Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата22.12.2016
өлшемі3,14 Mb.
#63
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

1.
 
Жартыбаев  А.Е.  Орталық  Қазақстан  аймақтық  топонимиясы.  –  Қарағанды,  «Болашақ-
Баспа» РББ, 2008. – 379 б.   
2.
 
Ҽбдірахманов  А.  Топонимика  жҽне  этимология.    -  Павлодар:  С.Торайғыров  атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 240 б. 
3.
 
Сапаров  Қ.Т.  Павлодар  облысы  топонимикалық  кеңістігі  (Қазақтардың  кеңістікті  игеру 
тҽжірибесінің жер-су атауларындағы кҿрінісі). Павлодар, ЭКО, ҒҾФ, 2007. – 308 б. 
4.
 
Баянауыл. –Астана: «Фалиант», 2001. –239 б. 
5.
 
Бияров Б.Н. Ҿр Алтайдың жер-су аттары. –Алматы, 2002. -84 б. 
6.
 
Шалбай Ш. Ҽділдікті ту еткен //Баянтау, 2004. 1 қазан 
7.
 
Сапаров Қ.Т. Павлодар облысы топонимикасы қалыптасуының геоэкологиялық астарлары: 
географ. ғыл. канд. дис. автореф. –Алматы, 2004. –26 б. 
8.
 
Рысберген  Қ.Қ.  Қазақ  топонимиясының  лингвокогнитивтік  жҽне  этномҽдени  негіздері. 
Филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дҽрежесін  алу  ҥшін  дайындалған 
диссертацияның авторефераты. Алматы, 2010. - 48 б. 
 
ЖҦРНАҚТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТІЛ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СҼЙКЕС ҒЫЛЫМИ 
СИПАТТАЛУЫ ЖАЙЫНДА 
 
Раева Ә.Ж., asem_raeva@mail.ru 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі - Т.Ҽ. Ҽбдіғалиева  
 

 
32 
Қазақ  тілінің  қалыптасқан  сҿзжасамдық  жҥйесі  -  сан  ғасырлық  даму  процесінің 
жемісі.  Қазіргі  таңда    қазақ  тіл  білімі  ғылымының  іргелі  зерттеулерінің  нҽтижесінде 
сҿзжасам саласының тармақтары мен деңгейлері сараланып, дамып, толығуы айқын кҿрініп 
отыр.  Қазақ  тіл  білімінің  жеке  саласы  ретінде  танылған  сҿзжасам  мҽселелерінің  ғылыми-
теориялық  негіздерін  зерттеу  барысында  кҿптеген  сҧрақтарға  сол  салаға  тҽн  заңдылықтар 
мен  қағидаттарға  сай  қарастыру  қажеттілігі  туындайды.  Мысалы,  сҿзжасамдық  тҧлға  тек 
морфемдік  тҧрғыдан    ғана  сҿз  етілмей,    туынды  жаңа  сҿз  жасауға  қатысатын  сҿзжасамдық 
бірліктердің  сҿз жасау процесіндегі қызметі тереңірек сипатталуы қажет сияқты. Айталық, 
сҿз тудырушы жҧрнақ терминінің қолданылуы кҿне тҥркі жҽне орта ғасырлық ескерткіштер 
тілін  зерттеген  еңбектерде  де  (Ҽ.Қайдаров,  Е.З.Қажыбеков,  А.Есенғҧлов,  Ж.Отарбаева, 
Р.Досжанова),  жекелеген  сҿз  таптарының  жасалуына  қатысты  зерттеулерде  де  (Ҽ.Тҿлеуов, 
Б.Қҧлмағамбетова,  Ҽ.Хасенов,  К.Бейсембаева,    З.Бейсембаева  т.б)  сҿз  болды,  авторлар  
бірқатар    тҧжырымдар  айтты.  Тҥбір  мен  қосымша  қызметіне  қатысты  кҿптеген  ойлар 
А.Ысқақов,  А.Қалыбаева,  С.Исаев  сынды  ғалымдардың  еңбектерінде  де  сҿз  етілді.  Бҧл 
еңбектерді    бҥгінгі  сҿзжасамның  теориялық  мазмҧнына  негіз  болған  пікірлер  десек  те 
болады.  Соңғы  жылдары  сҿзжасам  саласына  қатысты  мҽселелерді  арнайы  зерттеген  
ғалымдар  Н.Оралбаева,  Ғ.Қалиев,    А.Салқынбай,  Б.Қасым,  К.Қҧрманҽлиев,  Н.Қоқышева, 
Б.Есімсейітова,  Н.Сҥйінжанованың  т.б.  еңбектерімен  таныспыз.  Осы  орайда  біз  сҿзжасам 
бірлігі ретінде танылатын жҧрнақтың  сҿзжасамдық қызметі қандай жҽне жоғарыда аталған 
еңбектердегі  сипаты  сҿзжасамдық  теория  тҧрғысынан  қалай  қарастырылған  деген  сҧраққа 
қызығушылық  білдірдік.  Қазақ  тіл  біліміндегі  жҧрнақтың  қызметі  жҽне  жҧрнақтарды 
жіктеуде қандай заңдылықты  басшылыққа алуға тиесілі деген мҽселелерге де назар салдық. 
Сҿзжасам  саласы  ҿз  алдына  тіл  білімінің  жеке  саласы  болғанға  дейін    де  ғалымдар 
еңбектерінде  қарастырылды.  Мҽселен,  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салған  ғалым  
А.Байтҧрсынов  қосымшаларды  сҿз  тҧлғасының  бір  тҥрі  ретінде  «қосымшалар  екі  тҥрлі: 
біреулері  жалғанған  сҿзінің  тҧлғасын  ғана  ҿзгертіп,  мағынасын  ҿзгертпейді,  екіншілері 
жалғанған  сҿзінің  тҧлғасын  да,  ішкі  мағынасын  да  ҿзгертеді.  Сондықтан  бастапқы 
қосымшалар  тысқарғы  жалғаулар  я  тікелей  жалғау  деп  аталады;  екінші  қосымшалар 
ішкергі жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады»-деп кҿрсеткен. Демек,  жҧрнақтын жаңа 
сҿз  тудыру  қасиетіне  тоқталған  [1,182б.].  Бҧдан  байқайтынымыз,  сҿзжасам  саласына  тҽн 
сҧрақтар тіл білімінің морфологиясы аясында қарастырылған.   
Қазақ тіл білімінде барлық қосымшаларды  сҿз тудырушы, сҿз тҥрлендіруші жҽне сҿз 
байланыстырушы  деп  ҥш  тҥрге  бҿлу  дҽстҥрге  айналған.  Мысалы,  ғалым    А.Ысқақов  қазақ 
тіліндегі  сӛз  тудыратын  (сҿз  тудырғыш),  сӛз  түрлендіретін  (сҿз  тҥрлендіргіш)  жҽне  сӛз 
жалғастыратын (сҿз жалғастырғыш)  деп ҥш топқа бҿлсе, ғалым С.Исаев оларды сӛзжасам 
қосымшалары жҽне форма тудырушы қосымшалар деп екіге бҿледі де, жалғауларды форма 
тудырушы  қосымшалар  ішінде  қарастырады.    Ал  А.Ибатов  еңбегінде    қазақ  тіліндегі 
жҧрнақтар  кҥрделі  ҥш  салаға  бҿліп  топтастырылады:  а)  жаңадан  сҿз  тудырушы  лексика-
грамматикалық аффикстер, яғни сӛзжасам аффикстер, ҽ)сҿзді тҥрлендіруші функционалды 
аффикстер,  яғни  сӛзтүрлем  аффикстер,  б)  сҿз  бен  сҿзді  байланыстырушы  таза 
грамматикалық аффикстер [3, 129б.].  
  
Демек,  морфемаларға  қатысты  терминдер  қолданысында  тҧрақтылық  байқалмайды.  
Ал  бҥгінде  сҿзжасамдық  жҧрнақ  термині  сҿзжасам  саласында  тҧрақталды  деуге  болады. 
Профессор  Н.Оралбаеваның  «морфология  ҥшін  жҧрнақ  терминін,  ал  сҿзжасам  ҥшін 
сҿзжасамдық  жҧрнақ  терминін  анық  кҿрсету  арқылы  мҽселені  шешуге  болады»-деген 
тҧжырымы болашақ тілші-ғалымдар еңбектерінде ескерілсе дейміз [4,46б.]. 
 
Сҿзжасам  теориясына  қатысты  сҿзжасамдық  жҧрнақтардың  қызметін  саралап 
айқындауда  да  қазақ  тіл  білімінде  ортақ  тҧжырым  байқалмайды.  Біз  жҧмысымызда  қазақ 
тілінің  ғылыми  грамматикаларында  жҧрнақтардың  ерекшеліктері  қалай  айқындалады  жҽне 
олар  қалай  бҿлінеді  жҽне  сҿзжасамдық  жҧрнақтардың    қызметтік  ерекшелігі  қандай  деген 
мҽселелерге  назар  аударамыз.  Осы  орайда  Н.Оралбаева,  А.Ысқақов.  С.Исаев,    А.Ибатов, 
С.Шоқабаева сынды т.б. тілші-ғалымдардың еңбектерін қарастырамыз. 

 
33 
А.Ысқақов  «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» еңбегінде жҧрнақтарды ҿз ішінен 
бірнеше  топтарға  жіктейді.    Мҽселен,  ғалым  «қҧрылымы  мен  қҧрамы  жағынан  жҧрнақтар 
жалаң  жҧрнақтар  жҽне  қҧранды  жҧрнақтар»-деп  топтастырады.  Ғалым  А.Ысқақов    сҿз 
тудыру  қабілеттерінің   бар  я  жоғына  қарай  «тірі  жҧрнақтар  жҽне  ҿлі  жҧрнақтар»,  сонымен 
қатар  сҿз  тудыру  жағынан  ҿнімді  я  ҿнімсіз  болуларына  қарай  «қҧнарлы-қҧнарсыз 
жҧрнақтар»  деп  топтастырады  [2,32-38б.]  Ғалымның  еңбегінде  тірі  жҧрнақ  пен  қҧнарлы 
жҧрнақтың, ҿлі жҧрнақ пен қҧнарсыз жҧрнақтың айырым белгілері қарастырылмаған. Десек 
те,  ғалым  А.Ысқақов  еңбегі  сҿзжасам  мҽселесіне  арналмағанымен,  сҿзжасамдық 
жҧрнақтарға 
қатысты 
қҧнарлы-қҧнарсыз 
жҧрнақтардың 
сҿз 
тудыру 
ҿнімділігі 
қарастырылған. 
 Белгілі  ғалым  С.Исаев    сҿз  тудыруға  байланысты  жҧрнақ  терминінің  орнына 
«сҿзжасам қосымшалары» деген терминді  ҧсынады. автордың ҿз сҿзімен келтіретін болсақ, 
«сҿз  тудыруға  байланысты  қазақ  тілі  грамматикаларында  беріліп  жҥргендей  жҧрнақ 
терминін  алмай,  оның  орнына  сҿзжасам  қосымшалары  деп  берген  жҿн  болар  еді»-  дейді 
[5,222б.].  С.Исаев  еңбегінде  «сҿзжасамдық  қосымшалар»  қҧрамдық  (жалаң,  қҧранды), 
мағыналық  (полисемиялық,  моносемиялық,  мағыналас,  омоним)  жҽне  тілде  ҿмір  сҥру 
деңгейі жағынан     (ҿнімді-ҿнімсіз, қҧнарлы-қҧнарсыз, тірі-ҿлі) сараланған. Бірақ бҧл еңбек 
те  жҧрнақтардың    тілдегі  қызмет  кҿрінісін  толық  ашып,  статистикалық  деректермен 
айқындап кҿрсетпеген. Қалай болғанда да жоғарыда аталған еңбектердегі пікірлер сҿзжасам 
саласының қалыптасып, дамуына тҥрткі болған ізденістер деуімізге болады. 
Туынды  сҿздер  табиғатын  зерттеген  ғалым  А.Ибатов    жаңадан  сҿз  тудыратын  
жҧрнақтарды  «сҿзжасам  аффикстері»  деп  кҿрсетеді.  Ғалым  А.Ибатов    сҿзжасамдық 
жҧрнақтарды реестрлік тҽртіппен беріп, аталған жҧрнақтың қай сҿз табына қатыстылығын да 
кҿрсетіп  отырған.  Сонымен  қатар  еңбекте  ғалым  «сҿзжасамдық  жҧрнақтар  тҥгелдей 
қамтылған»- дейді [3,129б.]. Сҿздіктің қосымшасы ретінде берілген дерегінде сҿз тудырушы 
319 жҧрнақты атап кҿрсетеді. Бҥгінде жҧрнақ қызметінің мҽртебесін анықтауда дау туғызып 
жҥрген    еркелету,  кішірейту  мҽндегі  жҧрнақтарды  сҿзжасамдық  жҧрнақтар  дейміз  бе,  ҽлде 
сҿз  тҥрлендіруші  жҧрнақтар  дейміз  бе  деген  талас  мҽселе  бар.  Ал  А.Ибатов  сҿздігінде 
еркелету,  кішірейту  мҽнді  жҧрнақтар  сҿзжасамдық  жҧрнақ  ретінде  қарастырылған.  Бҧл 
тҧжырым  ғалым Н.Оралбайдың еңбегінде де сҿзжасамдық жҧрнақ ретінде қарастырылады. 
Н.Оралбай:    «лексикалық  мағынаның  тҥрленуі  жалпы  тіл  білімінде  де  сҿзжасамға  жатады» 
деген тҧжырымын сабақтастырып,  зат есім лексикалық мағынасын тҥрлендіретін, реңк мҽн 
қосатын 24 жҧрнақты  сҿзжасам жҧрнағы ретінде таниды [123б.]  
Қазақ  тіліндегі  қосымшалардың  эволюциясын  зерттеген  ғалым  Ж.Тектіғҧл  еркелету, 
кішірейту  мҽнді  жҧрнаққа  байланысты  мынадай  пікірін  білдіреді:  «...  қошақан  сҿзінің 
қҧрамындағы  –қан  қосымшасының  бойынан    сӛз  жасаушылық  мағынаның    басымдығын 
айқын  кҿруге  болады.  Ҿйткені  «қошақан»  сҿзінің  тҥбірі  «қош»  тҥрікмен  тілінде,  «қҧша» 
алтай тілінде «қой» мағынасында  жҧмсалады. Бҧны қазақ тіліндегі этимологиялық тҧрғыдан 
«қой-еркек» болып жіктелетін «қошқар» сҿзінің қҧрамы да дҽлелдей тҥседі. Сонда «қой» зат 
есіміне  –қан  жҧрнағы  жалғану  арқылы  «қойдың  баласы»,  «қойдың  тҿлі»  деген  жаңа  
мағыналы  сҿз  жасалып,  қазақ  тіліндегі  бҧрыннан  бар  «қозы»  сҿзімен  синонимдес  қатар 
қҧрып  тҧр. Мҧндағы «қозы»  сҿзі  <қоша  сҿзінің қысаңданған варианты болса керек»-деген 
тҧжырымы арқылы кішірейту, еркелету мҽндегі жҧрнақты таза сҿзжасамдық жҧрнақ ретінде 
таныған  [7,38б.].  Осы  пікірлерді  саралай  келсек,  қазақ  тілінің  сҿзжасам  саласында  бҧл 
жҧрнақтарды да  сҿзжасам жҧрнақтары ретінде қарастыруға болады деген ой-пікір басым. 
 
Жҧрнақтарға  қатысты  тағы  бір  даулы  тҧсы  –  қҧранды  жҧрнақтарға  байланысты. 
Мҽселен, -ымпаз, імпаз, -мпаз жҧрнағын қҧранды жҧрнақ деп қарастырамыз ба, ҽлде ара-жігі 
ажыратылатын  жеке  жҧрнақтар  ма,    не  болмаса  жҧрнақ  қҧрамындағы  тҧлғасындар  деп 
таныған  дҧрыс  па  деген  мҽселе    ҽлі  де  зерттей  тҥсуді  қажет  етеді.  Себебі  осы  жҧрнақты 
А.Ысқақов  ҽр тҥрлі сҿз таптарынан сын есім жасайтын екі жеке жҧрнақ ретінде қарастырған 
болса [2,176б.],  А.Айғабылҧлы –ымпаз, -імпаз, -мпаз жҧрнағының қҧрамындағы  -м, -ым, -ім 

 
34 
дыбыстарын  сҿз  ішіндегі  қыстырма  дыбыстарға  жатқызады.  [8,36б.].  Ғалым  А.Ибатов  бҧл 
жҧрнақтарды қҧранды  
жҧрнақ  қатарында  кҿрсетеді.    Сҿзжасам  саласында  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  ҿнімсіз 
жҧрнақтардың  сҿзжасамдық  ҽлеуеті»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғаған 
зерттеуші  С.Шоқабаева  «бҧл  жҧрнақтар    білімпаз,  келісімпаз  сияқты  туынды  сҿздердің 
қҧрамында  келгенде,  -ым+-паз,  -ім+-паз  деп  бҿлшектеуге  кҿнгенімен,  қыдырымпаз, 
жасампаз, кҿнімпаз, жеңімпаз, сҧрампаз т.б. сҿздердің қҧрамында келгенде  –ым+-паз,  -ім+-
паз тҥрінде бҿлшектенбейдігін дҽлелдейді. Мҧндағы –ым, -ім, -м – қыстырма дыбыстар емес, 
екі  жеке  компоненттерге  ажырамайтын  біртҧтас  жҧрнақ.                ...-ымпаз,  -імпаз,  -мпаз 
жҧрнақтары    екі  тҥрлі  жҧрнақ  емес,  тілімізде  атқаратын  қызметі  бір  жҧрнақ  ретінде 
танимыз»-деп  ҿз  тҧжырымын  тілдік  деректермен  дҽлелдеп  кҿрсетеді.  Зерттеуші 
С.Шоқабаеваның  тағы  бір  сҥйенген  пікірі  бҧл  жҧрнақтардың  екі  тҥрлі  сҿз  табына 
жалғанғанымен, олардың қатысуымен жасалған туынды сҿздердің бір лексика-семантикалық 
топ  қҧрайтындығы.    [9,25б.].  Ал  2002  жылы  шыққан  «Қазақ  грамматикасында»  аталған 
жҧрнақтар  қазақ  тіл  білімінің    морфонология  саласына  тҽн  дҽнекер  тҧлғасындар  ретінде 
тҥсіндіріледі.  «Қазақ  грамматикасындағы»  пікір  бойынша,  ара-жігі  ажыратылмайтын 
жҧрнақтар  қатарындағы  –ым,-ім,-м  тҧлғасындар  ретінде,  ал  ара-жігі  ажыратуға  келетін 
жҧрнақтарды  жеке  алып  қарастыруға  болатынын  атап  ҿтеді.  «Қазақ  грамматикасының» 
авторлары:  «шындығында  бҧларды  жҧрнақ  жҽне  тҧлғасын  ретінде  бҿлудің  қиындығы  кҿп. 
Мҽселен,  білімпаз,  ӛнімді,  ӛнімсіз,  сенімді,  сенімсіз  деген  сӛздер  мен  қыдырымпаз, 
тартымды,  ұнамды,  ұнамсыз  сияқты  сҿздердің  сырттай  қарағанда  жасалу  жолы  жағынан 
ешқандай ҿзгешелігі жоқ сияқты. Бірақ морфемаға жіктеп кҿрсек, бҧлардың айырмашылығы 
кҿрінеді. Демек, соңғы топтағы сҿз ішінде тҧрған –ым, -ім сҿзге қосатындай мағынасы жоқ 
тҧлғасындар  екені  белгілі  болды»  [10,166б.].  Осындай  ҧқсастыққа  қатысты  тҿмендегі 
мысалдарды келтірейік: 
 
Кесте №1 
 
Морфонология   тҥсінігінде         
Сҿзжасам тҥсінігінде 
 
Еркін тҧлғасынлар 
Дҽнекер 
тҧлғасындар 
 
 
 
 
-лы 
- лі 
 
 
 
 
Қызықты, 
дҽлді, 
кесірлі, 
зиянды,мейірбанды 
лайықты,  
 
 
 
сҿзжасамдық жҧрнақ 
арлы, ақылды, инабатты, ҽдепті 
 
 
 
-ым 
-ім 
-м 
мейірім, қайырым 
Жарамды, жасампаз, 
ҧстамды,  тартымды, 
шыдамды 
 
киім, 
ҿнім, 
тізім, 
жайылым,қысым, білімді 
-шы 
-ші 
 
Бармақшы, келмекші 
 
 
 
 
Жҧмысшы, 
аспазшы, 
ҿлкетанушы 
 
-ыс 
-іс 
 
Белес,  дҿңес,  кеніш, 
мҽніс 
 
 
 
 
Ҧқсас,  алыс,  беріс,  тіркес, 
ҿзгеріс, қуаныш 
 

 
35 
-лық 
-ты 
 
 
 
 
осыншалық, 
осыншалықты, 
соншалық, 
соншалықты 
 
 
 
 
 
 
 
 
Майлық, 
сҧлулық, 
кісілік, 
кішілік, ҧлылық 
 
 
 
 
-р 
 
 
Кешір, 
жекір, 
ҧзар,қаңғыр 
 
 
 
Кҿпір, ескір,қызар, жақсар 
 
 
-ын 
-ін 
 
 
жасанды, 
ҥйінді, 
қиынды, ҥгінді 
 
ағынды,егінді 
 
 
   
малы 
-мелі 
 
таңдамалы, 
салыстырмалы, 
кҿшпелі, ауыспалы 
бҥрмелі, 
бҿлмелі, 
тҥймелі, 
ашпалы, жаппалы, сырғымалы 
 
 
Сонымен,  қҧранды  жҧрнақтарға  қандай  жҧрнақтарды  жатқызамыз  немесе 
морфонология объектісі  тҧлғасын ретінде қарастырамыз ба деген ҥлкен сауал   ҽлі де белең 
алады.  Қазақ  тілінің  сҿзжасамдық  жҧрнақтарының  ара-жігін  нақтылап,  белгілі 
заңдылықтарға  сай  қайта  қарастырып,  топтастыру  қажеттілігі  туындайды.  Сондықтан 
тілімізде  осы  тҽрізді  қаншама  сҿз  тудырушы  жҧрнақтардың  тҿңірегінде  кҥрмеуі  қиын 
мҽселелер шешілуін кҥтіп тҧрғандай. Қазіргі тілімізде жҧрнақтардың сҿзжасамдық ҽлеуетін 
сҿзжасам саласы тҧрғысынан  ғылыми сипаттау  –  ҽлі де аяғына шейін зерделеніп бітпеген 
ҿзекті жайттардың бірі деген қорытындыға келеміз. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Байтҧрсынов  А.  Тіл  тағылымы.- Алматы: Ана тілі, 1992, -448б. 
2.
 
Ысқақов А.  Қазіргі қазақ тілі.- Алтаты: Ана тілі 1991, -384б. 
3.
 
Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сҿздер сҿздігі. –Алматы: Мектеп, 1998, 136б. 
4.
 
Оралбаева  Н.  Грамматикалық  жҧрнақ  пен  сҿзжасамдық  жҧрнақ  туралы//  «Тіл  жҽне 
ҽдебиет: кешегісі мен бҥгіні» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары 
- Алматы: Арда, 2006, 5 сҽуір - 42-51б. 
5.
 
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сҿздердің грамматикалық сипаты.- Алматы: Рауан , 1998, 
304 б. 
6.
 
Тектіғҧл Ж. Қазақ тіліндегі тҥркі негізді аффикстердің эволюциясы.- Алматы:  «Ғылым» 
ғылыми баспа орталығы, 2002, 303б. 
7.
 
Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы.-Алматы: Санат, 1995, -136б, 
8.
 
Шоқабаева С. Қазіргі қазақ тіліндегі ҿнімсіз жҧрнақтардың сҿзжасамдық ҽлеуеті: филол. 
ғылымд. канд.дисс. Астана, 2010ж. 
9.
 
Қазақ  грамматикасы:  фонетика,  сҿзжасам,  морфология,  синтаксис/жауапты  ред. 
Е.Жанпейісов.- Астана, 2002, -784б.  
 
 
 
 
 
 
 

 
36 
                       Подсекция 6.2 Қазақ ҽдебиеті мен тарихы секциясы  
      
    ҼОЖ 821.512.09 
СУРЕТКЕР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ 
 
Абашева Б.С. 
kunduz_92@mail.ru
  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – Қ.М. Байтанасова 
 
 
Адамзат  -  табиғаттың тҿл  перзенті.  Адамның  кҿңіл-кҥйі,  ой  толғамы,  болмыс-бітімі, 
тҿңіректегі  қҧбылыстардың  сырына  ҧмтылу,  екі  ҧдай  ойға  берілу    секілді  дҥниелер  - 
психология  ғылымының  зерттеу  нысаны.  Бҥгінде  осы  аталған  обьектілер  психология 
ғылымының ауқымнан шығып кҿркем ҽдебиеттің проблемасына айналды. Ҿйткені ҽдебиет-
адамтану ғылымы. Кҿркем ҽдебиеттегі психологизм-бҥгінгі таңдағы  ҽдебиеттану да жиі сҿз 
болатын кҥрделі теориялық, тҽжірибелік мҽні мол мҽселе. Ҽдебиеттанудың негізгі обьектісі 
адам болғандықтан, адам сана-сезімі, мінез-қҧлқы, ой толғансы ҽдебиетте де қарастырылады. 
Еңбектерге  кҿз  жҥгіртсек,  ҽдебиеттегі  психологизмге  берілген  анықтамада:  «Ҽдебиеттегі  
психологизм-кейіпкердің  ішкі  ҽлемнің  толық  суреттелуі,  бҧл  шығармадағы    эстетикалық  
ҽлемінің 
мҽнді 
бҿлігін 
қҧрайды»а[1].и«Ҽдебиеттану 
терминдерінің 
сҿздігінде» 
психологиялық  талдаудың  пайда  болуын  З.Фрейд  есімімен  байланыстырады    [2].  
Ҽлеуметтік-психологиялық  талдаудың  ҥш  тҥрлі  негізгі  мҽнін  ашып  айтатын  зерттеуші 
А.Изуитов:  «Біріншіден,  психологизм  сҿз  ҿнерінің    тектік  белгісі,  ажырамас  қасиеті, 
кҿркемдік  кепіл есебінде кҿрінеді»,-деп мҽселенің  ең тҥйінді  тҧсын жіті пайымдайдып[3]. 
Жалпы, ғылымда психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық жҽне динамикалық 
деген тҥрлері орныққан.  
       Орыс  зерттеушісі  М.Храпченко  Н.Гоголь  шығармашылығын  зерттеп,  типологиялық  
психологизм    ҧғымын    қалыптастырса,  ғалым  Б.Майтанов  психологизмнің  бҧл  тҥрін  
М.Ҽуезовтің 
шығармашылығын 
талдаупбарысында 
«тҧйықапсихологизм» 
деген 
тҥріменабайытаптҥсті.  Психологиялық  талдау    тҥрлерін  байыптасақ,  синтетикалық  
психологизм  дегеніміз-қоғамдық  тартыстағы  кейіпкер  кҿрсететін  іс-ҽрекет,  қақтығыстар 
сыртқы    кескін-келбет,  бет-жҥздегі  қҧбылулар.  Ал,  аналитикалық  психологизм  бҧған  
қарама-қарсы.  Ол  ішкі  толқыныстарды  кҿрсетеді.  Мҧндағы    басты  кҿрініс-монолог. 
Л.Я.Гинзбург  шын  мҽніндегі  психологиялық  романның  қалыптасуын  ХІХ  ғасырда  ҿмір 
сҥрген  Стендаль,  Тургенев,  Бальзак,  Флобер,  Толстой  есімдерімен  тығыз  бірлікте 
қарастырады.  Ҽдеби  туындыдағы  психологизмнің  қайнар  кҿзі-сан  алуан  қайшылықтар 
екенін  айта  отырып,  Л.Гинзбург  Толстой  шығармашылығындағы  ең  маңызды  жаңалық-
адамды  ҽр  қалыпта,  тҥрлі  жағдайларда,  ҽрдайым  ҿзгеріс,  даму  барысында  суреттеу  екенін 
баса  меңзейді.  Л.Толстой  шығармаларындағы  бейне  эволюциясы  себеп-салдарлық  қарым-
қатынастардың  тосын  ҿмірлік-эстетикалық  табиғатымен,  психологиялық  нанымдылығымен 
оқшауланады  екен.  Бҧл  мҽнді  белгіні    М.Б.Храпченко  салыстырмалы    тҥрде  айқындай  
жеткізеді:  «Егер  Достоевский  адам  табиғатының  тҧрақтылығына,  терең  мінез  сапаларына, 
оның  ішінде  зҧлымдыққа  тҧспалдықтың  да  ҿзгермейтіндігіне  баса  мҽн  берсе,  Толстой 
адамдарға  тҽн  туа  біткен  мейірім  инстинктілерін  таныта  отырып,  олардың  іштей  ҿсуі  мен 
жаңғыра    тҥрлеу  ҥдерісін  ҽдеттен  тыс  сенімділікпен  сипаттайды.  Адам  рухының 
керітартпалығына  қатысты  кҿзқарастарға  Толстой  ҿмірдің  ҿз  дамуына  тірек  табатын,  адам  
жҽне  адамзаттың  қайта  туу  идеясын  қарсы  қойды»  [4].  Адам  психологиясын  терең 
суреттеген  орыс  жазушылары    Л.  Толстой    мен  Ф.Достоевский    ҽдебиетке    «мінез 
диалектикасын»    ашудың      тамаша  ҥлгілерін  жасады.  Қазақ  ҽдебиетіндегі  тҧңғыш 
психологиялық  роман    Ж.Аймауытовтың  «Ақ  білегінде»,  М.  Ҽуезовтің  шығармалары  мен 
М.Жҧмабаевтың  «Шолпанның  кҥнҽсі»  туындыларында  психологиялық  сипат  терең 
қозғалады.  «Дҥниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең... Жан  ҽлемінің «тҥбінде қандай 

 
37 
ой, қандай тілек жатқанын кім білсін». Бҧл  сҿздер «Шолпанның кҥнҽсі» ҽңгімесінен алынып 
отыр    [5].  Автор  жан  диалектикасы      туралы  ой  қазанында    піскендерін  осы  ҽңгімесінде 
молынан  кҿрсеткен.  «Су  тҥбінде  жатқан  зат  жел  толқытса  шықпақ.  Ой  тҥбінде  жатқан  сҿз 
шер толқытса шықпақ емес,»- деп тҧжырымдайды ол. Мҧхтар Ҽуезовтің: «…орыс жазушы-
ларында  анық  сҥйетінім  -  Лев  Толстой,  Федор  Достоевский.  Адам  жанын  соларша  қойма 
ақтарғандай  ақтармаған  соң  жазушылықтың  мҽні  де  жоқ.  Прозаға  психологизм  араласпаса, 
оның бҽрі  сылдыр су,  жабайының тақ-тҧқ жолы. Мына екеуіне қарағанда, ҿзің де ҧяласың, 
жан  қҧдайының  алып  жҧртын  кҿргендей  болып  кішірейіп,  тапталып  ҧяласың.  Жазушы-
лықтың  асқары  деп  сҥйемін»  деген  пікірі  бар.  [6].  Қазақ  ҽдебиетіндегі  қай  қаламгердің 
шығармасын  алып  қарасаңыз  да  адам  болмысының  қатпар-қатпар  қалтарыстарына  ҥңіле 
алатынын  байқайсыз.  Онсыз  шығарманың  «сылдыр  су»  болатындығын  ҧғынғандығы  анық  
сезілгендей.  Ал  қазіргі  тҧлғаның  екіге  жарылуы  қҧбылысынның  сырына  ҥңілген  жазушы 
Тҿлен  Ҽбдікҧлы  шығармаларында  адам  психологиясы  («Оң  қол»)  ҿзгеше  сипатта  кҿрініс 
береді.  Жазушының  «Оң  қол»  ҽңгімесі  1970  жылдардың  бас  кезеңінде  жазушылар  мен 
оқырмандар  арасында  бірталай  айтыс пен  шу  туғызған  еді.  Бҧл  ҽңгіме  адам  психикасының 
сан  мың  алуан  екенін  кҿрсетеді.  Бҧл  жайында  автор:  «Студент    кезімде  Италия  елінің  
психиатрының    кітабы    қолыма    тҥсіп  танысқанмын.  Сол    еңбекте    психиатрлардың  
ҿмірлерінен  келтірген  қолжазбалар бар. Қолжазбаны  парақтай отырып, ауруханада болған 
оқиғаны  кезіктірдім.  Қалың    ҧйқыда  жатқан    қыздың  сол  қолы  ҿз  бетінше,  жеке  бір  адам  
ретінде  қимылдар  жасайды  екен.  Қыздың  ҥстіндегі    кҿрпе  жерге  тҥсіп  кетсе,  сол  қолы  
кҿрпені алып қыздың ҥстіне жабады. Егер қолы жетпесе, жанындағы анасын  тҥртіп кҿрпені 
кҿрсетеді екен.  Ҽрине, бҧл  толық, сыры ашылмаған дҥние. Бҧл арада  ең ҥлкен мҽселе-бір 
адамның  ішінде  екі  тҧлғаның  ҿмір  сҥруі.  Осы    мҽселені  қызық    кҿріп  кҿп  зерттедім. 
Психиатрлармен  сҧхбаттасып, ҿмір осыған  ҧқсас  оқиғаларды салыстыра  отырып ақырында 
«Оң  қол»  ҽңгімесі  жазылды»,-десе,енді  бір    сҧхбатында:«  Кейінірек  ҥш  –  тҿрт  жинақ 
шығарып  ҥлгерген  кезде  кҿбіне  «Оң  қол»  деп  аталатын  ҽңгіменің  авторы  ретінде  ауызға 
алынып жҥрдім. Ҽрине, ол ҽңгімені жақсы кҿрген оқырманға мен дау айта алмаймын. Талғам 
ҥшін  таласуға  болмайды.  Алайда  олардың  пікірлеріне  қосылмауға  менің  де  қақым  бар. 
Керісінше, «Оң қол» менің кҿптеген басқа шығармаларыма обал жасап, атақ  – дҽрежеге бір 
қол жеткізіп алған адамның қайта-қайта кҿзге тҥсіп, ҿзінен артық жігіттердің бағын байлап 
жҥрген секілді елестейді, - дей келе жазушылық – жоқтан бар жасағыш іскерлік емес, немесе 
қолға  қалам  алғанда  ҽр  жақтан  қҧйыла  беретін  сҿйлемдердің  жиынтығы  да  емес.  Шын 
жазушылық  –  дҥниетаным,  парасат,  адамгершілік,  рухани  тазалық  секілді  қасиеттерімен 
тікелей  байланысты  кҥрделі  қайраткерлік.  Жазушы  ҿз  шығармаларындағы  биік 
ҧстанымдарымен  ҿмір  сҥре  алмауы  мҥмкін,  бҧл  ҥшін  оны  кешіруге  болады,  бірақ  ол 
мақтаныш  емес»,  -  дейді.  Шынында  да,    суреткер  ҿзі  айтқандай  ҽңгімелерінде  ҿз 
кейіпкерлерін  кең  парасатты  тҥрде  бейнелейді.    Шығармада    кҽмелет  жасынан  ендi  ғана 
асқан  Алма  есiмдi  қыздың  бҧрын-соңды  жҧрт  естiмеген  жаман  сырқатқа  шалдығып, 
психиатриялық  ауруханаға тҥсiп, қалай қаза табатыны жас дҽрiгердiң аузымен баяндалады. 
Жап-жас  сҧлу  қыздың  жаңа  басталған  ҿмірі  тек  қана  ҥрей  мен  қорқыныштан  тҧрады. 
Науқасты  жеке  бақылауына  алған  дҽрiгер  жiгiттiң  айтуынша,  қалың  ҧйқының  қҧшағына 
батқан шақта оны қылқындырып ҿлтiрмек болып, қыздың оң қолы ақылға сыймайтын ҽрекет 
жасап,  дҽрігерлердің  араласуымен  талай  рет  ажалдан  аман  қалған.  Қыздың  ҿзi  болса  бҧл 
оқиғаны  мҥлде  басқаша  тҥсiндiредi.  Алма:  ―Маған  қастандық  жасаған  мынау,  бҧл  менiкi 
емес, мҥлде бҿтен қол, менi ҿлтiргiсi келiп жҥр‖, – деп ҿзiнiң оң қолын кҿрсетедi [7].  Мҧны 
медицинада iшкi тҧлғаның екiге жарылуы деп атайды. Яғни бiр дененiң iшiнде екi тҥрлi ―жан 
иесi‖ кезектесiп не қатар ҿмiр сҥредi. Қыздың есімі - Алма. Жас дҽрігер ҿзіне жеке ғылыми 
объект табылғанына қуанады. Алманың науқасы  туралы жеке кҥнделік арнайды.  «Қыз тек 
қалың ҧйқыға кеткенде ғана оң қолы шабуыл  жасайды. Ҿзіне қанша  тҥсініксіз болғанымен 
ҿзін  -  ҿзі  ҿлтіру  ниеті  қыздың  миында  бар  деген  сҿз.  Бірақ  ол  ниет  кімнен,  қайдан  келді? 
Алманың бҥкіл ҿмірін, мінез-қҧлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мҧны ҿз 
басынан  туған  ниет  деуге  себеп  таба  алмадым.  Бҧл  қалайда  қанмен  тҧқым  қуалап  келген 

 
38 
ниет. Науқастың шешесі, не ҽкесі, не ҽкесінің ҽкесі бір кезде ҿзін-ҿзі ҿлтірмек болған. Енді 
олар  ҽлдебір  қҧпия  заңдылықпен  Алманың  санасында  тҧрып  ҿздерін  -  ҿздері  ҿлтіргілері 
келеді.  Бірақ  олардың  ҿздері  жоқ.  Сананың  иесі  қыз  ҿлуге  тиіс.  Ҽлгі  ниет  қыздың  ағзасы 
толық тыныштыққа енген шақта таңғажайып қатерлі рефлекс арқылы оянып, оң қолға сигнал 
береді…».  Жақсы  бақылаудың  нҽтижесінде  Алма  оңала  бастайды.  Кҥндіз  ол  кітап  оқиды. 
Жалғыздық Алманың серігіне айналады. Автордың сҿзін келтірсек: «Дҥниедегі ең қиын зат 
жалғыздық  қой.  Тҿңірегіңде  іштегі  қайғың  мен  қуанышыңды  ҿзіңмен  бҿлісе  алатын  жан 
серік адамдар барда тірліктің де, ҿлімнің де бір мағынасы болуы хақ. Бҧдан ҽрине, ҿлімнің 
салмағы  жеңілденіп  кетпейді.  Ҿлім  қашан  да  қорқынышты.  Бірақ  сенің  ҿлімнен  қашып, 
тіршілікке  ҧмтылуыңның  ҿзі  сол  тіршіліктің  мағынасы  барын  дҽлелдейді.  Ал  жер  бетінде 
бҥкіл  тіршілік  атаулы  жойылып,  ҽлемде  жалғыз  қалған  сҽтіңді  елестетіп  кҿрші.  Мҧндайда 
ҿлім  қорқынышты  емес,  керісінше  тірлігің  қорқынышты  болмақ.  Алманың  бойындағы 
рухани 
жалғыздық 
та 
осыған 
ҧқсас 
бірдеңе 
еді…»[8]. 
«…Сол кезде мен оң қолдың кеуде бойымен алқымға қарай жылан секілді ақырын жылжып 
бара  жатқанын  кҿрдім.  Бҧл  шынында  ҿте  қорқынышты  кҿрініс  еді»  [9]. 
Ҽңгімені  жеткізуші  жас  дҽрігер  аурухананың  бас  дҽрігерін  Алманың  оң  қолына  операция 
жасауға нақты дҽлелдерімен келісімін алады.  Бірақ, оң қол сол кҥні тҥнде Алманы ҿлтіріп 
тынады.  
Тҿлен  Ҽбдіктің  бҧл  ҽңгімесі  бҧрынғы  ҽңгімелерінің  ешқайсысына  да  ҧқсамайды.  Бҧл 
ҽңгімеден адамның еркінен тыс бір кҥштің бар екенін байқаймыз. Ол кҥш қандай кҥш? Ақ 
ниетті 
ме, 
ҽлде 
қара 
ниетті 
ме? 
Дҽрігердің 
сҿзін 
мысалға 
алсақ: 
«  –  Рас,  адамның  ҿз  денесінің  ҿзіне  жау  болғаны  бақытсыздық.  Бірақ  адамның  ҿзіне  -  ҿзі 
жаулығы соншалық сирек оқиға ма? Сот залына барып айыпталған адамдардың қателіктерін 
тізіп кҿріңіз, бҽріне де ҿздері кінҽлі. Кісі ҿлтіруден бастап, ҧрлық істеу, арақ ішіп тҿбелесу, 
ҽйел  зорлау,  адамды  балағаттау,  содан  кейін  тҥрмеге  тҥсіп,  ҿмірін  қор  қылу  ҿзіне  -  ҿзі 
жаулық жасау емес пе? Адам бойындағы ҽзҽзілдің жаңағы оң қолдан несі кем?...» [10] Яғни 
қай кезеңде адам ҿз ҿміріне қожа, ал қай кезеңде ҿміріңе қожа емессің. Бҧған жауап беру ҿте 
қиын.  Жҽне  мҥмкін  бе?  Ҽңгімеден  соң  оқырман  ҿзіне  осылай  сҧрақ  қояр  еді.  Ҽңгіменің 
идеясы  ҽлі  қҧпиясы  ашылмаған  тылсым  ҿмірдің  жҧмбағы.  Ҽңгіме  ХХ  ғасырдың  70-ші 
жылдарында  жазылса  да,  дҽл  қазіргі  кезеңдегі  қоғамды  суреттегендей  ҽсер  аласыз. 
Психологизм  –  прозаның  іштілігі  жҽне  сыршыл  саздылығы.  Адам  іс  -  ҽрекеті  оның  ҿн 
бойындағы барлық қасиетті адақтап бере алмайды.  
 
Жазушының «Оң қол» ҽңгімесінің рухани-идеялық жалғасы – ол «Парасат майданы» 
хикаяты.  Повесте  жан  азабына  душар  болған  шығарманың  бас  кейіпкері  (жазушы 
кейіпкерінің есімін қҧпияда ҧстауды жҿн кҿріпті)  ауруханада жатып адамгершілік, тазалық, 
имандылық,  махаббат,  бақыт  туралы  кҿңіліне  ҧялаған  мҿлдір  сезімін  қағазға  тҥсіріп, 
кҥнделік  жазуды  бастайды.  Жан  дертіне  шалдыққан  науқастың  ҿмірінде  кҥтпеген  оқиға 
болады. Оның  кҥнделіктерін оқып шығып, оған жауап жазған бейтаныс адамнан хат алады.  
Бейтаныс кейіпкердің  оған жазған хатында, ҿмірден рухани тірек іздеген ғаріптің имандай 
сенетін ҽдемі идеалдарын жоққа шығарып, қайта-қайта оны тығырыққа ҽкеліп тірейді. Міне, 
осылайша  шығармада  ізгілік  пен  зҧлымдықтың,  адам  санасының  сарайын  жаулап  алу  ҥшін 
соғысқан   парасат  майданы  басталады.  Шын  мҽнінде,  адам  жанының  кҥніне  қырық 
қҧбылатыны  баршамызға  аян.  Бірақ  ешкім  де  осыған  мҽн  беріп,  ҿзін  -  ҿзі  зерттемейді  ғой. 
«Тіршіліктің  мағынасын  іздеу  деген  бір  қиын  іске  бел  буған  екенсіз.  Мҧның  ҿзі,  шындап 
келгенде, 
рух 
деп 
аталатын 
ҧлы 
ҽлемге 
сапар 
шегу 
ғой… 
…Менің  ойымша,  адам  ҿмірі  –  жақсылық  пен  жамандықтың  мҽңгілік  қақтығысы  деген 
қалыптасқан  тҧжырым  ҽлі  де  ойлануды  қажет  етеді.  Себебі  жаңағы  Жамандық  пен 
Жақсылықты 
жеке 
–жеке 
бҧғалықтап, 
екі 
жаққа 
бҿліп 
қоя 
алмайсың...  
…Ең  қызығы  –  Жақсылық  пен  Жамандық  қашан  кереғар  болғанымен,  бірімен-бірі  ҿзектес, 
сабақтас, бір-бірінсіз кҥндері жоқ егіз қҧбылыс» [11]. Жазушы ізгілік пен қиянаттың да негізі 
бір деген философиялық ой тастайды. Шындап келгенде, бҧл дҧрыс ой сияқты. Себебі ҿзің 
жақсы білетін, қҧрмет  тҧтатын танысың кҥндердің кҥнінде қылмыс  иесі  болып шықса, кҿп 

 
39 
уақытқа шейін бҧл мҥмкін емес, оның қолынан мҧндай іс келмейді деп қарсылық білдіресің. 
Оны  жазушы  да  мысалға  келтіреді.  Мысалы:  Біреу  жақсы  отағасы,  ҧқыпты  қызметкер,  ал 
тҥнгі  сағат  12-ден  кейін  кісі  ҿлтіруі  мҥмкін.  Ол  бҧл  іспен  бірнеше  жыл  шҧғылданып 
жҥргенін  ешкім  де  білмеуі  мҥмкін.  Мҧндай  мысалдар  ҿмірде  аз  емес.  Яғни,  адам  ішінде 
мінезі  бҿлек,  дҥниеге  кҿзқарасы  бҿлек  екінші  тҧлғаның  пайда  болуы  -  бҧл  адам 
психикасындағы  патология.  Ал  кейіпкерінің  ойын  келтірейікші:  «Мен  ойлаймын:  мына 
заманда, қалыпты жағдай мен шектен тыс қҧбылыстың мидай араласып кеткен тҧсында, дерт 
пен денсаулықтың ортасына шекара қою мҥмкін емес. Айталық, бір тісің аузыңа симай кетсе 
– патология, ал кеше ғана кҥйіп жанған ғашықтар мен қанды кҿйлек достар аяқ астынан бір-
біріне  опасыздық  жасап  жатса  –  бҧл  патология  емес,  бҧл  тіршілікке  тҽн  қалыпты  жағдай. 
Тіпті осы ҧғымға да, қағидаға да етіміз ҥйренген. Ҽйтпесе, адамгершілік мҧратыңды сатудан 
артық  қандай  патология  болуы  мҥмкін?  Бҥгінгі  ҽлеуметтік  мінез-қҧлық,  ҿзінен  басқаның 
бҽрін иттің етінен жек кҿретін ҿлермен ҿзімшілдік, жексҧрын мақтаншақтық, жаны ашымас 
қатыгездік,  мейрімсіздік,  іштарлық  –  патология  емес  пе?»[12].  Жазушы  жҥйкесі  тозған 
адамның  бейнесі  арқылы  қазіргі  кезеңдегі  ҽрбір  адамды  мысалға  алып  тҧрғандай.  Ең 
қорқыныштысы бейтаныс хатты жазушының келтірген қисындары мен дҽлелдерінде ақиқат 
жоқ емес еді.  Бірте-бірте ол ізгілікке ғана емес, зҧлымдыққа да сену қажет екенін дҽлелдеуге 
қҧлшына кірісіп, қарсыласының санасында оны заңдастырып беруге тырысады.  Қарсыласы 
парасат  тауының  асқарына  кҿтерілген  биік  рухтың  адамы  болғандықтан,  бейтаныс  хатты 
жазушының айтқанына кҿнгісі келмей, кҿр азабына тҥскендей қиналады.  Ізгілік ғана ҽлемді 
қҧтқарып қалатынына кҽміл сенген кҥнделік иесі, зҧлымдықтың бет-пердесін жҧлып тастау 
ҥшін,  бейтаныс  хатты  жазушымен  қайта-қайта  айтыс-тартысқа   тҥседі.  Онымен  жҥзбе-жҥз 
кездесіп,  райынан  қайтармақ  болып,  кездесуге  де  уағдаласады.  Бҧл  ҽрекетінен  тҥк  нҽтиже 
шықпайды.  Бейтаныс  хат  жазушы  кездесуге  келмей  қояды.  Ақырында  повестiң  басты 
кейiпкерi  қаза  тапты.  Бiрақ  рух  тазалығы  ҥшiн  болған  шайқас  ҽлi  жалғасып  жатыр. 
Зҧлымдық  салтанат  қҧрып,  ҥстемдiгiн  жҥргiзiп  тҧрған  заманда  парасат  майданындағы  сол 
ҧлы  ҧрыста  қиналып,  азапқа  тҥсетiн  бiр  жҧмбақ  ҽлем  бар.  Ол  –  адамның  жаны...                                                                                                                                                                               
Жазушы шығармасындағы жҥйкесі тозған ауруға осындайлық ой салдырса, Тҿлен Ҽбдіктің 
ҿзін біз шын мҽніндегі ізгі ниеттің, парасаттың жаршысы деп тҥсінгеніміз жҿн. Жазушының 
бҧл повесін талғамы қандай болмасын, ҽр оқырман ҿзіне қажетті ҿзекті нҽрсені таба алады. 
Философиялық  тҧрғыдан  болсын,  ҽдеби  тҧрғыдан  болсын,  психологиялық,  адамгершілік 
тҧрғыдан болсын кең ҥлгі ала алады. Жоғарыда   келтірілген мысалдардан байқайтынымыз, 
қайшылықты  қоғам  мен  сол  қоғамда  ҿмір  сҥрген    адам  туралы  алаң  кҿңіл,  мазаң  ой 
экзистенцализм  ҧшқындары    анық  байқалады.  Қоғамдағы  бҥкіл  идеялық  жҽне  имандылық 
қҧндылықтар  кҥдікке  айналғанда...  тҧлғаның  ҿзін-ҿзі  жатсынуы  пайда  болады.  Суреткер 
Тҿлен Ҽбдіктің кейіпкерлері де қоғамнан жалғыз қалып екіҧдай ойға берілген жандар. ХХІ 
ғасырда    адам  болмысының  кҥннен  кҥнге  жҧмбақ  болып  бара  жатқаны  қызықтыруға  тиіс. 
Оған мынадай дҽлел айтқым келеді: 
 1. Адам баласы қай кезеңде де ҿзінің ішкі  болмысын қоғамның кҥрделі  қайшылықтарымен 
байланыстырып  отырады.  Осы  бағытта  еңбек  етеді,  білім  алады,  ізденеді,  жаңалық  ойлап 
табады. Егер адамның бҧл ҽрекеті қоғамда ҧнамды қабылданып жатса, адамның биіктегені. 
Ал  керісінше  болса,  адам  баласы  тҧйықталады,  ортасыменвтілвтабысааалмайды, 
қоғамнанаоқшауланыпкқалады.                                
   2.  Болмысы    ортасынан  оқшауланған  адам  (экзистенциалист)    ҿзгеге  ҧқсамайтын  ойға 
беріледі,  ҽркетке  барады.  Мҧның  дҧрыс,  бҧрыстығына  кҿз  жеткізе  алмай  екіҧдай  кҥйге 
тҥседі,  ойы  екіге  жарылады.  Бҧл  проблема  медицина,  психология  ғылымдарының 
ауқымынан шығып кҿркем ҽдебиеттің де проблемасына айналды. Себебі,бҧл  ғылымдардың 
басты зерттеу нысаны Адам болып қалмақ. 
                     
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Литературная энциклопедия терминов и понятий. Москва, 2003.    

 
40 
2.
 
Ҽдебиеттану терминдер сҿздігі. Алматы,1998.                         
3.
 
Иезуитов А. Проблема психологизма в  советской литературе. Л.,1970. 
4.
 
Храпченко М. Собр. соч., Москва,1980. 
5.
 
Елеукенов Ш. Мағжан. Астана, 2008. 
6.
 
Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет, 
7.
 
Ҽбдік Т. Оң қол.Астана:Фолиант 2002 ж 
8.
 
Ҽбдік Т. Парасат майданы. Астана: Фолиант 2002 ж 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет