Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/44
Дата22.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚҦНАНБАЙ БЕЙНЕСІ 
 
Әсет Ж. 
kunduz_92@mail.ru
  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана 
Ғылыми жетекшісі – О.Ж. Темірбеков 
 
 
Кеңес  ҥкіметінің  солақай  саясатының  қыспағына  алынған  ХХ  ғасырдағы  қазақ 
ҽдебиетіндегі  «Қарагҿз»  трагедиясындағы  Мҿржан,  «Ақан  сері  –  Ақтоқтыдағы»  Науан 
Хазірет  сынды  бірқатар  тарихи  тҧлғаларымыз  кҿркемдік  шындықтың  шеңгеліне  оратылып, 
ҿнер ҿресінен тиісті бағасын ала алмай, бҧрмаланып суреттелді. Сондай образдардың бірі – 
Мҧхтар  Ҽуезовтің  «Абай  жолы»  романындағы  Қҧнанбай  бейнесі.  Кҿшпелілердің  соңғы 
кҿкжалдарының  бірі,  «қарадан  шыққан  хан»  атанған  Қҧнанбайға  ҽдеби  кейіпкер  ретінде 
берілген  баға  оның  ҿз  ҿміріндегі  іс-ҽрекетіне,  ақыл-ойына,  қол  қайратына  кҿрсетілген 
қҧрметтен гҿрі ҽлдеқайда пҽс ҽрі кҥрделі, тіпті ҽділетсіз кҿрінетін де тҧстары бар. Романда 
Қҧнанбайдың  тек  кҿлеңке  жағы  қамтылып,  кҥнгей  бетінің  жылуы  қалыс  қалған.  Кейде 
феодалдық дҽуірдің қарауылынан қарағанда шындыққа сыйымды, тіпті солай істеуге тиісті, 
ҽділетті  шешім-ҽрекеттерінің  астары  аударылып,  теріс  кҿмкерілген.  Автор  тарихи 
шындықты  белінен  басып,  ҿз  ыңғайына  қарай  иген.  Бірақ  «Қҧнанбайға»  жасаған  бҧл 
«ҽділетсіздігі»  ҥшін  жазушыны  айыптау  жҿнсіз.  Қыр  қазағының  бойындағы  барлық 
қатыгездік  пен  кертартпа  мінезді  Қҧнанбайдың  қара  басына  ҥйіп-тҿккеннің  ҿзінде  «Абай» 
романына  «феодализм  жырын  жырлаған  жоқтау  дастаны»  деп  баға  берген,  «автор 
патриархалды-феодалдық  қоғамды  келер  ҧрпаққа  ҿмір  сҥрудің  ҥздік  ҥлгісі  есебінде 
ҧсынады»,  -  деп  М.Ҽуезовті  қудалаған  сыншы  қауым  романдағы  Қҧнанбай  бейнесінен  сҽл 

 
48 
ғана жақсылық сҽулесін байқаса, қандай ҥкім шығарарын болжау қиын. Жазушы кҿркемдік 
шындықтың жолына тарихи шындықты қҧрбандыққа шалған. 
 
М.Ҽуезов  «Қҧнанбайдың  жалғыз  сау  кҿзі  оның  кҿтеріңкі  жал-тҧмсығының  сол 
иығына  шығып  алып,  қалғымай,  сақшыдай  бағып,  осы  ҿңірді  қалт  етпей  кҥзетіп  тҧрған» 
қаһарлы қалпында «кҿп жылдар ҧйықтап қалған ашуын, зҽрін» тҿккен «қарт жыртқыш» етіп 
кҿрсетеді. Қҧнанбай қатыгез, озбыр, зорлықшыл болып кҿрінген, автор ҿзі «романның кілті» 
деп бағалаған ең бір тартысты эпизод – Қодар мен Қамқаның ҿлімі. Онда Қодар мен Қамқа – 
жазықсыз  жала  жабылып,  қазаға  ҧшыраған  қос  мҧңлық,  Қҧнанбай  –  жер  ҥшін  айламен,  ел 
арасына  қаңқу  сҿз  таратып  жазықсыз  жандарды  ҿлімге  қиған  жауыз.  «Ҿзінің  ҽкелік  жҥрегі 
ҿзіне  мҽлім.  Балалық  жақындығы  Қамқаның  да  ҿзіне  мҽлім  –  берік.  Сол  қайғы  ҥстінде 
кҥндегі  бір-біріне  мҧң  айту,  кҥрсіне  отырып  зарларын  шағу  екеуін  ҽбден  келін  мен  ата 
халінен кетіріп, ортақ қайғыдағы ене менен келіндей немесе ҽке менен баладай жақындатқан. 
Адам  мен  адам  боп  танысып,  табысқан-ды»,  Қодар  Қамқаны  дҽл  ҿз  ішінен  шыққан 
Қҧтжаннан  бірде-бір  кем  сҥйген  емес.  Оның  да,  бҧның  да  тең  ортақ  ҽкесі  болды»  деп 
екеуінің  «ҽке  менен  баладай»  жақындасып  кеткенін  айтады.  Дҽл  осы  Қодар  мен  Қамқа 
оқиғасы бҥге-шҥгесіне дейін баяндалатын тағы бір шығарма  – Шҽкҽрім Қҧдайбердіҧлының 
«Қодардың ҿлімі» поэмасы. Онда: 
Ар сҥймейтін бір істі қылғаннан соң
Аямаған Олжайдың кҽрі-жасы, - деп атасының ҿз келінін алғанын растап отыр: 
Жасырмай айта берсем сҿздің шыны, 
Қҧдайға ерегесіп қылдым мҧны. 
«Баламды алсаң, мен де алдым келінімді, 
Қане, ата ғой деп қылдым, - дейді, - осыны». 
Бҧл  сҿз  романда  да  кездеседі.  Бірақ  Қодардың  аузымен  емес,  Бектен  кҿсенің  аузымен 
айтылады: «Бектен кҿсе жолшыбай жексен ауылына соғып, тіпті бҥлдіріп қайтты. 
-
 
Қодар  «Қҧдай  да,  Қҧнанбай  да  керек  емес.  Не  қылсам  ҿз  еркім,  менде  не  ақыларың 
бар?» деп қуып шықты. «Қҧдай маған қылса, мен Қҧдайға қылдым» дегені, дҽл сол бҽленің 
ҿзі болды, - деп ентелетіп, тҿндіріп келген-ді». 
Автор Қодарды қаңқу сҿздің қҧрбаны етіп кҿрсетіп отыр: «Естіген сҿздеріне қарағанда, басы 
аман, ҿсекші ағайын тек отыр ма? Соның шырғасы ғой: - Бҧл Қодар неге қыстаудан шықпай, 
інге кіргендей жатып алды? – деседі дейді». 
Шҽкҽрімнің  поэмасында  Қодар  иықты,  кҥш-қайраты  қайтпаған  батыр,  барымташы  болып 
суреттеледі: 
Ол Қодар барымташы ердің басы, 
Жыртылмасын деп жҥрген ел жағасы. 
Ал «Абай жолында» ол ˗ қайғыдан қан жҧтып отырған, қайраты қайтайын деген шал. Қамқа 
екеуі  баласы Қҧтжанның басында зиярат етіп отырған  жерінен  «шаш ал десе, бас алатын», 
«бҥлік,  бҧзақы,  қанқҧйлы»  Қамысбай  ҧстап  ҽкетеді.  Шҽкҽрімнің  поэмасындағы  Қодарды 
батырға тҽн аңқаулығын пайдаланып, айламен алмаса, оңайшылықпен қолға тҥспейді: 
...Қодарды алдап ҧстап ҽкелуге 
Жҧмсады Олжайдағы қҧрбыласты. 
Ол жҥрген ҿз келінін алып қашып, 
Жастар барып қосылды араласып
«Молдадан бҽтуа сҧрап ел жіберді», -  
Дегенге нанды Қодар қара басып. 
Ҽрі оны қолға тҥсірген «қанқҧйлы» Қамысбай емес, «айлакер жорға Жҧмабай: 
Семейге кеткеніне бес кҥн болды, 
Деді олар келетҧғын мезгіл толды. 
Соны айтып алдандырып отырғанда, 
Асығып, ат терлетіп біреу келді. 
Қараса, Керей жорға Жҧмабай ол, 
Қҧнекеңнің атшысы айласы мол. 

 
49 
«Бес-ақ кҥнде ҽкелдім бҽтуҽ, - дейді, -  
Шҥйіншімді аламын жҧмысым сол. 
Мен барған соң молдалар кҿп кеңесті, 
Аяғында мҽнісін ҽбден шешті, 
Қҧрым іліп би ҥйін жеті айналса, 
Оған неке қиюға мҥмкін десті. 
Бізге қисық болса да істің басы
Дҧрыс кҿрді Семейдің ғҧламасы. 
Бетіміге енді ешкім баспайды деп, 
Қуанып жҥр Олжайдың кҽрі-жасы. 
Тез ҽкел деп қуанды Қҧнанбай да, 
Деп отыр «шарағатшыл Барақ қайда...» 
Ҥйретінді сҿз айтып тамылжытты, 
Айлакестің керегі осындайда.» 
 
Қодар  мен  Қамқаны  ҿлім  жазасына  кесер  алдында  Қҧнанбай  оқиғаның  анық-
қанығына  ҽбден  кҿзін  жеткізген.  Мешіттен  арнайы  рҧқсат  алып,  шариғат  жолымен  ҽділ 
жазасын беруге ҥкім шығарған. Бҧған «Кейбіреуі: «Мейірімсіз Қҧнанбай келіні мен Қодарды 
жазықсыз  асып  ҿлтірді»,  -  дейді.  Оны  Қҧнанбай  неге  істеді,  не  жазығы  ҥшін  істеді  –  оны 
тексермейді. Ол жазаны істеп отырған – ел, халық. Қодар ҿлген баласының ҽйелін ҿзі алған, 
оны неше жыл білдірмей тҧрған. Ақыры ол қылмысы айқындалған. Жоғары діни орындарға 
хабарлап,  солардың  ҥкімі  бойынша  ҿлтірілген.  Туысы  болса  да,  заңға,  адамшылыққа 
жатпайын,  айуандық  істі  істегені  ҥшін  «атқа  тисе,  алтынды  еріңді  жақ»  дегендейін  арға 
жатпайтын істі қылған жақынын да аямаған»,- деген Ахат Шҽкҽрімҧлының сҿзі дҽлел бола 
алады, - «Қодарға ҿтірік жала жауып, оның малын алайын дейтін – Қодар бай емес, не ҿзіне 
қарсы  тҧрып  жауласқан  жау  емес.  Қҧр  жала  жауып  ҿлтірді  деген  сҿз  Қҧнанбайды  қайтсем 
жамандаймын дегеннің сҿзі. Бҧған есі бар адам нанбайды». 
 
Абай да ҿз ҿлеңінде (Ҽбдрахман ҿлгенде ҿзіне айтқан жҧбатуы): 
 
Мҧсылманға қоймаған 
 
Орынсыз  жанжал,  шатақты,  -  деп  Қҧнанбайдың  «салғырттығы  жоқ  сергек,  қатал 
кҥзетші» болғанын білдірсе, жҽне бір ҿлеңінде (Ҽбдрахман ҿліміне): 
 
Тҽубесін еске тҥсіріп, 
 
Тентекті тыйып, жерлепті, - дейді. 
Қҧнанбай  «Тентекті  тыйып,  жерлеп»,  қазақтың  Грозныйына  тҽн  қаталдық  кҿрсетпесе, 
ертеңгі  кҥні  ҿсіп келе жатқан ҧрпақтың арасында да  ҿлер  алдында  «Тым болмаса Қодарды 
бір  сҥйгіз»  деп  айтудан  қаймықпаған  Қамқа  сияқты  қарлардың  шықпасына  кім  кепіл? 
Сондықтан  да  Қҧнанбайдың  бҧл  шешім-ҽрекетін  ақтауға  болады  демекпіз.  Ҽрі  Қҧнанбай 
ҿмір сҥрген дҽуірінің кҿзімен қарасақ ең ҽділетті шешім осы. 
 
Қҧнанбай – қайшылығы кҿп, кҥрделі образ. Енді сол Қҧнанбайдың ҿмірдегі қатпары 
кҿп  мінезіне  тоқталайық.  Қҧнанбайдың  барлық  қасиеттері  Абайдың  ҿлеңдерінде  жақсы 
ашылған. 
 
Арғы атасы қажы еді
 
Бейіштен татқан шҽрбҽтті. 
 
Жарықтықтың ҿнері 
 
Айтуға тілді тербетті, - дейді Абай. Қҧнанбайдың елден ерек, асқан ҿнері, шешендігі 
жайында  поляк  саяхатшысы  Адольф  Янушкевич  ҿзінің  кҥнделік  жазбаларында  таңдана 
баяндаған: «Кунанбай – это ну просто машина для говорения, часы, которые только тогда не 
идут,  когда  не  заведены.    Как  только  проснется,  пускает  в  ход  свой  язык  и  говорит 
неустанно,  пока  не  заснет.  Каждую  минуту  приходят  к  нему  киргизы,  а  он,  как  оракул, 
который  вешает  со  своего  треножника,  часто  подперев  бока  руками;  на  каждые  три  слова 
цитата  и  шариата,  а  память  у  него  такая  удивитеьная,  что  все  указы  и  распоряжения 
правительства  приводит,  будто  по  книжке  читает».  «Қҧнанбай  мҧсылманша  кҿп  оқымаған 
адам  болған.  Сҿйтсе  де,  ҽкесі  Ҿскенбайдың  жанында  жҥріп,  оған  жан-жақтан  келген 

 
50 
хаттарды  оңашаға  алып  кетіп,  бірімен-бірін  салыстырып,  ҿздігінен  хат  танып,  тҥрікше 
кітаптарды оқитын болған. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес жҽне жҥйрік тіл берген. «Ол 
шешіліп  сҿйлеп  кетсе,  бетіндегі  кемшілігі  жоғалып  кететіндей».    «Сонымен  қатар  елдің 
ежелгі  жол  жобасына,  Ҽл-Қҧранда  жазылған  шариғат  жолына  аса  жҥйрік. Ресей  ҿкіметінің 
қазақтар жҿніндегі заң ережелеріне ҿте жетік» болған. 
Адалдық, ақыл жасынан 
Қозғапты, тыныштық бермепті. 
Мал тҥгіл жанға мырза еді, 
Ҽр қиынға сермепті. 
Мҧңды, шерлі, жоқ-жітік 
Аңсап алдын кернепті. 
Бҽрінің кҿңілін тындырып, 
Біреуін ала кҿрмепті. –  
Қҧнанбай  қара  қылды  қақ  жарған  ҽділ,  адал  азамат.  «Жҧрт  пайғамбардай  кҿрген».    Ахат 
Шҽкҽрімҧлы  ҿз  естелігінде:  «Қҧнанбай  атшабарларына  біреудің  бір  тал  қылын  рҧқсатсыз 
алма деп қатты тапсырған. Кенесарыны қуысып жалайыр еліне барғанда сол елдің бір ҽйелі: 
«Орыстармен бірге сіздің бір жолдасыңыз білезік, жҥзік, сҽукеле, моншақтарымды алды»,  - 
деп арыз еткенде, оның Тҿбет батыр екенін білген соң, Тҿбетке дҥре салдырып, ҽйелдің бар 
затын тҥгел таптырып берген»,- дейді. Сондай-ақ, ала алмай жҥрген ҽнет, бҽкең, жуантаяқ, 
қарабатыр сияқты кедей руларды орналастыу ҥшін Қҧнанбай тобықтының басты адамдарын 
шақырып  алып,  кеңеседі.  Қҧнанбай:  «Жер  –  адамның  жері  емес,  қҧдайдың  жері.  Алла  оны 
бір  кісі  ҥшін  жаратқан  жоқ,  барлық  адам  баласы  ҥшінн  жаратты.  Жанын  қиып,  жауды 
белсене  қуысқан  сендер  емес,  осы  нашар  атаның  балалары.  Ел  намысын  қуған  ерлер  де 
солар», - деп, жуантаяқ руына сырттағы жайлауден уақпен жапсарлас бауырға дейін қоныс 
бҿліп  береді.  Оған  жалғас  бҿкенші  руына  жер  кеседі.  «Ҽнет  пен  Қарабатыр  менің  іш 
кҿйлегім  сияқты  еді.  Бҧларға  ҿз  тиесімнен  берейін.  Қыс-қыстауы,  жаз-жайлауы  менімен 
жалғас  болсын»,-  деп,  Хан  ҿзенінің,  Бҿкенші  ҿзенінің  бас  тарауына  орналастырады.    Осы 
қамқорлығы  ҥшін  Халық  оның  абыройын  кҿтеріп,  атағын  жайып,  ақылды,  адал, 
адамгершілігі  зор,  ҽулие,  парасатты  «мырза»  деп  ат  қояды.  Жастар,  балалар  «тҽте»  деп 
айтады. Сҿйтіп Қҧнанбайдың атағы ҿз елінен асып, басқа алыс елдерге жайыла бастайды: 
Ҽділ, мырза, ер болып, 
Ҽлемге жайған ҿрнекті. 
... Ескендір, Темір, Шыңғыстай 
Мҧсылманда атақты. 
 Қҧнанбай тірісінде ҽулиенің даңқына бҿленген. Одан ақыл сҧрауға жас та, кҽрі де, кедей де, 
бай да ҽр қиырдағы ауылдардан келіп жатады. Халқының тілегі оны тіпті екі ажалдан аман 
алып қалған. Бірі – шешек ауруына шалдығып, ҿліммен арпалысқанында болса, енді бір рет – 
барымтада  найза  тиіп  жараланғанында.  Ел  аузындағы  бір  ҽңгімеде  былай  бейнеленеді: 
«Қҧнанбайдың денесіне кҿкшешек қаптап шығып, екі кҿзін аштырмай, кірпігі қимылдаумен 
ҿлім  аузында  жатады.  Аранын  ашқан  ажал  оны  буындырып,  жанын  алқымына  ҽкеледі. 
Қҧнанбайды  оңаша  ҥйге  салып,  ата-анасы  бағып  отырады.  Ол  жатқан  ҥйді  халық  қоршап, 
ажалға қарсы тҧрады. Кемпірлер кҥндіктерін, шалдар кіселерін мойнындарына салып, еркек-
ҽйелдер еңіреп,  қҧдайдан Қҧнанбайдың жанын қалдыруды сҧрап тілек тілейді. Айтылмаған 
кҿк қасқа, ақсарбас қалмайды. Міне, осындай ел тілегі бірнеше кҥнге созылады. Ақырында 
халық  тілегі  ажалды  жеңіп,  Қҧнанбай  тҽуір  болады.  Бірақ  алуға  келген  ажал  оның  нҧрлы 
бетін  шҧбарлап,  сол  жақ  кҿзіне,  қабағының  астына  тарыдай  ақ  қалдырып  кетеді.  Бірақ 
бетіндегі шҧбар дақ, кҿзінегі ақ – оның қасиетін, адамгершілігін, халқына деген махаббатын 
кеміте алмайды. Қайта ол ажалды жеңген халық тілегінің белгісі, айғағы болып қалды». Бҧл  
- Қҧнанбайдың халық қалауындағы тҧлға екендігінің бір дҽлелі ғана. Бҧндай мысалдарды ел 
аузындағы ҽңгімелерден, кҿркем шығармалардан, естеліктерден кҿптеп кездестіруге болады. 
Бҧлардың барлығы Қҧнанбайды тек жақсы қырынан кҿрсетіп, оның нағыз ҿмірдегі шынайы 
бейнесін аша тҥседі.  

 
51 
 
«Ілгері  заманда  Жезқазғанның  Ақтоғай  ҿлкесінде,  Қызыларай-Беғазы  тауларын 
мекендеген тегі дадан тобықты, ҿзі ҿте-мҿте кедей адам ҿмір сҥріпті. Кҥндердің кҥнінде ол 
Қҧнанбай  қатты  науқастанып  ҽл  ҥстінде  жатыр  екен  деп  естиді.  Ҽлгі  кедей  адамның  мал 
дегенде  жалғыз  сиыры  ғана  болса  керек.  Ол  енді  кҿп  ойланып  жатпастан,  Қҧнанбай 
мырзаның дертіне шипа болсын, бір сауабы тисін деп дҧға оқытып, сиырын сойып, етін тҥп-
тҥгелімен  сол  маңайдағы  жоқ-жітікке  таратып  жібереді.  Ауыл-аймақтың  ҥлкендері  таңдай 
қағысып:  «Қарағым,  Қҧнанбай  жарықтық  кімің  болатын  еді?  Жалғыз  сиырыңды  сойған 
сақилығың  не  қылғаның?»  деп  сҧрағанда,  ҽлгі  адам:  «Қҧнанбай  мырза  менің  ешкімім  де 
емес. Ол  - халықтың адамы. Қазақтың қасиетті перзенті. Мендей сіңірі шыққан жандардың 
талайына  болысқан  адал,  қолы  ашық  мырза  деп  естимін.  Қҧнанбай  тірі  жҥрсе,  «қандасым, 
руласым еді» деп ҿзге ағайындардың алдындамына мен айбынымды асырып жҥрмеймін бе? 
Сондықтан  мен  мырзаның  есен-саулығы  ҥшінҽйел-баламның  аузынан  жырып,  жалғыз 
малымды  қҧрбандыққа  шалдым.  Мені  сақилыққа  итермелеген  осы  жай»  -  деп  байыппен 
жауап  береді.  Арада  кҿп  уақыт  ҿтпей,  науқасынан  қҧлан  таза  айыққан  Қҧнанбай  мырза 
ҧзынқҧлақ арқылы осы оқиғаны естиді. Естіп-біледі де, ҿзге ҿлкедегі қаймана қазақтың кесек 
мінезіне  дҽн  риза  болып,  сақилығына,  кҿрегендігіне  бас  иіп,    мол  тарту-таралғы  жіберіп, 
кҿптеген жылқы, қой, тҥйе малын сыйға бергізеді.»  
Қауіп-қатерге  ҧшырағанда  осындай  жанкешті  тҽуекелге  барған  халықтың  қҧрметіне 
тебіренген  Қҧнанбай  енді  біржола:  халқымның  алдында  арыммен  борыштымын,  елімнен 
жаным садаға болсын – деген сертті жҥрегіне тҥйеді. 
Зекет жиып, егін сап
Тойдырған ғаріп, жатақты, - деп Абай 1850 жылы ел арасында жоқшылық жайлап, қайыршы-
аштар  кҿбейіп  кеткенде  зекет-жҽрдем  жиғызғанын  айтып  отыр.  1851  жылы  Батыс  Сібір 
генерал-губернаторына хат жазып, Қарағайлы деген жерде кедей жатақтарды орналастырып, 
оларды  егіншілік  кҽсіппен  шҧғылдандыру  ҥшін  рҧқсат  сҧрап  алған.  1860  жылдары  ҽр 
болыстан бір ҧл баладан жинап алып, шешек ауруына қарсы егу ҥйретуге жіберген. 
 
Қҧнанбай феодалдық  биліктің  ҽлсіреп,  жаңа заманның  келе  жатқанын  сезіп, заманға 
ілесу  ҥшін  орыстың  ғылымын  ҥйретуді  мақсат  етті.  Сонымен  бірге  еуропалық  біліммен 
сусындаған  балаларының  қыр  дҽстҥрінің  қол  ҥзіп  кетпеуі  ҥшін  жастардың  діни  сауатын 
ашуға мҽн берді. 
Шҽкҽрім:  «Қажы марқҧм бҧл  елдің бек надан кезінде туып, шала хат танып қалса да, ҽкесі 
Ҿскенбай  биге  ҽр  жақтан  келген  хаттарды  оңашаға  алып  барып,  бірін-біріне  салыстырып 
ҿздігінен  хат  танып,  тҥркі  кітаптарын  оқитҧғын  болыпты.  Жҽне  ноғай  молдаларын  сақтап, 
елсізге ҥй салғызып, қазақтың балаларын жиып алып, бҧл жақтағы қазаққа оқу оқытып. Хат 
танытқан  сол  қажы  марқҧм  еді.  Осы  кҥнгі  біздің  кҥзеу  қорамыз  «Ескі  там»  деген  сол 
мектептің  орны  еді.    Қажы  марқҧмның  алдына  келген  қазақ  бҧрын  намаз  оқымай  жҥрген 
болса  да,  намаз  оқушы  еді.  Насыбай  харам  деп  бір  молда  айтқан  соң,  мҧрныңа  тотияйын 
қҧям деп, насыбайшыларды тыйып еді. Бҧрын зекет бермейтҧғын қазаққа зекет бергізген сол 
кісі еді», - дейді. 
Мекеде уақып ҥй салып, 
Пҽтер қып жаққын шырақты. 
Бір қҧдайдың жолына 
Малды аямай бҧлапты... 
... Ол сыпатты қазақтан 
Дҥниеге ешкім келмепті. 
Ҿлмейтін атақ қалдырып, 
Дҥниеге кҿңілін бҿлмепті. 
Жарлығына алланың, 
Ерте ойлаған кҿнбекті. – деп Абай Қҧнанбайдың шариғат заңдарына жетіктігі мен ҥлгілі  іс-
ҽрекеттерін  айтып  отыр.  Қҧнанбай  ҿзі  айтады:  «...Мен  жасымда  былай  тіледім:  «Ҿзіме  бақ 
бер!  Бақ  берсең,  дҽулет  бер!  Ҽкімшілікті  бер!  Бірақ  елді  ҿзіме  қаратып  алғанша,  істеген 
жаман  қылықтарымды  кеш!  Сол  тілектерімді  беріп,  кемеліме  келгеннен  кейін,  ол  берген 

 
52 
бағыңды, дҽулетіңді, ҽкімшілігіңді орнына жҧмсай алмайтын болсам, екі аяқтының ең қоры, 
ең  сорлысы  қыл!»  -  дедім».  Қҧдай  оған  бақ  та  берді,  дҽулет  те  бітірді.  Ҧзақ  ҿмірінде, 
сҧлтандық  қызметте  жҥргенде  талай  алыс-жҧлысты  басынан  атқарып  келген  Қҧнанбай, 
ҿмірінің соңына қарай Меккеге барып қайтады да, шымылдық тҥсіріп, елден аулақ отырады. 
Сол кҥйде дау-шарға араласпай, жеті жыл анық тыйылып отырып барып қайтыс болады. 
 
Халқының  тілеулестігі  екі  ажалдан  алып  қалған,  анасы  дҽретсіз  емізбеген  Қҧнанбай 
тегін адам болмаса керек. Янушкевич:  «Ҿркениетті Еуропаның бір елінде Қҧнанбай секілді 
ҽділетсіздік  пен  дҽулеттілердің  зорлық-қомбылықтарына  қарсы  бірде  семсер,  бірде  қалқан 
болған  от  тілді,  орақ  ауызды  бір  шешеніне  халқы  қанша  ілтипат  кҿрсетсе  де,  оны  ажал 
аузынан алып қала алды ма? Ол елдің тілеуі жанбай, ҽйтеуір  алғыс сезімі тасқындаған олар 
ҿлген  адамына  Пантеон  орнатумен  тынды  ғой»,  -  деп  таңданысын  жасырмайды.  Қҧнанбай 
берген  сертінен  айнымай,  халқының  қамы  ҥшін  қаталдықты  да  ҧстанды,  ҽділдіктен  де 
танбады.  
Қҧнанбайдың  ҽдебиеттегі  де,  ҿмірдегі  де  сан  қырлы  бейнесі  ҽлі  де  толық,  терең  зерттеуді 
қажет етеді. Сондай-ақ, ҧлы қайраткер ретінде халық арасында насихатталуы керек. Даланың 
қырағы сақшысы, қазақтың қасиетті перзенті лайықты бағасын сонда алмақ. 
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Абай шығармаларының екі томдығы 
2.
 
М.Ҽуезов «Абай жолы»: роман –эпопея. Бірінші кітап. – Алматы: «Жазушы», 2009 
3.
 
М.Ҽуезов «Абай жолы»: роман –эпопея. Екінші. – Алматы: «Жазушы», 2009 
4.
 
Шҽкҽрім. Шығармалары. Алматы: «Жазушы», 1998 
5.
 
Шҽкҽрімҧлы Ахат. «Қҧнанбай туралы». «Абай» журналы, 2004. №4 
6.
 
Шҽкҽрім. Тҥрік, қазақ-қырғыз һҽм ханлар шежіресі. Алматы, 1991 
7.
 
Қҧнанбаев Т. «Ҽкем туралы». «Ана тілі», 1993 
8.
 
Т.Жҧртбай «Қҧнанбай». Алматы: «Алаш», 2004 
9.
 
Б. Сапаралы «Қҧнанбай қажы». Алматы: «Ер-Дҽулет», 1995 
10.
 
А.  Янушкевич  «Дневники  и  письмы  из  путишествия  по  казахским  степям»,  Алматы: 
Междунаподный клуб Абая, 2005 (Библиотека журнала «AMANAT» №30) 
 
 
ҼОК 801.6.83. 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҼҢГІМЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЗМ 
(М.МАҒАУИН, Р.МҦҚАНОВА ҼҢГІМЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Аушахманова Д. А., dina_aushahmanova@mail.ru 
Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті, Алматы 
Ғылыми жетекші – С.Б.Даутова 
 
Қазіргі  қазақ  прозасы  адам  жанының  қҧпиясын  бейнелеуде  биік  кҿркемдік  жетістіктерге 
қол жеткізді.  
Кҿркем  шығармадағы  кейіпкердің  жан  дҥниесін  ашуда  оның  ойлауы  (кейіпкердің 
ойлануы),  тҥс  кҿруі,  жылауы,  қиялға  берілуі  т.б.  психологиялық  процестерін  суреттеу  жиі 
кездеседі.  Қазақ  ҽдебиетіндегі  психологизм  жайлы  пікірлер  баршылық.  Мҽселен, 
Б.Майтанов: «Кҿркем ҽдебиеттегі  психологизм табиғаты – ғылыми, ҽдеби мҽні мол, кҥрделі 
мҽселе.  Психологизм  –  психологияның  ҽдебиет  ордасындағы  тҧрақты  елшісі,  кҿркемдік 
ҽлемінің  жҧлын  жҥйесі.  Психологизмнің  негізгі  қызметі  −  ҿмірлік  шындық  пен  кҿркем 
шындықтың    жанды  тамырластығын  сақтау»  [1,  3б.]  –  деп  жазады.  Ҽлем  ҽдебиеттануында 
мойындалып, ғылыми тҧрғыдан нақтыланған терминдік анықтамаға сҥйенсек:  «Ҽдебиеттегі 
психологизм  –  шығарманың  эстетикалық  ҽлемін  қҧрайтын  кейіпкердің  ішкі  ойын, 
толғанысын, рухани кҥйзелісін терең ҽрі детальді тҥрде бейнелеу» [2, 1594б.]. Ҧлы суреткер 

 
53 
М.Ҽуезов айтқандай нағыз кҿркем прозаға  «психология араласпаса ҿзгенің бҽрі сылдыр су, 
жабайының  тақ-тақ  жолы»  екендігі  кҥмҽнсіз.  Кҿркем  шығармадағы  кейіпкердің  ҽр  тҥрлі 
қалыптағы  ой-толғаныстары  ҿзгеріп,  іс-ҽрекет,  сезім  қайшылықтарын  тудыратын 
психологиялық қҧбылыстарды тереңдетіп, кҥрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын 
айқындап  берері  анық.  Белгілі  ҽдебиеттанушы,  ф.ғ.д.  Б.Майтанов:  «...психологизм  сҿз 
ҿнерінің  тектік  белгісі...  қаһарманның  рухани  ҽлемін,  жан  сырын  жеткізудің  амал-
тҽсілдерінің  жиынтығы...»,-  десе,  Г.Ж.Пірҽлиева  «Қазақтың  кҿркем  прозасындағы 
психологизм табиғаты жҽне оның бейнелеу қҧралдары» деген еңбегінде психологизм туралы 
пікірлерді  жинақтай  келе:  «Психологизм  дегеніміз  –  кейіпкердің  ойы  мен  іс-ҽрекетінің 
кереғарлығы, сана қақтығысынан тҧратын ерекше кҿркемдік жҥйе» [3, 5-7б.], - дейді. 
Психологиялық  шығарманың  ҿзіне  тҽн  жанрлық  ерекшеліктері  бар.  Біріншіден, 
психологиялық  прозада  оқиға,  кейіпкер,  кезең,  уақыт,  тақырып,  идея  т.б.  мҽселелер  талап 
етілмейді.  Екіншіден,  ең  бастысы  –  жеке  адамның  ішкі  ҿмірі,  ҿмір  мен  ҿлім  арасындағы 
кезеңде  адамзат  басынан  кешетін  тағдыр  тҽлкегі,  жеке  адам  санасындағы  сапалық  ҿзгеріс, 
рухани қопарылыс, ішкі сезімдік қҧбылыстар талданады. 
Қазіргі қазақ ҽңгімесінде психологизмге қалам тартқан жазушылардың бірі – М.Мағауин, 
Р.Мҧқанова. Психологизм тақырыбын негізгі тірек еткен ҽңгімелердің қатарына біз талдаған 
Мҧхтар  Мағауиннің  «Тағдыр  жазуы»,  «Бір  нҽзік  сҽуле»,  «Оралу»,  Р.Мҧқанованың 
«Сарқаншық»,  «Тҧл»,  «Тҧтқын»  атты  ҽңгімелерін  жатқыза  отырып,  психологизмнің 
бейнелеу тҽсілдерін кеңінен қолданғанын кҿреміз.  
Жазушы М.Мағауиннің «Тағдыр жазуы» атты ҽңгімесінде Алланың маңдайға жазғаны  сҿз 
болады. Кейіпкердің бала кҥнінде кҿрген Кҿк тастың бетіндегі  бес жолды ерекше жазудың 
тағдыр жазуы екенін кеш тҥсінуі, сол жазуды анықтаудағы тағдыр жолы суреттеледі. Жеке 
адамның  ішкі  ҿмірі,  ҿмір  мен  ҿлім  арасындағы  кезеңде  адамзат  бастан  кешетін  азапты 
тағдыр тҽлкегі, кейіпкердің кҥрделі тҧлғаға айналуы кҿркемдік назарға айналады. «Қарашада 
екі-ақ  кҥн  ауырып,  ҽжем  дҥниеден  ҿтті.  Келесі  мартта  –  жендеттің  ҿлгеніне  тура  бір  жыл 
толғанда мені комсомолға алмай тастады... топ алдында, - «халық жауының» баласына орын 
жоқ  екен.  Мен  аға  кеткеннен  бері  екінші  рет  –  бҧл  жолы  ҽжемді  емес,  ҿзімді  жоқтап 
жыладым. Кҿз жасым тиылған кезде де ҿксігім басылмады... Мен қайда барсам да алдымда 
талқы  тҧрғанын  кҿзіммен  кҿріп  едім»  [4,  117б.],-  деп  автордың  ҿз  толғанысы,  эмоция  мен 
сезімге берілуі, жан сырын жылау арқылы сыртқа шығаруы – мимикасы айқын кҿрінеді.  
Жазғы  демалыста  кейіпкердің  шҿп  шабу,  пішен  жинау,  тырма  айдау  тҽрізді  ҧжымшар 
жҧмысын  істеп  жҥріп,  тырма  айдаған  кездегі  мына  бір  оқиғадан  ҥрку,  елес,  ҽжесіне  деген 
басылмаған сағынышы байқалады: «Ҽрине, бар салмақ маған, маған емес, кҽрі тҥйеге тҥсті. 
Онсыз  да  ҽрең  тартып  келе  жатқан  байғҧсты  ҧзын,  дырау  бишікпен  тап-тақыр,  қара 
қабырғадан  осып  ҿтем...  Енді  екінші  жақ  қабырғадан  тіліп  салам.  Селк  етеді  де  қояды. 
Кенет...  кезекті  бишіктен  соң  кҽрі  тҥйе  алға  жҥру  орнына  қалт  тоқтады,  содан  соң  боздай 
бере,  шҿгіп  жата  кетті.  Шҿгер-шҿкпестен  қыртыс-қыртыс  мойнын  бҧрып,  маған  қарады. 
Тостағандай кҿзі жалт ете тҥсті. Жас бар сияқты. Менің жҥрегім тҿңкеріліп тҥсті. Кҽрі тҥйе 
емес, кешегі сорлы ҽжем. Тарыққан, қажыған, таусылған... қҧсадан ҿлген. Енді мҧның да ҿлуі 
қалған.  Ҿмір  бойғы  азап  пен,  бҥгінгі  таяқ.  Бҧл  тҥйе...  менің  ҿзім...  менің  болашағым!»  [4, 
119б.]. Ҽңгімеде шҿгіп жатқан кҽрі тҥйенің тостағандай кҿзінен кешегі дҥниеден ҿткен ҽже 
елесін кҿруі кейіпкердің болашағын тҧмандатып жіберді.  
М.Мағауиннің  «Тағдыр  жазуы»  ҽңгімесіне  қайта  оралсақ.  Кейіпкердің  он  ҥш  жасында 
кҿрген  Кҿк  тасты  қайтара    іздеп  келіп  таба  алмауы  –  сананың  бойында  сансыз  мол 
сҧрақтардың  пайда  болуына  ҽкелді.  Тасты  ойында  да  кҿреді,  елестете  де  алады,  ал  заттық 
деректі  қанша  іздегенмен  таба  алмайды.  Кейде:  «Нақ  сондай  тас,  нақ  сондай  жазу  нақты 
ҿмірде болмаған. Анық. Бірақ мен кҿрдім ғой. Бҥгінгідей кҿз алдымда Кҿрдім. Бір сҽт емес, 
бірталай  уақыт.  Тамашалап  тҧрдым.  Бойыма  ҿзгеше  жылу  тарады.  Ерекше  кҿтеріңкі  кҥйге 
тҥстім. Кҿрдім. Бҧл да анық» [4, 126б.],-  деп ойлайды да,  «Бҽлкім, тҥсімде шығар. Бҽрібір 
мҽн-мағынасы ҿзгермейді» [4, 126б.],  - деп те ойын ҽрі қарай ҿрбітіп, қорытындыға келеді: 
«Ҽуелгі  Жазу  –  маған  ғана  тиесілі.  Мен  жаралмай  таңбаланған.  Он  ҥш  жасымда  кҿзіме 

 
54 
кҿрінген. Міне, елу жыл бойы жадымда тҧр. Ҥнемі бастап, бағыттап, жебелеп келеді. Аллаға 
аян» [4, 127б.]. Ҿтініші  бар:  «Тек... тағы бір  рет кҿрсем деймін» [4, 127б.]. Ҿкініші де бар: 
«Қазіргі қалпымда кҿре алмайтынымды жҽне білем» [4, 127б.].  
Психологияда  сана  ағымы  деген  болады.  Қат-қабат  тізбектеліп,  бірін-бірі  толықтыра 
келетін ойлар ағыны – сана ағымы деп аталады, яғни кҿркем шығармадағы кейіпкер ойына, 
ішкі  дҥниесінің  арпалысына,  санасындағы  процестерге  негізделеді.  Ҽңгімеде  ҿтініш  пен 
ҿкініштің қабаттаса кездесуі – М.Мағауин ҽңгімесінде сана ағымының барын аңғартады. 
 «Бір  нҽзік  сҽуле»  атты  ҽңгімесінде  де  психологиялық  бейнелеу  қҧралдары  кездеседі. 
Ҽңгімеде  жиырма  жастағы  кейіпкердің  бір  кездері  басынан  ҿткерген  оқиғасы  суреттеледі. 
Осы оқиға ҿзегінде сылқым сҧлу қызды кездестіруі, қыздың алдында масқара болып, қыздан 
кҿз  айырып  қалуы,  қырық  жыл  ҿткеннен  кейінгі  жолықтым  деп  жҥрген  адамының  тҥрінің 
ҧқсастығы, болмаса туыстығы деген болжамы, сонда да ҿткен ҿмірге еш ҿкініші жоқ екендігі 
айтылады.  «Ақын  айтқан  «бір  нҽзік  сҽуле»  жалт  етті  де,  тҧманға  сіңіп,  ғайыпқа  айналып, 
мҽңгіге  жоғалды.  Жастық  албырт  кҿңіл  аз-маз  жҥдеді,  аңсап  барып  ҥмітін  ҥзді,  біршама 
байсал тапты. Кҿп ҧзамай жаңа бір сҽуле елес берді, ақиқат шындыққа айналды, жарқырай 
жанып,  біздің  ҥйдің  ошағын  тҧтатты,  бҥкіл  ҽулетіміздің  бастау  бҧлағы,  берік  ҧйытқысы 
болды.  Сҿйтіп  кҿңілдегі  қиял  шынайы  ҿмірдегі  нақты  кҿрінісін  тапты»  [4,  183б.].  Осы 
ҥзіндіден-ақ  жазушының  ішкі  монологі,  адам  ішіндегі  адам,  жҧмбақ  сырын  бейнелеудегі 
шеберлігін кҿруге болады.  
Ғалым  Г.Ж.Пірҽлиева  ҿзінің  еңбегінде  «ішкі  монологқа»  мынадай  анықтама  келтірген: 
«Ішкі  монолог  –  (іштей  ойлау,  кейіпкердің  ҿзін-ҿзі  саралауы,  ой  ағысы)  адам 
психологиясының  ішкі  иірімдерін,  кҥрделі  де  терең  ойлау  жҥйесін,  сана  мен  сезім 
арпалыстарын ашу. Ішкі монологтың кҿркемдік қызметі – адам жанының сырт кҿзге байқала 
бермейтін ішкі «қоймаларын», қҧпия қалтарыстарын, жҧмбақ сырларын шынайы да сенімді 
тҥрде  бейнелей  білу»  [3,  13б.].  Осы  анықтама  біздің  зерттеуіміздің  негізгі  тірегі,  сҥйеніші 
десек  те  артық  болмас.  Себебі,  қазіргі  қазақ  ҽңгімелеріндегі  психологизмді  анықтаудың 
бірден-бір  жолы  –  шығармадағы  ішкі  монолог,  т.б.  осы  сияқты  психологиялық  бейнелеу 
қҧралдары арқылы кейіпкердің жан дҥниесіне ҥңіле білу. 
М.Мағауиннің «Бір нҽзік сҽуле» ҽңгімесіне оралатын болсақ. «Ҽрине, елес іспетті ғажайып 
қызды  бірден  ҧмытқан  жоқсың.  Жассың  ғой.  Албырт  кҿңіл,  асау  жҥрек.  Кҿкірегіңді 
шымырлатып,  зҽуде  бір  есіңе  тҥседі.  Барлық  сурет  кейпімен  кҿз  алдында  тҧрады.  Қалай 
қиялдасаң да, саған жоқ. Ол анық. Бірақ... ҿмірде  бар. Қайда жҥр екен...», - деп ойлайды да, 
«Ғашық болдым. Басқа бір қызға. Сол бір сҽулелі кҥннен соң арада ҥш жыл ҿткенде. Ҽуелде 
ол  да  елес  еді.  Ҿзін  емес,  суретін  кҿрдім...  Кҿп  ҧзамай  елес  сурет  нақты  тҧлғаға  айналды. 
Арада  екі  жыл  ҿтпей,  біздің  шаңыраққа  келін  болып  тҥсті.  Бозбала  кезде  елес  берген, 
арманға айналған нҽзік сҽуле нҧрлы жарыққа бастапты» [4, 178-179б.], - дей келіп жазушы ой 
ағынын саралап, сана мен сезім арпалыстарын аша тҥседі. «Біздің кҿңілдегі ең аяулы арман – 
кҿкіректегі басқа бір жарық нҧр болатын. Ол – алла тағала сыйға тартқан, сый емес, аманатқа 
берген ҿнерің. Аруақ алқалаған ҿмірлік мҧратың. Ең нҽзік сҽуле – сол еді», - деп махаббаттан 
ҿнер  қҧралып,    махаббат  шабытты  қуаттандыратынын  сҿз  етеді.  Жазушылық  болмысты 
Тҽңірі қҧты деп танып, мҧны зор мҽртебемен айтады.  
М.Мағауиннің «Оралу» атты ҽңгімесі бірінші жақтан баяндалады. «Мен ҿлдім. Ойламаған 
жерде,  кҥтпеген  жағдайда»  деп  басталуының  ҿзі  туындыда  тҧнып  тҧрған  психологизмнің 
барын  аңғартады.  Негізінен,  оқиға  жазушының  ҿз  ҿмірінен  алынған.  Жҿтелден  басталған 
ауру, тынысы тарылып,  жаны тҽнінен бҿлініп, жоғарыдан ҧйқыдағы қалыпта жатқан тҽнге  
қарап  таңырқаған  еді. Ҿлдім  деуі  де  содан.  Болжаусыз  ҿлімге  автор:  «Ҽуелде  таңырқадым. 
Содан соң дағдардым. Кейіс, нала, қайғы – жоқ. Азды-кҿпті ҿкініш ғана бар. Ҽлі таусылмап 
едім. Жҥре тҧрсам, жаза тҧрсам керек еді. Бірақ... бҧған да тҽуба» [4, 190б.] деп таңғалуының 
ҿзі  –  психологизм.  Себебі,  таңғалу,  қайғы,  ҿкініштің  барлығын  да  ішкі  монолог  арқылы 
кҿрсетіп  тҧр.  Жаны  жер  жаһанды  аралайды,  тіпті  он  ҥш  жасына  қайта  оралады.  Ҽжесіне 
ҿкінішін айтып, жылап та алады: «Ҽже! Ҽжетайым! қайтып келдің ғой ақыры! Қайтып келдің 
ғой!..  Сен  кеткен  соң,  сен  ҿлген  соң...  мен  тақыр  жетім  қалдым  ғой.  Жер  ҽлемде  жалғыз. 

 
55 
Панасыз! Неге ҿлдің, неге мені ала кетпедің?» [4, 199б.]. Атасы мен ҽжесі «Қайт!» деп ғайып 
болады. Тура елес тҽрізді. Немерелеріне барғанда Бір жарым жасар немересі атасының елесін 
кҿрді.  Елес  болып  келген  атасының  немерелеріне  жаны  ашыды.  «Енді  ҿзімнің  кҿңілім 
бҧзылды. Кҿзіме жас келген сияқты. Сипалап кҿріп едім... Жас та жоқ, кҿз де жоқ, кҿрінбес 
қолым қҧр ауаны қармалады» [4, 205б.] деп қаламгер қиялы жан дҥниесінің кҥйзелісін, ҿзінің 
психикасын  ҽсерлі  жеткізеді.  «Мҧңайған  –  Мен.  Ал.  Ол...  Манағыдан  байсал  тартқан. 
Қабақтағы  кейіс,  маңдайдағы  шер,  ерін,  езу,  иектегі  кекесін  ҿшкен»  [4,  207б.]    –  бҧл 
психологиялық жағдай, кескін-келбеттің, кҿңіл-кҥйдің ҿзгерісі. Жалпы шығармада ҿмір мен 
ҿлім  арасындағы  кезеңде  жазушы  басынан  ҿткен  тағдыр  тҽлкегі  арқылы  кейіпкер  кҥрделі 
тҧлғаға  айналды.  «Еріксіз  ҿне  бойымды  сипалап  кҿрдім.  Қолым  бар.  Басым  орнында.  Аяқ, 
кеуде... Бар мҥшем тҥгел екен. Ол – ақыр тҥбі ҿтпелі Тҽн – Менімен – мҽңгілік Жанмен қайта 
табысыпты. Дҽл қазір жҽне тағы бірталай уақыт – екеуі айырылмас бірлікте. Мен деген бір-
ақ адам. Белгілі бір кісі. Тҽңірі қолдаған, аруақ алқалаған Мҧхтар Мағауин. Мына Мен» [4, 
209б.]. Ҿз биігіме жеттім деп ойлап дҥниеден ҿткен жазушы ҿмірге қайта оралды. Себебі, ата 
мен  ҽжесі,  тіпті  Абылай  ханның  аруағы    да  оның  ҿлімін  қабылдамады,  «Қайт!»  деп  рухын 
қайтарып жіберді. Енді Тҽңірінің жарлығы деп жазуы таусылғанша ҿмір сҥрмек. Тағдыр мен 
шығармашылық тҧтасып кеткен бҧл ҽңгіме осынысымен қҧнды.
 
Назар  аударарлық  жай,  М.Мағауин  ҽңгімелерінде  диалогтан  гҿрі  монолог  (ҽсіресе,  ішкі 
монолог) басым. Бірінші жақтан баяндау аталмыш жазушының біз талдаған ҥш ҽңгімесінде 
де  кездеседі.  Ішкі  монологты  ҧлғайта  қолдану,  оны  толғаныстарға  ҧластыру,  сол  арқылы 
авторлық идеяны, кҿтерген мҽселені таныту – қаламгердің басты ерекшелігі. Ҿмір мен ҿлім, 
елес  пен  болашаққа  деген  ҥмітсіздік,  сана  мен  сезім  аралығындағы  арпалыстар  – 
психологиялық  талдау  тҽсілі  екендігін  М.Мағауин  ҿз  тҽжірибесі,  суреткерлік  шеберлігі 
арқылы дҽлелдеді.  
Психологизмнің  амал-тҽсілдерін  ҧтымды  пайдаланып,  кейіпкердің  жан  кҥйзелісін  ішкі 
монолог  арқылы  кҿрсете  білген  қаламгердің  бірі  –  Роза  Мҧқанова.  Бҧған  «Сарқаншық» 
ҽңгімесінен  алынған  мына  ҥзінді  дҽлел:  «Сенің  ойлы,  мҧңлы,  тҧңғиық  жанарыңның  ҿзі 
сҿйлеп  тҧр  ғой,  ҧққанға.  Сҿйлеп  тҧр  ма  екен.  Ҽй...  Жылап  тҧр  ғой,  баққанға.  Тентексің, 
аулаққа неге кетпейсің... «Жақсы ит - ҿлігің кҿрсетпейді» дейтін де сҿз бар бізде. Сен жақсы 
итсің,  қиналып,  ықылық  атып  бҧлқынасың,  қайғырып  мҥжілесің».  Мҧның  неге  мені 
ортақтастырып  жатырсың  деп,  мен  сені  кінҽлап  отырмын.  Кеткің  келмейді.  Адамнан 
достығыңды ҥзгің келмейді. Ақымақ па екенсің, ақылды ма екенсің. Ажалың адамнан болса 
да,  достығыңды  ҥзгің  келмейді.  Аңқаусың.  Саңылауы  биік  ит-ғҧмыр...»  [5,  16б.],  -  деп 
кейіпкер  ит  туралы  ҿзінің  сырын  осылайша  жеткізе  білді.  Жазушы  болса,  ішкі  монологты 
қолдану  арқылы  оқырманның  кҿз  алдына  тҧтас  бір  кҿркем  суретті  алып  келіп,  ҽсерлі 
бейнеледі.  
Роза  Мҧқанованың  «Сарқаншық»  ҽңгімесіндегі  негізгі  тақырып  −  ҿмірдің  мҽні,  адам 
арасында  қанша  жҥргенмен  адамнан  мейірім  таба  алмаған  Сарқаншықтың  ҿз  ортасынан  да 
ада  болуы.  «Сен  бҽрібір  адалсың.  Адамдарға  адал  болып  ҿлмексің,  бірақ  қадіріңді  иттер 
ҧқпады-ау. Мҥсіркеді-ау сені, адалдығыңды иттерің тҧрмақ, сен пір тҧтқан Адам керек етті 
ме екен...» [5, 21б.], - деуі, бір жағынан, Иттің астарында Адам жатқанын аңғартады.   
«Ҽйтеуір,  қиналып  барып,  ықылық  атып  тоқтайсың.  Мҿлиіп,  тҧмсығыңды  жерге  тіреп, 
қамығып  мҧңаясың...  Ҧшып  тҧрып,  зымырап,  жҧлдыздай  ағып  жортқың  келеді...  Ықылық 
атқан сайын таусылып мҧңайдың. Кҿздерің-ай... Иттің де кҿзі мойылдай болатынын бірінші 
рет кҿрдім» [5, 14б.], - «ықылық ату», «қамығып мҧңаю», «таусылып мҧңаю», «мойыл кҿз» 
деген  тіркестерден-ақ  жалғыздықтан  қашып,  адамдарға  бір  табан  жақын  болғысы  келген 
Сарқаншық иттің ауыр халге, айықпас дертке душар болғаны білініп тҧр.  
Автор  ҿмірден  адасқан,  оның  қадірін  жете  білмегендіктен,  осындай  кҥйге  ҧшыраған 
Сарқаншық арқылы бҥкіл адам болмысын сҽтті суреттеген.  
«Жаны  жылап,  зарығып,  аһ  ҧрып  шықты,  байғҧс.  Бҧрын  барын  бағаламапты,  жоғын 
жоқтапты. Жоқпын деп жҥріп, барынан айырылғанын білмепті. Енді жалғыз ҿзі дҿңбекшіп, 

 
56 
қу тізесін қҧшақтап бҥрісіп жатыр» [5, 113б.], - бҧл кҿзі тірі кҥйеуі мен балаларынан шамалы 
жиналған дҥние ҥшін бас тартқан Р.Мҧқанованың «Тҧл» ҽңгімесінің кейіпкері.  
 
Қазақта  отасқан  ері  қайтыс  болған  жесірді  «тҧл»  деп  атаушы  еді,  ал  ҽңгімедегі 
«тҧлдың»  жҿні  бҿлек.  Халқымыздың  ҧлттық  дҥниетанымында  кездесетін  «дҥние  боқ, 
дҥниеқоңыз»  деген  терминдер  ҽңгімеде  байлыққа  қҧмартып,  ҿзінің  дҥниеқоңыздығының 
есебінен  тірідей  кҥйеуінен  айырылған,    жалғыз  қалып  жанын  уайым  меңдеген    жесірдің 
ҿмірден тҥңілген бейнесін ашып кҿрсетуде маңызды рҿл атқарады. 
 
«Иҽ, бар! Бар! Тек мына мол дҥние менде қалсын. Бірде бір затқа қол салма! Бҽрі ҿзімде 
қалатын  болсын.  Дҥние  қалса,  ырыс  та,  бақыт  та  менен  кетпес»  [5,  114б.],  -  деп  кҥйеуіне 
айтқан сҿзің еске алды. Кҿз алдынан бҧрынғы дҥниесіз, сонда да бақытты, кҥйеуімен бірге 
ҿткен  кҥндері  ҿтіп  жатты.  Ҿзінің  ҿзімшілдігінің  арқасында  барынан  айрылғанын  енді  ғана 
тҥсінгендей. 
Кейіпкер  ҿзгергісі  келді.  Денедегі  тҥрлі  қҧбылыстардың  психологиялық  ерекшеліктерін, 
атап  айтқанда  келбет  бітімі  мен  кҿз  ҽлпетін  бҽз-баяғы  қалыптан  ерекшелемек  еді.  «Кҿз  еті 
кҿлкілдеп  тҧр  екен,  ойып  алып  тастағысы  келді.  Жалбыраған  шаштарының  арасынан 
қҧйқасы ырсиып, айғыз-айғыз жол салыпты. Ҿзіне ҿзі зер сала қарағаны осы болар. Ҽлде ҽп-
ҽдемі  ҿңі,  алай-дҥлей  соққан  ішкі  дҥниенің  ҽсерінен  бе,  осынша  сҥйкімсізденгені-ай.  Айна 
алдында тҧрып жасарғысы, жаңарғысы келді... Соп-солғын, сҧп-сҧр, кҿне тоз» [5, 114б.].  
 «Міне  нағыз  тҧл  осындай  болу  керек.  Ішке  біткен  ҥрей  сыртта  да  болғаны  жҿн.  Жҧрт 
кҿзіне кҿрінбей ҿмір сҥру ҥшін ҿзіне ҿзі осындай келбет жасап алуы қажет» [5, 118б.], - деп 
басындағы  шашын  алып  тастап,  ҿзінің  айнадағы  тҧрпайы  келбетіне  жылап  айтқан  сҿзі  еді. 
«Тҧл айнадағы қҧбыжыққа қарап шиқылдай кҥлді. Екеуі бір-біріне қолын шошайтып алып, 
бірін-бірі  меңзеп,  қостап,  есалаң  кҥлкіден  айрылар  емес.  Жынданып  қалғандай  бірге  кҥліп, 
бірге  жылап,  ҽбігер  болды»  [5,  119б.],  -  жан  жҥйесі  бҧзылып,  жылап,  есеңгіреп  кеткен 
тҧлдың ішкі жан дҥниесіндегі сезім сапырылысын, ой сергелдеңін психологиялық тҧрғыдан 
жеткізе білді.  Жылау, кҥлу – мимика. Яғни, жан сырының дене арқылы сыртқа білінуі. Айта 
кетерлік жайт, бҧл жерде «айна» мотиві бар. Қҧбыжық деп тҧрғаны – кейіпкердің ҿзі. Яғни, 
айнадан  бет-бейнесін,  ҿз-ҿзін  кҿруі  −  ҿз  ішіне  ҥңілуі.  Кейіпкердің  айнадағы  қҧбыжыққа 
қарап  кҥлуі,  жылауының  астарында  жалғыздық  сарыны  бар  сияқты.  Айна  оған  ҿмірден 
тҥңілмеу ҥшін қажет. Қоғамнан тҥңілгенімен ҿзінің сыңарын айнадан тапқандай. 
 
 Сыртқы  психологиялық  қимыл-кҿріністер  қиялға  берілген  суретшінің  тағдыры 
суреттелетін  Р.Мҧқанованың  «Тҧтқын»  атты  ҽңгімесінде  де  молынан  кездеседі.  Мҧнда 
психологиялық бейнелеу қҧралдарының ішінен қиял, елес, елестету де баршылық.  
 
«Жалғыз  боламын  деп  ойламаған,  жалғыз  қаламын  деп  тіпті  де  ойламаған.  Енді  сол 
жалғыздықтың ҿзімен арпалысып отыр. Ҿз тыныштығын ҿзі тас талқан етіп, бҧзғысы келіп 
сҿйлеп кететін.  
-  Келдің  бе?  –  деді  босаға  жаққа  алара  кҿз  тастап.  Ешкім  келмесе  де  бҧл  ҿз  қиялымен 
ҽлдекімді босағасына тҧрғызып қойған» [5, 129б.]. Осы ҥзіндіден-ақ ҽйел атаулыдан безініп, 
ҿнерге  берілген  суретшінің  шығармашылық  адамдарын  шырмайтын  жалғыздықтың  
тҧтқынына  айналғандығын  кҿруге  болады.  Суретші  ҽйел  атаулыға  сенген  жоқ  еді.  Қара 
шашын  қызылға  бояп,  ерініне  қып-қызыл  далапты  аямай  жағып,  ҿзің  барынша  сҧлу  етіп 
кҿрсеткісі келген ҽйелден қорықты, жасқанды.  
 
Суретшінің  қиялына  жан  бітіп,  кҿзіне  елестеген  ҽйелдермен  сҿйлесетін  болды. 
«Ҽумесер  кҿзінің  қиығымен  бейтаныс  ҽйелді  кҿрді.  Ернін  қып-қызыл  шиқандай  етіп, 
домалантып бояп қойыпты. Мынау сҽнді ҽйелді жыға танымағанымен, іле сҿйлеп кетті:  
-  Маймылдың  қып-қызыл  жері  қай  тҧста  екенін  білесіз  бе...  -  Ҽумесер  шиқылдай  кҥлді. 
Ҽйел бір сазарды, бір бозарды.  
- Ҧятсыз, оңбаған..! – деді ҽйел жаңағы сҽн салтанатты ақсҥйек кейпінен ажырап сҧрлана, 
ширыға қалды. - Ҽдепсіз, есалаң!» [5, 137б.]. Жазушы осыдан ішкі сезім тілін жазу қолдана 
отырып, нағыз есерсоқ адамның кейпін шығарған.  
 
Ҽңгімеде  монологтан  гҿрі  диалог  басым.  Жалғыздықтың  кебін  тартқан  суретшіні 
есалаң адамға айналдырып, қиялдағы бірнеше елеспен диалогқа тҥсіреді. Ҿзімен-ҿзі диалог 

 
57 
қҧру − мидағы бір шығармашылық ҥдеріс:  «- Маргарита! Сіз жалаңаш кескініңізді тҥсіруге 
келген  боларсыз.  -  Ҽумесер  ҽппҽқ  қағазға  лыпылдатып  жалаңаш  сҧлудың  кескінін  тҥсіре 
бастады. Қиялындағы мҥсінге жан біткендей жҧтына, тамсана қарайды иесіз босаға. 
-  Шіркін,  ҽйелдің  жылағаны  қандай  ҽдемі.  Жылаған  ҽйелдің  қабілетінен  асқан  сҧлулық 
жоқ бҧл жаһанда. Жылаңызшы, а? Кҽні... 
-  Жыламаймын! Ҿзің жыла, бойыңды жың кернеп жатса» [5, 137б.].  
Қорыта  келгенде,  Мҧхтар  Мағауин,  Роза  Мҧқанованың  біз  қарастырған  ҽңгімелері 
психологиялық  кҿркемдік  бейнелеу  қҧралдарына  бай,  ҽсіресе,  психологизм  табиғатын 
танытатын  сана  ағымы    мен  ішкі  монолог,  т.б.  кҿркемдік  тҽсілдерді  кеңінен  қолданған. 
Сондай-ақ,  психиканы  бейнелеудегі  сыртқы  психологиялық  қимыл-кҿріністерді  пайдалана 
отырып  кейіпкердің ішкі  жан  дҥниесін  шебер  суреттеп,  психологизм  табиғатын  аша  білген 
жазушылар.   
 
Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жҽне  психологиялық  талдау.  Оқу  қҧралы.  –  Алматы:  Санат, 
1996 
2.
 
Литературная энциклопедия терминов и понятий. – Москва: Интелвак, 2003 
3.
 
Пірҽлиева  Г.Ж.  Қазақтың  кҿркем  прозасындағы  психологизм  табиғаты  жҽне  оның 
бейнелеу  қҧралдары.  Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған  оқу  қҧралы.  – 
Алматы,  2007 
4.
 
Мағауин М. Қҧмырсқа-қырғын. Ҽңгімелер кітабы. - Астана: Аударма, 2004 
5.
 
Р.Мҧқанова. Шатыр астындағы Мен. Ҽңгімелер мен драма. – Алматы. – «Жазушы», 2008 
 
 
УДК 82-14 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал