А.Д. Сағиолданова, А.М. Картаева
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Ӛскемен қ., Қазақстан
МҦХАР ӘУЕЗОВТІҢ АБАЙТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҒЫЛЫМИ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау негізіне айналған абайтану
ғылымының қалыптасуына, абайтанудың дербес ғылым саласына кӛтерілуіне
академик М.Әуезовтің сіңірген еңбегі ӛлшеусіз. Ол осы ғылыми зерттеу
377
саласының кең мағынасында негізін салды, зерттеудің бағыт-бағдарларын,
принциптерін анықтады, абайтанудың жҥйелі, біртҧтас ғылыми концепциясын
жасады.
«Бҧл тҧста атап айтатын нәрсе – дейді академик З.Ахметов: Мҧхтар
Әуезовті ойша жасанды концепция, қағида туғыза салуға бейім тҧратын, кейбір
жоқ жерден жаңалық ашуға ҧмтылатын зерттеушілердің қатарына қоюға еш
болмайды. Оның мәселені ҧзақ жылдар бойы егжей-тегжейлі, жан-жақты да
терең тексеріп алып, соның негізінде ғана ҥлкен қорытынды-байламдар айтуды
дҧрыс деп санайтынын осы абайтану саласындағы зерттеулерінен анық
аңғарамыз», - дейді [1, 65 б.].
Абай мҧрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге М.Әуезов Қазан
тӛңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ қызу араласа бастаған еді. Әрі
М.Әуезовтің Абай ӛмір сҥрген ортада туып, жастайынан ақын
шығармаларымен таныс болып ӛсуінің де белгілі дәрежеде мәні бар. Ӛйткені,
ол сол дәуірдің ірілі-ҧсақты оқиғаларын, ҧлы ақын туралы ел арасындағы сан
қилы әңгімелерді ой дҥниесіне тоқи жҥргендіктен, Абай ӛмірінде кездескен кӛп
оқиғалардың сырын Абай мҧрасын зерттеушілердің кӛбінен әлдеқайда жетік
білді. Бҧл жағдай Абай мҧрасын жинап зерттеудегі М.Әуезовтің орасан зор
еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді.
Алғаш рет «Абай» журналында ақын мҧрасы жайлы жазылған мақала,
деректерімен кӛрінді. «Абай» журналы М.Әуезовтің қаламының ысылып,
адымын ашқан басылым болып табылады. 1922 жылы «Шолпан» журналында
жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген нағыз зерттеушілік
тҧрғыдан жазылған мақаласында Абай мҧрасы жайлы алғаш рет теориялық
негізде батыл барлау жасады. «Осы дәуірдің ӛзінде-ақ шығармаларын жақсы
тҥсінуші, ол мҧра туралы мағлҧматы молы да Мҧхтар Әуезов деген қоғамдық
пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мҧрасының сырын терең ғылыми
тҧрғыдан білу керек деген тҧжырымды ойға да ол осы тҧста келген сияқты.
Ӛйткені 1922 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір
таласын тудырған кӛлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың ӛмірі туралы
естеліктерді Абайға байланысты әр тҥрлі дерек кӛздерін жинастырып жҥрген
жас талап Мҧхтарды кӛреміз», - дейді белгілі абайтанушы ғалым
М.Мырзахметҧлы [2, 76-77 б.]. Қоңыр деген бҥркеншік атпен жарияланған бҧл
мақалада М.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, негізгі бағытын
кӛрсетеді.
Бҧл кезеңде Абайдың әдеби мҧрасы туралы талас-тартыстың етек алуына
байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мҧра ретінде қабылдау керек пе, әлде
жоқ па деген сҧрақтар туа бастады. Қоғамды тапқа бӛлу, таза пролетариат
мәдениетін жасауға ҧмтылу – тҧрпайы социологиялық танымды тудырды.
30-жылдардағы ҧлы ақынның әдеби мҧрасы маңында болып ӛткен пікір
таласында орын алған әралуан кӛзқарас тҧрғысынан пікір айтқандардың ішінде
Мҧхтар Әуезов пен профессор Қҧдайберген Жҧбановтың еңбектері айрықша
орын алады. Ӛйткені дәл осы жылдары Абайдың әдеби мҧрасын бағалауда
тҧрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік кӛзқарастар ӛріс алып
378
отырғанда, осы қым-қуыт қайшы пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған
еңбек М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен Қ.Жҧбановтың «Абай
қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы –
абайтану саласындағы ой-пікірде соны қҧбылыс ретінде қабылданды.
Абайды 1909 жылғы тҧңғыш ӛлеңдер жинағынан кейінгі осы кҥнге дейін
жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен академиялық басылымдары
М.Әуезовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен, басшылығымен
шығарылып келеді. Әсіресе, осы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі
қазақ халқы ӛзінің ҧлы ақыны Абай шығармаларымен тҧңғыш рет жете
танысып білуіне мҥмкіндік алған 1933 жылғы тҧңғыш жарияланған толық
жинақ ақын мҧрасын танып-білуде орасан маңызы бар мәдени қҧбылыс.
«Мҧхтар Әуезов 1924 жылы Ленинград университетінде оқып жҥрген
кезінде Семейдегі жаңа ҧйымдастырылған қазақ педагогикалық техникумына
қазақ әдебиетінен дәріс оқу ҥшін арнайы шақырумен келеді. Ол туған елге
оралысымен-ақ ҧстаздық, ғылыми-творчестволық, әлеуметтік жҧмыстарға қызу
араласып, бар ынта-жігерімен беріледі. Мҧхтар Әуезов қазақ педагогикалық
техникумында қазақ әдебиетінен дәріс бере жҥріп, Абайдың тҧңғыш толық
жинағын
қҧрастыруға
бар
кҥшін
жҧмсады.
Абайдың
Мҥрсейіт
қолжазбаларында қамтылмаған, бірақ ел аузында сақталып қалған ӛлеңдерін
хатқа тҥсіріп, қайта тірілтті. Дәл осы жылдары ҧлы ақынның тҧңғыш ғылыми
ӛмірбаяны да жазыла бастады», - дейді М.Әуезов мҧрасын зерттеуші ғалым-
жазушы Т.Жҧртбай [3, 240 б.].
30-жылдардың ішінде Абай мҧрасын зерттеуге арналған М.Әуезов
қаламынан туған еңбектер ақын мҧрасының әр саласын сӛз етіп, кӛп қырынан
танытқанымен, негізінен, екі тҥрлі мәселені ерекше кӛтеріп, жемісті нәтиже
беруімен кӛзге тҥсті. Оның бірі, Абайдың толық ӛмірбаяны, екіншісі, Абай
мҧрасының идеялық рухани нәр алған қазына кӛздеріне айрықша назар аудара
бастауында жатыр. «Абай шығармаларының нәр алған бір қайнары – Абай
мҧрасының Шығысқа қатынасын ӛзінің зерттеу еңбектерінде М.Әуезов
негізінен ҥш салаға топтастыра, олар жайлы танымның ӛзекті желілеріне жеке-
жеке тоқтай отырып, анықтама береді: а) Абай мен Шығыс классиктері, ә)
Абайдың исламиятқа қатысы, б) Шығыс хакімдерінің, ойшыл даналарының
ортасында ғасырлар бойы мол сӛз болған мораль философиясы жайлы
мәселелерге қатысы» [4, 25 б.].
М.Әуезовтің ҧзақ жылдар бойы жҥргізген ізденіс ҥстінде туған ой-пікірлері
тҥгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым кӛрген
монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бҧл еңбек автордың ҧлы
ақын мҧрасына арналған жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы
курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары
болатын.
Абай жайлы ҧзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тҧтас
қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай
жолы» роман-эпопеясын жазу ҧлы қаламгердің ғылыми-творчестволық ізденіс
ҥстінде тер тӛккен 30 жылдан астам уақытын алды. Жазушының ӛз мәлімдеуіне
379
сҥйенер болсақ, Абай жӛнінде жазу ойы 19 жасында-ақ асқарлы арманға
айналған. Ҧлы ақын мҧрасын 17 жылдай толассыз іздену, зерттеумен
шҧғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мҧрасы
М.Әуезовтің бҥкіл ғылыми-творчестволық ғҧмырында шарқ ҧрып іздену
ҥстіндегі рухани дем берушісі таусылмас қуаттың қайнар бҧлағына айналған.
ХХ ғасырдың ҧлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қадам басқан
кҥннен-ақ Мҧхтар Әуезовтің алдына Абайдың ғылыми ӛмірбаянын жазу, оған
қажетті әдеби, тарихи деректер кӛзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша
немесе архивтік мағлҧматтарды талдап қорыту, бір ізге тҥсіру міндеті қойылды.
Екінші жағынан, осы салада ӛзі танып-білген, ойда қорытқан ӛмір шындығын
кӛркемдік шындыққа айналдырып, эпопея желісіне сіңдіру сияқты аса кҥрделі
шығармашылық мақсат та тҧрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-
шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.
М.Әуезовтің осындай сарыла ізденген, ҧзақ уақыт бойына шҧғылданған
тақырыптарының ең бастысы, негізгісі – халқымыздың ҧлы ақыны Абайдың
ӛмірі, оның әлеуметтік ағартушылық және ақындық қызметі. Бҧл тақырып
оның шығармашылық ӛмірінің ӛрісті ӛзегіне, жазушылық еңбегінің мағынасы
мен мақсатына айналды.
Ақын ӛмірбаяны жайлы жаңа деректер кӛзінің қорлануына орай М.Әуезов
тарапынан Абай ӛмірбаянының тӛрт нҧсқасы жазылды: біріншісі 1933 жылы
Абай шығармаларын бастыру ҥшін; екіншісі 1940 жылғы басылым ҥшін;
ҥшіншісі 1945 жылы жазылған; бірақ жарияланбаған. Тӛртінші нҧсқасы 1950
жылы жазылды.
Абай ӛмірбаянына оқтын-оқтын белгілі бір уақыт ӛтісімен қайта ҥңіліп,
қайтара жазуға отыруының елеулі себептері бар болатын-ды. Мҧхтар Әуезов те
«Абай жолы» роман-эпопеясын жазуды мақсат еткен соң, қалайда ҧлы ақынның
ӛмірі мен шығармашылығын терең зерттегені сӛзсіз. Алайда, Әуезовтің «Абай
жолы» эпопеясын жазуға кірісерден (1937 жылдан) әлдеқайда бҧрын Абайдың
ӛмірі мен шығармашылығын зерттеп келгені ақиқат. Бірақ шындап Абай
туралы кесек кӛркем туынды жазуға бел байлаған жазушы арнайы қосымша
деректер, материалдар іздеп, бҧрыннан білетіндерін толықтырап, тағы кӛп
еңбектенген. «Бҧл жерде атап айтатын нәрсе, тарихи деректер, ӛмірде болған
деген оқиғалар. Абайдың ӛзіне, айналасындағы адамдарға қатысты нақтылы
жайлар, сондай-ақ Абай заманын сипаттайтын кезеңдер – бҧлар қанша мол,
қаншалықты қҧнды болғанымен кӛркем шығармаға тек тірек боларлық
мағлҧматтар ғана. Ендеше, Әуезов абайтанудың негізін салған теңдесі жоқ
ғҧлама ғалым болғанымен, егер ол сонымен қатар ҧлы суреткер болмаса, «Абай
жолы» дҥниеге келмес еді дей аламыз» [1, 68 б.].
«Жҧртқа белгілі, мҧқтарлық абайтану екі салада жасалды: бірі – ғылыми
жҥйеде де, екіншісі – кӛркем формада «Абай жолында» жасалды», - деген
Қ.Ӛмірәлиев [5, 70 б.].
М.Әуезов қаламынан туған Абайдың ғылыми ӛмірбаяны – абайтану
саласындағы бірегей еңбек. «Абай жолын» жазу ҥстінде М.Әуезов әрі ғалым,
әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді.
380
М.Әуезов ҧлы ақын мҧрасы жайлы сонау 20-жылда бастаған зерттеу
жҧмысын бергі кезде ҥш салада – Абайдың ӛмірін зерттеп, ғылыми ӛмірбаянын
жасау ҥлгісінде, шығармаларын зерттеп, ғылыми монография жасау жолында,
ақынның ӛмірі мен шығармашылығы ішіне кіретін «Абай жолы» атты роман-
эпопея жарату ҥстінде жҥргізіп, 60-жылдың басына дейін алып келді.
М.Әуезов ҧлы ақын мҧрасын ғылыми тҧрғыда зерттеп, кӛркемдік аяда
айтып беру арқылы мақсатқа жетті. Бір дҥниені екі ҥлкен әдіспен екі ҥлкен
формада айтып беру арқылы жетті. Әрі ол әдебиеттанудың ғылыми жҥйесін
анық және берік, ӛзгермейтін қалыпта жасап берді. Әсіресе мҧны М.Әуезов
«Абай жолы» эпопеясында кӛркемдік форма аясында барынша тыңғылықты,
барынша шашаусыз тҥгендеп, жетер жеріне жеткізіп орындап шықты.
Міне, осындай қыруар жҧмыстар нәтижесінде қазақ әдебиеттану
ғылымында М.Әуезов танытудағы абайтану ғылымы зор нәтижемен жеке сала
болып қалыптасты.
Әдебиеттер тізімі
1. Ахметов З. Даналық тағылымы. // Абай. – 1997. - № 2-3. – Б. 63-68.
2. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 б.
3. Мырзахметҧлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 272 б.
4. Жҧртбай Т. Бесігіңді тҥзе: Роман-эссе. – Алматы: Жазушы, 1997. – 560 б.
5. Ӛмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 б.
ӘОЖ 81'373.211 (574.42)
Г.Т. Садуакасова, Ф.Р. Ахметжанова
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Ӛскемен қ., Қазақстан
ҦЛАН ЖЕРІ ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ
ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖҤЙЕСІ
1.
Табиғат пен қоршаған ортаға байланысты жер – су атаулары
Ҧлан жерінің топонимиялық жҥйесіндегі қоршаған ортаның геофизикалық
қасиетін атаулардың рӛлі ерекше. Бҧл атауларды Б.Тілеубердиев зертеуіндегі
классификацияны негізге ала отырып, [ 1,11] ӛз ішінде:
1.
жер бедеріне, табиғат қҧбылыстарына қатысты топонимдер;
2.
фитотопонимдер;
3.
зоотопонимдер деп жҥйеледі.
Жер бедері мен табиғат қҧбылыстарына байланысты топонимдерге жер
бедеріне, қазба байлықтарға, ауа райы қҧбылыстарына, географиялық
объектілердің физикалық қасиеттеріне байланысты пайда болған топонимдер
жатады. Мысалы, Тасбастау, Тҥнтӛбе, Сайболат, Жылықоныс.
381
Біз жҥйелеген тілдік материалдар Егінсу ауылдық округіндегі объектінің
физикалық және географиялық қасиетіне қатысты топонимдерді тудыруда
тӛмендегі сӛздердің белсенділігін байќатты:
Бҧлақ: Айнабҧлақ, Тӛребҧлаќ, Сәменбҧлақ, Қысқабҧлақ т.т.
Бастау: Тасбастау, Қамысбастау, Қызылбастау, Сарыбастау.
Тас: Сынтас, Қойтас, Ҥйтас, Аттастас, Жаңғызтас, Қызылтас, Сандықтас.
Тӛбе: Бәйгетӛбе, Тҥнтӛбе.
Сай: Бҥркітсай.
Су: Егінсу, Қызылсу.
Шоқы: Ақшоқы, Шҧбаршоқы.
Ӛсімдік әлемі де округтің топонимиялық атауларында ӛз ізін қалдырған.
Ӛсімдік тҥрлерінің топонимиядан орын алуына екі тҥрлі жағдай әсер еткен: 1.
мал жейтін шӛптің аты болуы тиіс;
2.
осы геофизикалық объектілерде ӛсетін ӛсімдіктердің ішіндегі жиі
кездесетіннің атауы болуы тиіс.
Қазақстан территориясында ӛсімдіктердің 5000 – ға жуық тҥрі бар екен [2,
256] Сол ӛсімдіктердің біразының аттары Шығыс Қазақстан топонимиясында
кездеседі: қайың, қарағай, ӛлең, ҧшқат, қараған, алма, сарымсақ, мойыл, шілік,
бҧта, сексеуіл, тораңғы, ши, қамыс, ағаш, арша, тал бӛтеге, тоғай, терек, егін,
т.т.
Осы ӛсімдік атауларының кейбіреуі Ҧлан жерінің топонимиясында да
ҧшырасады. Мысалы: Кеңқияқ, Жосалы, Шилі, Қамысбастау, Қызылбҥрген,
Іргеши, Қосағаш, Қарағансай.
Ҧлан жерінің топонимдерін қалыптастыруға ландшафтық ерекшеліктер
және ӛсімдік әлемімен қатар, осы аймақтағы жан – жануарлар, қҧстар,
жәндіктер әлемі де әсер еткен. Оған тӛмендегі географиялық атаулар мысал
бола алады. Жыланды, Бҥркітсай, Суырсай, т.т.
Сонымен қорытындылай келе, табиғат пен қоршаған ортаға байланысты жер
– су атауларын былай жҥйеледік: 1) жер бедеріне, табиғат қҧбылыстарына
қатысты топонимдер
2) фитотопонимдер
1)
зоотопонимдер
Ҧлан жеріндегі жер – су атауларында да жер бедерінің, табиғат
қҧбылыстарының, ӛсімдік және жануар, қҧстар атауларының кездесетінін
байқадық.
2. Тҥркі – монғол қатынастарына байланысты жер – су атаулары
Белгілі бір халықтың топонимикасында сол халықтың ӛз тілі тҧрғысынан
тҥсіндіріп, саралап, анықтауға келмейтін атаулардың тҥп – тӛркінін сол
халықпен тығыз тарихи – мәдени қарым – қатынаста болған келесі халықтың
атаулар дҥниесінен іздестірудің маңызы ҥлкен. Бҧл орайда, басқа тілдің
негізінде жасалған топонимдердің иесі болып табылатын халық тілінің
заңдылығына сай ӛзгеріске тҥсіп отырғанын да ескерген жӛн [3, 22-23]. Ҧлан
жерінің топожҥйесінде белгілі тарихи себептерден туындаған монғол қабаты
382
бар. Кей жер атауларының тҥпкі мағынасында тҥркілік қабат, монғол қабаты да
кездеседі, сондықтан Ҧлан жеріндегі кей жер – су атаулары тҥркі – монғол
қатынастарына байланысты туындаған жер – су атаулары деп қарастырамыз.
Ҧлан – Егінсу ауылдық округіндегі ӛзен, елді мекен, аудан атаулары.
Ҧлан атауының шығу тӛркіні туралы С.Аманжолов: « … монғолда ҧлан
(улаан) біздегі «қызыл» мағынасындағы сын есім. Бізде ҧлан дегеннің зат есім
мағынасы да, сын мағынасы да бар. «Ҧлан» географиялық атау кҥйінде зат есім,
ал «ҧлан – байтақ» дегенде ҧлан сын есім болады. Ал Алтай Аманжолов: «Ҧлан
кӛне тҥркі тілінде оғлан «бала», қазақ тілінде ҧлан (жасӛспірім, ӛрен,
жеткіншек) немесе ҧлан – байтақ (кең кӛлемде кӛсіліп жатқан, шалқыған, кӛз
жеткісіз) тіркесімен ҧласады, сонымен қатар кейде монғол тіліндегі улаан
«қызыл» деген сӛзбен салыструшылық бар». [4,113] Ел аузындағы аңызға
қарағанда Айыр тауының ӛзі Ҥлкен айыр, Кіші айыр деп аталған екен. Ҥлкен
айырдың ӛркештерінің ӛзі екі ӛркешке айналған, олардың биіктігі 35-36 метр
екен. Ал ―Кіші айыр‖ деп аталатын бӛлігіне сонау заманда Тәуке батырдың
немере інісі Қҧсқанат Ҧлан батырдың ғана табаны тиген, беріде ешбіреу шыға
алмаған‖, - дейді кӛне аңыз. Кіші айырдың екі ӛркешінің сынық сҥйем
биігірегіне тік тҧрған Қҧсқанат Ҧланға Алтайдың бас – аяғы тҥгел анық
кӛрініпті деседі. Кӛне қазақы ӛңірдің – берідегі кеңестік ауданның Ҧлан
аталуын, Айыр іргесіндегі Шымқора ауылын жанай ағатын ӛзеннің Ҧлан
делінуін сол Қҧсқанат Ҧлан батырдың есімімен байланыстырып айтады деген
ҧғым – тҥсінік қалған.
«Шығыс Қазақстанның географиялық атаулары» еңбегінде Ҧлан атауына
тӛмендегідей тҥсінік білдіреді: «Ҧлан – ӛзен, елді мекен. Кӛне тҥркі тілінде
оғлан ҧлан сӛзі «жас бала, ҧл бала, ҧрпақ» мәндерінде қолданылады. Алайда,
бҧл сӛз жер – су атына келе бермейді. Мҧндағы Ҧлан монғолдың улаан
«қызыл» деген сӛзінен шығып, судың немесе жердің тҥсін білдіруі мҥмкін.
Мҧндағы Ҧлан - ӛзен атауы (гидроним). Ӛйткені осы маңдағы тағы бір ӛзен
Қызылсу аталады. Судың қызыл тҥсті болуы сирек. Қызылсу сӛзі «қысыл
(қысылған) су» мәнінен шығып тҧрған сияқты. Қыста мҧз ҥстіне шығатын суды
солай атайды [5,174 - б].
Е.Қойшыбаевтың айтуынша: ―Ҧлан – тау ӛзені, аудан атауы. Шамасы тҥркі
этнонимі бойынша аталуы керек. Бҧл сӛздің тҥркі тілдеріндегі негізгі мағынасы
―бҧғы‖ ҧғымын білдіреді.
Сонымен Ҧлан атауы монғол тілінің ―улаан‖ (қызыл) сӛзінен алынған деген
қорытындыға келдік. Ӛйткені Ҧлан ӛзенінің жағалауы қызыл топырақты және
қыста қатты аязды кҥндері мҧз ҥстін қызыл су басады.
Қанай - елді мекен және Ертіске қҧятын ӛзен. А.Аманжолов: ― … Алтай
тілінің бір диалектісінде қанай – ―іні‖ деген мағынаны білдіретіндігі кӛңілге
тҥрлі ой салады. Ӛйткені Ертіске келіп қҧятын ҥлкенді – кішілі екі ӛзеннің бірін
(бҧл жерде – Ҧлан ӛзені) аға деп білсек, екіншісін іні деп танып, бір арнадай
табысатын осы ағайындықты мегзейді деген болжам ойға орала береді‖, - дейді
[4,112-113 б ]
383
Секітас – оронимдік атау.
А.Аманжолов: ―Міне алдымызда Секітас. Осы атаудың ӛзі кӛңілді сан саққа
жҥгіртеді. Бабаларымыз бҧл жерді Секітас деп ат қоюының себебі не екен ?
Бҥгінгі тіліміз тҧрғысынан қарғанда дәл мағынасын дӛп басу қиын да. Сол
себепті туыс тілдердегі осы атаудың мән – мағынасына зер слып байқасақ,
қырғыз тілінде оның баламасы былай: Секі – алақанын алға созған тау кемері,
яғни тау – тасының қҧс тҧмсығы іспетті ілгері еміне біткен шығыңқы тҧсы, ал
тҥрік тілінде ―шоқы тастың шоры‖ немесе ―сәкі‖ деген мағынаны береді‖. [ 4,
112 ]
Тастың сыртқы пішініне кӛз салсақ, қҧстың тҧмсығы секілді алға қарай
ҧясынан шығып тҧр, сол мағына сәйкес келеді деп ойлаймыз.
Қалба – жота аты. В.Даль бойынша қалба – ―ащы жуаның‖ аты [6. 4- 592 ] ,
бірақ тҥбір тілі жайлы тҥсінік білдірмеген. Осы тҥсінікті қолдайтын ӛзге де
зерттеушілер бар: ―қалба (тҥркі тілінде) – жабайы жуаның аты‖. О.Жақсыбеков:
диал. ―ҧрыс, жанжал‖ (жігіттің жаманы қалбада жҥреді). Монғол тіліндегі
холбого (―дәнекер‖) тҧлғасы зерттеушілердің назарын аударады. Холбоо:
―ҧштасу, дәнекер болу‖ деген сияқты ҧғымдарды беретін атау тҧлғалы сӛз.
Сондағы мағынасы: ―Алтай мен Тарбағатайды ҧштастырып жалғаған тау‖
мәнінде болуы мҥмкін.
Сонымен қорыта айтқанда, Ҧлан жерінде тҥркі – монғол қатынастарына
байланысты жер – су атаулары бар және олар тарихи оқиғалардың куәсі деуге
болады.
3. Кеңестік дәуірде пайда болған атаулар
Қазан тӛңкерісінен кейін кеңестік идеологияға сай қойылған атаулар тобы
бел алды. Еліміздің топонимиясы Кеңес ҥкіметінің қайраткерлері мен әскери
қолбасшылардың қҧрметіне қойылған және коммунистік саясат мҥддесі
әсерінен қалыптасқан орысша атаулар тобымен молыға тҥсті. Бҧндай атаулар
Ҧлан жерінде де кездеседі. Мысалы,
1) Қазан тӛңкерісінен кейін пайда болған атаулар: Қызыләскер, Тапсыз
қоғам, Большевик
2) ҧжымшарландыру мен ҧжымдастыру кезеңі;
Мысалы, Қоғам бірлік Сәт қоғам, Калинин, Еңбек, 16 - партсъезд.
Бҧл атаулардың барлығы да колхоздарға берілген атаулар. Соның ішіндегі
16 - партсъезд атауы. Колхоз қҧрылғанда одақ бойынша съезд ӛтіп жатады. Осы
съездің қарарларын қолдайтындықтарын білдіре отырып, колхозшылар колхоз
атауы 16 - партсъезд болсын деген шешім қабылдайды. Колхоз таратылғанмен,
жер атауы сақталған.
3) Кеңес дәуіріндегі партия, мемлекет қайраткерлерінің , соғыс батырлары
мен еңбек ерлерінің қҧрметіне берілген атаулар;
Мысалы, Киров, Жамбыл, Калинин, Әубәкір. Осы мысалдағы Киров,
Калинин, Жамбыл-бҧрынғы колхоз атаулары. Ахмет - жер атауы. Ахмет есімді
кісі колхоз басқарған, елге сыйлы азамат болған. Әубәкір-еңбек озаты, "Еңбек
Қызыл Ту"орденімен марапатталған адам.
384
4) Бҧрын атауы белгісіз жерлерге жаңа атаулардың берілуі;
Мысалы, Бәйгетӛбе, Кӛпқос, т.т.
5) Мемлекеттік ӛндіріс, шаруашылық орындары мен кәсіпорындардың,
мекеме, ҧйымдардың орналасқандығына байланысты атаулар;
Мысалы, ЛСП, Ферма, Танкодром, Стандарт, Бруцеллез, т.т.
ЛСП - жер атауы. Бҧл қысқарған сӛз. "Лечебно-санитарный пункт" деген
сӛздердің басқы дыбыстары алынған. Бҧрынырақта ауырған малды арнайы
орындарға апарып емдейтін, осындай орындарды ЛСП деп атаған. Қазіргі кҥнде
бҧндай емдеу орындары болмаса да, жергілікті халық бҧрынғы атаумен атауда.
Танкодром - жер атауы. Танк - зат. Бронямен қапталып, мықты қару - жарақпен
жабдықталған шынжыр табанды соғыс машинасы. Ал, дром деген жер, тҧрақ,
орын деген ҧғымды білдіреді. Осы дром арқылы кӛптеген жаңа сӛздер пайда
болған. Мысалы, аэродром, космодром, ипподром, т.т. Осы танк және дром
тҥбірлерін біріктіріп тҧрған - о интерфиксі. Танкодром - танктердің орны деген
ҧғымды білдіреді. Қариялардың айтуына қарағанда Ахмерден Георгиевкаға
баратын жол шалшықты, сазды екен. Танктер ҥнемі сол жерде батады. Танктер
батқан жер Танкодром аталған.
Танкодром - әскери термин. Әлі кҥнге дейін қолданыста бар. Кӛп терминдер
ішкі пішінін де, мазмҧнын да ӛзгертпей сол қалпында пайдалануда. Тілшілердің
арасында екі тҥрлі кӛзқарас бар: біреуі - халықаралық терминдерді сол
қалпында қалдыру, екіншісі - жаппай аудару. Мысалы, танк сӛзін қалай
аударуға болады? Біздіңше аудару қажет емес. Халықаралық терминдер ӛз
қалпында қолданылса, бҧны тілімізді шҧбарлау деп қарауға болмайды,
керісінше тілімізді толықтырады, кеңейтеді.
Соныменен, кеңестік дәуірде пайда болған атаулар сол замандағы қоғамдық
ӛзгерістердің жаршысындай, олардың мағынасы тҥсінікті, этимологиясы айқын
келеді.
Әдебиеттер тізімі
1.
Тлеубердиев Б.М. Оңтҥстік Қазақстан топонимдерінің этнолинг-
вистикалық сипаттары. – Алматы, 1995
2.
Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Ғылым, 1989.-256 б.
3.
Әлімхан А.Ә. Жер-су аттарының ҧлттық – мәдени негіздері.-Ӛскемен:
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2003.-63 б.
4.
Аманжолов А.Тҥркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы: Санат,
1996.-125 б.
5.
Шығыс қазақстанның әкімшілік-аумақтық бӛлінісі мен географиялық
атаулары. Ӛскемен; Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО бӛлімшесі, 2003.-
185 б.
6.
Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т.4.
385
ӘОЖ 336.71(09)
Достарыңызбен бөлісу: |