Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ 
КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ 
 
Б. Бихондиев – э.ғ.к., доцент (ҚазмемқызПУ) 
Е.Е.Нургумаров – магистр 
 
 Ақша – несие саясатының негізін – біртұтас экономика жағдайына ақша мен ақша 
– несие саясатының әсер етуі процесін зерттейтін – ақша теориясы құрайды. 
Экономистер арасында – нарық жағдайындағы ақша – несие саясатының маңызы 
мен  рӛлі  туралы  мәселе  жӛніндегі  ақша  теорияларына  екі  түрлі  кӛзқарастарын,  яғни 
кейнстік  теория  мен  монетаризмнің  юолуына  байланысты  кӛп  уақыттан  бері 
пікірталастар жалғасуда. 
         Қазіргі кездегі кейнсшілдер мен монетаристер, біртұтас экономиканың жағдайына 
–  ақша  сферасындағы  ситуация  және  ондағы  ақша  –  несие  саясатының  әсерімен 
болатын  ӛзгерістердің  ықпал  ететінін  бір  ауыздан  мойындайды,  бірақ  олар  мұндай 
ықпалдың мәні мен механизміне әртүрлі баға береді. 
Кейнсшілдер  ақша  –  несиелік  реттеудіңнегізіне  белгілі  бір  деңгейдегі  пайыздық 
мӛлшерлемен,  ал  монетаристер  болса  оның  негізіне  ақша  сұранымы  мен  оның 
ұсынымын жатқызады. 
       Кейнстің жақтаушылары нарықты экономиканы ӛзіне тән ішкі қайшылықтары бар 
тұрақсыз жүйе ретінде тұжырымдайды. Сондықтан да, мемлекет – еңбекпен қамтудың 
жоғары  деңгейін  және  ӛндіріс  қарқынын  мейлінше  ӛсіруді  қамтамасыз  ететін  тиімді 
жиынтық сұранысқа қол жеткізу мақсатында экономиканы реттеудің әртүрлі, олардың 
ішінде қаржылық және ақша – несиелік құралдарын тиімді пайдалануы тиіс. 
        Кейнстік  ақша  –  несиелік  реттеу  механизмі  былайша  сипатталады:  ақша 
ұсынымын  ӛзгерту  себебінен  пайыздық  мӛлшерлеме  ӛзгереді,  ол  ӛз  кезегінде 
инвестициялық  сұранысқа  ӛзгерістер  әкеледі  және  инвестицияның  мультипликативтік 
әсері арқылы ұлттық ӛндіріс дегейінің ӛзгеруін туындатады. 
        Сонымен, кейнсшілдер ақща ұсынымы мен ұлттық ӛндіріс деңгейінің арасындағы 
себеп – салдарлы байланыстар торабызор мән береді. 
        Ұлттық  Банктің  ақша  –  несие  саясатын  жүргізуі  үшін  кӛптеген  экономикалық 
ақпараттармен (мысалы, пайыздық мӛлшерлеменің ӛзгеруі инвестициялық сұраныстың 
ӛзгеруіне  қаншалықты  әсер  етеді  және  бұл  жағдайда  ЖҰӚ  мӛлшері  қаншалықты 
ӛзгеруі мүмкін деген сияқты) қамтамасыз етілуі тиіс. Бұдан да басқа айналыстағы ақша 
ӛсімі,  инвестициялар  мен  нарықтағы  толыққан  тауарлар  мен  қызмет  кӛрсетулер 
арасында  уақытша    белгілі  бір  алшақтықтар  пайда  болады.  Осы  аталғандардағы 
байланысты кейнсшілдер ақша – несие саясаты экономиканы тұрақтандырудың бірден 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
90 
бір  тиімді  құралы  емес  екендігін,  сол  себепті  фискалды  кемел  бюджет  саясатының 
құралдарын пайдалану нәтижелі болатынын ұсынады. 
        Ал  монетаристер  болса  ақша  –  несие  сферасына  ерекше  зор  мән  береді:  «Ақша 
нарықтық экономикасының басты қозғаушы күші» дейді. 
        Монетаризмнің  атақты  теоретигі  М.Фридмен  «нарықты  экономика  –  ӛз 
табиғатында тұрақты жүйе және ондағы жағымсыз кезеңдер экономикаға мемлекеттің 
орынсыз, сауатсыз араласуы салдарынан пайда болады»  деп тұжырымдайды.  
        Монетаристер  экономиканы  мемлекеттік  реттеуді  мейлінше  азайтуды  ұсынуы 
және ол ортаның банкпен бірлесе отырып тек ақша  – несиелік реттеуді іске асырумен 
шектелуі  тиіс,  ӛйткені  «бірде  бір  үкімет  нарықтан  асқан  ақылды  бола  алмайды»  , 
«мемлекет  жасаған  әрбір  қателік  үшін  ӛз  ақшамызбен  жауаптымыз»,  «ЖҰӚ-дегі 
мемлекеттік шығыстар үлесі неғұрлым аз болса, халықтың тұрмысы соғұрлым жақсара 
түседі», деп тұжырымдайды. 
        Экономикалық  жүйені  тұрақтандырып,  іскерлік  белсенділікті  ынталандыру  үшін 
орнықты  және  негізделген  инфляциялық  болжамды  қолдау  қажет.  Мұндай  жағдайда 
жұмыссыздық деңгейі инфляция деңгейіне тәуелсіз болады, себебі  «жұмыссыздық тек 
күтілмеген инфляциямен ғана байланысты пайда болады, инфляция мен жұмыссыздық 
арасында  тұрақты  компромисс  болмайды.  Сондықтан  да  басымдылық  экономикалық 
ӛсу мен жұмыспен қамтуды ынталандыруға емес, керісінше ақша массасының реттеліп 
ӛсуіне берілуі тиіс» дейді М.Фридмен. 
        Монетаристер,  ақша  факторы  мен  ұлттық  ӛндіріс  арасындағы  корреляция, 
инфляция  және  жалпы  ұлттық  ӛнім  арасындағыдан  анағұлым  тығыз  берік  екендігін 
дәлелдейді. Бағаның баяу тӛмендеуінен қоғамдық байлықтың ӛсуі байқалады.  
       Демек,  ақша  динамикасының  соңынан  жалпы  ұлттық  ӛнім  динамикасы  жалғасуы 
тиіс.  
       Фридменнің  «Ақша  ережесі»,  яғни  үйлесімді  ұзақ  мерзімді  ақша  –  несие  саясаты 
бойынша  айналыстағы  ақша  массасы  жылына  3-5%-дан  артық  ұлғайса,  онда  ол 
инфляцияны күшейтеді, егер олэкономикаға жылына 3-5 %-дан кем түссе, онда ЖҰӚ-
нің ӛсу қарқыны тӛмендейді. 
        Қорыта  айтқанда,  ақша  –несие  саясатының  концепциялары  мен  теориялық 
негіздерін қолдану – бүкіл барлық елдерге ортақ  оңтайлы, әрі бір жақты ақша – несие 
саясатын  таңдауға  және  қабылдауға  мүмкіндік  бермейді.  Әр  елдің  ақша  –  несие 
саясатының  ӛзіндік  сипаты  мен  ерекшелігі  болады.  Олар  елдің  әлемдік  қоғамдастық 
пен  халықаралық  интеграциялану  дәрежесі  мен  әлемдік    қаржы  нарығына  қатысу 
деңгейіне  және  әрбір  мемлекеттің  ішіндегі  қаржы  нарығының  кӛлеміне,  оның  даму 
деңгейі  мен  құрылымына  байланысты  болатынын  жаһандық  экономикалық  дағдарыс 
тәжірибесі кӛрсетті. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1978. 
2.
 
Харрис Л. Денежная теория (Пер. с англ.), М., 1980. 
3.
 
Блауг  М.  Экономическая  мысль  в  ретроспективе.  (  Пер.  с  англ.),  М.:  Республика, 
1992. 
4.
 
Антология экономической классики. М., 1993. 
5.
 
Родинов    А.,  Бабичева  Е.  Денежно  –  кредитное  регулирование  капиталистической 
экономики. М., 1991. 
6.
 
Маршалл А. Принципы экономической науки. М., 1993.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ақша  –  несие  концепциялары,  олардың  мәні  мен  қолдану  механизмі 
қарастырылады. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
91 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье    рассматриваются  классические  концепции  денежно  –  кредитный 
политики государства, их сущность и механизм использования. 
 
 
 
УДК 371 035 Б37 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ СТУДЕНТОВ В 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ВУЗА 
 
Бегайдарова Р.Н.- ст.преподаватель, (г. Алматы, КазгосженПУ) 
                                                                                        
В январе 2008 года Президент Нурсултан Назарбаев инициировал национальный 
проект ―Интеллектуальная нация-2020‖. Его главная цель – «Воспитание казахстанцев 
в  новой  формации,  превращение  Казахстана  в  страну  с  конкурентоспособным 
человеческим капиталом"./1/ 
Проект  ―Интеллектуальная  нация  -2020‖  подразумевает  многие  изменения  в 
системах  образования,  науки  и  технологий.  Однако  первостепенным  элементов 
развития  интеллектуального  потенциала  нации  является  развитие  каждой  отдельной 
личности.  Интеллектуальная    нация  -  это  не  бесформенная  масса,  окруженная 
высокими  технологиями.  Это  сообщество  индивидуумов,  наделенных  определенными 
навыками и знаниями, а также обладающих соответствующей культурой. 
Одной  из  важнейших  задач  системы  высшего  образования  является  создание 
«ядра национального интеллекта», подготовка специалистов, способных конкурировать 
на  международном  уровне.  Важными  качествами  высококонкурентного  специалиста 
должны  стать  креативное  мышление,  умение  перерабатывать  знания,  рождать  новые 
решения, технологии и инновации.  
Интеллектуальные  возможности  личности  -  один  из  базовых  психологических 
ресурсов,  который  лежит  в  основе  самодостаточной,  инициативной  и  продуктивной 
жизнедеятельности.  Нельзя  не  согласиться  с  В.  А.  Сухомлинским,  который  писал: 
«Невежда опасен для общества... Невежда не может быть счастливым сам и причиняет 
вред  другим.  Вышедший  из  стен  школы  может  и  чего-то  не  знать, но  он  обязательно 
должен  быть  умным  человеком».  Действительно,  мир,  в  котором  живет  человек, 
становится  все  более  сложным  и  противоречивым.  Чтобы  выработать  разумную 
стратегию  собственной  жизни  в  этом  мире,  необходимо  иметь  достаточно  высокий 
интеллектуальный  потенциал.  Наконец,  общество  в  целом  заинтересовано  в 
увеличении  числа  умных  людей,  потому  что  именно  от  них  зависит  улучшение 
качества жизни большинства граждан./2/ 
В  эпоху  высочайшего  динамизма,  глобализации,  интенсивного  развития  средств 
коммуникации,  которые  меняют  образ  жизни,  общения  и  мышления,  а  также  методы 
достижения  благосостояния,  интеллект  человека,  его  способность  к  преобразующей, 
созидательной деятельности становятся основным капиталом общества. 
В этих условиях одной из актуальных проблем казахстанского общества является 
формирование конкурентоспособной личности, готовой не только жить в меняющихся 
социальных  и  экономических  условиях,  но  и  активно  влиять  на  существующую 
действительность,  изменяя  ее  к  лучшему.  В  связи  с  этим  на  первый  план  выходят 
определенные  требования  к  такой  личности  -  креативность,  активность,  социальная 
ответственность, 
обладание 
развитым 
интеллектом, 
высокий 
уровень 
профессиональной грамотности, устойчивая мотивация познавательной деятельности. 
Воспитание личности в период обучения в ВУЗе  – важнейший этап становления 
будущего 
специалиста,  когда  в  основном  завершается 
целенаправленное 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
92 
воспитательное  воздействие  на  человека  организуемой  и  регулируемой  обществом 
системы 
воспитания, 
заключающийся 
в 
целенаправленном 
влиянии 
на 
интеллектуальное,  духовное,  физическое  и  культурное  развитие  личности.  Исходя  из 
этого,  учебный  процесс  необходимо  рассматривать  как  основной  воспитательный 
ресурс,  который  находится  в  руках  профессорско-  преподавательского  состава. 
Главным  субъектом  учебного  процесса  выступает  преподаватель,  который  должен  в 
полной мере раскрыть и использовать тот воспитательный потенциал, который таится в 
знании,  заложен  в  процессе  обучения,  в  десятках  и  сотнях  часов  общения  со 
студентами./3/ 
Перед  каждым  преподавателем  нашего 
университета  стоит  главная 
воспитательная задача – развивать у студентов способность думать. Это означает, что 
студент  должен  научиться  ставить,  осознавать  вопросы,  находить  пути  для  их 
выяснения и решения, выполнять необходимые для этого операции, делать правильные 
умозаключения.  Следует  исходить  из  того,  что  умение  думать  является  центральным 
звеном умения учиться. 
Перед  каждым  преподавателем,    даже  если  он  не  является  куратором  по 
должности,  стоит  задача  –  вырабатывать  у  студентов  крайне  важные  умения 
творческой  деятельности,  которые  после  окончания  университета  каждому 
специалисту  придется  применять  самостоятельно,  индивидуально.  Речь  идет  о 
следующих интеллектуальных умениях: 
 – формулировать гипотезу и проверять ее в дальнейшем
 –  формулировать  основные  цели  выполняемой  работы,  определять  степень  их 
важности; 
 – анализировать ситуацию и делать выводы; 
– ставить новые вопросы и видеть проблемы в традиционных ситуациях; 
– владеть основными методиками решения исследовательских задач; 
– выработать навыки эффективной организации умственного труда
Особое  внимание  в  работе  со  студентами  следует  уделять  совершенствованию 
организации  и  планирования  самостоятельной  работы  студентов.  Зачастую  
целенаправленное    ознакомление    студентов  с  умениями  и  навыками  умственного 
труда  происходит  на  первом  курсе  и  этим  ограничивается.  Между  тем  метод 
организации и планирования самостоятельной работы студентов призван сформировать 
будущего  специалиста  путем  индивидуальной  познавательной  деятельности,  при 
которой  наиболее  полно  раскрываются  способности    обучаемого,  реализуется  его 
творческий потенциал. Огромные возможности в этом отношении открывает овладение 
студентами современной техникой. Для части выпускников  КазГосЖенПУ компьютер 
может стать главным «орудием труда» на всю оставшуюся профессиональную жизнь. 
 В  важнейшей  сфере  воспитания  студентов,  в  развитии  интеллекта  будущих 
экономистов-менеджеров, правоведов, педагогов и др. четко прослеживаются основные 
направления усилий всего профессорско- преподавательского состава университета: 
 -  формирование  знаний,  умений  и  навыков  деятельности  в  сфере  учебной  и 
самостоятельной работы студентов; 
 -  последовательное  и  детальное  ознакомление  студентов  каждого  курса  с 
государственными  стандартами  по  специальностям,  с  рабочими  программами, 
учебниками,  учебными  пособиями,  с  требованиями,  которым  необходимо 
соответствовать студентам как учащимся; 
-  обеспечение  студентов  всеми  названными  материалами,  наличие  всех 
установленных  «правил  игры»  во  всех  деканатах  и  на  кафедрах  в  письменном  виде; 
доступность названных материалов на протяжении всего учебного года; 
-  информирование  студентов  о  навыках,  технологиях  учебной  работы  по 
предметам,  обобщение  опыта  лучших  студентов,  отличников,  распространение  этого 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
93 
опыта  среди  студентов;  выработка  навыков  конспектирования,  реферирования, 
рецензирования, аннотирования; 
-  ознакомление  студентов  с  навыками,  технологиями  научно-исследовательской, 
организаторской работы; 
- формирование способностей индивида к самоконтролю, самооценке, рефлексии; 
-  повышение  уровня  компетентности  личности  в  принятии  решений,  в 
последовательном и ответственном осуществлении своих целей; 
-  формирование  чувства  ответственности  самодисциплины  перед  самим  собой, 
семьей,  другими  людьми,  государством,  чувства  долга    и  чувства  меры  в  связи  с 
необходимостью полного всестороннего овладения избранной специальностью; 
- содействие занятости студентов, их включение в различные сферы деятельности 
с учетом особенностей современной казахстанской экономики. 
Воспитательное значение учебного процесса заключается среди прочего и в том, 
что  студенты  сами  приходят  к  мысли:  они  учатся  не  для  оценки,  преподавателя, 
деканата  или  родителей,  а  только  для  самих  себя,  во  имя  своего  собственного 
будущего. 
С учетом существенных изменений в качественном составе студентов, о чем уже 
говорилось выше, крайне сложно создавать в студенческой среде атмосферу взаимной 
требовательности к овладению знаниями.   
Студенты,  полностью  сосредоточенные  на  учебе,  составляют  меньшинство  в 
каждой  учебной  группе.  Поэтому  преподаватели  должны  использовать  все 
возможности,  чтобы  развивать  заинтересованность  большей  части  студентов  в 
познании основ профессии, что является важнейшим условием творческой активности 
будущих  молодых  специалистов.  Повышать  престиж  познавательной    деятельности  в 
структуре  повседневной  жизни  студентов  можно  различными  формами,  в  том  числе 
продуманной системой морального и материального поощрения лучших студентов. 
 В  КазГосЖенПУ  используется  целый  ряд  мер  поддержки  академически 
успешных  учащихся.  Университет  имеет  в  своем  арсенале  стипендии  Президента 
Республики Казахстан,  специальной стипендии ректора  и  другие  именные стипендии 
которые назначаются в соответствии с установленным порядком. 
 Итак, цель  интеллектуальной, воспитательной деятельности  – создание условий 
для  активной  жизнедеятельности  студентов,  для  гражданского  самоопределения  и 
самореализации, 
для 
максимального 
удовлетворения 
их 
потребностей 
в 
интеллектуальном, культурном и нравственном развитии.  
Достижение  поставленной  цели  возможно  при  условии  успешного  решения 
следующих задач:  
- формирование мировоззрения и системы базовых ценностей личности;  
-  приобщение  студенчества  к  общечеловеческим  нормам  морали,  национальным 
устоям  и  академическим  традициям,  воспитание  студентов    университетского 
корпоративизма и солидарности, профессиональной чести и научной этики; 
-  обеспечение  развития  личности  и  ее  социально-психологической  поддержки, 
формирование личностных качеств, необходимых для эффективной профессиональной 
деятельности;  
- воспитание внутренней потребности личности в здоровом образе жизни,  
- ответственного отношения к природной и социокультурной среде обитания.  
Успешное  решение  поставленных  задач  позволяет  обеспечить  условия  для 
становления  и  самореализации  студента,  будущего  специалиста,  обладающего 
мировоззренческим 
потенциалом, 
высокой 
культурой 
и 
гражданской 
ответственностью, 
владеющего 
способностями 
к 
профессиональному, 
интеллектуальному и социальному творчеству. 
Воспитание  только тогда будет работать на конечную цель,  когда интересы вуза 
и  студента  совпадут,  когда  студент  станет  не  объектом,  а  субъектом  воспитательного 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
94 
процесса.  Не  только  вуз  должен  стремится  сделать  из  выпускника  достойного 
конкурента на рынке труда, но и сам студент должен хотеть этого.  
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.Н.Назарбаев  ―Казахстан  в  посткризисном  мире:  интеллектуальный  прорыв  в 
будущее‖ Лекция от 13 октября 2009 года в КазНУ им. аль-Фараби  
2.Архипова  А.А.  Адаптация  студентов  как  одно  из  условий  самореализации 
личности.  Педагогические науки. – 2007. - № 3. – С. 173-177. 
3.  Гришанова  Н.А.  Компетентностный  подход  в  обучении  студентов.    Москва, 
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2009. – 24 с.  
  
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жоғары  оқу  орындағы  студенттердің  интеллектуалды  тәрбиесі 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  интеллектуальное  воспитание  студентов  высших 
учебных заведений. 
 
 
 
ӘОК 342.29 Д86 
ҚР НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢЫНДАҒЫ НЕКЕГЕ ТҦРУ МЕН НЕКЕНІ  
БҦЗУ ЖӚНІНДЕГІ НОРМАЛАРДЫҢ ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН 
АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ТҦЛҒАЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ 
 
Дүйсенова Л.М. –магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Неке  құқықтық  қатынастарды  реттейтін  заңды  таңдау  туралы  мәселе  егер  ӛз 
елінің  азаматтары  ӛз  елінің  аумағында  шетелдіктермен  некеге  тұратын  жағдайда 
немесе  ӛз  азаматтардың  мемлекеттің  аумағынан  тыс  жерлерде  некеге  тұратын  болса 
және қандай да бір  шет мемлекетте некеге тұруға шетелдік жұбайлардың арасындағы 
некенің  құқықтық  салдарын  талқылау  кезінде  мемлекеттердің  соттық  немесе  басқа 
органдарының алдында туады. 
Заңды  таңдаудың  коллизиялық  мәселесі,  егер  әр  мемлекеттің  заңдары  некеге 
тұрудың  бірдей  емес  құқықтық  салдарымен  байланыстырып,  талаптарын  әртүрлі 
анықтайтын  жағдайда  туады.  Коллизиялық  мәселе  туғанда  кез-келген  істің  мәні 
бойынша шешім шығару үшін сот ӛз жұмысында келесі сатылардан ӛтуі тиіс: 
1.    Қаралатын  құқықтық  қатынастардың,  яғни  заңи  фактілердің  құқықтық 
табиғатын анықтау; 
2.   Бұл қатынас қай мемлекеттің заңымен реттелуі керек екендігін бекіту; 
3.  Құзыретті  заңды  қолдану  мен  оның  негізінде  істің  мәні  бойынша  шешім 
шығару. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  азаматтардың  шетелдіктермен  некеге  тұруы  жиі 
кездеседі.  Мұндай  некелерге  тұру  ӛз  кезегінде  балалар  мен  олардың  ата-аналарының 
әртүрлі азаматтағының кӛбеюіне әкеледі. 
Қазақстан  Республикасында  ӛз  азаматтарымен  қатар,  олардың  шетелдіктермен, 
шетелдік  тұлғалардың  арасындағы  некелер  тіркеледі.  Біздің  заң  қазақстандық 
азаматтардың шетелдіктермен некеге тұруына тиым салмайды. ҚР-сы аумағында неке 
қиюдың нысаны мен тәртібі ҚР-сы заңдарымен белгіленеді. (неке және отбасы туралы 
Заңның 200-бабы, 1-тармағы). Аталған норма кейбір автордың айтуы бойынша дәстүрлі 
және осы сұрақ бойынша әлемдік тәжірибеге жауап бере алады. Бұл неке азаматтық хал 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
95 
актілерін  тіркейтін  органдарда  қиюы  керектігін  білдіреді.  Діни  рәсім  бойынша 
жасалған  некелер  құқықтық  салдар  тудырмайды.  ҚР-сы  Неке  және  Отбасы  турады 
Заңының  13-бабына  сәйкес  некеде  тұратын  адамдардың  тікелей  қатысуымен  неке 
мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет 
білдірген  адамдардың  біреуі  азаматтық  хал  актілерін  жазатын  органға  келе  алмайтын 
ерекше  жағдайларда  неке  мұндай  адамның  тұратын  жері  бойынша  қиылуы  мүмкін. 
Неке  қию  кезінде  ӛкіл  жіберуге  жол  берілмейді.  Некені  қию  некеге  тұруға  тілек 
білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай 
мерзім  ӛткен  соң  жүргізіледі.  Дәлелді  себептер  болған  жағдайда  орган  бір  ай  ӛткенге 
дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат 
етуі мүмкін.  
ҚР-сы  аумағында  неке  қиюдың  ережелері,  егер  халықаралық  шартта  ерекше 
кӛзделмесе,  некеге  тұратын  адамдардың  әрқайсысының  некеге  тұратын  кезде  қай 
мемлекеттің  азаматы  болса,  сол  мемлекеттің  заңдарымен  неке  және  отбасы  туралы 
заңның  9-11  баптарының  неке  қиюға  кедергі  болатын  мән-жайлар  жӛніндегі 
талаптарын  сақтай  отырып  белгіленеді.  Нормаға  сәйкес  басқа  тіркелген  некеде 
тұрғанда,  жақын  туыстар,  асырап  алушы  мен  асырап  алғандар  арасында  және 
психикалық ауыратындар арасында неке қиюға жол берілмейді. 
Неке қиюға кедергі болатын тізімдер әр елдің заңында әртүрлі. Мәселен біздің заң 
бойынша біреуі болсада басқа тіркелген некеде тұрған адамның арасында некеге тұруға 
жол  берілмейтін  болса,  кейбір  елдерде  әлі  күнге  дейін  полигамия  танылады.  Егер 
некеде  тұрған  болашақ  жұбай  қазақстанда  некеге  тұрғысы  келсе,  оның  елі  екінші 
некеге тұруға рұқсат берседе, біздің заңның 11-бабына сәйкес оның некесін қиюға бас 
тартылады. 
Бізде некеге тұру үшін келесі некеге тұрушы тұлғалардың ӛзара ерікті келісімдері 
арқылы жүзеге асырылады. Кейбір елдерде Перу, Испания тағы басқа некеге тұру үшін 
ӛкілге  сенімхат  беруге  кӛзделеді.  Шетелдік  азаматтар  некеге  тұру  кезінде  және 
қазақстандық  азаматтар  некеге  тұру  кезінде  олардың  некеге  тұруына  кедергі  бар  ма, 
жоқ па осы тексеріледі, яғни басқа некеде тұрады ма?. Некеге тұруға кедергілер туралы 
хабарлау міндеті некеге тұратындарға жүктеледі. 
ҚР-сы  азаматы  туралы  айтылғанда  оның  басқа  некеде  тұрмайтынын  дәлелі 
ретінде-    оның  тӛлқұжатында  некені  тіркеу  туралы  штамптың  болмауы  жатады. 
Құжатында  отбасылық  жағдайы  туралы  мәлімет  жоқ  шетелдіктің  некесін  тіркеу 
кезінде,  олар  мекеменің  талап  етуі  бойынша  азаматтығы  болып  табылатын  елдің 
құзыретті  органдары  берген  некеде  тұрмағаны  туралы  анықтама  әкелуі  тиіс.  Мұндай 
анықтамалар  тәжірибеде  тиісті  елдің  елшіліктерімен  консулдықтарымен  беріледі. 
Азаматтығы  жоқ  адамның  ҚР-ның  алмағанда  некесін  қию  ережелері  сол  адамның 
тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.  
Қазақстан басқа мемлекеттермен отбасы істері бойынша құқықтық кӛмек кӛрсету 
жӛнінде шарттар жасасты. Мәселен, ТМД шеңберінде кӛп жақты 1993 жыл 22 қаңтарда 
«Қылмыстық  азаматтық  және  отбасы  істері  бойынша  құқықтық  кӛмек  туралы» 
Конвенцияға  қол  қойған  болатын.  Аталған  Конвенцияның  26-бабында  былай 
белгіленген:  Шарттасушы  тараптардың  азаматы  болып  табылатын  болашақ  жұбайлар 
үшін  неке  қиюдың  талаптары  шарттасушы  тараптардың  заңымен  анықталады,  ал 
азаматтығы  жоқ  тұлғаларға-  олардың  тұратын  жері  болып  табылатын  шарттасушы 
тараптардың заңымен анықталады. 
Сонымен  қатар  біздің  заң  консулдық  некелерге  жол  береді.  201-баптың  2-
тармағына  сәйкес  ҚР-ның  аумағында  шет  мемлекеттердің  елшіліктерінде  немесе 
консулдық  мекемелерінде  шетелдіктер  арасында  қиылған  некелер,  егер  бұл  адамдар 
некелескен  кезде,  ҚР-ның  елшісін  немесе  консулын  тағайындаған  шет  мемлекеттің 
азаматтары  болып  табылса,  екі  жаққа  бірдей  болу  шартымен  ҚР-да  заңды  деп 
танылады. Осыған қарап неке заңды болып табылатындығын келесілерден кӛре аламыз: 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
96 
1.
 
Екі  жаққа  бірдей  болу  шартымен,  яғни  егер  тиісті  шет  мемлекетте 
қазақстандық елшіліктермен консулдықтарда неке қиюға жол берілсе;   
2.
 
Егер  бұл  азаматтар  некелескен  кезде,  ҚР-ның  елшісін  немесе  консулын 
тағайындаған шет мемлекеттің азаматы болып табылса; 
ҚР-ның азаматтары ӛз еліндеде, басқа мемлекеттерде шетелдіктермен некеге тұра 
алады.  Мұндай  некелер  некег  тұратын  елдің  заңына  сәйкес  қиылады.  Біздің  заң 
бойынша ҚР-ның аумағынан тыс жерлерде ҚР азаматтардың арасында қиылған некелер 
және ҚР азаматтарымен шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында 
қиылған  некелер  олар  аумағында  неке  қиылған  мемлекеттің  заңын  сақтай  отырып 
жасалса,  заңның  11-бабында  кӛзделген  жағдайларды  қоспағанда,  бізде  заңды  деп 
танылады. Аталған мазмұнға қарап, келесідей негіз шығаруға болады: 
1-ші:  Қазақстандық  азаматтар  шетелде  ҚР  консулдықтарында  және  шет 
мемлекеттің сәйкес органдарында некеге тұра алады; 
2-ші:  барлық  некелер  олар  аумағында  неке  қиған  мемлекеттің  заңын  сақтай 
отырып жасалсан, қаңды деп танылады; 
3-ші: 11-бапта кӛзделген жағдайларды қоспағанда заңды деп танылады; 
ҚР-ның  аумағынан  тыс  жерлерде  тұратын  біздің  азаматтар  арасындағы  неке 
шетелдегі  біздің  елшіліктермен  консулдық  мекемелерде  қиылады.  Некені  тіркеу 
азаматтық  хал  актілерінің  бірі  болып  танылады.  Заңның  203-бабына  сәйкес  ҚР 
аумағында  немесе  ҚР  аумағынан  тыс  жерлерде  жасалған  некенің  заңсыздығы  заңның 
200,202-баптарына сәйкес неке қию кезінде қолданылған заңдармен айқындалады. Еске 
түсіріп айта кетсек, 200-бап ҚР аумағныда неке қию жӛнінде, ал 202-бап ҚР аумағынан 
тыс жерлерде қиылған некені тану. 
Ал енді заңға сәйкес некені бұзуға тоқталатын болсақ, біздің заң бойынша некені 
бұзу  сот  тәртібімен  немесе  азаматтық  хал  актілерін  жазатын  органдарда  жүзеге 
асырылады.  Азаматтық  хал  актілердің  органдарда  некені  бұзу  кәмелетке  толмаған 
ортақ  балалары  жоқ  және  бір-  біріне  мүліктік  және  ӛзгеде  талаптар  қоймайтын  ерлі-
зайыптылардың некені бұзуға ӛзара келісу жағдайында жүргізіледі. (Неке және Отбасы 
туралы заңының 16-бабы) 
Ал сот тәртібімен бұзу: 
1-ші:  ерлі-зайыптыларды кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы; 
2-ші:  ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде; 
3-ші:  егер  ерлі-зайыптылардың  біреуі  ӛзінің  қарсылығы  болмауына  қарамастан, 
некені бұзудан ӛз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жарталса; 
4-ші:  ерлі-зайыптылардың  бір-біріне  мүліктік  талаптары  болған  жағдайларда 
жүргізіледі.  (Неке  және  Отбасы  туралы  заңының  18-бабы).  Сонымен  қатар  біздің  заң 
бойынша  ӛзгеде  негіздер    бойынша  неке  сот  тәртібімен  бұзылады.  Яғни,  заңның  20-
бабына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ 
заңның 18-бабының 3-тармақшасында аталған ерлі-зайыптылардың некені бұзуға ӛзара 
келісім болған жағдайда сот некені айрылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады. Некені 
бұзу арыз берліген күннен бастап кемінде бір ай ӛткен соң жүргізіледі. 
Некені  бұзу  мүмкіндіктері  туралы  мәселелер  әр  елді  әртүрлі  шешіледі.  Кейбір 
елдерде  Испания,  Ирландия,  Аргентина,  Колумбияда  ажырасуға  тиым  салынған.  Ал 
кейбіреуінде  мәселен,  Италияда  ажырасу  үшін  негізді  алғы  шарттар  болуы  керек, 
жұбайлардың  ӛзара  келісімі  мұндай  негізгі  жатқызылмайды.  Басқа  елдерде  Бельгия, 
Англия, Дания, Германия, Норвегия, Ресейде жұбайлардың ӛзара келісімін қоса алғанда 
заңды негіздер болғанда ғана жол беріледі. 
Кӛптеген  елдерде  жарамсыз  және  даулы  некелер  ажыратылады.  Олардың 
негіздері мен салдары әртүрлі. Италия, Франция, Англия заңдары бойынша неке жасы 
туралы  ережелерді  бұзу  некенің  жарамсыздығына  әкеледі.  Егер  әйелі  мен  күйеуінде 
әртүрлі  азаматтық  болса,  егер  де  жұбайлардың  бірінің  ұлттық  заңы  ажырасуға  жол 
бермейтін болса, бұл некені бұзуда күрделі мәселе туғызады. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
97 
Жарамсыз  деп  танылған  некені  құқықтық  қорғауды  жоғалту  пайда  болатын 
қатынасты  заң  реттеуден  бас  тартатынын  білдірмейді.  Бұл  одақ  неке  ретінде 
реттелмейді,  оған  отбасылық  құқықтық  нормалар  таралмайды.  Сондықтан  жарамсыз 
некедегі  тараптардың  мүліктік  қатынастары  азаматтық  құқықтық  нормалармен 
реттеледі. 
Қазақстандық  азаматтар  мен  шетелдіктер  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдар 
арасындағы  некені,  сондай-ақ  ҚР-сы  аумағында  шетелдіктер  арасындағы  некені  бұзу 
ҚР-сы заңдарына сәйкес жүргізіледі. 1993ж 22 қаңтардағы ТМД елдерінің отбасы істері 
бойынша құқықтық кӛмек туралы кӛпжақты Конвенциясына сәйкес, некені бұзу туралы 
істерге арыз берген уақытта жұбайлар қай елдің азаматтары болып табылады, сол елдің 
заңы  қолданылады.  Азаматтықтары  әртүрлі  болған  жағдайда  некені  бұзу  туралы  істі 
қарап жатқан мекеме елінің заңы қолданылады. 
Құқықтық  кӛмек  туралы  кӛп  шарттарда  сот  шешімдерін  тану  туралы  ережелер 
кездеседі. Бұл некені бұзу туралы істер бойынша шешімдердің танылатынын білдіреді. 
Егер  қазақстандық  азаматтар  арасындағы  және  қазақстандық  пен  шетелдіктердің 
арасындағы  ажырасу  шетелде  болған  жағдайда,  ондай  ажырасудың  заңды  деп  тану 
туралы сұрақ туады. 204-баптың 3-тармағына сәйкес ҚР-сынан тыс жерлерде ҚР-сының 
азаматтары  мен  шетелдіктер  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдар  арасындағы  некені  бұзу 
тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса заңды деп танылады. Кейбір 
елдерде  некені  бұзу  туралы  соттың  шешімі,  сосын  азаматтық  хал  актілері 
органдарында,  мэрийде  тіркелуі  талап  етіледі.  Осындай  тіркелгеннен  кейін  неке 
тоқтатылған болып саналады және соған сәйкес тиісті тұлғалар жаңадан некеге тұруға 
құқылы.  Ал  бірқатар  шет  елдердің  заңдары  бойынша  некені  бұзу  туралы  соттың 
шешімі  соңғы  болып  табылады,  азаматтық  хал  актілері  органдарында  некені  тіркеу 
талап  етілмейді.  Мыслаы,  АҚШ-та  сот  ажырасу  туралы  куәлік  береді.  Неке  және 
Отбасы  туралы  заңның  204-бабы  2-тармағына  сәйкес  некені  азаматтық  хал  актілерін 
жазуоргандарында  жол  берілетін  жағдайда  неке  ҚР-сының  елшіліктерінде  немесе 
консулдық мекемелерінде бұзылуы мүмкін. 
Басқа мемлекеттердің арасында жасалған консулдық конвенциялардың бір қатары 
консулдардың некені бұзу мүмкіндігін кӛрсетеді. Мәселен: Ресей мен АҚШ консулдық 
Конвенциясы,  егер  некені  бұзатын  екі  тұлғада  консулды  жіберген  мемлекеттік 
азаматтары болып табылса, консул некені бұзуды жүзеге асырады деп кӛрсетеді. 
Сонымен некеге тұру мен некені бұзу шарттары мен тәртіптері жӛнінде еліміздің 
осы  саладағы  заңы  мен  басқа  шет  мемлекеттердің  нормалары  салыстырмалы  түрде 
қарастырылып, айқындалады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Неке және Отбасы туралы ҚР-сының заңы 1998ж. 
2.
 
Сабитова А.А Брачно-семейные отношения Межгосударственное аспект/наука 
Казахстана 1999ж 
3.
 
Шебанова Н.А Семейные отношения в международным частном праве. М., 
ИГИП РАН 1995ж 
4.
 
Кисиль В.И Ростаржение инностранных браках международным частном 
праве. Киев, 1990ж 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  шетел  азаматтарымен  азаматтығы  жоқ  тұлғалардың  некені  бұзу 
шарттары мен тәртіптерін құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются  проблемы правового регулирования условий и порядка 
расторжения брака иностранными гражданами и лицами не имеющими гражданство. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
98 
ӘОК 338.781 Ж 69 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет