ТАСБОЛАТ: Апай өтінемін сізден, мен айтайыншы. Айтқым келіп тұр. Не айтайын деп едім..
ДИРЕКТОР: Айтсын, айтсын. Мен бұл Ұлановты нашар оқиды деп жүрсем. Мұның өзі сабаққа ынтасы жақсы екен ғой. Айта берсін, тыңдайықшы.
ТАСБОЛАТ: «Арқаның бетбақ деген даласы бар,
Бетбақ шөл ойлы‑қырлы панасы бар...» (Мұғалім орнына орындыққа отырмақшы болады) Гүлзат апай орыныңызға отырмай‑ақ қойыңызшы.
ГҮЛЗАТ: Неге?
ҚАЙЫРЖАН: Қасымда тұрмасаңыз сабақ айта алмай қаламын. Не айтып жатыр едім.. «Киікті қазақ және дейді бөкен...» (Мұғалім тағы да отырмақшы болады) Апай отырмаңызшы айта алмай қаламын.
ДИРЕКТОР: Жарайсың Тасболат! Сенің мұндай қабілетті екеніңді қалай білмегенбіз? Әу баста неге осылай оқымадың. Қане, басқа сабақтардан қалай оқып жүр екенсің, журналды көрейінші. (Мұғалімнің столына келеді) ТАСБОЛАТ: Жоқ жоқ ағай. Тексермей ақ қойыңыз.
ДИРЕКТОР:Мен журналды тексерейін деп жатырмын.
ТАСБОЛАТ: Ертең келіп асықпай отырып тексеріңізші. Бүгін емес тек.
ДИРЕКТОР: Түсінбедім. Бұл қандай бассыздық а! Мынау немене клоун болып кеткен бе? Тұр дедім ғой былай! Ұланов! Мына жерден кетесің бе, жоқ па?
ТАСБОЛАТ: Ойбай‑ай, ойбай. Аяғым.., аяғым тартылып қалды. Ауырып барады..ой‑ой...
(Директор орындықты алып келеді) ДИРЕКТОР: Отыршы мынаған
ТАСБОЛАТ: Ой жоқ жоқ. Құдай сақтасын. Мұғалімнің орынына отыруға болмайды.
МҰҒАЛІМ: Ештеңе етпейді.
ТАСБОЛАТ: Одан да көрмей тұрсыздар ма дәрігер шақырсаңыздаршы.
ДИРЕКТОР: Қай аяғың? Әкел уқалап берейін.
ТАСБОЛАТ: Жоқ жоқ. Одан да сіздің балаңыз Еділ уқалап берсін.
(Еділ аяғын уқалап бастайды). ТАСБОЛАТ: Е, папаңды алып кет тез
ЕДІЛ: Ол маған көнбейді ғой.
ТАСБОЛАТ: Бір амалын тап тез.
ЕДІЛ: Үтік! Әке, үтікті өшіруді ұмытып кетіппін.
ДИРЕКТОР: Ей не дейді ей мынау?! Үтігі нес? Үй өртеніп жатыр ма? Бар не қарап тұрсың!