Серия философия серия культурология


АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖƏНЕ МƏДЕНИЕТ



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата04.02.2017
өлшемі2,63 Mb.
#3364
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖƏНЕ МƏДЕНИЕТ 
 
Көптеген  зерттеушілердің  ойынша  адамзат-
тың  ақпараттық  қоғам  кезеңіне  өтуі  адамзат 
тарихындағы  ең  ұлы  бетбұрыстардың  бірі 
болды дейді. «Ақпараттық қоғам» концепциясы 
əр  зерттеушілер  көзқарасы  бойынша  əртүрлі 
нұсқада  болды.  Атап  айтсақ  осы  «ақпараттық 
қоғам»  түсінігін  зерттеген  белгілі  ғалымдар 
Р.Айрис,  Д.Белл,  У.Дайзард,  М.Кастельс,  Дж. 
Мартин,  Э.Тоффлер  т.б  ғалымдар  түрлі 
нұсқаларын ұсынды.  
Қазіргі  таңда  коммуникациялық  ақпарат 
ауқымы  ғана  кең  емес,  өзінің  көлемі,  бағыты, 
мазмұны  жағынан  да  жан-жақты  дамыған. 
Былай  дамуы  ақпарат  көбейгенінен  ғана  емес, 
сонымен қатар əртүрлі салалар пайда болуынан 
қарым-қатынас  табиғаты  өзгеруі  арқылы  жан - 
жақты  дамыған.  Бүгінде  тұлғааралық  байланыс 
техникамен  яғни  телевидение,  интернетпен 
байланысты,  ал  ақпараттық  ағым  бүкілəлемде 
адам  қайда  тұрғанына  қарамай  байланыстыра 
алады.  Осы  жерде  мəдениет  ақпараттық  қор 
ретінде  тұр,  яғни  қоғам  қолданар  бар  ақпарат-
тық  ағым  мəдениеттің  дамуымен  байланысты. 
Бұқаралық  үрдістер  мəдениет  түрімен  анық-
талады,  ал  коммуникация  мəдениет  дамуын 
бейімдеп,  бағыттап  отырады.  Коммуникация 
деген  сөз  латын  тілінен  аударғанда  (лат. 
«communicare»-біреумен 
кеңесу) 
байланыс 
дегенді  білдіреді.  Ол  «ортақ  етемін,  байла-
ныстырамын,  сөйлесіп-пікірлесемін,  қарым-қа-
тынас  жолы,  бір  орынның  екінші  жақпен  бай-
ланысы;  сөйлесу,  ақпарат  беру»  дегенді 
білдіреді [3]. 
Əр  мəдени  кезеңде  өзіне  тəн  бұқаралық 
жүйе  түрі  болады.  Бүгінде  жаңа  ақпараттық 
технология  дамуы  əлемдік  қауымдастықтың 
өмірлік факторын анықтап береді. Желілік жəне 
сандық  интеграцияға  негізделген  бұқаралық 
жүйесі  қазіргі  мəдениеттің  барлық  ауқымына 
таралып  ақпараттық  алмасуды  қызықты  да 
сапалы  ете  алады.  Бірақ  осы  үрдістің  барлығы 
қоршаған  əлем  құрылымын  неғұрлым  қиында-
тып  адамзат  аралық  қатынасты  «виртуальды 
шынайылыққа»  сай  қалыптастырады.  Көптеген 
елдер  өз  мəдениетінің  базалық  негізін  жаңа-
шаланған  технологиямен  біріктіре  білді.  Атап 
айтсақ, олар Азия жеріндегі жаңа индустриалды 
елдер  атап  айтсақ  Жапония,  Оңтүстік  Корея, 
Тайвань, Малайзия т.б елдер.  
Қоғамның  əлеуметтік  дамуына,  адамзат 

166
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
қоғамына  ақпараттық  үрдістің  үлкен  маңызды 
əсері бар жəне оған күдіктің де болмауы заңды. 
Мысалға  ауызекілік  ақпаратта  қоғамды  дамы-
тушы рөлін тіл, ақшаның түрлері, əрекет (мента-
литет)  атқарады.  Осы  жағдайдың  барлығында 
алгоритм  кодына  тоқталғанымыз  жөн,  яғни 
дыбыс  (немесе  символ)  жəне  құрал  (немесе 
əрекет) байланысын айтып өткеніміз жөн [3]. 
Ақпараттану  идеологиясы  бүкіл  əлемді 
компьютерлік  желінің  торына  айналдырған 
ақпараттық  технологиялардың  күрделене  əрі 
жедел 
дамуының 
арқасында 
ақпараттық 
мəдениет  феноменін  дүниеге  əкелді.  Қазіргі 
заман  мəдениетін  басқашалай  ақпараттық 
мəдениет  деп  те  атайды.  Өйткені  қазірде 
ақпарат  қоғам  өмірінің  маңызды  элементі 
болып, адам өмірінің барлық саласына əсер етіп 
отыр. 
Бүгінде  келесі  өркениеттік  даму  техноло-
гиялық  бағытта  болары  сөзсіз. «Ақпараттық 
қоғам»  түсінігі XIX ғасырдың 60-жылдары 
Жапон,  АҚШ  елдерінде  бір  мезетте  пайда 
болады  жəне  бұл  түсініктің  мақсаты  адамзат 
дамуына  білімнің  əсерін  зерттеу  болатын. 
Қазірде  қоғам  мен  оның  дамуын  жан  жақты 
көрсетіп  берер  өндіріс  емес  білім  дамуы  жəне 
соған негізделген технология. 
XX  ғасырдың 80-ші  жылдары  Жапон  елінің 
белгілі  əлеуметтанушысы  Й.Масуда  өзінің 
«Ақпараттық  қоғам  постиндустриалды  қоғам 
ретінде» атты еңбегінде қоғамның жаңа түрінің 
пайда  болғанын,  яғни  тұлға  дамуының  барлық 
түрлері  атап  айтсақ  білім,  кəсіби  өсуі, 
эканомикалық  дамуы,  саяси  белсенділігінің 
қолдануы  т.б  қасиеттері  ақпараттық  ортада 
қалыптасады  деп  айтып  өтеді.  Ақпараттық 
қоғамды  саралай  келе  Й.Масуда  ақпаратты  бір 
жағынан  эканомикалық  деңгей  деп  қарастырса, 
екінші  жағынан  əлеуметтік  мəдени  өмір 
саласының  ауқымды  дамуын  қалыптастырушы 
қоғамдық пайда деп бағалайды. 
Көптеген тарихшы, философтардың ойынша 
ерте  кезден  бастап  адамзат  руханилықты, 
мəдени  руханилықты  дамытуды  негізге  алса, 
яғни  басқалай  айтсақ  əлемдік  руханилықты 
тануға  біте  қайнасып  кетсе  (дəл  осындай 
сарында  көне  діндерінің  негізгі  идеологиясы 
болған)  онда  əлем  қазіргідей  экологиялық 
апаттарды,техникалық өркениет кесірінен болар 
зияндарды  білмес  еді.  Бірақ  еуропалық  адам 
басқа  жолды  таңдады.  Оларға  əлемді  тану 
қажеттігі  басым  болып  тұрды.  Осының 
кесірінен  еуропалық  мəəдениет  О.Шпенглер 
ойынша «фаустық» бейнеде болып  қалды. Ерте 
кезден  адам  өз  күшін  көрсетуде  қолына  құрал 
алып өзін жоғалтып алды [1]. 
Ақпараттық  қоғам – бұл  ақпараты  жəне 
деңгейі  арқылы  қоғамдағы  эканомикалық 
дамуымен  əлеуметтік  мəдениетті  өзгеріске 
енгізер  социум.  Ақпараттық  қоғам  ол  өмірдің 
барлық  жақтарын  қамтиды.  Мысалға  техника 
саласында  ақпараттық  технология  арқылы 
өндірістік,  эканомикалық,  іскери  өмірге,  білім 
жүйесіне  өзгеріс  енгізеді,  эканомикалық  салада 
ақпарат  тауарға  айналады,  əлеуметте  адам 
өмірлік  сапасын  өзгертер  негізгі  фактор  болса, 
саяси  салада  қажетті  ақпарға  еркін  қолжету,  өз 
ойын  еркін  алмастыру.  Ал  мəдени  салада  ақпа-
ратты  қолдану  арқылы  қажетті  құндылықты 
өзгерту  жəне  жаңа  қоғам  қажетіне  бейімдеу 
болып табылады. 
Ақпаратты  қоғамда  жанұяның  жаңа  түрі, 
жұмыс  стилі,  жаңа  саяси  формалар,  эканомика 
жəне  таным  түрлері  пайда  болды.  Əлем 
қолданыстағы машина болуын қойып танымдық 
қажеттілікті  үнемі  дамытушы  жаңа  көзқарас-
тарға  толды.  Үшінші  толқынның  символы 
ретінде  жалпылық,  тұлғалық  анықтық  жəне 
адами  технология  танылды.  Мұндай  қоғамдағы 
негізгі рөлді ғылым, білім жəне қызмет көрсете 
алды.  
Белгілі  ғалым  Д.Белл  адамзат  тарихын  үш 
кезеңге  бөледі  атап  айтсақ  индустриалдыққа 
қоғамға дейінгі кезең, индустриалды кезең жəне 
ақпараттық  қоғам.  Сонымен  қатар  əр  кезеңнің 
өзіне  тəн  ойындары  болды,  атап  айтсақ 
индустриалды  қоғам  кезеңіне  дейінгі  өмірде 
адам  мен  табиғат  арасында  ойын  болды  яғни 
адам  өз  қажеттігін  негізінен  жерден,судан, 
орман  т.б  табиғи  заттардан  алып  отырды,  ал 
индустриалды  қоғамда  адам  мен  жасанды  орта 
арасындағы  ойын  болды,  яғни  адам  өз 
қажеттілігін  тауар  өндіруші  машиналардан 
алды.  Ал  ақпараттық  қоғамда  ойын  адам  мен 
адам  арасында,  яғни  (мысалға  дəрігермен 
емделуші,  оқытушы  мен  оқушы  т.б  арасында) 
болды. Осыдан келе табиғат адам қажеттілігінен 
де  күнделікті  өмірінен  де  бірте-бірте  ығыс-
тырылды. Адамдар бір бірі арқылы өмір сүруге 
бейімделуде.  Бұл  қоғам  тарихында  Белл 
ойынша жаңаша өмір сүру түрі.   
Компьютерлік  төңкеріс – өндірісте  ғылым 
мен техниканы көлемді қолдану арқылы адамзат 
дамуындағы өзгеріс пен өндірісті арттыру күші. 
Бүгінде  əлем  үлкен  технологиялық  өзгеріс 
кезеңінде тұр. Бүгінде адам өміріндегі жағдайды 
толыққанды өзгертер бұқаралық байланыс жаңа 
өркениетті тудырды. 
Ақпарат  арқылы  əлемде  жаһандық  бəсе-
келестік  дəуірі  туып  келе  жатыр.  Бұл  дегеніміз 
этникааралық  жəне  геосаяси  қақтығыстардың 
жаңа  түрі.  Ақпарат  əлеуметтік  фактор  ретінде 
бүкіл  əлемнің  үшінші  толқынға  өтуін  теңестіре 
алмайды.  Əлемде  бай  күшті  елдер  мен  əлсіз 
елдер  арасында  үлкен  деңгейдегі  теңсіздік 
орнайды. 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
167
 
XX 
ғасырдың 70-жылдары 
соңында 
Э.Фромм  ақпараттық  патшалықтың  құрылу 
мүмкіншілігін  айтқан.  Ақпараттың  өзі  ақпарат-
тық  қысым  мен  зорлықтың  құралы  болады  деп 
ойлаған.  Ақпараттық  құралдармен  қаруланған 
жаңа 
саяси 
технологиялар 
адам 
ойын 
қалыптастырып,  қоғам  танымын  басқара  алған. 
Ақпараттық  технология  мүмкіншілігі  арқылы 
барлық  қоғамдық  өмірді  түбегейлі  өзгертуге 
мүмкіншілік болған. 
Адам  ақпараттық  кеңістікте  өмір  сүре 
алама?  Қазірде  бұл  сұрақ  жауабына  яғни  адам 
психикасына  жаңа  технологиялардың  оңтайлы 
əсері  бар  деген  сарында  нақты  зерттеулер 
көзқарастар  жоқ,  керісінше  көптеген  зерттеу-
шілер  көрсетуі  бойынша  компьютерлендіру 
адам  табиғатына  сіңісіп,  адами  сананы 
өзгертеді.  Эмоционалды  əлемнен  бейхабар 
адамдар  пайда  болады.  Бұларға  баға  берер 
болсақ 
олар 
компьютеризация 
кезеңінің 
балалары. 
Соңғы  жылдары  ақпараттық  қоғамға  қатыс-
ты  көптеген  зерттеулер  пайда  болды,  соның 
біріне тоқтала кетер  болсақ, «ақпараттық қоғам 
адами 
табиғатты 
бұзып 
оның 
даралық 
жалпылығын  шектеп  адамды  бұза  алады» 
дегенге саяды [2]. 
Адамзат қоғамына ақпараттық түсінігі пайда 
болғаннан  бері  көптеген  өзіне  тəн  терминдері 
ұғымдары  пайда  болды,  соның  бірі  виртуальды 
шынайылық.  Виртуальды  шынайылық  (лат. 
vіrtus – ақиқат) — компьютерлік  техниканың 
негізінде  кеңістіктік-уақыттық  континуумды 
адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа əлемді, жаңа 
шындықты – қолдан  жасалған  құрылымды 
қалыптастыру 
нəтижесі. 
Виртуальды 
шынайылық 
сөздің 
тар 
мағынасында 
“электронды  көзəйнек”  киіп  алғаннан  кейін 
пайда  болатын  ойындық  немесе  техникалық 
қажетті  жасанды  шындыққа  жатады.  Бұл 
жағдайда  сана  компьютер  құрастырған  мүмкін 
əлемге  енеді,  онда  виртуалды  түрде  көріне, 
сезіне  жəне  əрекет  ете  алады.  Сөздің  кең 
мағынасында  виртуальды  шынайылық – бұл 
сананың  кез  келген  өзгертілген  түрлері: 
жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық 
масаңсу,  гипноздық  қалып,  наркоз,  ұзақ  уақыт 
тар  кеңістікте  қалған  адамдардағы  психикалық 
өзгерістер  (түрмедегілер,  су  асты  кемелеріндегі 
т.б.).  Виртуальды  шынайылықта  ұзақ  болу 
дереализация  эффектін  тудырады.  Былай 
айтқанда  адам  нақтылықпен  шынайылықты 
ажыратудан 
қалады. 
Мұндай 
бұқаралық 
технологиялар 
адамды 
абсурд 
əлеміне 
тоғытады. Ол өзін қалайда болмасын екі əлемде 
сезінуі  қажет  содан  келе  тұлғалық  «ыдырау» 
пайда болады.  
Жалпылай  алғанда  тарихқа  көз  жүгірте 
қарар  болсақ  əр  кезеңнің  өзіндік  ерекшеліктері 
болды,  мүмкін  ол  заман  талабының  заңдылығы 
болар.  Мысалға  алар  болсақ  аграрлық  заманға 
дейінгі  кезеңде  адамзат  соқа  кетпен  тағы  басқа 
құралдар  ойлап  табуы  жаңашылдық  болды,  ал 
индустриалды 
кезеңде 
адамзат 
жұмысты 
жеңілдетер,  тауар  өндірер  машина  техника-
ларды  ойлап  тауып  оған  керемет  жаңашыл-
дықпен  қарағаны  сөзсіз,  ал ақпараттық  қоғамда 
адамзат  «айшылық  алыс  жерлерден  жылдам 
хабар  алғызып»  заманның  қазіргі  талабына  сай 
жаңашылдығын  күнделікті  өмірге  енгізді.  Ал 
болашақта  қандай  жаңашылдық  енгізері  адам-
заттың  өзіне  байланысты,  сондықтан  оғанда 
заман талабы деп қарайық. 
 
_____________ 
  
1.Мудрик  А.И.  Информационное  общества  и  его 
культура. – 2008. – 8 б. 
2.Белл Д. Грядущее постиндустриальное общество 
– М., 1999. – 38 б. 
3. Гуревич А. Культурология. – 2002. – 343-349 б.  
 
 
 
 
 
А.С. Байжуманова 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МƏСЕЛЕСІ 
 
Бүгінгі  күні  экологиялық  мəдениеттің 
қалыптасу  мəселесінің  маңызы  артуда.  Бұл 
мəселенің  аса  мəнділігін  əлемдік,  халықаралық 
көлемде өтіп жатқан айтулы шаралар мен саяси, 
экономикалық, əлеуметтік бағдарда қабылданып 
жатқан құжаттар айғақтайды. 
Ян  Щепаньский  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін 
белгілі  бір  идеялар  болатындығын  жəне  бұл 
идеялармен  құндылықтар  жүйесі  байланысты 
екендігін,  олар  өз  кезегінде  топтың  жəне 
индивидтің  іс – əрекеті  мен  мінез – құлқын 
анықтайтынын айтады. Барлық бұл жиынтықты 
мəдениет деп атайды. 
Экологиялық 
мəдениеттің 
мемлекеттік 
деңгейде  қалыптасуы  қазіргі  жəне  келешек 
ұрпақтың  өмір  сүру  ортасын  қолайлы  жасау 
негізінде  мемлекеттік  бағдарламамен,  заңды 
нормалармен  бағытталған,  қоғамның  барлық 

168
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
таптарының  қызығушылықтарына  сəйкес  іс-
əрекет  үдерісі  ретінде  көрініс  табу  керек. 
Экологиялық  саясатты  іске  асырудың  норма-
тивті-заңды  негізі  болып  шаруашылықтың 
нарықтық əдісіне сай келетін, бірақ өтпелі қоғам 
қиыншылықтарының 
əсерінен 
жеткіліксіз 
деңгейде  іске  асырылған  ұзақ  мерзімді 
«Қазақстан –2030» стратегиясы, «Экологиялық 
экспертиза  туралы», «Қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы»  заңдар  болып  табылады.  Сонымен 
бірге  Қазақстан  халықаралық  деңгейде
 
өзінің 
тұрақты  даму  жəне  экологиялық  қауіпсіздік 
идеяларын  қолдайтынын  қоршаған  орта  жəне 
даму  жөніндегі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы 
конференциясының  құжаттарына  қол  қоя 
отырып  (РИО – 92), «Европа  үшін  қоршаған 
орта»  үдерісінің  белсенді  мүшесі  бола  отырып, 
климатты  өзгерту  бойынша  халықаралық 
маңызды  конвенцияларға  қосыла  отырып 
бірнеше  мəрте  дəлелдеді.  Қазақстан  Республи-
касында  экологиялық  қарама-қайшылықтың 
шешілуіне  көп  көңіл  бөле  бастады.  БҰҰ-ның 
1997-ші  жылғы 23-ші  маусымдағы  Басты 
Ассамблеясының  ХІХ  арнайы  сессиясындағы 
сөзінде  елбасы  əлемдік  қауымдастықты  күш 
біріктіре  отырып,  экологиялық  мəселелерді, 
соның ішінде оның ойынша əлемдік маңызы бар 
Семей  полигоны  жəне  Арал  теңізі  маңында 
қалыптасқан  экологиялық  мəселелерді  шешуге 
шақырды.  Бірақ  халық  табиғи  ортаны  қорғауда 
өзінің  белсенді  қатысуының  қажет  екендігін 
түсінбей, жұмсалған күш нəтиже əкелмейді. 
Экологиялық  мəдениет  күрделі  ұғым  ретінде 
табиғатты танып білу, пайдалану жəне жаңарту іс-
əрекет  түрлерінің  мəдениетімен  байланысты.  Ал 
жеке адамның экологиялық мəдениеті дегеніміз – 
табиғатты  аялау,  талабына  сай  келетін  білімі, 
іскерлігі жəне дағдысы, оны жүзеге асыруы.  
Экологиялық  мəдениеттің  қалыптасу  үдері-
сінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемле-
кет  жəне  мемлекеттік  саясат  маңызды  рөл 
ойнайды.  Мемлекет  экологиялық  саясаттың 
субъекті ретінде қоршаған ортаны тиімді қорғау-
ды  қамтамасыз  ету  керек.  Біздің  ойымызша 
экологиялық  саясат  мемлекеттің  қамқорлығы-
мен  жүзеге  асырылу  қажет.  Біздің  еліміздегі 
экологиялық  тұрақтылықтың  кепілі  мемлекет 
болу тиіс. 
Экологиялық  мəдениетке  əсер  етудің  екінші 
көзі – саясатпен  тікелей  байланысы  бар  идео-
логия.  Идеология  экологиялық  мəдениетті 
идеалдармен  толықтырады,  өркениеттің  дамуы-
ның  қазіргі  кезеңінде  экологиялық  мəдениеттің 
қалыптасуына  сөзсіз  əсер  ететін  тұрақты  даму 
идеясы  белсенді  түрде  насихатталады.  Тұрақты 
даму  деп  қазіргі  жəне  болашақ  ұрпақтың 
қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  табиғи – 
ресурстық  потенциалды  жəне  қолайлы  табиғи 
ортаны  сақтау  мəселелерін  шешумен  байла-
нысты  əлеуметтік-экономикалық  баланстылық-
ты қамтамасыз ететін даму түсініледі.
 
Сонымен, 
тұрақты  даму  концепциясының  мəні  тірі  таби-
ғатты 
қалпына 
келтіру 
мүмкіндіктерінің 
шектеулігін  есепке  ала  отырып  терең  білімге 
жəне  ғылыми  болжамға  негізделген
 
кез-келген 
сыртқы  өзгерістерде  немесе  сыртқы  ортаның 
əсеріне  қауіпсіздікке  байланысты  əлеуметтік – 
табиғи  жүйені  ұстап  тұратын  жəне  оны  тепе-
теңдік  қалпына  келтіретін  басыңқы  бағдарды 
ұстану.  Тұрақты  даму  концепциясының  анализі 
көрсеткендей,  тұрақты  даму  концепциясы 
құндылықтар  шарттарының,  негізгі  принцип-
тердің,  талаптардың,  шектеулердің,  сонымен 
бірге  қазіргі  кездегі  əлеуметтік-экологиялық 
жағдайдың  негізгі  өзгерістеріне  қатысты  нақты 
ұсыныстардың  жиынтығын  қамтиды.  Сондық-
тын  ол  бір  уақытта  моральдық – адамгерші-
ліктік императиві, өзінің практикалық шешілуін 
талап  ететін  болашақтың  теоретикалық  моделі 
болып  табылады.
 
Ол  қалыптасқан
 
əлеуметтік-
экологиялық  қарым-қатынастарды,  құқықтар 
жүйесін,  жəне  сол  қарым-қатынастар  субъекті-
лерінің  жауапкершіліктері  мен  міндеттерін 
күшейтеді.  Экологиялық  мəдениеттің  қалыпта-
суындағы  құқықтың  басты  функциясы  бұл – 
индивидтердің  мінез-құлықтарындағы  айырма-
шылықтарды  ескеру.  Құқық  нормасын,  мінез-
құлық  айырмашылықтарын  анықтау  құқықтық 
тəрбиелеу  функциясын  атқарады,  адамдардың 
құқықтық  санасын  қалыптастырады.  Мұндай 
құқықтық  реттеушіліктің  болуы  мынадан  кө-
рініс  табады,  экологиялық  мəдениеттің  ішінде 
заңды  немесе  заңсыз  болып  анықталатын 
құндылықтар  мен  нормалар  қалыптасады, 
құқық экологиялық мəдениетке қатысты превен-
тивті  функцияны  атқарады,  нормаларды  бұзу 
қайсыбір санкцияларды болжайды, экологиялық 
құқық  бұзушылықтың  деңгейін  төмендетуге 
көмектеседі. 
 «Қоғам – табиғат»  жүйесін  құндылық-
тармен  жəне  нормалармен  қамтамасыз  ететін 
тағы  бір  институт – ғылым.  Ғылымның 
экологиялық  мəдениетке  əсерінің  ерекшелігі, 
бұл  институт  іс-əрекет  субъектілерін  біліммен, 
жаңа  технологиялармен,  мəселелерді  шешу 
жолдарымен  қамтамасмыз  етеді.  Адамдардың 
меңгерген  ғылыми  білімі  маңызды  элемент 
болады жəне олардың мəдениетінің бір бөлшегі 
болып  есептеледі.  Бұл  жерде  экологиялық 
тоқырауды  өткеру  үдерісінде,  оған  халықтың 
қатысуы  мен  белсенділіктің  қалыптасуындағы 
ғылыми-техникалық  прогрестің  рөлін  айта  кету 
керек.
 
Ғылыми-техникалық  прогрестің  қорша-
ған ортаға жалпы əр түрлі əсер ететіндігі белгілі 
жəне  адам  мен  қоғамның  табиғатқа  деген 
қарым-қатынасының  қалыптасуына  да  əр  түрлі 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
169
 
əсер  ететіндігі  белгілі.  Жалпы  антикалық 
заманнан бері екі альтернативтік концепцияның, 
прогрессивистік жəне алармистік концепцияның 
дамуын  көруге  болады.  Біріншісі  ғылыми – 
техникалық  прогресс  адамзаттың  дамуында 
сөзсіз  игілік  болып  табылады  дегенге  негіз-
делсе, алармистік концепцияның өкілдері ғылы-
ми-техникалық  прогресс  табиғи  қоршаған 
ортаға негативті əсер етеді деп есептейді, эколо-
гиялық  тоқыраудан  шығу  мəселесіне  қатысты 
негативті  біржақты  қарауда  алармизм  терең 
пессимизмге  жəне  үмітсіздікке  əкелетінін  айта 
кету  керек.  Қазіргі  заманғы  жасалған  жағдай-
лардағы қоғам мен табиғат қарым-қатынасының 
анализі  көрсеткендей,  бір  жағынан  адамзаттың 
табиғатты  қайта  құрудағы  іс-əрекетін  тереңде-
туде  жəне  кеңейтуде  ғылыми-техникалық 
прогресс міндетті түрде қажет. 
 Ғылым адамзатты табиғаттан неғұрлым көп 
алуды,  азық-түлікті  мол  өндіру  үшін  табиғатқа 
қалай  əсер  етуді,  алыс  қашықтықтағы  жүкті 
қалай  тез  тасымалдауды,  адамзаттың  космосқа 
енуіне  мүмкіндік  жасаған  күшті  энергияның 
жаңа  түрлерін  қалай  алуды  үйреткенмен, 
табиғатты  қорғауды  қамтамасыз  етуде  əлі  де 
жұмыс жасау керек. 
 
Табиғатқа  əсер  етудің  күшті  құралдарын 
пайдалана  отырып,  біз  əлі  бұл  құралдарды 
пайдаланудың  салдарын  біле  бермейміз,  біздің 
табиғи  үдерістерге  араласуымыздан  туын-
дайтын тізбектік реакцияны көре бермейміз [1].  
 
Екінші 
жағынан, 
ғылыми-техникалық 
прогресті  ары  қарай  жетілдіру  қажет,  оны 
дамыту  экологиялық  мəселелерді  шешуде  жаңа 
технологияларды  жасауға  əкеледі.  Осыған 
байланысты  американдық  ғалым  Б.  Коммонер: 
экологиялық  игілік  біздің  техникаға  дейінгі 
кезеңге  оралуымызды  талап  етпейді.  Ондай 
нəтижеге экологиялық білімге негізделген қайта 
құрулар арқылы да жетуге болады дейді [2]. 
 
Қалыптасқан  жағдайдан  шығудың  жолы 
ғылыми-техникалық прогреске өнегелілік талап-
тардың  өсуі  болып  табылады.  Атақты  француз 
социологы Ж. Дорст өркениеттің деңгейі энерго 
қондырғылар  шығаратын  киловаттың  мөлше-
рімен  емес,  ол  сонымен  қатар  моральдық  жəне 
рухани  критерилермен  өлшенеді,  табиғаттың 
заңдылықтарымен  толықтай  үйлесімде  бола 
отырып,
 
өркениетті алға жылжытатын адамдар-
дың  даналығымен  өлшенеді.  Адам  табиғаттың 
заңдылықтарынан  асып  ешқайда  кете  алмайды 
[3]. 
 
Жоғары  айтылғандарға  қарап,  экологиялық 
мəдениетті  құндылықтар  жəне  нормалармен 
бекітетін  негізгі  институт  болып  адамгершілік 
болып  табылады  деп  ойлаймыз.  Көптеген 
зерттеушілердің ойынша тұлғаның экологиялық 
мəдениетінің  қалыптасуының  негізінде  бірінші 
кезекте  экологиялық  мораль,  адамгершілік, 
нақтырақ  айтсақ  «экологиялық  этика»  сияқты 
оның  бөлінбес  компоненттері  жатады.  Эколо-
гиялық  мəдениеттің  қалыптасу  барысында 
тұлғаның  адамгершіліктік  құрылымдары  үлкен 
рөл атқарады. Экологиялық мəдениеттің қалып-
тасуының  адамгершіліктік  аспекті  табиғатқа 
деген қамқорлық, гумандық, саналылық қарым-
қатынасты  білдіреді.  Адамгершілік  принципі 
«Барлық  өмір  сақталуы  тиіс»  деген  тезистен 
шығу 
керек. 
Р.И. 
Александрова 
мен  
А.В.  Смольяновтың  ойынша  «өмірдің  теңдігі» 
идеясы  құлықты,  адамгершілігі  жоғары  адамды 
барлық қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды 
міндеттейді.  Экологиялық  этиканың  негізгі 
мазмұны  мынада:  біріншіден,  экологиялық 
этиканың  басты  алғышарты  болып  адамзаттың 
оны қоршаған тірі табиғатпен бірлігі табылады; 
екіншіден, 
экологиялық 
этика 
табиғатқа 
бағытталған кең мағынадағы барлық іс-əрекетке 
қатысты  мінез-құлық  мəселесін  қарастырады; 
үшіншіден,  экологиялық  этика  «экологиялық 
адам»  моделін  жасауға  тырысады  жəне  ол 
бағынуы тиіс мінез-құлық кодексін ұсынады [4].  
 
Қазіргі  заманғы  адамның  оның  табиғатпен 
қарым-қатынасын реттейтін экологиялық этика-
сы  болу  керек.  Экологиялық  адам  бұл  бəрінен 
бұрын  мəдениетті  адам.  Экологиялық  адам 
табиғатқа  қамқорлықпен  қарайды,  экологиялық 
жағдайды  жəне  табиғат  оның  өмір  қарекетінің 
негізі  екенін  түсінеді,  экологиялық  мəселелерді 
өзі үшін маңызды деп санайды.  
 
Өзінің  «Благоговение  перед  жизнью»  атты 
еңбегінде  А.  Швейцер  адамдардың  табиғатты 
«қастерлеуі»  қажет  екендігін  көрсете  отырып, 
гуманистік  этиканың  табиғатқа  деген  дұрыс 
қарым-қатынаспен терең байланысын көрсетеді. 
Экологиялық этиканың негізінде табиғатта өмір 
сүретіннің  барлығы  үшін  əрбір  адамның  шексіз 
жауапкершілігі  жатыр.  Швейцер  бойынша: 
«бірде  бір  жəндікті  өлтірмейтін,  бірде  бір  гүлді 
жұлмайтын,  кез-келген  тіршілік  иесіне  көмек-
тесуге  қатысты  өзінің  ішкі  жан-дүниесіне 
бағынатын  адамды  ғана  өнегелі  деп  айтуға 
болады» [5].  
Экологиялық  этика  əрбір  адамның  табиғат-
тағы барлық нəрсе үшін шексіз жауапкершілігін 
көрсетеді.  Н.  Ф.  Тарасенконың  ойынша  мəде-
ниет  тек  адамның  еркіндігі
 
мен  əмбебепты-
лығының  ғана  көрсеткіші  емес,  ол  сонымен 
қатар  оның  əлем  алдындағы  жауапкершілігінің 
көрсеткіші  болып  табылады.  Табиғатқа  деген 
жауапкершілікті  қарым-қатынас  өздігінен  қа-
лыптаспайды,  ол  саналы  түрде  қалыптасуды 
талап  етеді.  Экологияландыру  қоғамды  сақтау-
дың  шешуші  де  басыңқы  жағдайы  есептеледі. 
Н.Н.  Моисеев  адамдардың  мінез-құлқындағы 
экологиялық 
императивтің 
қалыптасуын 

170
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
қарастырады,  олардың  белсенді  іс-əрекетіндегі 
шектеулердің  жиынтығын  қөрсетеді,  оларды 
бұзу  адамзатты  апатқа  əкелуі  мүмкіндігін 
негіздейді.  Оның  ойынша  экологиялық  импера-
тивтің  мəні  мынада: «қоршаған  ортаның  кейбір 
көптеген  қасиеттерінің  болуында,  оларды  қан-
дай  жағдайда  болмасын  адамның  іс-əрекеті 
арқылы  өзгертуге  болмайды» [6].
 
Моисеевтің 
идеялары  адамгершілік,  өнегелік  императивінің 
таралу саласын кеңейтеді. Автор
 
жақын арадағы 
он жылдықта адамгершілік, өнегелік императиві 
мəселесін 
сезіну 
өркениеттің 
маңызды 
сипаттарының  бірі  болып  табылатынына, XIX 
ғасыр бу мен инженерлік ғылымдардың ғасыры 
болған  сияқты, XXI ғасыр  гуманитарлық 
білімнің  ғасыры  болатындығына  сенімді. 
Əлеуметтік 
институттардың 
экологиялық 
мəдениеттің  қалыптасуына  əсері  үлкен.  Саясат-
тың,құқықтың,  идеологияның,  құлықтылықтың, 
өнердің құндылықтары мен нормалары «қоғам – 
адам»  жүйесінде  өзінің  ерекше  белгісін  қалып-
тастырады  жəне  экологиялық  мəдениеттің 
институционалдық аспектін құрайды. Экология-
лық  мəдениеттің  даму  деңгейі  қоғамның  жетіл-
гендігін  көрсететін  маңызды  көрсеткіштердің 
бірі болып табылады. Экологиялық мəдениеттің 
қалыптасуындағы  əлеуметтік  институттардың 
біріге  отырып  жасалған  іс-əрекеті  қазіргі 
заманғы  экологиялық  тоқырауды  өткерудің 
маңызды  факторы, «адам – қоғам – табиғат» 
жүйесіндегі  қарым-қатынастарды  үйлесімді 
етудің құралы болып табылады.
  
 
___________ 
 
 
1.  Анучин  В.А.  Основы  природопользования. – М, 
1978, с.160. 
2.  Коммонер  Б.  Замыкающийся  круг.  Природа, 
человек, 
технология. 
Пер. 
С 
англ. – Л. 
Гидрометесиздат 1974, с. 224. 
3. Дорст Ж. До того, как умрет природа. – М,1968, 
с. 18 – 19. 
4.  Александрова  Р.  И.,  Смольянов  А.  В.  Экология  и 
мораль. – М,1984, с.28.  
5.  Швейцер  А.  Культура  и  этика. – М, 
Прогресс,1973, с. 307. 
6.  Моисеев  Н.  Н.  Цивилизация  на  переломе.  Пути 
Росии. – М. 1996, 62с. 
 
 
* * * 
В  статье  рассматривается  влияние  социальных 
институтов  на  формирование  экологической  культуры 
личности. 
 
* * * 
In article influence of social institutes on formation of 
economic culture of the person is considered. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет