Литература
1 Шелковый путь – это мост цивилизаций // Казахстанская правда. – 2009.
-№ 57. – 24 сентября.
2 Выступление Президента РК Н.А.Назарбаева на 18-ой сессии
Генеральной Ассамблеи Всемирной туристской организации ООН. - Астана,
2009. - 5 октября.
3 Sahak A.E. Wheat Management Juri in socio-cultural service and tourism:
Ouch. allowance. Spb.: Piter, 2007.
ҰЛЫТАУДЫ ЗЕРТТЕУ - ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ
Абдраманова Г.Қ., Аубакиров Қ.С.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
«Ұлытау ауданының оқушылар үйі» КМҚК
Астана қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: agk2009@mail.ru
Ұлытау – ұлт ұясы. Осы аталы сөздердің қасиеті киелі Ұлытауға атбасын
тартып тұрары анық. Ұлытау – қазақ тарихының асыл қазынасы, ерлік пен
елдіктің, береке мен бірліктің айшықты белгісі. Алты Алаштың басын қосқан
Алашадан бастап, азаттық үшін күрескен Кенесарыға дейін қазақ хандары
ордасын осында құрған. Ел басына күн туғанда ата-бабаларымыз осынау
қасиетті жерде бастарын қосып, бірлікке, келісімге келген. Сол себепті Қазақ
хандығының 550 жылдық мерейтойы қасиетті Ұлытаудан бастау алды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылы 25 тамызда Ұлытау
төріндегі сұхбатында: «Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды
көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі
заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де
жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына
лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне,
теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы
болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда
Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен
кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін
тани білуіміз керек» - деді.
158
Елбасының осы айтқан идеясы мен алға қойған мақсаты бойынша, 2014
жылы қазан айында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры, т.ғ.д., профессор
Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың тапсырмасы бойынша, Ұлытау өңірінде
туризмді дамыту жолдарын білім, ғылым арқылы қарастыру міндеттері алға
қойылды. Осы уақыттан бастап, «Туризм» кафедрасы 2014 жылы қазан айында
«Ұлытау – ұлт ұясы» жобасын дайындаудағы іс-шаралар жоспары әзірленді.
Қараша айында Ұлытау ауданының әкімшілігімен және Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ «Карьералар және бизнес серіктестіктер» бөлімінің басшылығымен және
Экономика факультетінің деканы және «Туризм» кафедрасының ұжымымен
семинар өткізілді. Онда екі жақты ынтымақтастық туралы келісім-шарттың
жоспары талқыланды. Нәтижесіне, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Ұлытау
ауданының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.
2015 жылы ақпан айында Ұлытау ауданының әкімдігі Ұлытау ауданының
білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлытау ауданының оқушылар
үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның базасы негізіндегі
«Туризм» кафедрасының филиалы туралы ережесі және кәсіпорындағы
кафедраның филиалын ұйымдастыру туралы келісім-шарт орнады.
Осы уақыттан бастап «Ұлытау ауданының оқушылар үйі» коммуналдық
мемлекеттік
қазыналық
кәсіпорынның
базасы
негізінде
«Туризм»
кафедрасының филиалы жұмыс жасап келеді. Кафедра филиалының мақсаты -
дарынды оқушыларды іздестіре отырып, олармен ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізу арқылы, Ұлытау өңірі үшін болашақ мамандарды даярлау.
Алға қойған міндеттердің негізгілері ретінде, «Дипломмен ауылға»
бағдарламасы арқылы туған жеріне өзінің үлесін қосуына байланысты,
университет түлектерін жұмыспен қамту болып табылады, яғни:
-
бакалавр мен магистрлерді мақсатты даярлауда қаржыландыру;
-
кәсіби тәжірибеден өту кезінде білім алушының қабілетін бағалап,
болашақта аймақ үшін жұмысқа орналасуына жағдай жасау;
-
өндірістік тәжірибе өту кезінде білім алушыларды қажетті жұмыс
орнымен қамтамасыз ету, т.б.
Ұлытау өңірінде туризмді жандандыру аса маңызды. Мәңгілік даланың
бабалары жүріп өткен жерлерді, олардың көне кәсібінен қалған жәдігерлерді
танып білу ұрпақ үшін маңызды. Сонымен қоса, ұлттық құндылықтарымыз
елге келетін қонақтар үшін де қызығушылық білдірері анық. Әсіресе ізденуші
туристер үшін аймақтың бай тарихымен қоса, көне ескерткіштеріміз, тау-кен
саласының тарихынан сыр шертетін жәдігерлер және объектілер қашанда
болса, құнды. Бұл біздің Ұлттық байлығымыз. Бүгінгі күні осы тарихты
таныстыратын Жезқазған-Ұлытау аймағында мұражайлар бар. Олар: Жезқазған
тарихи-археологиялық мұражайы; М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен
балқыту ісі тарихи мұражайы мен Қарсақпай кентіндегі Қ.И.Сәтпаев атындағы
мемориалдық Музей-Үйі мәдени-тарихи комплекс;Көрме залы бар Жезқазған
тарихи-археологиялық мұражайы;«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи
қорық-мұражайы.
Көненің көзі сақталған мұражайлардың рөлі зор. Кезінде осы Ұлттық
байлықтарымызды сақтап, келесі ұрпаққа өзінің еңбектері арқылы жеткізген М.
159
Төрегелдин ақсақалдың борышы орындалып, оның құнды деректері өзінің
ашқан мұражайында сақтаулы. Өзінің еңбектері арқылы ол, жастарды өнегеге,
елін сүйуге тәрбиелеп, сонымен қоса Ұлытау өңірінің дамуына және оның
болашақта гүлденуі үшін асыл мұраны қалдырғаны мәлім. Соның ішінде,
туризм саласының дамуы үшін де маңызды деректер жетерлік. Оның, Жезді-
Қарсақбай - Байқоңыр өзені бойындағы тастағы таңбалар бағытындағы тарихи
орындарды қамтитын туристік маршрут, сонымен қоса Жезқазған – Жезді –
Ұлытау және Жезқазған – Жезді – Қарсақбай бағыттарындағы тарихи
орындарды қамтитын туристік маршруттарды болашақ жастар үшін жасап,
қалдыруы абзал іс. Осы деректерді әріқарай зерттеу, біздің, яғни болашақ
жастардың, аманатты ел игілігі үшін іске астуы емес пе. Төменде,
М.Төрегелдиннің ұсынған, Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі саяхат бағыттарымен
қазіргі жастар турмаршрут жасап, аймақты зерттеу борышы деп білемі. Бұл
тарих, экономика, экология және басқа да салалардың жандануына жол ашады.
Сурет 1. Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі саяхат бағыттары [1]
Біз, бүгінгі жастарымызды осы құндылықтардың көзін зерттеп, ізденуге
тәрбиелеуіміз қажет. Осыған байланысты 2016 жылы «Туризм» кафедрасының
филиалы Ұлытау өңірінің дарынды оқушыларына арналған ғылыми жобалар
конкурсын жариялады. Ол екі кезеңнен өтеді және бұл іс-шара Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерейтой қарсаңында
ұйымдастрылып отыр.
Жастар сонымен қоса, өздерінің зерттеулерінде турмаршруттардың
экономикалық жағынана жұмсалатын турмаршруттардың шығындары мен
бағыттарын зерттеуді үйренгені абзал. Келесі кезекте жас-зерттеушілер және
туристер үшін аймаққа саяхат жасауға арналған: «Ұлытауға саяхат»
турмаршрутының қысқаша шығын сметасы ұсыналады. Алғашқыда аймақтың
статистикалық көрсеткіштерін қарастырған жөн.
Туристік қызметті статистикалық зерттеу деректері бойынша Қарағанды
облысында қызмет көрсетілген келушілердің саны 2015 жылы 246,4 мың
адамды құрады, ол 2014 жылға қарағанда 6,4% -ға өскен. 2015 жылы туристік
160
қызметпен айналысатын 113 туристік фирма және 44 жеке кәсіпкер 33,7 мың
келушіге қызмет көрсеткен, ол 2014 жылға қарағанда 33,2% -ға көп.Олармен
сатылған жолдамалар құны 2531,1 млн. тенгені құрады, 2014 жылмен
салыстырмалы бағадан 37,5% артық. Соның ішінде, 2015 жылы Ұлытау
ауданында туристік қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жеке
кәсіпкерлердің көрсетілген қызметі 1 095,1 мың тенгені құраған. Орналастыру
орындарының негізгі көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысында 2015 жылы
3451 нөмір есептелетін орналастыру объектілерінде 212,7 мың адамға қызмет
көрсетілді. 2014 жылмен салыстырғанда 21,2%-ға артық. Қызмет көлемі 13,2%-
ға өсті және 3148,2 млн. тенге құрады. Ал, Ұлытау ауданы бойынша жеке
кәсіпкерлердің, 2015 жылы нөмерлер саны 2, ол жайлы емес санатқа кіреді
және біржолғы сыйымдылық 4 төсек-орын, орналасу орындарының
толтырымдылығы 8,2%, ұсынған тәулік төсек орын 120, тәулік төсектің орташа
құны 1000 тенге, қызмет көрсетілген келермендер 53 адам [2].
Ұлытау ауданы Қарағанды облысында орналасқан. Өз аумағы бойынша
Қазақстан Республикасындағы ең ірі республикалық құрылым болып табылады,
оның ауданы 121,6 мың ш.м. құрайды. Әкімшілік орталығы болып Ұлытау
ауылы табылады. Ауданның аумағы 12 293 105 га құрайды.Осы Сарыарқаның
кең жазирасына көліктің әр түрін пайдалану арқылы саяхат жасау туристердің
уақытын және жұмсайтын шығындарын үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Соның
ішінде, тас жол арқылы туристер өңірдің тарихымен қоса, сарыарқаның
жазиралы жерінің табиғатына тәнті болады. Сапар барысында жазық даладағы
жусанның исі, жердің құнарлығы адамдарды қасиетті жерге келгендігін
сезіндіреді.
Қазақтың ежелгі қонысы жайлы тарихтың атасы атанған Геродот және
басқа ғұламалар да «суы сүт, топырағы май, тасы алтын мекен» деген
анықтамалар қалдырған [3].
Ұзақ жолдар арасында кемпинг және караванинг бағытын қолға алған
жөн. Елімізде ұлттық кемпинг жүйесінде орналастырудың үш түрі бар:
палаткаларды жалға беру; санитарлық-гигеналық талапқа сәйкес 8 орынды
үйлер; заңды тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерге ұзақ мерзімі жалға беруге
арналған жабдықталған караванингтер. Бұл үш түрді де, өңірде дамытуға
болады. Жезқазған-Ұлытау өңіріне көліктің әртүрімен жетуге мүмкіншілік бар.
Соның бірі ретінде, келесі маршрутты ұсынып отырмыз. Бұл маршрут бойынша
туристер Астана қаласынан Жезқазған қаласына дейін темір жол арқылы
немесе ұшақ арқылы жетіп, ұсынылған туристік маршруттар бойынша саяхат
жасауына болады.
«Ұлытауға саяхат» турмаршруты
Мақсат: Ұлытау өңіріне саяхат жасау арқылы, мәдени-танымдық
экологиялық, спорттық және басқа да туризм түрлерін дамыту,турмаршрут
шығыны есебінен, қайрымдылық акциясын ұйымдастыру.
Міндеттер:
турөнімнің түрін ұсыну;
маршрутты және бағасын ұсыну;
туристер тізімін жасау;
161
туристтік
қажеттілікті
қанағаттандыру
үшін
жұмысты
тиімді
ұйымдастыру;
жалпы шығының үлесінен 10% балалар үйіне аудару акциясын
ұйымдастыру;
Ұйымдастырушылар:
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасы, «Ұлытау ауданының
оқушылар үйі» КМҚК базасында «Туризм» кафедрасы филиалы;
Ұлытау ауданы әкімдігі;
Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы;
М. Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен балқыту ісі тарихи мұражайы;
Жергілікті жердің инфрақұрылымдары.
Кесте 1. Турмаршрут шығындары
Сурет 2. «Ұлытауға саяхат» маршрутының картасы
Жастар – ел болашағы. Ұлытауды зерттеу –жастардың болашағы. Біз,
жастарды ел сүйгіш азамат болып өсуі үшін, өзінің туып өскен жерінің әр тасы
1-күні:
Жол ақысы /купе/ -4500тг
Жезқазған мұражайы – 100тг
Ұлытау қонақ үйіне орналасу – 2500тг
Түскі ас – қонағасы
Монша – 500тг
Кешкі ас – 1300тг
Барлығы – 8900тг-адам
2-күні:
Тамақтану 3 мезгіл – 3000тг
Хан Ордасы, Алтын шоқы – 500тг
Алаша-хан, Жошы-хан, Домбауыл кесенелеріне бару үшін көлік шығыны – 2000тг
Монша -500тг
Ұлытау қонақ үйіне орналасу – 2500тг
Барлығы – 8500тг/адам
3-күні:
Жезді мұражайы -100тг
Түскі ас – 1200тг
Кешкі ас- 1800тг
Жол ақысы /купе/ 4500тг
Барлығы – 7600тг/адам
Жалпы саяхатқа 25 000тг/адам шығын жуықтап кетеді. Егер 25000тг*10 адам =
250 000 тг шығын *10% қайрымдылық акциясына =25 000тг (2500/ тг адам)
Қайрымдылық -
2500/ тг адам
Сумма – 27 500 тг
162
мен суын, ну орманы мен жолын зерттеуіне аса назар аударғанымыз жөн. Осы
арқылы ұрпағымызды мақтан тұтарлық азамат етіп тәрбиелеудің бір бағыты
ретінде, туризм саласының үлесі де бар.
Әдебиеттер
1 Қазанбаева З. Ғибадатты ғұмыр. Мақала мен естеліктер. – Астана:
Фолиант, 2008. - 288 б.
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика
комитетінің электрондық ресурсы: http://stat.gov.kz
3 Төрегелдин М. Мәңгілік мұра. – Қарағанды, 1998. – 192 б.
4 Ахметов Қ. Ұлытау. - Астана: Фолиант, 2006.- 333 б.
5 Маргулан А.Х. Сочинения. Петроглифы. Гравюры с изображением
волчьего тотема. Каменные изваяния. - Алматы: Атамура, 2003. - 46 с.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ МӘСЕЛЕСІ
Женсхан Д., Акишева Е.К.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,
Қазақстан Республикасы
e-mail: azan_tanat@mail.ru
Бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық дамуындағы басты мақсаты —
әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Соңғы жылдардағы әлем
экономикасының қарқынды дамуның шыңына жеткен ХХІ ғасырда даму, алға
жылжу қай ел үшін де маңызды. Соның ішінде Қазақстан секілді жас мемлекет
үшін бұл мақсатқа қол жеткізу ерекше маңызға ие. Сондықтан, ұлттық
экономиканы қарқынды дамытудың негізгі тетігі — экономикамызды
әртараптандыру, және қызмет көрсету нарығын дамыту болып табылмақ.
Әлемдік тәжірибе анықтап отырғандай, қазіргі кездегі шикізат өнімдеріне
бағаның күрт төмендеуі қызмет көрсету нарығының, оның ішінде туризм
саласының ұттық экономикадағы маңызын жоғары екендігін анықтап отыр.
2015 жылдың 20 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес
институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам»
жоспарын ұсынды. Жоспардың негізгі мақсаты қоғам мен мемлекетті түбегейлі
қайта өзгертуге негізделген. Демек, осыдан кейінгі кезеңдерде ҚР
экономикалық дамуында шикізат секторы емес, қызмет көрсету саласы, оның
шініде туризм саласының маңызы жоғары болмақ. «100 нақты қадам»
жоспарында Мемлекет басшысының біртектілік пен бірлікке қатысты нақтылы
тапсырмаларының ішінде 86-қадам туризм саласының нақты даму бағытын
көрсетеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты
жобасын әзірлеу мен оны жүзеге асыру бойынша республикамыздың бірнеше
аймақтарында ірі туристік кластерлерді құру туризмді дамытудың нақты
163
жоспарын көрсетеді [1]. Бұл жоспардың орындалуы қазақстандықтардың
біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру
үшін жағдай туғызады. Республикамыздың түрлі аймақтарында құрылатын
туристік кластерлер Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса
есептегенде) және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін
мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай
інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік
мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асыру болып табылмақ.
Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту мақсатындағы тағы бір
маңызды құжат 2014 жылы мамыр айында қабылданған «Қазақстан
Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасы». Бұл Қазақстанның туризм саласына деген инвестициялық
әлеуетті арттыру мақсатындағы ең негізгі құжат. 2020 жылға дейін Қазақстан
Республикасында туризм индустриясын дамытуға негізделген бұл құжаттың
негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың
мемлекет экономикасына үлесінің артуы;
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту
әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды
ынталандыру;
туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс
орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі;
кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты
және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер
бойынша адами әлеуетті дамыту;
«жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық
қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып
табылады.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын
дамытудың негізі мақсаттары:
1) қажетті инновациялық, тиімді инфрақұрылым құру;
2) жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау және жергілікті және
шетелдік туристерге арналған халықаралық бәсекеге қабілетті өнімдер мен
қызметтер әзірлеу;
3) экологиялық туризмді және экологиялық ағартуды, оның ішінде ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарда дамыту;
4) туризм саласын басқару мен реттеудің кәсіби жүйесін жасау;
5) Қазақстанға және ел ішінде қолжетімділікті ұсыну болып табылады.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын
дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекет экономикасына туристік саланың үлесін арттыру;
164
2) Қазақстан Республикасында туризм индустриясы өсуінің едәуір
әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды
ынталандыру;
3) туризм индустриясы мен экономиканың ілеспе салаларында жұмыс
орындарын құру;
4) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты
және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы ел және өңірлер бойынша
адами әлеуетті дамыту [2].
Жалпы алғанда бұл тұжырымдама инфрақұрылым құру және жетілдіру,
туристік бағыт ретінде оның тартымдылығын жоғарылату мақсатында
Қазақстанның тартымдылығын қалыптастыру, оның имиджін нығайту жолымен
туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар,
тұжырымдама Қазақстан Республикасының туризмін дамыту үшін, Ақмола
облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласы маңындағы тау
шаңғысы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың жүйелі
жоспарларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың
кластерлік бағдарламасының мастер–жоспарына сәйкес ұлттық деңгейде іске
асыруға ұсынылатын ірі жобалар тізбесі қалыптасқан. Демек, мұндай ауқымды
жобаларды іске асыру ірі көлемдегі инвестицияны қажет етеді. Жоғарыда атап
кеткендей, ендігі кезде елдің шикізаттық емес өндірісін дамыту, туризм
саласын дамыту секілді сұрақтар өткір мәселеге айналды. Осы орайда
мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін
салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамтамасыз
етуге бағытталған инвестицияларды тарту.
Туризм саласы дамыған Франция, АҚШ, Қытай, Түркия, Ұлыбритания т.б.
мемлекеттердің тәжірибесін ескерсек, Қазақстан үшін де туризм саласына
инвестициялық тартымдылықты нығайту маңызды деп есептейміз. Себебі
Қазақстанның көзтартар көрікті табиғи ландшафтысы, географиялық орналасу
ерекшелігі, тарихи-мәдени мұрасы, мемлекеттегі және демалыс орнындағы
қауіпсіздік секілді артықшылықтарды тиімді пайдалану, сол арқылы туризм
саласын – ұлттық экономикадағы бизнестің ең табысты көзіне айналдыру
мемлекеттік деңгейдегі мақсаттардың бірі [3]. Дегенмен қазіргі кездегі
еліміздегі транспорттык, әлеуметтік, ақпараттық инфрақұрылымдардың
жеткілікті дамымауы, қызмет көрсету сапасының баға сәйкес болмауы, туризм
индустриясында жұмыс істейтін кадрларды дайындау, қайта дайындау мен
біліктілігін жоғарылату бойынша мәселелерді бар екендігін атап өткен дұрыс.
1-суретте 2003-2014 жылдар аралығындағы пайдалану бағыты бойынша
жалпы инвестициялар ішіндегі туризм саласының екі бағыты: тұру және
тамақтану бойынша қызметтер мен өнер, ойын-сауық және демалыс
қызметтеріне бағытталған инвестициялардың көлемі көрсетілген. Онда
өндірістік
инфрақұрылымдарға
жұмсалған
инвестиция
әлеуметтік
инфрақұрылым салаларына қарағанда көбірек [4]. Мысалы: 2014 жылды
деректерді ескеретін болсақ, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 2013
жылмен салыстырғанда 30,8% өскен; ал өнер, ойын-сауық және демалыс
қызметтері сәйкес кезеңдерге 11,4 % өскен. 2013 жылды 2012 жылмен
165
салыстырсақ қызметтің екі бағыты бойынша да 15,2 % және 7,1 % төмендеген.
Демек, осыдан қорытынды жасайтын болсақ туризмедегі даму мен оны
инвестициялау тұрақты емес. 2014 жылғы деректер бойынша пайдалану бағыты
бойынша жалпы инвестициялардың туризм саласына салынған инвестициялар
тек 2,47% құрайды. Оның ішінде тұру және тамақтану бойынша қызметтер –
0,75%; ал өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтері - 1,72% құрайды. 2007
жылдан кейінгі кезеңдерде өнер, тұру және тамақтану бойынша қызметтерге
қарағанда ойын-сауық және демалыс бағытында жұмсалған инвестициялардың
ерекше қарқынмен өскенін көреміз.
Сурет -1 Туризм саласы бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған
инвестициялар, млн. тг.
Салалар мен аялар бойынша қалыптасатын сәйкессіздік күрделі қаржы
жұмсалымын мүлде тепе-тең емес өңірлік бөлуге орай өңірлердің
экономикалық даму деңгейіндегі теңсіздіктермен де байланысты. Мәселен,
Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметтері бойынша
Алматы, Астана, Каспий маңы және бірқатар тау-кен өндіруші өнеркәсібінің
кәсіпорындары шоғырланған өңірлердің (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе,
Маңғыстау және Қызылорда облыстарының) үлестеріне елдің барлық
инвестициялық салымдарының шамамен 60%-ы тиесілі. Жалпы алғанда бұл
өңірлерде шетелдік инвесторлардың үлестік қатысатын немесе толығымен
шетелдік инвесторларға тиесілі барлық кәсіпорындардың 80%-дан астамы
жұмыс істейді. Дегенмен, әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру мақсатында
жағдайында БҰҰ және Дүниежүзілік банкі сарапшыларының пікірінше
Қазақстан бүгінде әлемнің шетелдік инвестициялар үшін мейлінше тартымды
елдерінің қатарына кіреді. Осы жағдайларды негізге ала отырып, болашақ
0
20 000
40 000
60 000
80 000
100 000
120 000
2003
жыл
2004
жыл
2005
жыл
2006
жыл
2007
жыл
2008
жыл
2009
жыл
2010
жыл
2011
жыл
2012
жыл
2013
жыл
2014
жыл
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер
Өнер, ойын-сауық және демалыс
166
кезеңдерде туризм саласын дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты
нығайту керек.
Қорытындылай келе
т
уризм саласының инвестициялық тартымдылығын
арттыру және саланы дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін экономиканың
басым секторларының бірі ретінде қазақстандық туризмді әлемдік туристік
нарыққа ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге
қабілетті туристік кешендерін құру қажет. Сонымен қатар, туризм саласын
дамытудың негізгі индикаторлары келуші туристердің саны, тәуліктік төсек-
орындар саны,
сондай-ақ туристік қызметтен түсетін табыс көлемі болып
табылады. Сол себепті туризм саласын кластерлік түрде дамытудың негізгі
бағыттары ретінде төмендегілерге баса назар аударған дұрыс:
- жаңа демалу нысандарын салу, көлік пен тасымалдау кешенінің қызметін
кеңейту, т.б. арқылы инфрақұрылымды дамыту;
- туристік бағыттағы тартымды ел ретінде Қазақстанды үгіттейтін тиімді
маркетингтік саясатты жүзеге асыру;
- әкімшілік кедергілерді төмендету, «туристік өнімнің» арзандауына жағдай
жасау, турфирмалар үшін салық төлемдерін төмендету;
- қазақстандық туристік ұсыныс пен сұраныс жайлы ақпараттық базаны
жеке сектормен ынтымақтастық жасау арқылы кеңейту;
- шетел туристері үшін жеке қауіпсіздік пен беріктілікті қамтамасыз етуде
мемлекеттік кепілдікті ұсыну шараларын ұйымдастыру;
- компаниялар кооперациясына жағдай жасау, сол арқылы туризм
қызметінің жоғары технологиялық кешенін қалыптастыру және саланың
материалдық-техникалық базасын дамыту;
- туристік нысандар құрылысын қаржыландыру. Мемлекеттік деңгейде
қойылған ірі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу экономиканы дамытудың
әрбір кезеңінде туризм саласындағы индикаторларды арттыру арқылы
айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |