Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/44
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақ  ҽліпбиін  латын  графикасына  кҿшіру  туралы  ғылыми  зерттеу  материалдары.  А., 
2007.  
1.
 
–194 бет.                                                                                                                             
2.
 
Жҥнісбеков Ҽ. Ҽліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. Орал, 2007.–32 
бет. 
3.
 
Молжигит С. «Латын графикасына кҿшу тиімді» //«Ана тілі», 2004ж. №3 , №14. 
 
 
АБАЙ ҚАРА СҾЗДЕРІНДЕ СИНТАКСИСТІК ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ БЕРІЛУІ 
 
Нұрбекова А. Ж.,  
nuraizhan@mail.ru
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – Ж.А.Жақыпов 
 
Қайталаманы  қазақ  ғалымдары  арасынан  алғаш  таныған  А.Байтҧрсынҧлы  болатын. 
Ахмет  Байтҧрсынҧлы  оны  «қайталақтау»  деп  атап,  оған  мынадай  анықтама  береді:  «Бір 
сҿзді  яки  лебізді  қайта-қайта  айту  қайталақтау  деп  аталады.  Ондай  қайта-қайта  айту  – 
нҽрсенің ҿзіне яки лҧғатына кҿбірек назар салу ҥшін істеледі» [1; 41].  
Қайталаманың лингвистикалық сипаты туралы алғашқы пікірлерР.Ҽмірдің еңбектерінде 
қамтылған.Ғалым еңбегінде қайталама ауызекі сҿйлеу тілінің ҽсерімен ҽдеби тілімізге енген 
синтаксистік  амал  ретінде  қарастырылады.  Ал,  ғалым  Р.Сыздық  еңбегінде  қайталамаға 
«Орыс  тіл  білімі  мен  ҽдебиеті  «повтор»  деп  аталатын  қҧбылысты  кҿбінесе  «қайталау»  деп 
алып  жҥр.  Сірҽ,  қайталау  –  қимыл  есімнің  атауы,  ал  қайталама  –  абстракт  есімінің  атауы 
термин болмақ» [2; 87], - деп лингвистикалық термин атауы беріледі. Ғалым: «... қайталама 
дегеніміз  бір  сҿздің  (не  тіркестің,  сҿйлемнің)  бір  сҿйлемде,  не  абзац,  шумақ  сияқты 
микротексте  қайталанып  келтірілу  тҽсілі»  [2;  87],  -  деп  анықтама  береді.  Cондай-ақ, 
қайталаманың  стилистикалық  сипаты  мен  стильдік  қырлары  туралы  мҽселелер  Б.Шалабай, 
М.Серғалиев,  О.Бҥркіт,  Ж.А.Жақыпов,  Т.Қалабаева,  Р.Досжанова,  А.Утанова  т.б. 
зерттеушілердің  еңбектерінде  қарастырылса,  қазіргі  таңда  қайталаманы  беруге  қатысатын 
бірыңғай  мҥшелердің  қызметі  А.Ҽділбек  зерттеулерінің  нысанына  алынған.Ал  студент 
Ж.Қыдырҽлінің  диплом  жҧмысында  дербес  сҿйлемнің  тізбекті  байланысы  мен  оны  тҥзуге 
қатысатын  толық  қайталау  тҽсілі  зерттеуге  тҥскен.  «Алдыңғы  сҿйлемдегі  белгілі  бір  сҿзді 
қайталау  келесі  сҿйлемде  коммуникативтік  мақсат  болып  табылуы  мҥмкін.  Мысалы, 
қайталау  –  дербес  сҿйлем  арасындағы  сҿйлеу  байланысына  қызмет  етуі  мҥмкін.  Толық 
қайталау  –  лексикалық  бірліктің  кҿмегімен  іске  асады.  Анық  айтқанда,  дербес  сҿйлемдер 
адекватты қайталау немесе белгілі бір сҿздердің аздаған грамматикалық ҿзгерісімен немесе 
алдыңғы  сҿйлемдегі  сҿз  тіркесі  келесі  сҿйлемде  ҿзгеріп  келу  қҧралымен  байланысады»[3; 
17]. 
Қайталамалар – Абай ҿлеңдерінің ең кҿрнекті стильдік белгілерінің бірі. 

 
26 
Қайталау  тҽсілі  –  Абай  поэзиясымен  қатар  прозасына  да  тҽн  қҧбылыс.  Абай  қара 
сҿздерінің мҽтіндерінде бір сҿздің қайталануымен бірге сҿз тіркесі мен бірыңғай мҥшелердің 
жҽне  сҿйлемдердің  қайталанып  келуі  де  кҿрініс  береді.Мҽселен,  5-қара  сҿзде:  «Мағлҧм 
болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, ҽділет үшінқам жемейді екен, бірақ 
мал  үшінқам  жейдіекен,  ол  малды  қалайша  табуды  білмейді  екен,  бар  білгені  малдыларды 
алдап,  мақтап  алмақ  екен,  бермесе  оныменен  жауласпақ  екен,  егер  малды  болса  ҽкесін 
жаулауды да ұят кӛрмейді екен» деген сҿйлемде қайталама үшін септеулік шылауы арқылы 
жасалынған.Бірыңғай  мҥшелердегі  үшін  септеулік  тҧлғалы  қайталамалар  алшақ  ҧғымдарды 
біріктіру ҽрі оларды саралау қызметтерінде қолданылып тҧр. 
6-қара сҿзде:  Қазақтың бір мақалы: «Ҿнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік 
қандай  елде  болады,  қайтсе  тату  болады  -  білмейді.  Қазақ  ойлайды:  бірлік  -  ат  ортақ,  ас 
ортақ,  киім  ортақ,  дҽулет  ортақ  болса  екен  дейді.  Олай  болғанда  байлықтан  не  пайда, 
кедейліктен не залал? Ағайын қҧрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға 
бірлік  емес.  Малыңды  беріп  отырсаң,  атасы  басқа,  діні  басқа,  кҥні  басқалар  да  жалданып 
бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антҧрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса 
керек, сонда ҽркім несібесін қҧдайдан тілейді, ҽйтпесе қҧдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. 
Ҽуелі біріне-бірі пҽле іздейді. Не тҥсін, не ажарын, не ҿкпесін бҧлдап, ол болмаса, бір пҽле 
салып, қорғалатып, ҽйтеуір  бірін-бірі  алдаудың амалын іздеседі. Мҧның қай жерінен  бірлік 
шықты? 
1) Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дҽулет ортақ болса екен дейді 
–  деген  сҿйлемде  ортақ  сҿзі  арқылы;  2)  Жоқ,  бірлік  –  ақылға  бірлік,  малға  бірлік  емес  – 
дегенде бірлік сҿзі арқылы; 3) Малыңды беріп отырсаң атасы басқа, діні басқа, кҥні басқалар 
да жалданып бірлік қылады – дегенде басқа сҿзі арқылы; 4) Не тҥсін, не ажарын, не ҿкпесін 
бҧлдап, ол болмаса, бір пҽле салып қорғалатып, ҽйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі 
– деген сҿйлемде не арқылы синтаксистік қайталамалар жасалынып тҧр.  
Алынған  ҥзіндіде  сҿйлемдер  «бірлік»  сҿзінің  сол  қалпында  қайталануы  арқылы 
байланысып тҧр. Мҽтіннің ҿн бойына «бірлік» сҿзі арқау болып, барлық сҿйлемдер сол ойға, 
сол  сҿзге  (бірлік)  қазықталып  тҧр.Сондай-ақ  «бірлік»  сҿзінің  бір  сҿйлем  кҿлемінде 
қайталануынан гҿрі қатарлас жай сҿйлемдерде қайталанып берілуі ерекше кҿркемдік сипатқа 
ие болып тҧр. 
Ҽдетте, сол қалпында қайталау  арқылы сҿйлемдер байланысқанда қайталанатын сҿз ҽр 
сҿйлемде бірдей мҥшенің қызметін атқарады. Ал бҧл ҥзіндіде де бірінші тҿл сҿзді сҿйлемде 
«бірлік» сҿзі баяндауыштық қызмет атқарып тҧр.  
Сондай-ақ, 7-қара сҿзде: Мҧның бҽрі – жан қҧмары, білсем екен, кҿрсем екен, ҥйренсем 
екен деген. 
8-қара сҿзде: Басында ҿзіндік жҧмысы бар: ҧлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки 
елдегі  бҧзақыларымызды  бҥліндіріп  аламыз  ба,  яки  халқымызды  бҥлдіріп  аламыз  ба,  яки 
ҿзіміз  шығындап,  шығынымызды  толтыра  алмай  қаламыз  ба?  –  деген  ебіне  қарай  біреуді 
жетілтейін,  біреуді  қҧтылтайын  деген  бейнетінің  бҽрі  басында,  қолы  тимейді  –  деген 
сҿйлемдерде  синтаксистік  қайталамалар  екен,  аламыз  ба,  қаламыз  ба  етістіктерінің 
қайталанып келуі арқылы жасалынып тҧр. 
10-қара  сҿзде:  Біреулер  қҧдайдан  бала  тілейді.  Ол  баланы  не  қылады?  Ҿлсем  орнымды 
бассын  дейді,  артымнан  қҧран  оқысын  дейді,  қартайған  кҥнімде  асырасын  дейді. 
Осыданбасқасы бар ма? 
Балам  орнымды  бассын  демек  не  сҿз?  Ҿзіңнен  қалған  дҥние  иесіз  қалардейсің  бе? 
Қалған дҥниенің қамын сен жемекпе едің? Ҿліп бара жатқанда ҿзгеден қызғанып айтқаның 
ба? Ҿзгеге қимайтҧғын сенің не қылған артықша орның бар еді?  Баланың жақсысы - қызық, 
 жаманы  -  кҥйік,  не  тҥрлі  боларын  біліп  сҧрадың?  Дҥниеде  ҿзіңнің  кҿрген  қорлығың  аз 
болды ма? Ҿзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Ендібір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған 
да қорлық кҿрсетуге мҧнша неге қҧмар болдың? 
Артымнан балам қҧран оқысын десең, тірлікте ҿзіңнің жақсылық қылған кісің кҿп болса, 
кім қҧран оқымайды? Егер жаманшылықты кҿп қылған болсаң,  балаңныңоқығанқҧранысені 

 
27 
неге жеткізеді? Тірлікте ҿзіңе-ҿзің қылмаған істі, ҿлген соң саған балаң кҽсіпқылыпбере ала 
ма?  Ахирет  ҥшін  бала  тілегенің  -  балам  жасында  ҿлсін  дегенің.  Егерде  ержетсін  десең,  ҿзі 
ержетіп, ата-анасын тҧзақтан қҧтқарарлық  бала қазақтан туама екен? Ондай  баланы сендей 
ҽке, сенің еліңдей ел асырап ҿсірмек пе екен? 
Бҧл  мысалда  сҿйлемдер  «бала»  сҿзінің  ҿзгерте  қайталануы  арқылы  байланысып  тҧр. 
Мҽтіндегі сҿйлемдердің бҽрі «бала» сҿзіне бағынып тҧр. Бірінші сҿйлемде «бала» сҿзі табыс 
септігінде, екінші сҿйлемде тҽуелденіп барып табыс септігінде келсе, ҥшінші сҿйлемде ілік 
септігінде  тҧр.  Ал,  тҿртінші  сҿйлемде  «бала»сҿзі  атау  септігінде  тҧр.  Бҧдан  сҿйлемдердің 
қҧрылымдық  байланысын  былайша  кҿрсетуге  болады:  «толықтауыш  –  толықтауыш  – 
бастауыш– анықтауыш– бастауыш».  
44-қара  сҿзде:  Адам  баласының  еңжаманы  -  талапсыз.  Талапқылушылар  да  неше  тҥрлі 
болады. Һҽм талаптың ҿзі де тҥрлі-тҥрлі. Һҽм сол талаптардың қайсысының соңына тҥссе 
де, бірінен бірі ҿнерлі, тҧрлаулырақ келеді. Уа, лҽкин адам баласы я  талапты, я талапсыз 
болсын, ҽйтеуір «бҽрекелдіні» керек қылмайтҧғыны болмайды… 
Талаптың ішінде адам баласы кҿбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. 
Бҧл мысалда да «талап» сҿзінің ҿзгеріске ҧшырап барып байланысып тҧрғанын кҿреміз. 
Мысалы,  талап,  талап  қылушылар,  талаптың,  талаптардың,  талапты,  талапсыз, 
талапта. 
Сҿз, сҿз тіркесі мен бірыңғай мҥшелер жҽне сҿйлемдер мҽтін қҧрылымында қайталанып 
келген кезде кҥрделі стильдік қызмет атқарады. Олар мҽтін композициясын дамыту, мҽтіннің 
семантикалық  сабақтастығын  қамтамасыз  ету,  мҽтін  бҿліктерін  (микромҽтіндерді) 
байланыстыру,  мҽтіннің  бір  бҿлшегін  ерекше  актуальдандыру,  оны  алдыңғы  позицияға  
жылжыту  жҽне  т.б.  кҿптеген  қызметтер  атқарады.  Қайталамалардың  бҧл    қызметін  
қҧрылымдық-стильдік қызмет  дейміз. 
Қайталамалар  ерекше  стильдік    бояуға  ие  болады.  Эмфатикалық  мағынаға  ие  болатын 
қайталамалар айтылатын  ойға эмоциональды реңк пен экспрессивті бояу ҥстеп тҧрады. 
Абай  қара  сҿздеріндегі  қайталамалар  сҿйлемдерді  байланыстырумен  қатар  нақтылау, 
ойды ҥзбей жалғастыру мақсатындағы стильдік қызмет атқарады. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Байтҧрсынов А. Ҽдебиет танытқыш. – Алматы: Атамҧра, 2003. – 208 б. 
2.
 
Сыздық Р. Сҿз қҧдіреті. – Алматы:Санат, 1997. – 224 б. 
3.
 
Қыдырҽлі Ж. Абай қара сҿздеріндегі дербес сҿйлемдердің байланысы. Диплом жҧмысы. 
– Қарағанды, 1995. – 55 б. 
 
 
ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖҼНЕ ТАНЫМДЫҚ 
ТҦРҒЫДАН КҾРІНІСТЕНУІ 
(БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША) 
 
Ӛмірбек Д.Б.  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана  
Ғылыми жетекшісі - Т.Ҽ.Ҽбдіғалиева  
 
Ҽр  халықтың  қоршаған  дҥниеге  деген  кҿзқарасы,  ҧлттық  дҥниені  шындық  ретіндегі 
қабылдау  ерекшеліктері  топонимиялық  атаулардан  кҿрінеді.  Қазіргі  кезде  қазақ 
топонимиясы  –  географиялық  жалқы  атаулардың  жай  ғана  жиынтығы  емес,  ол  ментальдік 
факторларды кҿрсететін ономастикалық деңгейдің лексикалық бірліктерінің жҥйесі деген ой 
басым. Топонимдерде тек табиғат пен географиялық объектілер ғана емес, осы табиғат пен 
оның  объектілерінің  этнос  тарапынан  қабылдануы,  кҿріністенуі  қалай  деген  сҧрақ 
маңыздылыққа ие. Мҽселен, кҿшпелі қазақ оны табиғатқа жҽне географиялық ортаға, ҿзінің 

 
28 
шаруашылығына  қарай  икемдеп  жасаған.  Орталық  Қазақстан  аймақтық  топонимиясын 
зерттеуші А.Е. Жартыбаев: «Тҿрт тҥлікті қолға ҥйрету барысында оны кҥту, бағу қажеттілігі 
туындап,  ҿсімдіктер  дҥниесінің  мал  азығы  ретіндегі  рҿлін  анықтау,  ҿсімдік  тҥрлерін 
жҧғымды,  жҧғымсыз  қасиеттеріне  орай  сҿзбен  таңбалау  қажеттілігі  артты.  Бҧл  адам 
баласының табиғи ҿсімдіктер дҥниесі мен жан-жануарларды рухани тҧрғыдан танып-білуіне 
жол ашты. Жер бедері мен қоршаған орта қҧбылыстарын танымдық тҧрғыдан бағалау ҥрдісі 
топонимдерде ҿзіндік белгілерімен айшықталды», -  дейді [1; 278]. Қазақ жалқы есімдерінің 
концептілік  қҧрылымы  деген  ойды  зерделеу  мҽселесі  жаңаша  сипатқа  ие  болды.  Ғалымдар 
тарапынан концепт сҿздердің беретін ҧғымын жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың
бҥкіл бір ҧлттың, халықтың ой-ҿрісін, дҥниетанымының ерекшеліктерін тҥйістіретін кешенді 
тҥсінік  екенін  ескертеді.  Адамның  ой-санасына,  ішкі  дҥниесіне  байланысты  басты-басты 
ҧғымдардың  жеке  элементтері  ретінде  таңбалана  отырып,  олардың  мҽн-мағынасы  бҧрынғы 
тҥсіндірме ҧғымдарды жаңа қырынан бағалауға мҥмкіндік туғызатындығын атап кҿрсетеді.  
Ҧлттық дҥниені қабылдау ерекшеліктері ҿмір салтымен жҽне этностың шаруашылық 
жҥргізуімен  байланысты.  Осы  салт-дҽстҥр  мен  шаруашылықтың  жҥргізілуі  қазақ  тілінің 
топонимдік кеңістігін қалыптастырады, жҥйелейді, қҧрылымдайды. Географиялық қоршаған 
орта  шындықты  қабылдаудың  жҥйелілігі  мен  байланыстылығын,  қазақ  топонимиясының 
таңбалық жҥйесін қалыптастырады.  
«Біздің қазақ – жер аты, тау атын ҽманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген 
жҧрт.  Қайда,  қандай  бір  ҿлкеге  барсаң  да,  жер,  су,  жапан  дҥзде  кездескен  кішкене  бҧлақ 
атының ҿзінде қаншама мҽн-мағына, шешілмеген қҧпия сыр жатады»,  - дейді  М.Ҽуезов [2; 
60]. Осыған қарағанда, жер-су  атауларының қойылу ҥдерісі қазақ халқы ҥшін ҿте маңызды 
болғанын  білеміз.  Атаулар  ҿздігінен  себепсіз  пайда  болған  жоқ,  сол  жердің  табиғи 
ерекшеліктеріне,  жер  бедеріне,  шаруашылығына,  кҽсібіне  байланысты  қойылған. 
Топонимдердің  аталуынан  халықтың  тірлік-болмысын,  дҥние-таным  кҿзқарасын,  тарихи-
ҽлеуметтік  жайы  мен  ҧлттық  мҽдениеттің  нышанын,  тіліміздің  байлығын,  сан  ғасырлар 
бойында сақталып келе жатқан тарихын айқын кҿреміз. 
Кҿшпелі  халықтың  тҧрмыс-тіршілігінде,  кҥн  кҿрісінде  жергілікті  жердің  табиғи 
жағдайы,  соның  ішінде,    жер  бедері,  гидрография,  климаттық  ерекшелігі,  ҿсімдік 
жамылғысының  қҧрамы,  жан-жануарлардың  тҥрлері  маңызды  рҿл  атқарған.  Ҽсіресе,  жаз 
жайлау,  кҥз  кҥзеу,  қыс  қыстау,  кҿктем  кҿктеуге  кҿшіп  жҥрген  уақытта  суы  мол,  шҿбі 
шҥйгінді, таулы, ық жерге қоныстануға тырысатын елдің табиғат қҧбылысын бес саусақтай 
білуі керек екені сҿзсіз тҥсінікті. Бҧдан шығатын қорытынды, ортаның бейнеленуі тек қана 
лексикалық  деңгейде  ғана  емес,  топонимдер  негізінде  де  қалыптасады.  Топонимдер  тек 
адрестік қызмет атқарып қоймай, сол жердің ерекшелігі мен ҿзіндік қасиетінен де хабардар 
береді. Ал сол жер-су  атауларының авторы, яғни ат қоюшысы халық екенін ескерсек, онда 
сол халықтың танымын, дҥниеге кҿзқарасын, психологиясы мен наным-сенімін топонимдер 
арқылы біліп ажыратуға болады. Демек, кез келген халықты танып-білу ҥшін оның тҧрмыс-
тіршілігі мен жергілікті жердегі атауларына мҽн беру керек. 
Су  кҿздеріне  деген  сҧраныс  кҿшпенді  халықта  аса  зор  болған.  Судың  қажеттілігі  мен 
жетіспеушілігі су нысандарын қасиетіне қарай терең танып жіктеуге себепші болған. Қазақ 
халқы  ҿзен,  кҿл,  бҧлақ,  қҧдықты  жер  бедері,  айналасындағы  ҿсімдік  жҽне  жануар  дҥниесі, 
ағыстың  жылдамдығы,  тереңдігі,  ҧзындығы,  кҿлдер:  пішіні,  ащы-тҧщылығына,  бҧлақты 
судың  қозғалысы,  қасиетіне  (судың  химиялық  қҧрамы),  қҧдықтардың  тереңдігі,  т.б. 
белгілеріне  қарап  ажыратқан  [3;  67].  Мысалы,  Баянауыл  ауданына  қарасты  Қаращы 
(Қараащы) ауылының атауы - суға байланысты қойылған атау. Ауыл ағынсыз, тоқтап тҧрған 
судың жанында орналасқандықтан, солай аталып кеткен. Бҧл жерде судың сипатын (ағынсыз 
су),  дҽм  кҿрсеткішін  (ащы  су)  білдіріп  тҧр.  Бҧл  жерде  «қара»  сҿзінің  тҥр-тҥске  тікелей 
байланысы болмағанымен, тоқтап тҧрған ағынсыз судың тҥсі де қарайып басқаша болатыны 
халық  танымында  бар  нҽрсе.  Дҽл  сол  сияқты  Егіндібұлақ  ойконимнің  қойылуы  қызық.  Ол 
ҥшін оның этимологиясына назар аудару қажет. Егіндібұлақ сҿзінің қҧрамындағы егін сҿзінің 
қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылатын  егін  сҿзімен  ешқандай  мағыналық  қатысы  жоқ.  Егін 

 
29 
сҿзінің  этимологиясын  анықтауда  кҿне  тҥркі  тілі  жазбаларына  жҥгінетін  болсақ,  оның 
бастапқы тҧлғасы – иін. Бҧл сҿз иірім, иірмелі деген ҧғымды білдіреді. Кейінірек тілдің даму 
тарихында игін, содан соң егін болып қалыптасқан. Яғни бҧл сҿз – «иінді, иірімді, иілмелі» 
тҧлғасындағы  сындық  атау.  Сонымен  бҧл  топоним  белгілі  бір  жердегі  бҧлақтың  иірімді 
болуына  байланысты  иірімді  бҧлақ,  яғни  Егіндібұлақ  деп  аталған.  Бҧл  топонимнің 
қҧрамындағы –ды жҧрнағы бҧлақтың қандай қасиеті бар екендігін білдіру ҥшін иірім // егін 
сҿзімен тіркесіп, белгілі бір мағыналық қызмет атқарып тҧр. 
Жергілікті  жерді  мекендейтін  жануарлар  дҥниесіне  байланысты  туған  Шортанды, 
Шабақты,  Балықты,  Жыланды  деген  топонимдер  бар.  Жылан  атауы  кҿбінесе  ҿзен,  тау, 
тҿбе,  шоқы,  бҧлақ,  сай  аттарына  тҽн.  Кҿбінесе  оронимдерде  жиі  кездеседі.  Жылан  сҿзінің 
қатысуы арқылы жасалған топонимдер аталған географиялық нысанда жыланның бар екенін 
аңғартады.  Кейбір  тауларда  немесе  сайларда  жыландардың  ордасы  да  кездеседі.  Ескі  діни 
нанымдар  бойынша  жергілікті  тҧрғындар  қасиет  тҧтып,  жыландарға  тимеген.  Баянауыл 
ауданындағы  Теңдік  ауылының  маңында  Жыланды  тауы  бар.  Жергілікті  халық  «жыланы 
кҿп мекендейтін тау» деп айтады. 
Баянаула  –  жаратылысы  жағынан  ерекше  қасиетке  толы  жер.  Жоңғар  Алатауы  мен 
Балқаштың,  Кҿкшетау  мен  Шыңғыстың,  Тарбағатай  табиғатының  бір-бірімен  тҥйіскен 
тҧсында  орналасқан.  Бҧл  –  халқымыздың  этнографиялық  тҧрмыс-тіршілігін  кҿрсететін 
тарихи, ҽдеби, діни аңыздарға толы ҿлке. «Қозы Кҿрпеш  – Баян сҧлу», «Ер Едіге», «Қоңыр 
Ҽулие» т.б. бізге жеткен аңыз-ҽңгімелердің азы ғана. Соның бҽрі жартылай аңызға айналған 
тарихи шындық [4; 29]. 
Б.Н.Бияров: «Кез келген аймақтағы топонимдердер белгілі бір халықтың немесе бірнеше 
халықтың  тілдік  негізінде  жасалады  да,  ҧзақ  тарихи-лингвистикалық  ҿзгерістерді  бастан 
кешеді.  Аймақ  топонимиясын  диахрондық  тҧрғыдан  талдап,  тілдік  стратиграфиясын  дҧрыс 
кҿрсету ҥшін, ең алдымен, тарихқа, содан соң топонимнің этимологиясына сҥйену керек», – 
деген  ой  білдіреді  [5;  23].  Ол  да  рас.  Халық  танымының  кҿрінісі  тарихи  оқиғаларға  да 
байланысты  дамиды.  Баянаула  ҿңірінде  ХҤІІІ  ғасырда  орын  алған  негізгі  тарихи  оқиға  – 
қазақ-жоңғар  арасындағы  соғыс.  Ҿңірде  қазақ  даласы  қалмақ  басқыншылығынан  босату 
тарихына байланысты жерлер аз емес. Ол оқиғалар жыр, аңыз, ертегілерде жақсы айтылған. 
Мысалы, «Баянаула» деген жырда: 
Жауласқан ертеден-ақ қазақ-қалмақ, 
Бірде қазақ, біресе қалмақ алмақ. 
Бҽрінің қызыққаны Баян еді,  
 
Бҽрі  де  бҧл  жерлерді  мекен  қылмақ,  –  деп  айтылады.  Ел  аузында  қазақ-қалмақ 
соғысының  салдарынан  қойылған  жер-су  аттары  да  ҧшырасады.  «Баянауыл  туралы 
дастанда» Шүршітқырылған, Соғысты атаулары жайлы мҽліметтер бар.  
Қандыадырдың  атауы  (кейде  Шүршітқұрылған  деп  те  атайды)  –  Ақтабан 
шҧбырындыдан  бҧрын  шҥршіттер  кҿшіп-қонып  жҥргенде,  қазақтар  оларды  осы  жерде 
қырған деседі-міс. Бҧны Ш.Шалбай мынадай ҿлең жолдарымен береді: 
Ақтабан сұламадан бұрынырақ, 
Қазақтың Сырдан ауып кеткен кезі. 
Қосуға «Шүршітқырылған» жерді жырақ
Естуім кӛп, айтуым шағынырақ. 
Шүршіттер кӛшіп-қонып жүрген кезде,  
    «Қандыадыр» деген жерде қырса керек [6].  
Соғысты – қазақтың Ҧлы жҥзден шыққан Қара батыры мен Орта жҥздің Шоқпар батыры 
бастаған қолы Қоңтажы, Сиқым, Ежен, Қалден, Ысқақ батырлары бастаған қалмақ қолымен 
кездесіп, ҥлкен шайқас болған жер. Оған дастанның мына жолдары дҽлел: 
Қоңтажы, Сиқым, Ежен, Қалден, Ысқақ, 
Бәрі де бұл жерлерді мекен қылған. 
Бәрінің қызыққаны Баян тауы, 
Бекініс, айнала кӛп, жаудың жері. 

 
30 
...«Соғысты» деп үлкендердің айтқан 
Кӛріпті мұның бәрі кімнің кӛзі.  
Далба  тауының  ортаңғы  асуында  «Ақбел  асуы»  деген  жер  бар.  Бҧл  жердің  де  аты 
тарихи  оқиғаларға  толы.  Қазақ  халқының  басына  кҥн  туған  заманда,  яғни  «ақтабан 
шҧбырынды»  кезінде  қалған  із,  жер  дейді.  Бҧл  жерде  кҥні  бҥгінге  дейін  шҿп  ҿспей,  жер 
ағарып жатады екен. 
 
Біз Баянауыл ҿңірі топонимдерін зерттеу барысында, негізінен, Қ.Т.Сапаровтың осы 
аудан  бойынша  жинақтаған  материалдарын  басшылыққа  алдық.  Павлодар  облысының 
топонимикасын арнайы зерттеген ғалым Қ.М.Сапаров Баянауыл ауданының тҿңірегінде 120 
кҿл, 46 ҿзен, 15 қҧдық, 8 бҧлақ,  2 жылға, 85 елді мекен, 340 қоныс-жайлау мен қыстаулар, 
220 тау, 89 бҧзылған елдер, 28 зират бар деп кҿрсетеді [7; 10-11]. Осы статистикаға сҥйене 
отырып топонимдердің халық танымын бейнелеуде алатын орнын қысқаша баяндап кетейік. 
Қазақ халқының топонимдік номинациясына негіз болатын  факторлардың бірі – тҥр-
тҥс  атаулары  екені  белгілі.  Кеңістіктегі  алуан  тҥрлі  тҥсті  ажырату  процесі  адамның 
перцептивтік қабылдауы арқылы орталық жҥйке жҥйесінде ҿңделіп, жҥзеге асады. Топоним 
қҧрамында кездесу жиілігі жоғары, бес тҥрлі таза табиғи қанық тҥстерді атауға болады: қара, 
ақ,  қызыл, сары, кӛк түстер. Осы жайттарды қарастыру барысында ғалым Қ.Рысбергеннің 
еңбегіне  жҥгіндік  [8;  25-26].  Ал  ғалым  Қ.Сапаров  еңбектерінде  «орографиялық, 
гидрографиялық,  ландшафтық  нысандарда  жиі  кездесетін  лексемалар  ақ  (243),  қара  (350), 
кҿк (56), қызыл (99), қоңыр (4), сары (103) рет қайталанып жергілікті топонимдерде кҿрініс 
тапты» дейді [7;9].   
Жинақталған  материалды  статистикалық    талдау  нҽтижесінде  Баянауыл  ауданы 
топонимдерінде де тҥр-тҥске байланысты атаулардың кҿптеп кездесетіні белгілі болды.  
а)  кҿл:  Ақкӛл,  Аққозы,  Ақсор,  Алакӛл,  Бозшакӛл,  Қарақоғалы,  Қараши,  Қарасор,  Қызылкӛл, 
Қызылқайнар, Қызылсор, Қызылсу, Сарыкӛл, Сарықамыс, Торыат, т.б.;  
ҽ)  ҿзен:  Ақӛзек,  Ақсары,  Ақсу,  Қараадырсор,  Қарабұлақ,  Қаражар,  Қарасу,  Қарақұдық, 
Қараӛзек, Сарыӛзек, Сарыӛлең, Шұбарӛзек, т.б.;  
б) қҧдық: Аққұдық, Қызылқұдық, Сарыапан, т.б.;  
в) бҧлақ: Қарабұлақ, т.б.;  
г)  елді  мекен,  қоныс-жайлау  мен  қыстаулар:  Ақбаз,  Ақбас,  Ақбидайық,  Ақбота,  Ақжайлау, 
Ақкелін,  Аққозы,  Аққұдық,  Ақмектеп,  Ақмола,  Ақӛзек,  Ақсан,  Ақши,  Ақшоқы,  Алабайтал, 
Алабас,  Бозбай,  Екінші  Қараадыр,  Жиренкӛл,  Кершоқы,  Кӛксу,  Кӛкдомбақ,  Қараадыр, 
Қараащы, т.б.;  
ғ)  тау-тас:  Ақбел,  Ақбет,  Ақбиік,  Ақирек,  Ақкелін,  Аққозы,  Ақоба,  Ақсан,  Ақтас,  Ақтасты, 
Ақтау, Қоңыртас, Қызыладыр, Қызылтас, Қызылтау, Қызылтӛбе, Қызылшоқы, Сарыадыр, 
Сарыжал, Сарытау, Сарышоқы, т.б.;  
д) зират: Ақмырза, Сарыжал, т.б. 
Бҧл жерде топонимдердегі тҥр-тҥске қатысқан атаулар ҽрқашан да тҥстің тікелей ҿзін 
білдіре  бермейтінін  ескеру  қажеттігі  туындайды.    Мысалы,  Аққозы,  Ақсу,  Ақсор,  т.б.суға 
қойылған  атаулар  кҿру  арқылы  қабылданатын  ақ  тҥсіне  байланысты  емес.  Ҿйткені  ақ  су 
болмайтыны  белгілі.  Бірақ  халықтың  танымында,  оның  тҥсінігінде  ақ  тҥсі  жақсылықтың, 
тазалықтың  белгісі  екенін  ескерсек,  сол  судың  тҥсінен  басқа  да  қасиетіне  байланысты 
қойылғанын аңғарамыз. Сонымен бірге қазақтың ҧғымында жасыл тҥс айтылмаған. Оны кӛк 
деп  атаған.  Мысалы:  кҿк  шҿп,  кҿгорай  шалғын.  Тіпті  «шҿп  шықты»  дегеннің  ҿзін  «кҿк 
шықты»  деп  айтқан.  «Кҿгеру»  сҿзі    қҧлпыру,  гҥлдену  дегенмен  бара-бар.  Қара  тҥс  те  дҽл 
солай. Қараащы, Қарасу, Қарабұлақ гидронидері судың тҥсі қара болғандығынан не қара тҥс 
кейде  зҧлымдықтың,  жамандықтың,  қара  кҥштің  мағынасында  жҧмсалып  судың  жаман 
қасиетінен  қойылмаған.  Олардың  ҽрқайсының  қойылу  тарихы,  тҥсінігі  бар.  Демек, 
топонимдер  қҧрамындағы  тҥр-тҥске  қатысты  сҿздер  ҽрқашан  сол  географиялық  нысанның 
тҥсін білдіріп қоймай, оның астарында басқа да танымдық мағына жатқанын ескеру керек.        
Айта  кететін  тағы  бір  жайт,  иран  тілінен  енген  сар  сҿзін  Е.Қойшыбаевтың 
кҿрсетуінше,  «кең»,  «басты»,  «негізгі»,  «айқын»  деген  мағыналарды  білдіреді  [3;  40]. 

 
31 
Сарыадыр, Сарыжол, Сары дала, Сарыапан, Сарыарқа, Сарытау, Сарышоқы орографиялық 
нысандардың  кеңдігін  айқындайды.  Шынтуайтына  келгенде,  сары  сҿзі  қазақтың  ҧғымында 
молшылықтың, берекеліктің белгісін білдіреді. Мысалы, сары май аузы аққа молынан жетіп 
отырған,  дастарханның сҽні  болған  байлықты білдірсе, сары кҥз жеміс-жидек атаулы пісіп, 
молшылық  кезі  саналады.  Сонымен  бірге  діни  наным-сенімге  байланысты  қойылған 
топонимдердің де этнолингвистикалық та, танымдық та сипаты қатар жҥреді. Мысалы кҿлге 
қатысты  Молалыкӛл,    ҿзенге  байланысты  Әулиебұлақ,  елді  мекен,  қоныс-жайлау  мен 
қыстаулар:  Мұсылманкӛл,  Хазірет,  тау-тас:  Әулиетас,  Құдайшоқы,  Ақбет  тауындағы 
«Қоңыр әулие» деген қасиетті ҥңгір бар екендігі белгілі. Ол жер жергілікті халық қана емес, 
туристер, ауырып-сырқаттанған адамдардың денсаулығына шипа іздеп келетін географиялық 
нысанға  айналған.  Биік  таудың  басындағы  қараңғы  ҥңгірдегі  тас  қазанның  ішіндегі  судың 
қайдан келгені де адамдарды ойландыратыны анық. Бҧл ҥңгірді ежелгі заманнан киелі санап 
садақа  беріп,  қазан  суының  қасиетімен  ауырған  адамдардың  ҽр  тҥрлі  дерттерден  емделіп, 
тҽңірден  тілек  тілеп,  тҥнейтін  қасиетті  орны  болған.  Сондықтан  жергілікті  халық  бҧл 
ҥңгірдің  атын  «Қоңыр  ҽулие»  деп  атаған.  Ақбет  тауының  астынан  ағып  шығып,  бҧрқырап 
жатқан бҧлақ суының қасиетіне байланысты халық «ҽулие бҧлақ» деп атаған.  
Қазақ  тарихының,  қазақ  халқының  қадірлі,  қастерлі  ҿңірінің  бірі  болып  саналатын 
Баянауыл  аймағы  топонимдерінен  кҿне  заманда  ҿмір  сҥрген  тайпалар  арасындағы  қарым-
қатынастар  байланысы  ҿзара  жақындасып,  мҽдени-ҽлеуметтік  бірлігі  мықты  болған  орта 
екендігін  кҿреміз.  Ҽдет-ғҧрыптарға,  діни  наным-сенімдерге  негізделген  атаулар  тарихи 
дҽстҥрлері ҧрпақтан-ҧрпаққа жалғасып отыр. Қазақ ономастикасының ең қызықты да кҥрделі 
саналатын  ру,  тайпа  атаулары  жҥйесін,  соған  байланысты  шежіре,  ҽңгімелердің,  жер-су 
атауларының қойылуы жайында аңыз-ҽңгімелердің екінші рет номинациялану ҥрдісін тілдік 
тҧрғыдан зерттеудің танымдық сипаты ҿзекті мҽселе болып отыр. Сол себепті ендігі кезекте 
бҧл  онимдік  топтарды  лингвомҽдени,  этнолингвистикалық,  танымдық-когнитивтік  негізде 
зерделеу маңызды деп есептейміз.  
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал