Participants
Council of
Europe
Members
Eu
Member
States
EEA and/or
EFTA
Countries
CCBE
members
and observers
European
Law Fac.
Assoc.
Albania (2003)
Yes
No
No
No
No
Andorra (2003)
Yes
No
No
No
No
Armenia (2005)
Yes
No
No
No
Yes
Austria (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Azerbaijan (2005)
Yes
No
No
No
No
Belgium (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Bosnia and Herzegovina (2003)
Yes
No
No
No
Bulgaria (1999)
Yes
Yes
No
Observer
Yes
Croatia (2001)
Yes
No
No
Observer
Yes
Cyprus (2001)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Czech Republic (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Denmark (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Estonia (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Finland (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
47
Source: adopted from Terry L. (2008) [4].
Bologna Process
Participants
Council of
Europe
Members
Eu
Member
States
EEA and/or
EFTA
Countries
CCBE
members
and observers
European
Law Fac.
Assoc.
Frmr. Yugoslav RO Macedonia
(2003)
Yes
No
No
Observer
Yes
France (1998)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Georgia (2005)
Yes
No
No
No
Yes
Germany (1998)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Greece (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
The Holy See (2003)
Observer
No
No
No
No
Hungary (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Iceland (1999)
Yes
No
Yes (both)
Yes
Yes
Ireland (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Italy (1998)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Kazakhstan (2010)
No
No
No
No
No
Latvia (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Liechtenstein (1999)
Yes
No
Yes (both)
Yes
No
Lithuania (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Luxembourg (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Malta (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Moldova (2005)
Yes
No
No
No
No
Montenegro (2007)
Yes
No
No
Observer
Yes
Netherlands (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Norway (1999)
Yes
No
Yes (both)
Yes
Yes
Poland (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Portugal (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Romania (1999)
Yes
Yes
No
Observer
Yes
Russian Federation (2003)
Yes
No
No
No
Yes
Serbia (2003)
Yes
No
No
No
Yes
Slovak Republic (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Slovenia (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Spain (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Sweden (1999)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Switzerland (1999)
Yes
No
Yes (EFTA)
Observer
Yes
Turkey (2001)
Yes
No: pending
No
Observer
Yes
Ukraine (2005)
Yes
No
No
Observer
Yes
United Kingdom (1998)
Yes
Yes
No
Yes
Yes
Participating Organizations
The European [Union] Commission (previously the only non-country voting member of the BFUG), the Council of Eu-
rope, UNESCO-CEPES, ENQA, ESU (formerly ESIB), EUA, EURASHE, Business Europe (formerly UNICE), and the Education
International Pan-European Structure (including Education International (EI) and ETUCE)
48
The President of Kazakhstan N.Nazarbaev
claims: “Kazakhstan needs an intellectual revolu-
tion that enables to arouse and realize the poten-
tial of our nation. Our goal is to change Kazakh-
stan citizens’ attitude, primarily youth, towards ac-
complishments, intelligence, service to the home-
land and the nation. We need to create a core of
national intelligence, the erudite people, who are
capable to compete internationally, are demand-
ed”[5]. Therefore Kazakhstan’s participation in the
Bologna process plays significant role in estab-
lishing national model of education system. Thus,
modernisation of tertiary education system pro-
vides the recognition of Kazakhstani educational
programs, academic mobility of students and fac-
ulty, circulation of domestic diplomas in the Eu-
ropean Region, and employability of Kazakhstani
graduates in the global labour market.
References:
1. Reviews of National Policies for Education: Higher Education in Kazakhstan, OECD 2007, p.5
available at http://www.oecd.org/document/10/0,3343,en_2649_33723_38864842_1_1_1_1,00.
html;
2. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0
%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B2_%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%8
1%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5
3. Cippitani R. & Gatt S., Legal Developments and Problems of the Bologna Process within the Eu-
ropean Higher Education Area and European Integration, Higher Education in Europe, 2009, pp.
388-389;
4. Terry L. S., The Bologna Process and its Impact in Europe: it's so much more than degree changes,
Vanderbilt Journal of transnational Law, 2008, pp. 114-115;
5. http://academy.kz/en/science-and-innovations/21-aralskie-znaki/183-sozdat-yadro-naczional-
nogo-intellekta.html
ГлоБАльнАЯ КонКУРЕнЦИЯ
ЭКоноМИК:
ТЕхнолоГИИ, МЕнЕДжМЕнТ,
КУльТУРА, знАнИЯ
ЭКоноМИКАның жАһАнДық
БәСЕКЕлЕСТіГі:
ТЕхнолоГИЯлАР,
МЕнЕДжМЕнТ, МәДЕнИЕТ,
БіліМ
GLOBAL ECONOMIC COMPETI-
TIVENESS:
TECHNOLOGIES, MANAGEMENT,
CuLTuRE, EDuCATION
2
51
Ғылыми техникалық прогресс және білім
қазіргі қоғамда экономикалық өсудің басты
факторлары болып саналады. Олар ерекше
белгідегі – жаңа тауарлар мен қызметтің пай-
да болуы болып саналатын инновациялық
экономиканың негізін құрайды. Отандық кәсі-
порындар мен елдің бәсекеге қабілеттілігін
көтеру тұтастай инновациялық жүйені дамы-
тусыз мүмкін емес. Экономикасы жоғары да-
мыған елдер инновациялық үдерістің жоғары
тиімділігі мен технологиялық инновацияны
жетілдіруді экономикалық өсудің, әлеуметтік
дамудың басты факторына жатқызады. Инно-
вациялық зкономиканы құрайтын, оның даму
бағытын анықтайтын алты кілтін бөліп көрсе-
теді. Олар: білім, ғылым, адам капиталы, инно-
вациялық жүйе (заң шығарушы және инфрақұ-
рылымдық база), инновациялық өндіріс және
адам капиталы дамуының жағымды ортасы.
Қазақстан Республикасының ұлттық инно-
вациялық жүйесін дамыту мен оның базалық
элементтерін қалыптастыру аясында Ұлттық
инновациялық қордан, Ғылым қорынан, Тех-
нологиялар инжинирингі мен трансферті орта-
лығынан, 8 аймақтық технопарктен, 11 отандық
және шетелдік венчурлық қордан тұратын қар-
жылық және инновациялық инфрақұрылым
құрылды.
Қазіргі уақытта «НИФ» АҚ 563 жобаны, со-
ның ішінде 176 инвестициялық жобаны, 383
ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструктор-
лық талдауларды, жыл сйынғы NIF$50K конкур-
сы жеңімпаздарының 4 жобасын қарастырған.
2010 жылы 1 маусымдағы жағдай бойынша
тау-кен өндірісі, мұнай-газ, химия және меди-
цина өндірісі, машина жасау, ауыл және орман
шаруашылығы, ақпараттық технологиялар сфе-
расы, құрылыс, металлургия сияқты салаларда
46 ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструк-
торлық талдаулар мен 5 инвестициялық жоба-
лар аяқталды.
Алдағы кезеңде Солтүстік Қазақстан, Оң-
түстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыста-
рында және Астана қаласында төрт аймақтық
технопарк құрылатын болады. Технология-
ларды коммерциализациялау орталығы, оның
негізгі міндеті отандық инновациялық зертте-
мелер нарығын құру және дамыту болмақ [1].
Бостондық консалтингтік топ және Ұлттық
өндірушілер ассоцациясының (ҰӨА) сарап-
шылары елдегі инновацияның даму деңгейі
бойынша олардың әрқайсысына ғаламдық ин-
новациялық индекс (GII) бере отырып, инно-
вациялық дамыған 110 ірі және орташа мем-
лекеттер тізімін жариялады. Ғаламдық инно-
вациялық индекс экономикалық жүйенің опе-
ративтік өзгерісін, олардың дамуы мен жаңа
технологияларды пайдалану, кадрлық әлеуетін
арттыру қабілетін бағалайды, сонымен қатар
жүйенің инновациялық саясат пен тәжірибеге
қатысты артықшылықтары мен кемшіліктерін
нақты көрсетеді. Инновациялық рейтингте
Сингапур мен Оңтүстік Корея алдыңғы қатар-
да. Ондықты Финляндия, АҚШ, Жапония және
Швеция аяқтады. Рейтингте Ресей Федерация-
сы 49, Қазақстан Республикасы 60 орын алды.
Қазақстанда технологиялық инновацияның
дамуы мемлекет тарапынан көрсетілген белгілі
көмекке қарамастан, экономиканы жаңғырту
мен оның бәсекеге қабілеттілігін артырудың
көзі бола алмай отыр.
Инновациялық-белсенді
кәсіпорындар
үлесінің аздығы республикадағы жаңғырту мә-
селелерінің бірі болып табылады. ҚР Статисти-
ка Агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жы-
лы олар барлық қазақстандық кәсіпорындар-
дың тек 4,3 % құраған. Инновациялық өнімнің
ЖІӨ бойынша үлесі 2011 жылы 2003 жылмен
салыстырғанда 1,27%-дан 0,66%-ға дейін тө-
мендеген. Салыстырмалы түрде, инновация-
лық-белсенді кәсіпорындардың үлесі АҚШ-та
50%-ға жуық, Венгрияда – 47, Эстонияда – 37,
Түркияда – 33, Ресейде – 9,1%-ды құрайды. Ғы-
лыми-техникалық және инновациялық қыз-
меттің тиімділігінің жалпылама көрсеткіші
болып ғылыми-сыйымды өнім нарығындағы
елдің алатын үлесі табылады. Әлемдік нарықта
қазақстандық ғылыми-сыйымды өнімнің үлесі
тәжірибе жүзінде нөлге тең. Ғылыми-сыйымды
өнім бойынша Ресейідң үлесі – 0,3-0,5%, ал, Ев-
ропа елдері – 35, АҚШ– 25, Жапония – 11, Син-
гапур – 7, Оңтүстік Корея – 4, Қытай – 2% үлеске
ие [2].
Қазақстан тәжірибесінде инновациялық
белсенділікті бағалау үшін республиканың бар-
лық кәсіпорындарының жалпы санынан инно-
Мемлекеттің инновациялық стратегиясы:
негізгі басымдықтары
Аубакирова ж.Я.
э.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің профессоры
Арбашиева А.Д.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Экономика және бизнес жоғары мектебінің
1 курс магистранты
52
вациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпо-
рындар үлесі ретінде саналатын көрсеткіш қол-
данылатынын айта кету керек. Өкінішке орай,
статистикалық зертеулер тәжірибесінде қолда-
нылатын бұл көрсеткіш ел кәсіпорындарында-
ғы инновациялық қызметтің масштабы жайлы
қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, өйт-
кені ол кәсіпорынның өндіріс көлемі мен ин-
новациялық белсенділігінің ескерілуінсіз есеп-
теледі. Түрлі инновациялық белсенділікке ие
ірі және шағын кәсіпорындар бағалаудың осы
тәсілін қолдану барысында тең дәрежеде бо-
лады және талдаудың соңғы нәтижесіне бірдей
әсер етеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің
айтарлықтай кемшілігі оның экономикалық
салыстырулар мен аналитикалық зерттеулер-
де қолданылу мүмкіндігінің шектеулілігі болып
табылады [3].
Инновациялық экономиканың даму дең-
гейін бағалау үшін түрлі әдістемелік тәсілдер
бар, жекелей алғанда, Әлемдік экономикалық
форумның ғылыми-техникалық әлеует ин-
дексін бағалау әдістемесі, Еуропа қоғамдас-
тықтары Комиссиясының инновациялық қыз-
метті бағалау көрсеткіштерінің жүйесі, ОЭСР
индикаторлар жүйесі және басқалар. Иннова-
циялық әлеуетті және инновациялық эконо-
миканың даму деңгейін бағалаудың барлық
әдістемесі инновациялық экономиканың мы-
надай сандық белгісін бөліп көрсетеді: жалпы
өндірістегі немесе сыртқы сауда құрылымын-
дағы инновациялық кәсіпорындардың және
инновациялық өнімнің үлесі. Және бұл кездей-
соқ емес. Корпорациялар инновациялық эко-
номиканың дамуында маңызды рөл атқарады.
Инновацияға салынатын инвестициялар шы-
ғындар көлемі, ғылыми мамандар саны, алы-
натын патенттер саны және өнім, процесс не-
месе қызмет түріндегі техникалық жаңалықтар
ағыны бойынша корпоративтік инвестиция-
лармен салыстыруға келмейді. Сарапшылар-
дың мәліметтері бойынша, дамыған елдердің
көпшілігінде корпорациялардың зерттеулерге
және жаңа зерттемелерге жұмсайтын шығын-
дары ұлттық НИОКР жалпы көлемінде 65%-
дан жоғары [4].
Экономиканың жаңаруы және шикізаттық
бағыттан индустриалды-инновациялық бағыт-
қа өту міндеті адам капиталының сапасын кө-
теруді талап етеді. Қазіргі кезде республиканың
өнеркәсіп саласындағы өткір мәселе - өндіріс
дамуының жаңа заманғы ғылыми-сыйымды
бағыттары бойынша инженер-технологтардың
және жобалаушылардың жетіспеушілігі болып
отыр. Инновациялық қызметті ұйымдастыру,
ғылыми және техникалық-экономикалық са-
раптама, зияткерлік меншікті бағалау және
қолдану, ғылыми зерттемелерді коммерциали-
зациялау және басқа да мамандықтар бойын-
ша мамандар жетіспеушілігі айқын сезіледі.
Өкінішке орай, Қазақстанның ЖІӨ-де НИОКР
және жалпы ғылымға нақты шығындардың
қысқаруына байланысты ұлттық экономика-
ның бұл маңызды саласында жұмысбастылар
санының төмендеу үрдісі байқалуда. Ғылыми
кадрлар саны (2011 ж. 18,0 мың) 1990 жыл дең-
гейіне сәйкес 45%-ды құрайды. Соңғы жылда-
ры ЖІӨ-нің НИОКР-ға бағытталған шығындары
0,26%-дан аспайды. Салыстырмалы түрде, мұн-
дай шығындар бүгінде Жапонияда – 3%, АҚШ-
та – 2,5%, Францияда – 2,3%, Германии – 2,3%-
ды құрайды.
Ғылымға және технологиялық прогрессті
ынталандыруға бағытталған мемлекеттік шы-
ғындар ЖІӨ-ге пайыздық қатынаста төмен
деңгейде қалып отыр. Сонымен бірге, ғылы-
ми-технологиялық әлеуеттің үлкен тоқырауы
ғылыми және ғылыми-сыйымды технологияны
бюджеттік қаржыландыру көлемінің ЖІӨ 0,3%-
на дейін түскен кезінде басталатыны белгілі.
Қазақстандық ғылым тәжірибе жүзінде қазіргі
заманғы экономиканың көптеген мәселелерін
шешуде дәрменсіз. Ғылыми зерттеулердің нә-
тижелері бизнеске талап етілуі өте сирек, ин-
новацияға деген сұраныс та өте төмен. Ғылым
саласының маңызын сезіне отырып, ғылым
саласының дамуы үшін, оны қаржыландыру-
ды жақсарту үшін және кадрлық әлеуетті өсіру
үшін мемлекет барлық қажетті іс-шараларды
қабылдап жатыр. Ғылым туралы заңның жаңа
редакциясына маңызды толықтырулар енгізіл-
ген. Ғылыми және ғылыми-техникалық қыз-
метті дамытудың ұйымдастырушылық, құры-
лымдық, кадрлық, сондай-ақ қаржылық қамта-
масыз етуге қатысты нормалар қайта қаралған.
2015 жылы ғылыми зерттеулерді қаржыланды-
руды 1%-ға дейін өсіру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Жоғарғы ғылыми-техникалық
комиссия қазақстандық ғылымның жаңа ба-
сымдықтарын бекітті. Бұл – энергетика және
энергиямен жабдықтау, шикізатты және өнімді
терең өңдеу, өмір туралы ғылымдар, ақпарат-
тық және телекоммуникациялық технология-
лар. Аталған басымдықтар өндірістің ғылыми-
технологиялық дамуына және адамдар ден-
саулығының жақсаруына бағытталған, және
инновациядағы зерттеулердің түпкі нәтижесін
міндетті түрде беруін күтеді. Бұл басымдықтар
шеңберінде бағдарламалық-мақсаттық және
гранттық қаржыландырудағы 88 өзекті жоба
бекітілген. Республикадағы иновациялық қыз-
метті жүйелік қолдау үшін қажетті заңнамалық
негіз және институционалдық база қаланған
[5].
Бүгінде қазақстандық ғылым болашағы зор
идеялар мен инновациялық зерттемелердің
53
жүзеге асырылуы үшін, сондай-ақ олардың
тәжірибеде қолданылуы үшін қомақты қаржы-
лық салымдарды қажет етеді. Қолданбалы және
инновациялық сипаттағы ғылыми зерттеулерді
қаржыландырудың халықаралық тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, бұл қатынастардағы бас-
ты операторлардың бірі - мамандандырылған
қаржылық институттар (қорлар) болып табыла-
ды. Мысалы, АҚШ Ұлттық ғылыми қоры, TEKES
Ұлттық технологиялық агенттігі (Финляндия),
Корея ғылым және инжиниринг қоры, Ирлан-
дия ғылым қоры. Әлемдік бәсекеге қабілеттілік
рейтингінде жетекші позицияларды иеленетін
бұл елдердің тәжірибесі ғылыми зерттеулер
мен зерттемелерді қолдауда мұндай тәсілдің
тиімділігін дәлелдеп отыр [6].
Көпшілік кәсіпорындар мен салалардың
қазіргі заманғы технологиялық артта қалушы-
лығы жаңа ғылыми-сыйымды технологиялар-
ды құруға бағытталмаған әлсіз интеграция-
лық-зерттеушілік қызметпен түсіндіріледі. Ғы-
лыми зерттемелердің басым көпшілігі нақты
технологияға енгізілмегендіктен, ешбір ғылыми
жетістік тәжірибеде жүзеге асырылмайды, сон-
дықтан олар тауар өндірушілерге дейін жет-
пейді. Ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік
басқару жүйесі дамытуды талап етеді. Ол инно-
вациялық қызмет, ел экономикасының нақты
секторын жаңарту мен технологиялық қайта
жарақтандыру мақсаттарына сай болуы тиіс.
Елімізде өндірісте жаңа технологиялар ретінде
қолданыла алатын көптеген маңызды ғылыми-
техникалық зерттемелер және жобалар бар.
Әлемдік тәжірибеде «жобалық менеджмент»
атауына ие болған жаңа басқару тәсілін енгізу
қажет. Оның ерекшелігі инвестициялық цикл-
ды толығымен үздіксіз қадағалау және соңына
дейін жеткізу болып табылады, яғни идеялар
мен ғылыми зерттеулерді іздеуден өнімді шы-
ғару мен пайда табуға дейін.
Идея мен соңғы өнімге дейінгі жолда зерт-
теушілер мен кәсіпорындар және инвесторлар
арасында қызметтік және өзара тиімді байла-
ныстар жоқ. Отандық экономистердің пікірін-
ше, бес жылдың ішінде елдегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметтеріне салы-
натын салықтар қатарын төмендету қажет.
Шикізаттық емес, соның ішінде машина жасау
секторының кәсіпорындары амортизациялық
саясатты, инвестициялық климатты және қо-
сылған құны жоғары өндірісті ынталандыруы
тиіс. Қазіргі кезде республикада жоғары техно-
логия саласындағы шағын және орта бизнестің
дамуы үшін жаңа салықтық жеңілдіктер мен
артықшылықтар енгізілген. Сонымен қатар,
«Инновациялық технологиялар паркі» - жоға-
ры технологиялы өндірістің «ақылды» қаласы
құрылуда. НИОКР кеңейтілуі НИОКР бойынша
нәтижелерді енгізу шығындарынан корпора-
тивтік табыс салығы бойынша 150%-ға салық
салу базасын қысқарту жолымен қамтамасыз
етіледі [7].
ҚР экономикасының жағдайын талдау рес-
публиканың индустриалдыға дейінгі және ин-
дустриалды даму сатысында тұрғандығын және
экономика құрылымының әртараптандыруды
талап ететіндігін көрсетеді. Елде кен өндіруші
салалар қызмет етеді, сондай-ақ, көптеген ша-
руашылық жүргізуші субъектілердің, әсіресе
шағын және орта бизнестің инновациялық,
технологиялық артта қалушылығы және стра-
тегиялық объектілердің шектен тыс монополи-
зациясы үстемдік етуде.
Елдегі негізгі өндірістік қорлардың шығын
дәрежесі өте жоғары. Соңғы 10 жыл ішінде бұл
шығындар айтарлықтай қысқарған жоқ жә-
не қазіргі кезде 36,3%-ды құрайды. Өңдеуші
өнеркәсіптің негізгі капиталына салынатын
инвестициялар көлемі жылдан жылға төмен-
деп жатыр, ол бүгінде 8,8%-ды құрайды. Елдің
инновациялық жетістіктерін анықтайтын негізгі
салалардың өндірістік жаңартылуындағы арт-
та қалушылық, сонымен қатар, экономиканың
құрылымдық диспропорциялары елде қазіргі
заманғы технологиялық базаның және сәйкес
инновациялық ортаның қалыптасуына кедергі
келтіруде.
Өкінішке орай, біздің елімізде ғылым, жеке-
лей алғанда ЖОО-дағы ғылым мен өндірістің
арасындағы байланыс мүлде үзілген. Шетелдік
инвесторлардың басқаруына өткен кәсіпо-
рындар экологиялық қауіпсіз технологиялар-
ды енгізуге де, өздерінің болашақ кадрларын
даярлауға да қызығушылық танытпайды. Тек
мемлекет-реттеуші ғана ескірген технология-
ларды жаңалармен ауыстыру, отандық лабо-
раториялар мен институттарды қаржыландыру
және инженерлік құрамды оқыту бойынша қа-
таң талаптар құру арқылы бұл байланысты қал-
пына келтіре алады [8].
ҚР экономикасының болашақтағы индуст-
риалды-инновациялық дамуы инженерлік
орталықтардың, ұлттық лабораториялардың
және зерттеу университеттерінің құрамында-
ғы технопарктердің қарқынды дамуын талап
етеді. Инновациялық және технологиялық
дамыту жобалары мен бағдарламаларын жү-
зеге асыруда және білікті мамандар даярлауда
Қазақ Ұлттық университеті зор үлес қосып жа-
тыр. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновация-
лық кластері» жобасы 2010-2014 жылдардағы
инновациялық даму туралы Мемлекеттік бағ-
дарламаға кірді. Оның жүзеге асырылуына 11
млрд теңге қаражат бөлінді. Азия даму банкінің
мәліметтері бойынша, республиканың ЖОО-да
жүргізілетін барлық ғылыми-зерттеу жұмыста-
54
рының 50%-дан астам үлесі ҚазҰУ-не тиесілі.
Университет базасында 8 ҒЗИ (Ғылыми зерттеу
институты), 15 ғылыми орталықтар мен техно-
логиялық парктерден тұратын Қазақстандағы
бірегей ғылыми инфрақұрылым сәтті қызмет
етуде. Бұл жерде көптеген ғылыми идеялар
пайда болып, тәжірибе жүзінде іске асырылып
жатыр. Бірнеше диссертациялық кеңес бел-
сенді қызмет етеді. Университетте жыл сайын
300 астам ғылыми-техникалық жобалар жаса-
лады, олардың көпшілігі халықаралық грант-
тар бойынша жүзеге асырылады. Елбасының
бастамасымен құрылған Қазақстандағы ашық
типтегі 15 ұлттық лабораторияның алдыңғы
қатарындағылардың бірі – нанотехнологиялар
бойынша осы ҚазҰУ-де.
ҚазҰУ оқытушыларының ғылыми жетістік-
тері неғұрлым жоғары сапалы білімді қамта-
масыз етеді. Студенттер, магистранттар және
докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына
белсенді қатысады. Соңғы жылдары универ-
ситетте конкурстық негізде грантқа ие болған
жобаларды қаржыландыру ұлғайып келеді.
Ғылыми зерттеулер мынадай бағдарлама-
лар шеңберінде жүргізіледі: «ҚР ғарыштық
қызметін дамыту», «ҚР атом энергетикасын
дамыту», «ҚР өнеркәсіптің дамуын ғылыми-
технологиялық қамтамасыз ету», «Иннова-
циялық өндірісті ғылыми-техникалық қаамта-
масыз ету», «Биотехнологиялық өнім өндірісін
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және
ұйымдастыру», ««Токамак» қазақстандық тер-
моядролық реакторын құру және іске қосуды
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» және
басқалар. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бель-
гия, Жапония, Қытай және өзге де елдердегі
шетелдік әріптестерімен бірге ірі халықаралық
жобалар іске асырылып жатыр. Оларды МНТЦ,
ИНТАС, МАГАТЭ, ТАСИС, Еуропалық одақ, НА-
ТО, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО және басқа да
ұйымдар қаржыландырады. Сондай-ақ, уни-
верситет отандық және шетелдік ЖОО және
ғылыми-зерттеу институттарымен белсенді
ынтымақтастық орнатуда. Соңғы жылдары
ҚазҰУ 1000 астам қызметкерлері әлемнің же-
текші университеттері мен ғылыми орталық-
тарында тәжірибе жинақтады, біліктіліктерін
көтерді және халықаралық қорлар мен ғылы-
ми-зерттеу құралдары есебінен халықаралық
конференцияларда өз баяндамаларын қорға-
ды [9].
Университет базасындағы ақпараттық тех-
нологиялар департаментімен бірегей иннова-
циялық-технологиялық ресурс – «Универ» жү-
йесі құрылды және ол сәтті қызмет етуде. Ол
оқу үдерісін басқаруды жүзеге асырады және
көптеген қызметкерлердің жұмыстарын авто-
маттандырады. Сондай-ақ, жаңа инновация-
лық өнім болып университеттің профессор-
лық-оқытушылық құрамының жұмысын инди-
кативтік жоспарлау жүйесі табылады.
Инновация генерациясының негізгі қай-
нар көздерінің бірі шағын инновациялық
бизнес болып табылады. 2011 жылы шағын
кәсіпорындар саны 667 мыңды құрады, оның
үлесіне республиканың өнеркәсіп өндірісі
көлемінің 9,4% тиесілі. Соңғы 10 жыл ішінде
шағын және орта кәсіпорындардың үлесі жә-
не олардың экономикаға қосқан үлестері өте
аз болды. Салыстырмалы түрде - өнеркәсіптік
дамыған елдердің экономикалық және әлеу-
меттік өмірінде шағын кәсіпорындар өте ма-
ңызды рөл атқарады. Еуропа одағында 20
млн жуық шағын және орта кәсіпорындар
халықтың 70%-ға жуығын жұмыспен қамти-
ды және олардың ЖІӨ-дегі үлесі 60%-дан ас-
тамды құрайды. АҚШ-та 15 млн астам шағын
кәсіпорындар ЖҰӨ 40%-дан астамын өндіреді
және халықтың 50%-дан астамын жұмыспен
қамтиды.
Республикадағы шағын және орта бизнесті
қолдау үшін қабылданған шаралардың ішінде
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын
атап өткен жөн. Бағдарламаның мақсаты –
экономиканың шикізаттық емес секторындағы
аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және тепе-
теңдікте өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар,
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды сақтап қа-
лу және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құ-
ру болып табылады. Бұл бағдарламаның шең-
берінде: салықтық ауыртпалықты жеңілдету,
меншік пен активтерді заңдастыру, әкімшілік
рәсімдер мен рұқсат берулерді жеңілдету, бю-
рократиялық кедергілерден қорғау, несиелік
ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ету
және басқа да көптеген шаралар қарастырыл-
ған. Кәсіпорындардың қаржы-несиелік ре-
сурстарға қол жетімділігін кеңейту мәселесіне
тоқтала отырып, несиелеу мөлшерлемелерінің
төмендегенін айта кеткен жөн. Осы мақсаттар
үшін құрылған шағын бизнесті дамыту қоры
қаржыландыру құралдарын үнемі дамытып
отыру және шағын несиелеуді дамыту арқылы
шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тіке-
лей несиелік-қаржылық қолдауды жүзеге асы-
рады. Қазіргі кезде Қор арқылы жалпы сомасы
54,7 млн АҚШ долларын құрайтын 100 жоба
қаржыландырылған [10].
Қазақстандағы инновация нарығы өз да-
муының алғашқы сатысында тұр. Бүгінгі күні
ол технологиялар трансферті, мемлекеттік да-
му институттарын құру, бизнестің, ғылыми ор-
талықтардың және инновациялық жобаларда-
ғы университеттердің қатысуы арқылы қалып-
тасып жатыр. Егер мемлекет пен қоғам инно-
вациялық дамуға бағытталған болса, онда бұл
міндетті орындауда өзара әрекеттесу мен ғы-
55
лымды, білімді және бизнесті қолдаудан басқа
инновацияның қайнар көзі жоқ, егер әрине,
идеялар, тұжырымдар және технологиялар
импортына толығымен тәуелді болып қал-
маса. Қоғамның инновациялық даму жолын-
дағы қойылған міндеттерді шешудегі басты
мақсат – ғылымның, білімнің, өндірістің, сон-
дай-ақ бизнес-құрылымдардың кәсіпкерлік
белсенділігінің жүйелі түрде өзара әрекеттесуі
мен интеграциясына негізделген экономиканы
құруға ұмтылу. Сонымен қатар, инновациялар
экономиканың өсуінің негізгі факторы болуы
үшін көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауды
да ұтымды пайдалану аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |