Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет45/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58

Т.Т. Тлеубаева, Г.Қ. Рахимбаева 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 Ӛскемен қ., Қазақстан  

 

ТӘУЕЛСІЗДІК ҤШІН КҤРЕСТІҢ ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДА БЕЙНЕЛЕНУІ 



 

«Он бес миллион халықтың жалғыз мҥддесі болады. Ол  – мынау ӛзгермелі 

уақытта  ӛзгеге  есеңді  жібермей,  мемлекетті  сақтай  алу.  Тәуелсіздікті  қорғай 

алу,  міндетті  тҥрде  ҧлттық  мемлекетті  орнату.  Біздің  ҧлттық  идеологиямыз 

сол»    деп,  жазушы  Ә.Кекілбаев  тәуелсіздік  туралы  ӛз  ойын  білдірген  екен  [1, 


405 

 

366]. 



Ал тәуелсіздікті қорғай алу, ол ҥшін кҥресе  білу тек бҥгінгі заманның ғана 

мәселесі  болмаса  керек,  ол  кҥрес    адамзат  адамзат  болғалы  бірге  келе  жатқан  

келелі мәселе болып табылмақ. 

Қазақ  халқын  жау  жан-жағынан  қамалап,  басына  қиын-қыстау  кҥн 

тудырғанда  оған  ешкімнің де  кӛмекке  келмегені белгілі. Ресей  империясының 

қазақ  жерін  кӛкпарға  тартқан  қозыдай  талап,  талан-таражға  тҥсіріп,  шҧрайлы 

жерлерін  игеріп,  табиғи  байлықтарын  иеленіп,  дәстҥрлі  билік  жҥйелерін, 

хандықтың  кӛзін  қҧртып,  «бӛліп  ал  да  билей  бер»  деген  саясат  ҧстанып,  ӛз 

биліктерін  мейлінше  еркін  жҥргізіп  келгені  шындық.  Жоңғар-қазақ 

шапқыншылығында  да  «Қай  жеңгенің  менікі»  деген  саясат  ҧстанып,  екі  елдің 

бірінің  қҧрып  кетуін  «тамашалап»,  қол  қусырып  қарап  отырғанын  ешкім  де 

жоққа шығара алмас. Бар «кӛмектескені» - қазақ халқын кіші жҥз рҧқсат сҧрай 

барғанда «қолының астына алуы» еді, оның да сыры белгілі. Соңы-жетпіс жыл 

бодандықта  отыруымызбен  аяқталғаны  тағы  шындық.  Ойымды  шегелей  тҥсу 

ҥшін қазақтың талантты ақыны Нҧрлан Мәукенҧлының ӛлеңінен ҥзінді келтіре 

ӛткен артық болмас: 

...Жер бетінен қҧрыды, 

Желкілдеген тҧлымы, 

Жау да болса жоңғарым –  

Қоңсы болып қонғаным... 

...Тҧлданғасын тҧлымы, 

Жер бетінен қҧрыды...  

...Ханзу

1

 алды тамақтан 



Орыс алды қабақтан... 

...Ӛзге келді ӛңірге- 

Тізгін тиді жемірге... [2;  б.]. 

(Жалпы,  қазіргі  таңда  біз  елім  деп  еңіреп,  отқа  тҥсетін  азаматтардың 

қатарын  азайтқандаймыз.  Батыр,  ер  тәрбиелейтін  дәстҥрден  ажырап,  сужҥрек, 

әлсіз,  нәрсіз  ҧрпақ  санын  кӛбейткен  тәріздіміз.  Бала  кҥнімізден  естіп,  оқып 

ӛскен жырларда батырлар ел басына кҥн туған шақта ӛз еркімен елін қорғауға 

алғы  шепке  шықса,  бҥгінгідей  қой  ҥстіне  бозторғай  жҧмыртқалаған  бейбіт 

заманда  елін  жаудан  қорғамақ  тҥгілі,  азаматтық  борышын  ӛтеуге  барудан 

қашатын  «азаматтарды»  да  кӛріп  жҥрміз.  Демек,  қазақ  халқы  тҥстегідей 

ҧсақталып кеткен заманның туғаны ма деп шошынасың? Дегенмен, бес саусақ 

бірдей емес, кӛпке топырақ шашқың келмейді). 

Кең байтақ жері, тәуелсіз елі болғанды армандамайтын адам жоқ. Әркімнің 

жҥрегінде  туған  елі  мен  жеріне  деген  сҥйіспеншілік  сезімі,  ертеңіне  деген 

елеңдеулі  кӛңілі  болады.  Патриотизм  осыдан  келіп  шығады.    «Патриотизм  – 

бҧл ӛз Отаның мен жеріңе деген сҥйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне 

деген  зор  қҧрмет,  әркімнің  ӛз  кҥш-жігеріне  деген  сенімі  мен  барша  қоғамның 

топтасуы.  Бҧл  бҥгін  тҧрғызылып  жатқан  ӛз  еліңнің  тарихына  қатыстылықтың 

және оның болашағы ҥшін жауаптылықтың жоғары сезімі» деп атап кӛрсетеді 

                                                           

1

 Қытай  


406 

 

Елбасы  [3,  454].  Демек,  елдігі  мен  бірлігі  жарасқан,  ата  салтын  ардақтаған, 



әдебиеті  мен  мәдениетін,  тілі  мен  дінін,  ділін  қҧрметтеген  елдің  тәуелсіздігі 

баянды  болмақ.  Ал,  тәуелсіздік  ҥшін  кҥрестің  тҥп  негізі  қазақтың  ауыз 

әдебиетінде, жекелей айтсақ, эпосында жатыр. 

 Эпостық жырлардың қай тҥрін алсаңыз да, оның тҥп негізінде елдік, бірлік, 

бейбітшілік,  Отан  ҥшін,  ел  ҥшін,  жер  ҥшін  кҥрес  мәселесі  жатады.  Эпоста 

Отансҥйгіштікті  белгілі  бір  батырдың  іс-әрекеті  арқылы  жеткізуге  тырысады. 

Оны  батырлар  жыры  қатарындағы  «Алпамыс»,  «Ер  Тарғын»,  «Қобыланды 

батыр»,  «Қамбар  батыр»,  тарихи  жырлар  есебіндегі  «Қабанбай  батыр», 

«Кенесары-Наурызбай»,  «Базар  батыр»,  «Барақ  батыр,  Абылай»,  «Мырзаш 

батыр»  сияқты  тағы  да  басқа  жырлардан  кӛре  аламыз.  Ол  ХVІІІ  ғасырдағы 

жоңғар шапқыншылығы, ХІХ ғасыр басындағы ҧраңқайларға қарсы кҥрес, ХХ 

ғасырдағы  ҧлт-азаттық  кӛтеріліс,  қай-қайсысының  да  негізінде    ӛз  Отанын 

шапқыншы  жаулардан  қорғау  мәселесі  жатады.  Демек,  уақыт  ӛтіп,  ғасыр 

алмасқанмен, тарихи оқиғалар формасы ауысқанмен, батырлардың ел мен жер 

ҥшін  кҥресі,  Отанға  деген  сҥйіспеншілігі  ӛзгермек  емес.  Ӛйткені  ол  ӛз  елінің 

жанашыры, елі ҥшін жері ҥшін қасық қанын қиюға даяр патриоты.  

Эпосқа тән бір ерекшелік – елдік мәселесі. Ел басына тҥн туып, ер етігімен 

саз кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заман туғанда бір жеңнен бас, бір жеңнен 

қол  шығарған  бірліктің  керек  екендігін  тҥйсінген  қазақ  батырларының  елін 

қызғыштай  қорғап  ӛткендері  белгілі.  Бҧл  –  эпос  атаулыдағы  негізгі  идея. 

Батырлар  туған  жерінен  жырақта  жҥрсе  де,  елін  бір  мезет  жадынан 

шығармаған.  Батырлардың  туған  елін  егіліп  еске  алатын  тҧстары  кез-келген 

эпоста  бар.  Мәселен  «Қобыланды  батырда»  елін  жау  шапқанын  естігендегі 

Қобыландының жай-кҥйі: 

...Жау шауыпты елімді, 

Жау кесіпті жерімді. 

Сындырып кетті белімді,  

Қуартып кетті кӛлімді... 

... Жҧртын кӛріп сол жерде, 

Қобыланды және бҧрсанды, 

Кӛзіне батыр жас алды. 

 Атынан тҥсіп Қобыланды, 

Қайғыланып, бойынан 

Қуат кетіп сандалып, 

Аяғын жӛндеп баса алмай, 

Омақасып Қобыланды 

Оң етегін басады... [4, 25]. 

деп ӛрнектелсе, тарихи жырларда батырлардың еліне деген сҥйіспеншілігі: 

...Қыстау мен жайлауыңды орыс алып

Мҧнартып бҧзылып тҧр бiздiң заман. 

Босанса қол-аяғым бҧл шынжырдан, 

Әлi де дҧшпан, жауға ойран салам. 

Тауың мен мӛлдiр суың, қайран, Алтай, 


407 

 

Бетеге, кҥреңселi қалды-ау далаң. 



Асыл  ең арам  тҧяқ аттамайтын, 

Балауса қарағайлы сай мен салаң.... 

...Арқауыл, Доланқара, Тӛгіскенім, 

Семіріп тай, жабағы тел ӛскенім. 

Теңелген жарлы байға, қайран, Кҥршім, 

Кең байтақ,  шӛбі шҥйгін Ақтҥбегім... [5, 515]. 

деп  беріледі.  Бҧл  «...ӛз  елін  тереңнен  сҥюшілік  мотивінің  қазақ  эпостарында 

психологиялық жағынан дәлелденуі» [6, 15]. 

Жалпы,  эпостық  жырлар  –  тәуелсіздік  пен  елдік  жолындағы  оқиғалардың 

кӛрсеткіші.    Соның  ішінде,  тарихи жырлар  –  қазақ  фольклорының арналы  бір 

саласы.  Бҧл  туындылар  (мәселен,  «Базар  батыр»,  «Барақ  батыр,  Абылай», 

«Мырзаш батыр» жырлары) халықтың дҥниекӛзқарасын, сана - сезімін, таным-

тҥсінігін  және  ӛзі  ӛмір  сҥріп  отырған  қоғамы  туралы  пікірін,  ӛлкесі,  оның 

тарихы,  мәдениеті,  табиғаты,  тҧрмыс-салты  туралы  ойын  танытады  және  оны 

халықтық  кӛзқараспен  бағалайды,  сол  арқылы  қара  халықтың  тарихи 

шындықты терең тҥсіне алатынын кӛрсетеді, яғни жырлар - халықтың тарихқа 

берген бағасы. Аталмыш тарихи жырларда халқымызға найзаның ҧшы, білектің 

кҥшімен  келген  тәуелсіздік  тарихы  жазулы,  сол  тәуелсіздікті  кӛзімен  кӛре 

алмай кеткен ерлеріміздің ерлік істері зор қҧрметпен жырланады. 

Бҧл  жырларда  халықтың  тарихы,  ӛмірі  жазулы,  сол  арқылы  біз  халықтың 

ӛткенін  танимыз  және  болашағын  бағамдаймыз,  ӛйткені  жырлардың  басты 

тақырыбының  ӛзі - халықтың тәуелсіздігі мен бақыты ҥшін кҥрес, сол себепті 

бҧл туындылар бақытты болашақ, тәуелсіздік ҥшін кҥресе білу керек деген идея 

кӛтереді.  Жырларда  халық  біртҧтас  кҥш  ретінде  суреттеледі,  оның  жағымды 

қасиеттері  саралана  отырып,  батырлығы,  батылдығы,  патриоттық  және  биік 

адамгершілік  қасиеттері  мадақталады.  Бҧл  жырларда  халықтың  болашаққа 

ҧмтылысы  бейнеленеді.  Және  оның  ҧзақ  жылдар  бойғы  шайқастар  кезіндегі 

мықты  рухы,  тәуелсіздік  ҥшін  кҥресі,  сол  шайқастарда  ӛздерінің  жеңіп 

шығатынына  және  әділетттіліктің  белең  алатынына  деген  сенімі  суреттеледі. 

Жерін жаудан азат ету ісінде батырдың жеңіске жетуіне Отанына деген ыстық 

сезімінің себепші болғандығы және халық бірлігі ашық жырланады. Жырларда 

тәуелсіздік,  әділеттілік  ҥшін  кҥрескен  халық  батырларының  жарқын  бейнесі 

сомдалады,  ӛйткені  халық  -  тәуелсіздік  ҥшін  кҥрестің  қиындығын  жете 

тҥсінеді,  сол  себепті  оның  жолында  қҧрбан  болған  батырларды  дәріптей 

суреттейді, оларды ҧлы кҥрескер дәрежесіне дейін кӛтереді.  

Жоңғар - қазақ арасындағы ірі шайқастардың бірі  – «Шорға соғысы» екені 

белгілі. Жоңғарлар Тарбағатай ӛңірін басып алып, жергілікті халықты Қалбаға 

қарай босытып жіберген. Осындай қиын кезеңде қазақтың жиырма жеті батыры 

тӛніп келген дҧшпанға бірге тойтарыс береді. Шегінген жау қазіргі «Қабанбай» 

ауылының  маңындағы  «Шорға»  деген  жердегі  қалың  талдың  арасын  паналап, 

сексен  кҥн  бойы  беріспей  жатып  алған  екен.  Міне,  осы  шайқаста  Барақ  асқан 

ерлік  кӛрсеткен.  Яғни,  осындағы  Барақтың  ерлігі  «Барақ  батыр,  Абылай» 

жырына, Қабанбайдың батырлық істері «Қабанбай батыр» жырына арқау болуы 


408 

 

әбден мҥмкін. Екі жырдағы батырлардың бірге жҥруіне сексен кҥнге созылған 



осы «Шорға» соғысы себепші болған сияқты. Бҧның ӛзі ат ауыздықпен су ішіп, 

ер  толарсақтан  саз  кешкен  қиын  заман  туғанда  қазақ  батырларының  мақсат-

мҥдделері бір болғандығын дәлелдей тҥссе керек.  

Жауды тойтарған жиырма жеті батырдың ерлігі туралы ел аузында айтылған 

осы  деректерді  тарихи  мәліметтер  де  растай  тҥседі.  Мәселен,  тарихшылар 

К.Аманжолов  пен  А.Тасболатовтың  «Қазақстанның  әскери  тарихы»  атты  

еңбектерінде  тӛмендегідей  нақты  деректер беріледі:  

«Қолда  бар  архив  материалдарына  сҥйенсек,  мыңдықтан  әскер  қҧраған 

жиырма  тоғыз  сардардың,  батырлардың  рулары  мен  есімдері  тҥгел  толық 

келтірілген. Олар:  

1)  Қаракерей Қабанбай 

2)  Қанжығалы Бӛгенбай 

3)  Кӛкжарлы кӛкжал Барақ  

4)  Керей Жәнібек 

5)  Шанышқылы Бердіқожа  

6)  Керей Жанатай ер 

7)  Тоғас Қосай 

8)  Тума Шағалақ  

9)  Мҧрын Боранбай  

10) Ҥйсін Саршуаш 

11) Қыпшақ Есім хан  

12) Қыржы Бостан 

13) Тарақты Баймҧрат  

14) Тоқпақ Қосабай  

15) Матай батыр 

16) Сибан Шынқожа 

17) Шойбек Сеңкібай 

18) Қаңлы Қҧлан 

19) Сіргелі Елшібек 

20) Қаратай 

21) Ысты Тӛлек 

22) Сиқымнан – Шінет , Рысбек 

23) Ботбай Сәмен  

24) Шымыр Қойкелді 

25) Қоңырат Тӛлебай, Болат. Кіші Ордадан. 

26) Рамадан Алшынбай. 

27) Қарақалпақ Қҧлашбек. 

28) Жаныс Ӛтеген. 

29) Шапырашты Наурызбай 

батырларды білеміз.  Олар кезінде ел ардақтап атайтын әруақты жандар еді. Бір 

еске  салатынымыз,  қазақ  мыңдықтарын  басқарған  басшылардың  есімдері 

рулық,  жҥздік деңдейден  асып,  жалпы ҧлттық межеге  кӛтерілген.  Олар  қанды 

сайыстарда    талай  рет  суырылып  шыққан  ерлер  еді.  Олардың  даңқы  бір  ғана 


409 

 

Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін толық тазартқанша 



есімдері ҧлы далаға аңыз болып, ҧран болып, ҧлттық сананы қалыптастыруға ӛз 

ҥлестерін қосты» [7, 135]. 

Жалпы,  эпос  атаулыда  батырлар  ел  сенімін  арқалаған  адамдар  болып 

табылады.  Ел  басына  қандай  қиын  іс  тумасын,  ең  бірінші  олар  осы  батырды 

іздеп  табады,  арыз-  арманын  айтып,  халық  атынан  сӛйлеп,  оған  ҧсыныс 

жасайды,  қай  істі  болсын  сеніп  тапсырады.  Оның  барлығының  орындалуына 

батыр  бірден-бір  себепкер  болады.  Яғни,  батыр  -  орталық  кейіпкер,  ол 

халықтың  мҧңын  мҧңдап,  жоғын  жоқтаушы,  халық  сӛзін  сӛйлейтін  адам,  әрі 

сол халықтың қорғаны.  

Батырлардың  ең  басты  тағы  бір  қасиеті  -  батыр  ретінде  халық  алдындағы 

борышын  сезінуі  және  патриоттық  сезімі.  Бҧлар  -  батырға  туа  біткен  қасиет 

десе  де  болады.  Ел  ҧғымында  батыр  халық  ҥшін  жаратылған  жан  болып 

саналғандықтан,  батыр  бірінші  орынға  ӛзін  емес,  халықты  қойып,  әрдайым 

халық  алдындағы  борышын  ӛтеуге  ҧмтылған.  Сол    жолда  қандай 

қиыншылықтар  кездессе-дағы  жасымай,  мақсатына  қол  жеткізе  білген,  не 

нәрсеге де қол жеткізуіне еліне, жеріне деген махаббаты, ыстық сезімі себепші 

болған,  әрі  Е.М.Мелетинский  сӛзімен  айтсақ,  «Энергия,  сила  и  смелость  – 

какой-то мере предпосылка его настойчивости в достижении цели, уверенности 

в  себе,  отсутствия  колебаний.  Все  это  составляет  эпическую  цельность 

героического  характера.  Богатырь  должен  спасти  себя  или  других  людей, 

которые    часто  связаны  с  ним  кровными  узами  или  просто  ищут  у  героя 

защиты.  Совершаемые  богатырем  действия  в  основном  соответствует 

коллективистский характер» [8, 341-342].  

Алайда  тарихи  жырларда  орын  алған  бір  сюжет  -  батырлардың  патша 

жендеттерінің  қолынан  ӛлтірілуі.  Мәселен,  Жанғожаны  патша  әкімдерінің 

ықпалында  жҥрген  Сауқым  атып  ӛлтірсе,  Базар  батырды  патша  ӛкілдерімен 

ым-жымы  бір  Шодыр  ӛлтіріп,  Сауқым  да,  Шодыр  да  губернатордан  шен  - 

шекпен  алады.  Яғни,  сол  кездегі  идеологияның  әсерінен  тарихи  жырлардың 

кейбіреуінде осындай сюжет кӛрініс тапқан. 

Қорыта  айтқанда,  бҧл  жырлардың  қай-қайсысы  да  халықтың  тәуелсіздігін 

кӛздейтін,  соның  жолында  қҧрбан  болған  ерлердің  ерлік  істерін  дәріптейтін 

бірден  -  бір  ҥздік  туындылар.  Яғни,    «Базар  батыр»,  «Барақ  батыр,  Абылай», 

«Мырзаш батыр» -  халықтың жарқын болашағы мен тәуелсіздігі ҥшін кҥресуге 

шақыратын  идеясы  айқын  жырлар.  Халық  намысын  қара  бастың  қамынан 

жоғары  қоя  білуге,  оның  қамқоршысы,  қорғаушысы  болуға  ҥндейтін  кӛркем 

тілді, кең тынысты туындылар. Ал «Тобағҧл батыр» жыры теңдікте ӛмір сҥруді 

уағыздайтын жыр. Ӛйткені, адам ӛмірге бай-кедей деп бӛлініп келмейді. Ӛмір 

есігін  ашқаннан  кейін  осылайша  бӛліну  -    қисынсыз  дҥние.  Материалдық 

жағдайға  бола  бҧлай  жіктелу  -  адамгершілікке  жат  нәрсе.  Адамдар  байлыққа 

қарап  емес,  адамгершілік  қасиеттеріне  қарап  бағалануы  қажет.  Байлық  - 

адамдықтың  белгісі  емес.  Сондықтан  туындыда  бейбіт  ӛмір  кешуге  ҥндеу 

тасталғандай  болады.  Яғни,  жыр  -  тіршілік  еткен  пенде  болмай,  ӛмір  сҥрген 

Адам  болуға  шақырғандай  әсер  қалдырады.  Сол  себепті  аталмыш  жыр 


410 

 

азаттықты қалайтын, адам рухының тәуелсіздігін кӛздейтін кӛркем тілді кесек 



туынды.  

Бҥгінде  ӛз  жырлаушысын  таппай,  халыққа  беймәлім  болып  жатқан  тарихи 

жырлар  саны  әлдеқайда  кӛп.  Мәселен,  Кӛмеш,  Қоңыз  (Қҧрбанқажы),  Кенже, 

Қойшы,  Қапсан  батырлардың  ерлік  істері  жырға  қосылмай,  аңыз  -  әңгімелер 

кӛлемінде  ғана  айтылумен  шектеліп  қалып  жҥр.  Ал  оларды  кӛпшілік  қауымға 

таныту  -  жырға  қосушы  ақын  -  жыршылардың  болуына  байланысты  іс.  Кез-

келген адам, оның іс - әрекеттері халық санасында сақталып, жыр боп айтылып, 

артқыға мҧра боп қалмайды. Халық тарихында ӛшпестей із қалдырған санаулы 

адамдар ғана бҧндай қҧрметке ие болмақ. Осы қырынан келгенде Базар, Барақ, 

Мырзаш,  Тобағҧл  батырлар  іздеушісі  бар  бақытты  жандар.  Ӛйткені  олардың 

қай-қайсысы  болсын,  қазақ  елін  сыртқы  жаугершіліктен  қорғау  жолында 

ерекше ерлік кӛрсеткен, сӛйтіп ел қҧрметіне бӛленген хас батырлар. Сондықтан 

халық  олардың  отаншыл,  ерлік  тҧлғаларын  аңыз  етіп,  ҧрпақтан  -  ҧрпаққа 

қасиеттеп қалдырған.  

Демек,  осы  батырлардың  ерлік  істерінің  негізінде  туған  тарихи  жырлар  - 

ауыз  әдебиетінің  қҧнды  қазыналарының  бірі.  Сол  себепті  оларды  жарыққа 

шығару, әлі де болса қарастырылмаған жақтарын зерттеу  -  алдағы уақыттарда 

орындалар кҥрделі мәселелер болып саналмақ. 

Ал  батыр  бабаларымыз  жӛнінде  кӛне  тарихымыз  әлі  талай  сыр  шертіп, 

таныс  әрі  бейтаныс  тҧлғалар  халқының  жҥрегінде  ардақты  перзенті  ретінде 

мәңгілікке  орнығып  қалар,  оған  кҥмән  келтірмейміз.  Ал  біздің  осы 

жазғандарымыз  -  батыр  бабалар  туралы,  олардың  тәуелсіздік  ҥшін  кҥрескен 

ерліктері туралы, ерліктері жырланған эпостар, ондағы ҧлттық рух, ҧлттық идея 

туралы  айтылар  ойлардың  алғы  бастамасы  болып  табылмақ.    «Ҧлттық  идея 

деген,  біріншіден  қазақ    елінің  Тәуелсіздігін  нығайту,  елімізді  аяғынан  тік 

тҧрғызып  болашақ  ҧрпақтың  қолына  беру  керек.  Екіншіден,  Қазақстанның 

зкономикасын  ӛркендетіп,  әлемдегі  дамыған  мемлекеттердің  дәрежесіне 

жеткізу  керек.  Ҥшіншіден,  елдің  бірлігі.  Ынтымақ,  бірлік  болмаса,  біздің 

тәуелсіздігіміз болмайды» деп Н.Назарбаев [3, 368] атап кӛрсеткендей, білектің 

кҥші,  найзаның  ҧшымен,  қаншама  аяулы  азаматтарымыздың  қанымен, 

жанымен келген тәуелсіздікті бағалай білгеніміз жӛн. 

Әдебиеттер  тізімі 

1.

 

Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту.- Алматы, 2006.-380 бет. 



2.

 

Мәукенҧлы  Н.  Жоғалды  жыл.  Жоғалды  ай.  Жоғалды  кҥн:  Ӛлеңдер.- 



Алматы: «Сӛздік-Словарь», 2004.- 364 бет. 

3.

 



Назарбаев Н. Халыққа арнау.-Астана: Кҥлтегін баспасы, 2007.-592 б. 

4.

 



Бабалар сӛзі 34 том. 

5.

 



Богатырский  эпос.  Героические  поэмы  о  батырах  эпохи  Аблая,  том  5. 

Базар батыр. –  Алматы, ЦНБ, 1953, 53 – тетрадь, С. 406-530.  

6.

 

Бабалар сӛзі   33 том. 



7.

 

Аманжолов  К.,  Тасболатов  А.  Қазақстанның  әскери  тарихы.  –    Алматы: 



Ғылым, 1999. – 320 бет. 

411 

 

8.



 

Мелетинский  Е.М.  Происхождение  героического  эпоса.  –  Москва:  Изд. 

Восточной лит., 1963. – 462 с. 

 

 



ӘОЖ 811.111 

 

Е. Тоқтарбаев, А.К. Қалиев  

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 

Арқалық қ., Қазақстан 

 

ТҤРМЕ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ РУХ ПЕН СЕНІМ КӚРІНІСІ 



 

Тҥрмеде  жазылған поэзиялық  шығармаларды  оқып  отырсаңыз,  бойыңызды 

ерекше  сезім  билейді.  Ол  –  патриоттық  сезім.  Тар  есік,  тас  босағада  телміреп 

отырса  да,  табандылығы  мен  тӛзімділігі  аласармаған  тҧтқын,  жаза  мерзімін 

ӛтеуші  ақындарымыздың  шығармаларында  ҧлттық  рух  сипаты  ерекше 

жырланады.  Ҧлттық  рух  –  қамауда  отырған  ақынның  жҥрегіндегі  ашу  мен 

ызаны  кернеп,  тапталған,  жаншылған  ҧлттық  намысты  оятуға  итермелейтін 

кҥш. Тапталған ҧлттық намыс деп отырғанымыз  – ҧлттымыздың ана тілі, ділі, 

тӛл тарихы, сан жылдардан бері келе жатқан ата дәстҥрі. 

Ана  тілінің  келешегі,  атамекенінің  болашағы  ҥшін  1986  жылы  алаңға 

шығып,  ӛз  Отанына  дербестік  сҧрағандардың  бірегейі  –  Қайрат  Рысқҧлбеков. 

Қыршын  ҥзілген  ғҧмыр  иесінің  тҥрмеде  жазған  ҧлттық  рух  сипатындағы 

ӛлеңдерінің бірі – «Ана тілі». Қарап кӛрелік: 

«Мен - қазақпын мың ӛліп, мың тірілген», 

Қҧшақ жая таныстым сан тілменен. - 

«Жаман ҥйді қонағы билейді» деп, 

Қала жаздап айрылып ӛз тілімнен. 

Ӛзге тілге еліктеп ел болмайсың

Қазағымның артык жоқ ӛз тілінен... 

Шындығында,  қазақ  қазақ  болғалы  басынан  не  ӛткермеді.  Небір  зҧлматты 

кӛрді.  Ақыры,  қҧдай  сақтап  аман  қалдық.  1960  жылдардан  бастап  Мәскеу 

жарлығына сай қазақ мектептері жабылып, ана тіліміздің жолы жеңішкеленіп, 

ҧлт  болашағына  балта  шабылды.  Қазақ  елін  жарты  ғасырдан  астам  басқарып 

келген  Д.А.Қонаевты  себепсіз  орнынан  алып,  оның  орнына  «ҥш  қайнаса 

сорпасы  қосылмайтын»  қайдағы  бір  орысты  әкелу  –  қазақ  жастарының 

қытығына тиді. Олар – елдік, ҧлттық мҥдде ҥшін кҥресті. Мына ӛлең  – соның 

айғағы. 

Абақтыға қамалып, итжеккенге айдалып, суық Сібірді кӛрсе де ар-ожданын 

сатпай,  хан  бастарын  имеген  текті  ерлердің  артына  қалған  ӛлмес,  ӛшпес 

мҧраларының тәрбиелік мәні зор. Мысалы: 

Қорқытпайды мені дар, 

Тіліңді енді тарт, мҧндар. 

Ӛлімнен қорқып сатпан ар – 


412 

 

Қайдасың, қайрат, қайдасың?! (Ахат Шәкерімҧлы) 



Немесе: 

Ӛтірік, ӛсек, жаланың 

Қҧрбаны болып барамын. 

Тасқа барып тірелді 

Тасыған таудай талабым. (Асанбай Асқаров) 

Осы екі ӛлең шумақтарының авторлары екі басқа кезеңнің зардабын шекті. 

Бірі  –  1937,  екіншісі  –  1986.  Екеуі  де  ӛр  рухты,  парасатты  ақын.  «Тасыған 

таудай  талаптары»  бар  шақтарында  «халық  жауы»  кеселі  тиіп,  қанаттары 

қайырылды.  Сонда  да  ақын-жҥрек  тоқтаған  емес,  керісінше,  азаптың  ащы 

запыранын тӛгіп, нағыз қанмен жазылған поэзияның ҥлгісін кӛрсетті. 

Жоқ! Мен ӛлмен, ӛлмеймін, 

Арманымда сенім бар. 

Тҥтіксем, тасқын селдеймін, 

Арқамда туған елім бар! (Шахан Мусин) 

Немесе: 

Салынар таразыға ақ-қарамыз, 

Шындықтың тҥгін қоймай ақтарармыз. 

Қазіргі қаралаушы, жазалаушы 

Жауыздар, сонда шығар масқараңыз! (Бҥркіт Ысқақов) 

Я болмаса: 

Міржақып пен Ахмет 

Нақақтан-нақақ болды шет. 

Бір уақыттар болғанда 

Ақталар, орнап әділет. (Файзолла Сатыбалдыҧлы) 

Асылы,  осы  ӛлеңдердің  барлығында  азаматтық  ҥн  ӛктем  естіледі.  Асқақ 

пафосты,  кең  диапозонды  ӛлеңдердің  барлығында  азап  шегушелер  келер 

кҥннен кҥдері ҥзбейді. Әділеттің салтанат қҧрарына сенеді. «Ӛлмеймін. Ӛлуге 

хақым  жоқ!»  деп  ӛз-ӛздеріне  серт  береді.  Ақырында  еліміз  кӛптен  кҥткен 

тәуелсіздігін  алды,  заман  ӛзгерді,  бәрі  ақталып,  туған  халқына  қайта  оралды. 

Ақындардың азаматтық ҥні – «сенім» концепциясы еді. 

«Сенім» концепциясы – ҥміт, жақсылық, әділдік, азаттық, еркіндік, тазалық, 

азаматтық  деген  жақсы  қасиеттердің  жиынтығы.  Тҥрме  поэзиясында  сенімнің 

рӛлі зор. Осы циклдың кез келген ӛкілінің ӛлеңін алсаңызда «ішкі сенім» анық 

кӛрініс  береді.  Мысалы,  ҚХР  Тарым  жаза  лагерінде  азап  шеккен  Керейғазы 

Нҧрсадықҧлының  «Айдалып  жҥр  тҥбіне  кетіп  барам»  ӛлеңінде  «сенім» 

тҧтастай  ӛлеңнің  мағынасы  мен  мәнін  ашып,  патриоттық  рең  беріп  тҧр.  Ӛлең 

жолдарына қарап кӛрелік: 

Қҧрсау сап қол-аяққа кӛк темірден

Шеріктер зіркілдейді ӛктем ҥнмен. 

Жоя алмас, жоя алмайды, оралармын, 

Айдалып жҥр тҥбіне кеткеніммен. 

Басыңа  қиындық  орнап,  туған-туысыңнан  «тірідей»  айырып,  итжеккенге 

айдап,  ҧрып-соғып,  тепкінің  астына  алып,  қинаса  да  азаматтық  ҧстанымынан 


413 

 

бастартпаған ақындардың бҧл істері  – кӛзсіз ерлік! «Ерлік» деп айрықша атап 



отырғанымыздың себебі: «...Бӛгелмей жазып ӛтем, сен оқып ӛл! Тартамын ақыр 

жаза  соның  ҥшін!»  (Таңжырық  Жолдыҧлы)  осы.  «Ӛзім  ӛлсем  де,  сӛзім 

ӛлмесін!»  деп  ӛмірі  қыл  ҥстінде  тҧрса  да,  о  бастағы  азаматтық  ҧстанымынан, 

сертінен тайынбайды. 

Тҥрме  поэзиясында  кҥрес  идеясы,  келешек  қамы  ҥшін  арпалысу,  ел  болу 

мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: 

Туған жердің туы биік болсын деп, 

Жері егінге, қыры малға толсын деп, 

Еңбек еттім жанымды бір аямай, 

Ел басына бақыт қҧсы қонсын деп. 

 

Кешір, менің білместігім болса егер, 



Еткен ісің еңбегіңмен ӛлшенер. 

Туған жердің туын кӛкке кӛтерді, 

Кӛп адамдар мен сҥйенер, мен сенер. 

 

Мен солардың бірі болып жҥрген ем, 



Жаман екен жауын тани білмеген. 

Елім ҥшін жаным қҧрбан деп жҥріп, 

Қапылыста  бір-ақ  шықтым  тҥрмеден,  -  деген  А.Асқаровтың  ӛлең 

жолдары осы сӛзімізге дәлел бола алады. 

Сӛзімізді  қорыта  келе  байыптағанымыз,  тҥрме  поэзиясындағы  ҧлттық  рух 

пен  сенім  кӛрінісі  –  бостандыққа,  теңдікке  ҧмтылу,  халықтың  мәдениеті  мен 

бақыты ҥшін кҥресу. Бҧл поэзия бӛлшегінің негізгі мҧраты – тәуелсіздік. «Тас 

тҥрмені  жарып  шыққан  тарлан  сӛз»  (Қ.Жҧмаділов)  ешқашан  ҧмытылмас, 

ӛміршең болуы заңдылық. 

 

 



ӘOЖ 81‘2/44 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет