Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет43/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58

М.Т. Сакко, С.Т. Турсынова 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

БАНК ТАРИХЫ 

 

Кез  келген  ақшадан  әрбір  мемлекеттің  ӛткенін,  бҥгінгісін  және 



болашағының бейнесін, яғни тарихын кӛруге болады. Ақша тарихын зерттейтін 

ғылым  саласы  -  нумизматика.  Онда  тиындар,  қҧйма  ақша  кесектері,  тиын 

мӛрлері арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерттеледі. Нумизматика ғылымы 18-

ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі 

И.Х.Эккель. 

Ақша тауар ӛндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде стихиялы 

жолмен  пайда  болды.  Алғашқы  кезде  бір  еңбек  ӛнімі  екінші  еңбек  ӛніміне 

тікелей  айырбасталды.  Айырбастың  ӛзі  ерте  заманда  шықты,  әуелгі  кезде  ол 

кездейсоқ сипатта болды.  

Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтҥстік Италияда, кейінірек Германия мен 

Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, 

әсіресе,  1716-1720  жылы Франциядағы Джона  Ло банкінің  ықпалы  зор  болды. 

Оның  шығарған  банкноттары  айналым  барысында  мемлекеттік  қағаз  ақшаға 

айналды. Банктың басты мақсаты пайда табу болғандықтан, ӛнеркәсіп пен сауда 

капиталистерінің ақша қаржыларын ӛзіне тарта бастады. Олар қарызға металл 

ақша  беруден  ірі  ӛндірісшілерге  борышқорлық  міндеттемелер  арқылы  кредит 

беруге  және  клиентінің  ағымдағы  есепшотына  ақша  аударуға  кӛшті,  сӛйтіп 

қарыз  капиталының  қозғалысын  ҧйымдастыратын  ерекше  қаржы  кәсіпорны 

ретінде ӛріс алды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен ӛнеркәсіптің шоғырлануы 

және монополиялануы Банктердің рӛлін едәуір ӛзгертіп, Банк белгілі бір салаға 

не кәсіпорынға жҥйелі тҥрде кредит беруге кӛше бастады. Олар ҧзақ  мерзімді 

қарыз  беруге  (8  —  10  жылға  дейін)  кӛшті.  Ӛнеркәсіп,  транспорт,  сауда  және 

басқа  да  акцион.  қоғамдардың  қҧнды  қағаздарын  (акциялар,  облигациялар) 

нарыққа  шығару  және  орналастыру  нәтижесінде  банк  ӛнеркәсіппен 

жақындасып, кәсіпорындардың қҧнды қағаздарының бақылау пакетін ӛз қолына 

шоғырландырды  [3].  Нәтижесінде  20  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 

Ҧлыбритания  мен  Германияда  ірі  Банктер  алға  шықты.  Банк  жҧмысы  барған 

сайын ӛркендеп, енді олар жәй делдалдық рӛлінен асып, барлық ірі саудагерлер 

мен  ҧсақ  қожайындардың  бҥкіл  ақша  капиталын  жинап,  белгілі  бір  елдегі 

ӛндіріс  қҧрал-жабдықтары  мен  шикізат  кӛздерінің  кӛбін  билеп  отыратын 

монополиялық қҧрылымға айналды. 

Батыс  Еуропа  елдерінде  айырбастаушылар  X  ғасырда,  Шығыста  және 

Грецияда  одан  ертерек  пайда  болды.  Айырбастаушылар  қызметі  біртіндеп 

кеңейе  берді.  Ерте  уақытта  ақшаны  бір  қаладан  бір  қалаға,  бір  елден  бір  елге 

тасу оңай болған жоқ. Саудагер ылғи тауары мен ақшасын қорғау, сақтау ҥшін 


386 

 

қарулы  адамдарды  жалдауына  тура  келді.  Олар  бірнеше  тапсырма  бойынша 



тҧтастай  керуен  қҧрды,  кҥзет  жалдады,  ақшаны  тиісті  жерге  жеткізді. 

Айырбастаушы ақшаның сақталуына жауап берді, бҧл ӛте қатерлі жҧмыс, бірақ 

бағалы затты жеткізгені ҥшін жоғары тӛлем алды. [1]. 

Қалаларда  айырбастаушылардың  ақша  сақтайтын  арнайы  қҧпия  орындары 

болды, сандықтары, қҧпиялы қҧлыптары, қарауылдары болды. 

Міне, 


сондықтан 

кӛптеген 

бай 

адамдар 


ӛздерінің 

ақшаларын 

айырбастаушыға  сақтауға  тапсырған.  Ақшаны  (салымды)  қабылдай  отырып, 

айырбастаушылар ерекше кітапқа оның сомасын жазып отырған. 

Егер  салымшы  ақша  алса  (барлығын  немесе  бір  бӛлігін),  кітапқа  жазып 

отырған. Осылай есеп жҥргізу пайда болған. 

Саудагер  ақша  операциясына  уақытын  жоғалтқысы  келмейді,  кімге  қанша 

тӛлеуді,  кімнен  қанша  алуды  жҥргізуді  айырбастаушыға  тапсырған.  Сол  кезде 

нақты ақшасыз есептеуді жҥргізу туралы керемет ой пайда болды. 

Егер  бір  саудагер  басқа  саудагерге  тӛлеу  керек  болса,  айырбастаушыға 

бірінші  саудагердің  есептегі  ақшасын  тӛмендетіп,  екіншісінікін  кӛбейтті. 

Ақшаның ӛзі оның сандығында жылжымайтын болып қалды. 

Есептер  салымның  қаржылық  жағдайын  кӛрсететін  айнаға  айналды. 

Айырбастаушы әрбірінің қҧпиясын білді: бҧл саудагер бай ма, әлде кедейлену, 

кҥйреу  қарсаңында  ма,  оған  қанша  қарыз,  ол  қанша  қарыз.  Салымшылардың 

сенімін жоғалтпас ҥшін, айырбастаушы салым қҧпиясын сақтауға тиісті болды. 

Айырбастаушының  сандығында  ақша  кӛп  жиналды,  олар  қозғалыссыз 

жатты. Сол кезде кейбіреуінде тағы да бір керемет ой пайда болды: ақшаның бір 

бӛлігін қарызға беру, қарызға белгілі бір мерзімге бере отырып, оған тӛлем алу. 

Барлық салымшылар ақшасын бір мезгілде талап етпейтінін айырбасшы білді, 

яғни  ақшаны  айналымға  жіберуге  болады.  Сонымен  айырбасшы  қарыз  бере 

отырып, есесіне ӛсімімен қайтарып алды. «Қарыз қатынас бҧзар» демекші, осы 

кезеңде  қарыз  алушы  мен  қарыз  берушінің  арасындағы  қарым-қатынасына 

әрбіреуінің ӛз адалдығы және ар-ҧяттылығының бар болуы кепіл болды. 

Біртіндеп  айырбасшылар  қазіргі  банкирлерге  айналды,  ал  олардың 

қарапайым банктері – ірі, қуатты банкке айналды.   

Еуропада  сауданың  нағыз  қызатын  жері  әр  тҥрлі  елдердің  кӛпестері 

қатысатын жылма-жылғы сауда орындары жәрмеңкелер болды. 

XIII  ғасырда  Францияның  Шампань  графтығында  әйгілі  жәрмеңкелер 

ӛткізіліп  тҧрды.  Кӛпес  дҥкендерінің  аралықтарында  ақша  ісінің  мамандары  - 

ақша  айырбастаушылар  отыратын  орындар  болатын.  Айырбастаушылардың 

қызметіне кӛпестер мҥдделі болды, ӛйткені әр елде салмағы мен пішіні әр тҥрлі 

теңгелер  қолданылатын  еді.  Теңгені  тек  корольдер  ғана  емес,  сондай-ақ  ірі 

феодалдар  да,  ҥлкен  қалалар  да  шығарып  тҧрды.  Айырбастаушылар  белгілі 

мӛлшерде  ақы  алып,  кӛпестердің  ақшаларын  жәрмеңкедегі  ӛтімді  ақшаға 

айырбастап беретін.[4]. 

Ал  кейбір  ғалымдардың  пікірінше,  алғашқы  банктер  капитализмнің 

мануфактура  тҧсында  және  ең  бастысы,  Италияның  жекелеген  қалаларында 

(Венеция,  Генуе)  XІV-XV  ғғ.  пайда  болған.  Олардың  еңбектерінде  банк  тауар 


387 

 

шаруашылығының  ерекше  институты  ретінде  тауар  шаруашылығының  ерте 



кезеңінде,  яғни  тауар-ақша  қатынастарының  дамуына  байланыссыз,  ақша 

айналысын  реттеу  ҥшін  пайда  болған  делінеді.  XVІ-XVІІ  ғғ.  Венецияда, 

Генуеде,  Миланда,  Амстердамда,  Гамбургте,  Нюрнбергте  саудагер-клиенттер 

арасында  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысуларды  жҥзеге  асыру  ҥшін 

жиробанктер  қҧрылады.  Жиробанктер  ӛздерінің  клиенттері  арасында  белгілі 

салмағы  бар  бағалы  металлдардан  жасалған  ақша  бірліктері  арқылы  есеп 

айырысулар  жҥргізді.  Ӛздерінің  бос  ақша  қаражаттарын  жиробанктер 

мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.[2]. 

Ал  кейбір  мамандар,  банкті  одан  да  ерте  мерзімде  –  феодализм  тҧсында 

пайда  болған  деп  айтады.  Олар  феодалдық  шаруашылық  тҧсында  банктердің 

тӛлемдегі  делдалдық  қызметінің  қажеттігінен  пайда  болғандығын  тілге  тиек 

етеді. Дегенмен де, деректерге сҥйене отырып, банктердің пайда болуының екі 

мың  жылдық  тарихы  бар  екендігін  айтуға  болады.  Сауда  мемлекеттер  мен 

қалалардың,  жекелеген  тҧлғалардың  әр  тҥрлі  монеталарымен  жасалған.  Ол 

уақытта монеталардың біртҧтас жҥйесі болмағандықтан, олармен сауда - саттық 

барысында  әр  тҥрлі  106  формадағы  монеталар  кездескен.  Банктер  пайда 

болардың алдында ақша - сауда капиталының ӛкілдері саудагерлердің ақшалай 

салымдарын  қабылдап,  оларды  әр  тҥрлі  елдің  ақшаларына  айырбастауға 

маманданып отырған.  

Уақыт  ӛте  келе,  айырбастаушылар  бҧл  салымдарды,  сондай-ақ  ӛздерінің 

ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу ҥшін пайдалана бастайды. Сӛйтіп, 

айырбастаушылар  біртіндеп  банкирлерге  айналады.  Біздің  тҥсінігімізде,  банк 

ҧғымы  айырбастаушылардың  және  олардың  айырбас  орындарының  болуымен 

сипатталады.  Алғашқы  банктердің  Италияда  пайда  болу  себебі,  оның  сол 

уақыттарда  дҥниежҥзілік  сауда  орталығы  болғандығын  ескеріп,  әр  елдің 

ақшалары  мен  тауарларының  сол  елге  қарай  ағылып,  банкирлердің  сауда 

операцияларына тікелей қатысуына байланысты тҥсіндіріледі. Тарихшылардың 

пікірінше,  б.э.д.  2300  жыл  бҧрын  холдейлердің  сауда  компаниялары  пайда 

болып, олар ӛздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. 

VІ  ғ.  Ежелгі  Вавилонда  салым  операциялары:  салымдарды  қабылдау  және 

оларға пайыз тӛлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мҧндай 

операциялар б.э.д. ІV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі 

гректер  салым  қабылдай  отырып,  белгілі  бір  ақы  тӛлеу  арқылы  ақшалар 

айырбасын жҥргізіп отырған кӛрінеді.[3]. 

Тарихшылардың 

пайымдауынша, 

алғашқы 

банктік 


операцияларды 

жекелеген  тҧлғалар  және  қолында  шоғырланған  ақшалай  қаражаттары  бар 

шіркеу мекемелері орындаған. Шіркеулер қҧндылықтарды сақтайтын ең сенімді 

орындар  болған.  Сол  уақыттары  белгілі  гректің  шіркеулері  (Дельфа,  Дело, 

Само,  Эфсе)  ақша  сақтаумен  айналысқан.  Эфседегі  Артемид  шіркеуінде  кіші 

Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде 

барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты. Алғашқы 

банктер  жинақталған  зор  ақша  байлықтарының  қозғалыссыз  жатуға 

болмайтынын,  оларды  уақытша  пайдалануға  беріп,  пайда  табу  қажеттігін 


388 

 

тҥсінеді. 



Ежелгі  банктер  несиелік  операциялар  жҥргізумен  қатар  салым  иелеріне 

біртіндеп  есеп  айырысу  қызметін  де  кӛрсетті.  Есеп  айырысулар  банктердегі 

салым  иелерінің  бір  шотынан  басқа  бір  шотқа  аудару  арқылы  жҥргізілді. 

Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. 

Банктің  клиенттер  қатары  ақырындап  ҧлғая  тҥсті.  Банктер  ӛз  кезегінде 

клиенттер  арасында  жасалатын  келісім-шарттарды  қҧруда  сенім  қызметтерін 

кӛрсетіп,  сауда-саттықта  делдал  қызметін  атқарды.  Есеп  айырысуларды 

жеңілдету  мақсатында  ежелгі  банктер  ӛздерінің  банктік  билеттерін  шығарды. 

Олар  толық  қҧнды  ақшалармен  қатар  айналыста  жҥрді.  Ағылшын  елінде 

алғашқы  акционерлік  банк  -  Ағылшын  банкі  1694  ж.  қҧрылып,  ҥкіметтен 

банкнота  шығаруға  қҧқық  алады.  Әрине,  мҧның  бәрі  алғашқы  банктердің 

капитализмнің  мануфактура  жағдайында,  банкирлер  ҥйлері  ретінде  пайда 

болғанын  куәландырмайды.  Мҧндағы  несие  беруші  мен  қарыз  алушылардың 

болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.[2]. 

Алғашқы  банктер  капитализмнің  мануфактура  сатысынан  да  бҧрын,  яғни 

мемлекеттің  қҧрылуы  кезеңінде  пайда  болған  дегенге  негіз  бар.  Мҧндай 

қатынастардың  қҧл  иеленушілік  қоғамында  болғандығына  тарих  куә.  Ежелгі 

Римде  банк  және  несие  қҧқының  нормалары  болған.  Осы  нормаларға  сәйкес, 

б.э.д. ІІІ ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп 

атады.  Оларға  несиелік  операцияларды  жҥргізуге  рҧқсат  етілмеген. 

Тарихшылардың  айтуынша,  Ежелгі  Вавилон  банктері  тек  қана  несие  беріп 

қоймай,  сондай-ақ  жер  бӛлімшелерін  сатып  алу-сату,  және  басқа  да 

операцияларды орындаған.  

Қазақстанға  банк  капиталының  енуі  және  оның  территориясында  кредит 

желісінің  жасалуы  19  ғасырдың  соңында  басталды.  Ресей  империясының 

кредит  жҥйесінің  бір  бӛлігі  болған  Қазақстанның  кредит  желісі  мемлекеттік 

банкінің 

бӛлімшелерінен, 

акционерлік 

коммерциялық 

банктердің 

филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ҧсақ кредиттің басқа 

да  мекемелерінен  қҧралды.  1-дҥниежҥзілік  соғыстың  басталуы  қарсаңында 

Қазақстанда 

ең 

қарапайым 



банк 

операцияларын 

жҥзеге 

асырған 


казначейліктерді,  сондай-ақ,  345  кредит  және  қарыз-сақтық  серіктіктерін 

қоспағанда,  44  Банк  мекемесі  жҧмыс  істеді.  20  ғ-дың  басында  Қазақстандағы 

негізгі Банктер - Ресей банктері болды. Олардың филиалдары ӛлкенің орталық 

қалаларында  (Оралда,  Омбыда,  Петропавлда,  Семейде,  Верныйда)  орналасты. 

Сауда  айналымдарының  ҧлғаюына  байланысты  Қоянды  жәрмеңкесінде 

Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бӛлімшесі 1894 жылдан жҧмыс істеді, ал 

1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бӛлімшесі ашылды. Сауда-ӛнеркәсіп 

ісін  тікелей  қаржыландыру  жӛніндегі  операциялар  -  вексельдерді  есепке  алу 

және  тауарларды  кепілдікке  алып  қарыз  беру  ісі  неғҧрлым  дамыды.  Кеңес 

ӛкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жҥйесі КСРО банк жҥйесінің 

бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, 

жинақ кассаның 4147 мекемесі жҧмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке 

айналғаннан  кейін  ғана  елдің  жеке  банк  жҥйесі  қҧрылды,  шетелдік  ірі 


389 

 

банктердің  ӛкілдіктері  ашыла  бастады.  (Дҥниежҥзілік  банк, Дойче  банк,  т.б.) 



Қазақстанда  1991  жылы  басталған  Банк  реформасының  нәтижесінде  қос 

деңгейдегі  банк  жҥйесі  қҧрылды.  Жоғары  (бірінші)  деңгейдегі  Банк  -  ҚР 

Ҧлттық банкі. Ӛзге Банктердің бәрі банк жҥйесінің тӛменгі (екінші) деңгейіне 

жатады. Кӛбінесе олар ―коммерциялық Банктер‖ деп аталады. Себебі, олардың 

жарғылық  қорлары  мемл.  меншіктен  шығарылып,  жарналық  акцион. 

капиталдан  қҧралады.  Сондай-ақ,  коммерциялық  Банктер  мен  олардың 

бӛлімшелері  ҥшін  міндетті  экономикалық  нормативтерді  белгілейді, 

қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды [5]. 

Қазақстан  Ҧлттық  банкі  банкноттар  мен  тиындардың  қажетті  мӛлшерін 

анықтайды,  олардың  жасалып  шығарылуын  қамтамасыз  етеді,  қолдағы  ақша 

қаражатын  сақтау,  инкассациялау  тәртібін  белгілейді.  Ҧлттық  банктің  ақша 

шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда 

қағаз  ақшалармен  қатар  арнайы  сапамен  кҥміс  ақшалар  шығарылады.  «Ақша 

кетуге  тырысады,  есеп  ҧстауға  тырысады»  сӛзімен  айтқанда,  әрбір  мекеменің 

ӛзінің  атқаратын  қызметі  болады  және  соның  нәтижесінде  мемлекеттегі  банк 

қызметі оның тҧрақты тҥрде дамуына ықпалын тигізеді.  

Қорытындылай  келе  айтқанда,  «Ақша  ашпайтын  қҧлып  жоқ»,  демекші 

қазіргі  нарық  заманындағы  банктік  мекемелердің  қызметі  және  ерте  заманнан 

бері келе жатқан тауар ӛндірісі мен айырбасының тарихи дамуындағы ақшаның 

рӛлі зор. Алғашқы кезде бір еңбек ӛнімі екінші еңбек ӛніміне айырбасталудан 

келе,  оның  кездейсоқ  сипатта  болып,  бір  еңбек  екінші  тҥрдегі  еңбек  ӛніміне 

тікелей  айырбасталуына  дейін  дамыды.  Кӛне  заманнан  бері  мемлекеттің 

қҧрылуы кезеңінде пайда болған банктер әлі кҥнге дейін ӛз қызметін атқаруда. 

Дҥниежҥзілік  және  мемлекетаралық  қарым-қатынастар  банктердің  әр  тҥрлі 

операцияларымен  тікелей  байланысты.  Банк  арқылы  шаруашылықтың  қандай 

да  бір  саласында  қаржыландыру  мәселесіне  келгенде  орындалатын  қызметтер 

жҥзеге  асырылады.  Банктер  мен  тауар-ақша  қатынасы  тарихи  тҧрғыда,  бір  - 

бірімен тығыз байланыста болып, қатар дамып келеді. Банктер арқылы ӛндіріс 

процесінің  қатысушылары  экономикалық  мҥдделерін  қанағаттандырып 

отырады.  Бҧл  арада  банктер  каржы  делдалдары  ретінде  халықтың  жинақ 

ақшасын,  шаруашылық  органдардың  капиталын  және  басқа  да  шаруашылық 

процесінен  босаған  еркін  ақшалай  каражатты  тартып,  оларды  қарыз 

алушыларға  уақытша  пайдалануы  ҥшін  береді,  бҧл  қаражатпен  ақшалай  есеп 

айырысуды  жҥргізеді,  экономикаға  басқа  да  кӛптеген  қызмет  тҥрлерін 

кӛрсетеді.  Банктерге  шоғырландырылған  қаражат  ӛндірістің  тиімділігін 

арттыруға  жэне  қоғамдық  ӛнімдердің  айналысқа  тҥсуіне  тікелей  ыкпалын 

тигізеді. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 

Кҥзекова  З.,  Қарақҧсова  Г..  Қазақ  тілі:  (Жоғары  оқу  орындарының 



экономика  факультеттеріне  арналған.  Орташа  және  жалғас  топтар  ҥшін). 

Оқулық. – Алматы.: Раритет, 2001. – 69-70 б. 

2.

 

Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер теориясы. Оқулық.  – Алматы: 2006. – 



300 бет. 

390 

 

3.



 

Орысша-қазақша заңдық тҥсіндірме сӛздік-анықтамалық. - Алматы: «Жеті 

жарғы», 2008 жыл. 

4.

 



Сейтқасымов  Ғ.С.  Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық.  –  Алматы, 

«Экономика». 

5.

 

«Қазақстан»:  Ҧлттық  энциклопедия  /  Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев  – 



Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.

 

 



 

ӘОЖ 821.512.122.09 

 

М. Семен, Қ.Т. Барбосынова 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ  



ПОЭТИКАЛЫҚ ҤНДЕСТІК 

 

Халық – жасампаз. Әр халықтың да ӛз тарихы мен әдебиеті, ӛз тарихының 



шежіресі, ӛз мәдениетінің асылы тәрізді кӛркем әдебиеті бар. 

Халық  арасынан  талай  саңлақ  жыраулар  мен  жыршылар,  бармағынан  ӛнер 

тӛгілген кҥйшілер шыққан. Талант – гҥл, халық соның нәр алар топырағы. 

Қазақ  табиғатынан  ақын  халық.  Тӛңкеріске  дейін  сан  ғасыр  байтақ  дала 

тӛсінде  кӛбінесе  кӛші-қонды  кҥндер  кешкен  халқымыз  қуаныш,  кҥйінішін  – 

жан  сезімін  жырмен  оятқан,  ӛлең  –  ақыл  мен  ойдың  кені,  даналық  –  сӛз 

ӛнерінде  деп  қадірлеген.  Кӛшпелі  тҧрмыс  пен  ауызекі  дағды  «аттың  жалы, 

аттың  қомында»  жҥріп  жырлайтын  ақпа-тӛкпе  –  импровизаторлыққа 

дағдыланған. 

Әдебиетіміздегі  ӛзінің  жанрлық  белгі-сипаттары  арқылы  ертеден-ақ  жеке 

сала болып дамыған ақындық кӛне жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. 

Кӛне  дәуірлерден  бері  фольклорлық  туындылармен  ӛзектесе,  жарыса  дамып 

келген  бҧл  сала  халқымыз  бастан  кешкен  тарихи  ірі  оқиғалардың  кӛркем 

шежіресі  іспеттес  ел  тҧрмысының  сан  алуан  қырларын  қамтып  бейнелеуге  әр 

кез елеулі ҥлес қосып отырған. 

Ақындық  және  жыраулық  поэзияның  ӛзіндік  сипат-белгілерін  бҧлардың 

ӛмір шындығын суреттеудегі кӛркемдік тәсілдер мен белгілі бір тарихи кезеңде 

аренаға  шыққан  авторларының  нақтылығынан,  ғасырлар  бойы  ӛзара  ҥзілмей 

келе  жатқан  дәстҥр  жалғастығын  танытатын  стильдік  ерекшеліктерінен  де 

кӛреміз.  Дәл  осы  аталған  поэзияның  жазба  әдебиетіміздің  негізін  қалаған  ҧлы 

Абайға дейін де, одан кейін де қалыпты ҥлгілерден табиғаты ӛзгеше, жеке бір 

ӛнімді арна болып дамып келгені де мәлім. Белгілі бір дәуір талабына орай ҧлы 

Абай бір кезде: 

Шортанбай, Дулат пенен Бҧқар жырау, 

Ӛлеңі – бірі жамау, бірі – қҧрау, 

Әттең дҥние-ай, сӛз таныр кісі болса



391 

 

Кемшілігі әр жерде-ақ кӛрініп тҧр-ау, - деп, ӛзіне дейінгі бір топ ел ішінде 



аты  белгілі  ақын,  жырауларды  қатты  сынға  алса  да,  олардың  шығармаларын 

оқып білмеді, ҥйренбеді, яки бәрін бірдей жалғыз шумақпен мансҧқ етті деудің 

ӛзі  қазіргі  әдебиет  тарихы  деңгейінен  қарағанда  әрі  орынсыз,  әрі  артық 

айтқандық болар еді [1]. 

Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи ӛзгешеліктері мен фольклорға 

қарым-қатынасы,  жазба  әдебиетпен  ӛзара  байланысы  алғашқы  зерттеулерде 

жалпы әдеби процесті шолу, әдебиет тарихын қай ақын, жыраудан бастау керек 

деген  сол  кездегі  аса  ділгір  мәселелерге  орай  әр    алуан  сӛз  болып    келді.  Бҧл 

проблема  қазақ  әдебиеті  тарихына  арналған  кӛп  томдық  еңбектер  мен  кейбір  

теориялық  мәселелерге  арналған    және  монографияларда  да  белгілі  бір  ақын, 

жыраулардың ӛмірі мен  творчествасына арналған  ғылыми мақалалар мен орта 

мектеп  оқулықтарында да ҥзбей әңгімеленіп келді. Алайда, осы мәселеге жеке 

арналған    монографиялық  еңбектер  жоқтың    қасы.  Бҧл  тҧста  ең  алдымен, 

М.Мағауиннің  «Қобыз  сарыны»  атты  кітабы  мен    соңғы    жылдары  жарық  

кӛрген  Қ.  Сыдиықовтың  «Ақын,  жыраулар»,  Е.  Тҧрсыновтың  «Қазақ  ауыз  

әдебиетін  жасаушылардың  байырғы  ӛкілдері»    деген    зерттеу  еңбектерін,  Ә. 

Дәрбісәлиннің  «Дәстҥр  және  жалғастық»  атты  монографиясын    бӛліп  атауға 

болар  еді.  

М.Мағауин  аталған  зерттеуінде  ХV-ХVІІІ  ғасырларда  жасаған    ақын, 

жыраулар творчествасын жеке алып қарастырумен қатар, сол  кітаптың «Ақын 

және  жырау»  деген    соңғы  тарауында  бҧл  мәселені  ең  алғаш  жыр  қҧрылысы 

ерекшеліктері  тҧрғысынан  да  зер  сала    талдайды  [2].  Ал,  Е.  Тҧрсыновтың 

жоғарыда  айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті ҥлгілерін  сақтап таратушы 

жасаушы  ақын,    жырау,  сал,  сері,  сыншылардың  шығу  тегі,  типтік 

ерекшеліктері  мен  тҥп  тамыры  әлеуметтік,  қоғамдық  аспектіде  қарастырылса, 

Қ.  Сыдиқов  ӛз  зерттеуінде  жыраулық  дәстҥрдің  жалғасу    жолдарына,  оның  

бҥгінгі дәуірдегі сипат – ерекшеліктеріне зер  салады. Ә. Дербісәлиннің аталған 

монографиясы  ауыз    әдебиетіндегі  ақындық    дәстҥрдің    ХХ  ғасыр  басындағы 

қазақтың жазба әдебиетінен алатын орны  мен оның  жалғасу жолдарын, сол игі 

дәстҥрдің  жаңа  тарихи  кезеңіндегі  тҥлеп,  тҥрленген  әр    алуан  жаңашылдық 

сипаттарын    әңгіме  етеді.  Автор  бҧл  мәселені  атап  айтсақ,  дәстҥр  мен  

жаңашылдық  проблемасын  ҧлттық  поэзиямыздың  кӛркемдік  қасиеттері  мен  

ӛзіндік  болмыс-табиғатын  диалектикалық  бірліктің  нәтижесі  ретінде  алып 

қарастырды.  Алайда  бҧл    еңбектерде    ақындық    поэзияға  табиғаты  кӛп  ҧқсас 

жыраулық  поэзияның  әдебиетіміздегі  орны  мен  даму  ерекшеліктері  жеке 

проблема ретінде арнайы зерттелмегендіктен, бҧл мәселе осы еңбектің міндет-

мақсатын белгілеп отыр.  

«Жырау»  деген  термин  ӛзіміздегі  «жырлау»,  «жыр  айту»,  «жырламақ» 

сӛзінен    шыққан.  Мҧның  тҥп  тӛркіні  байырғы  «жыр»,  «жыршы»  деген 

ҧғымдармен  ӛзара  астасып  жатыр.  Бҧл  пікірді  ҧлы  ғалым  Ш.  Уәлиханов,  В.Р. 

Радлов,  Л.З.  Будаговпен  қатар,    бҥгінгі  әдебиет  зерттеушілері  де  бірауыздан 

қуаттайды. Осыған ҧқсас тҧжырымдар ӛзге елдер әдебиетшілерінде де бар.  



392 

 

Ш.Уәлиханов  кезінде  жырдың  белгілі  бір  әуенмен  қобыз  сҥйемелдеуі 



арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін  дәріптеуге қҧрылатынын айта 

келіп;  «жыр  дегеніміз  –  рапсодия.  «Жырламақ»  етістігінің  ӛзі  белгілі  бір    ән-

әуенмен    жырлау  мағынасын  білдіреді.  Дала  жырларының  бәрі  де  қобызда 

сҥймелдеу  арқылы    орындалады.  Жырдың  мазмҧны  ертеде    ӛткен  батырдың 

ӛмірі  мен    ерлік  істері  туралы  болып    келеді.  Бәр    жайт:  батырдың  ӛмірі  мен  

ерліктеріне  қатысты  оқиғаның  бәрі  қара  сӛзбен  баяндалады,    ал  жыр  поэма 

қаһарманы  мен  басты    кейіпкерлерді  сӛйлету    қажеттегі  туған    кезде    ғана 

қолданылады»,-деп  жазды.  Бҧдан  кейін  ол  соңғы  50  жыл  ішіндегі  «ӛлең» 

жанрының  бірден  қанат  жайып  ӛркендеуіне  орай  дыбыс  әуезділігі  мен  ой 

тереңдігі  астасып  отыратын  кӛне  ерлік  жырлардың  бірден  бәсең  тартып, 

келмеске    кетіп    бара    жатқанын  ескертеді,    сӛйтеп,  Шоқан  жыр  ҥлгісі  мен 

қобыздың қатардан шығып қалуын  әйгілі суырып салма жыршы Жанақ атымен 

байланысты  пікірлер  жырдың  жалпы  синкреттік  сипаты  мен  оның  кӛне 

дәуірлерден келе жатқан байырғы тҥр екенін де әдемі аңғартса керек.  

Рас,  «жыр»,  «жыршы»  деген  ҧғымдар  әдебиетімізде  ерте  кездерде-ақ  туып 

қалыптасқан.  Бҧған  ӛз  жанынан  шығарып  айтуға  мҥмкіндігі  бар    әр    алуан  

суырып  салма  ақындар  жатқызылып    келген.  «Жырау»  сӛзі  де  осы  ҧғыммен 

терең  астасып  жатыр.  Алайда,  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасыр  басында  шығыс 

сюжетіне  байланысты  туған  қисса,  хикая,  дастандарды  ел    ішінде  айтып 

таратушы жағы бір топ орындаушы-жырлар пайда болды. Бҧлардың кӛпшілігі 

суырып    салма  ақындар  емес,  тек  бҧрынғы  ақындар  жырлаған  ӛз 

репертуарындағы  әр    алуан  жырларды  ел  ішінде  орындап,  айтып  таратуды 

дәстҥр    етті,  сондықтан  осы  топтағы  кейінгі  орындаушы-жырларды    тӛкпе 

ақын-жыршылармен,  дарынды  ақын-жыраулармен  бір  қатарға  қойып  атаудың 

реті келе бермейді. Әрине, бҧл топтың ішінде де некен-саяқ ақындық ӛнері бар, 

кӛне  сюжетті  ӛзінше  ҥйлестіріп  қайта  жырлайтын  табиғи  дарындылары  да 

болды, қайта біз бҧлардың ӛзін де жіктеп ажырата білуге тиіспіз. 

Қазақтағы жыр мен ӛлеңнің тҥр, мазмҧнын қҧрылысындағы айырмашылық 

белгілерін    алғаш  танып  әңгімелеген  кісінің  бірі  -  Қҧрбанғали  Халитҧлы.  Ол 

ақын мен жыршыны ӛлеңшілердей емес, ӛз жанынан шығарып айтатын дарын 

қасиеті  бар  деп  санап:  «Ақындардың  бір  бӛлімін  «жыршы»  дейді.  Бҧлар  да 

ақынға  тең  тҥседі.  Шығармаларында  айырмашылық  бар.  Ақын  шығармасы 

«ӛлең» делінеді,  екінші айырмасы: ақындардың ӛлеңі жай мағыналы болып, ал, 

жыршылардың  сӛзі  мадақ,  насихат  мағыналы  болып  келеді  және  мысал 

сипаттас  әсерлі  болады.  Сонымен  бірге  ӛлеңнің  алғашқы  екі  жолы  тҥпкі 

мағынасына  сай  келе  бермей,  қисын  ҥшін  де  алынады.  Ал  жырдың  барлық 

жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», - деп жазады [3]. 

Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен ҥш кезеңге 

бӛліп  қарастырған  жӛн.  Бірінші  топқа  жыраулық  дәстҥрдің  негізін  қалаған 

алғашқы ӛкілдері  Қорқыт,  Аталық  және  Сыпыра  жыраулар  жатады.  Бҧл  дәуір 

XI-XIVғасырларды  қамтиды.  Жыраулықтың  қалыптасу  кезеңін  белгілейтін 

екінші  топқа  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Доспамбет,  Ер  Шобан 

шығармалары  кіреді.  Мҧның  кезеңі    XV-XVІІ  ғасырлар.  Ҥшінші  топты 


393 

 

жыраулықтың  әбден  толысып  кемелденген  кезеңіндегі  ӛкілдері,  Ҥмбетей, 



Жиембет,  Тәтіқара,  Ақтамберді,  Бҧқар  жыраулар  қҧрайды.  Бҧған  XVІІ-XVІІІ 

ғасырлар  жатады.  Сондықтан  бҧл  кезеңдердің  ерекшеліктерін  ашып 

әңгімелеуді,  ең  алдымен,  жыраулық  поэзияның  бірден-бір  кӛрінісі  -  толғау 

жанрының туып қалыптасуынан бастау қажет дер едік.  

Толғау  -  әдебиетімізде  ӛзіндік  ерекшеліктерімен  кӛрініп,  кӛне  дәуірлерде 

туып  қалыптасқан  поэзиялық  шығарманың  бір  тҥрі.  Толғау  қазақтың  «жыр 

толғау»,  «толғап  айту»  деген  сӛзінен  алынып,  жеке  термин  ретінде 

әдебиетімізде  кейінгі  кеңестік  дәуірде  ғана  қалыптасты.  Толғаулар  ӛзінің 

табиғи  сипатымен  жҥйелеу  оқиғасы  бар  жырға  тонның  ішкі  бауындай  ҥндес 

жақын.  Жыраулар  толғаған  суырып  салма  жырлар  жеке  адамдардың 

образдарын жасаған эпикалық ҥнімен де, бас аяғы тҧтас тартымды мазмҧнымен 

де эпикалық шығармаға кӛп ҧқсас. Жыраулық поэзияның бастапқы ӛкілдерінің 

бірі  Сыпыраның  жыраулық  атымен  айтқан  толғауларының  бізге  ӛз 

авторлығымен жеке кҥйінде жетпей, эпостық жырлардың ішінде ҧшырасуының 

ӛзі осы екі жанрдың табиғи тҧтастығы мен бӛлінбес бірлігін танытса керек. 

Қазақ  поэзиясы  тарихына  зер  салсақ,  толғаудың  дербес  дәстҥрлі  жанр 

ретінде  ерте  кезден-ақ  туып  қалыптасқанын  кӛреміз.  Мҧның  ӛркендеп  қанат 

жаюына  әр  тҧста  әр  алуан  жыраулар  елеулі  ҥлес  қосып  отырған.  Соның 

нәтижесінде бҧл тҥр белгілі бір кезеңдерде фольклорлық ҥлгілерден бірте-бірте 

дараланып,  импровизациялық  дәстҥрдің  жаңа  сипаты  ӛнімді  бір  арнасын 

жасайды.  

Әрбір  әдеби  жанрдың  туып  пайда  болуы,  қалыптаса  дамуы  соның 

авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының 

ең алғашқы ӛкілдерінің бірі деп ең алдымен Сыпыра жырауды атай аламыз. 

Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық 

жырлар («Ер Тарғын», т.б.) мен ертегілерде («Қҧбығҧл», т.б.) ғана ҧшырасады. 

Бҧларда  ол  ел-жҧртқа  қадірлі  ақыл  иесі,  кӛп  жасап  кӛпті  кӛрген  дана,  алдын 

болжағыш  абыз,  сәуегей  кісі  болып  суреттеледі.  Хан  да,  қара  да  ақыл  таппай 

қысылып тығырыққа тығылғанда, кӛпті кӛрген кӛне Сыпырадан кеңес сҧрайды. 

Мҧның  бәрінде  де  Сыпыра  Алтын  Орданың  белгілі  ханы  Тоқтамыстың 

қасындағы  кӛреген  биі,  кемеңгер  ақылшысы  ретінде  сипатталады.  Қазақ 

жырлары  мен  ноғай  ертегілеріндегі  Сыпыра  бейнесі  бір-біріне  табиғи  ҧқсас, 

кӛп  жасағаннан  «адам  кӛрер  тҥсі  жоқ,  аузында  отыз  тісі  жоқ»  сиықсыз  да, 

ҧсқынсыз қарт.  

Ал  енді,  осы  жоғары  да  аталған  Сыпыра  тҧлғасына  келетін  болсақ,  ол  бір 

себептерден  ҥнемі  батырлар  жыры  мен  ертегілердің  басты  қаһарманы  ретінде 

суреттелсе  де,  сондағы  азды-кӛпті  жыр-толғауларының  ӛзінен-ақ  оның 

жыраулық поэзияның туып қалыптасуына кезінде елеулі ҥлес қосқаны белгілі. 

Дәстҥрлі  толғаудың  бастапқы  сипаттарын  бойына  сіңірген  синкреттік  кӛне 

ҥлгілердің  бірі  деп  айта  аламыз.  Мҧндағы  басты  ерекшелік:  бейнелеу 

тәсілдерінің  қарапайым  да  байырғы  тҥрінен  саналатын-психологиялық 

параллелизмнің  жиілігі  мен  ҧтымды  қолданылуы  дер  едік.  Жырау  Тарғын 

батыр  мен  ханның  ӛзара  кектескен  дҥрдарас  қарым-қатынасын  меңзеген 


394 

 

тҧстарда  «сҧңқардан  сескеніп,  кӛгілдірін  ерткен  аққуды»  әдейі  параллель  етіп 



алып  поэзиямыздағы  ертеден  келе  жатқан  етене  дәстҥрді  ҧтымдылықпен 

қолданып, ҧтымды жалғастыра білген: 

Әй, батырым, батырым, 

Таудан тарлан ақырса, 

Тас мҧрнын ару сҧңқар сызғырса, 

Кӛгілдірін ерітіп, 

Кӛлден  қулар  ҧшар  ма?  -  деп  басталатын  параллельдік  салыстыру  тҥпкі 

айтылар ойға біртіндеп барудың сатысы ғана. Сондықтан осындағы: 

Әділ туған хандары 

Қара берен батырға 

Беремін деп бермейді, 

Ӛтірік сӛзден ӛлмейді, 

Бҧл сықылды хандары 

Бҧл сықылды батырды 

Жалған сӛзбен қысар ма? 

Хан мен қара келген соң

Сіз сықылды батырға 

Ашуын бермей кетсе ҧнар ма?- 

деген жолдар бітімге  шақыратын басалқы да  байсалды  пікірдің бҧлтартпас 

қазы іспеттес. 

Аталған  толғауда  жыраулар  поэзиясының  табиғатымен  қашаннан  егіз- 

тҧрақты қайталауларға (рефрендер) да елеулі орын берілген. Бҧлар әрбір тирада 

сайын  тҧтас  тармақты  тҥгелдей  қайталау  арқылы  жасалып  («Неғыласың  бір 

қызды»),  негізгі  ой-тҥйінін  ӛткірлеп  ҧштау  мақсатына  сәйкес  алынады.  Ҥнемі 

тапқырлық пен ҧтымдылыққа, алғыр шешендік ойға қҧрылған бҧл рефрендерді 

толғау  жанрындағы  жыраулық  тәсілдің  қажетті  бір  белгі-сипаты  деп  айта 

аламыз.  Сӛйтіп,  бҧлардағы  образдар  жҥйесінің  бірлігі  мен  параллельдік 

салыстырулардың ӛзара ҧқсастығынан, авторлық ойға қажетті қайталаулардың 

орындылығы мен жиілігінен, жалпы тҥзілім- қҧрылысы мен мазмҧны жағынан 

осы  топтағы  жыраулардың  дәстҥрлі  толғауларға  мейлінше  жақындығын, 

ертеден етене табиғи бірлігін кӛргендей боламыз.  

Сонымен қорыта келгенде, мыналарды атаған жӛн: әдебиетімізде эпикалық 

жырлардың  ішінде  кӛрінсе  де,  авторлығы  мәлім  толғау  жанры  туып  пайда 

болды.  Осы  ерекшелік  жыраулық  толғаулар  мен  эпикалық  жырлардың  бірлігі 

мен тҧтастығына жыраулардың елеулі ҥлес қосып отырғанын байқатады. Тіпті 

ел бірлігі мен жҧрт болашағын ойлау талабына орай жыраулар, кӛбінесе, халық 

басшысы  хан  қасынан  табылып,  кӛріпкел  болжағыштық,  кемеңгерлік 

қасиеттерімен кӛзге тҥсіп, әр қилы мазмҧнды толғаулар тудырып отырған. Сол 

толғаулардың  алғашқы  ҥлгілерінде  әр  алуан  қайталаулардың  молдығы 

байқалады,  бҧлар  бертін  келе  жыраулық  поэзияның  ҧтымды  да  тҧрақты  бір 

тәсіліне  айналған.  Сӛйтіп  жыраулар  ӛз  туындыларын  арнау  ҥлгісінде  айтып, 

образ  жасаудың  ең  кӛне  тҥрі-психологиялық  параллелизм  тәсілін  ҧтымды 

қолдана білген, бҧл кейінгі толғауларда ҥрдіс дамып, дәстҥрлі сипат алған.  


395 

 

Әдебиеттер тізімі 



1.

 

Ай, заман-ай, заман-ай. – Алматы: Жазушы, 1994. 



2.

 

Бердібай Р. Эпос мҧраты / Р. - Алматы: Білім, 1994. -206 б. 



3.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том. - Алматы: Ғылым, 2000. 



 

 

ӘОЖ 811.512.122'25 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет