ЕДІЛ: Өй әке өзіңіз барыңызшы. Мен анау Тасболатты тастап қалай барамын.
ТАСБОЛАТ: Ой, ойбай- ай аяғым ай!
ДИРЕКТОР: Не істеймін енді. Гүлзат айналайын менің үйге кетуім керек. Сіз дәрігер шақырыңыз. Мыналарға бірнарсе болса біз басымызбен жауап береміз. Ой осы бірнарсе бүлдіреді да жүреді.(Директор мен апай шығып кетеді. Бәрі шулап орынынан тұрады.) ТАСБОЛАТ: Ай ұсталып қалам ба деп ойладым ғой.(Орындыққа отырады) ЕДІЛ: Мен да ұсталып қалып масқара боламыз ба деп ойладым.
ТАСБОЛАТ: Өй мынау неге құламайды (Орындықтан тұрады). ЕДІЛ: Тұршы мен отырып көрейін (Орындық құлап қалады). ТАСБОЛАТ: Гүлзат апай, дәрігер шақырмай ақ қойыңыз. Мен жазылып кеттім.
ЕДІЛ: Әке бармай ақ қойыңыз. Үтікті өшіріп кетіппін.
(Ержан ұйқысынан тұрып, есінеп келеді.) ТАСБОЛАТ: О Ереке, сабақ бітті. Жүр үйге қайтайық.
(Қоңырау соңылады. Балалар кіріп, орындарына отырады) ҚАЙЫРЖАН: Балалар, білесіңдер ме жақсы оқитын, ақылды адамдардың тілінің асты «көк» түсті болады екен.
БАЛАЛАР: Қойшы?
ҚАЙЫРЖАН: Біздің сыныпта ең жақсы оқитын Сайра мен Айтгүл ғой. (Екеуінің қасына келіп). Қане сендер ақылдысыңдар ма, көрейік. Ауыздарыңды ашыңдаршы (Қайыржан сөйлеп тұрып, мұрнын шұқып тұрады. Қыздар аузын ашады. Ауыздарын ашқан кезде Қайыржан жаңағы қолымен қыздардың аузына лақтырады) САЙРА: (ашуланып) ҚАЙЫРЖААН! (қуалай бастайды) АЙТГҮЛ: Бүгін барлығын айтамын. Бәрін айтамын. Болды айтамын.
ҚАНАТ: Нені айтасың?
АЙТГҮЛ: Қазір көресің, айтамын.
(Апай кіреді) МҰҒАЛІМ: Саламатсыңдар ма?
Балалар: Саламатсыз ба апай!
МҰҒАЛІМ: Түгел жиналдыңдар ма балалар?
БАЛАЛАР: Иа апай.
МҰҒАЛІМ: Айтгүл мәліметтерің дайын ба?
АЙТГҮЛ: Иа дайын. Бірінші Қабыланбеков Қайыржанның тәртібі. Қабыланбеков осы аптада бірнеше бұзақылық жасаған. Оның қораның артында темекі шегіп отырғанын бір С деген оқушы байқап қалған. Және де барлығы осы аптаның соңында жиналып Қабыланбековтың үйінде отырыс жасаған. Үстелдің үстінде басқа сусындармен бірге ішімдікте болған. Кеш бойында музыка ойнап тұрған. Бұлар бір сағат бойы құшақтасып вальс билеген.