынды шығарудағы ҧшқыр, шекара 

атаулыны  біле  бермейтін  ӛнер.  Спортты  жҧрттан  озған  ӛнер  санамасақ  дара 

таңдап, қалам тербер ме едік? Спорттың кез келген жҥрекке, кез келген сезімге 

бағына бермес мінезіне қызығып таңдамадық па?! Адам баласының асылдығы 

осы  спорт  бәсекелері  кезінде  сыналғандай.  Ондай  ӛнерді  тілге  тиек  етуді 

теңдесі жоқ бақыт дер едім» [2].

 

Салтанат 

Смаилова 

«Сейдахмет 

Бердіқҧловтың 

қазақ 


спорт 

журналистикасындағы  қолтаңбасы»  атты  мақаласында:  «Жазушының  ӛмірдегі 

сюжеттерді кәсіби тҧрғыдан мейлінше жетік меңгергендігі байқалады. Ӛйткені, 

ол  ӛз  шығармаларында  спорт  тақырыбын  әр  тҥрлі  аспектіде:  спортшы 

тҧрғысынан  да,  жанкҥйер  тҧрғысынан  да,  қаламгер  тҧрғысынан  да  кӛсіле 

меңгерген суреткер дәрежесіне кӛтерген.  Спорттың сан қилы болмысын, дара 

дара  сҧлулығын  соған  лайық  кӛркемдікпен  жеткізу  –  сирек  ҧшырасатын 

қаламгерлік бақыт»,- дейді [2]. 

Қазақ  журналистикасында  ӛз  мектебін  қалыптастыра  білген  Сейдахмет 

Бердіқҧловтың  шығармаларын  оқи  келе,  оның  ақпаратты  берудегі  тағы  бір 

басқа  да  жаңа  қырын  байқаймыз.  Ондаған  кітаптың  авторы  әрі  журналист 

деректерді  журналистика  жанрлары  кҥйінде  берумен  ғана  шектелмей,  оны 

әдеби жанрда, мәселен, ертегі тҥрінде береді. Сол ертегі кейіпкерлері де ӛмірде 

болған шынайы адамдар. Ол кітаптарында спорт саңлақтары жетістіктерін тың 

тҧрғыда,  жеңіл  де  кӛркем  тілмен  беру  арқылы  есімдерін  тарихқа  қалдырып, 

оқылатындай етті. Ӛз алыптарының абыройын асқақтату арқылы ӛзі де тарихи 

тҧлғаға айналды.  

Қазақ оқырманын спорттың бҥге-шігесімен таныстыруды, спортқа баулуды 

міндеті  санаған  қаламгердің  келесі  дегенінен  оқырман  алдындағы 


353 

 

журналисттік,  редакторлық  борышына  барынша  жауаптылықпен  қарағанын 



кӛреміз.  

-  Қаламгердің  нағыз  ҧстаханасы  саналатын  басылымның  («Лениншіл  Жас» 

газетінде істеп  жҥрген кезде  айтқаны) беделі мен  абыройына  дақ  тҥсірмеуіміз 

керек. Ол ҥшін ӛткір де қызықты, жҧрт кӛкейіндегі мәселелерді жазуымыз тиіс. 

Әсіресе, тікелей жастар ӛміріне қатысты ең ӛзекті, ой салар тың тақырыптарды 

газет  бетіндегі  диспуттар  мен  пікірталастарға  айналдырған  жӛн.  Спорт 

тақырыбына  айрықша  кӛңіл  бӛлуіміз  тиіс.  Жарыстар  кҥнделігі  деңгейіндегі 

майда-шҥйде  ҧсақ  хабар-ошардың  сыртында  бҧған  дейін  кӛтерілмеген, 

жазылмаған  ҥлкен  спорттың  ҥлкен  мәселелерін,  спорт  саңлақтарының 

портреттерін,  ҧлттық  спорт  тҥрлерін,  әлемдік  спорттың  тіршілік-тынысын  әр 

қырынан  тартымды  әрі  тҧшымды  жазуымыз  керек.  Қай  материалды  болсын 

жҧтындырып жазумен бірге, әдемілеп безендіріп, кӛркемдеп, киіндіріп, бірден 

кӛзге  ҧратындай  кӛрсетуге  назар  аударатын  боламыз.  Ең  бастысы,  газеттің 

макетіне  мән  берген  дҧрыс.  Макет  –  ҥлкен  ӛнер.  Макет  дегнеіміз  –  газеттің 

киімі  ғой.  Әдемі  жҥргенді,  әдемі  киінгенді,  сҥйкімді  кӛрінуді  ӛздерің  қалай 

ойлайсыңдар.  Меніңше,  газет  те  солай  –  айшықты,  ішкі  мазмҧнына  сыртқы 

ажары сай болып шықса, нҧр ҥстіне нҧр. Мен айтып отырған ҧстахана кӛрігінің 

шоғы  да,  қызуы  да  еш  бәсеңдемей,  қайнап  жатуы  тиіс,-дейді.  Редакторлық 

қызметін  абыроймен  атқарумен  қатар,  ӛзекті  қоғамдық  тақырыптардың 

барлығында  қалам  тартты.  Мәселен,  қарапайым  бір  шаруаның  кҥнделікті 

тірлігін  сипаттау  арқылы-ақ  келер  ҧрпақты  отансҥйгіштікке  тәрбиеледі.  Ӛзі 

редактор  болған  газеттердегі  тақырыптардың  ашылуы  арқылы  қоғамдық  пікір 

мен  пікірталас  тудыруға  тырысты.  Қатаң  сыннан  ӛткізіп  барып  жҧмысқа 

қабылдаған  қоластындағы  әр  журналисттің  бойына  журналисттік  қасиеттерді 

ҧялатуға  тырысты.  Ал  шәкірттері  ол  туралы  «Бір  ғасырда  бір-ақ  рет  туатын 

редактор»  деп,  оның  журналисттік  мектебінің  шәкірттері  болғандықтарын 

мақтанышпен  еске  алады.  Сейдахмет  Бердіқҧловтың  мектебінен  ӛтпегеннен 

жақсы  спорт  журналисті  шығу  екіталай.  Ал  Бердіқҧлов  мектебі  –  кітаптары, 

жарияланымдары.  Одан  аттап  ӛтуге  болмас.  Бҧл  жӛнінде  Мҧхтар  Қҧл-

Мҧхаммед былай дейді:  «Бір кереметі, мен Сейдахмет ағаны кӛрген де емеспін, 

еңбек  майданында  да  жолықпаған  екенмін...  Бірақ,  Сейдахмет  аға  маған 

бейтаныс  емес.  Ол  кісінің  бейнесін  де,  бейнетімен  орнатқан  шығармашылық 

тауын  да  маған  нҧсқаған  ағаның  ӛзі  жазған  кітаптары,  аңызға  айналған 

қайраткерлік  қадамдары.  Сейдахмет  ағамыз  да  жанында  шырағы  бар 

Жаратушының мейірімі тҥскен ҧл болған секілді...» [3]. 

Дара ҧлдың сіңірген еңбегі қалайша бағаланбасын. Қазақстан Республикасы 

Министрлер  Кабинетiнiң    1994  жылғы  2  желтоқсандағы  №1363-і  «Жазушы 

Сейдахмет  Бердiқҧловты  мәңгi  есте  қалдыру  туралы»  қаулысына  сәйкес  кӛзі 

тірісінде  спорт  журналисті  тҧрған  Алматы  қаласының  Фурманов  кӛшесiндегi 

152-шi ҥйге мемориалдық тақта орнатылып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, 

Ҧзынағаштағы  мектепке  С.Бердіқҧлов  есімі  берілді.  Дәл  осы  қаулыға  сәйкес, 

спорт  пен  дене  тәрбиесi  туралы  озық  жарияланымдар  мен  озық  спорт 

журналисттеріне жыл сайын С.Бердiқҧлов атындағы сыйлық беріліп, сондай-ақ, 


354 

 

20  жыл  қатарынан  журналисттер  арасында  жыл  сайын  шағын  футболдан 



С.Бердіқҧлов  турнирі  ӛтіп  тҧрады.  Оның  нәтижесі  спорт  журналистінің  туған 

кҥні  болған,  9  мамыр  кҥні  шығады.  Ал,  С.Бердіқҧлов  атындағы  сыйлыққа  ие 

болу жас таланттар ҥшін де, шеберлік шыңына жеткен есімі алты алашқа әйгілі 

спорт  журналисттері  ҥшін  де  ҥлкен  кәсіби  жетістік  болып  саналатын  қҧрмет. 

Бҧл  –  сенің  кім  екендігіңді,  неге  тҧратындығынды  кӛрсететін,  дәрежең  мен 

жылдар бойғы еңбегіңнің нәтижелігін кӛрсететін жҥлде. 

Осылайша,  Сейдахмет  Бердіқҧлов  Қазақстандағы  спорт  тақырыбына 

алғашқы  болып  сескенбей  кіріп,  батыл  қадамдар  жасауы  арқасында  артына 

ӛшпес мҧра қалдырды. Мәнді де сәнді ӛмір сҥре білген қаламгердің ӛзі де ҥлгі, 

шеберлігі  де  ҥлгі,  ӛмірі  де  ҥлгі.  Оның  сіңірген  еңбегі  қараша  жадында  мәңгі 

қалмақ. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 

Қазақстан  жазушылары:  Анықтамалық  /  Қҧрастырушы:  Қамшыгер  С., 



Жҧмашева Қ. – Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009. 

2.

 



Смаилова  С.  Сейдахмет  Бердіқҧловтың  қазақ  спорт  журналисти-

касындағы қолтаңбасы. // ҚазҦУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2010. - 

№1. - Б.145-147. 

3.

 



Жанат Е. Бердіқҧлов мектебі (асыл аға, ардақты ҧстаз туралы сыр 

ҧшқындары) // Жалын. - 2013. - №4. - Б.34-44. 

 

 

ӘОЖ 821.512.122.09 



 

Ж.Қ. Мырзабекова, А.Қ. Сейпутанова 

С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

ҚАНИПА БІТІБАЕВА - ЖАҢАШЫЛ ҦСТАЗ, ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМ 



 

Қазақтың  Хан-апасы»  атанған  ардақты  да  аяулы  ҧстаз,  жаңашыл  тәлімгер, 

жҥрегі  ҧлтым  деп  соққан,  қазағының  тілі  мен  әдебиетін,  ділін  ту  еткен, 

шәкірттерінің  бойына  халқымыздың  бар  игі  қасиетін  сіңіре  білген  ҧлағатты 

педагог,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мҧғалімі,  КСРО  Мемелекеттік 

сыйлығының  лауреаты,  Қазақстан  Республикасы  педагогика  ғылымдары 

академиясының  академигі  Бітібаева  Қанипа  Омарғалиқызы  ӛмірден  озғанына 

сенгің келмейді.  

Жаңашыл  ҧстаз    ӛзінің  45  жылдық  педагогикалық  еңбегінде  120-дай 

ғылыми-әдістемелік мақала, 40 шақты кітап жазып, білім беру технологиясына 

ӛзіндік жаңалықтарын енгізіп, ҧрпағына мәңгі ӛшпес сара жол салып кетті  [2, 

8]. 


Әдіскер-ғалым  жаңашыл  ізденістерімен,  әдебиетті  оқытудың  тың, 

инновациялық  технологиясымен  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесін, 



355 

 

технологиясын 



дамытуға 

айрықша 


ҥлес 

қосты. 


Белгілі 

ғалымдар 

Ә.Қоңыратбаев,  А.Ы.Кӛшімбаевтардан  кейінгі  жазған  "Қазақ  әдебиетін  оқыту 

әдістемесі"  атты  оқулығы  бҥгінде  республиканың  жоғарғы  оқу  орындарының 

студенттері мен оқытушыларының қолында. Алғашқылардың бірі болып Абай 

мен Мҧхтар шығармаларын оқытуға арналған іргелі еңбектер жазды [3, 2]. 

Кӛлемді де қҧнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен 

әдебиеті  пәні  мамандары    арасында  қолданылып  келе  жатқан  15 

монографиялық  еңбектің  авторы.  «Әдебиетті  оқытудың  тиімді  жолдары»,  «М. 

Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», 

«Абай  және  Әуезов  ҥндестігін  оқыту»,  «Абайды  таныту»,  «М.  Әуезов 

мектепте»,  «Әуезовті  оқыту  әдістемесі»  шығармалары  республика  мҧғалімдер 

қауымынан  қызу  қолдау  тапқан.  Сонымен  қатар    6    оқу  курсының    авторы 

болып  табылады.  Олардың  қатарында  «Абай  мектепте»,  «10-11  сыныптарда 

қазақ  әдебиетін  тереңдетіп  оқыту»,  «М.  Әуезовты  оқыту»  атты  кітаптары  бар. 

Аталған кітаптар  облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде  негізгі оқулық  

ретінде    тҧрақты  тҥрде  оқытылып  келеді.  Республикалық  ғылыми-

педагогикалық    журналдарда  жарияланған    50-ден  астам  ғылыми-әдістемелік 

мақалалардың,  "Оқушыларды ғылыми зерттеу жҧмысына баулу" атты оқулық 

дәптерінің,  "Қазіргі  кезең  әдебиетін  тереңдетіп  оқыту"  және  "Бір  ғылымнан 

басқаның" атты оқу-қҧралдарының авторы болып табылады [5]. 

Қанипа  Бітібаева  ӛзінің  әдістемелік  еңбектерінде  білім  беру  ісінде  бҥгінгі 

кҥнде ӛзекті  болып саналатын тӛмендегі мәселелерге ерекше назар аударды: 

1)

 



Білім концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, мақсаттарды 

анықтау, толықтыру, оның барлығын жеке тҧлғаны дамытуға бейімдеу. 

2)

 

Шығармашылық тҧлға қалыптастыру ҥшін тҧжырымдама жасау. 



3)

 

Оқушы білімін дҧрыс бағалау. 



4)

 

Ҧлттық менталитетімізді оқушы санасына сіңдіру. 



5)

 

Әлемдік  стандартқа  сай  білім  мазмҧнын  байыту,  жетілдіру  мақсатында 



инновациялық технологияларды енгізу, оларды жҥзеге асыру [4, 20]. 

Тәжірибеден  тҥспей,  жауыр  еткен  жаттандылық,  таптаурын  болған  сҧрақ-

жауап,  репродуктивтік  әдістер  ҧстаз  тәжірибесінде,  еңбегінде  кездеспейді.  Ол 

оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге кӛтеру жолдарын ҧсынды. 

Кӛзбе-кӛз әңгіме, ойлы сҧхбат, пікір еркіндігі, білімді оқушының ӛз еңбегімен 

алуына  жағдай  жасау,  оқу  жҥйесін  тереңдете  беру,  оны  игертудің  тиімді 

жолдарын  іздеу  -  ҧстаздың  басты  ҧстанымы.  Әдіскер  ҧстаздың  әдебиетті 

оқытудағы  ҧстанымы  ойлау,  ой  тастау,  ойланту,  бір  шешімге  келу 

пәлсапасынан тҧрады. Ой тастау - ҧстаз тарапынан, ойлау - шәкірт тарапынан, 

ойланту  –  (ойлауы  жетіспей  жатқан  оқушыға  тҥрткі  жасап,  ойлантуға  алып 

келу) ҧстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан алма-кезек ӛріліп 

отырады. 

Бҧл  технологияда  әдеби  айтыс,  пікірлесу,  диологиялық  әңгіме,  проблема 

шешу, іздену сияқты ӛнімді әдіс-тәсілдерге бару – басты шарт. Ҧстаздың жаңа 

сабақ тҥсіндіру технологиясы сҧрақ-жауап, пікірлесу, сҧхбат әдістерімен қатар 

оқушылардың  ӛз  бетімен  ізденуіне,  зерттеу  жҧмысына  негізделеді.  Жобалау, 



356 

 

модель жасау, оқушыларды ӛз беттерімен жаңа ӛнім жасауға бағыттау  – ҧстаз 



технологиясының  ең  негізгі  алтын  діңгегі.  Оның  барлығында  оқушы  жеке 

тҧлға, дара субъект ретінде қабылданады. 

«Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен кӛксерлік  болса,  сонда  ғана оның 

аты  Адам  болады»  деген  ҧлы  Абай  сӛздерін  басты  ҧстаным  еткен  ҧстаз, 

«Ғылым  таппай,  мақтанба»,  «Болмасаң  да,  ҧқсап  бақ,  бір  ғалымды  кӛрсеңіз» 

деп, дарынды шәкірттерін ғылым-білім нәрімен сусындатты.  

Қ.Бітібаеваның  әдіскерлік  шеберлігінің    тағы  бір  ерекшілігі,  оқушылар 

сабаққа ӛздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ҧстаз диагностика, болжам 

ҥшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы  – субъектінің еркіндігіне жол 

ашады, оқушының да, ҧстаздың да іс әрекеті тҥпкілікті нәтижеге қол жеткізудің 

ӛнімді еңбегіне айналады.  

Бҧл  туралы  ҧстаздың  ӛзі  былай  дейді:  «Мақсатым  –  сабақты  қызу  еңбекке 

қҧру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді ӛз 

еңбегімен  алушы  (білімді  ӛз  еңбегіне  қарай  алушы)  дәрежесінде  қатыстыру. 

Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, кӛркем шығармаға деген 

ӛз  кӛзқарасы,  эстетикалық  талғамы  қалыптасып  келе  жатқан  азаматтар.  Сол 

себепті  де  оларды  сабақта  ҥнемі  іздендіріп  отыруды  мақсат  етемін».  Бос 

отыратын,  сабаққа  селқос,  тек  орындаушы,  тек  дайынды  қайталап  айтушы 

оқушы болмайды. Ҧстаз да, оқушы да жаңаны іздеуші, табушы, бірліктегі одақ 

деңгейіндегі еңбек етуші дәрежесінде болады [1, 12].   

«Біздің бҥгінгі кҥні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, 

мәдениетті  дамыта  білетін,  біздің  жолымызды  ары  қарай  жалғастырып, 

жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол ҥшін біз тілімізді - ҧлттық қазына, 

ал әдебиетімізді – ӛнер деп оқытуымыз қажет», - дейді ҧстаз. 

Жаңашыл  ҧстаз  әдебиетті  "ӛмір  сабағы,  ӛнер  сабағы,  ой  сабағы,  ойлану 

сабағы" – деп біледі. Ол ӛзінің әр сабағын кішігірім ӛнер туындысы дәрежесіне 

кӛтеруді  мҧрат  еткен  ҧстаз.  Қанипа  Бітібаева  ӛткір  ойы,  батыл  пікірі,  оқу 

тәрбие  процесін  жетілдіруде  тың  серпіні  бар,  шығармашылық  зертханасы 

қалыптасқан ӛте іскер жаңашыл мҧғалім.  

Қазіргі  кҥнде  оның  шәкірттерінің  ішінен  шамамен  3  ғылым  докторы,  18 

ғылым  кандидаты,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  бірнеше  мҥшесі  шығып 

отыр.  Олардың  қатарында  Жанат  Әскербекқызы,  Тоқтарбек  Қамзин,  Ермек 

Дайырбаев,  Қҧралай  Омар,  Азамат  Тасқара,  Қҧрманбаева  Шынар,  Картаева 

Айжан  т.б.  сияқты  әдебиетшілер,  «Шабыт»  фестивалінің  бас  жҥлдегерлері, 

«Дарын»  мемлекеттік  жастар  сыйлығының  иегерлері  болған  дарынды  жастар 

бар [5]. 

Кӛзі  тірісінде  аңызға  айналып,  «Қазақтың  Қанипасы»  атанып,  халқының 

қҧрметіне  бӛленген  ҧстаздың  жҥрген  жолы,  кешкен  ғҧмыры,  ҧлт  мҥддесі 

жолындағы елеулі еңбегі біз ҥшін ҥлгі-ӛнеге болып қалары анық.  

Әдебиеттер тізімі 

1. Оразбаева Ф. Ой салу - ҧстаздан, ойлану - шәкірттен. Егемен Қазақстан. 

2005. 15 желтоқсан. 



357 

 

2. Саханқызы С. Қазақтың Қанипасы - ҧстаздардың анасы. Жҧлдыз. 2013, 14 



сәуір. 

3. Баттал Р. Болмысы бӛлек тҧлға. Дидар. 2008, 21 маусым. 

4.  Абишева  А.  Қ.  Бітібаеваның  жаңа  білімді  меңгерту  технологиясын 

сабақта қолдану. Кәсіптік мектеп. Профессиональная школоа. №2 (38), 2010. 

5. Интернет: http://imena.pushkinlibrary.kz/kaznames/uchbitabaevakz.htm 

 

 



ӘОЖ  821.512.122.09 

 

Н.Д. Нұртаева, А.Қ.Сейпутанова  

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ – ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ РЕНЕССАНСТЫҚ ТҰЛҒА 



 

Рымғали  Нұрғали  кӛрнекті  әдебиеттанушы,  филология  ғылымдарының 

докторы, 

профессор, 

ҚР 

ҰҒА-ның, 



Халықаралық 

ақпараттандыру 

академиясының  академигі.  Ғалымның  әдебиеттану  саласына  қосқан  үлесі 

ауқымды да ӛзектірек. 

«Рымғали  Нұрғали  -  жаңа  замандағы  ренессанстық  тұлға.  Еуразия  ұлттық 

университеті  атын  иемденген  Гумилев  бір  адамның  суырылып  алға  шыққан 

үрдісін «пассионарлық» деп атаған. Ол адам қоғамның үлкен интеллектуалдық 

күштерін  ӛзімен  бірге  ертіп  әкетеді.  Оның  артынан  ӛркениеттің  дүмпуі  орын 

алады.  Егер  біз  ежелгі  Мысырдың,  я  болмаса,  кӛне  Қытайдың  тарихын  алып 

қарасақ,  ондай  қоғамдық  құбылыстарды  кӛптеп  кӛре  аламыз.  Мысалы, 

Эсхилдың, Еврипидтің, Софоклдың трагедиялары бүкіл драмматургияны, оның 

ішінде  трагедия  жанрын  адам  баласы  бұрын-соңды  білмеген  биігіне  кӛтерді. 

Әлі күнге дейін олардың шығармалары әлемнің ең үздік театрларында адамзат 

ақыл-ойының асыл қазынасы ретінде қойылып жүр. Міне, сол сияқты қазақтың 

ақыл-ойында  осындай  үлкен  қозғалысты  жасаған  ұлы  Абай  болды.  Сол 

Абайдың  туған  топырағында  Рымғали  Нұрғали  дүниеге  келген.  Оның 

феноменін және ренессанстық тұлға ретіндегі құпиясын осы топырақтан іздеу 

қажет» - дейді М.Құл-Мұхаммед [1]. 

Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  қай  саласында  да  академик  Рымғали 

Нұрғалидың ғылыми қолтаңбасы бар. Оның қазақ әдебиеттану ғылымына жаңа 

сарын  әкелгені  туралы  жазылуда.  Ал  ұлағатты  ұстаздың  қарастырылмай  келе 

жатқан  бір  қыры  -  қазақ  еліндегі  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының 

қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі. 

Салыстырмалы әдебиеттану ғылымын зерттеп жүрген бірер ғалымдар оның 

қазақ топырағындағы негізін салушысы М.Әуезов екенін айтады [2].  «Алайда, 

негізін  салу,  іргетасын  қалау  деген  сӛз,  қалай  дегенмен  де  сол  ғылымды 

қалыптастырды, дамытты, ӛркендетті деген сӛз емес. Ӛйткені «негізі қаланған» 

дүниенің  жалғасы  болмаса,  іргетасы  қаланған  құрылыстың  үстіңгі  қабаттары 



358 

 

салынбаса,  онда  ол  шаруа  істелінбегенмен  пара-пар  деген  сӛз.  Осы  реттен 



келгенде қашан да, қайда да «негізі қаланды» деп мақтанудың реті болмас еді. 

Мақтану  былай  тұрсын,  әлгі  «негіз  қалаушының»  еңбегі  далаға  кеткен,  желге 

ұшқан  болар  еді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  басталған  істің  жалғасын  тапқаны, 

іргесі  қаланған  дүниенің  шаңырағы  кӛтеріліп,  керегесін  жайғаны  мұрат  емес 

пе?! Ал сол ұлы Мұхаңдар (М.Әуезов) XX ғасырдың 30-40-жылдарында негізін 

қалаған  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымы  қазақ  елінде  50-ші  жылдардан 

кейін  мүлде  сұйқыл  тартып,  сұйылып  барды  да,  араға  жарты  ғасырдай  уақыт 

салып,  тек  тәуелсіздіктен  кейін  ғана  ғылым  ретінде  орнығып,  қалыптаса 

бастады.  Оның  осынша  кешеуілдеп,  кенжелеп  қалуының  әрине,  ӛзіндік 

себептері  болмай  қалған  жоқ.  Ең  басты  себептердің  бірі  ретінде  кеңестік 

кезеңде  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымына  «буржуазиялық  ғылым»  деген 

айдар  тағылып,  оны  арнайы  қарастырудың,  әдеби  зерттеу  тәсілі  ретінде 

жандандырудың мүмкіндігі болмағандығын айтуға болар еді. Екінші бір себеп, 

ұлттық  республикалардағы  ақын-жазушылардың  бәрін,  жаппай  «ҧлы  орыс 

қаламгерлерінің, орыс әдебиетінің шекпенінен шыққан» деген таным бел алды 

да, «салыстырмалы әдебиеттану ғылымы» тұрғысынан кім не жазса да, осы бір 

идеяны  ғана  «тиянақтауға,  дәлелдеуге»  мәжбүр  болды.  Әрине,  біз  бұл  арада 

«қазақ  әдебиетіне  орыс  әдебиетінің  игі  ықпалы  болған  емес,  орыс 

қаламгерлерінен нәр алған, үлгі-ӛнеге алған ақын-жазушы болған жоқ» деуден 

аулақпыз. Тіптен осы бағыттағы «ықпыл-әсерді, ӛзара үлгі-ӛнегені» зерттеудің 

ӛзі  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының  бір  бұтағы,  бір  тармағы  ғана 

болатын.  Яғни  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының  ӛзі  «ықпалдастық 

теориясы»  және  «параллель  зерттеу  теориясы»  деп  жіктелетін  болса,  кеңестік 

идеология осындағы тек «ықпалдастық теориясына» ғана жылы қабақ танытып 

келді. Оның ӛзінде бұл теория жоғарыда айтқанымыздай тек бір бағытта, яғни 

одақтас  республикалардан  шыққан  қаламгерлердің  тек  «ҧлы  орыс 

қаламгерлерінің, орыс әдебиетінің шекпенінен шыққандығын» «дәлелдеу» ҥшін 

қызмет етуі керек болды» [3] - дейді әдебиеттанушы, зерттеушілер. 

Салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының  теориясы  бар  да,  сол  теория 

негізінде  нақтылы  шығармаларды  салыстыра,  салғастыра  қарастыру  бар. 

Академик 

Р.Нұрғали 

қазақтың 

белгілі 


бір 

ақын-жазушысының 

шығармашылығын  ӛзге  елдің  белгілі  бір  қаламгерімен  арнайы  салыстыра 

қарастырмағанымен,  салыстыра,  салғастыра  зерттеу  тәсілін  әр  кезеңдегі 

еңбектерінде  тұщымды  пайдаланып  отырған.  Бұның  ӛзі,  бір  жағынан,  қазақ 

еліндегі  салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының  қалыптасуы  мен  ӛркен 

жаюына игі ықпал етіп отырған болса, тағы бір жағынан, қазақ фольклорының, 

әдебиеті  мен  ӛнерінің,  акын-жазушыларының,  бір  ауыз  сӛзбен  айтқанда  қазақ 

руханиятының  әлемдегі  «менмін»  деген  әдебиеттердің  ешқайсысынан  кенже 

қалып  жатпағанын  дәлелдеу,  соған  ӛзіміздің  де,  ӛзгенің  де  назарын  аудару, 

кӛзін жеткізу. Тегінде салыстырмалы әдебиеттану ғылымы кез-келген ел үшін 

осындай қадір-қасиетімен құнды, қажетті дейтін болсақ, бүгінгідей жаһандану 

заманында,  қазақ  елі  үшін,  қазақ  руханияты  үшін,  оның  ғаламдық  рухани 

кеңістіктен ӛз орнын берік иеленуі үшін де сондай құнды, қажетті ғылым. Ал 



359 

 

академик  Рымғали  Нұрғалидың  артында  қалған  ғылыми-зерттеу  еңбектерін 



қарап  отырғанда,  оның  аталған  ғылымның  қазақ  әдебиеттану  ғылымы  үшін 

кӛкейкескестілігі  мен  қажеттігін  ту  ертеде-ақ  аңғарып,  сол  жолда  біраз 

байыпты еңбектер жасап кеткенін аңғару қиын емес.      

Осы  тұста  мысал  келтіре  кетейік.  «Ғалым  жалпы  театр  тарихы,  орта 

ғасырлардағы  грек-рим  жұртының  театры  мен  драмматургиясы  туралы  айта 

келіп:  «Типологиялық  жағынан  «Дель арте»  театры  қазақтың  айтысына ұқсас. 

Қазір айтыс тек фольклордың бір нұсқасы ретінде ғана зерттеліп жүр. Асылы, 

айтыс ӛнері ұлттық драма мен театрдың ежелгі үлгісі ретінде тексерілуі керек» 

[4, 34 б] - дейді зерттеуші Рымғали Нұрғалиұлы ӛз еңбегінде. 

Тұжырымнан  оқырман,  сахналық  қойылым  үлгісінің  қазақ  топырағындағы 

тарихы  да  арыда  жатқанын  аңғарады,  жай  аңғарып  қана  қоймайды,  туған 

халқының рухани байлығымен марқаяды, мақтанады. Негізінде отансүйгіштік, 

ұлттық  патриотизм  тәрбиесі,  міне  осындай  ұлттық  мақтаныштарды  ұрпақ 

санасына сіңіруден басталмақ. 

Ал тағы бір еңбегінде академик Р.Нұрғалиұлы Мұхаңның (М.Әуезов) драма 

саласындағы  талантын,  еңбектерін  жан-жақты  қарастыра  келіп,  оны  әйгілі 

Шекспирмен шендестіреді. Бұл шендестіру әрине, тек туған халқына деген, ӛз 

халқының  талантына  деген  сүйіспеншіліктен,  бүйрегі  бұрудан  туған,  сезімнің 

жетегінде айтыла салған жеңіл-желпі әсер емес, керісінше ғылыми сараланған, 

салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымы  тұрғысынан  жіті,  жүйелі  қарастырылып 

барып айтылған дәйекті байлам. «Мұхтар «Еңлік - Кебегінің» сюжеті негізінен 

халық  аңызының  бұрынғы  әңгіме,  поэма  түрінде  келген  нұсқаларының 

іргесінен тарайды. Екі ел арасындағы нақты болған оқиғаның драма материалы 

екенін ұғыну - жас қаламгердің жазушылық кӛрегендігін аңғартады. Бұл ретте 

Әуезов Шекспирді еске түсіреді. 

«Салыстырмалы  әдебиеттану  ғылымының  кӛбірек  ден  қоятын  тағы  бір 

ауқымды  саласы  -  кӛркем  аударма.  Әрине,  кӛркем  аударманың  сапасы  мен 

кӛркемдік  деңгейін  аударма  теориясы  немесе  аударма  ғылымы  арнайы 

зерттейді. Ал салыстырмалы әдебиеттану ғылымы аударылған шығарманың сол 

тілдегі  ақын-жазушылардың  шығармашылығына  қалай  ықпал  еткенін,  сол 

әдебиетке  нендей  тың  тыныс,  жаңа  леп  әкелгенін,  сол  арқылы  әдебиеттер 

арасындағы,  мәдениеттер  арасындағы  ықпалдастықты  қарастырады.  Кӛркем 

аударманың қажетгігі де, оны зерттеудің кӛкейкестілігі де осы қырынан кӛбірек 

аңғарылады.  Яғни  кӛркем  аударма  мәселелерін  қарастырғанда  сыңар  бағытта, 

бір жақты,  яғни  тек  әдеби  тұрғыдан, я болмаса  лингвистикалық жағынан  ғана 

үңілу,  зерделеу  мүлде  жеткіліксіз.  Ондай  зерделеу  әрі  кеткенде  аударманың 

сапасын  кӛтеруде  белсенді  рӛл  атқаруы  мүмкін,  алайда  мәдениеттер 

арасындағы  ӛзара  алмасулар  мен  сіңісулерді,  адам  баласының  «ақыл  ауыс, 

ырыс  жұғыс»  дейтін  ұлы  тұғырнамасын  ашуда,  түсіндіруде  орашолақтық 

танытады.  Сондықтан  салыстырмалы  әдебиетгану  жүйесіндегі  аударма 

мәселелерін  зерттеу  барысында  мәдени-лингвистикалық  зерделеу  тәсілінен 

гӛрі,  әдеби  әдістерді  қолдануға  молынан  орын  берілетіні  содан.  Академик 

Рымғали Нұрғалидың да кӛркем аударма мәселесіне кӛбірек осы салыстырмалы 


360 

 

әдебиеттану  аспектісіндегі  ұғым  тұрғысынан  ден  қойғаны  байқалады.  Бұл 



туралы  ғалым  ӛз  пікірін  былай  ӛрбітеді:  «Қазақ  әдебиетіндегі  соңғы 

жылдардағы  жақсы  кұбылыстың  бірі  -  әлем  ӛнеріндегі  үздік  туындылардың, 

классиканың  жүйелі  аударылуы.  Абай  творчествосында  зор  дәстүрі  жасалған 

бұл  тәжірибенің  қазір  мемлекеттік,  жоспарлы  шаруаға  айналуы  қуантады.  Әр 

ғасырда,  әр  жұртта  жасалган  асыл  дүниелердің  ана  тілімізде  сӛйлеуі 

байлығымызға  байлық  қосады,  әсіресе  жас  буын,  кейінгі  ұрпақты  жан-жақты 

эстетикалық  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді,  профессионалдық  тұрғыдан 

алғанда,  қазақ  әдебиетінің  интернационалдық  дәстүрлерінің  баюына  ықпал 

жасайды»  [5,  114б].  Бұл  тұста  ғалым  қазақ  әдебиетінің  реалистік  кең  арнаға 

түсуіне едәуір әсер еткен фактордың бірі ретінде аударманы кӛреді. 

Сӛздің  осы  тұсында,  «академик  Р.Нұрғалидың  салыстырмалы  әдебиеттану 

ғылымына тек ӛзінің ғылыми-зерттеулеріне ғана мән беріп, оқыған дәрістерінде 

ғана  кӛңіл  аударумен  шектелмей,  сонымен  бірге  Нұрлы  астанамыздағы 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  жанынан  қазақ  әдебиеті 

және  салыстырмалы  әдебиеттану  мамандығы  бойынша  диссертациялық  кеңес 

ашып, сол кеңеске басшылық жасағаны, сол кеңесте еліміздің түкпір-түкпірінен 

келген кӛптеген жас мамандарды салыстырмалы әдебиеттану саласы бойынша 

қорғатқанын»  -  айта  кеткен  жӛн.  Біздің  бұл  сӛзімізді  ҚР  ҰҒА  академигі  Ж. 

Әбділдиннің  Р.Нұрғали  туралы:  «Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті жанындағы филология ғылымдарының докторы дәрежесін беретін 

Диссертациялық кеңес (2001-2008 жж. тӛрағасы) құрып, оның тӛрағасы болды. 

Бұл  кеңесте  қазақ  әдебиеті,  салыстырмалы  әдебиеттану  (Қазақстанда  тұңғыш 

рет) мамандықтары бойынша Атырау, Ақтау, Арқалық, Қызылорда, Жезқазған, 

Тараз,  Талдықорған,  Семей,  Ӛскемен,  Павлодар,  Қарағанды,  Солтүстік 

Қазақстан  облыстары  жоғары  оқу  орындары  үшін  ғылым  кандидаттары  мен 

докторлары дайындалды» [6] - деген пайымдауы одан сайын толықтай түспек. 

Сӛзімізді  қорыта  келе  айтарымыз,  академик  Р.Нұрғалидың  салыстырмалы 

әдебиеттану  ғылымына  ерекше  мән  беруі  тегін  емес.  Салыстырмалы 

әдебиеттану  ғылымы  -  қай  елдің  болмасын  рухани  жаңғыруының  негізгі 

арнасы.  Жаһандану  кезеңіндегі  біздің  жас  мемлекетіміз  үшін  оның  қажеттігі 

орасан  зор.  О  бастағы  негізін  М.Әуезов  қалаған,  бертін  келе  академик 

Р.Нұрғали  қалыпты  ғылым  деңгейіне  кӛтерген  салыстырмалы  әдебиеттану 

ғылымы  аясында  бүгінде  елімізде  әдеби  байланыстар,  генетикалық  һәм 

типологиялық  байланыстар,  кӛркем  аударма,  сапарнама,  имагология,  әдебиет 

пен  кино,  музыка,  кӛркем  сурет  секілді  ӛнердің  ӛзге  де  түрлері  арасындағы 

қатынастардың мәселелері зерттеле бастады. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 



ҚазАқпарат. – Астана, 2010ж., 1 маусым. 

2.

 



М.Маданова,  М.Әуезов  —  основоположник  сравнительного  литературо 

ведения в Казахстана // Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті.  — Алматы: Қазақ 

университеті, 1999ж.-3226. 

3.

 



14Әбдікұлы Т. Алаш идеясы және Рымғали // Егемен Қазақстан. – 2011. – 

12 ақпан. 



361 

 

4.



 

Нұрғали  Р.    Арқау.  Екі  томдық  шығармалар.  2  том.  Телағыс.  Қазақ 

революциялық поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1991. -576 б. 

5.

 



Қирабаев. Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. 4-кітап. –Алматы: Жазушы, 

1976. -296 б. 

6.

 

Академик  Р.Нұрғалңдың  ғылыми  мектебі.  //-  Астана:  Еуразия 



университеті, 2010 ж. 

 

 



ӘОЖ 811.512.122‘1 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет