Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет37/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58

Д.Б. Бағдатова, К.К. Еңсебаева  

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

КӚРКЕМ МӘТІНДЕГІ ТІЛДІК ТҦЛҒА МЕН ТАНЫМ БІРЛІГІ 



 

Тіл  дегеніміздің  ӛзі  кҥрделі  танымдық  ҥдерістің  маңызды  бӛлшегі  болып 

табылатындықтан,  зерттеушілер  әр  тҥрлі  тілдік  бірліктерді  когнитивтік 

семантика,  концептілік  талдау,  ҧлттық  таным  ҧғымдарымен  сабақтастыра 



334 

 

зерделеп  келеді.[1,  137  б.].  Ӛйткені  тілдік  амалдар  адамдардың  эмоциясын  ғана 



білдіріп  қоймайды,  сонымен  қатар,  айтушының  қҧбылыс,  дҥние  туралы 

кӛзқарасын,ӛзіндік пікірін, бағалауын жеткізіп отырады. 

Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін 

меңзегенінше,  кӛңілдің  тҥйгенін  тҥйгенінше  айтуға  жарау.  [2,  242  б.].  Абстракт 

кеңістігіндегі «қазыналарымыз» яғни, ақыл, қиял, кӛңіл дҥниені, болмысты дҧрыс 

танып,  зерделеп,  жҥйелеп,  бір  қалыпқа  салып,  тілге  жеткізетін  тізбектер  деп 

тҥсіну  қажет.  Қазіргі  кезде  танымдық  тіл  білімінің  бірліктері  Ахмет  заманында 

«концепт», «фрейм» деп ғылыми терминмен аталынбаса да, тілдің танымдық мәні 

сол кезде де зерттеліп жҥргенін байқауға болады. 

Кейінгі  жылдары  танымдық  тіл  білімі  саласында  «тілдік  тҧлға»  мәселесі 

кеңінен  сӛз  бола  бастады.  Қазіргі  лингвистикалық  зерттеулер  ӛз  нысанын 

адаммен байланыстыра бастады. Сондықтан тҧлғаны оның тілінен бӛліп қарауға 

болмайды. 

Тілдік тҧлға дегеніміз- ҧлт тілінің табиғатын терең таныған, ондағы әрбір сӛз 

бен  сӛз  тіркестерінің  тура,  ауыспалы  және  астарлы  мағыналарын  дәл  тҥсінетін, 

тілдік емес мәнбірлерді тілдік мәнбірлермен ҧштастыра алатын адам. Тілдік тҧлға 

мәтінді ӛзі жасауға және тҥсінуге, тҥсіндіруге қабілетті адам. Ол ҥшін әлгі адам 

ҧлттық  қҧндылықтарды,  этномәдени  мәнділіктерді,  ҧлт  тілін,  ҧлт  мәдениетін, 

ҧлттың салт дәстҥрін жақсы білуі, жете меңгеруі тиіс. Дҥниетанымы, білім қоры 

мол болуы да міндетті. [3, 213 б.] 

Қазақ тіл білімінде тілдік тҧлға мәселесін зерттеген Ф.Терекованың «Языковая 

личность 

К.К.Жубанова», 

Г.Е.Имашеваның 

«Міржақып 

Дулатҧлы 

шығармаларындағы 

«Ғаламның 

тілдік 

бейнесі», 



Ф. 

Қожахметованың 

«Тҧрмағанбет  Ізтілеуов  тілдік  тҧлғасының  дискурстық  сипаты»,  Ш.Ниятованың 

«Махамбеттің  тілдік  тҧлғасы»,  Г.Ә.  Мҧратованың  «Абайдың  тілдік  тҧлғасы: 

дискурстық талдау мен концептуалды жҥйесі» атты еңбектерін атап ӛтуге болады. 

Тілдік  тҧлға  қҧрылымын  сатылы:  философиялық,  яғни  тіл,  интеллект  және 

қоршаған  орта;  психологиялық:  семантикалық,  танымдық  және  прагматикалық 

деңгейлерден тҧратын қҧрылымдық жҥйе ретінде сипаттауға болады. Осылардың 

ішінде  танымдық  деңгейде  белгілі  бір  этномәдени  ҧжымның,  яғни  ҧлттың 

дҥниетанымдық  білімі  мен  ҧғымы  кӛрінісі  қҧрайды.  Бҧл  кӛрсетілген  жҥйенің 

жалпылық  сипатта  болатындығын  айтып  кеткен  жӛн,  ӛйткені  осы  деңгейлердің 

дамуы    мен  тілдік  тҧлғада  кӛрініс  табуы  әр  адамда  әр  тҥрлі  дәрежеде  дамып, 

тҥрліше сипатта болады. Ал тілдік тҧлғаның мазмҧнына келсек, оны қҧндылықтар 

жҥйесінен  тҧратын  дҥниетанымдық,  мәдени  және  жеке  тҧлғалық  компоненттер 

қҧрайды. Сӛйтіп тілдік тҧлға ҧлттық тҧлға ретінде қарастырылады. [4 , 11б.] 

С.Мҧратбековтың  «Жабайы  алма»  повесінде  Қарақаншық  жайында 

балалардың  арасында  рас  ӛтірігі  аралас  толып  жатқан  аңыз:әңгімелер  де  бар, 

кейде  бірімізден  біріміз  білгішсініп  асып  тҥсу  ҥшін  сол  әңгімелерді  жарыса 

айтатынбыз:  Қарақаншықтың  анасы  қыран  бҥркіт  пен  қҧмай  тазыдан  туған 

желқҧйын  тҧйғын  екен,  кезінде  бҧл  тӛңіректе  жортқан  тӛрт  аяқты  аңнан  аң 

қоймапты,қолтығында  қанаты  болған  кӛрінеді....(С.М.)  Автор  мҧндағы  қыран 

бүркіт,  құмай  тазы,  желқұйын  тұйғын  тәрізді  тіркестерді  қолданып,  оларды 


335 

 

балалар  арқылы  жеткізіп  отыр.  Қазақы  дәстҥрге  тән  мҧндай  сӛздердің  бала 



санасында берігіп орын алуы оңай дҥние емес. Бҧл да ҥлкен тәрбие.  

Кӛркем  шығармада  кейіпкер  табиғатын,  болмысын  ашуда  диалогтың  маңызы 

зор.  Бҧл  жазушының  когнитивтік  танымы  мен  талғамына,  шеберлігіне 

байланысты.  

- Әй, әнең қараңдар, Қарақаншықты! 

- Ой, байғҧс -ай, тірі екен-ау! 

- Кӛкінай, Кӛкінай! Кә, кә!  

Диалог  кҥнделікті  қолданыстағы  қарапайым  сӛздерден  қҧралған.Мҧнда  бала 

психологиясындағы аяушылық, жанашырлық сезімін кӛруімізге болады.  

Мен  мойныма  су  кеткендей  сүмірейіп,  кейін  қайттым,-  деген  кішкентай 

Қанаттың сӛзіненкейіпкер психологиясы мен танымын тҧрақты тіркестер арқылы 

шебер суреттеуін айқын аңғарамыз. 

Фразеологизмдер  арқылы  кейіпкер  тілінің  сӛз  байлығын,  әсіресе,  балалар 

тілінің  тілдік  қолданыс  ерекшелігін  дәл  беруде  С.Мҧратбековтың  стильдік 

ҧстанымы,  баланың  ӛскен  ортасына  тән  сӛз  саптау  мәнерін  ерекше  талғаммен 

беруі қаламгердің шеберлігін танытады.

 

Дҥниенің  тілдік  суретінде  қоршаған  дҥниені  бейнелеуінің  басты 



ҧстанымдарының  бірі  антропоцентристік  ҧстаным  екенін  айта  кеткен  жӛн,  яғни 

«тілдік дҥние  суреті объективті дҥниенің қҧрамдас бӛлігі ретінде адамның да ӛзін 

қосатын  тілде  кӛрініс  табуы».Осы  ҧстаным  тҧрғысынан  тілді  антропоцентристік 

бағытта зерттеу деп- тілді сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, оның ақыл 

ойымен,  парасатымен,  дҥниетанымымен,  философиялық  кӛзқарасымен,  ҧлттық 

мәдениетімен байланыстыра зерттеуді ҧғуға болады. Себебі, тіл дҥниені бейнелеп 

қана  қоймайды,  сонымен  бірге,  ол  адамның  танымы  мен  білімінде  ӛзінің 

қолтаңбасын,  ізін  қалдырады.  Яғни,  дҥниенің  тілдік  бейнесін  жасайды.  [3,  149 

б.]Дҥниені тілдік бейнесі  әр тҥрлі бірліктер арқылы жҥзеге асады. 

Соның  ішінде  ең  негізгісі  –  концепт.  Концепт  -  дҥниені,  әлемді,  ақиқат 

болмысты (шындықты)адам миында (санасында) бейнелейтін когнитивтік бірлік. 

Ол  кез  келген  ҧжымның  дҥниені  танып  білуінен  қалыптасады.  (кӛк  кітап.)  Тіл 

біліміндегі  «концептің»  «ҧғымнан»  басты  айырмашылығы  соңғысында 

энциклопедиялық  ақпарат беріледі,  яғни  «концепт»  «ҧғымнан»  кең  мағынаға ие. 

«Ҧғым»  ғылыми  білімнің  нәтижесін  білдірсе,  «концепт»  сӛздіктегі  мағынамен 

қатар,  «алғашқы  формасы  (этимологиясы),  басты  тарихи  белгілерін  ғана 

қалдырып, ӛте ықшам формасын, қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын» 

жинақтаған  кӛпқабатты  қҧрылым.  Демек,  концепт  ҧғымдық  ақпараттан  басқа 

психологиялық,  этимологиялық,  прагматикалық,  мәдени  ақпараттарды  да 

білдіреді.  А.Ислам  концептіге  мынадай  анықтама  береді:  «Концепт  дегеніміз- 

этномәдени  санада  сақталған,  белгілі  бір  ҧлттың  ҧрпақтан  ҧрпаққа  берілетін 

ықшам  әрі  терең  мағыналы  шындық  болмыс,  ҧлттық  мәдени  қҧнылықтар 

жӛніндегі сан ғасырлық тҥсінігін білдіретін қҧрылым. 

Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол 

ҧлттық  ерекше  дҥниетанымды  тҥсінуде  басты  компонент  болып  саналады. 

Сонымен,  концепт  дегеніміз-  этномәдени  санада  сақталған,  белгілі  бір  ҧлттың 



336 

 

ҧрпақтан  ҧрпаққа  берілетін  ықшам,  әрі  терң  мағыналы  шындық  болмыс,  ҧлттық 



мәдени қҧндылықтары жӛніндегі сан ғасырлық тҥсінігін білдіретін қҧрылым.  

Мысалы  «Туыс»  концептісі.  Туыс  деп  қаны,  тегі,  туыстығы  жағынан  бір 

бірімен  байланысып  жатқан  адамдар  тобын  айтады.  Бҧған  қазақ  халқындағы 

барлық  туыстық  атаулардың  барлығы  кіреді.  Немесе  тірек  атауды  бір  сӛзбен 

«Мен»  немесе  «Ӛзім»  деп  те  атауға  болады.  «Туыс»  концептісінің  қҧрамына 

кіретін Ата, Ана, Бала деген ҧғымдардың ӛздері де ӛз алдына жеке жеке концепт 

бола алады. Бҧдан шығатын қорытынды: концепті ҥлкен және кіші концепт болып 

бӛлінеді екен. Екі концептіге де ортақ нәрсе олар ҧлттық, мәдени концептуалды 

ҧғымдарды  білдіреді.  Ал  айырмашылықтары  ҥлкен  концептідегі  тілдік 

бірліктердің саны, синонимдік, омонимдік қатарлары, фонетикалық, лексикалық, 

грамматикалық  тҧрпаттары  кӛп  болса,  кіші  концептінің  ауқымы  оған  қарағанда 

әлдеқайда шағындау, ықшамдырақ болады.  

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  кӛшпелі  ӛмірдің  қаймағы  іріп,  Орыс 

отаршылдығының Тарбағатай тӛсіне де қанды шеңгелін салып, Қытаймен таласа 

тармаса  тас  бауырына  баса  бастаған  кезде  дҥниеге  келген,  Тарбағатай  тауының 

етегінде,  қарт  Ертіс  жағасындағы  Толағай  тӛбенің  баурайында  талант  дарыған 

ӛзіміздің жерлес ақынымыз Әрімжан Жанҧзақҧлы «Ата тегім» ӛлеңінде халқына 

ӛзін  таныстыру  барысында  ҥлкен  ата-  бабасынан  бастап  таратып,  айтып  береді. 

(Жанҧзақҧлы Ә.) 

Ҧранымыз  - бес Саты, алты Жҧмық, 

Сӛйлеткен бҧлбҧл қҧстай алыс жуық. 

Отырған жан тыңдаңдар қҧлақ салып, 

Бір  азырақ  сӛйлейін  ата  қуып,  -  деп  :  ҥлкен  атасының  Жҧмық,  бергі 

атасыСаты,  Ер  Дәулетбай,  одан  кейін  Кӛтеш  батыр,  бесінші  атасының  Айбас, 

алтыншы  атасы  -  тӛрт  тҥлігі  сай  болған  Шыңан  бай,  әкесінің  бҧлбҧл    болған 

Жанҧзақ  деп  егжей  -  тегжейлі  дҥйім  жҧртқа  зор  мақтанышпен  жеткізеді.  Яғни 

мҧның барлығы «туыс» концептісін қҧрайтын ҧғымдар.  

Концептіде  ҧлттық  ерекшелік,  ҧлттық  мәдениет  кӛрініс  табуға  тиіс.  Мҧндай 

ерекшеліктерді қайдан кӛруге болады? 

Біріншіден,  оны  концептінің  атауынан  таба  аламыз.  Ӛйткені,  әр  ҧлттың  тек 

ӛзіне ғана тән, басқа ҧлттарда кездеспейтін концептілері болады. Мәселен, қазақ 

тілінде:  Қара  шаңырақ,  Отау,  Жайлау,  Дала  т.б.  ;  орыс  тілінде:  Руский  лес, 

Метель, Рождество т.б. 

Ал, Әрімжан Жанҧзақҧлы  ӛлеңдерінің негізгі ӛзегі - ел мҧңы, жер мҧңы, туған 

жерге  деген  сағыныш,  ӛскен  елдің  тоз  тоз  болған  тағдыры.  Ақынның  «Болғанда 

пенде  мейман,  дҥние  керуен,  Келеміз  ырғағында  бір  кеменің»  -  деп 

жырлағанындай  ,  «дҥние»  концептісін  ҧтымды  қолданған.  «Қазақ  зары»  атты 

ӛлеңінде: 

Ӛмірге талай жан келді, 

Бірі ерте, бірі жай. 



Ауыспалы дүние, 

Біреу кедей, бірі бай,  - деп бҧл дҥниенің  адамзатқа қатысты айтып тҧр. Яғни 

біреу болмаса біреу ерте ме, кеш пе бҧл дҥниеде қонақ болатынын, ӛзінің орнын 

біреу  басатынын,  дҥние  атты  кеңістіктің  адамзат  тҧрағы,  мекені  деп  кӛрсетеді. 



337 

 

Адамына  қарай  заманы  да  белгілі  болып  отыратыны,  сонымен  қатар  дҥниенің 



алма кезек ауысып отыратынын ауыспалы дҥние деген тіркеспен береді. Немесе: 

Дүние деген серуен

Адам бір кӛшкен керуен. 

Ӛмірдің кӛріп талайын, 

Асасың асқар белінен, -деп жырлайды. 

Сонымен, таным туралы айтқанда ең алдымен ойлау мен тілдің байланысына, 

олардың  арақатынастарына  соқпай  ӛте  алмаймыз.  Ӛйткені  танымның  басты 

қҧралы  ойлау  мен  тіл.  Ойлау,сана  дҥниені  танытады,  тіл  оны  таңбалайды.  Сол 

таңбалардың  арқасында  алдыңғы  ҧрпақтың  сан  ғасыр  бойы  жиып,  жадында 

сақтаған,  тәжірибелері  мен  білімдері  кейінгі  ҧрпаққа  жеткізіледі.  Кейінгі  ҧрпақ 

әлгі дҥниені тіл арқылы таниды. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Оразалиева  Э.  Когнитивтік  лингвистика:  қалыптасуы  мен  дамуы. 

Ғылыми монография. –Алматы:Ан Арыс , 2007. – 311 б. 

2.

 

Байтҧрсынҧлы  А.  Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері.  –  Алматы:  «Абзал  –



Ай», 2013. – 637 б. 

3.

 



Қалиҧлы Б. Тіл білімінің жаңа бағыттары: концепт, прагматика, дискурс, 

мәтін. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. - 245 б. 

4.

 

АйбаршаИ  .Ҧлттық  мәдениет  контексіндегі  дҥниенің  тілдік  суреті. 



//Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу ҥшін дайындалған 

диссертация авторефераты//. - Алматы, 2004.-50 б. 

5.

 

Жанҧзақҧлы  Ә.  Дҥние  керуен:  ӛлеңдер,  дастандар.  -  Алматы  :  «Толағай» 



2006, - 335 б.  

6.

 



Мҧратбеков С. Жабайы алма: повесть. -Алматы: Ан Арыс,2010.-397 б. 

 

 



ӘОЖ 398(= 512.122) 

 

А.К. Беркинбаева 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР 



 

Стереотип  дегеніміз  –  әр  тҥрлі  әлеуметтік  және  этникалық  топтарға  тән 

мифологиялық-фольклорлық ойлаудың бір тҥрі. Этностың, яғни, ҧлттың ӛзіндік 

ерекшелігі, ғаламдағы орны, дҥниетанымы. 

Этникалық стереотип-қандай да бір этностың және оның ӛкілдері арасында 

ӛздері  жайында  немесе  ӛзге  ҧлттар  жайында  қалыптасқан  тҧрақты  ҥйреншікті 

бейнесі.  Этникалық  стереотиптер  мынадай    ҧлттық  қағидалар  негізінде  пайда 

болады:  ӛз  ҧлтының  тарихи  және  заманауи  тҧрмыс-тіршілігіне  қатысты 



338 

 

пайымдаулары,  ой-пікірлері,  кӛзқарастары,  сондай-ақ,  аталмыш  этнос 



мҥшелерінің басқа да халықтармен ӛзара қарым-қатынасы. 

Этникалық 

стереотиптер 

– 

әртҥрлі 



ҧлттар 

мен 


этностық 

қауымдастықтардың

  ӛкілдеріне  тән  моральдық,  ақыл-ой,  дене  кҥші  қасиеттері 

туралы біршама орнықты тҥсініктер. Этникалық стереотиптердің мазмҧнында, 

әдетте,  кӛрсетілген  қасиеттер  туралы  бағымдаушылық  пікірлер  жинақталған. 

Бҧған қоса, этникалық стереотиптердің мазмҧнында сол ҧлт ӛкілдеріне қатысты 

іс-қимыл жӛнінде нҧсқамалар да болуы мҥмкін.  

Этникалық  стереотиптер 

автостереотиптер

 және 


гетеростереотиптер

 

деп 



сараланады. 

Гетеростереотиптер,  яғни  басқа  халықтар  туралы  бағамдаушылық 

пайымдаулар  жиынтықтары  бҧл  халықтардың  қарым-қатынастарының  тарихи 

тәжірибесіне  байланысты  жағымды  да,  жағымсыз  да  болуы  мҥмкін.  Мысалы, 

мынадай  мақал-мәтелдер    гетеростереотиптерге  мысал  бола  алады:  «Қазақ 

қартайса,  тҥйе  бағады,  қарақалпақ  қартайса,  томар  қазады»[6;222],  «Татар  бар 

жерде  қатер  бар»[6;304],    «Орыспен  дос  болсаң,  балтаң  сайлаулы 

болсын»[6;225],  «Қазақ  пен  қырғыз-киіз  туырлық»,  «Дҥңген  жҥзге  жетсе  де,-

кҥзге  жетпейді»[6;316],  «Қырғыздың  қырық  жылдық  сорпасы  аузыңды 

кҥйдіреді»[6;250],  «Қалмақ  жҥрген  жерде  салмақ  бар»[6;225],  «Тҥрікпен  тӛрін 

бермес»[6;319],  «Қазақ  мал  танымаса,  сарт  май  танымас»[6;222],  «Ӛзбек  ӛз 

ағам»[6;225],      «Бҧл  мақалдар  қазақ  халқының  кӛршілес  халықтар  жайлы 

қарапайым  тҥсініктерін  жинақтаған,  әрі  кейінгі  ҧрпаққа  олармен  қарым-

қатынас  жасаудың  «дайын  халықтық  моделі»  ретінде  ҧсынылған.  Әрине  бҧл 

стереотиптер  барлық  халықтарға  тән  стереотиптер  тәрізді  этноцентристік 

сипатқа  ие.  Кейбірінің  («Ӛзбек  ӛз  ағам»,  «Қазақ  мал  танымаса,  сарт  май 

танымас»)  негізі  болғанмен,  басым  бӛлігінің  белгілі  бір  негізсіз,  ҥстірт 

айтылғандығы,  барлық  жағдайларда  ақиқат  бола  бермейтіндігі  («Қырғыздың 

қырық  жылдық  сорпасы  ауыз  кҥйдіреді»,  «Татар  бар  жерде  қатер  бар», 

«Орыспен дос болсаң, балтаң сайлаулы болсын») аңғарылады» [3]. 

Автостереотиптер  –  бҧл  халықтың  ӛзіне  берген  бағасы,  пайымдаулары,  ӛз 

бейнесін сомдауы . Автостереотиптердің мақсаты- патриоттық сезімдерді ояту, 

ҧлтжандылыққа тәрбиелеу. Осы мақсатта тарихтың қойнауына еніп, халықтың 

шынайы  және  ойдан  шығарылған  қаһармандарын  ҥлгі  етіп  кӛрсетеді,  жас 

ҧрпақты  батыр  бабаларына  еліктеуге  шақырады.  Мәселен,  «Ҧлым  батыр 

болсын десең, найманнан қыз ал», «Найман-елдің еркесі, керей-елдің серкесі», 

«Уақтан  ҧл  туса,  ағашқа  кҥн  туады»  т.б.  Автостереотиптер  -  осы  этностық 

қауымдастыққа  оның  ӛзінің  ӛкілдері  тән  делінетін  пікірлер,  пайымдаулар, 

бағамдаулар.  Әдетте,  автостереотиптерде  жақсы  деген  бағамдаулар  кешені 

болады. 


Осындай этникалық стереотиптерге мысал бола алатын мақал-мәтелдер, сӛз 

тіркестері, тҧрақты тіркестер, қара сӛз, ӛлең тҥріндегі пайымдаулар халық ауыз 

әдебиетінде  кӛптеп  кездеседі.  Жазу-сызу  болмаған  кезде  халық  арасында 

ауызша таралып, дҥйім жҧртты тамсандырған аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, 



339 

 

тарихи  жырлар,  ертегілер  мен  шешендік  сӛздер,  тҧрмыс-салт  жырлары,  айтыс 



ӛнері – бҧлардың барлығы халық туындылары. 

Этникалық  стереотиптертің  мазмҧнындағы  біршама  тҧрақты  негізді  -  осы 

халық  ӛкілдерінің  сырт  келбеті  туралы,  оның  тарихи  ӛткені  туралы,  ӛмір 

салтының ерекшеліктері мен еңбек машықтары туралы тҥсініктер кешенін және 

осы  халықтың  коммуникативтік  және  моральдық  қасиеттері  туралы  бірқатар 

ӛзгермелі  пайымдауларды  саралай  білу  керек.  Бҧл  сапалық  қасиеттерді 

бағамдаулардың  ӛзгергіштігі  ҧлтаралық  және  мемлекетаралық  қарым-

қатынастардағы жағдайлардың ӛзгермелілігімен тығыз байланысты, Этникалық 

стереотиптердің  шындық  болмысқа  сәйкес  болуы  неғайбыл.  Одан  да  гӛрі 

этникалық  стереотиптер  халықтардың  қарым-қатынасының  бҧрынғы  және 

қазіргі,  жағымды  не  жағымсыз  тәжірибесін,  әсіресе  бҧл  халықтар  неғҧрлым 

белсенді қарым-қатынас  жасаған салалардың  (сауда, 

ауыл  шаруашылығы

 және 


т.б.) тәжірибесін бейнелейтінін есте ҧстаған жӛн [4].

 

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты 



екіншісінен  ажыратуға  мҥмкіндік  беретін  ортақ  белгілері  бар  қауымдастық. 

"Этнос"  ҧғымы  әлі  кҥнге  бірыңғай  тҥсіндірілмейді.  Кең  мағынада,  "этнос" 

ҧғымын  кӛпшілік  зерттеушілер  барлық  дәрежедегі  этникалық  жҥйелер 

жиынтығы ретінде тҥсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ҧлт және т.б.). Алайда, 

кейбіреулер  (Л.Н.  Гумилевтан  кейін)  оны  негізгі  жҥйе  ретінде  қарастырады 

(субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.). 

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ҧғымына анықтама берген 

М.  Вебер:  "Этнос  -  мҥшелері  сыртқы  бейнелерінің,  әдет-ғҧрыптарының 

ҧқсастықтарына  қарай  немесе  ортақ  отаршылық  не  кӛші-қонды  басынан 

ӛткерген  тағдырлас  тарихына  қарай  ӛздерінің  шығу  тектерінің  бір  екендігіне 

сенетін  топ".  Бҧдан  кейін  де  кӛптеген  зерттеушілер  этносқа  аумақ,  тіл,  дін 

ортақтығының  негізінде  ӛзінше  анықтама  беруге  тырысты.  Алайда,  Л.Н. 

Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген 

этносқа қолданыла бермейді, мҧнымен бірқатар зерттеушілер келісті. 

Этнос  ең  алдымен,  мәденитілдік  қауымдастық.  Этностың  пайда  болуында 

аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып 

табылады.  Саяси  кеңістіктің  ортақтығы  мен  халықтың  әлеуметтік  және 

шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рӛл атқаратыны сӛзсіз. 

Этникалық  ҧйысудың  басты  тетігі  салт-дәстҥр,  әдет-ғҧрып  тҥрінде  мҧраға 

қалатын  мәдениет  болып  табылады.  Этникалық  қауымдастық  мағынасындағы 

этнос  ретінде  кӛбіне  бірыңғай  атауы,  ортақ  мәдениет  элементтері  бар, 

тағдырлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық 

танытатын адамдар тобын атауға болады. 

Л.Н.  Гумилевтің  этносқа  берген  анықтамасын  келтірсек,  «этнос  –  табиғи 

негізде  ӛзіндік  тәртіп  стереотиптері  негізінде  қалыптасқан  адамдар  ҧжымы 

және  жҥйе  ретінде  ерекше  комплиментарлық  сезім  негізінде  ӛзіне  ҧқсас 

жҥйелерге  қарама-қарсы  қоятын  қауымдастық»  дейді.  Демек,  адамдар 

ҧжымының  ҧстанатын  тәртіп  стереотиптері  тек  бірігіп  ӛмір  сҥру  барысында, 

яғни,  тіл  бірлігі,  мәдениет,  территория,  материалды  және  рухани  ӛмір 


340 

 

тҧтастығы  негізінде  қалыптаспақ,  осының  барлығы  ҧлт  ҧғымының  негізін 



қҧрамақ [2;12 б.].  

Этникалық  стереотиптер  этнопсихологияның  бір  тармағы  ретінде 

карастырылады. 

Этнопсихология  -  [грек,  ethnos  -  ру,  тайпа, халық]  -  әлеуметтік және  саяси 

психологияның  қҧрамдас  бӛлігі;  адамдар  психикасының  этникалық 

ерекшеліктерін,  ҧлттық  мінез-қҧлқын,  ҧлттық  сана-сезім  қызметі  мен 

заңдылықтарын,  этникалық  стереотиптерді  зерттейтін  пәнаралық  бағыт. 

Ҧлттық  психологиядағы  бастысы  "ҧлттық  рух"  деп  қараған  М.Лаңарус  пен 

Х.Штейнталь  (

1860


)  "халықтар  психологиясы"  мектебінен  бастау  алады  [4].  

XX  ғ.  басында  бҧл  идеяларды  В.Вундт  "халықтар  психологиясында" 

жалғастырды.  Қазіргі  этнопсихология  тақырыбы  тҧрғысынан  да,  әдістері 

жағынан да біртҧтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады: 

а)  жалпы  және  әлеуметтік  психологиямен  байланысты  психофизиология, 

когнитивті  процестер,  жадында  сақталған,  кӛңіл-кҥй,  сӛздің  этникалық 

ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу; 

ә)  этнографияның,  фольклористиканың,  ӛнертанудың  бӛлімдерімен 

байланысты  символдық  әлем  мен  халық  мәдениетінің  қҧндылықты 

бағдарларын мәдениеттанулық зерттеу; 

б)  топаралық  қатынастарды,  ҧстанымдарды,  стереотиптерді  зерттейтін 

әлеуметтік 

және 

саяси 


психологиядан 

алынған 


әдістер 

мен 


тҧжырымдар,тҥсініктемелерді пайдаланып этникалық сана-сезімді зерттеу

в)  әлеуметтендірудің  этникалық  ерекшеліктерін  зерттеу,ӛйткені  ҧлттық 

мәдениет  мәні  мен  этносты  қҧрайтын  индивидтер  ерекшеліктері  бір  емес, 

мәдениеттанулық  және  психологиялық  зерттеулердің  арасында  қашан  да 

алшақтық болады. 

Саяси  психология  этнопсихологияны  зерттеудің  біртҧтас  нысаны  ретінде 

негізгі деңгей  ҧлттың психологиялық қалпы болып табылады. Негізгі деңгейі - 

ҧлттық  сана-сезім  қалыптасатын  ҧлттық  мінез-қҧлық  және  оның  саяси  іс-

әрекетте кӛрініс табуы. 

Сонымен  этникалық  стереотиптер  дегеніміз  –  халықтың  ой-санасында 

тҧрақталып, ҥйреншікті қалыпқа тҥскен образдар жиынтығы. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 

 Чернявская  Ю  .  Народная  культура  и  национальные  традиции.  Глава  1. 



Что такое этнос? 

2.

 



Белова  О.А.  Социологическое  иследование  этнических  стереотипов  // 

Вестник  учебно-методического  обьеденения  вузов  России  по  образованию  в 

области  социальной  работы:  журнал.-  М.:  Издательство  РГСУ,  2009.-№1.- 

С.187-197 (0,4 пл.). 

3.

 

Келгембаева Б.Б. Қазақ фольклорындағы этникалық стереотиптер. 



4.

 

Жантану  атауларының  тҥсіндірме  сӛздігі.  -  Алматы:  "Сӛздік-Словарь", 



2006. -384-бет. 

5.

 



У. Липман «Public Opinion» 1922 ж. 

6. Бабалар сӛзі. - Астана : Фолиант, 2011. 68-т. 



341 

 

УДК 821. 512. 154. 09 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет