АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАЛЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
№
|
Бақылау түрі
|
Ең жоғарғы балл
|
Ең төмеңгі балл немесе (емтиханға жіберу рейтингі)
|
Ескерту
|
1
|
1 ағымдық бақылау
|
100
|
50
|
1 - 7 аптадағы барлық тапсырма түрлері бойынша бағалардың қосындысы
|
2
|
2 ағымдық бақылау
|
100
|
50
|
8 - 15 аптадағы барлық тапсырма түрлері бойынша бағалардың қосындысы
|
3
|
Ағымдық үлгерімді бағалау
|
(РК1+РК2)/2=100
|
50
|
1АБ мен 2АБ орташа арифметикалық мәні
|
4
|
Қорытынды бақылауды бағалау (емтихан бағасы)
|
100
|
50
|
|
5
|
Пән бойынша қорытынды баға
|
100
|
50
|
Ағымдық үлгерім мен емтихан бағасының орташа арифметикалық бағасы
|
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ ___ хаттама «____» ____________ 2014 ж.
Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі С. Ақымбек
Филология ғылымдарының докторы, профессор А. Салқынбай
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
“Қазақ тілінің семантикасы” пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, өзге пәндермен байланысы. Семантиканың жалпы тіл білімінде, түркі тіл білімі мен қазақ тіл білімінде зерттелу тарихы. Семантика, мағына мен мән термині туралы. Семантиканың негізгі теориялық ұғымдары мен ғылыми теориялық бағыттары. Кеңес заманындағы семантикалық зерттеулер мен олардың ерекшеліктері. Қазақ тілші ғалымдары зерттеулеріндегі семантикалық ізденістер.
Семантика саласының принциптік ерекшеліктері мен өзгешеліктері. Сөз семантикасы мен сөйлем семантикасы туралы.
Сөз – лексикалық бірлік. Сөздің екі жақтылығы: дыбыстық және мағыналық сипаты.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына туралы.
Сөздің лексикалық мағынасы туралы, зерттелуі, ғылыми әртүрлі тұжырымдар мен бағыттар. Сөз мағынасының лексика-семантикалық топты анықтаудағы ролі мен маңызы. Сөздің лексикалық мағынасының анықталу шегі мен орны. Сөз мағынасы мен контекст. Сөз мағынасының күрделілігі. Сөздердің тіркесуіндегі семантикалық фактор. Лексикалық мағынаның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу қызметі.
Сөздің грамматикалық мағынасы туралы, зерттелуі, ғылыми тұжырымдар мен бағыттар. Грамматикалық мағынаның табиғаты: абстрактылығы, жалпылығы, дерексіздігі.
Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның арақатысы мен байланысы. Грамматикалық мағынаның тарихи қалыптасу заңдылығы.
Лексикалық мағынаның құрылымы: мағынаның құрылымдық бөлшектері. Сөз семантикасына компоненттік талдау әдісі.
Семантикалық үшбұрыш. Ғылыми әртүрлі тұжырымдарға шолу. Функциональды семантика. К.А.Аллендорф болжамы. Дәстүрлі семантикалық үшбұрыш теориясы туралы. А.А. Новиков ұсынған трапеция теориясы туралы.
Таңба теориясы туралы.
Зат – ұғым – мағына арасындағы байланыс. Сөз семантикасындағы макромағыналар. Сөз мағынасының қалыптасуындағы денотаттық мағынаның маңызы. Денотат (зат) және референт: олардың анықтамасы, ұқсастығы мен ерекшелігі. Ақиқат дүниедегі заттармен құбылыстардың сөз мағынасын түзудегі маңызы. Денотаттық мағына түрлері. Идеальды денотат.
Сигнификаттық (ұғымдық) мағына – лексикалық мағынаның құрылымдық элементтерінің бірі. Денотаттан айырмашылығы, жақындық белгілері.
Сөз семантикасының таным теориясы арқылы түсіндірілуі. Сөз – гнесеологиялық бейне. Танымның объектілігі мен субъектілігі.
Сөз мағыналарындағы заттық және ұғымдық мағыналардың арасалмағы. Реляциялық мағына, ерекшелігі.
Сезімдік мағына – лексикалық мағынаның құрылымдық элементтерінің бірі. Ерекшелігі, негізгі белгілері, заттық және ұғымдық мағынадан өзгешелігі мен ұқсастығы. Эмоция мен экспрессия. Айырмашылығы мен мағына туғызудағы өзгешелігі. Эмоция-экспрессивтіліктің сөйлеу процесіне қатыстылығы. Психологиялық ілім – эмоция туралы. Эмоцияның - жекелік сипаты.
Сөздердің метафоралы мағыналарындағы номинативтік белгі. Фразеологиялық мағынадағы экспрессивті-эмоция. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымы. Фразеологизмдердегі субъективизм – ұлттық таным көрінісі. Тұрақты тіркестердегі халықтық таным.
Сөз семантикасындағы микрожүйе. Архисема, өзексема, ортақ сема, арнайы сема, жіктелген сема туралы: олардың өзіндік ерекшеліктері, жақындығы, айырмашылығы. Мағыналардың қалыптасу жүйесі мен олардың сақталу заңдылығы. Сөз табиғатын анықтаудағы семалар жүйесінің маңызы. Түбірлес сөздерді айқындаудағы ортақ мағынаның ролі.
Арнайы семалар құрамындағы өзек сема мен архтисеманың бөлшектерінің сақталу заңдылығы. Семалардың бөлшектенуі – атау жасаудың басты шарты.
Сөздің ішкі формасы. Сөз мағынасындағы уәжділік. Уәжделу: уәжделуші сөз, уәжденген атау. Уәжділік түрлері мен олардың мағыналық құрылымы. Уәжделу процесінің сөзжасамға қатысы туралы.
Тіл бірліктерінің ішкі құрылымдық мағынасы. Тілдік семантика мен бейнелік семантика. Сөз мағынасының тақырыптық және семантикалық топтары. Негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Олардың бөлінісіндегі табиғи-объективті принцип.
Лингвистикалық мағынаның берілу жолдары: парадигмалық және синтагмалық мағыналар. Парадигматика мен синтагматиканың жалпы тіл білімі мен түркологияда зерттелуі. Ф. де Соссюр тілдік жүйе туралы.
Парадигма мен синтагманың анықтамасы. Семантикалық парадигма. Парадигмалық қатынас. Синонимдес, антонимдес және мәндес мағыналық қатынастар.
Сөз мағынасының қалыптасуындағы парадигмалық мағына мен синтагмалық мағынаның қызметі. Синтагмалық және парадигмалық мағынаның тілдегі өмір сүру сипаты.
Тілдегі жүйе мен құрылым. Жүйе мен құрылым ұғымы, олардың ерекшелігі, байланысы мен айырмашылығы.
Сөздердің мағына бөлшектері құрамындағы парадигма мен тіл элементтері арасындағы парадигмалық қатынас арасындағы байланыс.
Синтагмалық байланыстың халықтық тілдік дәстүрмен арақатынасы. Синтагмалық байланыстағы валенттілік мәселесі.
Лекция сабағы № 1
Лекция сабағы № 2
|
Тіл және мәдениет пәнінің мақсаты, өзге пәндермен байланысы. Тіл- адамзат баласының қарым-қатынас құралы. Тіл - әмбебаптық заңдарға бағынады. Мәдениет адам баласының қолымен жасалған материалдық және рухани дүние. Мәдениет атаулы – тіл арқылы таңбаланады. Тіл мен мәдениет арасындағы байланыс терең. Өркениет туралы түсінік.
Философиялық ой-толғамның аса маңызды ұғымының бірі - мәдениет. Мәдениеттің нақтылы түрленуі - оның мазмұн күрделілігінің көрінісі. Нақтылы түрінің бірі – тіл. Мәдениет негізі - еңбек. “Мәдениет”, “культура” терминдері туралы.
Әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениеттің қарым-қатынасы.
|
1
1
|
Практикалық сабақ № 1
|
Мәдениет пен тілдің арақатысы туралы. Әлемдік мәдениет: мәдениеттің сипаты, ұлттық мәдениеттің орны мен маңызы; қазақ мәдениетінің әлем мәдениетіндегі орны. Мәдениет ұғымы, әлемдік мәдениет ретінде танылатын құндылықтар. Олардың тілдердегі көріністері.
|
1
|
Барлық сағат саны
|
3
|
|
2 апта
|
|
|
Лекция сабағы № 3
Лекция сабағы № 4
|
Мәдениеттің ерекшеліктері, белгілері, түрлері. Адамзаттық мәдениеттің қазыналары және ұлттық мәдениеттер. Ұлттық мәденит пен өркениет. Өркениеттің мәдени дамуға әсері мен оның тілдегі көрінісі. Тіл мен мәдениеттің концептуальды негізі.
Рухани мәдениет және оның түрлері.
Архитектура, скульптура, би өнері, мүсін өнері, кино, живопись, сөз өнері - әдебиет, музыка; Бұл өнет түрлерінің әмбебаптығы, тілдік белгілері. Дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана, таным туралы. Олардың ұлт тіліндегі көрінісі. Атау мәселесі.
|
1
1
|
Практикалық сабақ № 2
|
Тіл – мәдениет тұғыры. Мәдениет әлеміндегі тілдің маңызды ролі. Тілдің таңбалық сипаты. Тілдің таңбалаушылық қызметі мен жад қалыптастуру қызметінің қазақ мәдениетін сақтаудағы маңыздылығы.
|
1
|
Барлық сағат саны
|
3
|
|
3 апта
|
|
|
Лекция сабағы № 5
Лекция сабағы № 6
|
Қазақ музыка өнері – ұлттық мәдениеттің бір көрінісі. Әл-Фарабидың музыкалық теориясы. Қорқыт қобызындағы далалық дүниетаным, далалық әуен. Күйдің түсіндірмелері, олардың берілу себебі.
Домбырадағы тартыс түрлері, мектептері. Күй алдында айтылатын түсініктер, күй тарихы туралы толғаныстар. Сөз бен күй.
Көшпелілер мәдениеті және тіл.
Үш мың жыл бойы табиғи ортамен тіл табыса отырып, бір үлгідегі шаруашылық түрін шындаған көшпелілер тек мал соңына ермеген. Олар саяси негізі берік, ішкі құрылымы шыңдалған ірі мемлекеттер құрды. Адамзат тарихында алғашқылардың бірі болып металл өңдеуді өнер деңгейіне жеткізді, қолтума өнердің қайталанбас төл-тума үлгісі – киіз үйді, арбаны ойлап тапты. Алғаш рет дөңгелекті, күмбезді архитектураны, иықты киім мен шалбарды ойлап тапқан.
|
1
1
|
Практикалық сабақ № 3
|
Материалдық мәдениет пен рухани мәдениеттің негізгі көріністері. Рухани мәдениеттің түрлері мен оларға толық сипаттама беру. Рухани мәдениетке қатысты атауларға ономасиологиялық талдау жасау.
Сәулет өнері, сурет салу, мүсін өнері, музыка, дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана, таным – мәдениеттің әр түрлі салалары.
|
1
|
Барлық сағат саны
|
3
|
|
4 апта
|
|
|
Лекция сабағы № 7
Лекция сабағы № 8
|
Қазақ ұғымындағы жаратылыс туралы таным. Шумерлік “Гильгамеш туралы эпоспен” Қорқыт туралы аңыздың сабақтастығы. Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Шалгез, Марғасқа жырау, Доспанбет, Үмбетей – көшпелі философия жаршылары.
Әл-Фарабидың музыкаға қатысты зерттеулері. Қазақ фольклорындағы халықтық таным мен концептуалды көзқарастар. Жаратылыс туралы таным-түсініктің діни-ғылыми сипаттары. Тәңірілік дін – жаратылыс заңдары туралы.
Түркілердің, оғыздардың, қазақ халқының шығу тегі туралы пікірлер. Этнонимдер тарихы туралы. Шежіре шындығы. Ұлт атауы. Аллоэтноним мен автоэтноним туралы. Қазақ этнонимінің шығу тегі туралы ғылыми көзқарастарға шолу. Шежіредегі антропонимдер, олардың танымдық, уәжділік сипатын ономасиологиялық, концептологиялық аспектіден саралау.
|
1
1
|
Практикалық сабақ № 4
|
Қазақтың киіз үйі - материалдық мәдениеттің көрінісі. Киіз үйге қатысты сөздердің мағынасы. Материалдық мәденитеттің бір көрінісі ретінде қазақтың киіз үйі алынып, оның мәдениеттегі, халық тіршілігіндегі маңызы анықталады. Киіз үйдің қазақ тұрмысындағы мәні, оның дүниетанымдық, космостық түсініктермен терең байланысы сараланады. Киіз үйге қатысты атаулар – халықтық дүние-танымның көрінісі, бейнесі ретінде алынып, таңбалық сипаты этимологиялық, семантикалық, когнитологиялық, лингво-культурологиялық, этнолингвистикалық аспектіден талданады. Магистранттар алдын-ала алған тапсырмалар негізінде тілдік талдаулар жасауы қаралады.
|
1
|
Барлық сағат саны
|
3
|
|
5 апта
|
|
|
Лекция сабағы № 9
Лекция сабағы № 10
| |
Достарыңызбен бөлісу: |