Семинар материалдары №1 45minut kz Республикалық ұстаздарға



жүктеу 5.03 Kb.

бет24/25
Дата22.12.2016
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ЛИТЕРАТУРА
1. Азаров Ю. П. Педагогика любви и свободы.¬– М., Гнозис, 1994.  – 152с.
2   .Монахов   В.   М.   Аксиоматический   подход   к   проектированию   педагогической   технологии./
Педагогика. – 1997–  №6 –  с.6.
3.   Фрадкин   Ф.   А.   Педагогическая   технология   в   исторической   перспективе.//   История
педагогической технологии. – М., Наука,1992. – 243с.
4.
Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН  
ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ  ДАМЫТУ
М.Ж.Жұмағалиева 
 №82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда болысы, Арал ауданы,Қаратерең ауылы.
Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі,зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп,
өсіп-өркендеуі үшін  ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Біз азаттық алған тәуелсіз
елміз.  Олай  болса,  жаңа  мазмұндағы  білім    жүйесін қалыптастыру  міндеті    алдымызда   тұр.Жаңа
мазмұндағы білім жүйесін енгізу үшін мұғалім   педагогикалық, психологиялық , философиялық ,
физиологиялық     т.б   ғылым   салаларының     тиімді   зерттеу   нәтижелері     мен     әлемдік   озық
тәжірибелердің алдыңғы қатарлы  идеяларын  басшылыққа алады.
Қазіргі     кезде     балалардың     ақыл   –ойы   мен   қабілетіне     қойылатын   талаптар   олардың   жас
ерекшеліктерін ескере  отырып күшейе  түсуде.Сондықтан   әр мұғалім    баланың  неге  қабілеті  бар
екенін ерте танып, оларға тапсырмалар бере отырып   шығармашылыққа баулиды.Шығармашылық
жұмыспен  айналыстыру арқылы  баланы ойлауға жетелеуге, оларды іздене білуге  қызықтыруға , іс-
әрекетке  баулып, өз беттерінше жұмыс жасауға қабілеттерін арттыра түсеміз.
«Шығармашылық»   сөзінің   негізгі   төркінін   алар   болсақ,     ол   «шығару»,     «ойлап   табу»   деген
мағынаны     береді.     Бұрын   тәжірибеде   болмаған   нәрсені   ойлап   табу,   жаңа   бір   жетістікке   қол
жеткізу.Шығармашылық қабілеттік –баланың өз бетінше жаңа бір   бейне құруы, яғни іс-әрекеттің
қандай да бір түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы  өзіндік жеке
даралық  дамудың бір көрінісін  байқатуы.Шығармашылық  қабілеттің дамуы  оқушылардың зердесін
дамытумен байланысты  екенін негізге  ала отырып, оқу үрдісін тиісті  ұйымдастырудың , іс-әрекеттің
субьектісінің     шығармашылық   сапалық   ерекшеліктерінің   ,   сабақ   кезінде     және   сабақтан   тыс
кездерінде   диагностикалық  және шығармашылық тапсырмаларды  ұтымды қолданудың  мәні зор.
Оқушылардың  шығармашылығын,   ізденімпаздығын  қалыптастыруда     сыныптан  тыс,   жеке   және
ұжымдық  жұмыстар ұйымдастыруда  пәндік апталықтар , үйірмелердің маңызы зор.
Педагогика   ғылымында     оқу   тапсырмаларының     әр   түрлі   жақтары  зерттелген.И.Л.Лернер    «іс-
әрекет түрі»  белгісін пайдаланып , тапсырмаларды  мынадай түрлерге бөледі:
1) Білімді меңгеруге  бағытталған тапсырмалар;
2)Білімді   үлгі   бойынша   немесе     таныс   жағдайда     пайдалануға   бағытталған     репродуктивті
сипаттағы тапсырмалар;
3)Білімді таныс емес жағдайда  пайдалануға бағытталған  шығармашылық сипаттағы  тапсырмалар.
   Осылардың  ішіндегі  шығармашылық тапсырмаларды  орындау оқушының  өзіндік іс-әрекетіне
толық және кең мүмкіндік  береді, олардың ойлауына әсер етеді, сөйтіп шығармашылық  қабілеттерін
дамытуға септігін тигізеді.
   Мектепте білім берудегі басты мәселелердің  бірі- оқушылардың тек шығармашылығын дамыту
және оларды шынайы  өмірдегі дара тұлға етіп тәрбиелеу.
    Шығармашылық     қабілетті   адам   баласының    бойына   қалыптастыруда     сөз       өнерінің  берері
мол.Соның ішіндегі   бастауыш мектептегі     қазақ тілі мен ана тілі   пәндерінде   шығармашылық
206

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тапсырмалардың  рөлі зор.
   Оқушыларды  шығармашылық жұмысқа  баулып,  олардың білменділіктерін , қызығуын  арттыра
түсу үшін , шығармашылық қабілеттерін  сабақта және сабақтан тыс  уақытта әртүрлі   әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады.Осы орайда шығармашылыққа баулудың   өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың   ,
сыннан  өткен мынадай түрлерін  атап айтуға болады:
-
Мәтінге ат қояды, жинақтайды;
-
Өз ойын еркін жеткізуге  берілген ізденіс  бағытындағы  тапсырмалар;
-
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, жоспар құру;
-
Әңгіме құрастыру;
-
Әңгімені жалғастыру;
-
Ертегі мәтінін құрастыру;
-
Қиялдау арқылы сурет салу;
    Оқушының көркемдік шешім табуға  жетелеу үшін  қиял, ұшқыр  ой туу қажет.Мұнда оқушының
өзіндік ізденісі , пікірі  байқалады.Оқушыға өз бетінше ертегі әңгіме, мәтінді жалғастыра жазу  және
аяқтауды     тапсырамын.Аяқталмаған   мәтін   бойынша   жұмыс   жүргізудегі     мақсат   арқылы
оқушылардың өз бетінше  сюжет ойлап, әңгімені әрі   қарай жалғастыра отырып,  сәтті шешім тауып
аяқтауға дағдыландырамын.Бұл жұмыста  оқиғаға тән көріністер    суреттер ,  түрлі сюжеттер орын
алады.Оқушы сол көріністерді  қиялмен суреттеп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс
істейді.
    Шығармашылық   қабілетті   ашудың   көзі   –   оқушылардың     өз   бетінше   жұмыс   істеуі   болып
табылады.Бұл  бағытта  төмендегідей  жұмыстар арқылы  таным   көкжиегін  арттыра түсемін.
1.Логикалық ойын  дамытатын тапсырмалар:
-
 Сөзжұмбақ
-
Ребус
-
Мақал-мәтел, жұмбақ
-
Ұйқасын тап.
2.Берілген тапсырманы түрлендіру:
-
Мәтін мазмұнын  өңдеу
-
Өлеңді қарасөзге айналдырып жазу
-
Мәтін бойынша диалог  құру
3.Әдеби шығармашылық жұмыс:
-
Әңгіме, ертегі жазу
-
Жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі құрастыру
-
Шығарма,  эссе жазу
Оқушыларға берілетін   шығармашылық тапсырмаларында   сөзжұмбақ   пен ребустардың шешуін
табу баланы  жүйелі ойлай білуге қалыптастырады.Адамгершілікке, адалдыққа,  еңбекке, ата-анасын
құрметтеуге, отанын сүйе білуге тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің орны ерекше. Оқушыларға  әр түрлі
жануарлардың, табиғаттың,  отбасы мүшелерінің суреттерін бере отырып,  суреттер бойынша мақал-
мәтелдерді     құрастыртамын .Мысалы:   оқушыларға   орман,   адам, бұлбұлдың суреттерін берген
кезімде   олар   сол   суреттерді   қатыстырып   «Отансыз   адам,   ормансыз   бұлбұл»   деген   мақалды
құрастырды.
Оқушыларға   тапсырмаларды     өтілген   тақырыпқа     немесе   белгілі   бір   тақырыппен     жаздыруға
болады.Бастауыш сынып оқушысына   шығармашылықтың алғашқы сатысын   іс-әрекет және ойын
түрінде бастаған     жөн.Себебі : ойын баланың   дамуындағы   ең күшті әсер ететін құрал.Бастауыш
сыныптардағы   сабақтарда     дидактикалық   материалдарды   өткен     материалды   пысықтау,   қайталау
кезінде   қолданған   тиімді.Өйткені  бастауыш  сынып оқушылары жас   ерекшеліктеріне  байланысты
ойынға   өте   ынталы   келетіндіктен   ,   тез   сергіп,   тапсырмаларды   жылдам   ,   әрі   дұрыс   орындайтын
болады.Ойындардың қажеттігін іріктеп алу – мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. Өз тәжірибемде
ана тілі сабағында оқушылардың    танымдық  қабілеттерін  дамытуда «Кім жылдам?»  ойындарын
ойната отырып,   берілген тапсырмалар бойынша  мысалы: аққудың суретін көрсету арқылы  жылдам
ол туралы не білетіндіктерін айтып береді.  
Оқушылардың   шығармашылық   қабілеттерін       дамыту   барысында     жүргізілген   жұмыстардың
207

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
нәтижесінде  оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түседі, сабақта белсенділіктері  артады,
бірін-бірі оқытады, үйретеді.Сонымен   бірге   сыныптағы қарым-қатынас  мектеп пен оқушылардың
жаңа   өмірлік   маңызы   бар   проблемаларын   құруға   мүмкіндік   береді.   Сыныптағы     оқушылар
түсінбейтінін топта   бір-бірінен сұрап талқылап , топтағы оқушылардың   сабаққа толық қатысуына
ықпал   жасалады.Бастауыш   сыныптан   бастап   өз   бетінше   жұмыс   істеуді     үйренген   бала     жоғарға
сыныпқа барғанда  жұмыстың қай түрін болса да меңгеруге бейім болады.
Оқытудың интерактивті әдісін ұтымды  пайдалану  оқытудың шығармашылық сипатын  күшейтуде
маңызы ерекше.Бұл үдеріс оқушының  оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін
түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге  негіз болатын білім, икем дағдыларын қалыптастырады.Сабақ
барысында     көркем   шығарманы     талдау,   түсіндіру   кезінде       «Неліктен?»,   «Неге?»,     «Сен   қалай
ойлайсың?» , «Онымен не түсіндіруге болады?» т.б сұрақтар қою арқылы  оқушылардың ойына түрткі
саламын   .Себебі,   оқушылардың   ойлау   қызметі     сұрақтар   қою   арқылы     күшейтіле   түседі.Бірақ
сұрақтың бәрі  бірдей оқушының ойлануына  түрткі бола бермейді. Сондықтан сұрақты  проблемалық
түрде   қою   қажет,   онда   көркем   мәтіннің     ішкі   логикалық     мәнін   ашуға   мүмкіндік
ашылады.Оқушыларға   интеллектуалдық     қиындық     тудыратын   сұрақтар     проблемалық   сұрақтар
болып   табылады,   өйткені   оларға   берілетін  жауаптар     оқушының  бұрынғы   білімінде     де,   мұғалім
ұсынатын   ақпаратта   да   жоқ.   Сондықтан   балаға   ойлануға   ,   ізденуге   тура   келеді.   Мысалы:     «Егер
кейіпкердің орнында сен болсаң не істер едің?» деген   сұрақты   оқушыларға қойғанда , олар бұл
проблеманы шешу үшін  өздерінің болжамын  айтып берді, ой қорытындысын жасады. 
Тірек сигналдық   оқыту жүйесі бойынша   көркем шығармаларды оқыту   барысында   оқушының
ішкі ойлауын   жетілдіпуге әсер ететін   семиотикалық   әдісті қолдану   тиімді.   «Семиотика» грек
тілінен аударғанда  «белгі» деген мағынаны береді.Дайын модельдер,  символикалық белгілер , тірек
сызбалар   көркем   шығарманың     мәнін   терең   түсініп,   оның   мазмұнын   жүйелеп   айтуға
көмектеседі.Бірте-бірте   оқушылар     тірек   сызбалардың   қарапайым     түрін   сызуға   ,   оқу   материалы
бейнеленген  тірек сызбалар арқылы  көркем шығарманың авторы  туралы тұтастай  мәлімет айтуға
дағдыланады.Сызба     арқылы     әрекет   ету   баланың     сабаққа   деген   қызығушылығын   тудырып,
кейіпкерлерге   мінездеме   ,   сипаттама     бере   білуге   ,   тақырыпты     кешенді   түрде   таңдай   білуге
мүмкіндік   алады.Мысалы:   мәтіндегі   кейіпкерлерге     тірек   сызба   арқылы   мінездеме   беру   ,   көркем
шығарманың негізгі  идеясына     тірек  сызба   құру    т.б  тапсырмаларын    оқушылар  өздері  бірлесе  ,
топтаса жасайды.  Сызба жұмысы ережелерді нақтылап , қорытынды жасауға тікелей ықпал етеді.
Шығармашылық тапсырмалар түрлеріне тоқтала кететін болсам, өз сабағымды өткізуде   кеңінен
қолданатын  тапсырмаларым мыналар:
Сыныптағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін   дамыту   мақсатында   «Қыз қызықтары»
тақырыбында оқушыларға тапсырма бердім.Оқушылар   қысқы     табиғатты суреттей отырып,   қыс
мезгіліндегі     табиғаттағы   ерекшеліктер,     демалыс   күндеріндегі   есте   қаларлықтай     қызықты
оқиғалары,  табиғаттағы серуенге шыққандағы   алған әсерлері жайлы  бірі өлең шығарса, бірі әңгіме
құрастырып жазды.Ал сурет салуға ерекше қабілетті оқушылар  қыс  мезгілі туралы сурет салып, өз
ойын жеткізе білді.
Ана   тілі сабағында   М.Дүйсеновтың «мен қалай торғай болдым?» әңгімесін оқыған кезде мен
оқушыларға «сендер  адамнан басқа  не болғыларың келеді?» деген сауалыма  олар өз ойларын шағын
әңгіме түрінде  жазды.
«Мен   егер көбелек болсам,  гүлден гүлге қонып, табиғаттың әсем көркін тамалар едім.мен өзімнің
жауларымнан   сыртқы реңім арқылы қорғана аламын.Мен барлық балалр жақсы көреді.Бірақ , мен
жаман баланың қолына тап болмасам екен.»      Әбдіреймова Ж
«Мен       бір   сәт     қыран   құс   болғым   келеді.Биіктен   самғап,   жерге   жоғарыдан   қарағанды
ұнатамын.Алыс-алыс   жерлерді   шарлағым   келеді.Қырандай   күшті,   епті   болуға   ұмтыламын.Шіркін,
менің арманым бір рет орындалса ғой.» Нағашыбаев Даниал.
Оқушылардың қиялы жүйрік, олардың армандыра өте көп.Әр сабақта олар өздеріне тапсырылыған
тапсырмаларды   ұшқыр қиялдарымен көркем орындауға тырысады.Олар әр сабақ сайын бұрынғы
жазған жұмыстарынан да  артық орындауға ұмтылады.
Сабақ барысындағы іс-тәжірибемді  қорытындылай келе  мынадай тоқтамға келдім:
-
Шығармашылық  тапсырмаларды қолдану арқылы баланың  пәнге деген қызығушылығы арта
түседі.
-
Оқушылардың білім сапасы  күн сайын артады.
208

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-
Балалардың   ойлау   қабілеттері   ,   шығармашылық   тапсырмаларды   орындауға   бейімдік
қабілеттері артып, дамиды.
   Шығармашылық оқушыны ізденуге  жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге , өзін өзгелермен
салыстыра   білуге     мүмкіндік     туғызады.Шығармашылық   жұмыстарды   белсене   қызығушылықпен
орындайтын  әрбір баланың өмірден өз орнын таба білетін, ойын еркін жеткізе алатын тұлға болып
қалыптасуына  мүмкіндік ашылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бастауыш білім журналы. №3. 2007 жыл
2. Бастауыш мектеп журналдары  №1,3.    2010 жыл
3. Тәрбие құралы журналы. №6.2010 жыл
4. Ана тілі оқыту әдістемесі.
5. С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова.     Алматы «Атамұра» 2011 жыл 
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда қаласы №171 Ғани Мұратбаев атындағы 
орта мектебінің қазақ тілі мен 
қазақ әдебиеті пән мұғалімі Аженова Эльмира
9 сынып 
Сабақтың тақырыбы:   Қыз Жібек жырындағы салт – дәстүрлер
Мақсаты: А) оқушыларға Қыз Жібек  жырындағы салт-дәстүрлер  туралы  мәлімет бере отырып,  
салт – дәстүрлердің  ерекшелігін,Ә) қазіргі  заманмен  салыстыра отырып ұйымдастыру.
Тәрбиелік:  Оқушылардың Қыз Жібек  жырындағы  талапкердің  мінез-құлқы, орынды іс-
әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, қамқорлыққа баулу;    Б) 
Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Көркем сөз айырмашылықтарын білгізу, 
өздігінен білім алуға баулу.
Көрнекілік:  Бейнетаспа, слайдтар т.б. Қыз Жібек пен Төлеген кітаптары 
Пәнаралық байланыс: Тарих,география,музыка
Түрі : жаңа сабақ
Әдісі: 1. Проблемалық оқу
Барысы: І. Ұйымдастыру  Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген:  Қыз Жібек жырын пысықтау
Сұрақтармен қорыту:
-
Қыз Жібек жырындағы кейіпкерлерді ата?
-
Қыз Жібек кімнің жыры?
-
Төлегеннің әкесінің аты кім?
-
Базарбай неше  үлынан айырылған?
-
Тқлеген қай  жердің қызына ынтық болды?
-
Қаршыға кім?
-
Сырлыбай  ханның  көші қайда көшіп барады?\
-
Төлеген  Жібекке қандай уәде береді?
-
Төлегеннің інісінің ат кім?
-
 Тқлеген кімнің  қолынан  қаза тапты?
-
Бекежанды кімдер өлтірді?
-
Хорен ханға  Қыз Жібек  қандай айла ұйымдастырды?
-
Хореннің тұлпарының аты кім?
-
Қыз Жібек  Сансызбай мен  Шегеге қосылып, қай  елге жол тартты?
-
Шеге жырда қандай бейнемен  көрінген?
 ІІІ Жаңа сабақ 1.Оқушылардың  назарын бүгінгі сабаққа аудартам.
Кіріспе сөз    
М.Шаханұлының  өлеңін оқу
...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен  қалқала.
Әр адамға  өз анасынан  басқа да,
Жебеп тұрар, демеп тұрар  арқада
209

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі таусылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске  алуға қаншама . . . 
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған
Қасиетті  бұл төрт  ана  тағдырының тынысы
Төрт ана үшін болған  күрес – күрестердің  ұлысы
Иә,  тағдырымыздың  тынысы болған төрт анасы қорғау елімізді қорғау, халқымызды  сақтау. Осы 
туған  жерімізді, Отанымызды, салт-дәстүрді сақтау үшін  қазақ  халқының  басынан небір  қиын  
сәттер, кезеңдер  өтті. Сол ата-бабаларымыздың  еңбегін  сақтап,  Отанымызды, тілімізді, елімізді,  
салт –дәстүрлерімізді, дінімізді сақтау біздің парызымыз.
Қазір біз өзімізді Қызылорда қаласының Қоғам Тв телестудиясына түсірілімде отырмыз деп  
есептейік. Мен жүргізушімін.        
             Оқушылармен ой бөлісу
-
Бірінші сауалым.
-Қазіргі заманда  Төлеген мен Қыз Жібек секілді  бойжеткен мен ер жеткен азаматтардың  бойынан 
асыл қасиеттер табыла ма?
-
Дәстүрдің озығы  мен тозығы дегенді қалай  түсінесіңдер?
-
Оқушылар жауабы
-
Ұстаздарға сауал қойылады.
Иә, рас қай халықты алсақ та, олардың өзіне тән  тұрмыс тіршілігі , күн көрісі, әдет-ғұрпы, салт-
санасы болатынын білеміз.  Қоғамдық өмірінің, экономикалық  жағдайларының  ілгерілеп дамуымен  
байланысты  халықтың  тұрмыс күйі,  әдет-ғұрпы, салты, сана сезімі дүниеге көз-қарасы т.б. біртіндеп
өзгеріп отырады. Сөйтіп бір заманда  туып, біртін келе  көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі бір 
жүйеге қалыптасқан  дағдыға  айналған тұрмыс –тріршілік әдет-ғұрып салт- сананың алғашқы 
мазмұны біртіндеп ескеріп заман талабына сай жаңа мазмұнға ие бола бастайды. Осыған орай ауыз 
әдебиеті оның ішінде  тұрмыс-салтқа байданысты түрі де дамып өзгеріп отырған. 
-
Балалар тұрмыс салт-жырларының қандай түрлері бар?
-
Үйлену салтына байланысты қандай  жырлар бар?
-
Көңіл күй білдіретін өлең жырлардың қандай түрлері  бар?
Топпен жұмыс 
Оқулықпен жұмыс жасау
І топ     Падишадан кем емес ер Төлеген келбеті         51 бет
ІІ топ    Ақмарал атым Жібек ... 56 бет
ІІІ топ   Қаршыға мен Шеге  58 бет 
 
(оқушыларға  мазмұнын ашып айтқызып, ой-пікірін тыңдау)
 
Шығармашылық жұмыс
І топ.    Үйлену салтына байланысты айтылған өлен жырлардың жастар тәрбиесіне ықпалы (мәтін 
жазу)
ІІ топ      Өлеңмен жер қойнына кірер денең    (Абай)                           (Эссе жазу)
ІІІ топ.     «Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен, 
                 Ойласаңшы,  бос қақпай елең селең»  (Абай)                        ( ой толғау)
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары  тыңдалып,  сұрақтар қою барысында ойларын 
жинақтау.    
ІІ. Бейнетаспа көрсетіліп, оқулықпен бейнетаспаны салыстыру.                           Қорытынды           
Міндетті деңгейлік сұрақтар                                                                                                   Жырдағы 
салт –дәстүрлерді ата :                                                                                                           1. «Беташар», « 
Жар-жар» жырларында қандай тәрбиелік мәселелер  сөз болады?                       2. Қоштасу, жоқтау  
өлеңдернің тақырыптарын және тәлімдік мәнін  ажыратыңдар.                          Мүмкіндік деңгейлік 
сұрақтар                                                                                                 1.Төлегеннің қазасы, оның әуеге 
210

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұшқан алты қазбен қоштасуын  жырдың қай түріне жатқызамыз?                                                                
2.Одан Төлегеннің қандай жан өксігін, жан ізігілігін танып білдіңдер?                              3.Жібектің 
Сансызбаға қосылуына қалай қарайсыздар? Оның түпкі тамыры неде?                      4. Менің сабақтан 
алған әсерім?                                                           
               Бағалау  Оқушылардың білімін 
бағалау.                                                                                      Үйге тапсырма   1.Қыз Жібек – 
адамгершілік пен адалдықтың,  ақылдылық пен парасаттылықтың символындай  асқақ тұлға 
(шығарма жазу). 2.Ұйқас түрлеріне талдау жасау.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылы № 37 орта мектептің 
ІІІ деңгейлі информатика пәі мұғалімі 
Есенкулова Нурбина Маратовна  
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ  
бойынша есеп бір рефлексивтік есеп (2000 сөз)
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру
курстарының   бағдарламасынан     күтілетін   нәтижелер   оқушылардың   қалай   оқу   керектігін   үйреніп,
соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни
пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық
технологияларда   құзырлылық   танытатын   оқушы   ретінде   қалыптасуын   қамтиды.   (МАН,6   б)   Осы
курстың   бағдарламасының     мазмұнына   тоқталсақ,   берілген   модульдер   біртұтас   кешенді   сипатта
ұсынылған:

Білім берудегі жаңа тәсілдер;

Сыни ойлауға үйрету;

Оқуды және оқу нәтижелерін сыни бағалау;

Оқу тәсілдерін жетілдіру үшін оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды және
сандық жүйелерді пайдалану;

Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу;

Оқушылардың   нақты   жас   топтарында   оқытудың   психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері;  

Орта білімдегі басқарушылық пен көшбасшылық (МАН,12б)
Тәжірибе   кезеңіндегі   тізбектелген   сабақтар   топтамасының   бірінші   сабағын   7   “А”   сыныбында
Компьютердің негізгі құрылғыларының    міндеттері  мен  мүмкіндіктерітақырыбындажоспарладым.
Себебі   ең  алғашқы  сабақта  сәтсіз  тұстарым   көп болатындықтан  нәтижесін түзете   отырып,  келесі
сабақтарымда   сол   сәтсіз   тұстарымды   болдыртпау   мақсатында   алдым.Бұл   сабаққа     мен   мынадай
мақсат қойдым. Оқушылар дербес компьютермен танысады. Компьютердің негізгі     құрылғылары
процессор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан қызметтерін біледі. Бірлесіп жұмыс жасауға, талдау
жасауға үйренеді.  Кеңейтілген тапсырмалар арқылы оқыта отырып өз бетінше оқуға машықтанады.
Сыни тұрғысынан ойлауға, өз бетінше оқуға үйренеді.
Біріншіден сыныпта ыңғайлы атмосфера қалыптастыру үшін парталарды екеуден біріктіріп, бес-
алты орындыктан қойып,   топтасып жұмыс жасау үшін дайындап алдым. Сыныптағы оқушыларды
топқа   бөлу   әр   түрлі   түстерді   гүлге   ұқсас   етіп   партаға   қойдым,   оқушылар   сол   түстерден   өзіңнің
табиғатыңа жақынын,  ұнағанын таңдап алды. Топқа бөлуде М және Н есімді екі оқушымда бір түсті
таңдап, келіспей  қалды: 
Мұғалім
-
«М» есімді оқушыға  неге саған көк түсті таңдамасқа? 
Мұғалім 

Ол түс біздің елімізде ненің символын білдіреді?",- деп ашық сұрақты сынып
оқушыларына жалпы қойып едім. 
А есімді
-
көк аспанның, байрақтың түсі,
Ж есімді 
-
тәуелсіздіктің, егемендіктің символы, - деген жауаптар берілді. Содан соң «М»
есімді қыз үлкен мақтанышпен көк түсті алды.
Оқушылар болса өздерінің тарапынанменімен бірге тәжірибе жасауға, жаңа әдіспен жұмыс жасауға
дайын  екенін  айтты.   Сабағымның  барысында   («Үндемей  қалмау»  ойыны,     «Жаңа   сабақ»  айлағы,
«Мәтінді   оқы»,   «Сиқырлы   қалам»,   «Сергіту   сәті»,   «Бағалау   критерилеріне»)     негізделіп
211

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұйымдастырылған бұл сабақтың маңыздылығы сабақ барысында ашыла түсті. Ендігі кезекте топта
өздерінің рөлге қалай бөліну керектігін түсіндіріп өттім.  Сабақты жеңіл бастау үшін оқушыларға
АКТ-ны   қолдана   отырып   сергіту   сәтін   интербелсенді   тақтада   видео-ролик   көрсету   арқылы   дене
жаттығуларын жасатуды ұйымдастырдым. 
О есімді оқушым     - 
Апай, енді күнде осылай сергіту сәтін жасап отырайықшы деп, К есімді
-   Күнделікті бойымызды кішкене сергітіп отырсақ, топта   шаршамай жұмыс жасаймыз, - деп өз
пікірлерін айтты.Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі мен үшін құнды. Болашақта сергітудің
оқушыларға қажеттілігін ескере отырып, түрлендіре отырып, қолданамын деп шештім.
Осы   мақсатқа   сүйене   отырып   сабағымды   бастап   кеттім.  Өткен   тақырыпқа   шолу   мақсатында
интербелсенді   тақтада   тест   жұмысына   пайдаландым.   Бұл   мини-тесттің   тиімділігі,   оқушылар   ой
қозғай   отырып,   өтілген   тақырыптарды   пысықтайды.   Тапсырманы   орындауда  оқушылар   интер
белсенді   тақтамен   жұмыс   жасауға   қалыптасады.Жаңа   тақырыпты   ашу   мақсатында   оқушыларға
«сиқырлы қалам» әдісімен, «Үндемей қалмау» ойынында ашық және жабық сұрақтар қойдым. 
Мұғалім - Балалар дербес компьютер дегенді қалай түсінеміз? 
А - Ойын ойнауға, кино көруге болады, апай
Мұғалім - Ой, шіркін! Жарайсын! Компьютермен ноутбуктің айырмашылығы неде деп ойлайсын –
деп түрткі сұрақ қоя отырып керібайланыс жасадым.  
А - Өзіңмен бірге алып жүруге жеңіл, ток көзінсіз, аулада отырып та жұмыс жасауға болады деп
топтағы көшбасшы жауап айтты.
Мұғалім - Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыпқа көшейік, - деп интерактивті тақтада 7 сыныпқа
арналған   электрондық   оқулықты   пайдаландым.   Тақтада   жаңа   тақырып   бойынша   жасалған
таныстырылымды оқушылар қызықтап көріп-тыңдады. Содан соң тақырыптағымәнмәтінді Джигсо 1
әдісімен   бөліп   оқуға,   топта   талқылауға   10   минут   уақыт   бердім.   Оқулықпен   жұмыс   жасауда   топ
мүшелері ұйымшылдық таныта білді. Себебі, бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір
оқушы   өз   топшылауын,   өз   пайымдауын   білдіреді,   өзіндік   дәлелдер   келтіреді,   басқалардың   ой
түйіндерін   сынайды,   олардың   мәнді   –   мағыналы   жақтары   жөнінде   өз   пікірін,   өз   тоқтамын
тұжырымдайды.  Осы   сәтте   берілген   мәнмәтінді   оқи   отырып   жаңа   тақырып   бойынша   ойларын
дәптерге түртіп отырды. Оқушыларға сикырлы қаламды ұсына отырып, сыни сұрақ қойдым.
Мұғалім: - Сендер қалай ойлайсыңдар,  компьютерді әмбебап компьютерге жатқызуға бола ма?
Н есімді - Ия, апай ол өте тиімді, қажет, әмбебеп құрал.
К есімді -  Қазіргі заманда компьютер арқылы да үйден тыс отырып басқаруға болады ғой.
А есімді  - Компьютермен басқарылатын роботтарды да ойлап  тапқан.
Б есімді -    1 секунд ішінде алыстан жедел хабарламалар алып, хат алмаса аламыз.
Мұғалім - Жарайсындар, мұндай ақпаратты сендер қайдан алдыңдар? 
О есімді  - Теледидардан, интернеттен деп жауап берді.
Мұғалім- Керемет, бәрекелді – деп, жаңа тақырып бойынша ойларын кеңейту үшін әр топқа постер
мен  фламастер, желім, стикер тараттым.
Сұрақты дұрыс қоя білсек, балалар ұтымды ой айтады. Ойдан ой туындап баланың миы белсенді
жұмыс істейді.
Олай болса,  сендер постерде «дербес компьютер мен құрылғыларының туралы не білесің, олардың
міндетін ашып, әрбір құрылғының мүмкіндіктерін зерделеп жасау керектігін айттым. Талқылауға 5
минут, постер жасауға 10 минут уақыт бердім. 
Әр топтың жұмыс жасау кезінде берілген   тапсырмада  сыни  ойлау  жүрді деп ойлаймын. Себебі
оқушылар талдау жасап жатқан кезде бірінің пікірімен   бірі   келіспей   жатқан   жерлеріде болды.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес топта зерттеушілік әңгіме жүрді.Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме -
мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі
деп айтқан.
 Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынып, бір – біріне қарсы сұрақтар қойды. Қарсы пікір болған
жерде оқушымен оқушы арасында диалог болады.Айтқандарын дәлелдеп, топта келісімге келді.
Оқушылар топтық жұмыс жасауда, постер арқылы тұжырым жасай отырып, белсенділік танытты.
Постермен жұмыс орындауда «Қ» есімді ұяң оқушымның сурет салуға  дарындылығы көрініс тапты.
Постерді әдемілеп әрлеуге белсенділігі өзіме қатты ұнады.Фриман зерттеуі бойынша бұл баланың
бойынан өз білімін жетілдіру, өзінің  ойын сурет арқылы басқалардан ерекшеленгенін байқадым. 
Мен оқушылардың деңгейіне байланысты жұптастырғанда бірі жақсы оқыса, бірі нашарлау оқитын
212

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
оқушымен   қатар   жұптастырып   орындауына   ықпал   жасадым.   Бірлесіп   жұмыс   жасау   арқылы   да
оқушылар  өздерімен-өздері ой бөлісіп, талқылауына, бірінің білмегенін бірі айтып түсіндіруіне көп
көмегі бар екен. 
Әр   топтың   көшбасшысы   мен   баяндаушына   сиқырлы   каламды     ұсынып,     постерлерін   қорғауға
шығуын   өтіндім.   Үш   топта   ойларын   корытып   нақты   дәлелдемелермен   қорғай   білді.Эстетикалық
талғамға сай дайындаған постерде болды.
2 – топтағы Н есімді оқушы топта баяндамашы қызметін алған екен, ол топ төрағасы А есімді
оқушымен бірге бірлесіп жасаған постерлерін алып, ортаға шықты. Ол меншілдікке салынбай постер
жасауда   кімнің   идеясы   маңызды   болды,   кім   әрлеу   жағына   белсене   ат   салысты,   басқада   топ
мүшелерінің топта белсенділік танытқанын ашып айтты.
Н есімді - біз барлығымыз топта бірігіп жұмыс жасағанымыз ұнады  - деп постерін қорғай жөнелді.
Топта   ынтымақтастық   атмосферасы   өрбігенін,   олардың   топтық   жұмыс   арқылы   өзін-өздері
реттелгені көрінісін тапты. Барлық топтың жұмысында байқағаным еркіндік болды, бір-біріне барып
әр топтың постерін сынап, салыстыру жасап жатты.
Осы сәттеоқушыларға 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы топтық жұмысты бағалауларын өтіндім. 
Ф -  Апай,  бұл  топпостерлерінің мәнін ашып,   ойларын жақсы  жеткізді.  Біірақ  болашақта   сурет
салуда ашық бояуларды қолданып, жиектерін  сәндеген болса деп ұсыныс айтқым келеді.
Мұғалім - жарайсын, ұсынысты қабылдаймыз ба? Жақсы, ал мына 3 топ жасаған жұмысты қанекей
кім бағалайды екен?
Бұл   постерде   ережеге   нақты   жауап   көрсеткен,   эстетикалық   талғамға   сай   жасалыпты.   Осы
жердеМерсер мен Фишердің зерттеуіндегі оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды
бермеу,   өзі   орындалатын   тапсырманы   беру   барысында   үлкен   нәтижеге   қол   жеткізетіндігіне   көзім
жетті.
Құзыреттілік   тапсырма   беру   барысында   оқушыларға   топта   «Эссе   жазу»   арқылы     жеке   жұмыс
жасалды. Онда компьютердің негізгі және қосымша бөліктерін атап, қызметтері мен мүнкіндіктерін
ашып   жазу   болатын.   Т.   есімді   оқушының   танымдық   қабілеті   кең   ауқымды   екенін   байқадым.   Ол
ерекше шеңберден шығып, өзінің дербес компьютерді жақсы пайдалана алатынын, ойын жазып қана
қоймай   ауызшада   жауап   бере   отырып   топта   көшбасшы   екенін   айқындады.  Құзырлы   оқытудың
маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай
алуы болып табылады.(МАН, 8-бет)
Мұғалім - Ал, балалар Т. есімді оқушыны қалай бағалайсыңдар? – деп едім, олар қол соғу арқылы
баға берді. 
Берілген   тапсырмалар   мен   іс-әрекеттер   оқушылардың   жас   ерекшелігіне   сай   ұйымдастырылып
отырды. Әр топ бірлесе отырып, осы сұрақтар топ ішінде талқылады. Мені таңғалдырғаны талқылап
болғаннан  кейін  топ  ішінен  үнемі   назардан  тыс   қалатын   оқушым   шығып,   сұрақтарға   ерекше   бір
сезіммен жауап берді. Ынталандыру мақсатында ол оқушыға 2 гүл шоғын ұсынып мадақтау айттым. 
Дегенмен де, оқушылардың топтық жұмыс барысында әр оқушының сыни тұрғыдан ойланудың
арқасында   тұлғаға   сипаттама   бере   отырып,   өз   ойларын   ортаға   салды   және   оқушылардың   сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын
тәптіштеп   түсіндіруге   шалағай,   талданған   мәселелерден,   баяндалған   тақырып   мазмұнынан   тиімді
байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын. 
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде
мұғалімдер оқушыларға білім беруде тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. Жеке тұлғаға
бағытталған оқыту мен оқушыларды бағалаудың жаңа әдістері оқушының білімге деген құштарлығын
арттырады, ынтасын жоғарылатады (МАН,48 бет).
Диалогтік   оқыту бұл сабақта белсендірек,   балалар үшін қызықты және маңызды роль атқарды.
Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою
арқылы мұғалім:
-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 
-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
-білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
-оқушыларға білімін қалыптастыруға көмектеседі;
-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
-оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
213

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
-әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға  көмек
береді, іс - әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
-білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді
анықтайды. (МАН 41 бет)
Сабақ   барысында   формативті     бағалауды   жүргіздім.   Бағалау   топ   басшысының   әр   топ   мүшесін
белсенділігіне қарай бағалауы және мұғалімнің сабақ барысында бақылау арқасында түртіп алу әдісін
пайдалану   арқылы,   дара   оқушыларға   жеке   тапсырмалар   беру   арқылыжүрді.       Осы   жерде
оқушылардың өзін - өзі бағалауы, топ ішінде бағалауы өз - өздерін реттеуге, өз бағасын мойындап,
әділ бағалауды, баға үшін бір – біріне ренжімей түсіністікпен қарауға дағдыланды.  Сабақ барысында
барлық   топта   белсенділік   танытып,   құмыраларына   гүлдерді   жинай   алды.   Оқушылар   кұмырада
жинаған гүлдердің санын айтып, өздерінің шынайы бағасын біліп,   болашақта мұғалімнің қойған
балдық бағасына оң көзбен қарайтын болады деп үміттенемін. 
Топта көшбасшы болған оқушылар сұраққа нақты жауап беруге тырысты. Ал, кейбір оқушыларыма
сұрақ қойып, жауап аларда кідіріс бермегендігім сәтсіз жерім болды. Қате жауаптар да болды, бірақ
олардың көңілдерін түсірмей дұрыс емес деп айта алмадым. Қателерін өздеріне табуға мүмкіндік
беріп, кішкене жауабыңды толықтырып жіберші деп кідіріс жасадым.  
Харгривс пен Гэлтонның тұжырымдарына сүйенетін болсақ, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін кідіріс
жасаумен   қатар   сұраққа   жауап   алғаннан   кейін   де   кідіріс   жасау   қажет   екені     атап   көрсетілген.
Ойлануға берілген уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын
түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға  мүмкіндік береді. Сонымен қатар уақытпен де санасуымыз
керек- жабық сұрақтармен қатар оқушыларды барынша ойландыратын ашық сұрақтар да қойылуы
керек. Осы ашық сұрақтар арқылы оқушылар терең ізденіп, жауап беруге тырысады. 
Жаңаша   оқыту   әдісін   қолдану   әріптестер   тарапынан   қызығушылыққа   ие   болды.     Жаңа   әдіс-
тәсілдерді сабақ үрдісінде пайдалана отырып,табиғатынан тұйық өз ойын жеткізуге шалағай,өздеріне
сенімсіздеу оқушылардың білімділік, шығармашылық қасиеттерін дамыту. Оқушылар сабақты жақсы
көңіл-күймен аяқтады.
Қорыта айтатын болсақ, сабақ қызықты да тартымды өтті ме, не білдің? не үйрендің? нені білгің
келеді? деп жасалған критерий сұрақтарын шығу парағыда көрініс тапты деп ойлаймын. Олардың
нәтижесін қорытып, келесі сабағымда қандай әдістерді қолдансам болатынын байқадым.

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал